Қазақстан Республикалық экономикалық қауіпсіздігі мәселесі және оны шешу жолдары


1. Кіріспе:Экономикалық қауіпсіздік түсінігі
Кез келген мемлекет үшін өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қашан да өзекті. Жаһандану үрдісі күшейген сайын ұлттық қауіпсіздік, әсіресе экономикалық қауіпсіздік мәселесі ерекше маңызға ие болып отыр:
өйткені оны қамтамасыз етудің бірден-бір көрсеткіші - ұлттық экономиканың даму деңгейі. Жаһандану үрдісінің ұлттық экономикаға тигізетін оң ықпалын барынша тиімді пайдалану және оның теріс әсеріне тойтарыс беру мемлекеттің белсенді іс-әрекетімен жүзеге асады. Сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының 2010-2015 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының жобасын талқылауда: «Қауіп-қатерлерді алдын ала анықтап, жоюға, тұтастай алғанда, елдің дағдарысқа қарсы әлеуетін арттыруға бағдарланған осы заманғы тиімді ұлттық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру қажет, бұл ретте аталған жүйе халықаралық қауіпсіздік саласындағы осы заманғы әлемдік үрдістерге бейімді келіп, икемді, қауіпсіз ішкі және сыртқы ортаны қалыптастыру жөніндегі белсенді іс-әрекетке қабілетті болуы тиіс», - деп көрсеткен болатын. Ал: «Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі құрамына не кіреді?»- десек, ол экономикалық, қорғаныс, білім, ақпараттық т. б. құрамдас бөліктердің басын біріктіреді. Қазақстан Республикасына ұлттық экономикалық мүдделерді қалыптастырып, оны қорғау мен жүзеге асыру, сондай-ақ, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының жүйесін жасақтау қажеттігі күн тәртібінен ешқашан түскен емес. Шынтуайтына келсек, республиканың экономикалық өсуі қазіргі жаһандану процесі кезеңінде әлемдік экономикалық кеңістікке кірігусіз (интеграцияланусыз) өтуі мүмкін емес. Осы процестің өтуі барысында ел экономикасы оң нәтижелерін, ұтымды тұстарын, қауіпсіздігін жоғалтып алмауы керек. Бұл тұрғыдан алғанда елдің экономикалық қауіпсіздігін макро, мезо, микродеңгейлерде қамтамасыз ету бүгінгі күннің өзекті талабы деңгейіне көтерілді десек, артық айтқандық емес. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету арқылы ұлттық қауіпсіздіктің іргетасын бекемдеуге болады. Кәнігі саясаткерлер оны іске асыратын құрал протекционистік саясат дей отырып, бүгінгі таңда экономикалық қауіпсіздіктің ұлттық негіздерін қамтамасыз ету мен оның ұлттық күш-қуатты нығайтудағы маңызы жете зерделенбегенін алға көлденең тартады. Қолды жүрек тұсына қойып тұрып айтар болсақ, ондай зерттеулер елімізде жоқтың қасы деуге тура келеді. Экономикалық қауіпсіздік - елдің экономикалық тәуелсіздігі мен тұрақты дамуына қауіп төндіретін ішкі және сыртқы факторлардан, үдерістерден, жағдайлардан қорғау болып табылады. Экономикалық қауіпсіздікке әсер ететін факторларға табиғи, техногендік және экологиялық сипаттағы төтенше жағдайларды жатқызуға болады. Экономикалық қауіпсіздік жүйесі - экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатына қол жеткізуге бағытталған нормативтік актілердің жиынтығы. Ал, ұлттық қауіпсіздіктің өзі мемлекеттің тұтастығы мен өмірін қамтамасыз етуден, елдің қажеттіліктерінің жиынтығын білдіретін ұлттық мүддемен айқындалады. Кез келген мемлекеттің негізгі ұлттық мүдделері:
1. елдің аумақтық (территориялық) тұтастығы;
2. мемлекеттің егемендігі;
3. елдің және халықтың экономикалық өркендеуі;
4. әлемдік қауымдастықта лайықты орынға ие болуы, - десек, қазіргі жағдайда ұлттық қауіпсіздікке қол жеткізу ең алдымен экономикалық қауіпсіздікке арқа сүйейтінін бөле-жара айтып өткен жөн. Мемлекет өмір-тіршілігіндегі экономикалық және саяси тұрақсыздық тек еліміздегі әлеуметтік экономикалық байланысқа ғана емес, сонымен қатар көршілес мемлекеттердегі ұлтаралық шиеленістерге, республикадағы басқа да кешенді жағдайға теріс ықпалын тигізеді. Осы тұжырымды жүйелесек, экономикалық қауіпсіздік - азаматтардың әлеуметтік және экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында аз еңбекті шығындай отырып, шикізат ресурстары мен қоршаған ортаны табиғи тұрғыда қорғап, пайдалану арқылы елдің экономикалық дамуын қамтамасыз ету, ұлттық мүддені қорғау ғана емес, сондай-ақ, Үкімет институттарының отандық экономиканы дамытудағы және қоғамның әлеуметтік саяси тұрақтылығын сақтап тұрудағы ұлттық мүддені қорғауға қабілеттілігі және даярлығы деуге болады. Аталған мәселелерді оң шешу аясында экономикалық қауіпсіздіктің басты қауіп-қатерлердің тереңдеуіне және дамуына жол бермеу мақсатында тиісті басымдықтар мен стратегиялық міндеттерді айқындап алудың маңызы зор. Экономикалық қауіпсіздік саласындағы басты мақсат - ұлттық экономиканы жаһандану жағдайында жұмыс істеуге бейімдеу, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудан тұрады. Осы қауіп-қатерлердің дамуына жол бермеу мақсатында экономикалық қауіпсіздік саласындағы алдағы уақыттағы негізгі басымдықтар:
1. Экономиканы әртараптандыру (диверсификациялау) .
2. Экономикадағы салалық және өңірлік алшақтықты азайту.
3. Қазақстанның әлемдік экономикалық кеңістікке кірігуінің тиімді тетігін жасау.
4. Қаржы тұрақтылығын нығайту.
5. Бәсекеге қабілетті ғылыми-зияткерлік әлеуетті дамыту.
6. Әлеуметтік тұрақтылықты нығайту.
«Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2013 жылғы Елбасы Н. Назарбаевтың халыққа Жолдауында экономикалық қауіпсіздік мәселесі 10 сын-қатермен айқын көрсетілген. Жаңа сын-қатерлерге төтеп беру үшін ұлттың 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағыты жасалды. Сол бағытқа сәйкес, экономикалық қауіпсіздік дегеніміз - тұрақты экономикалық өсу, қоғамдық қажеттердің тиімді түрде қанағаттандырылуы, басқарудың жоғары сапасы, экономикалық мүд-делердің ұлттық және халықаралық деңгейлерде қорғалуы қамтамасыз етілетін жай-күйі. «Төңкерісте жеңу бар да, сол жеңісті қорғап қалу барын» ескерсек, экономикалық қауіпсіздік өз-өзінен іске асырыла қалатын шаруа емес, ол үшін аталған мәселені шешу жолдары жан-жақты қарастырылуы қажет. Ол - экономикалық қауіпсіздікке төнген ішкі және сыртқы қатерлерге жол бермеуге бағытталған тәсілдердің, саналы іс-қимылдардың жиынтығы. Сол себепті де экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету - мемлекеттің басты міндеті.
2. Ұлттық экономикалық қауіпсіздік
Кез-келген мемлекет өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолынан келгенін жасайды. Себебі, бұл - оның тәуелсіздігінің мызғымастығының кепілі.
Бұл ретте Қазақстан табиғи ресурстарға бай, экономикалық потенциалы мол мемлекеттердің бірі әрі тәуелсіздігін енді қалыптастырып келе жатқан ел ретінде ұлттық қауіпсіздігіне қатты мән беруі шарт. Әсіресе, экономикалық қауіпсіздігіне . . .
XX ғасырдың басында В. Ленин «экономикалық тәуелділік саяси тәуелділікке алып келеді» деп айтып кетті. Оның сөздерінің ақиқат екенін бүгінгі нарық дәлелдеді. Демек енді қырғын соғыстарсыз-ақ, экономикалық басқыншылықпен елді басып алуға болады деп өзімізге түйін жасасақ болады. Бұған байланысты жаңа термин де пайда болды, ол - неоколониализм. Неоколониализмді нақтырақ айтсақ, мемлекеттер арасындағы тең емес экономикалық жағдай деп қарастыруға болады. Мәселен, көптеген Батыс Еуропа елдерінің өз колониялары болды және оларға тәуелсіздік берді ақырында, алайда аталмыш мемлекеттердің ресурстарына инвестиция құймақ ниетте бәрін өздеріне алып қойды немесе жаңа пайда болған елдерде ғылымды дамытпай, тек дамушы сатысында ұстап отырды.
Латын Америкасында өндірілетін мұнайдың түгелі дерлік толық өндеу сатысын тек АҚШ-та өткереді, ал олар өз кезегінде дайын тауарларды жоғары бағамен Латын Америкасының халқына қайта сатады. Сонымен қатар, эмбарго арқылы әсер ету тәсілін де айтпай кетпесе болмайды. Кезінде Иран, Ирак, Ливия секілді мемлекеттерге эмбарго жариялану арқылы олардың экономикасын құлатуға тырысқан.
Жалпы, мемлекет экономикасының қауіпсіздігін төмендегі көрсеткіштер бойынша анықтайды:
1. Өмір сүрудің сапасы мен деңгейі;
2. Инфляция деңгейі;
3. Жұмыссыздық деңгейі;
4. Экономикалық өсу;
5. Бюджет тапшылығы;
6. Мемлекекеттің қарызының мөлшері;
7. Алтын-валюталық резерв жағдайы;
8. Көлеңкелі экономиканың деңгейі;
9. Экологияның жағдайы;
10. Азық-түлік қауіпсіздігі;
Осы ретте Қазақстанның осы көрсеткіштер бойынша қаншалықты ұлттық экономикалық қауіпсіздігі қамтамасыз етілгенін талдап, сараптап көрсек.
Жалпы мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне келсек, онда оның аспектілеріне мұқият тоқталу керек болады және оны атап қана қоймай, оның мемлекетке маңызды екенін көрсету. Келесі кестеде сандық және пайыздық түрде экономикалық қауіпсіздіктің шектік көрсеткіштері жазылған, егер осы көрсеткіштерден асып кетсе онда Қазақстанның экономикасына қауіп төнеді.
1-кесте. Экономикалық қауіпсіздіктің шектік көрсеткіштері.
ЖІӨ-ге қатысты сыртқы қарыздың көлемі
Ішкі тұтыну көлеміндегі импорт көлемі
Сонымен бірге азық-түлік саласындағы импорт көлемі
30%
25%
Енді осы кестедегі көрсеткіштерге тоқтала кетсек, онда біріншісі ЖІӨ-ге қатысты инвестицияның көлемі 25%-дан кем болмау керек. Инвестиция дегеніміз экономиканың қаны десек те болады. Көрсетілген өлшем бойынша мемлекеттің даму функцияларына назар аударғанда Қазақстанның ілгері тұрғандығы байқалады (39%) . Бірақ, капиталды сыртқа шығару индикаторы бойынша артта қалып отыр - 1, 4%. Басқа елдерге келетін болсақ, бұл көрсеткіш дамыған елдерде - 9, 8%, өтпелі экономика елдерінде - 7, 7%, дамушы елдерде - 11, 6%. Әлемдегі дамыған мемлекеттердің өзі инвестицияға таласып, көптеген инвесторларға преференциялар жасайды және инвест форумдар жинап отырады, демек инвестициясыз ешқандай мемлекет дами алмайды. Оған дәйек болатын жайт - әлемдегі инвестицияның тең жартысы АҚШ-тың экономикасына салынады. Мысалы, Қазақстанның және Ресейдің ұлттық қорындағы миллиардтаға долларлар американдық бағалы қағаздарына портфельді инвестиция түрінде салынып отыр. Ал олар осылай өздерінің бюджет тапшылығын жабады. Жыл сайын Қытай Халық Республикасына тартылған тікелей және портфельді инвестициялардың, оның ішінде тікелей инвестициялардың көлемі артып отыр. Тек 2010 жылы Қытайға 600 миллиард АҚШ долларындай инвестиция салынды.
Сонымен қатар, инвестицияны сырттан тарту ғана емес, белсенді түрде басқа елдерге инвестициялар құю да мемлекетке өте керек. Себебі, үлкен көлемдегі қаражаттың елдегі шоғырлануы оның инфляциясының артуына және ақша құнының инфляциямен желінуімен өтеді. Сондықтан, қай мемлекет болсын инвестицияларды сыртқа салуға тырысады. АҚШ капиталды тарту мен сыртқа салу жағынан мысалы, ешкімге орын бермей келеді. Алайда, сыртқа инвестиция салу бойынша тек мемлекеттің қаражатын санасақ, онда 2011 жылы Қытай бірінші орынға шығып, керек десеңіз Дүниежүзілік банктен озып кетті. Дүниежүзілік банк 100 млрд доллар, Қытай үкіметі 116 млрд АҚШ долларына тікелей инвестиция салған. Дағдарыс дендеді деген 2008-2009 жылдардың өзінде қытайлықтар АҚШ-тың көлік өнеркәсібінің, Африканың мұнай-кен орындарының және Қазақстанның мұнай-газ саласындағы компанияларының біразын сатып алды. Қазақстан болса, Румынияның Rompetrol компаниясын сатып алды. Бұл компанияға мыңдаған жанар-жағармай стансалары мен мұнай өндіру зауыттары тиесілі. Сонымен бірге біздің компаниялар Грузиядағы Тбилгаз және Тбилтелеком компаниясын сатып алған, осылайша сыртқа тікелей инвестициялар құйылып жатыр десе де болады. Сыртқа инвестиция салу сол елдің өндірістерін бағынышты ету тәсілі. Тарих көрсеткендей, II-ші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ-та Маршалл жоспары қабылданып, миллиардтаған қаражатты соғыстан әлсіреп қалған Еуропаға инвестиция ретінде ақша салған. Содан да, біразға дейін еуропалық мемлекеттер американдықтарға тәуелді болып келді. Егер Қазақстан экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз еткісі келсе, басқа да елдердің экономикасына тікелей инвестициялар салуы тиіс. Егер аталмыш көршілеріміз бізге толық емес экономикалық тәуелді болса, онда сол мемлекеттердің басшылары да Қазақстанға қатысты саясатын лояльді қылар еді. Қазір Ұлттық қорымызда және ұлттық резервте бірге санасақ, 79 млрд АҚШ доллары жинақталған. Көрші мемлекеттердің экономикасын санамалай отырсақ, мысалы Қырғыстаның ЖІӨ-і 9 млрд АҚШ долларында шамалап, біз 2-3 млрд доллар тікелей инвестиция сала алсақ, онда біздің үкімет саяси-экономикалық пайдаға кенелер еді. Қырғыстандағы алтын кенінен басқа, Тәжікстанның ГЭС-теріне қаражат салса болады. Сонымен экономикалық қауіпсіздіктің келесі аспектісі, ол ЖІӨ-нен қорғанысқа бөлінетін қаражат көлемі 5%-дан төмен болмау керек. Алайда ол бізде 1%-ды ғана құрайды. Қорғанысқа қаражат аз бөлінсе, мемлекетіміздің қорғанысына ғана қауіп емес, экономикамызға да нұқсан келеді. Себебі, заманауи технологиялардың біразы осы әскери-өндіріс саласынан пайда болған. Сонымен қатар, Батыс елдері мен Ресей қару-жарақ сатудан қыруар пайдаға кенеліп жатыр, мәселен 2010 жылы ресейліктер 2, 5 млрд АҚШ долларына қару-жарақ сатты. Демек, өндірісті сақтай отырып, жұмысшыларға жаңа жұмыс орындарын ашып, тың инновацияларға жол ашу мүмкіндігін пайда болып отыр. Сондықтан, біз ЖІӨ-нен 5% қаражат бөлді десек, ЖІӨ-міздің қазір мөлшері 181 млрд АҚШ доллары екенін ескере отыра есептесек, онда қорғаныс саласына 9 млрд АҚШ доллары құйылады. Онда көптеген әскери салалар қайта ашылар еді, айталық әскери кеме жасау ісі (қазіргі таңда Каспийдегі кемелер ескіріп тозығы жеткен) . Келесі өте маңызды аспект, ол ғылыми зерттеулерге қаражат бөлу. Теориялық тұрғыда экономикалық қауіпсіздікті сақтау үшін ЖІӨ-нен ғылыми зерттеулерге қаражат 2%-дан төмен болмау керек. Өйткені, одан төмен болса онда оның бәсекеге қабілеттілігінің ықтималдығы кемшін болады, соның нәтижесінде ғылым дамымай қалады. Осы мәліметке қарамастан, Қазақстан ғылым саласына ЖІӨ-не қатысты небәрі 0, 2% ғана қаражат жұмсайды, бұл тым төмен, демек Қазақстан Республикасының экономикалық саласы сақталмағанын көреміз. Мысалы, халқы небәрі 6 млн адам болатын Израильдің потенциялы тым жоғары болғандықтан, көршілес мемлекеттерден сескенбей сыртқы саясатын тәуелсіз жүргізіп отыр. Себебі, оның ғылыми қауқары зор пайда әкеліп, өздерінің қорғаныс саласын күшейтіп отыр. Финляндияның экономикасы ең инновациялы болғандықтан, оның өзіндік құн төмен болады және заманауи болғандықтан, экономикасы бәсекеге қабілетті болып отыр. Ал АҚШ-қа келсек, американдық университеттерде ғылымға бөлінетін қаражаттың көлемі өте жоғары. Мысалы, Гарвардтте ғылымға бөлінетін қаражат көлемі 28 млрд АҚШ доллары!!! Ғылымды дамыту арқылы бар шығындарды азайтуға болады. Сонымен қатар, білімге бөлінетін қаражат мөлшері ЖІӨ-нің 10%-нан төмен болмау керек, алайда бізде сол меже пайыздық үлеске де жетпей отыр. Білім сапасы төмендесе, онда ешқандай ғылым саласы дамымайды. Сондықтан, мемлекеттік білім саласындағы бағдарламаларды одан сайын сапасы мен санын көбейту арқылы Қазақстандағы білім сапасының деңгейін көтеруге болады.
3. Экономикалық қауіпсіздікті талдау.
3. 1 Жұмыссыздық деңгейі
Қазақстанның 2008 жылға жоспарланған бюджетінде мемлекеттің дәстүрлі функцияларына қарастырылған қаржы 13, 5 %- ға жетті. Дамушы елдерде бұл көрсеткіш 24, 4 % болса, дамыған елдерде 11, 2 %-ға тең. Демек, келешекте өзіміздің дәстүрлі функцияларымызды одан әрі арттыруға мүмкіндіктер мол болып тұр.
Сондай-ақ, құқық қорғау жүйесін реформалау мәселесі әлі де болса маңызын жоғалтпай тұр. Мәселен, әкімшілік басқару мен қоғамдық тәртіпті сақтау жағынан Қазақстанның индикаторы 9, 8 % болса, дамыған елдерде - 5, 8 %, өтпелі экономика елдерінде - 6, 9 %. Мемлекеттің әлеуметтік функциялары бойынша біздің көрсеткіш 46, 1 %-ды көрсетеді. Дамыған елдермен (70, 3 %) салыстырғанда 1, 5 есе, өтпелі экономика елдерімен салыстырғанда 18, 9 % аз екенін айтпаса тағы болмайды. Бұл дегеніңіз, мемлекеттің аталмыш функцияларын күшейту керек деген сөз.
Теориялық тұрғыдан мемлекеттегі жұмыссыздық деңгейі 7 %-дан асып түссе, онда экономикалық қауіпсіздікке қауіп төнеді. Себебі, экономикалық теорияға салсақ, жұмыссыздық деңгейі 1 пайызға артса, онда ЖІӨ-нің көлемі 2 %-ға төмендейді деген заңдылық бар. Және ол расында солай болып тұр. Ал мемлекеттегі жұмыссыздар санының өсуі өндіріс орындарының саны немесе тауар көлемі түсіп жатыр деген сөз.
Жұмыссыздық өсе берсе, міндетті түрде қылмыстың саны өседі. Бұл мемлекет ішінде жоспарсыз шығындарға әкеледі де, әлеуметтік тұрақсыздыққа алып келеді. Екінші жағынан қарастырсақ, жұмыссыздық саяси тұрақсыздыққа да соқтырып, оның салдары елге келетін инвестиция көлемінің азаюына әкеледі. Бұл енді макроэкономикалық қауіптің көкесі . . .
Осы мәселенің шешімі һәм біздің ойымызша жалғыз шешімі - шағын және орта бизнесті дамыту. Себебі, дамыған елдерде халықтың дені осы шағын кәсіпкерлікте қызмет етеді, бұл сала өте мобильді, ықшам. Мысалы, дағдарыс кезінде корпорациялар сұраныстың түсіп кетуінен банкротқа ұшырап жатса, шағын және орта бизнес басқа салаға оңтайлана кетеді. Әрі дамыған мемлекеттердегі бюджеттің басты кіріс көзі шағын және орта бизнес боп есептеледі.
3. 2 Инфляция деңгейі
Теориялық тұрғыдан мемлекеттің жылдық инфляция көлемі 20 %-дан аспауы тиіс. Алайда, осы деңгейдің өзін аса қауіпті десе болады. Бұдан асып кетсе, онда құлдырау инфляциясы (галопирующая инфляция) басталады да, мемлекеттің қаржы-экономикалық жүйесі құлап қалуы мүмкін.
Сонымен қатар, Филлипс заңдылығына сәйкес, егер мемлекетте инфляция көлемі азайса, онда жұмысссыздық деңгейі өседі. Сондықтан, мемлекет өз ішінде белгілі бір бір балансты сақтауы керек.
3. 3 Ішкі тұтыну көлеміндегі импорт үлесі
Ішкі тұтыну көлеміндегі импорттың көлемі 30 %-дан аспауы тиіс. Бұдан асса, онда мемлекет толығымен тұтынатын заттарын сырттан алып келеді дегенге келеді. Отандық өндірушілердің пайыздық үлесі кемиді, сондықтан мемлекет оларды қорғау мақсатында протекционистік саясат жүргізуге тура келеді.
Сонымен қатар, біздің экспорттық тауарларымызға сырттағы тұтынушылар резервті валютамен төлесе, онда валютаның Қазақстанға келуі біздің экономикамызға жақсы. Ал аталмыш импортты төлеу үшін сол экспорттан түскен ақшамен төлеу керек болады. Сондықтан Қазақстанда сальдоның теріс көрсеткіші жиі болады. Экспортқа бағытталған экономикалық өсуді Қазақстан шикізат ресурстары арқылы немесе бірінші саты талаптарын толық орындамай жүзеге асырып келеді.
Ал Қазақстаннның бірінші сатыдан шықпағанын мына фактілер дәлелдей кетеді: қазақстандықтар жалпы тұтынған тауар көлеміндегі импорттың үлесі 2000 жылы 27, 9 % болса, 2007-2009 жылдары 44-46 % жетті. Содан бұл төлем балансына тән есепшот көрсеткіштерінде теріс сальдоның ұлғаюына әкеліп соқты.
Әрі азық-түлік саласындағы импорт көлемі 25 %-дан асып кетпеуін қадағалау керек. Бұдан асса, онда бізде азық-түлік дағдарысы немесе шетелге азық-түлік жағынан толық тәуелді болу қаупі төнеді. Мәселен, қазір Қазақстандағы сүт өнімдерінің импорттық үлесі 40 %, ет өнімдерінің 50 %-ы шетелдік импорт болып отыр. Бұл дегеніңіз, біздегі ауыл шаруашылық саласының дағдарыста екенін және ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуы екіталай екенін көрсетті, форс-мажор жағдайда тауарлардың бағасы тым көтеріліп кетіп, инфляция үдеуі мүмкін.
Сондықтан, мемлекет міндетті түрде ауыл шаруашылығына дотация, субсидия беру арқылы оны қорғау керек және протекционистік саясат жүргізуі керек.
3. 4 Өндіріс саласындағы машина жасау үлесі
Бұл көрсеткіш те 20 %-дан төмен болмауы керек теория жағынан . . . Ал тәжірибеде осы саланың қос аяғынан ақсауы мемлекетте үлкен экономикалық зардаптарын ала келеді. Мысалы, Еуропадағы мемлекеттердің көбісі индустриялды сатыдан асып, ақпаратты сатыға жетті десе де болады. Ал бұл сатының басты көрсеткіштерінің бірі - ол еңбекке жарамды халықтың 50 %-ы қызмет саласында жұмыс істеу керек деп көрсетіледі, қалғаны ауыл шаруашылығы мен өндіріс деп бөлінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz