Ойындық фольклор жайлы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Ойындық фольклор

Ойын - балалар өмірінің нәрі. Ол жай ермек қана емес, сәбилердің рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғышарты. Бала денесінің дамуы мен ой-дүние-

сінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді «Адам өркениетке бейім болу үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалар еді», -, деп К. Чуковскийдің бала мен ойынды теңестіре жоғары бағалауда терең шындық, үлкен мән бар. Адамзатты балаларсыз елестету қаншалықты мүмкін болмаса, балаларды ойынсыз елестету де соншалықты мүмкін емес. Ойын балалар үшін өмірдің өзімен тең. Сондықтан да

ойынның тәрбиелік қуатымен теңесер күш жоқ. Ол халықтың сандаған жылдар тәжірибесінің нәрі сіңген педагогикалық даналығының жемісі.

Балалар ойыны өзінің педагогикалық маңызымен ғана бағалы емес, ол ойындарда әр халықтың көне тарихының ізі, тұрмыс тіршілігінің, еңбек, кәсібінің, әдет-ғұрпының нәрі сақталған. » . . . ойын халықтардың сонау алыс жылдардағы бағалы тірлігі жөнінде бізге аса бағалы, сенімді деректер жеткізді, оның үлкен ғылыми мәні де осында, - деп жазады ол туралы Б. П. Аникин. Салыстыра қарастырсақ, әлем халықтары балаларының ойындарынан толып жатқан ұқсастықтар мен ортақ

желілер табуға болады. Мұның себебі жалпы адамзат перзентінің табиғи ортақ қасиеттерінде деп пайымдайды ғалымдар. Сондай-ақ әрбір халықтың өзіндік ұлттық

ерекшелігін ғана танытатын сипаттар да балалар ойындарында өте мол. Бұл балалар ойындарының бастау-бұлағының қайнар көзі сол халық өмірінде жатқандығының белгісі.

Халың тұрмысының ішкі иірімдерімен дәл осылай көктей байланысып жатқан қазақ балалар ойындарына ғалымдар бағзы заманнан назар аударған. Қазақ балалар ойынының түркі тектес халықтарға ортақ ең көне үлгісін біз М. Қашқари (XI ғ. ) еңбегінен кездестірсек, белгілі Еуропа саяхатшылары мен орыстың мұратанушы ғалымдарының жазбаларында да халық ойындары мол көрініс тауып отырады. Ал А. А. Горячкии, Ә. Диваев, А. Е. Алекторов, Н. А. Мелькова, Е. А. Покровский сияқты қазақ балалар ойыңдарына назар аударған. Қазақ балалар ойындарына байланысты соңғы жылдары шығып жатқан жинақтар өз алдына бір төбе.

Қазақ балалар ойындарының бүгінгі гылыми қорда жинақталған біраз қомақты көлемі болғанмен де оларды тұтастай, жан-жақты қарастыру біздің мақсатымызға кірмейді. Біз сол күрделі балалар ойындық фольклорының поэзияға қатысты бір қырын ғана сөз етуді міндет тұттық.

Ойын және поэзия. Балалар фольклорында бұл екеуінің ара жігін ажыратудың өзі қиын. Өйткені ойындық элемент балалар поэзиясының барлығына тән. Сондықтан да

балалар фольклорын «ойындық» (иғровой»), «ойыннан тыс» («вне игровой») деп жіктеудің өзінде де шарттылық басым. Өйткені фольклорлық жанрлардың синкретті қасиеті бұл салада да айқын белең береді. Жалпы, ғылыми еңбектерде «ойын» терминнің ауқымы да әлі күнге толық анықталған жоқ.

Балалар ойындарын зерттеуші маман Д. Б. Элькониннің: «Ойьн» сөзі шын мәніндегі бұл сөздің, ғылыми ұғымы болып табылмайды. Мүмкін «ойын» сөзімен белгіленіп келген әртүрлі сападагы, алуан түрлі әрекеттердің ортасынан бірқатар ғалымдардың әлдеқандай ортақтықты табуға тырысуы сондықтан болар, біз осы уақытқа дейін бұл әрекеттердің, және ойынның түрлі формаларының шекарасып ажыратып, түсіндіре алмай келеміз, - деп жазуы да сондықтан. Әдетте бұл ұғым қимыл-қозғалыс ойындары деген төңіректе ғана өріс ашып жүр. Шындығына жүгінсек, ойын сөзінің мағыналық құлашының әлдеқайда кең, сан-салалы екендігі анық. Ойын - қимыл-қозғалыс, жүгіріс-секіріс сияқты дене ермегі ғана емес. Ол - бала тірлігінің барлық саласына сіңісіп кеткен өмірлік нәр. Бала айналадағының бәрін ойын арқылы қабылдайды, сол арқылы тәрбиеленіп, ләззаттанады, өнеге үйренеді. «Бала он жасқа жеткенше қамқорлықты талап етеді және бұл талап биологиялық заңдылық болып табылады. Ол ойынға құмар және барша болмыспен ойнайды, айнала дүниені ең алдымен ойын арқылы, ойнай жүріп жеңіл танып біледі. Ол сөзбен де ойнайды. Сөзбен ойнау арқылы ғана бала филологтар тілдің «рухы» деп атайтын ана тілінің пәріне сусындайды, оның сазды үнін жанына сіңіреді», - деп ол туралы А. М. Горький тамаша жазса, бұл ойды бала жанының терең білгірі К. Чуковский былай жалғастырады: «Д. Б. Элконин, А. . А. Усова, Д. В. Менджерицкий мен тағы басқалардың (Горький мен Макаренконы айтпағанның өзінде) еңбектерінен біліп жүрген барша ойындар категориясына ой, талғам ойындары категориясын да қосу керек, өйткені бала таспен, кубиктермен, қуыршақпен ғана емес, оймен де ойнайды. Басында сәл ғана ой ұшқыны жылт етсе, бала оны оз ойыншығына айпалдыруға бейім тұрады». Бұл ойды халықтық дәстүрлі түсінік те жоққа шығармайды. Қазақ арасында әзіл-қалжың, сөз қақтығыстарын да ойынға балайды. Сондықтап да «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле» деп мақалдайды.

Ойын сөзінің мұндай кең мағыналық қолданысының Еуропа халықтарына да тән екендігін Е. А. Покровский; де кезінде атап көрсеткен болатын. « . . . барша еуропа халықтарының тілінде «ойын» сөзі біржағынан ауыр жұмысқа ұрындырмайтын, екінші жағынан адамдарға көңілділік пен рахат сыйлайтын кең мағыналы әрекет шеңберін бейнелейді. Осылайша, бұл аса ауқымды шеңберге, бүгінгі ұғым бойынша балалардың әскери соғыс ойындарынан бастап, театр сахнасындағы қаһармандардың трагедиялық көңіл күйіне дейін, таяққа салт мініп шапқылағаннан бастап, скрипкашының жоғары

өнеріне дейінгі толып жатқан әрекеттердің баршасы сыйьп кететін болды», - деп жазады ол.

Демек, балалар ойындары бірнеше ғылым саласының басын тоқайластыратын әлі де жан-жақты зерттелмеген күрделі дүние. Оны осы күрделі табиғатымен толық қарастырған жөн. Ал оның поэзиялық өрнегіне, фольклорлық мән мағынасына тоқталатын болсақ, екі үлкен жікке бөліп саралауға болатын тәрізді. Оның алғашқы тобына, балалардың қимыл-қозғалыс ойындарына, ойынның

басталуына, жүргізілуіне, аяқталуына байланысты айтылатын яғни, ойынға байланысты өлеңдер, екінші жікке өлең-ойындар жатады. Екінші жағдайда балалар өлең сөзін ойынға айналдырады, сол арқылы тапқырлық, ұтқырлық сияқты ой жарысына түседі.

Әрекетке құрылған рольді ойындардың (ролевые игры) құрылысында өлең сөз ерекше белсенді қызмөт атқарады. Ойынға байланысты келетін өлеңдердің әрқайсысының өзіне тәуелді функциясы, соған орай мазмұны мен өзіндік ерекшеліктері бар. Осы сипаттарына қарай бұл өлеңдерді фольклоршылар мынадай ішкі жанрлық түрлерге жіктеп жүр. Ойынға шақыру өлеңдері, Қаламақ, Санамақ, Драмалық ойындар. Енді осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып көрейік.

Ойынға шақыру (Голосянки) . Ойынға құмар ауыл балаларының жалғыз ойнамайтыны белгілі, олар ауылдан ауылға жүгіріп өз серіктерін іздеп бірін-бірі ойынға шақырады. Мұндай шақырулардың балалар арасындағы тәсілдері көпақ. Олар өздері алдын-ала келісілген түрлі белгілермен ысқырып, қақпаны қағып, тас лактырып белгі берсе, кейде өздері қойға лақап аттарын атайды. Сондай-ақ мұндай шақыруды балалар көп жағдайда өлеңмен де білдіреді. Ол өлеңдерді балалар жеке-жеке де, хормен де дауыстап айта береді. Өлецңнің мазмұны көбіне баланы ызаландырып, шамына тиіп қалайда ойынға шығаруды көздейді. Мысалы, өлең текстері мынадай болып келеді:

Айдағаным торпақ,

Ала тайым жортақ.

Кім ойынға шықпаса,

Қоян журек қорқақ

Кейде өлеңге:

Әуеде ушқан алты қаз,

Атайын десем оғым аз.

Егер ойынға келмесе,

Болатбектңің басы таз, -

деген сияқты баланың аты да қосақталып айтылады. Мұндай өлеңдер ұл балалар арасында жиі айтылады. Қыздар айтатын өлеңдер:

Сәуле бізбен дос,

Қолы кунде бос.

Добын ала шығады,

Дарбазасын жаба шығады, -

деген тәрізді сыпайы мазмұнға құрылады. Олардың ішінде:

Есегі ақырады,

Қоразы шақырады.

Сарсенбай уйден шықса,

Атасы қоса бақырады, -

деген сияқты мысқыл, әжуа өлеңдер де кездеседі. Орыс фольклортану ғылымында бұл өлеңдер. «голосянки» деп аталса, 0. Сафаров оны өзбек тілінде «чарломалар» деп атады. Қазақ тіліндө халықтық термин болмағандықтан да біз бұл өлеңдерді ойынға шақыру өлеңдері деп атадық.

Қаламақ (Жеребьевки) . Балалар ойынының басталуында да өлеңнің атқарар рөлі өте зор. Көпшілік ойындардың ойнау шарты бойынша балаларға екі топқа бөлінуге тура келеді. Мұндай жағдайда балалар әр түрлі тәсілдер қолданады. Мәселен, қатарға тұрғызып санап, жұп сап бір топқа, тақ сап бір топқа бөлінеді. Осындай тәсілдің бірі қаламақ арқылы жіктелу. Мұндай жағдайда балалар арасынан екі басшы сайланады. Қалған балалар екі-екіден жұптасып кетеді. Жұптасқан балалар өзара келісіп, бір-біріне жасырын ат қояды. Сөйтіп, қойған аттарын екі жол өлеңмен екі басшыға айтып қалуын сұрайды. Олар мына тәрізді болып келеді.

  • Аспандағы жұлдыз керек пе?Судағы құндыз керек пе?Туйенің ботасы керек пе?Жердің жотасы керек пе?

- Алтын асық керекпе

- Куміс қасық керек пе?

Кейде кімге ат, кімге арба немесе «кімге шеге, кімге балға» деген тәрізді ұйқассыз қаламақтар да айтыла береді. Егіз жолдан ғана құрылатын қаламақтардың құрылысы өте қарапайым болғанмен де, сол екі жол өлеңдегі заттық ұғымдардың мәнінен бала жанының талай сырын ұғуға болады. Біріншіден, баланың әрқашан күнделікті тұрмыста таныс, өз ұғымына жақын заттарды таңдайтыны көрінеді. Мәселен, «Тұйенің ботасы, жердің жотасы», » «тебеген бие, қашаған түйе» тәрізді тіркестер тек ауыл

баласының ғана аузына түсетін сөздер. Сол сияқты бала талғамына халық шаруашылығының да елеулі әсер ететіндігі байқалады. Мәселен. «Аспандағы жұлдыз» «судағы құндыз» тіркестері бесік жырларында көп айтылатын образ болса, «Ақ сандық,

көк сандық» белгілі балалар шынының аты. Ал «алтын асық» қазақ ертегілерінде көп айтылады. Демек, қаламақтар ойынды бастаушы болуымен ғана емес, баланың ішкі дүниесінен хабар беретіндігімен де бағалы.

Қай халықтың болмасын балалар ойындарын бастауда санамақтар (считалки) басты рөл атқарады. Өзінің ерекше көп таралуымен де, балалар көңіл күйіне әсерлілігімен де, сандық көлемі жағынан да бұл жанр ойындық балалар фольклорында ерекше маңызды орын алады. Солай бола тұрғанмен де, қазақ балалары арасындағы санамақтарға осы уақытқа дейін арнайы көңіл аударылған емес. Тек олардың бірен-саран үлгілері ғана «Балдырған», «Ақ желкен», «¥лан» сияқты газет-жур-налдарда жарияланып келді. Тек 1988 жылы басылған қазақ балалар фольклорына арналған алғашқы толымды жинақта ғана санамақтар жеке жанрлық түр ретінде топтастырылып беріледі.

«Санамақ» сөзі орысша «считалки» терминінің баламасы болғанмен де, оның тікелей аудармасы (калька) емес, балалар арасында, үлкендөр аузында ертеден қалыптасқан халықтық термин. Өзбектерде «санамалар», түркмендерде де «санавыч», татарларда «санамышлар» болып бір түбірге келетін бұл терминнің мазмұны жалпы жанрлық түрдің ішкі мәнінен туғандығын байқатады. Барша халықтар санамақтарының атқаратын негізгі қызметі ортақ, ол - ойынды бастауға жетекті тағайындау және сол ойындағы әр баланың міндетін анықтау.

Кейбір сөздері қарапайым жұмбақ (заумный) болып келетін көлемі шағын ұйқасты шумақтарға ересектердің, тіпті, қайсыбір ғалымдардың да балалардың «бәлдір-бат-пағы» деп мұрнын шүйіре қарайтындары табылып қала-ды. Бір қызығы, қазбалай сұрасацьгз олардың барлығы да сол санамақты балалық, балдәурөн шақтарында ықыласпен жаттаған

болып шығады, қажет болса кейбір үлгілерін айтып та береді. Санамақты балалар тілі еркін шыға бастағаннан (3-5) ойыннан қол үзіп ересек тарта бастағанға дейінгі (13-15) жас кезеңдерінде жарыса жаттап, қызыға айтып жүреді. Балалар арасында санамақты көп

білумен және оны мәнеріне келтіріп айта білетіндігімен «беделге» ие болғандары болады. Жас өспірімдер арасында осыншалық құрметке ие болған бұл жанрдың тәлімдік мәні де өте зор. Ең алдымен ұйқасты өлеңдер баланың поэзияға құмарлығын арттырып, әдемі сөйлеуге дағдыландырса, санамақты көп жаттауға деген құлшыныс олардың жаттау қабілеттерін, танымдық ой-өрісін дамытады, ал санамақты ырғағымен айта білу мәнерлі сөйлеуге үйретсе, санамақ тәртібін бұэбай айту баланы сергектікке, байқампаздыққа, турашылдыққа баулиды.

Егер қазақ балалары санамақтарының өлең құрылысын шығу тегі жағынан сараласақ, оның ала-құла екеңдігін байқау қиын емес. Олардың ішінде мағыналың үйлесім ескеріле бермейтін балалардың өз шығармашылығының да, халық шығармашылығының басқа жанрларынан ауысып келген шумақтар да, тіпті басқа халық. балаларының (әсіресе,

орыс халқынан) репертуарынан ауысқан өлеңдер де кездеседі. Осы алуан түрлі өлеңдердің ішкі мазмұнынан балалар психологиясының ерекшеліктері та-

нылады. Егер санамақтар маэмұнына назар аударсақ, олардан қандай да бір реттілікті тану қиын емес. Бұл, әсіресе, сан аралас келетін санамақтардан айқын көрінеді. Санамақтың осы ерекшелігі туралы айта келіп Г. С. Виноградов: «Әдебиет шығармаларының. қандай түрінде болмасын сан есімдер дәл осындағыдай мол ұшыраспайды. Есептік және реттік сандар мұнда өзінше айшықталады және басқа да тілдік матөриалдармен қатар көркем шығарма көлемінде басқа мәнге ие болады», -деп атап көрсетеді. Бұл жанрдың санамақ аталу себебі де осы реттілікте:

Бірім - бірім,

Екім - екім . . .

. . . Алтым - алтым,

Алты малтам,

Алтын балтам,

Сары ала каз, -

Саңқылдауық.

Қырман тауык,

Қырқылдауық,

Сен кір, сен шык, -

деп келетін ең кең таралған қазақ санамағының сандық ретіне назар аударсақ:

Бірім - бір,

Екім - екі, -

деп онға дейін санап келіп:

Бір дегенім - білеу,

Екі дегенім - егеу,

Үш дегенім - ускі

Төрт дегенім - төсек, . . »

Деп жалғастырып кететін уату-алдарқату жырларындағы өлеңмен сан үйрету тәсілі еске түседі.

Сондай-ақ қазақ санамақтарында негізінен жұмбақ сөздердің (заумңые слова) ішінде ең жиі ұшырасатын қайырма

Бірлан,

Чірлан,

Отыз,

Қатыз,

Отыз -

тіркестері түп-тегінің де уату-алдарқату жырларындағы саусақ ойындарында жатқанын байқаймыз. Демек, санамақтардың шығу тегіне балаларға сан үйрету өлеңдері болған деген тұжырым жасауға негіз бар. Яғни бүлдіршіндер ойын барысындағы өз реттерін табу үшін алғашқы кезде ата-аналарынан үйренген сан өлеңдерін пайдаланған. Олар келе-келе түрлі өзгерістерге түсіп, балалардың өз шығармашылығымен және тағы басқа жолдармен толығьп жеке арна түзеген. Санамақтардағы ма-ғынасы түсініксіз жұмбақ сөздер де өзгеше назар аударуды қажет етеді. Г. С. Виноградовтың орыс санамақтарына байланысты «Басқа бірде-бір жанрда жұмбақ сөздер санамақтардағыдай көл-көсір, алуан түрлі және шебер пайдаланылған емес», - деген пікір барлық халықтар санамақтарына ортақ. Ғалымдардың пайымдауынша жұмбақ сөздердің шығу тегі сонау алғашқы қауымдық құрылысқа тіреледі. Ол кезеңде шаруашылықтағы құралдардан бастап, аң-құс, табиғат құбы-лыстарының көпшілігі тура аталмай, шартты атауларға ие болған. Санамақтарда сол дәстүрдің сарқыны бар. Балалар тірлігінде ол әлі күнге сол дәрежесінде көрініс тауып келеді, - деген ғылыми пайымның дұрыстығын қазақ санамақтарының

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар фольклорлық музыкасындағы жанр ұғымы
Өлең ойындар
Бaлaлaр aуыз әдeбиeтi-бaлaлaр әдeбиeтiнiң aлтын қoры
Ойындық фольклор
Қазақ жаңылтпаштарының зерттелу тарихы
Тіл дамыту жұмыстарында фольклорлық шығармалар арқылы эстетикалық тәрбие беру
Сәбилік ғұрып жыры
Жаңылтпаш - қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры
Қазақтың аңыз ертегілері, жаңылтпаштары, нақыл сөздері
Қазақтың дәстүрлi ойын мәдениетiнiң феноменологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz