МӘНЕРЛЕП ОҚУ МАТЕРИАЛЫ БОЙЫНША АЛДЫН АЛА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР


МӘНЕРЛЕП ОҚУ МАТЕРИАЛЫ БОЙЫНША АЛДЫН АЛА, ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР
Бастауыш кластардағы оқу сабағының басты міндеті - оқушыларды кітаппен жұмыс істеуге үйрету, оқуға деген құмарлығын арттыру. Бастауыштың 1 класынан бастап, әлі сауат ашу кезі жүріп жатқан кездің өзінде, мұғалім балаларға лайықты суретті кітапшаларды көптеп әкеліп, ішінен қызық жерін жатқа айтып, кейбір қысқа ертегілерді оқып береді. Егерде, мүмкіндігінше мұғалім оқылатын тексті мәнерлі де әуезді оқып әңгімелеп беріп отырса, бала ықыласына ерекше әсер етеді. Тезірек әріптердің бәрін үйреніп, мүғалімнің оқығанындай - оқуды армандамайтын, әсерленбейтін бала болмаса керек.
Бастауыш класс оқулығында оқушьшардың жан-жақты білім мен тәрбие алуына арналған материалдар жеткілікті. Кітаппен жұмыс істей отырып текстегі негізгі ойды ажыратуға, әрбір бөліктер арасындағы айтылған ойлардың бір-бірімен байланысын, өзгешелігін, ұқсастығын, айырмашылығын салыстыра білуге үйренеді. Айналаны қоршаған орта, Отан, совет адамдарының өмірі мен еңбегі, ерлігі, көсеміміз В. И. Лениннің балалық шағынан бастап революциялық қызметі туралы түсініктері қалыптаса бастайды. Әрбір тақырып мазмүны арқылы саяси-идеялық, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беріп, баланың жан-жақты дамуына әсер етеді.
Мұғалім балалар алдында оқылатын шығарманың балаларға түсінікті, әсерлі болуы үшін шығарманы күні бұрын талдап, даярлап алады. Балалар үшін күнделікті сөйлеу тілінде сан рет айтылып жүрген сөздердің өзі қиындық келтіреді. Өйткені, бастауыш класс оқушысының психологиясын ескерсек, оларға нақтылық тән, көп нәрселер абстрактілі. Балалардың сөздік қоры аз, осы шығармаларды оқу, талдау арқылы, өз бетімен кітап оқу арқылы, айналадағы үлкен-кішімен қарым-қатынас жасау арқылы жаңа сөз үйреніп, сөздік қоры біртіндеп дамиды. Сондықтан балаларға мәнерлеп оқуға ұсынылатын шығарманы жан-жақты талдап алып қана оқып береді. Оқу кезінде жоғарыда айтылған мәнерлеп оқудың барлық әдіс-тәсілдерін колданып жеткізеді.
Ол үшін мәнерлеп оқып беруге ұсынатын бір шығарма бойынша алдын ала қандай жұмыс жүргізуге болатынына мысал келтірейік.
Төрт жылдық бастауыш мектептің үшінші класыиа арналған «Ана тілі» оқулығында «Құстар айтысы» деген кластан тыс оқуға арналған үнді ертегісін класта мәнерлеп оқуға даярлау үшін мұғалім не істер еді.
1. Балалар алдында мәнерлеп оқудың үлгісін көрсету үшін алдымен іштей бір оқып алады.
2. Текстің мазмұн-мәғынасына сай қай жерге логикалық кідіріс, психологиялың кідіріс, грамматикалық кідірістер жасау керегін белгілеп алады.
а) Логикалық кідірістер қойып оқуға құстардың ақылдасу сөздері, келісімге келген жерін оқу;
ә) Психологиялық кідірістерді құсбегінің жүгіріп келе жатып ойлаған ойын, қарға мен көгершіннің сөздерін оқу кезінде қою;
б) граммәтикалық кідірістерді тиісті тыныс белгілерінің мағыналарына қарай отырып дұрыс қоя білуді қамтамасыз ету.
3. Ертегінің ішінде балаларға түсініксіз сөздермен сөз тіркестерін теріп жазып түсіндіру үшін сөздік жүргізу. Олар:
Құсбегі - жыртқыш құстарды аң аулауға баулып үйрететін аңшы, немесе құс аулайтын адам.
Ынтымақ - бірлік, ұйымшылдық.
Жанжалдасу - таласу, керісу.
Ала ауыздық - бірінің айтқанына бірі көнбеу.
- Шығарма мазмұнын мәнерлі оқу мен әңгімелеу арқылы балаларды әуызбіршілікке, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу жағына баса назар аудару.
- Балаларды ойландыру үшін проблемальіқ сұрақтар қою.
- Торға түскен құстардың айтысы неліктен басталды?
- Еркін самғап жүрген құстарды мүсәпір халге түсірген қандай жағдай деп ойлайсыңдар?
- Ақылдылық кімге тән екен?
6. Ертегіде уақиға, іс-әрекет, кейіпкерлер бар. Сондықтан оқушылар шығарманы оқып талдағаннан кейін мұғалімнің көмегімен бөліктерге тақырып немесе ат қойып жоспарлатуға болады.
ӘР ТҮРЛІ ЖАНРДАҒЫ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚУ
Бастауыш кластың «Ана тілі» оқулығы мен «Кластан тыс оқу» деген оқу құралдарында балаларға лайықты балалар әдебиетінің небір көркем туындыларының үзінділері: ертегілер мен аңыздар, әңгімелер, өлеңдер, мысал өлеңдер кездеседі. Балалар әдебиеті советтік заманда өз алдына іргелі әдебиетке айналды. Халқымыз бар ақылын, тәрбиесін өз ұрпағына көркем сөз арқылы жеткізіп отырған.
Бастауыш кластардағы оқу бағдарламасында көркем ; туындылардың үзінділері көптеп қамтылған. Ол заңды да. Мектеп оқушыларын заман талабына сай жан-жақты тәрбиелеуде көркем сөздің атқарар ролі зор. Көркем шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекеті, образдар, оқиғалар баланы сан қилы сезімге түсіріп ойландырады, қуандырады, жирентеді. Кейбір көркем сөз, сөз тіркестері тіл ұшына оралып, мақал-мәтелді жаттап алады. Бас аяғы жинақы, жеңіл де ойнақы шумақтарды сабақ үстінде-ақ жаттап алады. Сол арқылы эстетикалық ләззат алып, өз бетімен тағы да оқығысы келеді де, баланың кітап құмарлығы басталады.
Сол үшін де арнаулы оқу орнында балалар әдебиеті: жан-жақты оқылады. Алайда, өкінішке орай, қазақ кластарьінда көркем шығарманың көркемдігін танып, балаларға творчестволықпен жеткізе алатындар көп емес. Бағдарлама мен оқулық көлемінен аса алмаушылың басым. «Ана тілі» оқулықтарын талдау кезінде берілген тақырыптардың ішінде көркем шығарманың түрлері өте көп екенін көреміз. Мұның өзі бастауыш кластарда әдеби шығармалардың өзіндік методикалық ерекшелігі барлығын көрсетеді. Бастауыш кластардың «Ана тілі» оқулығында бір шумақтан 5-6 шумаққа дейінгі өлең текстері өте көп. Мұғалімдер бұл өлеңдерді талдай білетін болса ғана балалар алдында оқу және әңгімелеу қиындық келтірмейді.
ӨЛЕҢДЕРДІ ОҚУ МЕН ТАЛДАУ
Бастауыш класс оқулығында берілген өлеңдердің басым көпшілігі - лирикалық өлеңдер. Лирикалық өлең автордың сан алуан көңіл күйін, Отанға, елге, табиғатқа деген асқақ сезімін, қуанышын, сағынышыин сүйіспеншілігін білдіреді. Өлеңді талдау кезінде оқушыға оның тек мазмұн-мағынасын жеткізумен шектелсек көркем дүниенің көркемдігін, әсерлілігін жеткізе алмаған болар едік. Сондықтан мұғалім өлең мен көркем қара сөздің ара жігін ашып, өлең сөздің ерекшелігін, құрылысын методикалық шеберлікпен, көрнекілік жолымен салыстыру арқылы түсіндіреді.
МӘНЕРЛІ ОҚУ ҮШІН ӨЛЕҢДІ ТАЛДАЙ БІЛУ
Өлең сөздің өзге әдебиет жанрларынан ерекшелігі оның әуезділігі мен үнділігінде, ырғағында, ұйқасып келетінінде.
Өлең шумақтары қазақ өлеңдерінде екі тармақтан бастап он, он бес тармаққа дейін жетеді. Әсіресе, ауыз әдебиетіндегі шұбыртпалы ұйқаспен жырланатын батырлар жырларында, термелерде жиі ұшырасады. Қазақ өлеңдерінің құрылысы туралы ғылыми талдау жасап, зерттеумен айналысқан ғалымдарымыз Қ. Жұмалиевтің, 3. Қабдоловтың, 3. Ахметовтың еңбектеріне сүйене отырып талдау жасап үйренуіміз керек. 3. Қабдолов: «Өлең туралы ілімдегі шумақ жайлы ұғымдардың бәрі шартты: өлеңді терең тану үшін оның шумағын санаудың, керегі жоқ, ырғағына қарау керек»-дей келіп «Қазақ өлеңі - силлабикалық, яки буынға негізделген өлең. Олай болса, буын мәселесі қазақ өлеңінің құрылысын байыптаудағы басты мәселе», -- депті. («С ө з ө н е р і» кітабынан) .
Өлең шумақтары. Өлең шумағы - бірнеше сөйлемдерден тұратын синтаксистік тіркес. Қара сөзде бір шумақ өлең мағынасын, бір абзацқа тіркескен сөйлем таптарымен салыстыруға болар еді.
Өлеңнің бір шумағында айтылған ой, көңіл күйі, ішкі сезім т. б. екінші шумақта басқа қырына ауысады, түрленеді. Сондықтан бастауыш класс оқулығына енген бірнеше өлеңдердің құрылысын талдап, үлгісін көрсетейік. Өлеңді балалар алдында мәнерлі оқу барысында, өлең оқудың үлгісін көрсететін адам кез келген өлең шумағын өзі талдау дәрежесінде болмаса елеңнің жанрлық қасиетін ашып бере алмайды.
КҮЗ КЕЛДІ
Сарғайды тоғай,
Сап-сары маңай,
Соңғы әнін айтып,
Кұс кетті қайтып.
Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.
(М. Әлімбаев. 1-кл: Ана тілі. )
Бұл екі шумакты өлең. Бірінші шумақта күздің көктемге бергісіз мүлгіген тып-тыныш көрінісі, қатар түзеп қикулап бара жатқан құстар тізбегі елестейді. Көктемнен айырмашылығы айнала сап-сары, құстар келіп жатқан жоқ, кайтып бара жатыр.
Екінші шумақта өзгеріс-көбейді: жапырақтарды жел жұлқылап ұшыра бастады, суық та қабаттасып табиғаттың тыныштығын бұзды. Ал адамдар табиғат өзгерісіне бейімделе бастады, күзде де талай тамаша, қызықтар бар.
Міне екі шумақтағы ұласа жалғасқан ойлардан осындай түсінік алдың. Бұл - шумақтардағы ойдың бір-бірінен айырмашылығы болатынын, бірақ сол күз туралы тақырып төңірегіндегі нәрселер туралы болып жататынын түсінеміз,
2. Тармақ. Өлең шумақтары тармақтардан тұрады. Бұл өлеңнің әр шумағы төрт тармақтан тұрады екен. Әрине, бастауыш класс балаларына өлеңнің тармағы емес, өлең қатары деп сөйлейміз. Әдеби терминдер туралы қай кластарда толық мағлұмат берілетінін білуіміз керек. Бұл талдауымыз бастауыш класс мұғалімдері өздері міндетті түрде өлеңді талдау деңгейінде болуы керек деген сөз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz