Никель


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Никель

Ол ферромагнитті қасиетін 358 С (кюри нүктесі) температураға дейін сақтайды. Қосылыстарында айнымалы валентті (көбінесе 2 валентті) . Активтік қатарда никель сутектен бұрын орналасқан сұйық қышқылдардан сутекті ығыстырып шығарады. Оттекпен 500 С температурадан бастап әрекеттесе бастайды, ұсақ дисперсті күйінде никель ауада өздігінен тұтанып жанады. Тотықтарынан маңыздысы никель шала тотығы NiO - іс жүзінде суда ерімейтін кристалл. Никель галогендермен қосып қыздырғанда жанып, суда ерімтал галогенидтер, ал азот, көміртек, кремний және бормен әрекеттесіп қатты ерітінділер түзеді. Никельдің күшті қышқылдармен әрекеттескенде түзілетін тұздары суда жақсы ериді, көмір және фосфор қышқылдары тәрізді әлсіз қышқылдармен әрекеттескенде түзілетін тұздары суда ерімейді. Оның көптеген комплексті қосылыстары бар. Никельді көбінесе мыс никельді күкірт кендерінен алады. Ол үшін бірнеше сатыдан тұратын пирометаллургиялық әдіспен никель сульфидін NiS бөліп алып, оны өртеп тотыққа NiO айналдырады. Тотықты көмірмен тотықсыздандырып электролиздік әдіспен басқа қоспалардан тазартады. Никельді қорытпаларды таттанбайтын, қызуға төзімді арнаулы болат тағы басқа дайындауда пайдаланады. Мұндай болаттан химия өнеркәсібінде қолданылатын аппараттар, ал құрамында никель азырақ қорытпалардан тиын ақша жасалады. Никель организмге қажетті микроэлементтердің бірі.

Никельдеу.

Детальдың не бұйымның бетіне никель жалату. Ол көбінесе болат және кейбір қорытпалардан (негізі Cu, Zn, және Al болатын), кейде Mg, Ti, W, Mo секілді металдардан жасалған бұйымдардың сыртын металмен қаптау үшін қолданылады. Керамика, пластмасса, бакелит, фарфор, шыны тағы басқа металл емес заттарды да никельдеуге болады. Никель бұйымды коррозиядан қорғау, детальдың төзімділігін арттыру мақсаттарында пайдаланылады. Никельдің электролиттік тәсілі тиімдірек. Бұл тәсілде электролит ретінде күкірт қышқылы алынады. Кейбір жағдайларда никельден бұрын бұйымның бетіне алдын-ала мыс жалатылады. Химиялық тәсілмен никель электролиттік тәсілмен салыстырғанда қымбатқа түседі. Бірақ біркелкі қабат түзеді. Химиялық никель негізіне никель тұздары иондарының натрий гипофосфиті арқылы тотықсыздандыру процесі алынған. Бұйымға сән беру үшін әрі реңін айқындата түсу үшін никель қабатының үстіне хром жалатылады.

Никельді қорытпалар

Құрамының негізі никельден тұратын қорытпалар. Никель көптеген металдармен қатты ерітінді түзеді, әрі бұлардың пластикалығы таза металдікіне қарайлас болғандықтан одан алуан түрлі никель қорытпалары алынады. Никель қорытпалардың қасиеттері таза никельдің қасиеттеріне (ферромагнетизм, коррозияға төзімді, аллотропиялық түрленуі жоқ) ұқсас. Никельге темір қосу арқылы әртүрлі магнитті материалдар алынады. Құрамына аз мөлшерде мыс немесе кобальт қосылған никельдік қорытпалардың жылулық ұлғаю коэффициентті әйнектікімен шамалас. Мұндай никель қорытпалар әйнекпен металл арасын герметикалы жабу үшін пайдаланылады. Кобальт (4 немесе 18%) араласқан қорытпалар магнитострикциялық материалдар ретінде гидроакустикалық аппараттарда қолданылады. Никельге алюминий, кремний немесе кремний қосылса, оның ыстыққа төзімділігі артады. Никельдің алюминий, кремний және марганец қосылған (амомель) және никель-хром қорытпасынан (хромель) термопаралар, ал никель-хром (нихром) және никель-темір қорытпаларынан (феррохром) электрлік қыздыру элементтері жасалады. Никель-хром-титан-алюминий жүйелі қорытпалар (нимоник) ыстыққа төзімді әрі берік болатындықтан авиация двигательдерінде пайдаланылады. Никель қорытпаларға баяу балқитын тотықтар (торийдің, алюминийдің, цирконийдің тағы басқа) қосу нәтижесінде отқа төзімді композициялық материалдар алынады.

Никель-молибден, никель-марганец және никель-хром жүйелі қорытпаларды легрлеу арқылы электрлік қасиеттері температураға тәуелсіз болатын электр техникалық материалдар (мысалы резистор) жасалады. Қышқыл және жегі орталарда никель-молибден, никель-хром-молибден жүйелі никель қорытпалары пайдаланылады.

Никель рудалары

Құрамында бөліп алу эконмикалық жағынан тиімді болатындай мөлшерде никелі бар минералдық шикізат жер қыртысындағы никельдің орташа мөлшері 0, 008%. Өндірісте пайдаланылатын никель рудаларының сульфиттік мысты-никельді және силикаттық типтері бар. Сульфиттік мысты-никельді рудалардың басты минералдары: пентландит(Fe, Ni) S (Ni-22-24%), миллерит NiS (Ni-64. 67%), хлоантит NiAs , (14. 5-21. 2% Ni) никелин NiAs (43. 9% Ni) никельді пирротин Fe S (Ni-0. 5-14. 2%) . Бұл типті кендердің рудалары көне құрылымдардың негізді, ультра негізді магмалық жыныстарында кездеседі. Сульфиттік рудаларындағы никель мөлшері 0, 3-4, 0%, не біраз жоғарылау. Бұл типті рудалардан Ni мен Cu басқа Co, Au, Pt, Rh, Se, Te, S алынады. Никель мөлшері 0, 3-3, 0% сульфиттік мысты-никельді рудалар магниттік, механикалық сепарациялардан өткізіледі, флотациялық әдіспен байытылады. Байытудан мысты-никельді концентрат алынады. Бұл типті кендер Канада да (Садбери), Оңтүстік Африкада (Инсизба), Ресейде Красноярск өлкесінде, Мурманск облысында табылды. Силикаттық никель рудалары ультранегізді жыныстардың үгілу қыртысымен байланысты және мөлшері әдетте 1% тен төмен.

Қолдану аймақтары

Никель негізіндегі қатты ерітінділердің электр кедергісі жоғары болады. Сондықтан бір фазалы никель қорытпалары сым және таспа түрінде өлшеуіш құралдарда, реостаттар мен пештерде кедергі элементтері ретінде қолданылады.

Өлшеуіш құралдардың бөлшектері және реостаттар үшін никель-мыс системасының құрамында 40 пайыз никель және 1, 5 пайыз марганец бар қорытпа қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрамында никель бар қайтармалы жəне техногенді шикізатты өңдеу процестері
Никель штейндерін конвертерлеуге арналған пеш
Диатомиттен катализатор жасау
Мыс - алюминий катализатордың қатысуымен ксилозаның тотықсыздануы
Металл нанобөлшектерін жалында алу және оларды жарылғыш зат құрамында қолдану
Түсті металдарды және темірді өндірістік айнымалы токпен поляризациялау арқылы олардың бейорганикалық қосылыстарын синтездеу
Химиялық анализ әдістері. Кобальттің қасиеттері
Композициялық материалдар. Ыстыққа төзімді болаттар мен қорытпалар. Кесу аспабына арналған болаттар. Өлшеу аспабына арналған болаттар
Мырыштың күкірт қышқылында еру кинетикасына, кейбір электротерістілігі жоғары металдардың әсері
Алматы қаласында ауыр металдар мөлшері бойынша жерді аумақтарға бөлу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz