Ойын - психологиялық феномен жайлы


Ойын - психологиялық феномен ретінде
1. Ойын - мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті.
2. Ойын туралы философтар, психологтар, социологтар, педагогтардың ой - пікірлері (В. Вунд, Г. В. Плеханов) .
3. Адамзат тарихында ойынның пайда болуы. .
Ойын - күрделі әлеуметтік мәдени феномен, туғаннан бастап өмірінің соңына дейін бірге жүретін адамның бөлінбес өмірі, - деп көрсетеді адам туралы әртүрлі ғылым саласындағы көптеген зерттеушілер (Н. П. Аникеева, Л. С. Выготский, Д. Б. Эльконин және т. б. ) .
Ойын дегеніміз не? «Ойын», «ойын әрекеті» ұғымдарының мазмұнына анықтама өте көп.
Орыс тілі сөздігінде «ойын» сөзі «белгілі бір ережелер, тәсілдер жиынымен және бос уақытты өткізу, көңіл сергіту үшін жүргізілетін іс-әрекет» деп анықталған.
Психологиялық-педагогикалық тұрғыда «ойын» дегеніміз не? Педагогикалық энциклопедияда «Ойын - үлкендердің істерін, олардың арасындағы қарым-қатынастарын қайталайтын балардың іс-әрекетінің бір түрі… дене, ақыл-ой және адамгершілік тәрбие құралдарының бірі» деп анықтама берілген.
Ойын өзін-өзі басқаруда қоғамдық тәжірибені меңгеру ситуациялары жағдайындағы іс-әрекет түрі ретінде қарастырылады. Ерте уақыттан бері ойын адам өмірінің маңызды бөлігі болып саналады. Ойынның шығу тарихы осы бағыттағы басты мәселелердің бірі.
Зигмунд Фрейд өзінің психоаналитикалық теориясында ойынға көзқарасты биологиялық себептерге (инстинкт, қызығу) байланысты, яғни тұрақты, тарихтан тыс сипаттағы іс-әрекетке көзқарас ретінде көрсетеді. Оның теориясының қандай да бір дәрежеде көптеген психологтарға (Коффка К., Левин К., Пиаже Ж. және т. б. ) ықпалы болды. Ол қазір де жеткілікті түрде кеңінен тараған. Т. А. Куликованың пікірінше, мұндай көзқарастардың жарамсыздығын бала ойындары дәлелдейді, олар өздерінің мазмұндары бойынша тарихи дәуірге ғана тәуелді емес, бір дәуірде өмір сүретін, бірақ әртүрлі мәдени, экономикалық, географиялық жағдайларда тұратын адамдарға да байланысты.
ХХ ғасырдың басында зерттеушілерде адамзат тарихында алғашқы болатын - еңбек пе немесе ойын ба? - деген сұрақты шешуде ортақ пікір болған жоқ. Ойын еңбектен бұрын пайда болған деген болжамдар айтылды. Ең алғаш бұған қарама-қарсы пікірмен, яғни «ойын - бұл бала еңбегі» деген пікірді неміс психологы және философы В. Вундт, ал кейіннен бұл көзқарасты орыс философы Г. В. Плеханов «Мекенжайсыз хат» деген жұмысында ары қарай дамытты. Ол балалар ойынын өнердің пайда болуын қарастыра отырып зерттеді. Әр халықтың ойындарының мазмұнын талдау (негізінен ерте дүниенің) оған ойын адамзат тарихында өнер сияқты еңбектен кейін және соның негізінде пайда болғандығы туралы тоқтамға келуіне мүмкіндік берді. Ойында адамдардың еңбек іс-әрекеті көрініс табады. Еңбек ету процесінде кездескен іс-әрекеттерден алған сезімдерін қайталауға деген ынта ерте дүние адамдарын салт-дәстүр ойындарына, биге, әнге алып келді. Сонымен, Г. В. Плеханов ойынның көпғасырлық тарихы бар және еңбектің негізінде алғашқы қоғамда пайда болған деген қорытындыға келеді.
Жеке адам өмірінде ойын, Г. В. Плехановтың пікірінше, еңбектен бұрын болды. Мұнда ойынның әлеуметтік орны бар: ол «мәдени мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші құрал» болып саналады, балаларды еңбекке дайындайды.
Г. В. Плехановтың ойлары жаңа буын ғалымдардың еңбектерінде дамытылды, оларды толғандырған мәселе: бала өмірінде оның келешектегі еңбек іс-әрекетке дайындайтындай ойын іс-әрекеті әрқашан да болды ма?
Д. Б. Эльконин рөлдік ойындардың тарихи пайда болуы мен оның дамуы туралы болжам жасады. Ол адамзат өмір сүре бастағанда балалар ойыны болған жоқ. Еңбектің және оған қажетті құралдардың қарапайымдылығынан балалар үлкендердің жұмысына өте ерте араласа бастады (жеміс, шөптің тамырларын жинау, балық аулау және т. б. ) .
Еңбек құралдарының күрделенуі, аң аулауға, малшылыққа, жер өңдеуге көшу баланың қоғамдағы жағдайының өзгеруіне алып келді: ол енді үлкендердің жұмысына тікелей араласа алмады, өйткені оған білім, білік, және т. с. с. қажет болды. Үлкендер балаларды еңбек әрекетінде жаттықтыру үшін ойыншықтар дайындай бастады (садақ, найза, арқан және т. б. ) . Ойын-жаттығулар пайда болды, олармен ойнау барысында бала қажетті еңбек құралдарын пайдалануға дағдыланды, өйткені ойыншық солардың моделі болды.
Д. Б. Эльконин әртүрлі кәсіпорындарының пайда болуымен, техника мен күрделі еңбек құралдарының дамуына байланысты ойыншықтар олардың моделі болудан қала бастады деп атап көрсетеді. Олар функцияларымен емес, сыртынан ғана еңбек құралы сияқты болды. Басқаша айтқанда, ойыншықтар еңбек құралының бейнесі сияқты болды. Мұндай ойыншықтармен еңбек ісінде жаттығуға болмайтын болды, бірақ оларды бейнелеуге болады. Рөлдік ойындар пайда болды, одан кішкене балаға тән қанағаттанғандық алады, үлкендердің өміріне белсене қатысуға ұмтылады. Шынайы өмірде мұндай араласу мүмкін болмағандықтан, бала қиялындағы ситуацияда үлкендердің амалдарын жүріс-тұрысын, өзара қарым-қатынасын қайталайды. Яғни, рөлдік ойын ішкі, туа біткен инстинктің әсерінен емес, қоғамдағы бала өмірінің толығымен анықталған әлеуметтік жағдайларының нәтижесінде болады. Үлкендер өз кезегінде арнайы жасалған ойыншықтардың, ережелердің, ойын техникаларының көмегімен балалар ойынының таралуына ықпал етеді, олар ойынды қоғам мәдениетінің бір бөлігіне айналдыра отырып ұрпақтан ұрпаққа жеткізеді.
Сонымен, ойын туралы заманауи психологиялық-педагогикалық ғылыми көзқарастар тарихи шығу тегіне, әлеуметтік табиғатына, адамзат қоғамындағы мазмұны мен атқаратын міндетіне негізделеді.
Психологтардың (Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн, Д. Б. Эльконин және т. б. ) ; педагогтардың (М. Я. Басов, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, К. Д. Ушинский және т. б. ) зерттеулері ойын өзінің мотивтеріне, шығу тегіне, мазмұнына, құрылымына, функцияларына қарай әлеуметтік екендігін көрсетті.
К. Д. Ушинский өзінің «Адам тәрбие пәні ретінде» деген еңбегінде ойынды «өзін қоршаған айналасындағы дүниенің барлық күрделілігіне кірудің бала үшін шамасы келетіндей тәсіл» деп анықтама берген. Оның пікірінше, балалар ойындары қоршаған әлеуметтік ортаны бейнелейді.
А. Н. Леонтьевтің, Д. Б. Элькониннің зерттеулері көрсеткендей, мектеп жасына дейінгі кезеңнің барлық уақытында ойынды дамыту ойыннан шынайылық, үлкендердің ісін қайталау, рөлдік ойнау, адамдар арасындағы қарым-қатынастың көрінісі бағытында жүреді. Сонымен, ойын арнайы жасалған жағдайда адамдардың өзара қарым-қатынасын анықтау және модельдеу құралы болады, яғни әлеуметтік тәжірибені меңгеруге қызмет ете бастайды.
Авторлардың пікірінше, балар ойынының мазмұны оны қоршаған шынайы ортаның бейнесі - үлкендердің кәсіби іс-әрекеті, олардың өзара қарым-қатынасы, балаларға көзқарасы және т. с. с. болып табылады. Д. Б. Эльконин ойында «тікелей утилитарлы іс-әрекет жағдайынан тыс адамдар арасында әлеуметтік қатынастар жасалады» деп жазды.
Ойын, зерттеушілер атап көрсеткендей, шынайы өмірді бейнелеу жағынан да және оны жүзеге асыру тәсілдері жағынан да әлеуметті. Ойын әрекетін, В. В. Давыдов, А. В. Запорожец, Н. А. Короткова, Н. Я. Михайленко, Д. В. Менджерицкая тұжырымдарына сәйкес, бала жасамайды, үлкендердің көрсетуімен болады, олар баланы ойнауға үйретеді, ойын амалдарының қоғамда қалыптасқан тәсілдерімен таныстырады. Үлкендермен қарым-қатынаста әртүрлі ойындардың техникасын меңгеру арқылы, бала ойын тәсілдерін түсініп басқа жағдаяттары қолданады. Ойын қозғалыс әрекеті, ол баланың өзіндік шығармашылық түріне айналады, ал бұл оның дамуы үшін тиімді себеп болады.
Сонымен, ойынның мектеп жасына дейінгі баланың жетекші іс-әрекеті ретінде баланың психикалық дамуында өте үлкен маңызы бар. Ойын әрқашан педагогтар мен психологтардың назарынан тыс қалған емес. Балалар ойыны саласындағы көрнекті психологтар, теоретиктер Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн, Д. Б. Эльконин. Педагогикада ойын теориясын белсенді түрде қарастырған К. Д. Ушинский, Р. И. Жуковская, Н. Я. Михайленко, Н. А. Короткова, С. А. Шмакова және т. б. Түрлі ойындардың маңызы мен оларды дамыту жолдарын қарастырған В. Н. Аванесова, Н. В. Артемова, З. М. Богуславская, Н. Я. Михайленко, Е. Н. Радина, И. Сорокина және т. б. Көркем өнерге тәрбиедеудегі ойынның маңызын Н. А. Ветлугина, Н. П. Сакулина және т. б. зерттеген. Шетелдік психология мен педагогикада ойынның ерекшеліктерін Э. Берн, Д. Дьюи, Ж. Пиаже, З. Фрейд, Э. Фромм, И. Хейнзорге өз еңбектеріне арқау еткен. Олардың еңбектерінде
әрекет ретінде ойынның мәнін, тұлға онтогенезіндегі оның рөлін, әлеуметтендіру процесінде - адамның қоғамдық тәжірибені меңгеру және пайдалану орнын түсінудің түрлі тұжырымдамалары баяндалған.
Пәннің мақсаты мен міндеттері
1. Пәннің мақсаты және міндеттері.
2. Ойынның әлеуметтік мәні.
3. МЖДБ әрекетін ұйымдастыру формасы.
4. Халық тәжірибесінде ойын тәрбиелеу құралы.
Функция - бұл міндет, іс-әрекет аясы, рөл, амалдар жиынтығы.
Ойын іс-әрекеті, С. А. Шмаковтың пікірінше, - адам жаратылысының таң қаларлық феномені. Адамзат практикасында ойын бірқатар функциялар орындайды.
Әлеуметтік-мәдени функция. Ойын - баланы әлеуметтендіруде ең күшті құрал. Ол тұлғаның, оның қасиеттерінің, мінез-құлқының, еркінің қалыптасуына әсер етеді; балалардың білім, білік, құндылықтарды, тәртіп нормаларын, қарым-қатынас амалдарын меңгеруге көмектеседі. Ойындағы әлеуметтік тәжірибені меңгеру балаға кез келген қоғамдастықтың (балалардың, үлкендердің) толық құқылы мүшесі ретінде міндеттерін атқаруға мүмкіндік туғызады. Ойын - мәдениет эталоны, ұлт ерекшелігін, оның салт-дәстүрін толық бейнелейтін, бақыланатын феномен. Ойын әлеуметтік тәртіптің типтік дағдыларын, құндылықтардың өзіндік жүйелерін, кооперацияны, топтық немесе жеке амалдарды бейнелейді. (Мысалы, итальяндықтар өздерінің ұлттық белгілерін карнавалдарда, театрларда іске асырады. Испандықтар корридде еркінсиді) .
Ұлтаралық коммуникация функциясы. Ойындар - жалпы адамзаттық құндылықтар банкісі. Олар - әмбебап, әртүрлі ұлт қоғамдастығы оларды жеңіл меңгереді. Бұл - бір-бірімен қарым-қатынас жасуға жағдай жасайтын жалпы қабылданған тіл. Ойындар өмірдегі әртүрлі жағдаяттарды модельдеуге, келіспеушіліктен шығуға мүмкіндік береді, эмоцияны түрлендіріп отыруға үйретеді, сезімнің бүкіл бір гаммасын бойға сіңіреді. Бұл адамның тұлға ретінде өзін-өзі көрсетуі. Оның үстіне балаға ойынның нәтижесі емес, процесі маңызды. Ойын іс-әркетке, практикаға өз тәжірибесін қолдану мен тексерудің тәсілдерін көрсететін жол. Ойын нәтижелері баланың практикалық әрекетін жетілдіруге ауысады. Мектеп жасына дейінгі балада нақты белсенді өмір үшін тәжірибе аз, сондықтан ойын - өз түсінігіндегі ситуацияда белсенді іс-қимыл жасауға, үлкендерге тән рөлдерді орындауға мүмкіндік. Үлкендердің рөлі бұл процесте - айналасындағы заттар мен құбылыстарды түсінуге, оларды өзінің ойнау контекстіне енгізуге ынталандыратын ойнау кеңістігін ұйымдастыру.
Коммуникативтік функция. Балалар қауымдастығында қарым-қатынасты ұйымдастыру функциясы. Ойын - коммуникативтік іс-әрекет, онда коммуникацияның екі жоспары бар - нақты және ойындық. 123 Ойын балаға қарым-қатынас нормаларын меңгеруге көмектеседі, оның коммуникативтік белсенділігін арттырады. Ойында балалар тез тіл табысады, тәжірибе алмасады. Қарым-қатынас жасау О. С. Газман бойынша, - ойынның негізгі энергетикалық көзі. Ойындар балада адаммен тіл табысу, араласу әрекеттерін қалыптастырады. Ойын іс-әрекетінде қоғамдық қатынас бар. Ойында әркім өзінің тұлғалық, шығармашылық, әрекеттік әлеуетін іске асырады және өз әрекетін басқа ойынға қатысушылармен ақылдасып келісуге үйренеді.
Ұжымдық ойын тәжірибесі еңбек, ұйымдастырушылық, коммуникативтік тәжірибеге ауысады.
Баланың «ойыннан тыс қалуы», яғни оны ойыншылардың қабылдамауы назар аударуға белгі болып табылады және ол мектепке дейінгі мекемеде педагогтың бұл баламен жеке жұмыс жүргізуін қажет етеді. Мұндай жұмыс орын алған ситуацияның себептерін диагностикалауға негізделеді және оны мақсатты, бағытты, ретімен және корректі түрде өзгерту қажет болады.
Ойынның диагностикалық функциясы. Ойында баланың сапалық қасиеттері, белсенділігі, білімі, білігі, оның басқалармен қарым-қатынасы, басқалардың оған көзқарасы, жанұялық ситуациясы, қорқынышы, толғанысы, эмоционалдық күйі туралы барынша ақпараттар байқалады. Бала ойында өзінің күшін, қабілетін, өзін көрсету мүмкіндігін диагностикалайды. Ойын баланың өзін-өзі тану сезімін оятады. Көпшілік ойындар «Өзіңді-өзің таны» принципінде (дидактикалық, қозғалыс, ұжымдық, компьютерлік ойындар) құрылған. А. С. Макаренко: «Бала ойында қандай болса, ол өскенде жұмыста да сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткерді тәрбиелеу, ең алдымен, ойында болады». Ойында баланың қасиеттері, өмірден алғандары, оған не жетіспейді, тәрбиеші немен шұғылдануы тиіс деген сияқты мәселелер айқын көрінеді» деген.
Ойынның терапиясы (емдік) функциясы. Бұл баланың ойнағандағы күйзелісін, толқынысын, қорқынышын сейілту функциясы. Ойын - басқалармен қарым-қатынаста, оқуда, тәрбиеде кездескен қиыншылықтарды жеңу құралы. Мысалы, әзіл-өлең, мазақ-өлең, санамақ, жаңылтпаш ойын терапиясының қуатты құралы және мәдени салт-дәстүрді жеткізуші болып табылады. Д. Б. Эльконин: «Ойын терапиясының тиімділігі баланың рөлдік ойында алған жаңа әлеуметтік қатынас практикасымен анықталады» деп көрсетті. Жаңа қарым-қатынас практикасы баланың өз проблемаларын шешуге алып келеді. Ойынның терапиялық функциясы релаксациялық функцияны 124 эмоционалдық күйзеліс, ауыр ой еңбегі салдарынан жүйке жүйесіне түскен салмақты, эмоционалдық, дене, интеллектуалдық жүкті алып тастау немесе азайтуды қамтиды. Қазіргі күнде арнайы ойын тренингілері бар («ән салатын төсектер», тыныштандыратын ойыншықтар) .
Ойынның түзету функциясы . Жеке адамның тұлғалық көрсеткіштерінің құрылымына жағымды өзгерістер енгізу функциясы. Ойын танымдық, эмоционалдық-еріктілік, іс-әрекеттік, тұлғалық сфераларды түзету, психикалық процестер мен сөйлеуді дамытудың, ойлау процестерінің, қозғалыс әрекетінің құралы ретінде жүреді.
Сарапшылар мектепке дейінгі мекемелердің педагогтарының 96%-ы психокоррекцияға мән бермейді, ойынды бұл мақсатта пайдаланбайды деп көрсетеді. Бүгінде мектепке дейінгі балалар мекемелеріне ЗПР бар балалар, яғни жанұя қарым-қатынасының бұзылуының, туғандағы алған зақымның, экологиялық, экономикалық және басқа да проблемалардың салдарынан шошынған, жүйкесі әлсіз, ызалы балалар барады. Бұл факт ойынның барлық міндеттерімен және көріністерімен қоса тағы да бір рет маңызды екендігін дәлелдейді.
Алдандыру функциясы. Ләззат, қуаныш, жағымды эмоция беру, өзара қарым-қатынаста, әрекетте сұранысты қанағаттандыру құралы функциясы. Бұл көңілдендіру, бір нәрсеге ынтасын ояту құралы. Функция жайлы жағдай жасайды, эмоционалдық хал-ахуал туғызады. Ойын - баланы өзінің тікелей шеңберінен тысқа шығаратын бірден-бір іс-әрекет. Ойын - баланың алданыштан дамуға өтетін, қиялына азық беретін стратегиялық тұрғыда нәзік ұйымдастырылған мәдени кеңістік.
Дж. Локк: «Балалар бақытты және көңілді өмір сүруі керек. Алданыш та еңбек пен тамақ сияқты қажет. Алданыш рахатсыз болуы мүмкін емес, ол көбінесе ақыл-парасатқа, қиялға байланысты. Сондықтан балаларға өздеріне ұнаған істі істеуге мүмкіндік беру қажет, тек денсаулығына және басқа адамдарға зиян келмейтіндей болуы тиіс» деп көрсеткен. Қалған жағдайларда ойынды тыйым салушылықпен байланыстырмау керек.
Э. Фроммның тұжырымдауынша: «Тура үлкен адам жұмыс істегені сияқты баланың ойнауы қажет. Ол үшін ойын үлкендердің жұмыс істегені сияқты, екеуі де бірдей жемісті. Балалар ойнай жүріп, ең алдымен, үйренеді, соңынан алданады» деп түйіндейді.
Балалардың ойындары алуан түрлі. Олар мазмұны, ұйымдастырылуы, ережесі, көрініс сипаты, балаға әсері, пайдаланылатын тәсілдері, шыққан тегі және т. б. жағынан әртүрлі. 125 Балалар ойындарының көптүрлілігі оларды классификациялауды күрделілендіреді. Ойындарды классификациялауға көптеген көзқарастар мен негіздер бар.
Ойынның психологиялық мәні
1. Ойын әрекетіне жалпы психологиялық сипаттама.
2. Баланың психологиялық дамуындағы ойынның мәні .
3. Ойында баланың жеке тұлғасының қалыптасуы.
4. Ойынның өзіндік ерекшелігі.
Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.
Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.
Ойын - балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К. Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.
Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз - жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.
Ойын - мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.
Баланың қуанышы мен реніші ойыңда айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.
Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Бірақ бала одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай «сөйтейік, бүйтіп көрейік» деуі, олардың «ойынды ойын» деп түсінуінде жатыр
А. С. Макаренко дәл атап көрсеткеніндей, үлкендер үшін жұмыс, қызмет қандай роль атқарса, бала үшін ойын да дәл сондай роль атқарады. Бала ойында қандай болса, өскенде жұмыста да сондай болмақ. Сондықтан баланың қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойын кезінде өтеді. Бала неғұрлым жас болса, олардың іс-әрекетінде ойын да соғұрлым үлкен орын алады.
Төменгі сынып оқушыларымен жұмыста ойынның маңызын жеке бағаламаған мұғалім, өз жұмысында үлкен табыстарға жете алмақ емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz