Қабілет және тұлға даралығы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар.

І Кіріспе.

ІІ Негізгі бөлім.

Қабілет және тұлға даралығы

ІІІ Қортытынды.

Нышан мен қабілеттің адам шығармашылығын

дамытудағы орны.

Нышан және қабілет

Өмір бақылаулары мен арнайы зерттеулер қабілеттің
табиғи берілетінін қалтқысыз дәлелдеп отыр. Қабілеттердің
тума берілмейтінін мойындау мен бірге психология белгілі
іс-әрекетті табысты орындаудың шарты болатын ми
кұрылымының тума ерекшеліктеріне шек келтірмейді. қабілеттер дамуының табиғи негізі болған мидің
құрылымы, сезім мүшелерімен қозғалыстардың анатомиялық-физиологиялық нәсілдік ерекшеліктері нышан деп аталады. Шын мәнінде адамдар арасындағы табиғи айырмашылықгар оларда қалыптасқан дайын қабілеттер емес, дәл осы нышандар қабілет дамуының бастауы болғандықтан, адамның барынша жетіліп, кемелдену жолы осы екі құбылыстың өзара ұштасып, байланысқа келуінен болады. Нышанның арқасында дамығанымен, қабілет сол нышанның өзіндік қызметінен туындамайды, ол нышаннан басталуын ғана алған даму процесінің нәтиже жемісі.

Мысалы, ақыл-ес қабілеттері ең алдымен ми қызметінен
қарқынды не бәсең қозулардаң жүйке процестерінің
қозғалмалылығынан, уакытша байланыстар түзілімінің
шапшаң не баяулылығынан т. б. яғни И. П. Павлов генотип
деп атаған құбылыстан көрінеді. Мидың қанмен қамтамасыз
етілуі де ақыл-сана қабілетіне ықпал жасайды. Толық қан
айналымы-ми қызметінің ақыл-ой, зейінің шоғырландыру, жақсы есте қалдыру, жүйке байланыстарының тез жүруінің, сана жұмысымен шаршамай мүлтіксіз жоғары тиімділікпен орындалуының кепілі.

Мидың тума қасиеттері адамның типологиялық ерекшеліктерінде екі түрде көрінеді. 1 жоғары жүйке жүйесіне тәуелді; 2 Бірінші және екінші сигналдық жүйелердің арақатынасына байланысты.

Адам қабілеттерінің дамуында жоғары жүйке жүйесі
қызметінің типі үлкен маңызға ие. Осыдан, жүйке
процестерінің күші тепе-теңдігі және қозғалмалылығымен
байланыса отырып, адамның ұйымдастырушылық

қабілеттерінің қалыптасуына қажет көптеген еріктік және тілдестік қасиеттердің түзіліп, орнығуына жәрдемін тигізеді.

Өздеріне тән бейнелеу мүмкіндіктеріне орай бірінші не
екінші сигнал жүйелерінің аз немесе көп әрекетке
қатысуынан қабілеттердің 3 типі ажыратылады:

көркемөнерлік, ой-саналық, аралас. Осыдан, суреткерлер объекті тұтас бейнелеуге бейім, ойшылар-талдаумен элементтерге ажырата тануға шебер, ал аралас-қабілеттер қалыпты дамыған адамдардың бәріне тән құбылыс.

Нышандардың әртүрлі қабілеттерге байланысты маңызы бірдей емес. Көбіне нышандық қасиеттер музыкалық және суреткерлік

өнерде қажет. Тума берілген нәзік есіту қасиеті музыкант болудың, ал түр-түс айыра білу-болашақ суреткер болудың алғы шарты.

Нышандар даму әлеуметтік процестерге тікелей тәуелді. Егер қоғамда белгілі бір кәсіпке қажеттік тауып, қандайда адамның сол кәсіпке сай нышандық белгісі болса онда оның нақты еңбекке араласуға болған қабілеті тез әрі жоғары деңгейде қалыптасып дамиды.

Нышан Іс-әрекеттің нақты формасына байланыссыз көп
мағыналы келеді. Сондықтан, белгілі бір нышан негізінде іс- әрекет талабына орай әртүрлі қабілеттер қалануы мүмкін. Осыдан жақсы есту әрі әуен ырғағын сезінуден адам күй орындаушы, дирижёр, биші, әнші, музыка сыншысы, педогог, композитор т. б. болары ықтимал. Сонымен бірге, болашақ қабілеттермен іс-әрекеттердің саналуан болуынан нышан жеке адамның дара таңдамалық қасиетіне негіз болады.

Қабілет және тұлға даралығы

Адам қабілетіндегі айырмашылық іс-әрекеттің нәтижесінен, яғни оның сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық адамда объекті жан-жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал бейімділік нақты іс-әрекетті орындауға талпыну.

Қызығушылықпен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар себепші, мысалы, адам көркемөнер туындыларын

тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы саладағы өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім таба алады.

Іс әрекетпен айналысқанда адамның табысқа жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез құлқында келесі сапалық көріністер болуы қажет ең алдымен еңбексүйгіштік, табандылық, батылдық. Бірақ осындай ерекше қабілеті бар адамның өзі де айтарлықтай өнімге қол жеткізе бермейді. Негізі адам өзінің іс-әрекетіне, жеке басына сын көзімен қарап, мінезінің ұнамды, ұнамсыз сапаларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек.

Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді.

Әртүрлі іс-әрекеттер аймағына қажет білім ептілік дағдылар бірлігін жеңіл әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерекшелігін дарындылық деп атайды. Дарындылық әрбір адамның ақыл-сана оку, шығармашылық, коркемөнер, адамаралық қатынастар түзу және психоторлық қызметтерінде көрініс береді.

Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейіндік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу: мұндай тұлғалар сонымен қатар мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллекттік деңгейі анағұрлым жоғары.

Өз қызығулары бағытында дарынды адамдар қайтпас қажырлылық таныта алады. Бұл қасиеттің адамдағы көрінісі-2-3 жасар баланың бір іспен үзбей шұғылдана алу уақыты. Басқа қатарлармен салыстырғанда дарынды бала өзін кызықтырған іспен бірнеше сағат шұғылданып, қажет болса, оған бірнеше күндер бойы қайта оралып, көздегеніне жетпейінше, әрекетін қоймайды. Дарындылық дәрежесінің артуы қажетті білімдермен ептілік, дағдылары игеріп әрі жетілдіріп баруға тікелей тәуелді.

Дарындылықтың өзіндік ерекшелігі ең алдымен қызығушылық бағдарға байланысты. Осыдан біреу матаматикаға құмар, екінші тарихқа, және біреулері қоғамдық жұмыстарға лидер болуда өз дарындылығын іске қосып, оны нақты іс-әрекетке кейін дамыта түсті.

Қабілеттер өз денгейлері мен ауқымы жағынан ажыратылады. Нақгы іс-әрекет аймағында өте зор деңгейге көтерілген қабілет-шеберлік деп аталады. Шеберлік яғни бір іс-әрекет аймағында жоғары жетілгендік үлкен де қажырлы еңбек негізінде пайда болады. Шеңберлік көбіне өндірістік қайта жасау қызметтерімен байланысты келеді. Алайда, бұл шеңберліктің дайын ептіліктер мен дағдылар бірлігінен туындайтынын білдірмейді.

Әрқандай кәсіптегі шеберлік кез-келген жаңа мәселелерді шешуге қажет болған психологиялық жайындықты қажет етеді. Шебер маман үшін шығармашылық міндетті түсіну мен оны орындау жолдарын табу, екеуі өзара байланыста қабылданады іске асады, яғни не істеу, және қалай істеу арасында жік болмайды.

Шеңберлік денгейі өзгермелі дамудағы кұрылым іс-әрекет барысында адамның қабілет түзілімі, тұлғалық мәні қалыптасып, бір денгейден екіншісіне көтерілумен ұдайы ауысып барады. Өте дарынды адамдар да қарапайым еліктеуден бастап кейін бірте-бірте тәжірибе жинақтаудан жасампаздық кұбылыс-талант. Талант сөзінің төркін мәні: ежелгі грек қауымында бай манап өзі жоқта жұмыстан қашқақтамасын деп еріншек құлына беретін күміс ақша бірлігі-талант аталады екен, ақылдан жұта құл оны алуан пайдалы айналымға жіберудің орнына, топыраққа көміп, жасыратын болған

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МҰҒАЛІМ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖЕКЕ-ДАРАЛЫҚ ПЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІНІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Қабілеттілік және оның түрлері
Жеткіншектердің тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда психологиялық фактор
Қабілет анықтамасы
Тұлға туралы жалпы түсініктер
Мен – индивид, тұлға, жеке тұлға
Тұлғаны дамыту, қалыптастыру, тəрбиелеу факторларының өзара байланысы
Тәрбие, адам, индивид, жеке тұлға ұғымдарына сипаттама
Билік және тұлға философиясы
Жеке даралық психологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz