Қазақстан Республикасында топонимика ғылымының дамуындағы қазіргі теориялық мәселелер


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 132 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 4

1 ОБЛЫСТАҒЫ ТОПОНИМИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТАРИХИ АЛҒЫШАРТТАРЫ . . . 8

1. 1 Қазақстан Республикасында топонимика ғылымының дамуындағы қазіргі теориялық мәселелер . . . 8

1. 2 Аумақ топонимиясы қалыптасуының тарихи негіздері . . . 12

1. 3 Географиялық атаулардың зерттелуі . . . 19

1. 4 Облыс топонимиясындағы тілдік қабаттар . . . 23

2 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ТОПОНИМИЯЛЫҚ ЖҮЙЕДЕ БЕЙНЕЛЕНУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ . . . 32

2. 1 Топонимиканың физикалық-географиялық негіздері . . . 32

2. 2 Географиялық атауларда жер бедері сипатының көрініс табуы . . . 34

2. 3 Топонимдерде аумақтың геологиялық құрылысының бейнеленуі . . . 45

2. 4 Топонимдерде гидрометеорологиялык жағдайдың бейнеленуі . . . 49

2. 4. 1 Климаттық жағдайды сипаттайтын атаулар . . . 49

2. 4. 2 Табиғи су көздерінің атаулары . . . 49

2. 4. 3 Құдық атаулары . . . 56

2. 5 Географиялық атауларда өсімдік және жануар дүниесінің бейнеленуі . . . 59

3 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЛАНДШАФТТЫҚ ТОПОНИМИЯСЫ . . . 67

3. 1 Ландшафттар топонимикасының теориялық мәселелері . . . 67

3. 2 Шөлейт және шөл зоналарындағы топонимдер жиынтығы . . . 71

3. 2. 1 Қызылқұм топонимиясы . . . 72

3. 2. 2 Мойынқұм атауларының топтары . . . , . . . 77

3. 2. 3 Бетпақдала топонимдерінің ерекшеліктері . . . 79

3. 3 Бейзоналық өңірлердің географиялық атаулары . . . 84

3. 4 Таулы аудандар топонимиясы . . . 90

4 ТОПОНИМИКАНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ҚОЛДАНБАЛЫ АСТАРЛАРЫ . . . 97

4. 1 Табиғатты пайдаланумен байланысты атаулар тобы . . . 97

4. 2 Табиғатты қорғаумен байланысты атаулардың жиынтығы . . . 107

4. 3 Топонимдердің қалыптасуының жерғілікті ерекшеліктері . . . 110

4. 4 Географиялық атауларды зерттеудің ғылыми - қолданбалы маңызы және ұсыныстар . . . 113

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 117

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 119

ҚОСЫМШАЛАР . . . 127

ҚОСЫМША A - Оңтүстік Қазақстан облысындағы өзгертілген

атаулар тізімі . . . 127

ҚОСЫМША Ә - Оңтүстік Қазақстан облысындағы "сай" термині негізінде

жасалған атаулар . . . 133

ҚОСЫМША Б - Оңтүстік Қазақстан облысындағы "бұлақ" термині негізінде

жасалған атаулар . . . 134

ҚОСЫМША В - Оңтүстік Қазақстан облысындағы су көздері атауларының

семантикалық топтары . . . 135

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кең-байтақ қазақ жерінің оңтүстік өңірін алып жатқан Оңтүстік Қазақстан облысының табиғат жағдайлары мен ресурстары алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Жерінің ауданы шағын (117, 3 мың км²), халық саны едәуір көп (2, 2 млн адам) облыс 11 әкімшілік ауданға бөлінген. Облыс аумағындағы шаруашылыққа қолайлы шұраттар мен тау бөктеріндегі аудандар ежелгі замандардан бері игеріліп, суармалы егіншілІк пен мал шаруашылығының, тау-кен ісі мен зергерлік өнердің ошағы болған. Батыс пен Шығыстың заттық және рухани әлемін жалғастырған ¥лы Жібек жолының негізгі тармағы кесіп өткен бұл өңірде көне замандардың өзінде сан түрлі халықтар араласқан, сәулетті қалалар пайда болып, табиғат байлықтары тиімді пайдаланылған.

Табиғат жағдайларын шаруашылық мақсатта пайдалану географиялық білімнің жинақталуына ыкпал етті. Жергілікті табиғат ерекшеліктерін танып-білу қоршаған ортадағы географиялық нысандардың ерекшеліктерін нақты байқап, оларды атауларда "бекітумен" қатар жүрді. Аумақтағы географиялық атаулар ежелгі дүние ғалымдарының, орта ғасыр саяхатшыларының, кейінгі көзеңдердегі зерттеушілер еңбектерінде тіркелді. Ғасырлар бойы жинақталған осынау мол рухани мұраны Оңтүстік Қазақстан аумағы жайлы тарихи-географиялық ақпардың көзі ретінде қарастыруға болады. Бұл тұрғыда облыстағы географиялық атаулардың шығу тегін, мағынасын, жергілікті ерекшеліктерін, таралу сипатын, жазылу ережелерін анықтау мақсатында арнайы топонимикалық зерттеулер жүргізілуі қажет.

Аймақтық географиялық терминологияға қатысты О. Нақысбековтың, Б. Сарыбаевтың жекелеген еңбектері жарық көрген. Бұл зерттеулерде географиялық атаулардың шығу тегіне, семантикасына, номинация принциптеріне, жергілікті географиялық терминологияға тарихи-лингвистикалық тұрғыда талдау жасалған. Географиялық тұрғыдағы топонимикалық зерттеулер негізінен терминология саласына, табиғатты пайдалану мен қорғауға қатысты салыстырулардан асқан жоқ. Сонымен, осы көзге дейін Оңтүстік Қазақстан облысының топонимиялық жүйесі география ғылымдары түргысынан арнайы зерттелген жоқ. Әсіресе облыстың топонимиялық жүйесінің физикалық-географиялық негіздеріне қатысты зерттеулер жүргізудің қажеттілігі туындап отыр.

Бүгінгі күні география ғылымының алдында қойылып отырған міндеттер ҚР «Тіл туралы заңы» (11. 07. 1997ж. ), басқа да әкімшілік, құрылыс, елді мекендер мен физикалық -географиялық объектілерді қайта атау туралы ережелік жарлықтар мен каулылар және ҚР прөзидентінің 2007 ж. 28 акпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында қойылған мемлекеттік тілге қатысты талаптарға сәйкес келеді.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі Оңтүстік Қазақстан облысындағы атаулардың табиғи ортамен байланысын анықтау, аумақтағы табиғатты пайдалану мен қорғау дәстүрлерінің сақталып қалған тәжірибесін танып-білу, әртүрлі карталар мен ғылыми әдебиеттерде атаулардың жазылуын бірізге келтіру қажеттілігімен анықталады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстанда лингвист ғалымдар XX ғ. екінші жартысында географиялық атаулар мен терминдердің шығу тегі мен мағынасына қатысты жан жақты этимологиялык, лексикалык-семантикалық зерттеулер жүргізді. Осы зерттеулер барысында көптеген атаулардың тілдік негіздері мен құрылымына, аумақтық жергілікті таралуына қатысты жаңа нәтижелер алынып, топонимика ғылымының теориясы байытылды. Бұл ретте әсіресе Ә. Әбдрахмановтың, Е. Қойшыбаевтың, В . Н. Попованың, Е. Керімбаевтық және т. б. еңбектері зор. Біз қарастырып отырған аумақты К. Рысбергенова тарихи-лингвистикалық тұрғыда арнайы зерттеген.

Ономастиканың бір саласы ретінде дамытылған топонимикалық бағытты тіл мамандары осы көзге дейін жемісті дамытуда. Дегенмен, географиялық атауларды тек тілдік және тарихи тұрғыдан қарастыру атаудың географиялық негіздеріне терең талдау жасауға мүмкіндік бермейді. Мұның өзінен қазақстанда Ғ. Қоңқашбаев негізін салған топонимиканың географиялық бағытын дамыту қажеттілігі туындайды. Елімізде географтар тарапынан соңғы жылдары жүргізілген топонимикалық зерттеулер географияның әртүрлі саласына негізделіп келді. Әсіресе осы салада ҚР БҒМ География институтының қазақстандағы топонимдерді жинақтап, бірізге келтіруде қомақты зерттеулер жүргізіп келеді. Институт еліміздегі топонимикалық зерттеулердің ғылыми қауымдастық таныған орталығына айналды.

Соңғы жылдары арнайы зерттеулер жүргізген К. Д. Каймулдинова (1998 ж. ), А. С. Омарбекова (1999 ж. ), Ә. Е. Аяпбекова (2002 ж. ), А. У. Мақанова, Қ. Т. Сапаровтың (2004 ж. ) ғылыми нәтижелері топонимика ғылымын табиғатты пайдалану және қоргау, экономикалық және әлеуметтік, физикалық география, геоэкология бағытында дамытуга негіз болды. Соңгы үш жұмыстың жеке облыстар топонимиясын зерттеуге арналғанын есекерсек, қазақстанда аймақтық топонимикалық зерттеулерге бастама салынды деуге болады. Жеке облыстардың топонимиялық жүйесін жан жақты зерттеу арқылы көптеген атаулардың шығу тегі мен мағынасына қатысты жаңа деректер алып, атаулардың жергілікті географиялық шындықпен байланысын анықтауға болады.

Бұл зерттеу жұмыстарының түпкі мақсаты топонимиканың қолданбалы бағыттарын дамытумен тығыз байланысты болды. Бұл ретте Оңтүстік Қазақстан облысына қатысты географтар тарапынан арнайы зерттеулер жүргізілмегенін атап өтуге болады. Облыстағы географиялық атаулардың физикалык географиялық негізерін танып-білудің маңызы зор деп есептейміз.

Жұмыстың мақсаты. Оңтүстік Қазақстан облысының географиялық атауларының шығу тегі мен мағыналық жүктемесінің физикалық-географиялық негіздерін жүйелі түрде топонимикалық талдаудан өткізу.

Зерттеу жұмысының алға қойған мақсатына сәйкес, төмендегі міндеттерді шешу жүзеге асырылды:

- нақты деректерге сүйене отырып, Оңтүстік Қазақстан облысының табиғат

жағдайларының топонимдерде бейнелену заңдылықтарына талдау жасау;

- аумақта кең қолданыста жүрген, географиялық атаулар құрамында жиі кездесетін халықтық географиялық терминдердің мағынасын талдап, таралу жиілігі мен қарқындылығын анықтау;

- Оңтүстік Қазақстан облысының ландшафттық топонимдерін зерттеу;

- аумақтағы табиғатты пайдалану мен қорғауға қатысты атаулар жиынтығына арнайы талдау жасау;

- Оңтүстік Қазақстан облысы топонимдерінің қазіргі жай-күйіне шолу жасап, зерттеудің қолданбалы маңызын негіздеу.

Зерттеудің пәні - Оңтүстік Қазақстан облысы топонимдері қалыптасуының физикалық-географиялық негіздерін тарихи-географиялық зерттеулер тұрғысында талдау мәселелері.

Зерттеу нысаны - Оңтүстік Қазақстан облысындағы табиғат жағдайларын бейнелейтін халықтық топонимдер жүйесі.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізі ретінде топонимика, терминология саласында зерттеулер жүргізген F. Қоңқашбаев, Э. М. Мурзаев, В. А. Никонов, А. Н. Кононов, Е. М. Поспелов, А. Әбдірахманов, Т. Жанұзақов және т. б. еңбектері басшылыққа алынды.

Зерттеудің бастапқы материалдары. Зерттеу жұмысына бастапқы дерек көзі ретінде Алматы, Шымкент қалаларының мұрағаттарынан алынған материалдар мен ғылыми басылымдар, сирек қордан алынған деректер, автордың жергілікті жерден жинақтаған материалдары негізге алынды. Оңтүстік Қазақстан (Шымкент) облысының топографиялық негіздегі масштабы 1:1 карталары (1942, 98 парақ), "Ландшафтная карта Казахской ССР" (Л. К. Веселова, Г. В. Гельдыева, В. М. Чупахин, 1978) ; "Атлас Казахской ССР" (1982) басылымдары пайдаланылды.

Негізгі зерттеу әдістері. Жұмыста статистикалық, этимологиялық, лингвистикалық, картографиялық, жүйелік талдау, географиялық, салыстырмалы-тарихи әдістер арқылы жүргізілген зерттеулердің нәтижелері қорытындыланды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері жаңалығымен сипатталады. Олардың қатарына төмендегілер жатады:

- облыстағы географиялық атаулар да табиғат жағдайларының ерекшеліктерінің бейнелену заңдылықтары анықталды;

- Оңтүстік Қазақстан облысындағы географиялық нысандардың атаулары жөнінде ақпарат жинақталып, оларды лексикалық-семантикалық, статистикалық тұрғыдан өңдеу арқылы халықтық географиялық терминдер негізінде жасалған топонимдер топтарының қалыптасу және таралу заңдылықтары анықталды;

- облыстағы ландшафттық топонимдер жиынтығы талданып, олардың табиғат ерекшеліктеріне қарай топонимикалық қарқындылығы анықталды;

- Оңтүстік Қазақстан облысындағы табиғатты пайдалану мен қорғауға қатысты атаулардың жиынтығы сипатталды;

- тұңғыш рет Оңтүстік Қазақстан облысындағы оронимдердің, гидронимдердің, фитонимдердің, ландшафттық терминдердің қатысуымен жасалған атаулардың топонимиялық карталары жасалынды.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар. Талқылауға төмендегідей қоргалатын мәселелер ұсынылады:

1. Оңтүстік Қазақстан облысындағы географиялық нысандардың атауларының аймақтық және жергілікті ерекшеліктері.

2. Халықтық географиялық терминдердің облыстың топонимиялық жүйесін қалыптастырудағы ролі және жергілікті ландшафт сипатына қарай семантикалык ығысу дәрежесі.

3. Оңтүстік Қазақстан облысындағы географиялық атаулардың ландшафттық шоғырлану заңдылығы.

4. Облыстағы географиялық атаулардың қалыптасуындағы табиғатты пайдалану және корғау дәстүрлерінің ролі.

Жұмыстың ғылыми және практикалық маңызы. Оңтүстік Қазақстан облысының табиғат ерекшеліктерін бейнелейтін географиялық атаулар тобына талдау жасауға, ландшафттық топонимдерге қатысты мәселелер географияның топонимикамен байланысы тұрғысынан тұңғыш рет негізделді. Бұл Қазақстандағы топонимикалық зерттеулерді физикалық география, ландшафттану бағытында дамытуға мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмысында талданған топонимдер мен терминдер жиынтығын терминологиялық және түсініктемелік сөздіктер құрастыруда пайдалану мүмкіндігі бар. Автор құрастырған топонимикалық карталарды жоғары оқу орындарында "Топонимика" және "Қазақстанның физикалық географиясы" курстарын оқыту барысында, орта білім беретін мектептерде география сабақтарында және және өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру барысында пайдалануға болады.

Жұмыстың сынақтан өтуі. Жұмыста қамтылған негізгі мәселелер мен зерттеу нәтижелері М. Әуөзов атындағы ОҚМУ-ң география кафедрасында (Шымкент, 2004-2006), ҚР БҒМ География Институтының Гидроэкология және Ландшафттану және табиғатты пайдаланудың проблемаларьт лабороторияларында (Алматы, 2004-2006) өткен ғылыми-әдістемелік семинарларда, 5 халықаралық және республикалык ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды (Алматы, Ташкент, Арқалык, Шымкент) .

Зерттеу нәтижелерінің жариялануы. Зерттеу жұмысының нәтижелері 2004-2007 жылдарда ғылыми басылымдардағы автордың 9 ғылыми мақалаларында жарық көрді.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертация кіріспеден, 4 бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. 137 беттен түратын жұмыстың мәтіні 7 кестөмен, 9 суретпен жабдықталған. Пайдаланылған әдебиеттер саны - 144.

1 ОБЛЫСТАҒЫ ТОПОНИМИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТАРИХИ АЛҒЫШАРТТАРЫ

1, 1 Қазақстан Республикасында топонимика ғылымының дамуындағы қазіргі теориялық мәселелер

Жергілікті жердің табиғаты мен шаруашылығы жайлы ақпарат адамдардың күнделікті өмірі мен қызметінде кеңістіктік бағдар ретінде қызмет атқаратын сол географиялық объектінің атауы болып тілде сақталады. Осылайша бұл атауларда халықтық географиялық терминология кең қолданылып, табиғат құбылыстары, географиялық объектінің ерекшеліктері және ландшафттың ерекше белгілері көрініс табады. Географиялық атаулар жүйесі көз келген тілдің ажырамас элементі болып табылады, сондықтан тілмен бірге дамып келеді. Қоғамның дамуына байланысты бұл топонимдер жаңарып, әрі ылғи да толықтырылып отырады.

Географиялық атаулар белгілі-бір физикалык-географиялық жағдайда адамның күнделікті өмірі, тұрмысы, мәдениеті мен тарихына байланысты қалыптасып және дамып отыруы мүмкін. Атаулардың белгілі бір тарихи көзеңдердегі адамның шаруашылық әрекетінің ерекшелігін зерттеуде ақпараттық көзі болатынын көптеген зерттеушілер атап өткен. Адамның дәстүрлі шаруашылық әрекетінің қалыптасып, дамуына сол көзеңдегі физикалык-географиялық, тарихи, әлеуметтік жағдайлар себепші болады. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы жерінде көшпелі мал шаруашылығы мен егіншілік сипаты көрініс табатын топонимдердің қатар кездесуі осы шаруашылық салаларының географиялық шоғырлануына, сол көзеңдегі табиғат жағдайларына қатысты қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Бұл мәліметтер міндетті түрде нақты деректермен (тарихи-археологиялық, географиялық, лингвистикалық) расталған жағдайда, құндылығы арта түседі

Топонимдер зерттеушілер үшін таным тірегі болып табылады. Топонимика ғылымы көз келген ауданның табиғи жағдайлары мен табиғи қорларын, айрықша қорғалатын табиғи аумақтарын зерттеуде маңызды қолданбалы сипат алады, Бұл міндеттерді шешу үшін географиялық атаулардың номинациясына себеп болған тарихи оқиғалар, атаулардың мағыналық жүктемесі және осыған сәйкес алынатын географиялық ақпаратты ескерудің маңызы зор.

Түркілік географиялық терминдер мен атаулардың мағыналық талдамасын алғаш жасаған ғалымдардың бірі XI ғ. өмір сүрген М. Қашқари болып табылады. Ғалымның "Диуани лұғат-ат-түрк" (Түрік лексикасының жинағы) еңбегін Оңтүстік Қазақстан аумағындағы кейбір тарихи атаулардың мағынасын талдауда басшылыққа алуга болады. Бұл еңбекті қазақ тіліне аударған А. Егеубаев оған "түрік өркениетінің алтын кілті" деген баға берген. Бұл еңбекке біз талдау барысында сілтемелер жасайтын боламыз.

XIX г Орыс Географиялық қоғамы топонимикалық зерттеулерге назар аудара бастады. Сол көзеңдегі географиялық және этнологиялык еңбектерде географиялық атауларды жинақтау, оларға этимологиялық талдау жасау, жергілікті халықтардың топонимдерінің орыс тіліндегі транскрипциялануына қатысты мәселелер көтерілді. П. П. Семенов Тян-Шанский, Г. Н. Потанин, В. В. Сапожников және басқа ғалымдар жергілікті географиялық атауларды жинақтап, олардың мағыналарын шығу тегін түсіндіруге тырысты.

Қазақ жеріндегі бірқатар топонимдер 1863-1885 жылдары жарық көрген П. П. Семеновтын "Россия империясының географиялық-статис-тикалық сөздігінде" көрініс тапқан. Сөздікте топоним құрамындағы географиялық терминдер сызықша арқылы бөлініп жазылған және терминнің қазақшадан аударғандағы мағынасы жақша ішінде берілген. Бұл сөздіктің қазіргі топонимика ғылымы үшін маңызы атаулардың тізімін, мағынасын беруімен ғана емес, объектінің георафиялык ерекшеліктерін қысқаша сипаттауымен де құнды. Мұның өзі көптеген қазақ топонимдерінің мәнін түсінуге, мағынасын жан-жақты талдауға мүмкіндік береді.

Осы көзеңде Қазақстан аумағын аралаған саяхатшылар, картаға түсірген ғалымдар жергілікті қазақ атауларының транскрипциясын дұрыс бермеғендіктен, географиялық әдебиеттер мен карталарда бұрмаланулар орын алды. Бұл бұрмаланулар соңғы 10-15 жыл көлемінде қайта қаралып, өзгертілуде.

Ал Қазақстан аумағындағы көне және қазіргі заманғы түркі топонимиясы зерттеуде В. В. Радловтың, А. Н. Кононовтың және т. б. қосқан үлесі зор болды. Академик В. В. Радлов өзінің «Опыт словаря тюркских наречий» (1895-1911) атты кітабында түркі лексикасындағы топонимикалық және терминологиялық ақпараттарды жинап, өңдеген. В. В. Радлов көптеген түркі терминдері мен топонимдеріне түсінік берген. А. Н. Кононов дүние бөліктері терминолоғиясымен айналысты. Өз еңбектерінде ол географиялық терминдегі «қара» және «ақ» аппелятивтеріне семантикалық сипаттама берді. Топонимика үшін ғалымның түркі халықтарының көкжиек бағыттарын анықтау әдістеріне қатысты зерттеулерінің де маңызы зор.

Кеңес дәуірінде аймақтық топонимикалық зерттеулермен қатар, топонимика теориялық мәселелеріне арналған еңбектер пайда болды. Олардың арасында В. П. Семенов Тян-Шанскийдің "Как отражается географический пейзаж в народных географических названиях?" (1934), A. M. Селищевтің "Из старой и новой топонимики" (1939), Э. М. Мурзаевтың еңбектерін атауға болады. Топонимика ғылымының дамуына, географиялық атаулардың сараптамасы, мағынасы, түрі және даму барысы қамтылған В. А. Никоновтың «Введение в топонимику» (1965) атты еңбегі орасан зор ықпал етті. Е. М. Поспеловтың еңбектерінде топонимика мен картографияның байланысы көрсетіліп, географиялық атаулар транскрипциясының теориялық және қолданбалы мәселелері зерттелген. Осы көзеңнен бастап топонимика және терминология мәселелеріне қызығушылық артып, ғылыми топонимикалық мектептер қалыптаса бастады.

Қазақстанда топонимика ғылымы XX ғасырдың 40-шы жылдарының соңына қарай дами бастады. Топонимика ғылымының қалыптасу және даму мәселелеріне арналған жекелеген мақалалар, сөздіктер мен монографиялар жарык көрді. Олардың қатарында Қазақстан топонимикасының теориялық мәселелеріне арналған А. Әбдірахмановтың, географиялық терминдер мен атауларды зерттеудің географиялық бағытын дамытқан Ғ. Қ. Қоңқашбаевтың, топонимиканың географиялық ғылымдардағы орнын көрсеткен А. Маракуевтің, топонимиканың теориялык мәселелерін талдауда түркі тілдес топонимдерге айрыкша мән берген географ ғалым Э. М. Мурзаевтың еңбектері айрықша орын алады.

Қазақстанда топонимика ғылымының негізін қалаушы Ғ. Қ. Қоңқашбаев өз еңбектерінде қазақтың халықтық географиялық терминологиясын жинақтап, талдады. Ғ. К. Қоңқашбаевтың география ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алу үшін қорғаған диссертациясы (1948) осы көзеңге дейін топонимика саласында көп сілтеме жасалынатын еңбектің бірі болып табылады. Ғалымның әсіресе географиялық терминдердің атауларды қалыптастыру заңдылықтарына, терминдердің аймақтық, жергілікті семантикалық ерекшеліктерін зерттеуіне қатысты тұжырымдары өте құнды. Ол еліміз аумағындағы монғол атауларын, түркі тілді географиялық терминологияның заңдылықтарын қарастырумен бірге, топонимикалық сөздік құрастырумен де айналысты. Ғ. Қ. Қоңқашбаевтың топонимика және терминология мәселелеріне арналған ғылыми еңбектері Қазақстан топонимика ғылымының қалыптасып дамуына зор үлесін тигізді.

Қазақстан топонимикасын зерттеуде тілтанушы ғалым А. Әбдірахмановтың да сіңірген еңбегін атап өткен жөн. Ол өзінің "Қазақстанның жер-су атаулары" деп аталатын ғылыми жұмысында Қазақстандағы 800-ден аса ойконимдерге және төміржол бекеттеріне топонимикалық сараптама жасаган. Ал 'Топонимика және этимология" еңбегінде этимологиялық зерттеулердің әдістері қарастырылып, еліміздің 140-тан астам топонимдеріне этимологиялық талдама жүргізілген. Ғалымның көптеген мақалаларында топонимиканың жалпы проблемалары көрініс тауып, қазақ, топонимдеріне этимологиялық талдау берілген.

Топонимика ғылымының дамуында ерекше орынды белгілі географ Э. Мурзаевтың еңбектері алады. Оның топонимикалық еңбектерінде топонимиканың теориялық мәселелері, аймақтық топонимикалық зерттеулер және жергілікті географиялық терминдердің топоним қалыптастыруына қатысты мәселелер көрініс тапқан. Э. Мурзаев топонимиканы лингвистика, тарих және географияның зерттеу әдістерін пайдаланатын, осы ғылымдардың теориялық негіздеріне сүйенетін дербес ғылым ретінде көрсетті. Ғалым өз еңбектерінде Орта Азия мен Қазақстандағы географиялық атаулардың қалыптасуына, дамуына да айрықша назар аударған. Э. Мурзаев қазақ топонимисі Ғ. Қ. Қоңқашбаевтың халықтық географиялық терминологияға қатысты зерттеулерін жоғары бағалап, бұл еңбектерге өз зерттеулерінде сілтемелер жасаған.

Қазақстан топонимикасының дамуында тілтанушы ғалымдар тобы үлкен еңбек сіңірді. Профессор Т. Жанұзақов қазақ топонимдерінің этимологиясын, қалыптасу әдісін, құрамы мен құрылымдық түрлерін арнайы зерттеген. Оның «Очерк казахской ономастики» (1982) деген еңбегі топонимиканы зерттеуде елеулі үлес қосты. Ғалымның басшылығымен Жөзқазған және Ақмола облыстары бойынша географиялық атаулардың 2 сөздігін құрастырылды. Жетісу топонимдерін зерттеген Е. Қойшыбаев та Қазақстанда топонимика мен терминологияның дамуына өзіндік үлесін косты. Ғалым Қазақстан топонимдерінің қысқаша түсіндірме сөздігін құрастырды. Қазақстан топонимикасы бойынша басқа да елеулі еңбек ретінде Павлодар облысының гидронимдерін зерттелген В. Н. Попованың бірқатар еңбектерін айта кеткен жөн.

Қазіргі көзде Қазақстанда топонимикалық зерттеулермен географтар да айналысуда. Жалпы мәселелермен бірге, арнайы зерттеулерде аймақтық топонимика да қамтыла бастады. Аймақтық топонимиканы дамытуда қомақты үлес қосқан ғалымдардың бірі А. У. Маканова. Оның Ақмола облысының географиялық объектілерін зерттеуге бағытталған ғылыми мақалалары мен зерттеу жұмысы алғашқы рет физикалық-географиялық тұрғыдан топонимдердің қалыптасуын айқындауға ғылыми әдістемелік тұрғыдан маңызды рол аткаруда.

География институтында белгілі зерттеуші С. Ә. Әбдірахмановтың басшылығымен топонимикалық топ жұмыс істейді. Бұл топ ұзақ жылдар бойы географиялық атауларды жинақтап, олардың транскрипциясы мен унификациясына қатысты қомакты еңбек етуде. Мұнда 14 томдық «Государственный қаталог географических названий Республики Қазақстан» атты жаңа еңбек шығарыла бастады. Басылып шыққан қаталогтың 1-ші томы Ақмола облысына қатысты (2002) 5 мыңнан аса топонимдерге, топоним қалыптастырушы 100-ге жуық халықтық терминдер қамтылды. Басылымның Солтүстік Қазақстан облысына арналған 2-ші томы 2004 ж жарық көрді. Институт қызметкерлері аса құнды "Инструкция по русской передаче казахских и казахской передаче русских географических названий Республики Қазақстан" (2002) басылымын қайта өңдеуден өткізіп, жарыққа шығарды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысы топономиясының физикалық-географиялық астарлары
Қазақстан топонимиясы
Эпостық жырлардағы топонимдер
Оңтүстік Қазақстанның геологиялық құрылысы мен жер бедерінің топонимияда бейнеленуі
Шығыс Қазақстан облысының топонимдер қалыптасуындағы рөлі
Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік
Қала атауларын өзгерту және оның салдары
Есіл және Қалқұтан өзенінің, Шортанды ауданында
Салт-дәстүрлер негізінде экологиялық тәрбие беру мәселесі
Қосалқы тарихи пән және оның міндеттері. Палеграфия ғылымының дамуы. Генеология. Хронология
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz