Ойын – математика пәні сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық белсенділігін арттырудың құралы
Ойын – математика пәні сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының
шығармашылық белсенділігін арттырудың құралы.
Қазіргі заманғы педагогикалық ой-тұжырымдарда гуманизм
идеялары еркін білім беру, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның
шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса,
қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық
саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-
жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу
тек шығармашыл адамның қолынан келеді.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы
тиіс. Олар:
- Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
- Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы;
- Ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жетуі;
- Шығармашылық іс-әрекетке жағдай тудыру;
Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз – оқушыны
ойлауй білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған
бүлдіршіннен шығармашылық іс-әрекетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен
жөн. Ал, ойлай білу балалар үшін өте қиын іс екені белгілі. Сондықтан ол
қиындықты білдірместен, баланың жан дүниесіне, қабілетіне нұқсан келтірмей
алып шығу ұсаздың абыройлы да жауапты ісі. Оқушылардың күнделікті оқу
материалын қабылдауын қызықты да, тартымды ететін, олардың шығармашылық
ізденісін шыңдай түсетін, оқу үрдісінің бірден-бір тиімді тәсілі – ойын
болып табылады. Ойын тәсілдері таным қызметінің эмоционалды және тиімді
жаңа жақтарын біріктіреді. Бұл бала үшін табиғи дұрыс тәсіл. Ойын кезінде
бала өзінің нақты өмір тынысын, шынайы табиғатын танытады. Бұл оқушының
оқиғаға деген ынтасын арттырып, ойлау қбілетін, қиялын дамытады. Ойын –
шығармашылық ізденіске жол бастайды, қабілетін қалыптастырады. Осы жерде
белгілі ғалым психолог Д. Б. Элькониннің айтқаны ойға оралады: Ойын –
баланы ешкім, ешқашан үйрете алмайтын нәрсеге үйретеді. Бұл нақты өмірге,
кеңістікке, құбылыстарға, адамның іс-әрекетіне бағдар беретін зерттеу
тәсілі. Ойын үрдісі кезінде балалар зерттеу, т сараптама жасау, оқу арқылы
өмірге, әлемді танып білуге бағалауға үйренеді..
Ойын дегеніміз ұшқын білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар
оты деп В.Ф. Сухомлинскийдің айтқанындай ойын ақылды, ойды, тапқыр
алғырлықты дамытады.
Ойынсыз ақыл- ойдың қалыпты дамуы да жоқ, және болуы да мүмкін емес.
Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспеттес. Ол арқылы баланың
рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған, дүние туралы
түсінік алады.
Математикалық ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға
жетелейтін, адамға қиялмен қанат бітіретін осындай ғажап нәрсе, ақыл-ой
жетекшісі.
Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдылық
белсенділік арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Алайда
ойынды үнемі оқу процесіне пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын
белгілі бір уақытта жүзеге асырылып, сабақ кездерінде нұқсан
келтірмейтіндей жымдасып жатуы тиіс. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы
қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып,
білімін жетілдіреді.
Сабақ жоспарларын қарастыру кезеңінде ойынның ережелері құрылады,
атрибуттары дайындалады. Бұл процеске оқушылар да тартылады.
Ойынды әрекеттің басқа түрлерінен шартты болуы ерекшелендіреді,
өйткені қызығушылық – шарттылық жағдаят туғызу арқасында әрекет ойын
өзгешелігіне айналады. Сондықтан керекті шарттар не арқылы туатынын ескере
отырып, ойындарды мынадай топтарға бөлуге болады:
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын
ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы
ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, ұлттық ойындар, т.б.
Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне
көмектеседі.Оқу үрдісінде кеңінен қолданылатын ойынның тағы бір түрі ол-
дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта-
ықыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік, дағдыны
қалыптастыру. Дамытушы ойындарға қойылатын бірінші талап – оқушының
танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.
Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:
а) балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру.
ә) баланы басқалармен жарыса білуге үйрету.
б) білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге қамтамасыз
ету.
в) ойын барысында балаға жаңа білім, білік дағдылардың қайнар көзіне жету
г) баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім, білік,
дағдыларымен сәйкес келетіндігі.
Сабақты біріңғай әдістермен жүргізе беру оқушыларды жалықтырары
сөзсіз. Егер арасында ойын араласып келіп отырса, оқушылар сабақ мазмұнына
аса назар аударып, тез қабылдап, ұғып алады.
С.А. Шмаковтың анықтауы бойынша ойын төрт түрлі қырымен сипатталады:
- еркін дамытушы іс-әрекет, ол әрекет белгілі бір нәтиже үшін емес,
баланың қанағаттануына байланысты.
- әрекеттің эмоционалды жағынан көтеріңкі болуы, яғни жарыстық орын алуы.
- ойынның мазмұнын сипаттайтын қағидалар.
Жоғарыда аталған белгілерге байланысты ойынның бастауыш сынып
оқушыларының білімін берік меңгеруіне тигізетін әсерін анықтау үшін
біздер мына сұрақтарға жауап іздедік: Бастауыш сынып оқушыларының оқу
әрекетін ұйымдастыруда ойынның құрылымы қандай болмақ? Оқушылардың
белсенділігін арттыру үшін ойынды қалай пайдалану керек? Ойынды бастауыш
сынып оқушыларының жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қалай
қолдану қажет? Сол сияқты тағы басқа сұрақтарға жауап іздеу барысында
біздер әртүрлі бастапқыларға талдау жасауды мақсат көздедік.
Ұлы Абайдың Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма? деген
пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Бастауыш сынып
оқушыларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы
туралы белгілі ғалымдар өздерінің еңбектерінде айтып кеткен: Ж.
Аймауытұлы, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров, Т. Тәжібаев т.б.
Бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті – оқу, қарым-қатынас, ойын
және еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы
дамытады. Оқу – білім алу мен білік,дағдыны қалыптастырса, қарым-қатынас
– бұл балалардың бірін-бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын
арттырады. Ойын – пәндік әрекеттерді жетілдіріп, бірлесіп жұмыс жасай
білуге дағдыландырады.
Я. А. Коменский Ұлы дидактика деген еңбегінде 6 жастан 12 жасқа
дейінгі жас кезеңін өнерлі және қамқорлық тәрбие мектебі деп атайды. Бұл
кезеңдерде балаларды нақты, түсінікті ана тілінде білім беру керек.
Сонымен қатар білім балалардың есінде қалатындай болуы тиіс. Бұл кезеңде
балалар қиындықты сезінбейді, сол себептен оларға оқу әрекеті жеңіл болып
көрінеді. Осыған орай бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін
жеңілдетудің бірден-бір құралы ретінде ойынды атауға болады.
Бастауыш сынып оқушылары еліктегіш, жаңаны жаны сүйгіш келеді.
Сондықтан мұғалім сабақ барысында ойын түрлерін пайдаланып отырса,
оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, алған білімдерін өмірде қолдана
білу мен ізденімпаздық дағдылары жетіле түседі.
Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп
отырған білімін аса зор ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне
көмектеседі. Өйткені бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне
байланысты олар ойынға өте ынталы келеді. Ойын барысында балалар тез
сергіп, тапсырманы жылдам, дәл орындауға тырысады.
Төменгі сынып оқушыларына ойын түрлерін қолдану, оқушылардың пәнге
деген қызығушылықтарын арттырып, сабаққа белсенді түрде қатысып,
түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.
Ойын түрлерін мұғалім сыныптан сыныпқа өткен сайын дидактикалық
деректіден дерексізге, жеңілден ауырға, жақыннан алысқа деген принципті
негізге ала отырып, бірте-бірте күрделендіре жүргізуіне болады.
Мүмкіншілігіне қарай, әр тақырып бойынша ойын түрлерін қолданып сабақ
жүргізу, мұғалімнің шеберлігін шыңдап, сабақтың сапасын арттырары сөзсіз.
Ойыннның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып білімді берік
меңгерту болса, мұғалімнің міндеті – сол ойын түрлерін пайдалана отырып,
оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенеділігі мен тіл байлығын
арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.
Баланың ақыл-ойының дамыуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес,
танымдық іс-әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге есте сақтау,
ойлау, елестету, танымдық, шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас
қамтиды. Бала дамуы үшін есте сақтау мен ойлау қабілетінің мәні өте зор.
Бұлардың бастауыш сынып оқушыларының әрі қоршаған орта мен өзі туралы
білімді меңгеру, мінез-құлық нормаларын игеруі, білім, білік дағдысының
қалыптасуы, есте сақтау және ойлау қабілеттерімен тығыз байланысты. Сөз
бен сөйлеу әрекеті ойлау құралы болып табылады. Өйткені ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz