Оғыздар туралы ортағасырлық деректер және зерттеулердегі мағлұматтар


Жоспары
1. Оғыздар туралы ортағасырлық деректер және зерттеулердегі мағлұматтар
- Оғыздардың этникалық құрлысы және мемлекеттік құрлымы мәселесі
- Оғыздардың Арал және Сырдария өңіріне жылжуы. Оғыз жабғу мемлекетінің құрылуы
- Оғыздардың Хорезммен және Қыпшақтармен қарым-қатыныстары
- Оғыздардың шаруашылығы, діни наным-сенімдері және тұрмысы туралы М. Қашқаридың еңбегіндегі білгілер
Әдебиеттер
ХІ ғ бірінші жартысынан бастап Ляо мемлекетінің сыртқы саясатының батыстық бағыты өсе түседі. Дәл осы кезеңде Қазақстанға қидандар мен оларға бағынышты мәжуси (мұсылман емес) -түркілердің алғашқы толқыны қоныс аударды. Олар пешенектерге (печенег) соңғы рет қатты соққы береді. Қанды шайқастардың нәтижесінде пешенектер жеңіліп, көп қырғынға ұшырайды, қалғандары батысқа шегінуге мәжбүр болады. Сөйтіп, оғыздар Жайық пен Еділ өзендерінің арасындағы территорияны өздеріне қаратады. Қаңғар-пешенектер тайпалық одағымен ұзаққа созылған соғыстар оғыздардың шындап, саяси топтаса түсуіне әсер етті. Сырдария өңіріндегі оғыздар мемлекеті туралы мәліметтер араб-тіліндегі тарихи-жағрафиялық шығармаларда ІХғ аяғы-Х ғ бас кезінде ұшыраса бастайды (әл Якуби, Ибн әл Факих, Идриси т. б) .
Этникалық жағынан оғыздар түркі тілдес және антропологиялық белгілері бойынша моңғолоидтік нәсілге жатқаны белгілі. Оғыз одағының ұйытқысы-Жетісу өңіріндегі түркі тайпалары болды. Махмұд Қашқаридың мәліметтері бойынша оғыз бірлестігі әуелгі кезде 24 тайпадан құралған. Конфедерация 12 тайпадан тұратын екі фратрияға (қанатқа) -боз-оқтар мен үш-оқтарға-бөлінген (оқ деген сөз-оқ, сонымен қоса ру, тайпа дегенді білдірді) . Бозоқтар аға бірлестік мәртебесін иеленіп, оң қанатты құрады, ала үш оқтар- «кішің рулар болып, сол қанатқа кірді. Оғыз руларының ішінен, М. Қашқаридің тізімі бойынша, мысалы, қынық, қайық, байұндур, йуа, салур, афшар, бектілі, бүгдүз, байат, йазғыр т. б. атауға болады. Сонымен қатар оғыз конфедерациясына Оңтүстік және Батыс Қазақстан жерін мекендеген өзге де түркітілдес рулар, қимақтар мен пешенектердің жек рулары кірген (мәселен, бажанақ деген оғыз руы аталды), оғыздар өз құрамына кейбір үнді-еуропалық және финн-угор тектес этникалық топтарды да кіргізіп, оларды ассимиляцияға ұшыратқан. Оғыздардың кей топтары, әсіресе отырықшылыққа, қалалық өмір салтына көшу барысында Сырдария бойын ежелден мекендеген ирантектес еуропеоидтік нәсілге жататын тұрғындармен араласып кетті. Сонымен қоса мұсылман дінін қабылдаған осы оғыздар бөлігін Х ғасырда түркімендер деп атай бастады. ХІ ғасырдан бастап оғыздардың белгілі бөлігі батыс бағытында-Еділ асып, сол сияқты Кіші Азия арқылы миграцияларға ілігеді. Оғыз тайпалары кейін қазақ, қырғыз, татар, башқұрт, түркмен, өзбек, қарақалпақ, сол сияқты әзірбайжан, түрік халықтарының этногенезіне қатысы.
Оғыз мемлекеті Сырдария өңірінде шамамен ІХ ғ. соңы - Х ғ бас кезінде пайда болған. Бірақ, алғашында (8 ғасырдың ортасына дейінгі кезеңде) оғыздар Жетісуда, Ыстық көл маңында мекендеген. Түркештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте жеңілген оғыздардың басты бөлігі батысқа қарай ығысып, Шу алқабына қоныс аударады. ІХ ғ. ортасына таман кезде оғыз көсемдері қарлұқтармен және қимақтармен одақтасып, Сырдария бойын мекендеген қанғар-пешенег бірлестігін күйретеді, соның нәтижесінде олар Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал өңірі даласына ие болады. ІХ ғ. аяқ шенінде хазарлармен одақ құрып, оғыз тайпалары Жетісуға 1010 жылы алғаш рет басып кірді. Әсіресе 1041-1042 жж. Қидандардың үлкен тобы Баласағұнға бағыт алады. Марвазидің мәлімдеуі бойынша, бұл қидандар христиан дініне өткендер еді. Олардың әртүрлі сылтаулармен бейбіт түрде мұсылман өлкелеріне кіре бастауы Қарахандар мемлекетінің әлсіреуінен мүмкін болған еді.
ІХ ғ аяғы мен ХІ ғ бас кезінде оғыздар Сырдарияның орта ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан кең территорияны иеленеді. Негізгі шоғырланған аймақтар-Сырдарияның төменгі ағысы, Арал өңірі, Каспийдің солтүстігінде жатқан далалар болды. Оғыздардың жайылымдары Ырғыз, Жайық, Ембі, Ойыл өзендерінің бойын, Арал, Сырдария, Қаратау маңын, Шу өзені бойын бассейін алып жатты. Шығысында жеке рулар Балқаш көлінің оңтүстік жағалауына дейін жетті. Мемлекеттің саяси орталығы Сыр өзенінің төменгі төменгі ағысында орналасқан Янгикент (Жаңакент) қаласы болған. Ол деректерде Жаңа Гузия деп те аталады. Ябғу ( жабғы) атағы мемлекттің ең жоғарғы билеушісіне беріледі. Мұсылман авторлары оғыздардың билеушілерін «малик» яғни патша деген атауы оғыз қоғамының саяси-әлеуметтік дамыуының белгілі бір дәрежеге жеткенін білдіреді. Жабғының орынбасарларын «күлеркін» деп атаған. Оғыз хандарын сайлау халықтық кеңестерде өткізілді. Сол сияқты, мемлекет өмірінде оғыз әскерінің бас қолбасшысы-«сюбаши» дің маңызы болды. Х ғасырдың соңында оғыз мемлекеті Еуразияның саяси тарихында елеулі рөл атқарды. 965 жылы оғыз билеушісі Киев Русімен одақтасып, Хазар хандығын талқандады. 985 жылы оғыз билеушісі орыс княздарымен тағы да бірлесіп, Еділ Бұлғариясын ойрандайды. Оғыздардың Қазақстан далаларындағы күш-қуаты артуы себепті осы территориялар Хғасырда мұсылман-шығыс жазба ескерткішінде «Мафазат әл ғұзз» (Оғыз даласы) деген атпен аталды.
Оғыздардың айналысқан басты шаруашылық түрі- көшпелі және жартылай мал шаруашылығы болды. Көшпенділікпен қатар елде жартылай отырықшы және отырықшы жұрттың топтары кездесті. Сол кездегі Жент, Жаңакент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ сияқты қалалар мен кенттер оғыздар тарихына тікелей қатысы бар. Ол жерлерде егіншілік, қолөнер, сауда дамыды. Қала тұрғындарының басым көпшілігі -Х ғасырда мұсылмандар болды, исламданған ежелгі соғды-ирандық этникалық топтармен қоса, олардың арасында мұсылман оғыздардың да үлесі өсіп жатты. Оғыз елі Мауереннахр, Хорезм, Жетісу аймақтарымен тығыз сауда мәдени байланыстарда болды. Құл саудасы кеңінен жайылды. ІХ ғ Хорасан билеушілері жыл сайын Бағдат халифаларына салық ретінде 2 мың оғыз құлдарын жөнелтіп отырғаны туралы мәлімет бар. Ол құлдар ғұламдар немесе мәмлүктер, яғни әскери құлдар санатына жатқызылды, Саманилер мемлекетінде, Таяу Шығыста оғыз мәмлүктеріне үлкен сұраныс туды. Патшалардың жеке гвардиясына алынған оғыз-қыпшақ ғұламдары біртіндеп саяси өмірге араласып, атақты қолбасшылар мен ірі феодалдар қатарына қосылып та жатты.
Х-ХІ ғғ аралығында Оғыз мемлекеті терең дағдарысқа ұшырады. Оған алым-салық жинау саясатының тым қарсы бұқара көтерілістері де себеп болды (Әли ханның тұсында) . Ол наразылықты Селжүктер пайдаланып, Жент облысын басып алып, біраз уақыт оған иемденіп тұрады. Селжүктер- оғыздар арасынан шыққан мұсылманданған әулет еді, олар кейінен дербес қуатты мұсылман Селжүк мемлекетін құрды. Шахмәлік патша тұсында Мырдария оғыздары тағы да күшейіп, 1041 ж олар Хорезімді басып алады. Алайда, екі жылдан соң, Шахмәлікті Селжүктер тұтқындайды. Оғыздардың басты бөлігі қыпшақтардың қысымына шыдай алмай, батысқа қарай жылжып, ақыры Шығыс Еуропа мен Кіші Азия шебінен де асып кетеді. Оғыздардың тағы бір бөлігі Қарахандар қол астына және Хорасан селжүктері мемлекетінің қарауына өтеді. Оғыздардың кейбір қалдықтары кейінен Дешті-Қыпшақ тайпаларымен араласып, сіңісіп кетеді.
Діни наным-сенімдері жағынан оғыздар Аспан Тәңіріне (басты тәңір), сонымен қатар басқа да, жалпы саны 12 тәңірлерге құлшылық ете берді (су тәңірі, жер тәңірі, жаңбыр тәңірі т. с. с. ) . Біртіндеп, Хорезм, Мауераннахр, т. б дамыған аймақтардың ықпалымен оғыздар ислам дініне кіре бастады. Ибн Фадлан (Хғ) оғыздардың рухани дағдарысқа ұшырап, олардың арасына ислам дінінің келуіне қажетті алғышарттар пісіп жетілгеніне куәлік етеді. Оғыздар қоғамында алауыздық, қатыгез соғыстардың өршуі, қандастарын тұтқынға алып, құл базарларына апарып, сатып пайда табуға дағдылану, сол сияқты, оқу-білімнің жоқтығы, көптеген өркениеттік қағидалардан бейхабар болуы айқын көрініс берді. Сондықтан, оғыз қоғамының алдыңғы қатар топтары, көсемдер мұсылмандықты қабылдауға шешім қабылдады. Әсіресе, бұл үрдіс Х ғ. екінші жартысында- ХІ ғ аралығында күшейеді. Исламдануға сопылық жолды ұстанған дәруіштердің кең көлемде жүргізген насихаттарды шешуші фактор болды. Оғыз дәуірінің тамаша мәдени ескерткіші- «Қорқыт Ата» кітабы Қорқыт ата туралы аңыздар топтамасы Сырдария өңірінде пайда болып, кейін түркі халықтары мекендеген көптеген аймақтарғ тарады. Қорқыт Ата- көнетүркілік мәдени-эпикалық, музыкалық дәстүрмен исламдық-сопылық жолды ұштастырып, халық арасында даналығымен, әулиелігімен аты шыққан тұлға ретінде суреттеледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz