Нұрсұлтан Назарбаев ҚАЗАҚСТАН – ТЕК ҚАНА АЛҒА



Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Нұрсұлтан Назарбаев: ҚАЗАҚСТАН – ТЕК ҚАНА АЛҒА!

Қымбатты қазақстандықтар!
Менің бүгінгі сөзім сіздерге – күллі Қазақстан халқына арналады!
Мен мұны еліміздің өміріндегі ең бір жауапты сәтте Сіздерге арнаймын.
Мен бүгін Сіздердің алдарыңызда Президенттікке кандидат ретінде өз ой-
пікірім мен бағдарламамды ортаға салмақпын.
Мен неліктен қайтадан сайлауға түсуді ұйғардым?
Турасын айтсам: мен Президент қызметінің не екенін жақсы білемін. Бұл, ең
алдымен, өте ауыр еңбек, аса зор жауапкершілік. Адамдар алдындағы, ел
алдындағы, болашақ алдындағы ең жоғары жауапкершілік деп есептеймін.
Біз әрбір қазақстандық отбасының өмірін одан әрі жақсарту, қуатты да
қарқынды Қазақстан орнату жолында қолға алған жаңғыртуларды ақырына дейін
жеткізуге тиіспіз!
Тағдырдың менің маңдайыма жазған басты парызы да осы болса керек.
Осы парызды орындап, бастаған істі аяғына дейін жеткізу үшін мен Президент
сайлауына түсіп отырмын.
Мен ұстанатын қағидаттар сіздерге бұрыннан мәлім. Олар өзгермейді. Атап
айтқанда, экономикалық өркендеу, ұлтаралық татулық, азаматтардың әл-ауқаты,
демократия және қауіпсіздік.
Жаңа Қазақстандағы Президент сайлауы да осы қағидаттар негізінде өткізіліп
отыр. Сайлаудың дағдарысты еңсеріп, өзінің экономикалық және саяси дамуында
суырылып алға шыққан елде өткізіліп жатқаны, осының айқын айғағы.
Біз әлемдегі ең жедел дамып келе жатқан елдердің қатарына қосылдық.
Жүздеген өнеркәсіп орындары қайтадан жұмыс істеп, ауылдардың еңсесін
көтеруге ондаған миллиард теңге жұмсалды. Бізде тұрғын үй құрылысы өте
жоғары қарқынмен дамып келеді, жүздеген жаңа мектеп пен ондаған жаңа
аурухана ашылып, елімізде ең сенімді банк пен зейнетақы жүйесі жасалды.
Біздің адамдарымыз зейнетақы мен жалақының кідіртілуін ұмытқалы қашан, ал
еңбекақы мен зейнетақы мөлшері ұдайы өсіп келеді.
Дүниені лаңкестік кеселі жайлап, жарылыстар мен атылған оқтан балалар мен
әйелдер нақақтан опат болып жатқан кезде Қазақстанда татулық пен тыныштық
орнады. Бұл сіздер мен біздердің ортақ жетістігіміз. Мұны ислам, христиан,
яһуди, будда мен индуизмнің аса көрнекті қайраткерлерінің өздері мойындап
отыр. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымы да әлдеқашан мақұлдаған. Әлемдегі көп
ұлтты елдерде өзара ынтымақ пен құрметтеушіліктің дәл біздегідей өнегесін
табу оңай емес. Бұл – баға жетпес құндылық. Мен өз елімнің өзгеге үлгі-
өнеге болып отырғанын шын жүректен мақтан етемін.
Дегенмен уақыт бір орнында тұрып қалмайды. Қол жеткен жетістіктерге
тоқмейілсуге де болмайды.
ҚАЗАҚСТАН ӘРДАЙЫМ АЛҒА ҚАРАУҒА ТИІС!
Алдағы жеті жыл ішінде мен Қазақстанның қандай ел болғанын көремін?
Мен Қазақстанның әлемдегі ең бай 50 елдің біріне айналатынына нық
сенімдімін.
Мен Қазақстанның әр отбасының өз табысына салған үй-жайы, кәсібі мен жеке
көлігі бар ел болатынына сенемін. Мемлекет осының бәрін әр қазақстандық өз
еңбегімен, өз қолымен жасауы үшін барынша жағдай туғызатын болады.
Мен Қазақстанның әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы мен ынтымағы
жарасқан өнегелі елге айналатынына кәміл сенемін.
Менің жоспарым, бұрынғы жоспарларым сияқты, әбден екшелген әрі сөзсіз
орындалатын жоспар. Ол үш бөліктен тұрады.
БІРІНШІ.
Әрбір қазақстандық қандай игіліктерге қол жеткізеді?
Біз әрбір қазақстандыққа шаққанда өндірілетін өнімді жеті жыл ішінде екі
жарым есеге арттырамыз. Бұл қазір 3400 доллар болса, 2012 жылы 8-9 мың
долларды құрайтын болады.
Біз әрбір қазақстандықтың табысын екі есе көбейтеміз. Біз орташа жалақыны
екі еседен де асыра көтеріп, 70 мың теңгеден кем болмайтындай деңгейге
жеткіземіз.
Біз зейнетақыны екі есе, әлеуметтік жәрдемақылар мен студенттердің
стипендиясын екі жарым есе өсіреміз.
Біз 7 жыл ішінде 350 мың жаңа пәтер салып, ипотекалық несиелендіру пайызын
төмендетеміз. Осы жеті жылда бір миллион қазақстандық жаңа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Н. Ә. НАЗАРБАЕВ - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, АЗАМАТЫ, ПАТРИОТЫ
Назарбаев феномені
ҚР Президентінің «ҚАЗАҚСТАН-2050» – стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауы
«Қазақстан – 2050» стратегиясы
Егер мен Президент болсам
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұнғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлі мен қызметі
Рухани жаңғыру : болашаққа бағдар
Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан Мамандығы
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың рөлі мен қызметі
Адам капиталы – ел байлығы, ұлт байлығы
Пәндер