Нотариат қызметінің ұйымдық және құқықтық негіздері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Нотариат қызметінің ұйымдық және құқықтық негіздері

2. Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінің нотариатты реттеу саласындағы құзыреті.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі кездегі нотариатттың күрделі әрі ұзақ даму тарихы бар. Отандық заң терминдеріне кірген басқа да көптеген заң терминдері сияқты «нотариус» сөзі латын тілінен енді. Латын тілінен аударғанда, бұл сөз «белгі» дегенді білдіреді, ал белгілік нышандар мысалы музыкада (ноталық сауаттылықта) қолданылады, бұл салада олардың бастапқы жазылуы мен мазмұны сақталды.

Роман-германдық тілдер тобында, мысалы қазіргі ағылшын тілінде бұл сөздің

латын тіліндегі түбірі, әрі туындылары сақталған: notary -нотариус,

notaryal -нотариаттық, notarise -растау, нотариаттық куәландыру.

Тарихи тұрғыдан нотариатқа деген қажеттілік меншіктік қатынастардың

белгілі бір даму деңгейінде объективті түрде пайда болды. Меншіктік

қатынастардың дамығандығы және құқықпен реттелгендігі нотариустармен

немесе мемлекетпен нотариалды өкілеттіліктер берілген тұлғалармен жүзеге

асырылуы тиіс нақты заңды (формальді) процедуралардың қажеттілігін

тудырады.

Қоғамдық формацияның дамуының басынан бастап, құқықтың керектігі

көріне бастайды. Әрине, жеке адамдардың арасында ғана емес, сондай-ақ

топтардың арасында да жанжалдар шыға бастады. Мүмкін, осындай

жағдайлардың пайда болуы адамдарды өз өмірлерін тыныш әрі бейбіт

құра алатындай ережелерді қалыптастыруға итермелеген шығар. Сөйтіп

біртіндеп бірінші қол жазба жүріс-тұрыс қағидалары, нақтырақ айтқанда,

құқық пайда болған.

Ежелгі Вавилонда жеке меншіктің және жай азаматтық айналымның

пайда болуынан бастап иемденген құқықтырды растауға куәгерлер қызмет

етті. Олар жазбаша келісім мәмілелер жасасу әдеті орнатылғанша

нотариалдық қызметке ұқсас жұмысты атқарып отырды. Куәгерлер

мәмілеге сәйкес міндетеммелердің мазмұнын есте сақтап, керекті кезде

оны қайталап келтіріп отыруы тиіс болды. Жазбаша мәміле пайда

болғаннан соң куәгердің рөлі өзгерді. Ол мәміленің мақмұнын емес,

тек оның жасалғандығын ғана растау үшін қолданылып отырды.

Мәмілелер мазмұны саз балшықтан жасалған арнайы тақтайшаларға

жазылып, өз иесінде сақталды немесе иелерінің қалауы бойынша жақсы

сақталу үшін шіркеу мұрағатына енгізіліп отырды. Тақтайшыны құжатты

дұрыс толтыруы үшін сәйкес білімі бар хатшы толтырды. Азаматтық

айналымның дамуы иеленген құқықтырдың даусыздығын қаматамасыз

ететін құжаттарды құрастыратын арнайы жеке тұлғаларға немесе мемлекеттік

шенеуніктерге деген мұқтаждықты тудырды.

1. НОТАРИАТ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҰЙЫМДЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Қазақстан Республикасындағы нотариат - құқықтар мен фактілерді куәландыруға, сондайақ осы Заңда көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мудделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі.

Осы Заңмен белгіленген жағдайлар мен шектерде нотариаттық іс-өрекеттер жасауға мыналардың құқықтары бар:

1) мемлекеттік нотариат кеңселерінде жұмыс істейтін нотариустар (мемлекеттік нотариустар) мен жеке практикамен айналысатын нотариустар (жекеше нотариустар) ;

2) жергілікті атқарушы органдардың нотариаттық іс-әрекеттер жасауға өкілетті лауазымды адамдары;

3) Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызмет атқаратын адамдар ;

4) осы Заңмен нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті өзге де адамдар.

Нотариат туралы заңдар Азаматтық кодекс нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасыньщ нотариаттық қызметті реттейтін өзге де заңдарынан тұрады.

Нотариаттық қызмет - нотариустың және өзге де уәкілетті адамдардың осы Заңмен көзделген нотариаттық іс-әрекеттерді жасауы.

Нотариустар мен нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті басқа да адамдар нотариаттық іс-әрекеттер жасағанда тәуелсіз болады және тек қана заңға бағынады. Бүл орайда олар осы Заңды және басқа нормативтік-құқықтық актілерді, сондайақ Қазақстан Республикасы бекіткен, осындай қызметті реттейтін халықаралық шарттарды басшылыққа алады.

Жеке және заңды тұлғаларға олардың жасаған нотариаттық іс-әрекеттерінің қүпиясын сақтауға кепілдік беріледі.

Нотариус ретінде қызметін тоқтатқан адамдар нотариаттық іс-әрекеттердің құпиясын сақтауға міндетті.

Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер, нотариус берген құжаттардың көшірмелері немесе дубликаттары тапсырысы бойынша нотариаттық іс-әрекеттер жүргізілген заңды және жеке тұлғаларға, не олардың өкілетті адамдарына ғана беріледі.

Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер мен құжаттар өздері жүргізіп жатқан істер бойынша соттың, тергеу және анықтау органдарының жазбаша талап етуі бойынша, прокуратура органдарына, сондайақ әділет органдарына және осы Заңмен нотариустар қызметін тексеруді жүзеге асыруға өкілдік берілген нотариат палаталарына беріледі.

Жасалған нотариаттық іс-әрекет туралы мәліметтерді қасақана жария еткен адамдар заңдарға сәйкес жауап береді.

Меншік нысанына қарамастан, заңды тұлғалар және лауазымды адамдар нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға қажетті мәліметтер мен құжаттарды нотариус оларды талап еткен кезден бастап он күн мерзімнен кешіктірмей нотариусқа табыс етуге міндетті.

Өсиеттер туралы мәліметтер, өсиеттердің дубликаттары мен көшірмелері мүдделі адамдарға, егер заңдарда өзгеше белгіленбесе, өсиет беруші өлгеннен кейін ғана беріледі.

Нотариаттық іс жүргізу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі нүсқаулыққа (бұдан әрі - «Нұсқаулық») сәйкес жүзеге асырылады.

Нұсқаулық талаптарының сақталуына бақылау жасауды аумақтық өділет органдары мен нотариат палаталары жүзеге асырады.

Нотариустардың құжаттары заңдарда белгіленген төртіппен міндетті түрде мемлекеттік архивке тапсырылуға тиіс.

Нотариаттық іс Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарына сәйкес жүргізіледі.

Егер нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген адам іс жүргізілетін тілді білмесе, ресімделген құжаттардың мәтіндері оның өтініші бойынша осы Заңның 80-бабына сәйкес ақы төлеттіріп аударылып берілуге тиіс.

Жоғары заң білімі және заң мамандығы жөнінен кемінде екі жыл жұмыс стажы бар, мемлекеттік немесе жеке нотариус сынағынан өткен, Әділет біліктілік алқасында біліктілік емтиханын тапсырып, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматы ғана нотариус бола алады.

Жекеше және мемлекеттік нотариустардың нотариаттық қызметті жүзеге асырған кездегі құқықтары, міндеттері тең болады. Олар ресімдеген құжаттардың бірдей заң күші болады.

Осы баптың 1-тармағында көзделген лицензиясы жоқ адамдардың (осы Заңның 1 -бабындағы 2-тармақтың 2) және 3) тармақшаларында аталған адамдарды қоспағанда) нотариаттық іс-әрекеттер жасауы не нотариат туралы заңдардың өзге де талаптарын бұзып жасауы және сол іс-әрекеттерден табыс табуы заңдарға сәйкес жауапты болуға әкеп соғады.

Нотариустьщ көмекшілері мен сынақтан өтушілері болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының азаматы ғана нотариустың көмекшісі бола алады.

Нотариустың көмекшісі жеке практикамен айналысатын нотариуста еңбек шартының негізінде жұмыс істей алады

2. Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінің нотариатты реттеу саласындағы құзыреті.

Нотариустың көмекшісі нотариустың тапсырмаларын нотариустың нұсқауымен және жауапкершілігімен орындауға құқылы.

Қазақстан Республикасының жоғары заң білімі бар азаматтары нотариустың сынақтан өтушілері бола алады. Сынақтан өтушілер жеке практикамен айналысатын нотариустарда немесе мемлекеттік нотариустарда сынақтан өту туралы шарт негізінде сынақтан өтеді.

Нотариустардың сынақтан өтушілерінің сынақтан өтуінің төртібі, мерзімі мен шарттары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін Нотариустардың сынақтан өтушілері туралы ережемен белгіленеді.

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына Әділет біліктілік алқасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берген лицензия (нотариус лицензиясы) нотариусқа нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілдік береді.

Нотариус лицензиясын алуға қажетті құжаттардың тізбесін Әділет біліктілік алқасы, ал лицензияның берілу мерзімі мен тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді.

Нотариус лицензиясының мерзімі шектелмейді және ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.

Нотариус лицензиясын беру үшін алым алынады, оның мөлшері мен төлеу тәртібі салық заңдарында белгіленеді.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жекеше нотариустар лицензияларының Мемлекеттік тізілімін жүргізеді және ведомстволық баспасөз органында нотариаттық қызметпен айналысуға лицензия берілген адамдар туралы мәліметтер жариялайды, онда:

1) нотариустың тегі, аты, әкесінің аты;

2) лицензия берілген күн мен оның нөмірі көрсетіледі.

Нотариус лицензиясын алған, бірақ нотариаттық іс-әрекеттер жасауға үш жыл бойы кіріспеген адамның нотариаттық қызметпен айналысуына біліктілік емтиханын қайталап тапсырғаннан кейін ғана рүқсат етіледі.

Нотариус лицензиясын беруден бас тарту негіздері лицензиялау туралы заңдармен белгіленеді.

Нотариус лицензиясын беруден бас тартылған жағдайда өтініш иесіне ол қабылданған күннен бастап үш күн ішінде бас тарту себептері көрсетіле отырып жазбаша түрде дәлелді шешім беріледі.

Бас тарту туралы шешім жөнінде сотқа шағымдануға болады.

Нотариус лицензиясының күшін азаматтардың арыздары, аумақтық әділет органдарының, прокуратура, тергеу, анықтау органдарының, сондай-ақ салық қызметінің ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шешімімен тоқтатыла тұрады.

Нотариус лицензиясының күші алты айға дейінгі мерзімге мынадай жағдайларда:

1) нотариустың біліктілік емтиханына жіберілуге және лицензия беруге негіз болған құжаттарда жалған немесе қасақана бүрмаланған ақпараттар беру фактісі анықталғанда;

2) нотариус қылмыстық іс бойынша айыпталушы ретінде тартылған жағдайда;

3) нотариус паспорт деректері мен өзінің түрғылықты жерінің өзгерістері туралы мәліметтерді, олар өзгерген жағдайда, аумақтық әділет органына бір ай ішінде хабарламағанда, тоқтатыла тұруы мүмкін.

Нотариус лицензиясының күшін тоқтата тұру туралы шешімде лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептері мен мерзімі көрсетілуге тиіс. Лицензияньвд күші мұндай шешім нотариусқа жеткізілген күннен бастап тоқтатыла тұрады. Тоқтата тұруға себеп болған жағдаяттар жойылған кезде лицензияның күші қалпына келтіріледі.

Нотариус лицензиясының күшін тоқтата тұру тоқтатылған кезеңде нотариаттық іс-өрекеттер жасалуына тыйым салуға өкеп соғады.

Нотариус лицензиясының күшін тоқтата тұру немесе қалпына келтіру туралы шешім Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық баспасөз органында жарияланады.

Нотариус лицензиясының күшін тоқтата тұру туралы шешім жөнінде сотқа шағымдануға болады.

Нотариус лицензиясын кері қайтарып алу

Әділет біліктілік алқасының не прокуратура органдарының, не Қазақстан Р. еспубликасы Әділет министрлігінің, не Республикалық нотариаттық палатаның талап қоюы бойынша сот шешімімен мынадай жағдайларда:

1) мемлекеттік нотариус бірнеше рет тәртіптік жауапкершілікке тартылганда;

2) жекеше нотариус Нотариустың ар-ождан кодексін бірнеше рет бұзғанда;

3) нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жасалған кезде заңдарды өрескел не бірнеше мәрте бұзғанда;

4) лицензияның күшін тоқтата тұру себептері жойылмағанда інотариус лицензиясы кері қайтарыльш алынады.

Лицензия кері қайтарылып алынған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шешімі бойынша мынадай жағдайларда:

1) нотариус өз тілегімен өтініш бергенде;

2) нотариус азаматтығын өзгерткенде;

3) нотариус қайтыс болғанда;

4) нотариус қылмыс ж; асағдны үшін сотталғанда - үкім заңды күшіне енгеннен кейін;

5) нотариус заңдарда белгіленген тәртіппен іс-әрекет жасауға қабілетсіз деп танылғанда;

6) денсаулық жағдайына байланысты нотариустың өз кәсіптік міндеттерін атқаруы мүмкін болмағанда (медициналық қорытынды негізінде) ;

7) нотариус хабар-ошарсыз кеткен деп танылғанда немесе қайтыс болған деп жарияланғанда нотариус лицензиясының күші тоқтатылады.

Нотариус лицензиясының күшін тоқтату туралы ұсынысты тиісті нотариат палатасы мен аумақтық әділет органы енгізеді.

Аумақтық әділет органы мен нотариаттық палата нотариус лицензиясыньщ күші тоқтатылған нотариустан оның құжаттарын басқа нотариусқа немесе тиісті мемлекеттік архивке беру жөнінде, сондай-ақ лицензияны қайтарып алу жөнінде шаралар қолдануға міндетті,

Нотариус лицензиясыньщ күші тоқтатылуына байланысты даулар сот тәртібімен шешіледі.

Мемлекеттік нотариус осы Заңның 6-бабында аталған талаптарға сай болуға тиіс, бұған нотариус лицензиясын алу туралы талаптар қосылмайды.

Мемлекеттік нотариус қызметін аумақтық әділет органдары енгізеді және жояды.

Мемлекеттік нотариустың нотариаттық іс-әрекеттері үшін аумақтық әділет органы мүліктік жағынан жауап береді.

Мемлекеттік нотариат кеңсесі аумақтық әділет органының құрылымдық бөлімшесі болып табылады, оның заңды тұлға құқығы болмайды және осы орган бекіткен Ереже негізінде жұмыс істейді.

Мемлекеттік нотариат кеңселері Қазақстан Республикасының аудандарында (қалаларында) орналасады.

Заңды тұлға құрмай, лицензия негізінде нотариаттық қызметпен айналысатын, өзінің азаматтық-құқықтық, жауапкершілігін нотариаттық іс-әрекеттер жасау нәтижесінде зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша сақтандырған және аумақтық әділет органында есепке тұру тіркеуінен өткен азамат жеке практикамен айналысатын нотариус деп танылады.

Жеке практикамен айналысатын нотариус банк мекемелерінде ecen айырысу шоты болуына және өзге де шоттар ашуға, еңбек заңдарына сәйкес көмекшілер, техникалық қызметкерлер жалдап, оларды жұмыстан босатуға, нотариаттық іс-әрекеттер жасаудан алынған табысқа билік етуге, соттарда өз атынан сөз сөйлеуге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да іс-әрекеттер жасауға құқылы.

Жеке практикамен айналысатын нотариус нотариаттық палатаның мүшесі болуға тиіс. Жеке практикамен айналысуға құқығы бар адамның нотариаттық палата мүшелігінде болуынан бас тартуға болмайды.

Жеке практикамен айналысатын нотариустың азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерінің еркін кіріпшығуына, нотариаттық іс-әрекеттер жасаудың құпиялылығын сақтауға және нотариаттық іс жүргізудің сақталуын қамтамасыз ету үшін жағдай жасауға жарамды үйжайы болуға тиіс.

Нотариаттық палата қүрылғанға дейін жекеше нотариустың қызметі нотариаттық палатаға мүше болмай-ақ жүзеге асырылуы мүмкін, ал палатаның міндеттері тиісті аумақтық өділет органына жүктеледі.

Жекеше нотариус осы Заңның 34-бабындағы 1-тармақтың

1) (жылжымайтын мүлік жөніндегі мәмілелерді куәландыру бөлігінде), 3), 4), 5), 6), 14), 15), 17) тармақшаларында көзделген іс-әрекеттерге қатысты нотариаттық әрекеттер жасау нәтижесінде зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасуға міндетті және оның мұндай шарт болмағанда, нотариаттық іс-әрекеттер жасауға кірісуге құқығы лсоқ.

Нотариустың нотариаттық іс-өрекеттер жасауы нәтиж:есінде зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелері бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Нотариус:

1) өзіне жүгінген жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне сәйкес осы Заңда лсәне Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде көзделген нотариаттық іс-әрекеттер жасауға;

2) мәмілелердің, өтініштер мен басқа да құжаттардың жобаларьін жасауға;

3) құжаттардың көшірмелерін және олардың үзінділерін әзірлеуте;

4) нотариаттық іс-әрекеттер жасау мәселелері бойынша консультациялар беруге;

5) жеке және заңды тұлғалардан нотариаттық іс-әрекеттер жасауға қажетті құжаттар мен мәліметтер талап етуге;

6) ғылыми, педагогтік және шығармашылық қызметпен айналысуға, соның ішінде жалдау шарты бойынша айналысуға;

7) техникалық сипаттағы өзге де ақылы қызметтер көрсетуге құқылы.

Нотариус:

1) осы Заңның және Қазақстан Республикасының нотариат қызметін реттейтін басқа да нормативтікқұқықтық актілерінің талаптарына сәйкес нотариаттық іс-әрекеттер жасауға;

2) азаматтарға жәнезаңды тұлғаларға құқықтар мен міндеттерді түсіндіруге, олардың заңды білмегендігі өздеріне зиян келтіруге пайдаланылуы мумкін болмауы үшін, жасалған нотариаттық іс-әрекеттерінің салдарлары жөнінде ескертуге;

3) кәсіптік қызметін жүзеге асыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді құпия үстауға;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтін жағдайда нотариаттық іс-әрекеттер жасаудан бас тартуға;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адвокаттық қызметінің ұйымдық нысаны
Құқық қорғау қызметінің қағидалары
Нотариуста өндірістік тәжірибе
Әділет органдарының жүйесі
Нотариус лицензиясы және құқықтары мен міндеттері
Факс арқылы жіберілетін құжаттар
ҚР құқық қорғау органдары және сот. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама түрлері
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысы
Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен құқық қорғау органдары
Әдiлет органдар жүйесiнiң құқықтық жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz