Ертедегі Оғыз тайпасының тарих сахнасына шығу кезеңі


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Ертедегі Оғыз тайпасының тарих сахнасына шығу кезеңі.
  2. Оғыз тайпалары туралы түп - деректер.
  3. Оғыз мемлекетінің этникалық құрамы.

ІІІ. Қортынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Оғыздар

VIII ғасырдың екінші жартысында кангар-печенег тайпалары Жетісу өңірінен кете бастаған оғыз тайпаларының бірлестігіне қарсы табанды күрес бастады.

Ертедегі оғыз тобының Жетісудан ығысуына, тегінде, бұл Батыс түрік және Түргеш қағанаттары құлағаннан кейінгі тайпа аралык күрес пен Жетісуда карлұқ этно-әлеуметтік қауымының кұрылуына (766 ж. ) байланысты болса керек. VIII ғасырдың соңғы үштен бірінде оғыздардың көсемдері Мауараннахрдың шекарасына жетті, ал IX ғасырдың орта шенінде кимектермен және қарлұқтармен одақтасып, кангар-печенег тайпаларын талқандады да, Сырдарияның орта және төменгі ағысының аңғары мен Арал өңірін қаратып алды.

IX ғасырдың соңында оғыздардың әскери-тайпалық шонжарлары ұзаққа
созылған күрестен кейін Арал өңірінің солтүстік жағындағы саяси
үстемдікті қолына алып алды. Хазарлармен одақ құрды да, печенегтерді
аяусыз жеңіліске ұшыратып, Жайық және Еділ өзеңдерінің аралығына ие
болды. «Білуге тиісті бір нәрсе, - деп жазады Константин Багрянородный, - печенегтер әуел баста Ателде (Еділде), сондай-ақ Гемх (Жайық) өзенінде тұрды; олардың көршілері мазарлар (венгрлер) және уздар дейтіндер болды. Мұнан елу жыл бұрын уздер хазарлармен келісіп соғысқа шықты да, печенегтерді жеңіп, оларды өз елінен қуып шықты, содан бері міне осы күнге дейін оны уздар дейтіндер иемденеді. »"

Араб деректемелерінде оғыздардың әулеттік билеушілеріңде олар Сырдарияның төменгі бойы мен Арал өңірін басып алғанға дейін-ақ өздерінің ордасы болғаны, оның Ескі Гузия деп аталғаны және оның астана делінгені айтылады. Шамамен алғанда Ескі Гузия Тянь-Шанның батыс сілемдері, Шу өзені және Сырдария бойындағы Қаратау аралығында орналасқан болуы керек. VIII ғасырдың екінші жартысы - IX ғасырдың басындағы қаулаған тарихи оқиғалар оғыз тайпаларында мемлекеттік ұйым элементтерінің дамуына түрткі салды. Бұған печенег-кангар конфедерациясымен соғыс және сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өмірлік қажеттігі едәуір дәрежеде себепші болды.

Оғыздардың мемлекеті туралы алғаш рет IX ғасырдың аяғы - X ғасырдың басындағы араб тілді тарихи-географиялық шығармаларда айтылады. Тегінде, Сырдария жабғулары державасының біржола қалыптасуы нақ осы кез болса керек. Оғыздарда қалыптасқан мемлекеттің болуы туралы ең ертедегі хабарлардың бірі әл-Якубидін (IX ғ. ) шығармаларыңда кездеседі. Араб географының мағлұматы оғыздар мемлекеті туралы айтуымен ғана емес, олардың көршілес түрік тайпаларымен соғыстарын көрсетумен де қызықты. Тайпалар арасында қарлұқтардың, тоғыз-ғұздардың және кимектердің аталуы ерекше назар аудартады 84 . Ибн әл-Факихтің (X ғ. ) географиялық еңбегінде IX-X ғасырлардағы оғыз тайпалары туралы өте қызықты мәліметтер бар, мұнда ол кимектермен және тоғыз-ғұздармен бірге оғыздардың «патшалар» (мәлік) екені және түріктерде басқалардан көбірек құрметтелетіні айтылады.

Жазбаша деректердің нақты мәліметтері оғыздардың IX ғасырдың аяғы - X ғасырдың басыңда қалыптасқан өз мемлекеттілігі болды деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

X ғасырда оғыз мемлекетінің астанасы Янгикент немесе Жаңа Гузия деп аталатын қала болды. Оғыздержавасының саяси орталығы ретінде Янгикенттің таңдап алынуына көптеген жағдайлар себеп болады. Бұлардың ішіндегі ең бастысы оның Азияның ірі егіншілік өңірлерімен, Хорезммен және Мауараннахрмен түйісіп жатқан жердегі географиялық орны болды. Янгикент кимек даласы арқылы Сарысу, Кеңгір, Есіл және Нұра бойларына баратын маңызды керуен жолының үстінде болды, Сығанақ пен Оңтүстік Оралға баратын сауда жолы осы қаланың үстінен өтетін еді.

Басқа да ертедегі феодалдық саяси бірлестіктер сияқты оғыздар мемлекеті де тұтас топтасқан мемлекет болған жоқ. Әл-Идриси оғыздарда, сірә, хандар болар, бірнеше «патшалардың» болғаны туралы айтады. Ірі бірлестіктерді басқарған бұл көсемдердің ордалары бекіністі орыңдар болды, оларда қазына және азык-түлік сақталды. Оғыз хандары өздерінің иеліктерін қорғау үшін арнайы әскери отрядтар құрды, ал соғыс шыққан және шапқыншылық жасалған кезде бала-шағасы мен мал-мүлкін алып, қамалдарға тығылды.

IX-XI ғасырларда оғыз мемлекетінің басшысы «жабғу» (ябгу) деген атағы бар жоғарғы билеуші болды. Оғыз жабғуларының елді өздерімен бірге билеушілері, сондай-ақ «күл-еркіндер» деген атактары бар кеңесшілері болды. Жабғудың билігі, ол ресми түрде патшалыққа сайланып қойылған деп есептелсе де, мұраға қалып отырды. Билеушілер кеңестерде сайланды, бұл кеңестер өткен замандағы халық жиналыстарының өзгерген түрі бо-лған еді. Алайда оғыздардың халық жиналыстары өте сирек шақырылған, ал күнделікті өмірде басты рөлді шонжарлар кеңесі (қаңқаш) атқарған. Халық жиналыстары шақырылған жағдайда, олар оғыз ақсүйектерінің айтканынан шықпаған.

Аңыздарға қарағанда, оғыз билеушілері билігі жүріп тұрған «хан тұқым-дарынан» «сайланған», ал «сайлаудың» өзі төре бойынша- әдеттегі құқықтардың жазылмаған жиынтығы бойынша өткізілген. Оның негізіне билікті беруде інілеріне қарағанда ағасына артықшылық жасау алынды.

Жабғудың «инал» деген атағы бар өз мұрагерлері болған, бала кезінде оларды тәрбиелеу үшін арнайы қамқоршылар (атабектер) тағайындалған. Басқатүрік билеушілері сияқты, оғыз жабғуларының әйелдеріне де «қатын» деген атақ беріліп, олар сарай маңындағы өмірде айтарлықтай рөл атқарған. Сарайда әскери кеңеске сүйенетін оғыз әскерінің бастығы (сюбашы) маңызды орын атқарған. Әскер басылары саяси оқиғаларға араласқан, кейде тіпті жабғуға да қарсы шығып отырған.

Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік табиғаты жағынан ерте-дегі феодалдық мемлекет болды. Онда әскери-демократиялық құрылыстың қойнауынан өсіп шыққан ел билеу институттары сақтадды, ал жабғудың билігін ірі әскери-тайпалық ақсүйектердің кеңесі шектеп отырды.

Оғыздар мемлекеті Евразияның саяси және әскери тарихында маңызды рөл атқарды. 965 жылы оғыз жабғуы мен Киев князі Святославтың арасыңда хазарларға қарсы бағытталған әскери одақ жасалды. Мұның нәтижесінде Хазар қағанаты талқандалды. Киев Русінің оғыздармен әскери-сая-си одағы олардың саяси және сауда-экономикалық мүдделерінің бір болуынан туындады. Хазариямен бәсекелес болған ежелгі орыс мемлекетіне одақтас керек болды; екінші жағынан, феодалданып келе жатқан көшпелі оғыз шонжарлары өздерінің малына жайылымға, Дон және Қара теңіз маңыңдағы далаларға өте мұқтаж болды, ал оған жетуге Хазария бөгет жасады. Оғыздарды Еділ бойынан, Маңғыстаудан, Үстірттен өтіп, Европаны Азиямен жалғастыратын аса маңызды жолдар барынша қызықтырды. Бұл сауда жоддарын өз бақылауында ұстауға ертедегі орыс мемлекеті де мүдделі болатын. Хазарияныңталқандалуы орыс копестеріне Шығыс елдерінің баіі рыногына жол ашты. Осының бәрі оғыз жабғуларын сыртқы саяси бағытында орыс князьдерімен одақ жасасуға бағдар алуға итермеледі.

965 жылы Хазария жеңілгенге дейін оғыздар хазар қағандарымен ұзақ уақыт күрес жүргізді. Оғыздардың хазарлармен қан төгіс шайқастары, сірә, Маңғыстауға батыс жағынан іргелесетін далаларда өткен болса керек. X ғасырдың орта кезіңде Каспий теңізінін солтүстік-шығыс жағасына дейін жеткен Хазар державасының шекарасы осы жерден басталатын еді 87 .

Хазар қағанатының талқандалуы оғыз державасының саяси қуатыныың өсуіне себепші болды. X ғасырдың аяғында оғыз жабғулары орыс князь-дерімен біріге отырып, Еділ Бүлғариясын да күйрете жеңці. Орыс шежі-решілері 985 жылы князь Владимирдің торктармен (оғыздармен) одақтаса отырып, бүлғарларға жорық жасағаны туралы айтады. Князь әскерлері Еділмен немесе Камамен қайықпен жүзді, ал торктар жағамен өздерінің жауға мінетін аттарымен жүріп отырды.

Этникалық және тайпалық құрамы. Ертедегі оғыз тобының орныға бас-тауы Батыс Жетісумен байланысты. Оғыздардың тарихи аңыздары да, осы пікірді қуаттайды, оларда оғыздардың алғашқы ата-бабаларының бірінің Ыстықкөл маңында болғаны айтылады. Бұл арада жетісулық (ежелгі оғыздық) рулық-тайпалық бөліністер еске алынып отырса керек, олар кейін қалыптасқан оғыз тайпалар одағына кірген болатын. Атақты Оғыз ханның Таластан Еділге дейінгі аралықтағы жерлерді жаулап алғаны туралы тарихи аңыздарда, оның әскерлерінде өздерін «оқгуғра-оғызбыз» деп атайтын бірнеше мың үйдің болғаны айтылады. Бұл атаудағы «оқ» деген термин назар аудартады, ол «жебе», «ру», «тайпа» деген ұғымдарды білдірген. Айтарлықтай бір жай сол, неғұрлым кейінгі кезде жебе белгісі ұшұқтардың - оғыз әскерінің сол қанатына жататын бір фратрияның эмблемасы болды.

Печенегтермен ұзақ уақыт шайқасу тайпалардың оғыз одағының саяси топтасуына себепші болды. Оғыз конфедерациясы кірме элементтердің Оңтүстік және Батыс Қазақстанның байырғы тұрғындарымен араласуы-ның нәтижесінде құрылды. Оның құрамына кангар-печенегтердің біразы және Сырдария аңғарының, Арал маңының және Каспийдің солтүстік төңірегінің басқа да далалық тайпаларының біразы енді. Бұлар арғы тегі үнді-европалық және финугорлық болғанымен, бара-бара түріктенген тай-палар еді. Олардың бірсыпырасы Арал теңізінен Каспийдің шығыс жаға-лауына дейінгі даланы мекендеген аландар, астар болды". Тегінде, Батыс Арал еңірінің дала халқы да осындай аралас халық болса керек, онда оғыз-дарға дейін VIII-IX ғасырларда бажғарлар, нукардалар және бажналар мекендеген. Осы топтардың арасындағы тығыз қарым-қатынастың арқа-сында этникалық және мәдени жақындасу жүзеге асты. Сірә, қалаларда

басқа жақтан келіп қоныстанушылар саны оғыздардың отырықшы топта-рынан кеп болса керек. Мәселен, X ғасырда Жанкент, Жент, Хоратұрғын-дары негізінен алғанда «мұсылмандар» болған, ал ол кезде оғыздардың негізгі бұқарасы, соның ішінде олардың билеушілері де әлі ислам дініне

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ этнонимінің синонимі
Тарихи этнонимдердің ерекшеліктері
Қыпшақтардың этно-саяси, экономикалық-әлеуметтік даму тарихы
Орта ғасырдағы Қазақстан туралы
Қыпшақ хандығының құрылуы мәселесін қарастыру
Қазақстан түркілер дәуірінде vi-x ғ.ғ
Найман, керейт, қоңырат, жалайыр, меркіт тәрізді түрік тайпаларының қалытасуы
БАТЫС ТҮРІК ЖӘНЕ ТҮРГЕШ ҚАҒАНАТТАРЫ ЖАЙЫНДА
Орта ғасырдағы Қазақстан жайлы
VI-XIII ғасырлардағы Түркі тайпаларының Қазақстандағы орналасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz