Ойын - мәдениет феномені


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Ойын - мәдениет феномені. Ол - оқытады, тәрбиелейді, дамытады, ойын-сауық, демалыс уақыттарын сыйлайды. Бала өмірін ойынсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да педагоктар мен психологтардың негізгі мақсаты-ойын процесінде баланың жан - жақты дамуы, танымдық қызығушылығын арттыру, тілін дамыту т. б. Ойын әрдайым оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнына сәйкес таңдалынады. Бұл классификацияға төмендегі ойын түрлерін көрсетеміз:

  • сенсорлық тәрбиелік ойындар.
  • сөздік ойындар.
  • табиғатпен таныстыру ойындары.
  • математикалық ұғымдарды қалыптастыру ойындары.
  • дидактикалық ойыншықтармен ойындар.
  • үстел-үсті ойындары.
  • сюжетті -рөлді ойындар.
  • саяхат-ойындар.
  • ойын-тапсырмалар.
  • ойын -сөйлемдер.
  • жұмбақ ойындар.
  • диалог-ойындар.
  • қимылды ойындар. т. б

Сабақ өткізгенде ойын тәсілінің мына негізгі принціптерін ескеру тиіс:

  • Өтетін материалды игергенде бала тапсырманы ойын ретінде қабылдауы, қызығушылығының арттыру.
  • Ұжымдық, яғни балалар ұжымын біріңғай топтастыру.
  • Жеке және топтық тапсырмаларды қарсыластарынан бұрын шешу арқылы уақытты үнемдеу және достарына үлгі болу.
  • Әр ойынның мазмұнында жаңа элементтер болуы тиіс.
  • Балаларға ойынның пайдасын айтпау керек.
  • Ойын ол сабақ емес, ол жаңа тақырыпқа балаларды қатыстыратын ойын әдісі.
  • Тәрбиешінің эмоциясы сол іс-рекетті қалай сезінуіне байланысты болуы керек.
  • Ойын-ол диогностика құралы, бала ойын кезінде барлық жағымды, жағымсыз қасиеттерін көрсете алады.

Ойын кезінде баланы мәжбүрлеуге, ойынды бұзған балаларды бұл жерде жазалауға болмайды. Ойын соңында талдау жасап кім өзін қалай ұстағанын айтады. Баланың тілін дамытуда ойын мен ертегінің бала жүрегінің сабақта өте қуанышты жағдайын көрсетеді. Айтқым келіп отырғаны негізгі мақсат танымдық іс - әрекет қана емес, жеке қасиеттерін қалыптастырып ауызша жауап беру арқылы тілін дамыту. Ойын терапияны алғаш қолданған ағылшын психологы Анна Фрейд екінші дүние жүзілік соғыста Лондондағы бомбылауда зардап шеккен балалармен жұмысында көрсетті. Егер бала ойын кезінде өзінің уайымын көрсете, сөзбен жеткізе білсе ол қорқыныштан, уайымнан арылады.

Ойын - балалар үшін тек сөз емес, ол тіл, сондықтан балаға дер кезінде көңіл бөле білу керек. Ойнап отырған жалғыз бала және ойнап жүрген балалар тобы педагогикалық тұрғыдан қарағанда екі түрлі жайт. Ойын балалар үшін айналадағыны танып білу тәсілі. Ойынның негізгі ерекшелігі. Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым -қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар:ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.

Ойын бала үшін нағыз өмір. Олай болса тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастыра білу қажет. Ол балаларға жақын болуға, олардың ойындарының сүйікті қатысушысы болуға тиіс. Ойын көбінесе серуен кезінде ұйымдастырылады. Сондықтан аулада арнаулы құрылыстар, ғимараттар, кемелер, автобустар, көптеген құрылыс материалдары күректер, доптар, секіргіштер болуға тиіс. Ойын сонымен бірге сабақ кезіндегі оқытумен де тығыз байланысты. Ойын ешқашан да өзінің қызықтылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді. Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті - рольді, драматизиялық, дидактикалық, құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.

Сюжетті - рольді ойындар мектепке дейінгі балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Ол балалар өміріне елеулі орын алады. Сюжетті-рольді ойындарының ерекшелігі сол, оны балалар өзі жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті - рольді ойында бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеттері болып табылады.

Драматизиялық ойындарда мазмұн, рольдер, ойын әрекеті қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің т. б. сюжеті мен мазмұнына сәйкес болады. Ол сюжетті - рольді ойынға ұқсас. Драматизия ойынында балаға қандай да болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек ол үшін ойынның шын мәнінде ойын болғаны дұрыс.

Құрылыс ойыны - балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан тірлі құрылыстарды және соларға байланысты іс-әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті - рольді ойынға ұқсас келеді және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу - қоршаған өмір. Құрылыс ойындарда олар қоршаған заттардың, құрылыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге өздерінің шығармашылық ойын, жобалық міндеттерінің өзіндік шешімін енгізеді.

Дидактикалық ойын формасы кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Ойын өлең мен қимылды ұштастыру негізінде жүргізіледі. Мысалы: «Сиқырлы қақпақтың сырын ашайық» деген ойында ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті - қақпақтың астында не бар екенін білу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БӨЛІМ ҚАЗАҚ ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ
Сыбайлас жемқорлық тәртіптің психологиялық тетіктері
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫН ДАМЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Корпоративтік мәдениетті және ұйымдағы жаңа еңгізілімдерді басқару
ХХ ғасыр мәдениеті туралы
Баланы ойын үстінде тәрбиелеу және дамыту
Ойын-өмір мектебі
Ойын технологиялары
Философия (лекциялар)
Іскерлік туризм туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz