XIX ғасырдағы әлеуметтану
Т.Парсонс теорияларының әлеуметтік негіздері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. Т.Парсонстың өмір жолы мен еңбектері
2. Т.Парсонс теорияларының білім беру әлеуметтануындағы рөлі
3. Құрылымдық функционализм теориясындағы Парсонстың рөлі
4. Т.Парсонс және эмпирикалық социология
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
XIX ғасырдағы әлеуметтану - әлеуметтанудың жаңа дәуірі, біріншіден, эмпирикалық (тәжірибелік) әлеуметтанудың дамуы мен қалыптасуымен байланысты болды. Екіншіден, жаңа тұжырымдамалар мен бағыттардың шығуымен, үшіншіден, теориялық және эмпирикалық әлеуметтануды белгілі бір дәрежеде біріктіруге бағыт алуымен сипатталады.
Бұл дәуір XX ғасырдың 20-шы жылдаранан басталып, біздің қазіргі өмірімізге дейінгі уақытты қамтиды. Бұл дәуір негізінен үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең 20-жылдардан 40-шы жылдарға дейінгі уақытты қамтиды. Бұл кезеңде эмпирикалық әлеуметтанудың басымдылығы байқалады; Екінші кезең - 40-шы екінші жартысынан 60-шы жылдың аяғына дейін созылды. Бұл уақытта, керісінше, теориялық-әдістемелік әлеуметтанудың құрылымы күшейіп, эмпирикалық әлеуметтанудан жоғары көтерілді. Үшінші кезең - 70-жылдардан бастап қазіргі уақытқа дейін жалғастары. Үшінші кезеңде теориялық әлеуметтанудың зерттеулерін микро және макро әлеуметтанумен біріктіруге әрекет жасалады. Екінші жағынан, әлеуметтануды жеке ғылым ретінде жаңа деңгейге шығарып әлеуметтік процестерді зерттеу, оларды жаңа сапада түсіну, ұғыну мақсаттары қойылды. Жаңа қағидалы интегративті бағыттар пайда болды.
Әлеуметтанудың ХХ ғасырдағы негізгі тенденциялары - эмпирикалық әлеуметтанудың дамуынан басталады.
Эмпирикалық әлеуметтану деп, нақты зерттеулер жүргізуді, осылардың негізінде арнаулы әдістер қолдану (сұрау, бақылау, тәжірибе) арқылы жаңа фактілерді жинап, талдауды , қорытындылауды айтады. Мұндай нақты зерттеулер 20-30-жылдары АҚШ-та, сонан кейін басқа дамыған елдерде өте қызу жүргізіле бастады. Адольф-Кетле (франко-белгиялық статист), Чарльз Бут (Англия), Ульям Томас, Флорина Знанецкий (поляктар) осы салада еңбек етті.
Дегенмен, эмпирикалық нақты зерттеулер теориялық әлеуметтанудың дамуына белгілі бір шамада кедергі жасады, теорияның маңызы мен рөлін төмендетті. Сондықтан теориялық әлеуметтануды қайтадан көтеріп, жаңғырту қажет болды, өйткені әлеуметтік теориялық сұрақтарға уақытында жауап берілмеді.
Бұл мәселелерді дұрыс шешуде американ әлеуметтанушылары Талкотт Парсонс, Роберт Мертон, Питирим Сорокин, т.б. зор еңбек сіңірді.
Талкотт Парсоностың (1902-1979ж.ж.) көп еңбектерінің ішінде біз оның екі негізгі еңбегін, яғни әлеуметтік іс-әрекет, қимыл (социальное действие) және құрылымды-функциональды талдау (структурно-функциональный анализ) қарастырғанымыз орынды болады. Бұлардың қысқаша мазмұны мен мәні мынадай. Қандай да бір әлеуметтік іс-әрекет, қимылдың болуында қажетті шарттар бар. Әрекет қимыл, біріншіден, оны жүргізетін адамды, екіншіден, нақты жағдайды, үшінші мақсатпен белгілі бір заң нормаларына (ережелеріне) сүйенген шартты жағдайларды қажет етеді.
Т. Парсонстың пікірінше, әрбір әрекет, қимылдың өзін-өзі ұйымдастыратын белгілі жүйесі, оның шартты белгілері (символдары) бар. Олар: мысалы, тіл, құндылықтар, іс-әрекеттің, белгілі бір нормативтік ережеге сәйкес, яғни іс-әрекеттің, қоғамда қабылдаған нормаларға, құндылыққа тәуелді болуы.
Әлеуметтік іс-әрекет теориясының ең негізгі ұғымы - әрекеттер жүйесі. Т. Парсонс әрекеттер жүйесіне әлеуметтік болмыстың, шындықтың (социальная реальность) алуан түрлі деңгейлерін, олардың бір-бірімен өзара белгілі бір байланысын жатқызады. Әрбір жүйе дұрыс іс-әрекет, қимыл, қызмет атқару үшін жүйенің құнды тұрпатын сақтау; интегация құрылымы, мақсатқа жету (целедостижение), бейімделу (адаптация) сияқты 4 шартты ескеру қажет. Басқаша айтқанда, бұл өзгермейтін (инвариантный) функционалды мәселелер жиынтығы. Ол әрбір жүйеде және оның бөліктерінде шешіліп отыруы керек. Т. Парсонстың қандай да бір теориялық құрылымын алмайық, оның әрқайсысында қайталанып отыратын ой өзегі, басты пікірі (леймотив) болады. Ол - әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын көрсететін құрылым және оның зерттеу механизмі. Осы міндетті ойдағадай шешуге Т. Парсонстың екінші теориясы, яғни құрылымдық - функционалды талдау бағытталған. Бұл теорияға сәйкес қоғам және оның жеке жүйелерінің белгілі бір функцияларды орындауы қарастырылады.
Т. Парсонстың құрылымдық - функционалды талдау теориясын онан әрі жетілдіру жолдарын іздеді. Ол жаңа эволюциялық емес тұжырымдамасын түйіндеді. Онда ол қоғам құрылымының жіктелуіне басты назар аударады. Ал, қоғам құрылымының дифференциациялануы деп Т. Парсонс әрбір кезеңге сәйкес қоғам құрылымының күрделенуін түсінген. Ол құрылымның күрделенуі қоғамның және оның жүйелерінің тұрақтылығын азайтады деп қорытынды жасайды.
1. Т.Парсонстың өмір жолы мен еңбектері
Толкотт Парсонс 1902 жылдың 13 желтоқсанында Колорадо-Спрингс елді мекенінде дүниеге келіп, 1979 жылдың 6 мамырында Мюнхенде көз жұмған. Ол американдық социолог, теоретик, функциональдық мектептің жетекшісі, американдық белгілі әлеуметтанушылардың бірі болып келеді. Қазіргі заманғы социологиядағы "жалпы теорияның іздестірілуін Парсонстың есімімен байланыстырады. Оның әкесі дінге жақын адам болған. Парсонс биология мен философияны алған рет Ахмерсте оқыған, кейін Лондондағы экономикалық мектепте білімін жалғастырды да Гейдельберг университетінде білім алды. 1927-1973 жылдар аралығында Гарвард университетінде сабақ берді. 1979 жылы 6 мамырда Мюнхен жерінде қаза тапты. Парсонс 76 жыл жасады. Оның артында өшпестей еңбектері қалды.Парсонс Талкотт белгілі американ әлеуметтанушысы да болып табылады. Парсонс адамдық шындықтың барлық жағын қамтитын теориялық жүйені қалыптастыруға тырысты. Қоғамды сақтау мен тұрақтылық жағдайларын талдады. Кез келген жүйенің сақталуын қамтамасыз ететін негізгі төрт қызметті анықтады: бейімделу, мақсатқа жету, ықпалдасу мен модельді қолдау.
"Әлеуметтік стратификация теориясына талдамалы көзқарас" атты еңбегінде қоғам туралы функционалдық ұғымды теориялық тұрғыдан негіздей бастайдыӘлеуметтік жүйе деңгейінде бейімделу функциясын - экономикалық бөлік, мақсатқа жету функциясын - саяси, ықпалдасу функциясын - құқықтық институттар мен дәстүр, модельді қолдау функциясын - наным жүйесі, мораль және әлеуметтендіру ұйымдары (отбасы, білім беру институттары, т.б.) қамтамасыз етеді. Парсонс пікірінше, әлеуметтік жүйені талдауда үш деңгей бар: құндылықтар, қалыптасқан заңдар мен ұжымдық ұйымдар
Оның "Әлеуметтік әрекет құрылымы" (1937) , "Таза және қолданбалы социалогиялық теория очерктері" (1949) , "Әлеуметтік жүйе" (1962) және басқа да шығармаларында баяндалған әлеуметтік әрекет теориясы-осы теория ролін атқаруға талаптанады. Екінші құрылымдық-функциялық талдау әдісін пайдалана отырып , абстрактылы индивидтердің өзара әсер акті бастапқы клеткасы болып табылатын әлеуметтік жүйе моделін жасады. Парсонстың көзқарасы бойынша , олардың әрекеттеріндегі келіспеушілікті орнататын және қоғам жарлық еткен рольдерді орындатқызатын механизм-жалпы қабылданған нормалардың мінез-құлық стандарттарын үйрену , қызметтің ішкі ырғағына айналдыру болып табылады. Парсонстың арқасында қазіргі социология пайда болған. Ол тарихқа,философияға , социологияға үлкен еңбек сіңірді.
Оның тұжырымында адамдардың мінез-құлқын айқындайтын басты факторлар ретінде көрінеді.Парсонс әлеуметтік жүйенің қалыпты жай-күйінің аса маңызды белгісі ретінде тепе-теңдікті ала отырып, қоғамды қажетсіз қақтығыстардан,күрт өзгерістерден сақтауға және тағы басқаға жұмылдыратын реттеу процесіне , осы жағдайларға бақылау жасайтын әлеуметтік құралдарға зор көңіл бөлді. "Қоғам.Тарихи және салыстырмалы талдау" (1967) деген еңбегінде эволюционизмнің кейбір идеяларының пайдаланғысы , әлеуметтік жүйелер сипаттамаларына олардың өзгерістерін талдауды енгізгісі келді. Бірақ ол өзгерісті негізінен жүйенің принципті басқа жүйеге айналуы емес , оның адаптивтік қабілетін күшейтетін жүйенің іштей саралануы деп түсінді.

Білім беру социологиясы дәстүрлі социологиялық тақырыптардың бірі. Сонымен қатар бұл тақырыптың ертеден бері қарастырыла бастағанына қарамастан, онда талас тудыратын, шешілмеген мәселелер өте көп. Білім берудің социологиялық проблемаларымен іс жүзінде социологиялық бағыттардың барлық өкілдері айналысып жүр. Сондықтан білім беру социологтарын әр мектептің жеке ауқымында қарастырған жөн болар.
Қазіргі заманда білім берудің формалды жүйесі атқарып отырған функцияны кез келген (отбасы немесе құрдастар) әлеуметтік институт орындай алмайады. өйткені, отбасы мүшелері туыстық қарым-қатынастармен бекітілсе, ал, құрдастар арасында ол жақын адамды өзі таңдайды. Алайда, ірі қоғамда мемлекет немесе тап, ұлттық немесе кәсіби деңгейде басқа принциптерге орай негізделеді. Ірі қоғамда адамдар туыстық немесе өзі ұнататын адамдармен емес, оған мүлде қатысы жоқ адамдармен қызмет етуі міндетті. Сондықтан білім беру жүйесі әлеуметтік әрекетті іске асыратын бірден бір сала. Білім беру мекемелерінде индивид басқа индивидтермен қалыпты, жүйеленген ережелерге сай әрекет етуі тиіс. Бұл жағдай қоғамның қатаң әлеуметтік нормалары мен ережелеріне сай құбылысты көрсететін болады. Басқаша айтқанда, қалыптасқан нормалар мен ережелерді қадірлеу қалыптастырылады.
Социологиядағы функционалистік дәстүрді айтарлықтай дамытқан Т.Парсонс болды. Парсонстың көзқарасы басқаша. Ол Дюркгейммен білім беру жүйесі индивидті қоғаммен байланыстырудағы әлеуметтендіруші ролінің маңызына орай келіседі. Бірақ Парсонс отбасы және білім беру мекемелерінде әлеуметтендіру ерекшеліктерін жеке-жеке талдап көрсетеді.
Білім беру социологиясының орталық проблемасы интеллект коэффициенті деп аталатын орны мен ролін бағалаумен байланысты. Адамдар табиғи дарындылығымен айтарлықтай ерекшеленеді. Осы орайда интеллект деген ұғым - абстракты ойлауды нақты түрде білдіреді. Алайда, мұндай дефиниция әр түрлі типіне бөлу жүргізіліп келеді.
Білім беру социологиясы үшін таптық және ұлттық айырмашылықтар осы салада үлкен қызығушылық тудырып отыр. Т.Парсонс 1940-1960 жылдар аралығында өте қызық, ұзақ мерзімді зерттеулер жүргізген еді. Ұзақ уақыт ішінде ол бес мыңға жуық оқушыларды бақылайды. Парсонс оқушыларды қабілетіне қарай бірнеше топтарға бөліп, содан кейін оларды төрт әлеуметтік топтарға жатқызады.Әлеуметтік әркелкіліктің моделін білім беруде - мәдени депривация теориясы деп атайды. Мәдени депривация теориясының әр түрлі теорияларында әлеуметтік субъективті мәдениеттер білім алу саласында басқа әлеуметтік-мәдени топтармен бәсекелесуге мұрсат бермейді. Мәселе тек материалдық жетіспеушілікте емес, сәбидің қоршаған ортаның мәдени қырынан қарағандағы кедейлігі. Депривация формасына бүгін социологтар лингвистикалық депривацияны, тіл қолданысына қатысты мәселелердің жоқтығын жатқызады. Мұнда білім беру жүйесінің кейбір ұлт тілдерінде толық жетілдірілмегеніне орай ұлттық мектептердегі бітіргендер үшін қолайсыз жағдай, лингвистикалық депривация тудырып отыратындығын атап өту керек.
Мәдени депривация теориясы білім беру жүйесінде қалыптасқан әлеуметтік пргоблемаларын түзету үшін практикалық бағдарламаларды дүниеге әкелді. Біздің еліміздегі мамандарға зәру болған кезеңде ұлттық ұлттық мамандарды (мұғалім, дәрігер, ғалым, инженер) әзірлеу бағдарламалары тарихи қалыптасқан мәдени депривацияны жоюға бағытталған еді.
Интеракционистердің пікірінше, адам айналасын өзі бақылап отырады. әлеуметтік шындық интеракционистер үшін жеке адамдардың әлеуметтік өзара әрекетінен құралады деп айтылатындығы жайлы біз бірінші теориялық бөлімде атап кеткенбіз. Батыс социологтарының бір бөлігі педагогтардың көпшілігі идеал оқушы моделін, осындай белгілі бір стандартта ұстанатындығын атап өтеді. Оқушының мұндай идеалды образы оқушының ең жақын, өзіне сай қасиеттеріне орай қалыптастырылады. Оқушының осы идеалды образға жақындығы немесе алшақтығы оның табысын анықтайтын болады.
Т.Парсонс әлеуметтанудың ірі тұжырымдамасын жасап, дүние жүзіндегі өзгерістердің болашағын түсіндірді. Оның бұл жөнінде екі тұжырымдамасы болды. Олардың біріншісі, әлеуметтік-мәдени динамика, екіншісі - қоғамның тұтастық (яғни, біріктіруші - И.А.) тұрпаты. Бірінші тұжырымдамасына қандай да бір тарихи өзгеріс болмасын, оны мәдени типтердің дамуы ретінде қарады. Ал, мұндаға әрбір мәдени тип бір бүтін ерекше құбылыс ретінде көрінеді. Т.Парсонстың пікірінше, осындай негігі топтардың үш түрі болады. Олар: сезімдік, ақыл-парасаттылық (рациональный), идеалистік. Біріншісінде нақты дүниені тікелей сезімдер арқылы қабылдау, екіншісінде ақыл - парасатқа, ақылға жеңдіру арқылы, үшіншісінде - интуицияның (яғни, жорам-алдап сезінудің) басым болуы арқылы іске асырылады. Осылай мәдени типтің әрқайсысы дамып отырады және олар қоғамның ілгері дамуының әрбір кезеңіне тән.
Т.Парсонстың әлеуметтік мәдени тұжырымдамасы қоғамдағы әлеуметтік өзгерістердің пайда болатын көзін және қозғаушы күштерін анықтайды. Одан әрі олардың диалектикасын анықтау әрекеті, талабы болады. Т.Парсонс өзінің болашаққа көзқарасын тұжырымдады. 60-жылдары оның бұл тұжырымдамасы конвергенция тұжырымдамасының негізгі құрамында болды, өйткені Т.Парсонстың бұл тұжырымдамасы қоғамның алуан түрлі ұйымдары мен жүйелерінің арасындағы байланыс-қатынастарды және адамзат қоғамының талап-тілегіне оларды пайдалануды нақты түрде көрсетті. Олардың ішінде меншік түрлері мен саяси құрылымдағы плюрализм (алуан түрлілігі), еңбекті және экономикалық тәртіпті ынталандыру, басқа елдермен қарым-қатынастардың, әдіс-тәсілдерін жоспарлау, т.б. болады. Т.Парсонс жалпы адамзат қоғамы қиын-қыстау жағдайды басынан өткізіп, өзгеріп отырса да, ол әруақытта бірігу бағытына қарай дамитындығын атап көрсетті.

Американдық социолог Т. Парсонс қоғамды байланыстыратын бастауы болып нормалар мен құндылықтар табылатын адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесі ретінде қарастырды. Осылайша, қоғамды әдет - ғұрыптар, салт - дәстүрлер, заңдар күшіне сүйенетін, олардың барлық негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, адамдардың үлкен және шағын топтары мен қауымдастықтарының әлеуметтік байланыстардың, қарым-қатынастар мен өзара әрекеттердің тұрақты жүйесі ретінде және оларды ұйымдастырудың әмбебап тәсілі ретінде қарастыруға болады; қоғам өзіне-өзі жеткілікті, өзін-өзі реттейтін және өзін-өзі өндіретін жүйе болып табылады.
Қоғамды зерттеудегі жүйелік тәсілдің негізгі мақсаты -- қоғам туралы түрлі ілімдерді қоғамның жалпы теориясы болатындай етіп біртұтас жүйеге біріктіру. Жүйе - бұл өзара байланысқан және біртұтас ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz