БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
НУМЕРАЦИЯЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Жоспар
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Сандар жайлы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Оқыту әдістерінің педагогикалық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... .6
ІІ САНДАРДЫҢ НУМЕРАЦИЯСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Алғашқы ондық сандарын оқыту. Сан және цифр ұғымдарын
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.2 Жүз көлеміндегі сандар нумерациясын оқытуда дидактикалық
ойындарды
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .16
2.3 Мың көлеміндегі сандар нумерациясын оқытуда дидактикалық

... ... ... ... ... ... .19
2.4 Көп таңбалы сандар нумерациясын оқытуда дидактикалық ойындарды

... ... ... ... ... ... ..21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .28
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстанның тәуелсіздік және егемендік
алуына байланысты, өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесін қоғам
дамуының қазіргі кезеңінің талаптарынан туындап отырған міндет және
мақсаттарға орай жан-жақты жетілдіру қажет болып отыр.
Әрине, бұл білім беру жүйесінің барлық буындарына, соның ішінде
бастауыш буынға, зор жауапкершілік жүктейді. Өйткені, білім мен тәлім-
тәрбиенің негізі бастауыш мектепте қаланады.
Осы бағытта біршама шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда: бастауыш
мектепте оқытылатын пәндерден жаңа мемлекеттік стандарт, бағдарламалар
жасалып, соларға сәйкес төл тума оқу-әдістемелік жиынтықтар жазылды, демек,
оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың жаңа жүйесі мектептердің тәжірибесіне
енгізілуде, яғни педагогикалық ғылымның озық идеяларымен жинақталған құнды
тәжірибелердің нәтижелері өзгерген және жаңа жағдайларда өзінің қолданысын
табуда.
Осындай күрделі мәселенің дұрыс шешілуі ұстаздардың теориялық
білімінің және кәсіби мамандығының деңгейіне тәуелді. Сондықтан, оқушыларға
тек қана білім берумен шектеліп қана қоймай, қазіргі заман талабына сай
тәлім-тәрбие беретін, яғни халқымыздьң тарихы, мәдениеті, салт-санасы, әдет-
ғұрпы, педагогикасымен таныстырып, ой-өрісін, қабілетін жан-жақты дамытуға
толық мүмкіндік туғызатындай дайындығы бар мамандар дайындаудың қажеттігін
ескеруге тура келеді.
Бастауыш мектептің осындай талапқа сай мұғалімдерін дайындау
педагогикалық колледждердің, жоғары оқу орындарының бастауыш оқыту
педагогикасы мен әдістемесі факультеттерінің үлесіне тиюде. Осы оқу
орьндарының әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері болғанымен, бастауыш
мектептің болашақ мүғалімдерін дайындауға қатысты алғанда, ортақ міңдетті
шешуіне тура келеді, яғни кәсіби мамандыққа қажетті білім, білік және
дағдылармен жан-жақты қаруландыру мақсатын көздейді. Осыған орай "Бастауыш
сыныптарда математиканы оқытудың әдістемесі" атты курс оқытылып,
үйретіледі.
"Математиканы оқыту әдістемесі" — психология, педагогика,
математиканың бастауыш курсының теориялық негіздері пәндерімен тығыз
байланысты.
Бұл курсты жалпы алғанда, математиканы оқытудың заңдылықтарын
зерттейтін педагогиканың бір бөлімі немесе тармағы деп түсінген жөн.
Өйткені мұнда алдымен қоғамның қойып отырған талаптары мен мақсаттарынан
туындайтын мынадай үш сұраққа жауап беріледі:
1. Математиканы неге және не үшін оқытамыз?
2. Математикада нені оқытамыз?
3. Математиканы қалай оқытамыз?
Осы сұрақтардың шешімі оқытудың қандай да бір психологиялық және
педагогикалық тұжырымдамаларына негізделеді. Сондықтан бұл пән психология
және педагогика ғылымдарымен тығыз байланысты, өйткені математика курсын
құру, оқыту әдістемесін таңдап алу, оқыту мақсаттары мен міндеттерін
белгілеу жөне т.б. мәселелер психологая мен педагогика ғылымдарына
сүйенеді. Сондай-ақ осы саладағы жаңа заңдылықтар пәнді оқытудың
әдістемесінде өзіндік шешімін табады және керісінше дербес әдістеменің
қорытындылары жалпы зандылықтарды тұжырымдауға себепші болады және әр алуан
болжам жасаудың негізіне алынады.
Бұл курс математика ғылымымен, яғни осы уақытқа дейін оқытылып-
үйретілген, математиканың бастауыш курсының теориялық негіздерімен тығыз
байланысты. Өйткені, біріншіден, мектепте қарастырылатын математикалық
білімнің мазмұнын таңдап алу — математика дамуының деңгейіне сәйкес
анықталады, ал екіншіден, оқытудың әдістемесі білімнің мазмұнына орай
іріктеледі, сондай-ақ математикалық түсініктер мен ұғымдардың мән-мағынасын
және мазмұнын жете түсіну, оларды тәжірибеде шығармашылықпен қолдануға
мүмкіндік туғызады.
Бұл курста бастауыш мектепте оқытылатын басқа да пәндердің (қазақ
тілі, еңбекке баулу, бейнелеу өнері т.б.) әдістемелерімен ортақ көптеген
мәселелердің барын да ескерген жөн, яғни пәнаралық байланысты дұрыс жүзеге
асырудың мүмкіндігімен санасу керек.
Бұл курста қарастырылатын әрбір нақты әдістемелік мәселелерден
педагогикалық, психологиялық заңдылықтардың өзіндік көрінісін байқап
отыруға және керісінше соны жалпы қағидаларға сүйеніп негіздеуге ерекше
және баса көңіл аударылады. Дегенмен курста жалпы педагогикалық мәселемен
салыстырғанда, жекелеген дербес әдістемелік сұрақтар қарастырылады, яғни
пәннің өзіндік ерекшеліктерінен туындайтын арнайы мәселелер, дербес
заңдылықтар мен қағидалар үйретіледі. Демек, бұл курстың психология және
педагогика пәндерінің зерттеулерінен айрықша, тек қана математиканы оқытуға
қатысты болатын өзіндік зерттеу аймағы бар.
Сондықтан біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты: бастауыш мектептегі
нумерацияны оқытуда дидактикалық ойындарды қолдану.
Зерттеу объектісі. Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні. Мектептегі математиканы оқыту әдістемесінің және оқыту
технологияларының маңызы.
Зерттеудің болжамы. Егер математиканы оқытуда әдістемелер мен
технологиялар тиімді қолданатын болса, онда оқушылардың математикалық
білімі осы пәнге деген қызығушылықтары артады деп ойлаймыз.
І Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту ерекшеліктері
1.1 Сандар жайлы жалпы түсінік
Сандар теориясы — математиканың бүтін, рационал және алгебралық
сандардың қасиеттерін зерттейтін саласы. Әсіресе оң натурал сандар 1, 2, 3,
..., оның қасиеттері мен оларға арифметикалық амалдар қолдану сандар
теориясының зерттеу аясында ерекше орын алады. Грекияда б.з.б. 6 ғ-да
(Пифагор мектебінде) бүтін сандардың бөлінгіштігі зерттеліп, бүтін
сандардың жеке түрлері (мыс., жай сандар, құрама сандар, квадрат сандар)
ажыратылды, кемел сандардың құрылымы қарастырылды. Евклид “Негіздерінде”
Евклид алгоритміне сүйеніп, екі бүтін санның ең үлкен ортақ бөлгішін табуға
арналған жүйелі бөлінгіштік теориясы құрылды. Онда Евклид жай сандардың
шексіз көп болатынын дәлелдеді. Диофанд (б.з.б. 3 ғ.) “Арифметика” деген
еңбегінде теңдеулердің бүтін санды шешулерін табумен айналысып, Сандар
теориясын дамытуға үлкен үлес қосты. Сандар теориясының кейбір мәселелері
Қытайда (2 ғ-дан бастап), Үндістанда (7 ғ-дан бастап), Шығыс араб елдерінде
(9 ғ-дан бастап) қарастырылды. Еуропада Сандар теориясының дамуы П.Ферма
(1601 — 65) зерттеулерінен басталады. Ферма өзінің атақты теоремасын
дәлелдеген және бұл теорема салыстыру теориясында үлкен рөл атқарған кіші
теорема болды. Л.Эйлер (1707 — 83) аналитикалық сандар теориясының негізін
қаласа, К.Гаусс жүйелі салыстыру теориясын жасады. 19 ғ-дың ортасында
П.Дирихле (1805 — 59) арифметикалық прогрессия туралы теоремасын дәлелдеп,
өзінің функционалдық қатарын енгізді. Сандар теориясының дамуына ресейлік
ғалымдар П.Чебышев (1821 — 94), А.Марков (1856 — 1922), И.Виноградов (1891
— 1983), т.б. үлес қосқан. Қазақстанда Сандар теориясының дамуын арттыруда
Б.Оразбаев шәкірттерімен бірге жемісті еңбек етті. Аналитикалық әдістерді
алгебрада қолдануды қажет ететін есептерді, яғни абсолют абельдік
өрістердің асимптотикалық таралу заңдылығы (Оразбаев), абсолют абельдік
өрістер санының натурал қатарда орналасу заңдылығы (С.Кенжебаев,
А.Бөленов), Дирихленің L-қатарларының теор.-функционалдық қасиеттері
(Р.Тұрғаналиев, т.б.), жазық облыстардағы бүтін нүктелер санының бағасы
(С.Әбләлимов), кейбір мультипликативтік функциялардың бағасы (И.Ильясов)
зерттелді [1]. Қазақстанда, негізінен, сандардың аналитик теориясы дамуда.
Қазіргі кезде Сандар теориясының шешілмеген мәселелері көп: жай егіз сандар
мәселелері, n2+1 түріндегі жай сандардың шексіздігі, шеңбер ішіндегі және
гипербола астындағы бүтін нүктелер, p+е сандарының трансценденттігі
Нақты сандар жиыны
1. Натурал сандар
Натурал сандар деп мына сандарды атаймыз 1, 2, 3, 4,...
Барлық натурал сандар жиынын N символымен белгіленеді. Белгілі бір a
санының натурал сан екенің көрсету үшін a ∈ N деп белгілейміз. Мысалы 1 ∈
N, 5 ∈ N, 3 ∈ N.
2. Бүтін сандар
Бүтін сандар деп оң және теріс таңбасымен алынған барлық натурал сандар
жиынынан құралған сандар жиынын атаймыз.
Яғни бүтін сандар 0, 1, 2, 3, 4,... және -1, -2, -3, -4,... сандар
жиындарының бірігуінен құралған. Бүтін сандар жиының P символымен
белгілейміз.
3. Рационал сандар
Рационал сандар деп (a ∈ P, b ∈ P, b ≠ 0) сандарын атаймыз. Мысалы .
Рационал сандар жиынын R деп белгілейміз.
4. Иррационал сандар
Иррационал сан деп π = 3,141592... немесе = 1,4... сандары тәрізді бөлшек
бөлігі шексіз, периодты емес цифрлардан құралған сандарды атаймыз.
Иррационал сандар жиынын Q деп белгілейміз.
5. Нақты сандар
Нақты сандар жиыны деп барлық- натурал, бүтін, рационал және иррационал
сандардан құралған сандар жиынын атаймыз. Және бұл жиынды Z әрпімен
белгілейміз.
1.2 Оқыту әдістерінің педагогикалық негіздері
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс
орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын
тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке
келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын
дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты
нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді
білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады [2].
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың
зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды
қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге
үлес қосады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару
тәсілдері.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге
асуына көмектеседі.
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту,
тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі
құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары,
станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер,
өндіріс, құрылыс.
2. Оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі. Әдістер белгілі бір
негіз бойынша топтарға бөлінеді.
XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру,
тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді.
Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен, тәжірибелік жұмыстардан білім
алады. Осыны ескеріп 20-30 жылдарда Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант сөздік,
тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады. Қазір компьютерлік жүйелер
арқылы білім алу мүмкіндігі бар.
М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа
жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім алу, іскерлік
және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет,
бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері
бойынша оқыту әдісі - дидактикалық мақсатқа жету үшін оқушылардың іс-
әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың
алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген.
И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин оқыту әдістерін оқушылардың танымдық
жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой
жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді [3,4].
Оқытушының басшылығымен жұмыс істейтін оқушылардың танымдық
белсенділігі әртүрлі.
Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы "дайын" білімдерді есінде сақтап,
кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсен ділігі төмен болады.
Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің
танымдық іс-әрекеті арқылы алады. Бұл әдіс бастауыш мектептерге де
таралған. Бірақ сабақты тұрақты түрде мәселелік, эвристикалық, зерттеу
әдістерімен өткізу мүмкін болабермейді.
Ю.К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады.
Ол іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын
атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру,
бақылау әдістері деп бөледі [5].
М.И.Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін і іріктеген.
Оқыту әдістері: а) ақпарат беру әдісі, ә) түсіндіру әдісі, б) ынталандыру
әдісі, в) тәжірибелік әдіс.
Бинарлық әдістер бір-бірімен тығыз байланысты оқыту мен оқудың
тәсілдерін (хабарлау, міндеттер қою, мұғалімнің тапсырма беруі, оқушылардың
тыңдауы, жаттығулар орындауы, есептер шығаруы, мәтінді оқуы, т.б.)
қолдануды талап етеді. Мысалы, мұғалім оқушыларға фактілер мен ережелерді
хабарлайды, заттарды көрсетеді, фактілердің мәнін түсіндіреді, оларға
сұрақтар қояды. Егер оны тәсілдердің арасында түсіндіру тәсілдері, дәлірек
айтсақ фактілерді талдау, салыстыру, хабарлау, т.б басым болса, онда оқыту
әдісін түсіндірмелі деп атауға болады. Егер негізгі тәсіл - ақпараттарды,
фактілерді ұсынумен шектелсе, (мысалы: мұғалім оқушыларға ережелерді
жаттауды ұсынады, бірақ ереженің мәнін түсіндірмей, оны жаттау тәсілін
айтады), онда оқыту әдісі ақпараттық- хабарлау, немесе оны жай ғана
хабарлама әдісі деп атайды. Осыған сәйкес бірінші жағдайда оқушылар
заттарды бақылап, фактілерді есінде сақтайды, мұғалімнің түсіндіргенін
тындайды және ой елегінен өткізеді, ақпараттық сұрақтарға жауап іздейді.
Бұл жерде оқу әдісі репродуктивтік, дәлірек айтсақ жаңа ережені оқушылар
дайын күйінде меңгереді (оқушылар фактілерді талдап, ережелер шығармайды).
Егер оқыту әдісі хабарлау әдісі болса, оқудың негізгі тәсілі жаттау,
оқушылардың үлгі бойынша жұмыс істеуі. Мұндай оқу әдісін шартты түрде
орындаушылық деп атаймыз.
Сондықтан оқушының кітаппен жұмысы оқу әрекетінің тәсілі болып
табылады. Егерде оқушы мәтінді талдаса, түсінгенін өз сөзімен айтса, онда
кітаппен жұмыс оқу әдісі болып табылады. Егер монологтық баяндау әдісі
қолданылса, онда мұғалім әңгімелейді, ғылымның дайын қорытындыларын,
ережелерін, фактілерін хабарлап оқиғаларды суреттейді, іс-әрекеттің
үлгілерін көрсетеді және оқушыларға тапсырмалар береді. Эвристикалық әдісті
қолданғанда мәселелік деңгей (оқушылардың белсенділігі) едәуір көтеріледі,
эвристикалық әңгімелерге танымдық (логикалық) есептер және проблемалық
тапсырмалар қосылады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен "жаңалық" ашады, бірақ
негізінен оқушылар өз бетімен жұмыс істейді. Зерттеу әдісін қолданғанда
мұғалім оқушыларға тәжірибелік сипаттағы тапсырмалар (тәжірибе жүргізу,
қосымша ақпарат, фактілерді жинап оларды өз бетімен талдау және
қортындылау, өз ойын дәлелдеуге керекті материалдарды жинау, т.б) береді.
Оқушылар оларды өз бетімен орындайды, бірақ бұдан мұғалімнің басшылығы
керек емес деген сөз тумайды.
2. Оқыту әдістерін тандау әдетте сабаққа оқу материалының мазмұнын
таңдаған кезде жүреді. Ол дидактикалық мақсатқа, оқушылардың білім
деңгейіне мұғалімнің өзінің дайындық деңгейіне байланысты.
Әңгіме – оқу материалын ауызша баяндау. А. Байтұрсынов "Сөзден әдемілеп
әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне үқсас" дейді. Сөз өнерінің айшықты
болуы сөздің дұрыстығына, тілдің анықтығына, дәлдігіне, көркемділігіне, тіл
тазалығына байланысты екенін дәлелдеп, алмастыру, кейіптеу, бейнелеу
(ұқсату), әсірелеу тәсілдерінің мәнін ашады. М. Жұмабаев оқытудың баяндау,
әңгіме, түсіндіру әдістеріне ерекше мән беріп, тұрмыс-салтқа, әдет-ғұрыпқа
байланысты тақырыптарды әсерлі баяндаудың тәсілдерін көрсетіп берді. Ол
"баланы толық жауап беруге әдеттендіру керек", - дейді. Сөйтіп, оқытушы
көркемдеп оқытудың жаңаша жолдарын ұсынып, мұғалімдерден соны іс-
әрекеттерді талап етеді. "Балалар дұрыс оқи алмай, қиналған жерде мұғалім
өзі оқып, көрсету лайық", - дейді [6].
Сөздік әдісі мектептің барлық сатыларында қолданылып, әңгіменің сипаты,
көлемі, ұзақтығы өзгереді. Әңгіме арқылы жаңа білімді хабарлау үшін оған
кейбір талаптар қойылады. Олар:
• әңгіменің оқушылардың адамгершілігіне әсер етуі;
• әңгімеде дәлелді және ғылыми фактілердің болуы;
• ой пікірдің дұрыстығын дәлелдейтін жарқын және нанымды
мысалдардың, фактілердің жеткіліктілігі;
• әңгіменің жүйелілігі болуы керек;
• әңгіменің әсерлілігі;
• тілінің қарапайымдылығы және түсініктілігі;
• мұғалімнің фактілер, оқиғаларға берген бағасының болуы [7].
Түсіндіру – жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі құралдардың
жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау. Мысалы, шет тілі сабағында жаңа
мәтінді өтер алдында оқушыларға жаңа сөздердің мағынасы түсіндіріледі.
Мұғалім оқушыларға таныс емес құралдарды немесе басқа көрнекі құралдарды
сабаққа алып келіп, жаңа материалды түсіндірмес бұрын оларды оқушыларға
түсіндіреді.
Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады, бірақ
бекіту кезінде оқушылар білімді дұрыс меңгермегенде де қолданылады.
Химиялық, физикалық, математикалық есептерді шығарғанда теоремаларды
оқығанда, табиғат және қоғам құбылыстарының түбірлі себептерін және
салдарын ашу кезінде түсіндіру әдісі жиі қолданылады.
Түсіндіру әдісіне қойылатын талаптар:
• сұрақтарды дәл және аңық тұжырымдау;
• себеп-салдар байланысын ашып, дәлелдер келтіру;
• салыстыру, қатар қою, ұқсату, жарқын мысалдар қолдану;
• жүйелілік.
Түсіндіру – оқыту әдісі ретінде әр жастағы балалар тобымен жұмыста кең
қолданылады. Бірақ орта және жоғары сатыларда оқу материалының күрделеніп,
оқушылардың ақыл-ой жұмысының мүмкіндіктері өскенде бұл әдіс кіші жастағы
оқушылармен жұмысқа қарағанда көбірек қолданылады.
Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият
ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын
меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін
тексереді. Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер
түрде қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды.
Оқу материалының мазмұны, оқушылардың шығармашылық танымдық қызметіне
қарай дидактикалық процестегі әңгімелесу әдісінің көптеген түрлері бар.
Олар: кіріспе, немесе сабақты ұйымдастыратын әңгіме, жаңа білімді
қалыптастыру (сократ, эвристикалық), жинақтаушы, жүйелеуші және бекітуші
әңгімелер арқылы оқушылардың іс-әрекеттің жаңа түріне, жаңа білімді тануға
дайындық деңгейі анықталады.
Әңгімелесу әдісі. Оқушыны жаңа білімді алуға белсене қатыстырып, оны
білім алу әдістеріне, мұғалім қойған сұрақтарға өз бетімен жауап беруге
үйретеді. Эвристикалық әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімі мен
тәжірибесіне сүйеніп, олардың жаңа білімді түсінуін, қорытынды жасауын
жеңілдетеді. Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушылар өздері еңбектеніп, ойланып
жаңа білім алады.
Білімді жинақтайтын, бекітетін әңгіме оқушылардан теориялық білімдерін,
оны қолдану тәсілдерін жүйелеуге бағытталған. Оқушы өз білімін жаңа оқу
және ғылыми мәселелерді шешуге қолданады.
Әңгімелесу барысында мұғалім сұрақты бір оқушыға (жеке әңгімелесу)
немесе барлық сынып оқушыларына (жаппай) қояды. Әңгімелесудің бір түрі -
оқушымен әңгімелесу. Оны сыныппен, оқушылардың жеке топтарымен өткізуге
болады, әсіресе жоғары сынып оқушылары өз пікірлерін айтып, сұрақтар қойып,
мұғалім ұсынған тақырыпты талқылайды. Әңгімелесудің нәтижесі көп жағдайда
сұрақтардың дұрыс қойылуына байланысты.
Әңгімелесу әдісінің артықшылықтары:
• ес пен тілді дамытуы;
• оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсенді етуі;
• оқушылардың білімінің белгілі болуы;
• жақсы диагностикалық құрап;
• үлкен тәрбиелік күші бар.
Әңгімелесу әдісінің кемшілігі:
• уақыттың көп кетуі;
• қауіп элементі бар (оқушы дұрыс жауап бермеуі мүмкін, оны басқа
оқушылар естіп, есінде сақтап қалады.
Оқу пікірталастары оқытудың сөздік әдістерінің ішінде елеулі орын
алады. Оның оқыту процесіндегі ең басты қызметі - танымдық қызығушылықты
ынталандыру, оқушыларды қандай да мәселе бойынша түрлі ғылыми көзқарастарды
белсенді түрде талдауға қатыстыру, басқа жеке тұлғанық және өзінің
көзқарастарының негіздерін түсінуге жағдай жасау. Пікір-сайыс өткізу үшін
оқушылардың дайындығы, талданатын мәселе бойынша кем дегенде екі ңарама-
қарсы көзқарас болу керек. Білімсіз өткен пікірсайыс жүйесіз мәселеден
ауытқып, нәтижесіз өтеді. Оқу пікірсайыстары оқушылардың өз ойларын анық
және дәл тұжырымдау іскерлігінің болуын, дәйекті дәлелдерді құрастыра
білуін талап етіп, оларды ойлауға, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеуге, ой
жарыстыруға үйретеді. Мұғалім сөз мәнерінің үлгісі болып, оқушылардың ой-
пікірлерін тыңдап, оған әдепті түрде түзетулер енгізіп, өз пікірінің
ақиқаттығына таласпай, соңғы сөзді айтуға құқығы бар екендігін оқушылардың
естеріне салуы қажет.
Оқу пікірталасы негізгі мектептің жоғары сыныптарында, ішінара, орта
мектептің бастауыш сыныптарында қолданылады.
Жақсы өткізілген пікірсайыс балаларға білім және тәрбие береді,
мәселені терең түсінуге, өз пікірін қорғауға, басқалардың пікірімен
санасуға үйретеді.
Кітаппен және оқулықтармен жұмыс – оқытудың маңызды әдісі. Бастауыш
сыныптарда кітаппен жұмыс сабақта мұғалім басшылығымен жүзеге асады. Одан
әрі оқушылар кітаппен жұмыс істеуге өздері үйренеді. Баспа материалдарымен
өз бетімен жұмыстың кейбір тәсілдері бар. Олар:
• конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау;
• мәтіннің қарапайым және күрделі жоспарын жасау. Жоспар құру үшін
мәтінді оқып болған соң оны бөліктерге бөліп, әр бөлікке атау беру керек;
• тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау;
• цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап
(жұмыс) аты, баспасы, шьққан жылы, беттері көрсетіледі;
• аннотация — мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа
баяндау;
• рецензиялау - оқу материалы туралы өз ойын қысқа жазу;
• справка жазу - тапқан кітап, т.б. мағлұмат көзі туралы мәлімет.
Анықтамалар статистикалық, библиографиялық (өмірбаяндық, терминологиялық,
географиялық, т.б) түрде болады;
• формалдық-логикалық модель - мәтіннің сызбасы;
• тақырыптық тезаурус – бөлім, тақырып бойынша негізі ұғымдарды
ретке келтіру.
Оқушылар үшін білім көзі – бақылау, мұғалім сөзі, баспа материалдары.
Оқулықтар, оқу құралдары, ғылыми – көпшілік әдебиеттер және журналдардан
оқушылар түрлі ақпараттар алып, сабақта алған білімдерін бекітуге,
кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік алады, өз бетімен білім алу
әдістерімен қаруланады. Кітаппен жұмыс әдісін меңгеру үшін ең алдымен оның
тәсілдері меңгеріледі.
Кітаппен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеруде бастауыш мектепте
қолданылатын, көп уақыт алатын статикалық оқу үлкен рөл атқарады. Мұндай
оқудың мақсаты мәтінді түсіндіру, оқушыларға мәтінді толық меңгерту, оған
мәтіннің негізгі идеясын ұқтыру. Жаңа ақпаратты түсінудің құнды әдісі –
мәтінді талдау [8].
Мұғалім кітаптар мен журналдарды тақырыпқа сай қолданады. Осы өздік
жұмыстың жиі қолданылатын тәсілдері:
1. Белгілі бір ақпарат алу және оны бекіту мақсатымен кітапты оқып
шығу. Осы мақсатқа жету үшін, мұғалім оқушыларға қысқа мерзім ішінде
мәтінді қалай түсінуге болатындығын айтады. Әдетте, оқушылар мәтінді бір
рет оқып шыққан соң, оны талдап, мәтіннің жоспарын жасайды.
2. Түсініксіз сөйлем және сөздердің мағынасын сөздік немесе
энциклопедия арқылы ашып, қосымша әдебиеттерден ақпараттар алып, керекті
мәліметтерді конспектілеп, оқығанын өз сөзімен айтып көреді. Мұғалім
оқушыларды мәтіндегі негізгі ойды бөлуге үйрету керек. Жоспар жасау үшін
мәтіндер бір-бірімен өзара байланысты бөліктерге бөлінеді де, әр бөлікке
атау беріледі.
3. Қосымша әдебиеттерді қолдану үшін оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу
қабілеті болуы керек. Оқушылардың кітаптар мен журналдарды сыни тұрғыдан
оқуының да үлкен маңызы бар. Идеялардың матрицасы - әртүрлі авторлардың
еңбектеріндегі біртекті ойлар мен құбылыстарға салыстырмалы сипаттама беру.

анықтау
Сан және цифр туралы түсінік қалыптастыру, бір таңбалы сандарды
шығарып алу және оларды цифрдың көмегімен жазу, қосу және азайту
амалдарымен таныстыру, теріс емес бүтін сандар нумерациясын оқытудың
алғашқы кезеңі болып табылады. Сандар нумерациясын оқыту әдістемесінің
өзіндік ерекшелігі тақырып біртіндеп кеңею және төмендегідей ретпен даму
арқылы қарастырылады: он көлеміндегі сандар — нөл саны — жүз көлеміңдегі
сандар – мың көлеміндегі саңдар — миллион көлеміндегі сандар – миллиард
көлеміндегі сандар [9].
Оқытудың міндеттері
1. Сан және цифр туралы түсінік қалыптастыру: санды әр түрлі тәсілмен
шығарып алу, 10 көлеміндегі сандардың атауын және сол сандарды сәйкес
цифрлармен белгілеуді меңгерту, цифрларды жазу біліктерін қалыптастыру.
2. 1-ден 10-ға дейінгі (және керісінше) сандар ретін еркін игеру.
Сандар қатарындағы 0 санының орнын білу.
3. Сандарды салыстыру және оның нәтижелерін , , = таңбаларымен
белгілей алу біліктерін қалыптастыру және тендік пен теңсіздік ұғымдарымен
таныстыру.
4.10 көлеміндегі сандар құрамының барлық жағдайларын берік игеру.
5. Бір және екі таңбалы сан ұғымдарын, бірдің және нолдің қасиеттерін
меңгерту.
Жұмыс әдістемесі
1. Сан және цифр туралы түсінік қалыптастыру алғашқы 10 санның мысалы
негізінде жүзеге асырылады, мұнда оқушылар натурал сандар қатарын құру
принциптерімен танысады: сан жеке емес, басқа сандармен өзара байланыста
қарастырылады, сондықтан жеке сандар емес, сандар қатарының кесінділері 1,
2; 0, 1, 2, 3; 0, 1, 2, 3, 4 және т. б. оқытылып үйретіледі.
Санды шығарып алудың әр түрлі тәсілдерін (олар үшеу) қарастыру
барысында:
а) кез келген санды заттарды (дыбысты, қозғалысты) санау арқылы шығарып
алуға болады:
Дөңгелек нешеу? (Дөңгелек бесеу).
Қандай сан шықты? (5).
5 санын қалай шығарып алдық? Санау арқылы, яғни санау — санды шығарып
алудың бір көзі және сан — санаудың нәтижесін сипаттайды.
ә) Санды шаманы өлшеудің нәтижесінде шығарып алу: кесіндінің ұзындығын
сантиметрдің немесе уақытты сағаттың көмегімен өлшеу арқылы;
- кесіндінің ұзындығы 5 см.
Ұзындықты өлшеу арқылы қандай сан шығарып алдық? 5, яғни сан шаманы
өлшеудің нәтижесін сипаттайды.
б) Қосу және азайту амалдарын орындау нәтижесінде санды шығарып алуға
болады:
4+1=5 5-1=4
Демек, сан арифметикалық амалдың нәтижесін сипаттайды.
в) Сандардың аталуын игеру жүзеге асырылады: оқушылар санды естиді және
айтады (дыбыс сияқты), сонымен бірге санды таңбалардың, яғни цифрлардың
(әріп сияқты) көмегімен жазумен таныстыру: оқушылар санды белгілейтін таңба
ретінде цифрды көреді және жазады, демек, ауызша және жазбаша нумерация бір
уақытта енгізіледі.
г) Цифрларды жазу біліктері төмендегідей жоспар бойынша
қалыптастырылады:
цифрдың баспа және жазба түрімен таныстыру: оларды ажырата алуға,
басқалардың ішінен тани білуге үйрету;
Цифр неге ұқсайды?, Цифрды қайдан көрдіңдер?, Нешеу, көрсет. (сан
— зат және керісінше) балалар ойындарын қолдану:
цифрды жазу үлгісін талдау: цифр қандай элементтерден тұрады (кестеде,
оқулықта, тақтада, дәптерде);
қол қозғалысының бағытын игерту: ауада жазу, тақтада біртіндеп жазу,
дәптердегі үлгіні бастыру;
цифрды өз бетімен жазу: әлдеқайда әдемі жазылғанын (бір сызықпен
сызады) және сәтсіз жазылғанын (екі сызықпен сызады) таңдату.
2. Бір таңбалы сандар ретін анықтауға және натурал сандар қатарын
құруға үйрету.
а) Натурал сандар қатарын құру принциптерімен таныстыру жүзеге
асырылады: санға 1-ді қосу арқылы келесі сан шығады, ал саннан 1-ді азайту
барысында оның тікелей алдында келетін сан шығады, яғни сандар қатарындағы
санға 1-ді қосып, келесі санды, саннан 1-ді азайтып, алдыңғы санды шығарып
алуға болады.
ә) Оқушылар тура және кері бағытта санауға үйренеді, яғни кез келген
саннан бастап, өсу және кему ретімен санайды.
б) Сандар қатарындағы сандардың орнын анықтау оларды салыстыру арқылы
іске асырылады: 54, демек, ол сандар қатарында 4-тен кейін тұрады, ал 45,
яғни ол сандар қатарында 5-тің алдында тұрады, демек, 5 саны 4 және 6
сандарының арасында тұрады.
Алдыңғы санды, кейінгі санды, берілген сандар арасындағы санды,
берілген санның көршілерін атау;
ең кіші бір таңбалы, ең үлкен бір таңбалы санды атау;
әр жаңа санды белгілі сандармен салыстыру;
Жалғастыра санау, Эстафета, Доп лақтыру, Көршісін ата және т.б.
ойындарды қолдану.
в) 0 (нөл) санымен таныстыру 1 және 2 сандарын оқытып үйреткеннен кейін
іске асырылады.
Дорбада бір доп бар, мүғалім оны бір балаға береді: Мен не істедім?
Неше доп қалды? Жауап: Ешнәрсе қалған жоқ. Егер ештеңе жоқ болса, оны
біз 0 деп түсінеміз. (Екі қарындашпен көрсетуге болады), демек, 1—1=0,
2—2=0.
1, 2 және 0 сандарын салыстыру және сандар қатарындағы 0-дің орнын
анықтау: 02; 01, демек, 1-дің алдында сол жақта бірінші тұрады және ең
кіші сан болады.
Осының нәтижесінде сандар қатары және ондағы әр санның орны туралы ұғым
қалыптасады.
3. Сандарды салыстыруға үйрету.
а) Сандарды салыстыру екі топ заттарын салыстыру арқылы іске асырылады.
Қайсысы кем? немесе Қайсысы артық? Неге?
3 және 4 сандары туралы не айтуға болады?
3 4 және 4 3.
ә) Кейінірек оқушылар көрнекілікке сүйенбей, сандар қатарындағы реті
туралы білім негізінде сандарды салыстыруға үйренеді:
54, өйткені санағанда бес төрттен кейін айтылады;
35, өйткені санағанда үш бестен бұрын айтылады.
б) Сандарды салыстыру нөтижесі , , = таңбаларының (бір сабақта бір
уақытта (М— 1, 21-бет)) көмегімен жазылады.
Сол жақта оң жаққа қарағанда жалаушалар артық; жалаушалар санын 1 және
2 цифрларымен белгілейді; 2 саны 1-ден артық екені анықталады. 21;
таңбасын көрсетіп, бұл артық таңбасы деп түсіндіріледі ( және =
ұқсас).
Таңбалардың ерекшеліктерімен танысады: таңбаның төбесі кем санға, ал
сәуле жағы артық санға бағытталады; жазу солдан оңға қарай оқылады: 12
(бір екіден кем).
Таңбаны тап: 4 * 5, 6 * 3, 4 * 4; Қатесін тап: 78, 76, 7=7;
Сандарды тап: 1; 5; ;
; = дидактикалық ойындары қолданылады
теңдік және теңсіздік ұғымдарымен таныстыру көрсету арқылы іске
асырылады: 21, 12 — бұлар теңсіздіктер, ал 2=2, 1=1 — бұлар теңдіктер
(М— 1, 21-бет).
және таңбаларымен жазылған жазу теңсіздіктер деп, ал =
таңбасымен жазылған жазу тендіктер деп аталатыны хабарланады;
теңдік ұғымы кеңейтіледі: + және -, сондай-ақ = таңбаларымен
жазылған жазу да теңдік болады. 2+1=3, 1+2=3, 3-2=1, 3-1=2, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz