Банктің клиенттермен өзара қарым-қатынасы


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Банктің клиенттермен өзара қарым-қатынасы

Банк барлық адамдарға құрметпен қарайды. Банк қандай да бір сипаттағы кемсітушілікке жол бермейді. Банк жеке бастың қадірін, азаматтық құқықтарды және азаматтардың жеке өмірін құрметтейді.

Банк өзінің барлық клиенттеріне ұсынылатын қызметтердің сапасын қамтамасыз ету, сондай-ақ қызмет алу мүмкіндігі мен талабы бөлігінде теңдей қарым-қатынасқа кепілдік береді.

Банк ұсынылатын қызметтердің ҚР-ның заңдарына сәйкестігіне кепілдік береді.

Банк клиенттермен қарым-қатынасты шарттық қарым-қатынастармен қатар іскерлік этика принциптерін және іскерлік айналым салттарын басшылыққа ала отырып, өзара сыйластық пен сенім негізінде орнатады. Банк клиенттермен ұзақ мерзімді және тұрақты қарым-қатынас орнатуға ұмтылады.

Банк әрбір клиенттің мүддесін қорғайды, сондай-ақ жеке жеңілдіктер ұсынуға жол бермейді.

Банк клиенттерді ұсынылатын қызметтер туралы хабардар етеді, клиенттің мүдделеріне барынша жауап беретін қызметті таңдауына көмек көрсетуге ұмтылады.

Банк клиенттерге өзінің қаржылық жағдайы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, сол секілді жеке сұратулар бойынша да шынайы және жеткілікті ақпарат ұсынады.

Банк клиенттердің қаржылық жағдайына әсер ете алатын тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасына қатысты заңдарға белгілі өзгерістер туралы клиенттерге хабарлауды өзінің міндеті деп есептейді.

Банк клиенттердің операциялары бойынша ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді, ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етеді. Банктің клиентке қатысты қарым-қатынастары туралы ақпарат тек қана ҚР-ның заңдарында көзделген көлемде және жағдайда ашылады.

Банк өзіне қаратылып айтылған талап-шағымдарға және ескертулерге мұқият қарайды.

Банктің іскер әріптестермен өзара қарым-қатынасы

Банк іскер әріптестермен өзара сыйластық және тараптардың коммерциялық қатынаста тең құқылығын сезіну негізінде қарым-қатынас орнатады.

Банк өзіне алған келісімді міндеттемелерді сөзсіз орындау принципін басшылыққа алады.

Банк келіспеушіліктер мен даулар туындаған жағдайда, келіссөздерге және ымыраға келуге басымдық береді. Банк іскер әріптестермен негізсіз жанжал қоздырушы болмай, орныққан қарым-қатынастардың тұрақтылығына ұмтылады.

Банк іскерлік беделі күдік тудыратын ұйымдармен іскерлік қарым-қатынас жасамайды. Банк өзінің іскер әріптестерінен алған ақпараттың құпиялылығын сақтайды.


Банктің билік органдарымен өзара қарым-қатынасы

Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының қадағалау органдарының нормативтік құқықтық актілерін, халықаралық құқықтық нормаларды, есепке алудың және есеп берудің халықаралық стандарттарын, іскерлік айналымның құлықтылық нормалары мен салттарын сөзсіз сақтау негізінде жүзеге асырады.

Банк мемлекеттік билік және басқару органдарымен өз қарым-қатынасын Қазақстан Республикасы азаматтарының игілігі жолындағы жұмыста ниеттес әріптестер ретінде орнатады.

Банк мемлекеттік органдардың қолданылып жүрген заңдардың нормаларына негізделген талаптарын, бұл ретте нормативтік ұйғарымдарды ғана емес, сонымен бірге азаматтық борыш сезімін басшылыққа ала отырып, уақтылы және толық көлемде орындауға міндеттенеді.

Банк туралы ақпаратты ашу

Банк өз қызметі туралы ақпаратты аша отырып, осы ақпаратты алуға мүдделі барлық тұлғаларға тұрғын үй құрылыс жинақ ақша жүйесіне қатысуға байланысты шешім қабылдауға қажетті көлемде ақпарат жеткізу мақсатын көздейді.

Банк ақпарат ұсына отырып, оны ұсынудың тұрақтылығы мен жеделдігі, ақпараттың барлық қызығушы тұлғаларға жетімділігі, мазмұнының шынайылығы мен толықтығы, Банктің ашықтығы мен Банк клиенттеріне қатысты құпиялылықты сақтауы арасындағы ақылға сыйымды теңдестікті сақтау принциптерін басшылыққа алады.

Банк өз қызметін баяндау кезінде қандай жағдайда болмасын Банк клиенттері үшін елеулі болып табылатын өзі туралы теріс ақпаратты ашудан жалтармайды. Ұсынылатын ақпарат бейтарап сипат иеленеді, яғни бірқатар клиенттерді басқаларына қарағанда артығырақ хабардар етуге жол берілмейді.

Банк өз қызметіндегі елеулі оқиғалар туралы және өзінің қаржылық жағдайы туралы тұрақты негізде хабардар етіп отырады. Бұл үшін Банк басшылығы бұқаралық ақпарат құралдарында сөйленетін сөздер мен интервьюлер ұйымдастырады, баспасөз-конференцияларын өткізеді, ақпараттық брошюралар мен буклеттер шығарады, Банктің Интернет желісіндегі сайтын өзекті жағдайда ұстап тұрады.

Банк тоқсан сайын және жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында қаржылық есебін жариялайды, сондай-ақ Банктің Интернет желісіндегі сайтында орналастырады.

Банк коммерциялық, қызметтік құпия болып табылатын ақпаратты қорғауды қамтамасыз етеді. Құжаттармен жұмыс істеу тәртібі, құпия ақпаратқа қол жеткізу шарттары Банктің ішкі құжаттарымен анықталған. Банк ұйымдастыру деңгейінде функциялар мен өкілеттіктерді бөлу есебінен өз қызметкерлері үшін ақпаратқа қол жеткізуге шектеу жүйесін белгілейді. Сонымен бірге, Банк өзінің компьютерлік желісіне, оның ішінде Банк қызметкерлері үшін кіру рұқсатын шектеу арқылы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Қатынасу географиясы аясының кеңеюі

Банктің аймақтық саясатын өңдеуіне қарай, Банктің георгафиялық қатынасу мақсаттары анықталды, оның ішінде, Қазақстанның барлық облыстық орталықтарында Банктің филиалдарын ашу жоспарлануда. Банк клиенттерін қарқынды екпінде ақпараттандыру мен кеңестендіру мақсатында, сондай-ақ, тұрғын үй жинақ есептеріне жарналарды құю мүмкіндіктері қарастырылуда, елдің ірі, орта және ұсақ өнеркәсіптік қалаларында, сондай-ақ, жеке аудан орталықтарында есеп-касса бөлімдерін ашу жоспарлануда.

Нарық үлесінің артуы

Банк өз өнімдерінің жұртшылық талаптарына сай болуын қамтуға назар аударады. Зерттеулер мен есептеулер негізінде Банк өз клиенттеріне қазіргі заман талабына сай технологияларды қолдана отыра, халықтың сұранысына ие банк қызметтерін ұсынуға мән береді. Стратегияны жүзеге асыру шегінде қызмет көрсету сапаларын басқару және бақылау жүйесін құру болжамдалуда. Банк өз қызметтерін сату арналарын дамыту бағытында, өзінің өнімдерінің нарықта жылжуына айтарлықтай ат салысуда.

Іскерлік абыройының нығаюы

Банк Қазақстанның ең сенімді банкі абыройын иелену ниетінде, сондықтан да, Банк ақпараттық ашықтық пен Банк қызметінің қаржылық мөлдірлігіне аса назар аударады.

Инновациялық даму

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік маркетинг жайлы
Банктік маркетинг стратегиясы түсінігін зертеу
Банк жүйесіндегі маркетинг
Коммерциялық банктегі сервистің дамуының теоретикалық негіздері
Банктік маркетингтің дамуының негізгі бағыттары
Қазақстанның экономикасын, рыноктық жүйесі. АҚШ, СНГ, Еуропа елдерінің саясаты, стратегиясы және экономикасы
Сегменттеу – банктік маркетинг тиімділігін арттыру ретінде
Инвестициялық нарықта коммерциялық банктің әрекеттерінің түрлері
Банк маркетингінің ерекшеліктері
«Нұрбанк» АҚ-ның қаржылық қызметін талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz