РЕНЕССАНС ЗАМАНЫ – ҮМІТ ПЕН КҮДІК
РЕНЕССАНС ЗАМАНЫ – ҮМІТ ПЕН КҮДІК
Әлем қарама-қайшылықтарға күн сайын семіріп барады. Жарылмасын
деңіз. Келешек... Оған берілген суреттеулер қазақтың ою-өрнектеріндей түрлі-
түсті. Өркөкірек өркениет ұлттарды біртіндеп біркелкілендіруге әрекеттеніп
жатыр. Сондықтан болар, соңғы уақытта философия ғылымына деген сұраныс
едәуір күшейді. Әдебиет, өнер ауылына жиі сапар шегіп тұратын қарымды
қаламгерлеріміз енді философияның ғажайып көрмесін емін-еркін қызықтауға
көшті. Кеңестік дәуірде қоғамдық ғылымдар тұсаулы, кісендеулі, ноқталы
аттардың кебін кигені шындық. Бәріне қожайын әкімшіл-әміршіл жүйенің өр
қамшысы еді. Идеологияның құлы болуға ғана жараған бұл философияның жаны
сірі екен. Әлемдік философия көшінен әлдеқайда артта қалып қойғанымен,
бақилық болудан дін аман! Кеңестік кезеңде басқа ғылымдарды айтпағанда,
философияның халі тіптен мүшкіл еді деуге болады. Маркстік-лениндік
философия ғана оқытылды. Елдегі саяси-әлеуметтік жүйелерге сыни және шынайы
түрде талдау мүмкіндігіне ұзын арқау, кең тұсау салынып, философия
апологеттік доктрина болып табылған. Әлемдік философиялық мектептердің
негізгі бағыттарымен жетік таныстығы былай тұрсын, өзіміздің ұлттық рухани
мәдениетімізді, тарихи ұлы тұлғаларымызды керексіз етіп шетке ысырды.
Сөйтіп, философиялық теориялар бағы ашылмағандықтан, өз бағытынан адасып
қалды. Әкімшіл-әміршіл жүйенің елді бей-берекет билеуін құптап отырды.
Мемлекетіміз тәуелсіздігін алған соң, бәрі өзгерді. Гуманитарлық, қоғамдық
ғылымдар түбегейлі реформалаудан өтті. Ұлттық құндылықтар мен идеологияның
бойына қан жүргіртудің жобалары жасалынды. Ең бастысы - философия өзінің
маңдайына жазылған зерттеу обьектісі - адам проблемасымен қайта қауышты.
Ғарифолла Есім Қазақ ренессансы атты мақаласында Ренессанс заманы
алыптарды туғызады. Бүгінгі егемен Қазақстан жағдайын нағыз ренессанс
заманы деп ойлаймын. Ренессанс заманы - бұл жаңаша пайымдау, алға ұмтылу
заманы. Ренессанс заманы тұлғалар тудырады.- дей келіп, ұлы істерге
ұмтылдыратындай Қазақ елі-мәңгілік деген ұлы идея ұсынды. Енді осы
идеяларды жүзеге асыру үшін не істеу керек? Қазақты қазақ қылатын не нәрсе?
сынды проблематикалық сұрақтар әр кәллада бір сауал болып орнықты.
Енді қазақ философиясы төңірегінде ой өрбітсек. Белгілі
мәдениеттанушы Әуезхан Қодар Айқын газетіне берген сұхбатында Мен
диссертация қорғап жатқанда қазақ философиясы бар ма әлде жоқ па? деген
тартыстар болды. Сонда мен қазақ философиясы бар да емес, жоқ та емес,
болуы мүмкін дедім. Мүмкін дегенім, бізде кәсіби философияның мектебі
болған жоқ - дейді. Ал, кейбір философ-ғалымдарымыз Қазақ философиясының
мектебі қазіргі таңда толығымен қалыптасты. Шын мәніндегі бәсекелестікке
қабілетті, биік деңгейлі кәсіби философия қазір өрлеу үстінде - деп айды
аспаннан бір-ақ шығарады. Мейлі ғой, несі бар, айта берсін.
Халқымыздың философиялық ойлау мәдениеті сақтар мен ғұндар заманынан
басталады. Одан соң Қорқыт, Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет
Игүніки, Жүсіп Баласағұн, М.Қашқари, Қ.Жалайри т.б көптеген түркілік
ғұламаларымыз бар. Қазақ хандығы кезеңіндегі ақын-жырауларымыз, одан бері
Абай, Шәкәрім, Шоқан, Ыбырай, Мағжан сияқты ұлыларымызмен
мақтанамыз.Тарихтың қойнауынан інжу-маржандарды теріп, далалық дәстүрлі
философияны зерттеудің методологиясына айналдырып, жан-жақты қарастыруға
ғалымдарымыз жұмыла кірісіп кетті. Мәдени мұра бағдарламасымен ежелгі
дүниеден қазіргі күнге дейінгі философиялық ой-тұжырым жасаған
ғұламаларымыз бен ұлт тарихын қайта жаңғырту мақсатымен көп томдықтар
шығардық. Бұл әрине, үлкен жетістік. Алайда, бір мәселе әлі күнге дейін
тереңінен қозғалмай жүр. Бұл келешек философиясы. 21 ғасырда қазақ
философиясы қандай болуы керек? Қай бағытта өрлеуі керек? Жалпы, қазақтың
кәсіби философиясын қашан және кімдер қалыптастырады? Дамыған елу елдің
қатарына барсақ, әлемдік философия алыптарына біз мақтанышпен көрсете
алатындай жаңаша философиялық концепциямыз бар ма? Мысалы, немістің
классикалық философия дәуірін алайық. Ол замандары философтар елдің көзін
ашуды, олардың өмірге келгендегі мақсатын түсіндіруді басты міндет етіп
қойды. Философтар қазіргі кездегідей емес, әлемге тұтас көзқараспен қарады.
Философияның қарқынды дамығаны соншалықты, 17-18-19 ғасырларда
капитализмнің, өндірістегі механизмдердің өркендеуіне жол ашылды. Ғылымдар
академиясы пайда болды. Жай ғана қарапайым оқырмандардың дүниетанымы кең
болғаны соншалық, философияны жіліктеп шағып, талдап-талқылай алған. 20
ғасырда тіпті құлпырып кетті. Классиканың негізін қалаған Канттың
қағидалары, идеялары әлемнің қай түкпіріне барсаң да, маңызын жоймағанын
көресің. Фихте, Ф. Бэкон, Спиноза, Декарт, Гоббс, Локк, Спенсер, Руссо,
Монтескье, Волтер, Шопенгауер, Гельвеций, Ницше, Рассель, Хайдеггер,
Ясперс, т.б көптеген ойшылдар түрлі ағымдарда өз концепцияларын ұсынды.
Ұлы гуманист Гегель әртүрлі шағын мемлекеттерге бөлшектенген және рухы,
идеологиясы жағынан түрлі-түсті, бытыраңқы болған немістерді ең әуелі ақыл-
ойда біріктірді. Және адам болмысына тарихи тұрғыдан толығырақ анықтаманы
жаңа дәуір философиясында Гегель шебер жеткізе білді. Жалпы, ол дәуірлерде
ақыл-ойдың бүкіл әлемге әсері күшті болды. Әр обьекті немесе субьекті бір
де бір философтың назарынан тыс қалған емес. Бір мәселе төңірегінде әр
ойшыл бірін-бірі толықтырып отыратын жүйе ұсынды. Философтар әр қырынан
жаңалық ашып қана қоймай, Батысты дамыту жолына түсіру үшін адамдарға еркін
болуды, мемлекетті басқарудың тиімді жолдарын, сосын индустрияны алға
шығаруға күш салды. Соның арқасында Батыс ілгерілеу бақытына ие болды. Ал,
Шығыс, Батыстық өрлеу жолды қабылдамағандықтан артта қалды.
Ал, бізде қазақ философиясының Ренессансы дәуірі қашан орнайды деген
сауал туындайды ғой баяғы. Қоғам қайшылықтар арқылы алға жылжиды дейміз.
Философия ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz