Оғыз мемлекеті жайлы



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Оғыз мемлекеті
Оғыз мемлекеті (9-11 ғғ. басы). 9-10 ғғ. Сырдың орта, төменгі
ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында
оғыз тайралардың саяси бірлестігі құрылды. Оғыз деген терминнің
этимологиясы әлі де анықталмаған. Махмуд Қашғари, Марвази енбектерінде,
оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ,
тутырка, т.б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан құрылған. Бұлар — бузук және
үшүк (учук).

Оғыз мемлекеті

8 ғ. ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте
оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде
олардың Көне Гузия деп аталатын ордасы болды. 9 ғ. бас кезінде оғыздардың
көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігін
күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып
алады. 9 ғ. соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де,
Орал мен Еділ арасын қоластына қаратады.
Печенегтермен соғыс олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың
оғыздық одағын құруға мүмкіндік берді. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен
Арал-Каспий далаларының үнді-европа, финн-угор тектес ежелгі компоненттері
және Жетісу мен Сібірдің халаджылар, жағарлар, чаруктер, қарлұқтар,
имурлер, байандұрлар тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының
құрылуы ұзақ процесс болды.
9 ғ. соңы мен 11 ғ. басында оғыз тайпалары Сырдың төменгі ағысынан
Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан зор территорияны мекендейді. Оғыздар
туралы алғашқы дерек тер 9-10 ғ. б. араб деректерінде мысалы, әл-Якубидің
(9 ғ.) еңбегінде айтылады.
Орта Азия мен Шығыс Европаға және Орталық Азияға баратын керуен
жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы 10 ғ. оғыз мемлекетінің
астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы — түркі және иран тілінде
сөйлеген. Жабғы атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы
болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы
билеушілер өкіметі мұрагерге — иналамиға — беріліп отырған. Жабғы
мемлекетінде оғыз әскерінің сюбаши деп аталатын бас қолбасшысы маңызды
роль атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар
дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды.
Құл саудасы дамыды. Оғыздар мәжусилер болып, бақсы-балгерлерге табынды.
Біртіндеп ислам діні де ене бастады.
Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды орны
болды. 965 жылы олар Киев Русымен одақтасып хазар қағанатын талқандайды.
985 жылы оғыз жабғысы орыс кінәздарымен бірлесіп Еділ Булғариясын
талқандады. Осының бәрі оғыз мемлекетінің саяси күш-қуаты өсуіне әсер етті.
10-11 ғғ. Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды. Оған алым-
салыққа қарсылық білдірген оғыз тайпалары көтерілістері себеп болды.
Салжықтармен, қыпшақтармен болған соғыстарға шыдамай, оғыз мемлекеті 11
ғасырдың ортасында біржола құлайды. Жартысы қыпшақтардың қысымынан Шығыс
Европа мен Кіші Азияға, жартысы Мәуереннахрдағы қарахандарға, хорасан
селжұқтарына, қалғаны Дешті-Қыпшақ тайпаларына араласып кетті.

Оғыз халықтары

Оғыздарға түрікмендер (Түрікменстан), трухмендер, терекмелер (Ирак
түркілері), азерилер (Иран азербайжандары), азербайжандар (Азербайжан),
және селжұқтар, османлылар (тарихи халықтар), түріктер (Түркия), гагауздер
(елі қазіргі Молдавияда) сонымен бірге қазіргі кавказ бен қырымдағы түркі
халықтары (қарашай, балқар, құмық, қырым татарлары) ҚЫПШАҚТАРМЕН аралық топ
ретінде жатады. Оғыздардың қазір үш тәуелсіз ірі мемлекеті бар:
Түрікменстан, Әзірбайжан, Түркия. Үшеуінің де туында ай таңбасы бар екен.
Ендеше осы ай таңбаның өзі олардың Ұлы атасы Оғыз қағаннан таралғандығын да
әйгілеп тұрғандай.
Оғыз қаған деген кім? Ол - Оғыздардың аңызға айналып кеткен арғы
атасы. Алғаш рет Оғыз мемлекетін құрған кісі. Ертедегі скиф тайпаларының
грекше айтылуы Ишкуза (Ашкуз) Мен көне заман тарихшысы Геродот
еңбектеріндегі скифтердің атасы болып есептелетін "Таргитай" деген адам осы
Оғыз қаған болар деп ойлаймын. Скифтер - Қара теңізден Алтайға дейінгі
аймақты аймақты мекен еткен негізінен түркі-иран тілдес көшпенді тайпалар.
Оғыздардың ата мекені - қазіргі Амудариядан Шығысқа қарайғы жерлер. Оғыз
халықтарының бәрі қазір еуропалық нәсілдегі (монголоид белгілері аз)
халықтар. Оғыз халықтарың 5 мың жылдық тарихы бар. Кейін олар скифтер
мемлекеттерінің, одан хун империясының, одан соң Батыс Түрік қағанатының
құрамына енді. Көк Түріктердің (Білге қаған құрған империя) Оғыз тайпаларын
қалай бағындырғаны жөнінде көне тас жазбаларла нақтылы жазылады. Осы
кезеңнен бастап, олардан ығысып, біртіндеп батысқа қарай жылжи бастайды.
Қазіргі Түркия жеріне қарай. Ал Орталық Азиядағы Оғыз мемлекеті қайта
бөлініп, 9-11 ғасырларда қыпшақтар мемлекеті орнағанша Орталық Азияда
іргелі мемлекет болып тұрды. Осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оғыз мемлекеті
Қарахан мемлекеті, жер аумағы, этникалық құрамы, шаруашылығы, саяси құрылысы, мәдениеті
Патшалық Ресейдің отарлау саясат және түркі халықтарының күресі
Оғыз империясы
Оғыз мемлекеті (ІХ-ХІ ғасырдың басы)
Қарлұқ мемлекеті
Оғыз мелекеті
Орта ғасырдағы Қазақстан туралы
Қарлүқтар батыста
Ұлы даладағы ғұн империясы мен үйсін-қаңлы мемлекеті дәуіріндегі тәлім-тәрбие
Пәндер