Ботаникалық ресурстардың маңызы және олардың негізгі топтары


Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
Жаратылыстану факультеті
Биология кафедрасы
Ботаникалық ресурстардың маңызы және олардың негізгі топтары.
Түркістан 2009
Мазмұны
I Кіріспе . . . 3
II Қазақстанның иілік заттары бар өсімдіктер . . . 4
III Каучук өндіретін өсімдіктер . . . 5
IV Қазақстанда кездесетін негізгі дәрілік өсімдіктер . . . 6
V Бал өндіретін өсімдіктер . . . 15
VI Смола түзуші өсімдіктер . . . 16
1. Кіріспе
Қазақ халқы табиғат қорғау мәселесіне ертеден мән берген. «Елім бай болсын десең жеріңнің бабын тап» - деген қағиданы еске ұстаған ата-бабамыз жыл маусымдарына байланысты сай көшіп, орын ауыстырып отырған. Мұның мәнісі жердің шөбін қалпында сақтап, қорын азайтпауда жатыр. Ал шөптің шипалық сырын білетін адамдардың өз сырын жарияламауы, шөптің өскен жерін көрсетпеуі өзімшілдік емес, ол бағалы шөпті сақтауға байланысты.
Бұл жұмыс Қазақстан таулары мен шөлдерінде, өзен жағалары мен көлдерінде, далалары мен белдерінде өсетін жабайы және сирек кездесетін пайдалы өсімдіктер жайындағы зерттеулерді өзек етеді.
Кең байтақ қазақ жерінде заңғар таулар мен құм шөлдер, сыңғырлаған бұлақтар мен айдын көлдер, ұшы-қиырына көз жетпес далалар мен қопырыла көшетін құмдар, тақтайдай тақырлар мен ит тұмсығы өтпейтін ормандар да кездеседі. Осындай алуан түрлі табиғаты бар жердің 3, 3 процентін орман алып жатыр. Қазақстанның өзінде ғана орман-тоғай көлемі 21, 5 миллион гектар. Бұл Қазақстан Россия Федерациясынан кейін екінші орында деген сөз. Республика территориясында 6 мыңдай жабайы өсімдіктер түрлері кездеседі. Сол өсімдіктердің қысқаша белгілерін жазғанның өзінде тоғыз томдық «Қазақстанның флорасы» шықты.
Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы географиялық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді. Тіпті осыдан үш мың жыл бұрын-ақ кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған. Олардан мысал қылып, адыраспан - түйетабандар, тұқымдас, тарамдалған бұтағы мол көп жылдық шөптесінді өсімдік, жапырақтары кезектесе бітеді.
Орманды далалы аймақ Республикамыздың 2 пайызға жуық бөлігін алып жатыр - Солтүстік Қазақстан облысы, солтүстік шығыс Қостанай және азғана Көкшетау қаласының шектелген арал түрінде шағын бөлігі. Бұл аймақ жылы және құрғақ климатымен белгілі. Жауын-шашынның орташа мөлшері 250мм-ден 400 мм аралығында. Нағыз суық қаңтар айындағы орташа температура -19 /обсолюттік минимум 40° С-ге дейін/; ең жылы шілде айындағы орташа температура 18-19° С. Вегетациялық /өсіп-өну/ кезеңінің ұзақтығы 160-170 күнге созылады. Топырақ жамылғысы қаратопырақтан және сұр орман топырағынан құрылған. Өсімдіктер жамылғысы көктеректі-қайыңды орман және әр түрлі шөптесін астық тұқымдастарға бай дала. Негізгі орманды дала тұқымы көктерек және қайың, мұнда негізінен үш түрі кездеседі /қотыр қайың, үлпек қайың, қызыл қайың/. Осы аймаққа тән бұталар - тікенді раушан, дала шиесі, шәңкіш, Татар үшқаты, Қара жемісті ырғай т. б. Территорияны пайдаланудағы негізгі бағыт - шөп ору, мал жайылымы, егістікке пайдалану, ағаштарын құрылыс материалдарына, отынға жарату. Жасыл алаңқайлар мен далалы жерлердің 60-90 % жыртылған. Енді осы аймаққа тән және ерекше назар аударатын өсімдіктерді суреттеуге ауысамыз.
2. Қазақстанның иілік заттары бар өсімдіктер
Иілік заттар - тері өңдеуге қолданылатын химиялық заттар (тері илеу) . Иілік заттар минералдық немесе органикалық болып бөлінеді. Минералдық иілік заттарға хром, алюминий, цирконий, титон, кремний, темір т. б. элементтер қосылыстары жатады.
Органикалық иілік заттар жануарлар және өсімдік тектес, жасанды және синтетикалық болып бөлінеді.
Жануар текті иілік заттарға түрлі балықтардың, теңіз жануарларының жамшы жасауда қолданылатын қанбаған майлары жатады. Өсімдік текті иілік заттар өсімдіктердің әртүрлі органдарының құрамында кездесетін таннидтер. Құрылысы жөнінен иілік заттар ароматты оксиқышқылдар тектес. Таннидтер мен белоктар әрекеттескенде, окситоп және белок құрамындағы функционалдық топтар арасында сутектік байланыстар пайда болады.
Жасанды иілік заттардың - иілік қасиеті бар үлкен молекулалы органикалық қосылыстар. Бұл иілік заттар - органикалық шикізаттарды қайта өңдегенде түсетін қосымша өнімдер. Синтетикалық иілік зат немесе синтандар әр түрлі органикалық қосылыстардан алынады.
Аққайың - өзімізге белгілі елімізде кең таралған сәндік ағаштардың бірі. Қабығын, жапырағы мен бүршігін, шырынын дәрілік мақсатта пайдаланады. Аққайыңда С витамині, эфир майы, сапонин бетуларетин қышқылы, иілік заты бар. Осы себептен де аққайыңнан жоғары сапалы антисептиктер дайындайды. Оларды асқазан, ішек ауруларына, гинекология, бүйрек, қуық ауырғанда қолданады. Аққайың жапырағының тұнбасын жасау үшін кептірілген, уақталған бір ас қасық жапыраққа бір стакан қайнаған ыстық су құйып тұндырады.
Ақтал - биіктігі 25-30 метрлік ірі сәнді ағаш. Жапырағы ланцет тәрізді. Осы жапырақтарымен бірге бұл ағашты көркейте түсетін «сырғалары» өседі. Бұл өсімдік Қазақстан территориясының ылғалы мол өзен, көл жағаларында өседі. Ақталдың қабығында иілік заттары флавондар, салицин эликозиді, С витамині бар. Іш өткенде, ревматизмді, сондай-ақ өкпе ауруларын емдеуге ақтал қабығының тұнбасын пайдаланады. Халықтық медицинада ақтал қабығының ұнтағын іш өткенде, бауыр ауырғанда, неврозға шалдыққанда күніне үш рет ішеді.
Өсімдіктерде көп кездесетін иілік заттар немесе таниндер гликозидтерге біршама жақын. Олар белоктармен қосылып, су өткізбейтін эластикалық әрі берік пленка жасай алады.
3. Каучук өндіретін өсімдіктер
Таусағыз - Орта Азия мен Қазақстанның ыстығына төзімді және көп жыл жасай алатын жартылай бұта. Таусағыз дүниежүзіндегі құрамында каучугі көп өсімдік. Тамырындағы каучуктың мөлшері абсолюттік құрғақ салмағының 4-40 процентін қамтиды, жапырағы мен сабағында 0, 5-1, 5 процент каучук бар. Тамырының орташа салмағы 100-150 грамға жетеді. Каучугінің сапасы атақты хевея ағашының каучугінің сапасынан кем түспейді. Таусағыз таулы - далалық жерлерде өсетін эндемдік түр. Қаратау мен Талас Алатауларының тасты, қорымды жерлерінде кездеседі. Аздап Памирде өсетіндігі жөнінде деректер бар.
Таусағыз 1930 жылдан бастап резина өндірісіне пайдаланыла бастады. Ол жылдары Бүкілодақтық «каучуконос» басқармасы Қазақстанға каучукты өсімдіктерді іздеп, оның қорын анықтау мақсатында бірнеше экспедициялар ұйымдастырды. Бұл экспедициялық зерттеулер Сырдария Қаратауының батыс, орталық және шығыс бөліктерін және Талас Алатауының солтүстік беткейлерін қамтыды. Осы кездерден бастап таусағыз шикізаты жинала бастады.
Қазіргі кезде синтетикалық каучуктың шығуына байланысты таусағыз Қазақстанда өндірістік мақсатта жиналмайды. Пайдаланудың әсерінен таусағыз қоры азайып кеткендіктен одақтық «Қызыл кітапқа» енді. Ұлы Отан соғысы жылдарында одан алынған каучук әскери техниканың дөңгелектерін жасауды қамтамасыз етті. Басқаны айтпағанда осы қасиетінің өзі таусағызды құрметтеуге тұрарлық. Тіпті таусағызды Отан соғысынан қалған тірі экспонат ретінде сақтаса болашақ ұрпақ рахметін айтады. Сондықтан бұл тамаша өсімдіктің өскен жерлерін заказникке айналдырып, қорғауға алу керек. Ботаникалық бақтарға, парктерге, Отан соғысына қатысқандардың және батырлардың ескерткіштерінің айналасына өсіріп, туристерге, мектеп оқушыларына, жастарға таусағыздың Отан соғысы кезінде атқарған рөлін айтып беретін болса, жастарды патриоттыққа, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеуде үлкен мәні бар.
Осы күрделі гүлділер тұқымдасына жататын тағы бір каучукты өсімдік - көксағыз. Бұл бақбақтар (одуванчик) туысына жататын түр. Тек қана Алматы облысының Нарынқол және Кеген аудандарында ғана кездесетін эндем. Кеген, Текес өзендерінің аңғарларында, Саржаз селосының айналасындағы жайылымдарда кездеседі. Бұл жерлерден таралуы солтүстікке қарай - Кетпен қыратына, шығысы - Сүмбе, Текес өзендеріне, оңтүстігі Теріскей Алатаудың етегіне, батысы - Кеген өзенімен Темірлік қыратына барып тіреледі.
Көксағыздың тамырында 0, 5-20 процент каучук болады, орта есеппен 6-17 процент каучук алуға болады. Көксағыздың кіндік тамыры аздап тармақталып кетеді. Ұзынша келген жапырақтарының жиектерінде тілімдері бар, сабақтың түбіне дөңгелектеніп орналасады. Кәдімгі бақбақ сияқты гүлдерінде ұсақ тұқымдары жетіледі. Тамырындағы камбийден жасалған каучук бар сүт жолдары соңғы қабықтың паренхимасында тор тәрізді цилиндр шоқтар жасайды. Сүт жолдарын жан-жағынан негізгі паренхима клеткалары қоршап жатады. Тамырды көлденең кесіп микроскоппен қарайтын болса каучукты сүт жолдары шеңбер бойлап орналасады. Мұндай шеңбердің саны он сегізге жетеді. Тамырдың сыртқы қабығына жақын жатқан сүт жолдары біртіндеп ұйып қыртысымен араласып кетеді. Ол қабықтың өліп сылынып түсуінен кейін көксағыз тамырында тоз камбийі жасалып, бұзылған клеткаларды ішкі каучугі бар бұзылмаған клеткалардан бөліп тастап, оған қорғаныс болады. Мұндай қабаттың пайда болуы тамырдан каучук алуды аздап қиындатады.
Көксағыз тамырынан жергілікті халық сағыз жасаған, жемісіндегі «қу» деп аталатын мамығын шақпаққа (темірді тасқа соғып от шығару) оттық ретінде пайдаланған. Кездесетін жері өте аз. Қамқорлыққа алу керек.
4. Қазақстанда кездесетін негізгі дәрілік өсімдіктер.
Соңғы жылдары дәрілік өсімдіктерді зерттеу және олардың емдік қасиеттерімен халықты таныстыру ісінде республикада бірқатар жұмыстар атқарылды. Бұл жолда медициналық институттардың фармакология кафедралары, ботаника институты және басқа да бірқатар ғылыми-зерттеу институттары үлкен еңбек етті.
Әр облыстың, аймақтың халқы дәрілік өсімдіктің әр түрлі қасиеттерін өздерінше пайдалануы да мүмкін. Оның да жөні бар. Өйткені кейбір өсімдіктердің бірнеше түрлі дәрілік қасиеттері болады.
Дәрілік өсімдіктердің зерттелу жағдайлары
Дәрілік өсімдіктер жайында тұңғыш рет біздің дәуірімізге дейінгі ертедегі грек дәрігері Гиппократ (460-377) белгілі еңбек жазды. Ол өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен қолдануға болады деп есептеді.
Дәрілік өсімдіктерді зерттеу ісі ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда қолға алынып, 1878жылы Н. И. Анненко “Ботаникалық сөздік” атты кітап құрастырды. Белгілі орыс агрономы А. Т. Болотов “Экономикалық дүкен” атты журнал шығарып, дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мақалалар жариялады. 1912жылы профессор В. К. Варлихтың ‘’Орыстың дәрілік өсімдіктері ’’ атты еңбек жарық көрді.
Әлбетте, әрбір дәрілік өсімдік емдеу практикасына енгізілмес бұрын ғылыми медицинада зерттеудің ұзақ жолынан өтеді. Атап айтқанда химиялық құрамы тексеріледі, организмге әсер етуші факторы, адамның әр түрлі органдары мен жүйелерінің қызыметіне ететін ықпалы анықталады. Өсімдіктердің түгелдей өзіндегі немесе оның бір бөлігіндегі кейбір химиялық заттардың қаншалықты зиянды екені айқындалады, сонымен бірге өсімдіктің шипалық қасиеті жан-жақты тексеріледі. Содан соң әр түрлі жолмен тәжірибие жасау арқылы өсімдіктің және одан жасалған препараттардың дәрілік қасиеттеріне баға беріледі. Осыдан кейін барып қана арнаулы нұсқау бойынша дәрілік өсімдік көптеген клиникаларда сынақтан өтеді. Сынақтан сәтті өткен өсімдікті Денсаулық сақтау министрлігінің фармакологиялық комитеті халық арасына кеңінен таратуға және емдеу мақсатында қолдануға, ал оның препараттарын өндірістік жолмен жасауға рұқсат етеді. Сөйтіп көптеген өсімдіктер халық медицинасынан ғылыми медицинасынаға көшеді. Мәселен, осындай байқаудан өткен, жүрек-қан тамыры ауруларына қарсы қолданылып жүрген препараттардың 80%-тен астамы дәрілік өсімдіктерден алынған.
Дәрілік өсімдіктер жайында тұнғыш рет біздің дәурімізге дейінгі ертедегі грек философтары Гиппократ, Аристотель, Теофраст, Диоскорид және басқа ғалымдар белгілі еңбектер жазды. Кәдімгі Римде Гален және Плиний Старший дәрілік өсімдіктермен кең көлемде жұмыстар жұргізді. Азияда Үндістан, Қытай, Тибет және Араб елдерінде науқастарды емдеуде дәрілік өсімдіктерден пайдаланған.
Бұхаралық Абу Али ибн Сина, Эрандық Абу Мансур Мувафақ, харезмдіқ, ал-Беруни және басқада ғалымдар көптеген еңбектер атқарған.
Өсімдіктердің шипалық қасиеттері сонымен қатар, ботаникалық бақтарда, көптеген жоғары оқу орындарының кафедраларында және аптекалық мекемелердеде зерттеліп келеді. Шипалық қасиеті бар жаңа өсімдіктерді тауып, зерттеуде ауыл-шаруашылықғы, ғылыми техникалық қоғамының дәрілік өсімдіктер секциясы да көп іс тындырып отыр.
Дәрілік өсімдіктерді жинаған дұрыс. Бірақ оларды басқа өсімдіктерден ажырата білу де маңізды. Сондықтан бүгінгі таңда дәрілік өсімдіктерді зерттеушілердің алдында үлкен мақсат пен міндеттің негізгісі агротехникалық жолмен мәдени жағдайларда баптап өсіру болып табылады. Бұл шара Қазақстанның фармацептикалық өндірісін қажетті шикізатпен қамтамасыз етеді және жойылуға қаупі бар жабайы дәрілік өсімдіктердің генофондын сақтап қалуға мүмкіндік туғызады.
Қазақстан флорасы өсімдіктер әлеміне өте бай регион. Республикамызда 5000-ға жуық өсімдік түрі бар. Түркістан-Қаратау өңірі өсімдік және жануарлар түрлеріне бай. Зерттеу жұмыстары толық емес.
Сондықтан бүгінгі таңда дәрілік өсімдіктерді зерттеушілердің алдында үлкен мақсат пен міндеттің негізгісі агротехникалық жолмен мәдени жағдайларда баптап өсіру болып табылады. Бұл шара Қазақстанның фармацептикалық өндірісін қажетті шикізатпен қамтамасыз етеді және жойылуға қаупі бар жабайы дәрілік өсімдіктердің генофондын сақтап қалуға мүмкіндік туғызады.
Әрине, мұның барлығы дәрілік өсімдіктерден бүгінгі медицинасынада кең таралған дәрілерді алу жолдарын аңғартатын жайлар. Ал, жалпы халық медицинасына пайдаланып келген шипалы шөптермен емдеу мәселесі де бүгінгі таңда өзіндік назар аударуды талап ететін мәселелердің санатына жатады.
Дүние жүзілік денсаулықты сақтау ұйымының жарғысында: “Денсаулық-адамның саулығы мен оның дене мүшесінің кемістіксіз өсіп жетілуі ғана емес, бұл-адамның рухани, әлеуметтік жағдайлары мен барлық іс-әрекетінің қалыпты күйде болуы”деп жазылған. Денсаулықты жеке адамның денсаулығы және жалпы халықтың денсаулығы деп бөледі. Жеке адамның денсаулығын яғни, оның физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштерінің жиынтығын адамның жасына, жынысына сондай-ақ климаттық және географиялық жағдайларына байланыстыра отырып анықтайды.
Қазіргі заманда адам денсаулығын сақтау жайындағы күрес бүкіл елдің қасиетті парызы. Өсімдік-тіршілік көзі, өзегі. Біздің өлкеміз дәрі-дәрмек қоймасы. Сондықтан сан алуан шипалы өсімдіктерді білу, оның түр-түсін ажырату, мезгілінде жинап, кептіріп, олардан дәрі-дәрмек дайындауды жалпы меңгеру қажет. Дәрілік өсімдіктерді пайдалану денсаулықты сақтауға, отбасының қаражатын үнемдеуге, табиғат байлығын қорғауға көмектеседі. Қазіргі уақытта өз өлкемізде өсетін өсімдіктерді дер кезінде жинап, кептіріп, шөп қайнатпаларын дайындасақ жанға шипа, дертке дауа болары сөзсіз.
Кейінгі жылдары медицинада шөптердің емдік қасиеттері, оларды кеңінен пайдалануға ерекше назар аударылуда. Қазіргі кезде шөппен емдеу-фитотерапияны үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін дәрісіз ем-домды жасауды дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес, сондықтан оларды орынды пайдаланып, қорғай білудің өмірлік маңызы зор. ”Мың теңге тұратын дәрі шарбағыңның дәл түбінде өсіп тұр”деген халық даналығы бекер айтылмаған. Дәрі-дәрмек жасау ісінде өсімдіктердің алатын рөлі аса зор екені тәжірибеден мәлім. Сонымен қатар химиялық тәсілмен жасалатын дәрі-дәрмектерге қарағанда дәрілік өсімдіктердің артықшылығы өз алдында.
Дүние жүзіндегі барлық дәрілердің шежіресіне көз жіберсек, жүрек ауруын емдейтін дәрілердің 77%, ішек-қарын, бауыр дәрілерінің 74%, қақырық түсіретін дәрілердің 73%, рахитке қарсы дәрілердің 62% тек қана өсімдіктерден алынады.
Өсімдік-адам үшін азықтың қайнар көзі. ”Сенің денеңнің қуаты-өсімдіктің шырынында”деп медицинасы ілгері дамыған Қытай елінің дәрігері Шин Нон бекер айтпаса керек.
Өсімдіктің емдік қасиеті адам баласына ертеден белгілі. Дәрілердің барлығы дерлік өсімдіктерден алынады. Әйгілі ғалым және дәрігер Ибн Сина 700-ге жуық өсімдіктердің емдік қасиеті бар екенін анықтаған. Ол “Дәрігерде үш қару бар. Олар:сөз, өсімдік және пышақ ”. Дәрілік өсімдіктерді халық өмір шөбі деп те атайды, сонымен бірге “әр аурудың өз шөбі бар”деген. Осы айтылғандардан-ақ емдік қасиеті бар өсімдіктерді халық өте ерте заманнан-ақ қолдана бастағанын аңғаруға болады.
Өсімдіктерден алынған дәрілік препараттар химиялық жолмен алынған дәрілерге қарағанда адам ағзасындағы жасушалардың құрамына біртабан жақын.
Дәрілік өсімдіктің шипалық қасиеті әр мүшелерінде болады. Биология, медицина, фармокология және фармокогнозия ғылымдарынан хабары жоқ кезде де, халық өздеріне белгілі өсімдіктердің тамырлары мен жапырақтары және буын-бұтақтарын, дәрі-дәрмек орнына пайдаланып келген.
Қазіргі кезде Қазақстанда өсетін 100-ден астам шөп түрлерінен дәрілер дайындалады.
Дәрілік өсімдіктердің топырақ астында жататын түрлерін-тамырын, тамыр-сабағын, түйнегін және жуашығын вегетацияның ақырында, күзде немесе көктемде вегетация басталғанша жинап алған дұрыс. Бұл кездерде оларда әсері күшті заттар мол болады.
Біз дәрілік өсімдіктерді жинау үшін тамырлар мен тамыр-сабақтарды қазып алудың ең тиімді жолы арнаулы күректермен тамыр қазатын немесе бақша күректерін алып шықтық. Тамыр-сабақтар мен тамырларды жинап алғаннан кейін, топырақтан арылтып қағып-сілкіп болған соң жақын жердегі суға жудық, ағын суға жуса тіпті жақсы. Кейбір тамырларды жуудың да қажеті болмайды, өйткені кептірген кездің өзінде-ақ олардың шаң-топырақтары ұшып етеді.
Кептіру жолдары. Біз жиналған дәрілік өсімдіктерді кептірмес бұрын оларды анықтауыш кітаптарға сүйене отырып, сорттап алдық жинаған кезде ілесіп кеткен бөгде өсімдіктерден арылтып, сол сияқты осы өсімдіктердің өзінің керексіз бөліктерін мысалы: жапырақ жинағанда ілескен сабақтарын, насекомдар жеп зияндағандарын, піспегендерін, сабағы кесілмеген тамырлары мен тамыр сабақтарын алып тастадық.
Жиналған материалды сорттап бітісімен дереу кептіруге кірістік. Жиналған дәрілік өсімдіктерді желге, күн көзіне кептірдік. Ылғалды өсімдіктерді қалыңдығын 2-3см етіп жайып, күніне 1-2 рет ауыстырып отырдық. Ылғалды өсімдіктер күн көзінде 2-3 күнде кеуіп қалады.
Андыз (Аир болотный, ирный корень) .
Андыз - көп жылдық, шөп тектесөсімдік. Шыққан жері - Шығыс Азия. Алғаш рет оны Азияның батыс жағына және Европаға монғол-татар шапқыншылары алып келген. Андыздың негізгі тамыры жуан, диметрі 3см-ге жетеді. Одан өрбіген көптеген ұсақ тамырлары бар. Негізгі тамырдың сырты жасыл көк, ішкі жағы ақ. Андыздың негізгі шыққан жері Қытай мен Индияда осы гүл шоғынан қызыл жеміс сияқты тұқым пісіп, жетіледі. Қазақстан және Европа жерінде андыз тұқым бермейді, тек тамыры арқылы ғана көбейеді. Андыз негізінен алғанда батбақты жерлерде өседі.
Андыз ерте заманнан-ақ бауыр, бүйрек ауруларына қарсы, жүрек қатты соққанда және несеп айдайтын дәрі есебінде қолданылып келген. Өсімдіктің жас кезінде сығылып алынған сөлі көздің көргіштігін арттырып, кісінің есте сақтау қабілетін дамытады деп есептеген. Тіпті, іш сүзегі, бөртпе сүзек, грипп сияқты жұқпалы аурулар кезінде алдын-ала сақтану мақсатымен оның тамырын шайнайтын болған. Қазіргі кезде андыздың тамыры асқазандағы қышқыл азайғанда асқа тәбетті арттыру үшін, тоқ ішек пен өт қалтасы қабынғанда жақсы емдік қасиеті бар дәрі ретінде қолданылады.
Арша - биіктігі 4 метрге жуық, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Бұталары сұлап та жатады, кейде түзу өседіз. Жапырақтары өткір, ине тәрізді қатты, үш-үштен қосақталып тұрады. Май айында гүлдейді.
Кәдімгі арша тау беткейлерінде, құмды жерлерде, орман арасында, далалы аймақтарда өседі. Дәрі жасауүшін оның жемісін пайдаланады. Құрамында эфир майлары, қант, сірке, құмырсқа, алма қышқылдары, минералды тұздар бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz