Ойын технологиясы – оқушының таным белсендігін жетілдіру құралы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Ойын технологиясы - оқушының таным белсендігін жетілдіру құралы.

Орындаған: Азаматова Гүлжауһар Есенәліқызы

Жетекшісі: Молдабаева Сәрсенкүл Жәнділләқызы

Түркістан гуманитарлық - техникалық колледжі

Қазіргі таңдағы білім стандарты оқытудың жаңа технологияларын, яғни инновацияларды қажет етеді. Инновациялар - еніп жатқан жаңалықтар. Бірақ ол жоқтан барды жасау емес, тиімді әдістердің пәнді оқытудағы қолайлығы болып табылады.

XXI ғасыр балалары өте зерек, ақылды, сауатты. Сол себепті оларға баяндап, мазмұндап қою жеткіліксіз. Мұндай тәсіл баланың пәнге деген қызығушылығын жоюы мүмкін. Сондықтан қазір жаңа оқыту технологияларын, озаттардың тәжірибелерін пайдалана отырып білім берудің шыңына жетуіміз қажет. "Келер ұрпақ алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз" - деп Н. Ә. Назарбаев айтқандай жеткіншектерге білім беруде тәжірибе алмасу қажет - ақ

Қазіргі таңда білім беруде жаңа технологиялар көптеп қолданылуда. Соның ішіндегі маңыздысы танымдық процестерді, ойлауды арттыратын жаңа технологияның бірі -ойын арқылы оқыту.

Баланың даму процесінде ойын оқушыларда әрекетті пайда қылады, әрі пәнге деген қызығушылығы артады, дүние танымы кеңейеді. Осылайша оқушылардың ой - өрісін ойын арқылы дамытуға болады.

Ойынның қалыптасуы "құпиясын" ашуға сан жүздеген жылдар бойы әртүрлі ғылыми бағытта ғалымдар қалам тартқан. Оның шығуы туралы айтылған ой - пікірлер көптеп кездеседі. Пікірлердің біріне сүйенсек, ойын адамдардың бос уақытынан туған нәрсе және олардың әлеуметтік - мәдени мәселелеріне байланысты деген пікір болған.

Ойын бір қарағанда пайдасыз болып көрінеді. Солай бола тұра, қажетті, өмірдің керемет құбылыстарының бірі. Ойын өзіне қызықтыра, тарта отырып, ғылымда қиын, күрделі мәселе болып табылады. Ойын әрекетін К. Д. Ушинский, П. П. Блонский, С. Л. Рубинштейн, Д. К. Эльконин т. б. жете зерттеді. Шетелдің әрқилы зерттеушілері мен ойшылдары: К. Гросс, Ф. Шиллер, Г. Спенсер, К. Бюлер, З. Фрейд, Ж. Пияже т. б. ойын теориясын өздерінше (біріне - бірін қосып жиынтық ретінде) қарастырған.

К. Гросс теориясы аса ықпалды теория болған. Оның ойынша ойынның мәні, мұнан әрі маңызды әрекетке, дайындыққа қызмет етеді; ойында адам, жаттыға жүріп, өзінің қабілетін жүзеге асырады. Бұл теорияның құндылығы - ойынды жетістікпен тығыз байланыстыруда болған. Г. Спендердің теориясында, ойынның артықтығы өмірде, еңбекте жұмсалмаған мол күштер өзін ойында деп көрсетіледі.

Л. С. Выготский мен оның ізбасарлары ойындағы жалпы мақсат адам ойнай жүріп, шынайы жағдайдың орнына өзіне алдамшы жағдай жасап алады және өзі сол жағдайға сай белгілі бір рол ойнайды.

Ойнай жүріп айналасындағыларға үлгі береді.

Адамдар ойынды ежелден - ақ оқыту әдісі ретінде, алдыңғы ұрпақтың жастарға беретін тәжірибесі ретінде қолданылып келген. Мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде, мектепте ойын кең көлемде қолданылады. Ойын адам үшін өзін түлға деп танытуды іске асыру ортасы ретінде қажет. Ойында әрбір оқушы өзінің білімін, мүмкіндігін, мінезін, өзінің іс - әрекетіне, адамдарға деген көз-қарасын көрсетеді. Ойында бала өзара байланысты бірнеше мақсаттарға жетеді.

Бірінші мақсат - ойыннан алатын рахат. Бұл мақсатта қуаныш әкелетін кез-келген белсенділікке дайын болу.

Екінші деңгейдегі мақсат - қызметтік, ол ойын ережелеріне байланысты (көріністерді ойнату) .

Үшінші мақсат - ойынның шығармашылық мақсатын көрсетеді. (Шешу, табу нәтижеге жету т. б. ) Қазіргі оқу ісін күшейту мен оқушылар белсенділік жұмысын алға қоятын мектептерде ойын мынадай жағдайларда қолданылады:

  • тақырыптарда, тіпті оқу пәнінің бөлімдерін, мағлұматтарды меңгеру үшін өзіндік технология ретінде ;
  • жалпы технологияның элементі ретінде;
  • сабақ немесе оның бөлігі ретінде (кіріспе, бақылау)
  • сыныптан тыс жұмыс технологиясы ретінде

Оқудың ойындық формасы сабақтарда оқу ісіне талаптандыру, ынталандыру құралы ретінде ойын түрлерінің әр түрлі ситуациялардың көмегімен іске асады.

Ойын - кәсіби және отбасылық өмірдің мектебі, адамдық қатынастың мектебі. Бірақ жай мектептен оның айырмашылығы, адам, ойын барысында білім ала отырып, белгілі бір жетістіктерді үйренгенін де байқамай қалады.

Ойындық оқыту баланы жалықтырмайды. Ойынның негігі қызметі - оның пайдалылығы. Ойынның әр түрінің өзіндік пайдалы жағы бар.

Ойынның әлеуметтік - мәдени белгіленуі. Ойын баланы әлеуметтендіруші ең күшті тәсіл, оның тұлға болып қалыптасуына әсер етуші және өзіне тиісті білімді, рухани құндылықты, белгілі нормаларды меңгерген адамның қалыптасуына әсер етуші әрекет. Ойынның әлеуметтік мәдени сипаты адамның мәдениет байлықтарын меңгеруі.

Ойындардың танымдық, дамытушылық қызметі мол. Ойын процесінде балалар осындай бірнеше қызметтерге араласады.

Ойында адамның өзін іске асыру қызметі. Ойын адам үшін өзін тұлға деп танытуды іске асыру ортасы ретінде қажет.

Коммуникативтік қызметі. Ойын - мақсатты және коммуникативтік іс -әрекет. Ол қатысушыларды күрделі адам қатынасының шынайы құрамына ендіреді. Кез - келген ойындық қоғам - ұжым. Ол әрбір қатысушы ойыншы мен көпшіліктің қарым - қатынасына сәйкес жүргізіледі.

Ұлтаралық қатынас қызметі. И. Кант адамзатты қарым - қатынастың өзі деп есептеді. Ойындар ұлттық, сонымен қоса ұлтаралық, жалпы халықтық болып келеді. Ойындар өмірдің әртүрлі жағдайларын жасауға, келіспеушілікті шешуде жол табуға мүмкіндік береді, өмірдегі бар нәрселерді қабылдауда сезімнің әрқилылығына үйретеді.

Ойынның диагностикалық қызметі. Диагностика - тану қабілеттілігі, диагноз қою процесі.

Ойынның ойынмен емдеу қызметі. Ойын оқығанды, қоршаған ортамен байланыс кезінде, мінез - құлқында пайда болатын қиындақтарды жеңу үшін қолданылуы керек. Ойын түрлерінің емдік маңызын бағалай отырып Д. Б. Эльконин, ойын терапиясының жері баланың ролдік ойында алатын жаңа әлеуметтік қатынасының тәжірибесімен анықталады деп жазды.

Ойынның түзету қызметі. Түзету ойындары мінез - құлық ауытқыған оқушыларға көмек көрсетуге қабілетті, сондай - ақ оларға түзетуге және топта өз қатарларымен араласуға, қарым - қатынас жасауға да көмектеседі.

Ойынның көңіл көтеру қызметі. Көңіл көтеру - бұл қандай да бір нәрсеге деген құштарлық. Ойында көңіл көтеру - ізденіс.

Ойын мативтері мен ойынды ұйымдастыру. Ойын формасындагы оқыту басқа технологияларға қарағанда әртүрлі әдістерді пайдалануға мүмкіндік береді.

1. Қарым - қатынас жасау әдісі

  • оқушылар тапсырманы бірлесе шешу арқылы қарым - қатынас жасауға үйренеді және бір - бірінің ойын қабылдауды үйренеді.
  • ортақ тапсырманы шешу үшін оқушылардың, әртүрлі мүмкіндіктері пайдаланылады. Оқушылар өз тәжірибесінде ненің пайдалы екендігіне көздері жетеді; Тез ойланатындардың, сыни - бағалаушылардың, қырағылықтардың іс - әрекетіне куә болады!

- ойын барысында бірлескен іс - қимылдың нәтижесі оқушылардың бір - біріне деген достығын нығайтады.

2. Моральдық мотивтер:

Ойында әрбір оқушы өзінің білімін, мүмкіндігін, мінезін, өзінің іс - әрекетіне, адамдарға деген көзқарасын көрсетеді.

3. Танымдық мотивтер:

  • Әрбір ойынның жақын нәтижесі бар, оқушыларды бір жетістікке жетуге, талпындырады және осы мақсатқа жету жолдарының қандай екендігін көрсетеді.
  • ойында әр топта, жеке оқушылар да бірдей дәрежеде. Ойынның нәтижесі, тек қана ойыншыға; оның дайндығына, ұстамдылығына, қабілетіне, шеберлігіне, мінезіне бағынышты.
  • жеке жауапкершіліктен айырылған оқу процесі ойын барысында жеке тұлғаға бағытталып кетеді.
  • Жетістік жағдайы танымдық дамуына қолайлы эмоцианальдық қалып туғызады. Сәтсіздік жеке жеңіліс болып қабылданбайды, ол ойындағы жеңіліс танымдық іс - әрекетке жағдай жасайды (қарымта қайтару) ;
  • Бәсекелестік - ойынның ең бір ажырамас оқушыларға тартымды бөлігі. Ойыннан алған әсер сабақта қолайлы жағдай туғызады және пәнді оқуға ынталандырады. Ойындағы құпиялылық ол - алынбаған жауап. Бұл баланы белсенді ойнауға итермелейді.
  • Жалпы мақсатқа жету барысындағы ойындық іс - әрекет ойлану қаблетінің белсенділігін арттырады. Ой тығырықтан шығатын жол іздейді және танымдық тапсырмаларды шешуге ұмтылады.

Н. К. Крупская өзінің көптеген еңбектерінде ойынның бала өмірінедегі маңызына үлкен мән берген. Қандай болмасын, әйтеуір бір нәрсеге үйретеді, ең бастысы - баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақта болуға үйретеді.

Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады дегенді айтады.

Сабақта ойын элементін пайдалану - сабақтың формалары мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын элементтерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабатарында пайдалануға болады. Ойын элементтерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді падалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.

Ойын - көпқырлы құбылыс, оны ұжым өміріндегі барлық тіршілік етудің ерекше формасы деп қарастыруға болады. Балаларды тәрбиелеп, дамытуда ойын үлкен роль ойнайды және ол баланың маңызды іс - әрекет түрі болып табылады. Кеңес педагогы В. А. Сухомлинскийдің айтуынша «ойын - бұл үлкен жарық терезе, ол арқылы баланың рухани әлеміне қоршаған орта жөніңдегі түсініктер, көзқарастар енеді. Ойын - бұл ұшқын таныммен білімге деген құштарлықтың отын жағады».

Н. К. Крупская көптеген мақалаларында ойынның әлемді тануға балалардың адамгершілік тәрбиесіне ықпалын «өз бетінше еліктейтін ойын, алынған білімді игеруге өте зор ықпалын тигізеді» - деп атап көрсетеді. Ал, А. М. Горький ойынды « . . . балаға әлемді танытатын, өзгертетін жол» ретінде сипаттайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану мақсаты
Ойын технологиясы арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары мен ынталарын арттыру
Бастауыш сынып оқушыларының ауызша монолог және диалог арқылы қалыптастыру жолдары
Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясы негізінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу деңгейін анықтау жұмыстары
Операциялық жүйені оқыту әдістемесі
Ағылшын тілі сабағында ойналынатын ойын түрлері
«Информатика сабағында ойын элементтерін пайдалану ерекшеліктері»
Ақпараттық жүйе құрылымы
Оқытудың дамытушылық және тәрбиелік сипаты туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz