Нәрестелік сәбилік кезеңдегі балалардың психологиялық даму ерекшеліктері



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Нәрестелік сәбилік кезеңдегі балалардың психологиялық даму ерекшеліктері.

Өмірге келген нәресте өзінің анасынан оқшауланады. Ол бөтен жағдайға
тап болады: суық, күшті жарық, ауа ортасы, көректену типін өзгерту
қажеттілігі т.б. Бұл жаңа, бөтен ортаға бейімделуге балаға
тұқымқуалаушылық арқылы бекітілген механизмдер – шартсыз рефлекстер
көмектеседі. Бұл ең алдымен тамақтану рефлекстерінің жүйесі. Сонымен бірге
шартсыз рефлекстер қатарына қорғану және бағытталу рефлекстері жатады. Есту
анализаторлары 2-3 аптада пайда болады. Қатты дыбыс, мысалы, есіктің
жабылуы бала қимылының тоқтауына әкеледі, бала қимылдамайды және үндемейді.
Кейінен, 3-4 аптада мұндай реакция адам дауысына пайда болады. Бұл уақытта
бала дауыс шыққан жаққа басын бұрады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей,
алғашқы эмоцияның пайда болуы айғайлау, тырысу, қызару, әртүрлі қимылдардан
байқалады. 2-ші айда бала адам бетіне көз тоқтатып, күлімсірейді, қол-аяқ
қимылдарын жасайды, дауыс реакциялары пайда болады. Бұл реакцияны жандану
комплексі деп аталады.
Нағыз адамзат ерекшелігінен тұратын жандану комплексі күлу, алғашқа
әлеуметтік қажеттілік-қарым-қатынасқа қажеттліктің туғандығын айқындайды.Ал
баланың қарым – қатынасқа қажеттілігінің қалыптасуы, ол өзінің психикалық
дамуында жаңа кезеңге өткендігін білдіреді. Нәрестелік кезең аяқталып
сәбилік кезең басталады.
Бала өмірінің 2-ші жылының даму жетістігі- жүру. Бұл баланы дербестікке
жетелейді және кеңістікті әрі қарай меңгеруге жағдай жасайды. Өмірінің 2-ші
жылының соңында балаларда қимыл координациялары жақсарады, олар күрделі
әрекет комплекстерін меңгере бастайды.
Бұл жастағы балалардың затты меңгеруі алғашқы ойлау формаларының
дамуына шешуші әсер етеді.Бұл жастағы баланың ойлауы көрнекі - әрекеттік
сипатта болады. Заттық әрекетті жетілдіру бала тілінің дамуына әсер етеді.
Бала сөйлеуі диалогты сипатта болады, сұрақ және үлкендердің жауап
мазмұндарынан құралады. 2 жылдың аяғында бала өз тілінде екі сөзден тұратын
сөйлемді пайдаланады. Сөйлеуді баланың қарқынды меңгеруі фактісі ретінде
баланың бір сөзді бірнеше рет қайталауды ұнатуы. Осының қортындысында бала
сөзді дұрыс түсінеді және сөзді дұрыс айтады, сөйлем құрады. Бұл кезең
баланың қоршағандардың тілін жоғары қабылдауы. Сондықтан, бұл кезеңді бала
тілінің дамуының сензитивті (жағымды) кезеңі деп атайды. Бұл кезеңдегі
тілдің қалыптасуы психикалық дамудың негізі болады.
Сәбилік жаста адамгершілік сезімнің белгілері қалыптаса бастайды. Бұл
тек үлкендер балаларды басқалармен санасуға үйреткенде болады. Өмірінің 2-
ші жылында балада бірге ойнайтын жолдастарына жағымды сезім пайда
болады.Симпатияны көрсету формасы әртүрлі. Бұл күлу, жылы сөздер,
жанашырлық, басқа адаммен қуанышты бөлісуге ұмтылу.
Үлкендермен қарым-қатынаста бала өмірінің 2-ші жылында мадақтауға
жағымды эмоционалды реакция қалыптасады. Бұл өзін-өзі сүю, өзін-өзі
бағалаудың дамуына ішкі жағдай жасайды. Сәбилік кезеңде баланың еркінің
алғышарттарының іргетасы қаланады. Бұл алғышарттар даму үшін бала өмірінің
жағдайын, қоршаған адамдармен өзара қарым-қатынас сипатын өзгерту қажет
болады.
Мектеп жасына дейінгілердің психикалық даму ерекшеліктері.
Мектепке дейінгілердің психикасының дамуының қозғаушы күштері
қарамақайшылықтар, яғни олар баланың қажеттіліктерінің дамуына байланысты
болады. Олардың маңыздылары: қарым-қатынасқа қажеттілік, сыртқы әсерлерге
қажеттілік, қимыл қозғалысқа қажеттілік т.б.
Үлкендермен және құрбыларымен қарым-қатынасқа деген қажеттілік баланың
жеке басының дамуын анықтайды. Бұл жастағылардың қарым-қатынасының негізгі
құралы- сөйлеу. Кіші мектеп жастағылар 1000 сұрақтар қояды. Мысалы:
жұлдыздар неден жасалған, сиыр неге мөңірейді, ит неге үреді т.б.Берілген
жауаптарды тыңдай отырып, бала үлкендердің онымен жолдас, әріптес ретінде
санасуын талап етеді. Балалардың үлкендермен мұндай ынтымақтастығын
танымдық қарым-қатынас деп атайды.
Баланың жеке басының қалыптасуында маңызды рольді баланың құрбыларымен
қарым-қатынасы алады. Балалардың арасында өзара қарым-қатынасының әртүрлі
формалары пайда болады, кездеседі.
3 жастағылардың өзара қарым-қатынасы ойыншықтармен, заттармен әрекет
негізінде қалып тасады.Балалары өзара іс-әрекет процесіңде басқа балаларға
жетекшелік, бағыну тәжірибелерің менгереді .
Қарым-қатынастың генетикалық алғашқы формасы болып еліктеу алынады.
А.В.Запорожец көрсеткендей , баланың ырықты еліктеуі оның қуғандық
тәжірибені меңгеруінің алғашқы жолы.
Баланың іс әрекетінің әр түрлерін меңгеру деңгейінде мәнді рольді оның
өмір жағдайы мен тәрбиесі алады мектепке дейінгілердің іс-әрекеті әртүрлі
ойын, сурет салу, құрастыру,еңбекпен оқыту элементтері, яғни бала
белсенділіғінің көрінуі.
Мектеп жасына дейінгілердің жетекші әрекеті –ойын. Ойынның жетекші
әрекет ретіндегі мәні – ойында бала өмірінің әртүрлі жақтары бейнеленеді,
іс-әрекет ерекшеліктері және үлкендердің өзара қарым-қатынасын, қоршаған
шындық туралы білімді алады және бекітеді, өзі тәуелді іс-әрекет
субъектісінің позициясын меңгереді.
Ойын іс -әрекеті ырықты зейін мен ырықты естің дамуына
көмектеседі.Зейінді жинақтау, есте сақрау және еске түсіру,яғни саналы
мақсат балаға ойын үстінде ертерек және оңай ажыратылады.Қарым-қатынас
жасауға, эмоциялық мадақтауға деген қажеттілік балаларды мақсатты түрде
зейінді жинақтауға және есте сақтауға мәжбүр етеді.
Тілдің дамуына ойын үлкен әсерін тигізеді. Ойын жағдайы оған енген әр
баладан белгілі қатынас жасау қабілетін талап етеді. Егер бала ойын
барысына қатысты өз тілектерін түсінікті етіп айта алмаса, еге ойын
үстіндегі жолдастарының сөздік нұсқауларын ұқпайтын болса, онда құрбылары
оны жақтырмайды. Бұл жағдайдағы эмоциялық қолайсыздық тілдің дамуына
себепкер болады.
Ойын ақыл-ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-
әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды үйренеді.
Рольдік ойында ой жүзінде іс-әрекетжасау қабілеті дами бастайды. Алғашқыда,
әрине, ойша әрекет жасау нақты заттарға сүйене отырып жүзеге асады.
Рольдік ойынның психикалық іс-әрекеттің басқа формаларын дамыту үшінде
үлкен маңызы бар.
Ойынмен қатар мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуында елеулі
рольді сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру алады. Оның әрқайсысы
белгілі берілген сапалары бар нәтиже алуға бағытталуымен сипатталады.
Нәтиже алуға бағыттылық іс-әрекетті игеру барысында біртіндеп қалыптасады.
Міне, осы бағыттылықтың қалыптасуына қарай бала қажетті сыртқы, практикалық
және ішкі әрекеттер түрлерін меңгереді, онда эстетикалық тебіреністер мен
шығармашылық қабілеттер қалыптасады.
Мектепке дейінгі шақ – баланың сезімдік тәжірибесінің орасан зор
молайып, ретке келу, қабылдау мен ойлаудың адамға тән формаларын игеру,
қияддың күшті дамуы, ырықты зейін мен мағыналы естің бастамалары қалыптасу
кезеңі болып саналады.
Мектепке дейінгі балалық шақта қабылдаудың дамуы үшін А.В. Запорожец
пен оның қызметкелерінің еңбектерінде көрсетілгендей, балалардың сенсорлық
эталондар жүйесін игеруінің ерекше маңызы бар. Сенсорлық эталондар балалар
қабылдау әрекеттерін орындағанда қолданылып, тексерілуге тиісті заттардың
ерекшеліктерін анықтауға мүикіндік беретін өлшем қызметін атқарады.
Қабылдауды дамыту әсіресе арнайы ұйымдастырылған сенсорлық тәрбие болған
жағдайда тиімді өтеді. Сурет салуға,үйреткенде, музыка сабақтарында,
дидактикалық ойындар процесінде мектепке дейінгі балаларды сенсорлық
эталондар жүйелері мен жоспарлы түрде таныстырады, заттарды тексеру
тәсілдеріне, олардың қасиеттерін игерілген эталондармен салыстыруға
үйретеді. Бұл бала қабылдауының толық, дәл және бөлшектенген болуына
жетелейді.
Қабылдаудың жетіле ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар психологиясы пәнінен дәрістер
БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕЗЕҢДЕРІ ТУРАЛЫ
Балалардың психологиялық даму сатыларын анықтау
Жас ерекшеліктік психологияның әдіснамалық негізі
Нәрестелік шақтағы бала психикасының даму ерекшеліктері
Жас ерекшелік психологиясының әдістері
ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Баланың жеке басын қалыптастырудың бастапқы кезеңі
Даму психологиясының пәнінен дәрістер
Мектеп жасына дейінгі балалардың сәбилік шақтағы ерекшеліктері
Пәндер