Оқытуды ұйымдастыру формасы


Оқытуды ұйымдастыру формасы - оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен одістері бірыңғай жүзеге асады.
Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқыту-дың ұйымдастыру тәсілдері де озгеріп тұрады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке-дара, топтық және сынып-сабақтық жүйе.
Жекелеп оқыту жүйесі көне және орта ғасырларда пайдаланылды. Мұғалім жеке оқушының орындаған жаттығу жұмыстарын тексеріп, мәтінді оқытып тыңдайтын, қалай оқу керектігін көрсететін, үй тапсыр-маларын орындау амалдарын түсіндіретін, музыкалық құралдармен пайдалануды үйрететін. Дене шынықтыру тәрбиесінен жарыс және бәсеке жұмыстарын ұйымдастыратын, жеке не бірнеше оқушымен әңгіме жүргізу әдістерін де қолданатын.
Бұрын қазақ еліндегі молдалардың балаларды оқытуы да осы орта ғасырлық оқу жүйесіне өте ұқсас еді. Әр жастағы балалар молданың алдында жүгініп отырып, әр кітаптан оқыған.
Жаңа дәуірде Англияда оқытудың «белл-ланкастер» жүйесі тарады. «Сатылы» немесе «өзара оқыту» түрінің ерекшелігі: бір оқу жылында жас шамалары, білім дәрежелері әртүрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдың қай мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған. 200-300 немесе 600-ден астам оқушыны мұғалім сатылап оқытуды ұйымдастырған, түске дейін ересектерді оқытса, түстен кейін олар өз кезегінде жасы кіші оқушыларға өздерінің мұғалімнен алған білімдерін үйретіп отырған.
Америка Құрама Штаттарында XX ғ. басында «дальтон-жоспар» оқу формасы тұңғыш рет қолданылды. Бұл жүйенің ерекшелігі, оқу жеке дара, әрбір оқушының өз күшімен, белгілі бір бағдарламаларды бөлшектеп оқытуды ұсынды. Мұндай оқытуды ұйымдастыруда мұғалімнің басшылық рөлі темен болды.
Кеңсс мектебінің алғашқы жылдарында оқу ісінде балалардың бірлесіп атқаратын жұмысы ретінде бригадалық-зертханалық әдіс жүйесі ұсынылды. Бұл әдіс бойынша, оқу сыныптары 3-4 топқа бөлнді. Әр топты басқаратын бригадирлер (жақсы оқитындары және ұйымдастыруға қабілетті балалар) белгіленді. Бригадирлер өз тобындағы оқушылардың орындаған тапсырмаларын жинақтап, мұғалімге бригада атынан жауап берді. Бригадирдің жауабына қарай, бригадаға оқушылар білімінің бағасы қойылды. Мұндай жағдайда оқушының жеке басының ерекшелігімен санасушылық болмады. Мұғалім тек консультант есебінде ғана жұмыс атқарды.
Оқытудың кең таралған сынып - сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Каменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды.
- Оқушыларды сыныпқа жас шамалары мен таным қабілеттері бойынша топтастыру.
- Сыныптағы оқушылар құрамының әркезде тұрақты болуы.
3. Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алма кезек
оқыту.4. Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарламалары және
оқулықтарға негіздеу.
- Оқытуды жылдың тұрақты бір мезгілінде бастап, аяқтау.
- Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі.
Қорыта айтқаңда, мұғалім бір мезгілде жас шамалары бірдей, құрамы әркезде тұрақты оқушылар тобымен жұмыс істейді.
Неміс педагогы И. Ф. Гербарт сабақтың негізгі төрт кезеңін ұсыңцы. Мұғалімнің оқу материалын мазмұндау кезеңі, жаңа материалды өткен материалмен байланыстыру кезеңі, сабақты жаттығу әдісімен жүргізу кезеңі және қысқаша қорытыңды жасау кезеңі.
Сынып-сабақ формасы оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Себебі, ол ең алдымен мұғалімге оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде баяндауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі түрлеріне де бағыт-бағдар беріп, жетекшілік рөлін атқарады.
Сабақ - оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, ендігі жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болды. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани-адамгершілік қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді. Сабақ - күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, оңда оқушылармен педагогикалық қарым-қатынас жасау және тәрбиелеу міңдеттері іске асырылады.
2. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесі
1. Сабақтың мақсаты айқын, мазмұны, жоспары және
оның құрылымы алдын-ала белгілі болуы тиіс.
- Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажеті
- Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай ұғынымды, түсінікті болуы керек. Соңдай-ақ сабақта оқушылардың бойында біліктер мен дағдыларды қалыптастыру міңдеті жүзеге асырылуы тиіс.
- Сабақтың мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әрбір сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе.
5-. Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығуын арттыру үшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және техникалық құралдарды, түрлі ойындарды тиімді қолдану керек. «Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек»- деп Ж. Аймауытов жайдан-жай айтпағанын ескеру керек.
6. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін
проблемалық ситуациялар туғызып, проблемалық.
міңдеттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық ету
қажет.
- Сабақтың сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылар-мен қарым-қатынас жасау шеберлігін арттырып отыруы керек. Педагогикалық қарым-қатынас мұғалімге оқушылармен рухани байланыс жасауға мүмкіндік береді. Білім арқылы қарым-қатынас жасау және қарым-қатынас арқылы білім алу керек деген қағиданы іске асыру пайдалы.
- Сабақта оқушыларға білім берумен қатар оларды өздігінен білім алудың әдіс-тәсілдеріне үйрету міңдет.
- Сабақ оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметін біртұтастық принципке сай жүргізуі тиіс.
10. Сабақтың дидактикалық құрылымы немесе кезеңдері
бірізділікте, бір-бірімен өзара байланыста, бірін-бірі
толықтырып тұрулары қажет.
11. Сабаққа дайындалу және оны өткізу барысында
мұғалімнің сыныптағы, мектептегі нақтылы жағдайды
(оқу кабинетінің жабдықталуы, оқу-техникалық, көрнекі-
лік құралдарының нақты қолда болуы, тұрғылықты жер-
дегі табиғат, өндіріс ресурстарын пайдалану т. с. с) ескеріп
отыруы шарт.10. Сабақта оқушылардың жеке дара, топтың және ұжымдық танымдық іс-әрекеттері
Мұғалім сабақты пысықтау, бекіту және соған орай оқушылармен практикалық жұмыстарды орыңдау барысында олардың белсеңділігін оятуы тиіс. Әсіресе, оқушылардың қабілетімен қатаң санасып отыруы керек. Сондьықтан, олармен жеке дара немесе топтық және ұжымдық әрі фронталдық жұмыс түрлерін ұйымдастырады.
Оқыту процесі - мұғалімнің бір мезгілде барлық оқушыларды бірыңғай оқытуы болғанымен де, негізінен ол оқушьшың жеке дара жұмысының түрі. Себебі, әрбір оқушы оны өзінің шама-шарқысы, дайындық жағдайына байланысты өзінше қабылдап, меңгереді.
Соған орай жеке дара жұмыс әр оқушының өз бетімен жұмыс істеуге, білімді саналықпен ұғынуға дағдыландырады, оларды қоршаған ортадағы құбылыстардың зандылықтарын оқып білуге ықыласын тудырады, ойлау белсенділігін арттырады.
Оқушылардың жеке дара жұмыс түрлеріне:
- Оқулықпен жұмыс істеу.
- Практикалық жұмысы: ауызша, жазбаша жұмыстары (есеп шығару, шығарма жазу, диалог құру т. б. ) .
- Мұғалімнің тапсырмасы бойынша әр түрлі лабораториялық тәжірибелерді орындау.
Жеке дара жұмыс оқушыларды өз бетімен білім алуға ынталандырады, тәртібін күшейтіп, оқуға ықыласын арттырады. Сабақта оқушылардың оқу-таным әрекетін ұйымдастыруда жеке-дара жұмыс түрінен басқа олардың топтьгқ және ұжым болып жұмыс істеуінің маңызы ерекше.
Оқушьшардың топтық, танымдық жұмыстары сабақ барысында оқу міндеттерін шешуде, өзара көмекке негізделген екі, төрт, алты т. с. с оқушылар тобының белгілі бір жұмыс көлемін атқаруын көздейді.
Жұмыстың бұл түрі негізінен екі бағытта іске асады: біркелкі немесе бірыңғай (однородный) және бірнеше бөлшекке бөлу (диференция) жағдайында ұйымдастыру.
Оқушылардың бірыңғай, біркелкі оқу жұмыстары мұғалімнің барлығына ортақ бірыңғай тапсырмасын шағын топтарға бөліп өзара әрекеттесу жағдайында орындауы жатқызылады.
Ал бөлшекке бөліп оқыту - бір мезгілде бірнеше тапсырманы әр түрлі тәсілдермен оқушылардың бірнеше тобы арқылы орындалуы қарастырылады.
Жұмыстың Бұл түрі топ ішіңде оқушылардың тапсырманың мақсатын, мазмұнын, оны орындау тәсілдерін бір-бірімен өзара ақылдасып шешуі, оның нәтижесін талдауы, бағалауымен ерекшелінеді. Оқушылардың осын-дай өзара бірлесіп атқаратын оқу-танымдық жұмыстары олардың жеке дара жұмыстарына қарағаңда әлдеқандай жемісті болып келеді. Әрі уақытты аз және тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызады.
Сонымен қатар бір сыныптағы оқушылардың оқу міндеттерін топ болып шешуде өзара әрекеттесуі немесе жарысы олардың ортақ іске деген жауапкершілік сезімін тудырады.
Мұндай жұмыс барысында оқушылардың өз тобының нәтижесіне өзара әсерленуінің (переживание) маңызы ерекше.
Мұғалімнің топтық жұмысты нәтижелі ұйымдастыру шартына:
- оқушьшарды өздігінен жұмыс істеуге үйрету;
- жолдастарымен ақылдасуға үйрету;
- оқушылардың жекелеген топтарына оқу тапсырмалары жүйесінің нақты болуы;
- тапсырмаларды оқушылардың жекелеген топтарына үлестіру іскерлігінің болуы т. б.
Оқытуды осындай тәртіппен ұйымдастыру оқушылардың тәрбиесіне, атап айтқанда өздігінен білім алу белсенділігін, олардың өзара тату-тәтті ұжымдық қарым- қатынасын, жауапкершілігін, әсерленушілдігін (күйінішін, сүйінішін) т. б. әлеуметтік қасиеттерін қалыптастырады.
Оқушылардың ұжымдық жұмысы дегеніміз - ортақ мақсатты көздейтін жұмыс. Алайда, бұл ортақ мақсатқа жету жолыңда оқу әрекетінде белгілі бір өте күрделі еңбек бөлінісіне жол беріледі. Оған сыныптағы оқушылардың жеке-дара және топтық жұмыстарының элементтері кіреді.
Сондықтан ұжымдық жұмыстың ерекшелігі, өз бетімен істейтін дара жұмысқа бөгет болмайды, керісінше әрбір оқушыға өзінің аддына қойылған міндеттерін жақсы ұғынуға көмектеседі.
Фронталдық жұмыс . ерекшелігі - бір сыныптағы барлық оқушылардың бір бағытта бәріне ортақ бірыңғай тапсырманы мұғалім басшылығымен біркелкі жағдайда орындауы.
11. Мұгалімнің сабаққа дайындалу жұмыстары. Тақырыптық және жеке сабақтардың жоспары
Мектептің аса жауапты міндеті - оқушыларды ғылым негіздерімен терең және берік қаруландыру, табанды және жемісті білім алуға оқушылардың ынтасын арттыру, оларды өздерінің алған білімдерін практикада қолдана білуге үйрету және дағдыландыру болса, осы орайда мұғалімнің жауапкершілігі, оның сабақтар жүйесіне даярлануы оқу жұмысын ұйымдастыру үшін аса зор мәні бар. Жақсы жоспарланған, мұғалімнің нәтижелі даярлығын бейнелейтін сабақ сыныптағы оқу жұмысын ойдағыдай өткізудің ең жақсы кепілі болады.
Сабаққа мұқият дайындалу, оның мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесін ойластыру жұмысын әрбір мұғалім өзімнің ең басты міндетім деп сезінуі тиіс.
Егер сабақ көңілсіз өтсе, мұғалімдер сабақты босаң және енжарлықпен өткізсе, онда, сөз жоқ, Бұл мұғалімдердің сабаққа дайындалу ісіне немқұрайлылықпен қарауы, сабаққа деп бөлінген 45 минут уақытты толық әрі жан-жақты пайдалануға деген оның ұмтылысының жоқ екендігінде деп қарауға болады. (Осы орайда айта кетуге болады: 40 жыл мұғалім болып істесең де 45 минут сабағына әзірленуді ұмытпа!) .
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы - аса жауапты іс. Мұғалім өзі оқытатын пәнді қанша жақсы білгенімен, егер ол сабақтар жүйесі жөнінде тынғылықты жұмыс істемесе және әр сабаққа жеке даярланып отырмаса, оның сабақ оқытуында ірі кемшіліктері болмақ. Бұл - педагогтік стажы бар көп мұғалімдерге де қатысты.
Әрбір мұғалімнің сабаққа дайындалуы жөніндегі талап, педагогикалық процестің күрделігінен туады. Соған сәйкес мұғалімнің сабаққа әзірленуі барысында төмеңдегідей сұраққа жауап беруі керек:
- Сабақтың мақсаты қандай?
- Оқушылар қандай жаңа білімдер алуы қажет және олар практика жүзінде нені үйренеді?
- Сабақта айтылатын ойдың бастысы қайсысы?
- Бұл ойлар қандай жүйемен баяндалмақ?
- Олар қаңдай жолмен негізделмек?
- Қандай қорытындылар керек?
- Сабақта қандай әдістер және көрнекті құралдар пайдаланылмақ?
- Оқушылардың білімін тексеру үшін оларға қандай бақылау сұрақтарын беру керек ?
9. Оқушылар алған білімдерін пысықтау және практикада
қолдану мақсатында қандай жаттығулар беру керек ?
Ю. Үй тапсырмасына нені беруге болады және оны қалай
тапсыру керек.Озық тәжірбелі мұғалімдер сабаққа белгілі бір тиянақты жүйемен даярланады дедік. Ол төмендегідей кезеңдерден құралады:
а) Алдағы оқу тоқсанына оқу материалын жоспарлау.
б) Өтілген сабақтың табыстары мен кемшіліктерін есепке
ала отырып, келесі тақырыпты белгілеу.в) Кезекті сабақтың жоспарын жасау.
Мұғалім жұмысындағы мұңдай жүйелік оқу процесін үздіксіз жетілдіре беруге, әрбір жеке алынған сабақты сабақтар жүйесіндегі буын ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Оқу жұмысының мазмұнын ойластырып алу -сыныпта оқу материалын өтудің бірізділігі жөнінде айқын да анық түсінік құрып алу деген сөз. Сондықтан мұғалімнің оқу бағдарламасымен жүргізетін жұмысы оларға оқу тоқсанына белгіленген материалдың өтілуін қысқаша жоспарлап алу болып табылады. Бұлай ету оларға әр тақырып не болмаса тақырыпша шеңберінде сабақтарды неғүрлым айқын жоспарлауға мүмкіңдік береді.
Мектепе оқу материалы әрбір жарты жыл бойынша жоспарланады. Мұндай жоспардың түрін күнтізбелік (календарный) «жоспар» деп атайды. Күнтізбелік жоспар жүйесіне белгілі бір тоқсан ішіңде өтетін тақырыптар енгізіледі. Тақырыптық жоспарлау - белгілі бір пәнге қатысты оқытудың барлық формасының бірлігі мен байланысының көрінісі (Ильина, 363) .
Ол мұғалімге бір сабақтан келесі сабаққа өту барысында дидактикалық мақсаттарды анықтауда бірізділік пен жүйелілікті анықтауға септігін тигізеді, оқу материалының мазмұнындағы негізгі ойды бөліп қарауға, оқушылар мен мұғалімдердің негізгі оқу әрекетгерін белгілеуге, пәнаралық байланысты орнықтыруға, оның барысында пайдаланылатын көрнекі және техникалық құрадларын ойластыру, сонымен бірге нақтылы тақырыптарды оқыту нәтижелерін алдын ала болжауға мүмкіндік береді.
Тәжірибелі мұғалім тақырыпты зерттегенде, оқу материалын оқып біледі, осы тақырып бойынша өткен оқу жылыңда жүргізген сабақтардың тәжірибесін ескереді, жеке сабақтарға арналған тақырыптың мазмұнын жоспарлайды және сабақта тек білімдік міндеттерді ғана емес, сол сияқты тәрбие міндеттерінің шеішлуін де белгілейді.
Сабаққа осындай жүйемен даярлануда мұғалімдер оқушылардың оқу еңбегін жақсы ұйымдастырады, әрбір жеке оқушыға зейін қойып, сезімталдықпен қарайтын болады, соның арқасыңда оларға жоғары сапада білім беріп, жеке басын нәтижелі тәрбиелеуге қол жеткізеді. Себебі, сабаққа тұтас тақырып бойьшша даярлану белгілі бір оқу материалын мектепте өту үшін жақсылап жоспарлау ғана емес, сол сияқты оқушылардың ұжымдық және дара жүргізетін оқу жұмысын, сабақ үстінде оқушылардан сабақ сұрауды және артта қалушыларға көмек көрсетуді күні бұрьтн ескеруге мүмкіңдік береді.
Оқу бағдарламасының тараулары бойынша сабақтардың тақырыитарын жасап болғанан кейін, іле-шала мұғалім алдағы әрбір сабақтың мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесін толық ойластырып алады.
Жеке сабақтардың жоспары - әрбір мұғалімнің жеке сабақ құжаты: Ол мұғалімнің тақырып жөнінде алдын-ала қандай жұмыс жүргізгтіндігімен анықталады. Сондықтан тиімді жасалған жоспар - тиімді өткен сабақ болып табылады.
Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде қалыптасқан мұғалімнің жеке Жоспарының үлгісі төмендегідей:
1. Оқу бағдарламасының берілген тарауы бойынша сабақтың күні мен реттік саны анықталады. . 2. Сабақтың тақырыбы. 3. Сабақтың мақсаты.
4. Сабақтың құрылымы немесе дидактикалық кезеңдері.
- Сабақтың мазмұны.
- Оқыту әдіс-тәсілдері.
- Сабақ-құралдары.
- Үй тапсырмасы.
- Қорытынды сабақтың аяқталуы.
... жалғасыСабақтың анағүрлым негізгі бөлгі - оның тәртінші және бесінші кезеңі болып табылады.
Сабақтың әрбір құрамды буынына немесе дидактикалық элементтеріне мұғалімнің жұмсайтын уақытын көрсетудің мәні зор. Содан кейін барып оның қалған буындары мен мазмұны ашып көрсетіледі. Сабақты бұлай жоспарлау мұғалімге сабақ барысын нәтижелі ұйымдастыруға қолайлы жағдай туғызады.
Одан әрі қарай оқушылардың тәжірибелік жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдері қарастырылады. Оқыту әдістерін қолдану нақты атап көрсетіледі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz