Білім беру үрдісіндегі оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
 Білім беру үрдісіндегі оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру

ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілін,
қызығушылықтарын арттыру

Ойынның педагогикада,оқыту үрдісінде алатын орны Платон заманынан
белгілі болған XVIII ғасырдың өзінеде-ақ Ж.Ж. Руссо мен И.Г. Песталоцци
ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. [1]
Ойынның сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру.
Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін
айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты
болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы оқушының:
➢ Қисынды ой-қабілеті дамиды;
➢ Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;
➢ Сөздік қоры баийды, тілі дамиды;
➢ Зейіні қалыптасады;
➢ Байқампаздығы артады;
➢ Өзара сыйластыққа үйретеді;
➢ Ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды;
➢ Бір-біріне деген оқушы сенімі артады;
➢ Сабаққа қызығушылығы артады.

Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның алар орнын қазақстандық
ғалым Н. Құлжанова да [2]зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинг,
күнделікті негізгі әрекет және оның жеке өмірі, - деп дәлелдеген. Н.
Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатта пайдалану-
баланың болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеуі және өмірдің
талаптарына сай бейімделуі басты педагогикалық мақсаттар. Ғалым Бала
ойында ғана тынығып, жұмыс жасап, өсіп жетіледі. Оның ойлау қабілеті
жетіліп, қарым-қатынас жасау мүмкіндігі артатынын атап көрсеткен.
Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе,-деп М. Жұмабаев атап көрсетсе,
Ойын-баланың рухани дамуының негізі,-деп, Л.С. Выготский,Д.Б. Эльконин өз
еңбектерінде атап көрсеткен.[3,4]
Ойын балалар үшін күделі әрекет бола алады. Балаларбілімді ойын
арқылы қабылдап, үлкендерден үйренеді. Сондықтан сабақтағы ойын оқушы
білімін тыңдап, ой-өрісі кеңейте алады, білім алудағы қызығушылығы артады.
Ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін
қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, сабақтың мақсатына сай
ұжымдастырылған ойындардың берері мол.
12 жылдық білім беру бойынша мемлекеттік стандарт жобасында оқытудың ойын
технологиясына үлкен мән берілген. Пәндік, пәнаралық сипаттағы
дидактикалық және сюжеттік, рөлдік ойындар білім алушыға өзін танытуға,
жолдастарының пікірімен санасуға, көпшілік алдында сөйлеу қабілетін
үйренуге, жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Рөлдік, сюжеттік
ойындардың көмегімен білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін
қалыптастыратын оқу міндеттерін шешуге болады. Ойын қарапайым тілдік
жағдаяттарда білім алушыларды қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелейді, деп
атап көрсетілген.[5]
Сондай-ақ 12 жылдың білім беруде ұлттық ойындарға және шынайы өмірлік
әрекетпен ойналатын ойындарға мән беріледі.
Ойын арқылы оқушының білімі мен бейімін, жеке тұлғалық қасиет-
қабілеттерін арттыру мүмкіндіктері зерттелген. Ойындардың қажеттілігін
іріктеп ала білу-ұстаз шеберлігіне байланысты. Оқушының тілін дамытуда
сөздік ойындарын қолдану тиімдірек. Сондай ойындардың бірі – Керекті сөзді
тауып айт. Ойынның мақсаты-қажетті сөздерді дұрыс тауып айтуға жаттықтыру,
оқушы зейінін қалыптастыру. Мұғалім сол сабаққа қатысты жалпылама сөзді
атайды, оқушылар қажетті сөздерді атайды немесе жазады. Бұл ойын оқушыларды
талдау жасауға да үйретеді. Мысалы: тіл дамыту сабағында Заттың атаулары
деген сөз аталса, оқушылар, бірнеше сөздер айтады және сұрақтар қояды.
Жауаптарды жазады. Сондай-ақ оқушы зейінін қалыптастыруда Кім тез,
шапшаң ойынын өткізуге болады. Бұл ойынды барлық сабақтарда қолдануға
болады.
Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығы, зейіні, тілін дамыту үшін
грамматикалық ойындардың орны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіші жастағы оқушылардың зерттеушілік құзыреттілігін дамыту бойынша жұмыстарды жалпылау
Дамыта оқыта отырып, оқушылардың құзыреттілігін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының пәндік құзыреттерін қалыптастыру
Оқытуда жаңа инновациялық әдістер мен технологияны қолдана отырып оқушының құзыреттілігін қалыптастыру
Бастауыш мектеп математикасында құзіреттілікті қалыптастыру.
Құзырет - дара тұлғаның бойындағы өзара байланысты сапалардың жиынтығы
Оқушылардың сабақ барысында қызығушылығын арттыру
Көркем еңбек сабақтарында ұлттық қолөнер арқылы оқушылардың технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру
Оқушыларды сыныптан тыс креативтік шығармашылыққа баулу
Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту мәселелері
Пәндер