Халықта Нысап-діннің жартысы деген сөз


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Нысап.

Халықта Нысап-діннің жартысы деген сөз. Өйіткені нысаптылық құдайға қарағандық, яғни жаратқанды ұмытпағандық құлқы ретінде түсінеді. Қанағаты жоқтық, көзі тоймайтын адам бойындағы кінәратты кесел саналады. Әрейне, ол-туа біткен қасиет емес. Адамның пәктігін, рухани тазалылығы нәрестедей күнәсіз, анадан енді туғандай, дейтіні әне содан. Сондықтан адамгершілік тәрбие жүйесінде жеткіншек ұрпақтың жанына нысаптылық қасиет дарыту маңызды орын алады.

Нысап-әдептіліктің басты нышандарының бірі. Ол күнделікті, турашылдықты, уәдесіне адалдықты өзінің және басқалардың алдыңдағы шыншылдықты, өзге адамдардың да хұқын моуындау мен құрметтеуді қамтиды. Нысаптылық адамдардың іскерлік іс-қимылдарына байланысты және олардың талаптары мен әрекеттерін әрі үйлестіріп отырудан туындайды. Адамдар басындағы қанағат пен тойымсыздықты бағалау да нысапқа байланысты. Сондай-ақ ол адамның қоғамда атқаратын рөлі мен әлеуметтік ахуалының үйлесуін, білімділігімен оны бағалаудың хұқылық және міндеттілік қатынастарын көрсететін, жалпы адамзаттың ұғымына сай келетін тұрмыс тәртібі. Сол үшін біреудің мүдесіне бағып әділдік, турақтылықбұзғанын, мүмкіндігін пайдаланып, кісі ақысын жегенін, жамандық жасағанын, дүниеге, байлыққа, жақсылыққа көзі тоймай алдарқатып өтірік айтқанын көргенде, халық ондай адамды “нысапсыз’’ деп, құдайшылдық, иманшылық жолына шақырады.

Ежелгі Шығыс, сонау көне грек ғұламаларының, қайта дәуірлеу заманы тудырған еуропалық гуманистер олардың жолын қуушылардың қоғамның бұзылуын көбінесе нысапсыздық салдарымен байланыстыру оның адамзат өмірінде үлкен рөл атқаратынын аңғартады. Өзіміздің ұлы Абай нысапты адамның ең асыл қасиетінің біріне жатқызса, майталман жырау Бердақ халық күйзелген бір заманның ауыртпалығы нысапсыздықтан тіптен жан төзгісіз ауыр болғанын айтады.

Алынбай адам санатқа,

Шыдамай ауыр азапқа,

Нәлет айтқызып нысапсыз қасқа

Халық шулап, босқан екен.

Бердақ

Сондықтан қанағатты білмейтін нысапсыздық жайын естігенде немесе көргенде халық ‘астаупралла’ деп басын ұстап, түңіледі. Ал қолында зор билігі бар үлкен аға иесінің ашкөз, тойымсыздығы ел үшін қанша ауыр қасіретті, кесапатты болатыны туралы тарихта аз емес.

Осы ораайда данышпан Абайдың:

Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?

Македония шаһары оған мекн. -

деп басталатын әйгілі поэмасындағы мынадай бір қызық, әрі тағылымды мысал еске түседі. Қанша қаңқақсатып жаулап алсада, көзі тоймай, ’’алсам жердің жүзін ой ойлаған ’’ Ескендір Зұлхарнайн патша (тарихтағы ежелгі грек патшасы және жаулап алушыАлександр Македонский) бір жолы қалың әскерімен адасып, әбден титықтағанда тау ішіндегітұйықта көлденең тұрған темір қақпаға кезігеді. Ханның қаһарына селт етпеген қақпанның арғы жағында күзетші бет орамалға түйген бір нәрсені дарбазадан лақтырып тастайды. Срнда жиһангердің қасына еріп келе жатқан Аристотель (бұл осы кітапта талай рет айтылатын ежелгі заманның ұлы ойшылы, философ Аристотельдің Ескендір Зұлхарнайнның ұстазы болған) Алып шүберектің бір басына әлгі шүберекте оралған көз сүйегін, екінші басына өздерінде бар дүниенің бәрін салғызады. алдырып, бір басына өздерінде бар дүниенің бәрін салғызады. Бірақ таразының көз сүйегін салған жағы басып тұра береді, сол кезде данышпан көз сүйегінің үстіне бір құм салуға кеңес береді. Сонда таразының сүйек слған басы сопан етіп, аспанға шығып, екінші басы сылық төмен түседі. Бұл арқылы ұлы ақын адам нәсіп асқынғанда қайда апаратыны жайында қайғылы түйеді:-Нысапсыздықтың өлгеше тоймайтын екендігі айтады. Мұның өзі халықтың «Көзіне құм құйылсын!»деген қарғысымен астасып жатқанын аңғаруға болады.

Мұндай мысалдарды өзге халықтардың әдебиеттерде мол кездестіруге болады. Мәселен орыстың ұлы жазушысы Лев Толостойдың «Адамға қанша жер керек» деген әйгілі әңгімесініңкейіпкері нысапсыздықтан жер көп аламын деп жүгіре-жүгіре зорығып өледіде екі жерге көміледі. А. Пушкиннің бала күнінен жақсы таныс «Алтын балық туралы аңызындағы тойымсыз кемпірдің қайғылы тағдыры, немесе ынсапсыз фашист Гитлердің бүкіл әлемді билеймін деп өз түбіне жетуі жастарға көп нәрсені аңғартса керек.

Нысап пен әдепте ішкі бірлік бар. Оған мынандай дәлел бар. Нысапты адам қарым қатынасында зорлыққа, қорлауға бармайды, кісі хақын жемейді, рақымды, мейірбан болады. Адамзат өз тарихында қатыгез қайырымсыздықтан, жауыздықтан адам жазықсыз көп азап шегіп, құрбандыққа ұшырады.

Нысаптылық дегеніміз шыншылдық та. Нысапты кісі шындықты айтуды өзіне міндет санайды, ақиқатты өзінен де, өзгеденде жасырмайды. Нысапты адам белгілі бір идеяға, сенімге адал болады не оларды өзінің іс-қимылын. Жүріс-тұрысында болжытпай сақтауға тырысады.

Ұлағат сөздер .

Хан болсаң, қайғылыға болыс,

Мырза болсаң, жарлыға болыс

Р. Хорезми

Арамдыққа құл болма адал болсаң,

Әлсіздерді қинама адам болсаң.

Нысап, ұят- бұл ғаділеттен шығады.

Абай.

Нысапсызға ерік берсең, елді талайды.

М. Қашқари.

Зұлым есіктен кірсе, нысап шаңырақтан шығады.

М: Қашқари

Нысапты асын жер,

Нысапсыз басын жер.

Қарақалпақ мақаласы.

Қанағат.

Қанағат-әдептіліктің басты белгісі және негізгі -адамның сана сезімі мен іс-қимылындағы жақсы әрі қанағатты әдетке айналдырған жан өмірбақи игі көреді. Өйткені ол адамшылдық жолдан тайдырмайды, қолындағын өзіне қанағат қылдырады. Қанағат ашкөзділік жібермейді, біреудің дүние затына сұқтандырмай сұғанақтық жасаттырмайды. Сондықтан қанағатшылдық жұмсақ, кішпейіл де қарапайым болып, көп құрметке ие болады. Сондықтан ақын:

Құдайдың бергеніне қанағат ет,

Ұлтыңның жүрегіне салма һәм дерт, -

Дейді.

Нысапты адам қанағатшыл. Қанағат дегеніміз- барына, қол жеткізген табыстарына разы болу, шкүр ету. Бұл-баршаның бойына жарасатын көркем, ешқашан ортаймайтын қазына -дәулет. Бірақ жұрттың бәрі бірдей осылай деп түсінбейді. Қанша мол байлығы болсада, оны қанағат қылмайтындар кездеседі. Ондайлар «болған сайын болсам деп» барған сайын ашкөздікке салынып, құдайдың қанағат-нысабын ұмытады, сөйтіп жалған сөйлеп, екі жүзділікке барады. Кедей «бай болам» деп дұрыс талпынса, қанағатты ұмытқан бай «құдай болам» деп күпіршілікке барады. Егер кісі өзінен кем-нашар жағдайдағы адамдардың жайын ойлап, өзінің де сондай күйге душар болып қалуын ескерсе, онда барына қанағат қылып, қайта жоқ-жітікке қайырым жасар еді. Қолындағы байлығының орнымен игілігін көріп, соған үшкірлік қылса, »саулығының-байлығың» дегенді үнемі жадында ұстаса қанағатшыл да болар еді, өмірі де мәндірек, қызықтырақ болар еді.

Ашкөзділік әсіресе ас-тамақа қатысты ашқарақтық ұғымында көбірек қолданылады. Ондайлар, бар-жоғын да, өз мүмкіндігін де мәдинетсіздігін де мәдениетсіздігінің артық ішіп-жеудің зияндылығында шаруасы болмай, әйтеуір осы жолы шеміршектеніп тойып алуды ғана ойлайды. Жақсы тамақ қалғанша жаман қарын жарылсын», өлтірсе, палау өлтірсін»деген сияқты мәтелдер содан шыққан.

Мұндай қылықтар сыйлы жерлерде, мәселен, зияпат көздерінде, үстел-үсті, ішпек-жемекке толып, қайысып тұратын кейбірелдердің қонақасы дастарқандары үстінде кездескенде тіпті ұятты, тұрпайы болып көрінеді. Ондайда қапыл жіберген адам ұяты бар, әдеп-жөнін білетін кісі болса, сонымен қатты пұшайман болып, көрінері хақ. Өйіткені оның әлгі қылығын айналасындағылар, қызық көріп, сырттан бағып, байқап тұрғандар көріп, тәрбиесіздігінің мәдениетсіздігінің белгісі ретінде қабылдайды. Егер олар өзге елдің, бөтен жұрттың адамдары болса, онда сенің әдепсіздігің, мәдениетке қатысты кінәраттарың, сен өкілі болып отырған ұлттың, ұлыстың кемістігі ретінде бағалануы сөздік.

Ашкөздік кісінің назарына буалдырландырып, рухани дүниені көріп-білуге кедергі жасайды, барлық есілдертін тамаққа, дүниеге аударып, жақындарынан, достарынан аулақтадады, осылайша адамшылдықтан күйкілікке жетелейді.

Қанағатсыздық жасынан алған тәрбиеге байланысты. Жастар емін-еркіндік психологиясымен әке-шешенің еңбекпен тапқан, тірнектеп жинаған дүние-пұлын оңды-солды, бейберекет жұмсап, есепсіз шашып үйренсе оның үстіне жаны қиналып өз еңбегімен тапқаны болмаса әрине, ашкөз болып өседі. Өйіткені олар бәрі «меніңкі» деп дағдыланды. Бұл нағыз сорақы, жатып ішер ашқарақтық болмақ. Сондықтан балаларға материалдық игіліктің құнын, оның игілікке жаратуда қанағатшыл болу керектігін, қанағатта дәулеттің бір түрі екендігін ұғындырып, дағдыландыру өте маңызды.

Бұл жөнінде біздіңхалықтарымыздың мыңдаған жылдық өмір тәжірибесінен қоытылған даналық тұжырымдары бар. Қанағат қарын тойғызады, қанағатсыз жалғыз атын сойғызады», »Қоя жесең, қой қалады, тарта жесең, тай қалады»деген сияқты мақалдарда үнемі есте болатын шынайы шындық бар.

Ұлағат сөздер.

Қанағат-табиғаттың төл перзенті,

Тағы да денсаулықты ол күзетеді.

Әл-Фараби

Тапшылықта азға да қанға ете білгенің

Өзіңе-өзің патша боп, еркін өмір сүргенің.

Хорезм

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рахым ойлап қой:

Бес асыл іс-білсеңіз. Абай

Ақылды адамдар айытқан:әрекет қыл-абат боласыз, азға қанағат қылыңыз-дәулетті болсаңыз; кішпейіл болыңыз-досыңыз көп болады, -деп. Ол үшін де көп бейнетпен табылған дәулетті қырсыздық һәм болбырлықпен қолдан шығарып алу-ақылы кісінің ісі емес; жарлы болып қалғанда, өкінгеннен пайда жоқ.

Қолыңда бар дүние-малыңа қанағатқыл, қанағат түтесілмес-таусылмас байлық болып табылады, сенің хал-жағдайың қандай болсада, рызғыңа ие боласың. Шырын сөзбен, яки халықтың шапағатымен қолыңа жақсы бір нәрсе түссе, оны жоғалтып алма, себебі адамның дүние-малсыз қадірі болмайды. Бірақ өзінің еш пайдасы тимесе де, бай кембағалдарды дұшпан көреді. Халыққа жарлықтан жаман жағдай жоқ.

Әр нәрсенің бір себебі бар . Бірақ жарлылықтың себебі - ысырапқорлық.

Даналар айытқан:не нәрсе болсада, ысырап қылушы болма, ысырап қылушы барлық уақытта зиян шегеді. Бірақ тірлікті ащы, қиын ететіндей тым пітінә-пасық та болмағын. Жаныңа жәбір қылма, дүние-мал қаншама қадірлі болса да, жаныңнан қадірлі емес. Әлқиса, еңбектеніп жинаған дәулетіңді орнымен жұмса.

Әйтеуір керексіз нәрсе үшін қарыз алмағын, біреуге беріп, ақысын жеме. Қарызды ауыртпалық деп білгін. Мүмкіншілік болса біреуге қарыз бермегін. Әсіресе дос адамдарға қарызыңды сұрап алғаннан гөрі, бермегенің жақсы. Егер қарыз берсең, қарызды өз дүнием деп есептеме де, досыма қидым деп ойла, өзі бермегенше сұрама. Өйіткені қарызыңды сұрасаң, достыққа зияны тиеді де, досың дұшпанға айналады. Ондай іс әңгүдіктер мен аңқау-надандардың ісі болып табылады.

Өз мал-мүлкіңдіөзгенің мал-мүлкіндей дап біл, өзгенің мал мүлкін өз мал -мүлкіңнен артықрақ көр, сонда аманатқа қиянат қылмай; туралықпен халыққа белгілі боларсың.

Хикая. Былай деп естігенмін. Шайық Шібіл бір күні мешітке барды және екі рәкәт намаз оқып, аз ғана дем алады. Ол мешітте жас балалар жиналып, кітап оқушы еді. Балалардың тамақ ішетін уақыты болып қалды. Балалардың арасынан бір байдың баласы да бар еді және бір кембағалдың да баласы бар еді. Бай баласының алдында алуа, кембағалдының баласның алдында нан ғана бар еді. Бай баласы алуа жеді. Кембағалдының баласы одан алуа сұрады. Байдың баласы оған: «Егер алу жегің келсе, менің итім бол, сонда алуа беремін»деді. Кембағалдың баласы: «Мен-сенің итіңмін» деді.

Демек, тәркі дүние бұзық болса да, қанағатты бол. Аристотель данышпаннан: «Ақылдының күші неде?» деп сұрапты. Данышпан: «Барша адамның күші тамағын да, ақылдың күші кереметінде», -деп жауап беріпті.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рахым ойлап қой:

Бес асыл іс- көнсеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекр мал шашпақ-

Бесдұшпаның білсеңіз.

Қанағат қылады нысапты жан.

Кім азады қанағат тұтса, сол-бай.

Тіліңді, тәбетіңді, нәпсіңді тиып ұста. Анархис

Ақылды адам азғантайды қанағат қылып, бақытты өмір сүреді, ал ақымаққа бәрін берсеңде аз.

Нәпсі.

Кей адамдарда не істесе де, өзі үшін істеп, өзін дана ойлайды. Ол үшін істің жақсы, жаманы емес, пайдалы болуы ғана маңызды. Мұндайларды пайда күнем дейді. Олар нені болса да пайдасына қарай бағалайды. Ақын Н. Юсупов осы тәрізді адамдарға мына бір шумақ өлеңде:

Тұла бойын алған түгел мекндеп,

Дүние болды бар талпыныс- талабы.

Осы құстың еті қандай екен деп,

Бұлбұл сайрап тұрған жаққа қарады, -

Деп дәл мінезлеме берген.

Барлық нәрседен, барлық жағдайдан пайда түсіруді қөздеу нәсіпқойлық деп аталады. Нәсіпқойлық нәпсіні тыймаудан, араны ашылып, барлық нәрсеге нәпсі көзімен қараудан, арам-адалына қарамай, үзіп-жұлып ала беруден, сол арқылы басқаларға зиян келтіруден, сол арқылы басқаларға зиян келтіруден көрінеді.

Ал нәпсінің дұрыс адамның дене және жан қажеттерін, рухани талаптарын қанағаттандыруға бағытталған әуестену болып табылады. Тірі жан өз денесінің аман- саулығы, әр мүшесінің дұрыс қызмет істеп тұруы үшін табиғаттан өзіне қажет заттарды алатыны белгілі. Ауа. су, азық, сусын, жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін пайдаланады. Мезгілімен ұйықтау, дене шынықтыру, демалыс, еңбек ету, ән-күй тыңдау, газет-журнал, кітап оқып, теледидар қарау, кино, театрға бару да қажет, сондай-ақ киім-кешек, ойын-сауық, баспана т. б. нәрселерді қажет етеді. Бұл қажеттіліктің бәрі ақыл және нәпсімен басқарылады. Егер ақыл нәпсіден үстем түссе, ол адамға бақыт алып келеді. Керісінше, нәпсі ақылдан үстем болса, ол әдепсіздікке, ұятқа тіпті-азғындыққа апарып соғады. Сондықтан халық: «Бере береді екен деп ала берме, құя береді екен деп іше берме» деп ескертеді. «Нәпсісі бұзықтың-өзі бұзық» дейді өзбек мақалы. Бердақ ата:

Баба, бүйтіп шектен аспа,

Сұм нәпсінің аузын ашпа, -

Деп нәпсіні сұмға баласа, атақты Мақтымқұлұлы:

Нәпсі әйтеуір «жұтсам» дер,

Көз көргенді «құртсам» дер,

«Ішсем, жесем, жатсам» дер, -

«Қызығына батсам» дер, -

Деп нәпсінің ашқарақтығын, адамды аздыруға бастайтынын көрсетеді. Өйіткені нәпсіні инстинкт басқарады. Сондықтан хайуан нәпсіні тыя алмайды. Ал адамда ақыл болғандықтан, оның нәпсіні іріетеуге, тыюға мүмкіндік бар.

Нәпсіқұмар әрқашан өз құмарын қандырамын деп әуреленеді. Соның нәтижесінде қоғамның, жұрттың мүддесін ұмыт қалдырады. Қазіргі қоғамызда орын алып отырған маскүнемдік, нашақорлық, парақорлық, ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылық, түптеп келгенде нәпсіні тыя алмаудың салдары болып табылады. Сондықтан өз нәпісіне өзі ие болуына, оны тыя білуіне жеткіншек ұрпақты жасынан үйрету қоғам үшін өте мәнді. Алайда нәпсі адамдардың табиғи қажеттілігіненбасым түсіп, оны жолдан тайдыру азғырушы себепте болып отырған

Егер адам нәпсіге бой алдырса, оның бар күш -қуаты, есілдерті соған ауып, адамдыққа қойылатын басқа талаптар жолда қалады, ұиыт болады, естен шығады. Егер басшылар, көптің тізгін-щылбыры қолына берілген адамдар өздерін нәпсіге жендірсе, одан қоғамға, көпшілікке келетін зияны да өте зор болады, оның салдары да тым зардапты болады. Сондықтан ақылдан адастырып, азғындық жолға түсіретін нәпсімен, өмірдің табиғи да шынайы талаптарынан туатын қажеттіліктің шегін ажырата білу және оны аттап өтпеу-жастарды адамдыққа үйретудің басты шарты, талабы, өлшемі етіп алынуға тиіс. Құранда: «Әлбетте, көп адамдар надандығынан әунйі нәпсіге беріліп, жолдан адасады», -делінген { «Аньом» сүресі, 119-аят}.

Нәсіпқұмарлық қайдан шығады? Оның басты себебі балаға жасынан бұл жөнінен дұрыс тәрбие бермеуден. Нәресте дүниеге талап қоя туады. Яғни жаңа туған сәбиге табиғи керек нәрсе аз болмайды. Бала сол керегін ізденіп, талпынуды шығарады, қолына түскенін алдымен аузына салады. Кейін, сезімі, есі жетіле келе ащыны-тұщыдан, ыстықты суықтан айыра біледі. Әрі қарай пайдалыны пайдасыздан ажырата білуге жетеді. Осы кезден бастап баланың бойында ақылмен нәпсі күресі жүз береді. Ал болашақта қайсысының үстемдік алып, басым түсері баланың сол жасқа дейін алған тәрбиесіне байланысты болмақ. Демек, тәп баланың дұыс тәрбие алған -алмағанында.

Жалпы бала кішкентайынан жоқшылықты түсінбей яғни барға қуанып, жоққа ренжіп, уайымдап үйренбей дұрыс тәрбие алады деп үміттену әбестік. Бар мен жоқ оның үстіне тек материалдық тұрғыдан ғана емес балаға басқа жағынан да ықпал тигізу мақұл. Мәселен, соның бір әсерлі түрі баланың жақынын, ата-анасын аңсауы, сағынуы. Көзден бір күн таса қылмай, барын аузына тосып «іш, же» деп өсірген бала енжар, бейқам көп ештеңеге қызықпайтын, ештеңені анау айытқандай уайым қылмайтын адам болып өсері даусыз. Қайрусыз өскен бала-қайрымсыз болады. Қай нәрсенің де мөлшері, өлшемі бар. Яғни бұрынғы сарынға салса қалпы, нормасы бар. Не нәрсе де көз үйренген, көп қабылдаған қалыпқа сыймай асып-тасып жатса ерсі өрескел көрінеді. Адамгершілік әрекет, әдеп аталуының қажет болуыда сондықтанБұл Ұлы Абай айтпақшы «Жақсы мен жаманды ажырату» өлшемі.

Нәпсіні тыйып ұстау және басқару мәселесі адамзат қоғамында үлкен орынға ие болып келе жатқаны жайында жоғарыда айтылады. Сондықтан да бұл мәселеге әр заманда, әр елде өмір кешкен данышпан кісілер зор көңіл бөліп, өздерінің өлмес ойларын жазып қалдырған. Мәселен, бұдан мың жыл бұрын Жүсіп Баласағұн өзінің «Құдатқу білік» атты кітабында: «Нәпсі деген нәпсідүр, жанған отқа салдұр», -деп жазса, Әжінияз ақын нәпсіге берілген адамның есіл-дерті өзінің керегі, қалауы ғана болып, басқаны естімейтінін, -көрмейтінін туралы айта келіп:

Қасқалдаққа бір ағарған май бітсе,

Қарқылдасып қонар көлін танымас

Патшаның дәулеті қайтайын десе,

Көзіне май бітіп, елін танымас-

Деген болатын.

Ұлағат сөздер.

Мықтымын деп мақтанба, ақыл білсең,

Мықты болсаң, өзіңнің нәпсіңді жең.

Абай.

Озбырдың көзін тойдырғаннан өзін тойдырған оңай.

Кэмден

Барлық жеңіс өзіңді-өзің жеңуден басталады.

М. Н. Леонов.

Жауларын жеңген адам ғана емес, сонымен қатар өзінің нәпісіне билігін жүргізген адамда ер.

Демокрит

Өзіңді билеу-ең жоғары билік, құштарлықтың ұлына айналу -ең қорқынышты құлдық.

Сенека

Ақылды адам өз нәпісін тыяр болар әуелі,

Тіккенен ажыратып алу үшін миуаны.

Сағди.

Нәпсіңе ерік бермесең, сен жақсысың.

Кемтарды кем көрмесең, сен жақсысың.

«Жығылғанға- жұдырық» ерлік боп па?

Құлағанды сүйесең, сен жақсысың.

Нәсәп құмарлық пен . . . соқыр сенімнің түбі дәрменсіздікте.

Кейде күн жүзін бұлттың бүркеп тұратындай, ақ нұрын нәпсі де бүркеп тұрады.

  1. Өзін ұстай білген адам бақытқа жетеді.
  2. Тән мен жанның {яғни нәпсіге} тілегіне ерік берме,

Тілекке ерік берсе, иесінің басын қор қылады.

  1. Көп-ақ көрдім даңқты адамдарды,

Нәпсі құл ғып, қор болып қалған бәрі.

Ж:Баласағұн.

Нәпсі мені қор қылып жолдан тайғызды,

Айықпайтын алдым тілеп қайғыны.

Бәй тігіп басты жанмен еткен үміт,

Нәпсінің шеңгелінен кетсем шығып.

Құл Қожа, алаң десең хақтан алғыс,

Баязиттей нәпсіңмен күн-түн алыс.

Құл Қожа Ахмет, нәпсіден зор бәле жоқ.

Қожа Ахмет Йассауи.

Нәсіпқор, қызғаншақ адам өзінің жанын жеп, айналып келгенде, жауына емес, өзіне жапа шектіреді.

Байлық дүние малының көптігінен емес, қайта нәпсінің тоқтығынан білінеді.

Мың бір хадис.

Тәубе.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жақсы сөз – жан азығы
Абайдың қара сөздері және оның тәрбиелік мәні
Қазақ поэзиясының адамгершілік, ізгілік дамытудағы рөлі
Абайдың әділеттілік туралы іліміне шолу
Абайдың әділеттілік туралы іліміне шолу туралы
Азамат дамуының тарихындағы этнопедагогикалық ойлардың туындауы мен дамуы
Этнопедагогикалық ойлардың туындауы және дамуы
Осыдан былай қарай, имандылық тәрбиесі жөнінде
Этика оқу-әдістемелік нұсқаулар мен дәрістер мәтіні
АБАЙДЫҢ МАХАББАТ КОНЦЕПЦИЯСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz