Оқу және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мәселелері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Оқу және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында оқушыларға эстетикалық тәрбие
беру мәселелері

Эстетикалық мәдениет қалыптастырудағы мектеп пен отбасының бірлескен
іс-әрекеттерінің ерекшеліктері.
Тұлға мәдениетінің негізгі және қажетті құрамды буыны, оның
эстетикалық мәдениетінің болуын қажет етеді.
Тұлғаның эстетикалық дамуы оның барлық өмірін қамтиды. Оның дамуының
бастапқы кезеңі танымдардың – бағдарлық сипатта болады. Жастық кезеңде және
әсіресе кемелденген шақта тұлға әрекеті құрылымының сапалық тұрғыда алға
жылжуы – құндылық – бағдарламалық және ерікті іс -әрекеттілік себеп басым
болады.
Тұлғаның эстетикалық даму көрінісінің формалары бағыт-бағдар
әртүрлі болып келеді. Дегенмен, бұл бағытта тұлғаның нақтылы дамуы
көркемөнерлік тұрғыда, эстетикалық–адамгершілік және идеялық–эстетикалық
сипатта бірлікте, гармониялық үйлесімділікті сипаттайды.
Тұлғаның эстетикалық даму деңгейінде эстетикалық көзқарастар,
мұраттар, бағалау қандай дәрежеде көрініс береді, соған сәйкес оның шынайы
мінез-құлқына ықпал етеді. Тұлғаның белгілі бір эстетикалық құндылыққа
бағыты, сонымен бірге оның дара қажеті, талғамы мен бейімділігіне тәуелді
болады.
Дегенмен, тұлғаның өнерге және табиғаттың, қоғамның эстетикалық
құндылықтарына, еңбек қатынасын орнықтыру ерекшелігі тек оның сенімі мен
құндылық бағытына ғана байланысты емес, оның жан-жақты әрекеті барысында –
еңбекте, оқуда, белсенді демалысында да т.б. жүзеге асады.
Эстетикалық тәрбиеде оқушылардың белсенділігін арттыра отырып,
олардың эстетикалық санасын, қажеттілігін ояту, өмірдің барлық саласындағы
эстетикалық құндылықтарды меңгеру және көбейтуге бағытталған әрекеттері,
әсіресе оқуы мен өзінің өміріндегі эстетикалық аспектілерді саналы түрде
ұғынуы – негізгі буын болып табылады.
Саналы көзқарас негізіне тұлғаның сенімін жатқызу керек. Өйткені,
оның шығармашылық әрекеті ретінде қоғамның пайдалы істер тек ол үшін жай
көңіл көтеру ретінде ғана бағаланбауы керек, керісінше өзі үшін
қажеттілігіне сенімі болуы тиіс.
Эстетикалық тәрбие – тәрбиенің маңызды құрамдас бөлігі. Ол
эстетикалық – мәдени жұмыстарын арнайы ұйымдастыратын арна, ақиқат шындықты
эстетикалық тұрғыдан меңгеру тәсілі, сондықтан бір эстетикалық сана және
эстетикалық дағдыны қалыптастыру әрекеті.
Адам өмірінің рухани саласының бірі – эстетикалық тәрбиенің атқаратын
қызметі айырықша. Эстетика дегеніміз түпкі тегінде дүниетанудың бір түрі.
Эстетитика - өмірді сезім арқылы танып білудің негізгі жолы.
Эстетикалық сезімдер дегеніміз – адамның ең үстінде тарихи қалыптасып
дамыған рухани қымбат қасиеті.Адам табиғатының тек кең өріс алған
обьективті байлығының молдығы арқасында ғана адам сезімінің субьектті
байлығы пайда болды, әдемілік түрлерін сезіне алатын музыкаға бейім құлақ
пен көз пайда болады, қысқасы адамның ләззат алуға бейім кейбір сезімдері
жаңа туып, кейбірі одан әрі дамып отырады.
Әсемдік - өте биік эстетикалық құндылық. Ғылым үшін ақиқат қандай
маңызды болса, эстетика үшін әсемдік сондай маңызды. Әсемдіктің тану, білу
жөнінде маңызы зор. Адам және табиғат сұлулығы, өнер табиғаты, адам
өміріндегі эстетикалық құндылықтар – біздің әсемдік жайындағы түсінігімізге
байланысты. Әсемдіктің жақсылық пен ақиқаттан айырмашылығы адам сезімі және
адам санасымен тығыз байланыста болуы.
Әсемдікке қызықпайтын, оған сүйсінбейтін бірде-бір адам жоқ. Бірақ осы
қызығушылық пен сүйсінудің мөлшері адам баласының бәрінде бірдей дамыған
емес. Өйткені, әсемдікті түсініп, танып бағалаудың да дәрежесі әртүрлі.
Қоғамда өмір сүріп, әрі іс-әрекетпен айналыса отырып, адам өзін жеке адам
ретінде көрсетеді, айналадағы дүниеге, адамдарға, өзінің ісі мен көзқарасын
білдіреді. Кейде бұл көзқарастың көрінісі төтенше, кездейсоқ сипатта да
болады. Мәселен, мектеп оқушысы жолдастарына күтпеген жерден тектен-текке
шарт та шұрт бола қалды. Басқалар мұның мінезіне таң қалысты, өйткені
әдетте бұл бала байсалды, кішіпейіл болатын. Оған анайылық көрсету тән
емес. Екінші бір мектеп оқушысы айналадағыларға тік мінез көрсететін, анайы
болатын. Бұл – оған тән, тұрақты, талай көрінген қасиет, оны жеке адам
ретінде сипаттайтын. Сондықтан да бұл қасиетті оның мінезінің
ерекшеліктерінің бірі деуге болады.
Қоғамның мүшесі ретінде адамның елеулі тұрақты психикалық
қасиеттерінің жиынтығы, болмысқа деген оның қарым-қатынасынан көрінеді де,
оның мінезі мен қылығына өз таңбасын түсіреді, бұл мінез деп аталады.
Гуманизм адамныњ ќ±ќын, бостандыѓын, абыройын, ар-намысын терењ
ќ±рметтеу мен мойындауѓа негізделеді. Оќушыныњ єділеттілікке,
ќайырымдылыќтыњ салтанат ќ±ратынына сенімін оятып, мектеп пен жан±я адамныњ
ќоѓамдыќ мєнін кемсіту мен ќорлауѓа тµзімсіздігін тєрбиелейді. Гуманизм
адамныњ моральдыќ бейнесініњ кµрінісі ретінде адамдарѓа кµмек етуге
баѓытталѓан іс-єрекеттерде, жолдастарымен ќарым-ќатынастарда, µзара талапты
ќайырымдылыќта, жауапкерлікте, оќушылар арасындаѓы ќара бастыњ ќамын ойлау
кµріністерімен белсенді к‰ресте тєрбиеленеді.
¤негелікке, сұлулыққа тєрбиелеу мазм±нына µмір салтыныњ ажырамас бµлігі
тєртіп мєдениеті енеді. Ж‰ріс-т±рыс мєдениеті адамныњ сырт пішінінде,
ќылыќтарында (±стамдылыќ, сезімталдыќ, єрекеттіњ алдын алу, ілтипаттылыќ),
єрбір оќу-ењбектік тапсырманы, тапсырылѓан істер немесе берілген уєдесін
орындаудаѓы жауапкерлігінде, моральѓа жаттыњ бєріне ќарсылыѓында
(маск‰немдік, б±заќылыќ, бейбастаќтыќ) т.б. болып кµрінеді.
Сонымен µнегелікке, сұлулыққа тєрбиелеу баѓдарламасы µмір салтын
бейнелеп, жиынтыѓы адамныњ ќоѓамдыќ мєнініњ ±стамын, оныњ рухани мєнініњ
арќауын аныќтайтын ќасиеттер мен сипаттардыњ кењ шењберін ќамтиды.
Тєрбиеніњ басќа жаќтарымен бірлесіп, µнегелік пен әсемдікке тєрбиелеу
адамныњ бірт±тас ќоѓамдыќ мєніне баѓытталады, оныњ жан-жаќты жєне ‰йлесімді
дамуына шешуші ‰лес ќосады.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының өмірінде болып жатқан қоғамдық
өзгерістер жаңаша мазмұн мен бағыт бағдар беруде. Еліміздің заңдылықтарына
сәйкес сай білімді әрі жан–жақты жастарды тәрбиелеу – басты мақсат.
Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы, тірегі елдің тізгіні солардың
қолында. Сондықтан жоғарғы деңгейде тәрбие беруді бүгінгі талаптарға сай
ұйымдастыру оқу тәрбиесі жұмысының тиімді әдіс түрлерін енгізу - қазіргі
уақыт талабы.
Ұрпақ тәрбиесі – адамзат баласының асыл мұраты. Келешекте жастар
қандай болу керек деген жанды сұрақ әрбір саналы адамды ойландыратыны
сөзсіз. Сондықтан Елбасымыз Н.Назарбаев "Халқымыздың алдында ХХІ ғасырды
құрушы іскер, өмірге икемделген жан – жақты мәдениетті, жеке тұлғаны
тәрбиелеу керек" – деп жауапты міндет қойып отыр.
Атамыз қазақ "баланы - жастан" деп бекер айтпаған ғой. Осындай
салауатты саналы адамзат тәрбиелеу үшін оқытушы оқушының оқу – тәрбие
үдерісінде әрбір баланың жеке басының ерекшелігін есепке алуы тиіс. Осындай
жалпы заңдылықтардың бірі мынада: балада жаңа психологиялық құрылымдардың
пайда болуы міндетті түрде баланың өз белсенділігімен байланысты жаңа
құрылым тіпті ол оқыту үстінде мысалы тәсіл үстінде сырттан берілсе де іс-
әрекетке енгізуі, осы іс-әрекетті өзгеріске түсірумен байланыстыруы тиіс.
Белгілі бір матералды игерудің өзі түрліше жүзеге асады. Оны қазіргі кезде
мектепке арнайы дайындалған стандарт бағдарламада көрсетілген оқушыға
мұғалім сол бағдарламаға сүйене отырып, өзінің тәжірибесіне сүйене отырып
жеткізеді. Бұл жерде баланың даму дәрежесіне қарай түрлі психологиялық
ерекшеліктерге көңіл бөліп, педогогикалық шарттарды талап етеді. Игеру
үдерісінде бала бағыттылық сана және іс-әрекет ерекшеліктері бар адам
ретінде көрінеді. Баланың жеке басының негізгі жақтарының дамуы игеру
механизмінің өзгерісін туғызады, таным психикалық үдерістерінің (түйсік,
қабылдау, зейін, ойлау, сайлау т.б.) дамуымен бірге баланың психикалық
қасиеттері де (қабілет, бейімділік, мінез.) қалыптасады. Ал ерік дегеніміз
– адамның белгілі бір мақсатқа ұмытылуы мен белсенді қимылы. Осының
арқасында белгілі бір жастағы балаларға тән жетекші бағыттылық
ерекшеліктері ескеріліп отырылуы қажет.
Тәрбие нәтижесінде қалыптасқан адамның қажеттіліктерін, оның мұратын
бағалауын әрі өзін-өзі бағалауын білдіретін жеке адамның іс-әрекетінің
жиынтығы, позициясы жоғарғы өтетін ішкі жағдайлар арқылы болатын түрлі
сыртқы іс-әрекет әсерлері жеке адамның бір шама тәуелсіз етеді. Бұл идеяны
жүзеге асыра отырып, кеңес психологтары жеке адамның психикалық үдерістері
мен қасиеттерін белсенді қалыптастырудың стратегиясын жасады. Психикалық
дамудың жеткен дәрежесі тіркеумен ғана шектелген басқа психологиялық-
педагогикалық концепцияларға қарама-қарсы, кеңес зерттеушілері белсенді
қалыптастыру жолымен баланың психикалық дамуының эксперименттік үлгісін
жасады. Кеңестік педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының
концепциясының бірі ақыл-ой әрекетінің кезеңмен қалыптасу теориясы болды.
Ақыл-ой әрекеті білімдер алу үшін оқушылардың іс-әрекеті процесінде,
әрекеттердің белгілі бір жүйесін оларды орындауы жағдайында және соның
нәтижесінде жүзеге асады. Педагог міндеті-осы процесті жақсы басқара білуі,
оны бақылауы тиіс.
Педагогикалық ғылымдар салалары өзара бірыңғай байланысып, қисынды бір
ізгілікпен дамиды. Педагогика ғылымы басқа ғылымдармен тығыз байланыста
дамиды. Адамды жан-жақты және жарасымды етіп тәрбиелеу проблемасын шешу
үшін педагогика басқа ғылымдармен байланысып отырады. Әсіресе соның ішінде
философия ғылымының орны ерекше.
Философия табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын түбегейлі
мәселелерін зерттейді, өмір шындығын танып білуге көз қарастың негізгі
жүйесі болып табылады, адамды күшті идеялық сенімге, айқын түсіне
білушілікке тәрбиелейді. Тәрбиенің мақсаттары халыққа білім берудің мазмұны
педагогикалық процесті ұйымдастыру сияқты проблемаларды зерттеудің
барысында, педагогика ғылымы алдын–ала болған нақтылы әдіснамалық жүйеге
сүйенеді. Ғылым педагогика тәрбие процесінің ерекшеліктерін негізгі
кезеңдерін, басқа құбылыстармен өзара қатынастарын қарастырады. Олардың
заңдылықтарын анықтап қалыптастырады.
Мектеп оқушыларының эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда мектеп пен
отбасының бірлесе іс-әрекетін ұйымдастырушылар сынып жетекшісі мен сынып
мұғалімдері болып табылады.
Сынып мұғалімі мен ата-аналар оқушылардың негізгі тәрбиешілері болып
табылады. Сондықтан да педагог жүргізетін тәрбие жұмысының нәтижелілігі
оның ата-аналарымен жұмыс істей білуіне, олармен ортақ тіл тауып, олардың
көмегі мен қолдауына сүйене білуіне байланысты.
Мұғалімнің ата-аналарымен жұмысының формалары мен әдістері әртүрлі.
Оған ата-аналардың жиналысын өткізу де, оларды жұмысқа тікелей қатыстыру
да, ата-аналар арасында педагогикалық білімдерді тарату да жатады. Бірақ
формалар мен әдістердің әртүрлілігі жұмыстың табысты болуын қамтамасыз ете
бермейтінін мұғалім жақсы түсінуге тиіс.
Мұғалім, оқушылар және ата-аналардың арасында қалыптасатын қарым-
қатынас стилі де тәрбие жұмысында шешуші ролге ие.
Мұғалім ата-аналармен жұмыс істей жүріп, балаға оның қылықтарына,
оқудағы табыстаы мен ұтылыстарына, өз міндеттеріне көзқарасына, т.б. баға
беріп отырады. Мұғалімнің ата-аналармен өзара түсіну жайы оның дұрыс және
бұрыс баға беру дәрежесіне байланысты. Бұл жерде педагог үнемі мына жайды
есте ұстауы тиіс. Әр жолы баланың жеке басына емес, оның нақты қылығына
баға беру керек, міндетті түрде ата-аналармен бірлесе отырып, әрбір
жағдайдан шығудың, оны түзеудің жолдарын табу қажет. Екіншіден, бұғалім
балаға теріс баға беру арқылы еріксізден-еріксіз ата-анаға да баға береді.
Оның үстіне ата-анаға-әке-шешеге, әрі тәрбиеші ретінде де баға беріледі.
Мұғалімнің балаға және ата-аналардың тәрбиелік ықпалына дұрыс талап қойып,
дұрыс баға беру педагогикалық тұрғадын мақсатты, әділетті формада болуға
тиіс, сонда ғана педагог пен ата-аналардың арсында дұрыс қарым-қатынас
орнайды.
Педагогикалық тұрғыдан дұрыс қарым-қатынас болу үшін мұғалім мен ата-
ана тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін бірдей дәрежеде түсінуі,
балалардың дамуына бірдей көзқараста болуы, әр баланың дамуының келешегі
мен қиындықтарын көре білуі қажет. Ата-аналар жиналыстарында немесе
оқушының әкесімен, не шешесімен қысқы әңгіме кезінде мұғалімнің балаға
наразылығын, оның теріс қылықтарын асығып-аптығып айтып салып жатқанын
байқауға болады. Мұғалімнің бұл ойы түсінікті де: ол уақыты аз
болғандықтан, ата-ана назарын бірден тәрбие ісіндегі ең басты, ең қиын
жағдайға аудармақ болады. Ал ата-ана болса, мұндай кездесуден ләззат ала
алмайды, олар: мұғалім менің ұлымның (немесе қызымның) бойындағы жақсы
жақтарын, ширақтығын, жаңалыққа құштарлығын, жолдастарына жақын тұратынын
қалайша байқамайды екен,- деп ойлайды.
Осыдан кейін дұрыс қарым-қатынас орнамайды, ата-ана мұғалімге
сенімсіздікпен қарайды. Әсіресе, үлгермейтін және тәртіпсіз оқушылардың ата-
аналарының жағдайы қиынға түседі. Асықпай әңгімелесудің орнына мұғалім
барлық ата-аналардың көзінше әлгіндей оқушы туралы ашуланып айтып береді,
оны күлкіге айналдырады. Ал, ол баланың ата-анасы болса, ұялып, өкініп,
реніш үстінде екіншілей мектепке келмейтіндей болады. Үй-ішін әлекке
салатын балалардың ата-аналарына қарағанда, мектепке тәртібі мен үлгерімі
жақсы оқушылардың ата-аналары жиірек және ықыластана келетініне таңдануға
болмайды.
Мұғалімнің оқушы тағдырына мүдделігі, ізгі қарым-қатынасы, ата-
аналарды одақтас етуге деген ынтасы, олармен өзара тіл табысуға
көмектеседі. Мұғалім ата-аналарға балаларының жақсы жақтарын көбірек айтуға
тиіс. Ата-аналармен жұмысқа бұлай қарау мұғалімнің ата-аналармен дұрыс
байланыста болуына, тәрбиелік ықпалдың бағытын белгіленуіне көмектеседі.
Мұғалім үзілді-кесілді сөйлемей, баланы тәрбиелеу қажет жағдайда ата-
анаға ақыл-кеңес береді. Ата-аналар оқушының оқудағы, тәрбиедегі немесе
жолдастарымен қарым-қатынасындағы жақсылық, жамандық атаулының бәрінде
біліп отырғаны абзал. Сонда ғана ата-анамен бірлесіп жұмыс істеу жақсы
нәтиже береді.
Педагогтың ата-анамен қарым-қатынасының стилі дегеніміз – балаға
тәрбиелік ықпал жасаудың белгілі бір үрдістеріне негіздеріне негізделген
жұмыс әдістері мен құралдардың тұрақты жүйесі. Педагог та, ата-ана да
әрбір оқушыға оның бойындағы одан әрі дамытуға болатын жақсы жақтарына
деген оптимистік сеніммен қарауға тиіс. Баланың өз күшіне сенуіне көмектесу
– мұғалім мен ата-ананың міндеті. Өзіне өзінің сенуі оқушыны тәрбие
субъектісіне айналдырады, ол біртіндеп өзінің алдына әртүрлі міндеттер
қойып оны шешудің жолдарын іздеп табатын болады.
Педагог пен ата-ана қарым-қатынасының адамгершілік стилінің негізгі
белгісі бір-біріне деген терең сенім мен шыншылдық болса керек. Ата-ана
өзінің мұғалімге айтқан дүдәмалы, қорқынышы немесе баланың мінез-құлқы мен
бейімділігіне берген бағасы, өзінің ұлы мен қызына зияндық жасамайтынына
сенімді болуға тиіс. Мұғалім де, ата-ана да өздеріне балалар сеніп айтқан
құпияны жария етпеуге міндетті. Үлкендер – баланың мүддесі үшін бұл құпияны
бір-біріне айтуы мүмкін. Алайда, мұны баланың білмеуі шарт, көп ретте
баланың өзі айтқан құпиясының жария болғанын біліп қойюы мұғалім мен ата-
ананың, мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасының бұзылуына әкеліп соғады.
Мұғалім мен ата-ананың қарым-қатынасы басқа қарым-қатынастарға да әсер
етеді. Егер де мұғалім мен ата-ананың қарым-қатынасы сәтті болмаса,
өкінішке орай, мұғалім кейде баланы да жек көреді. Бұл – педагогикалық
тұрғыдан аса үлкен кемшілік және мұндай жағдайда балаларды тәрбиелеуде
жақсы нәтижеге қол жететініне сенуге болмайды. Немесе мұғалім мен оқушы
белгілі бір мерзім ішінде өзара түсініспеушіліктің байбына барып жатпастан,
ата-ана баласының жағына шығады да, бәріне мұғалімді кінәлайды, сөйтіп
өзара қарым-қатынастарын бұзып алады.
Педагогтың ата-аналармен балалардың эстетикалық мәдениетін
қалыптастыруға бағытталған жұмыстары әрқашан және кез келген істе
педагогикалық нормалар мен мәнер сақталған, балалардың бойында өзі
қалыптастыруға тиісті адамгершілік қарым-қатынаста мұратын берік ұстауға
міндеті екенін және бір ескерткен жөн.
Енді оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда мектеп пен
отбасының бірлескен іс-әрекетінің негізгі мазмұнына тоқталсақ(кесте-1). Бұл
бірлескен іс-әрекет те сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерінің етене
байланыста жүргізетін жұмыстары болып табылады. Барлық жұмыс осындай
бірлескен іс-әрекеттің жоспарын жасап алуға тікелей байланысты және
тәуелді, себебі оқу жылының басында ата-аналармен бірлесе отырып алдын-ала
талқыланған жоспар оның бағдарламасын түзуге, қажетті іс-шараларды
ұйымдастыруға, өз дәрежесінде өткізуге септігін тигізеді.

Кесте-1
Оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда мектеп пен
отбасының
бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру

Оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда мектеп пен отбасының
бірлескен іс-әрекетін жүзеге асыру барысында сынып жетекшісінің ата-
аналармен жүргізетін дәрістерінің тақырыптары мынадай болуы мүмкін:
- отбасы және оның бала тәрбиесіндегі ролі;
- отбасының негізгі функциялары және оның бала тәрбиесімен байланысы;
- бүгінгі отбасында эстетикалық, сұлыққа тәрбиелеудің ерекшеліктері мен
мүмкіндіктері;
- отбасындағы ата-ананың абыройы және оның тәрбиедегі мүмкіндігі;
- отбасындағы салт-дәстүрлер мен сенімдердің сұлулыққа тәрбиелеудегі
мүмкіндіктері;
- балалардың өтпелі кезеңдегі психологиялық және физиологиялық
ерекшеліктері;
- отбасында балаларды өнерге баулу арқылы эстетикалық мәдениетін
қалыптастырудың маңызы;
- бала тәрбиесіндегі ата-әженің, әке мен ананың алатын орны;
- баланың эстетикалық мәдениетінің отбасында қалану ерекшеліктері және т.б.

Баланың тұлғалық дамуына отбасының әлеуметтік жағдайы ерекше әсер
етеді. Оның әсерін елемеуге болмайды. Адамгершілік құндылықтардың
тұрғысынан қарағанда, әке мен шешенің беделі бала тәрбиесінде үлкен орын
алады. Сондықтан оқушының сынып жетекшісінің бала отбасындағы әлеуметтік
хал-жағдайын талдап, анық білгені жөн.
Отбасы тәрбиесі тәжірибесінен мысалдар келтірейік. Тәрбиеге көнбейтін
оқушылардың әке-шешесі отбасында қол көтеру, дауыс көтеру сияқты әдістерді
жиі көрсететін болғандықтан бала да тәрбиеге көнбейтін, кекшіл, өз күшін
әлсіздерге көрсеткісі келіп тұрады.
Кейбір мансапқор немесе шын мәнінде жоғары қызмет істейтін адамдардың
балалары көкірек, мақтаншақ болып келеді.
Ата-аналардың кейбіреуі уақ-түйек ережелерді сақтамай-ақ, өзінің
баласынан берген тапсырмалары мен жарлықтарын қарсылықсыз, мүлтіксіз
орындауын талап етеді. Бұл баланың өздігінен еш нәрсеге бұрыла алмауына
әкеліп соғады немесе керсінше. Осындай кезде кішіпейіл, мейірімді
балалардан қатігез, арсыз адамдар қалай шығады екен деген ойға қаласыз.
Кейде баланың әке-шешесі сыйлықтар мен келешекте бір болатын істер
үшін уәде беру арқылы баланың жақсы тәртібіне мәз болады. Бұндай тәрбиенің
салдарынан бала отбасы мүшелерінің бір баланы өз жағына (өзіне қарай)
тартып, сыйлығын көбірек беріп, екіншісін шектетіп дегендей, бұндай
тәрбиенің салдары өте ауыр болады.
Әр түрлі жастағы оқушылардың танымдық қызығуының өзіндік мазмұны,
ерекшеліктері зерттеушілер үшін қиыншылық тудырады. Өйткені, танымдық
қызығудың қалыптасуы және дамуы – жеке бастың дамуы барысында жүзеге асатын
өте күрделі үрдіс. Жалпы алғанда, қызығудың қалыптасуы бала айналысатын іс-
әрекетке және жеке өмір тәжірибесіне байланысты болады. Баланың бірінші
жылында-ақ оның ашық түсті заттар, қатты шыққан дыбыстар, заттардың
қозғалысы өзіне тартады. Бала күнделікті осы тітіркендіргіштерді үзіліссіз
қабылдайды және оларды қайта-қайта қабылдауға тілек білдіреді. Алайда,
объектіге деген бұл бағыттылықты оның эмоциялық тартымдылығына сәйкес
уақытша және оның қызығуының аяғы деп те есептеуге болады. Білуге құмарлық
– бала табиғатына тән қасиет, ол баланың көргендерін тануына, оның терең
екеніне көмектеседі.. Баланың мұндай құмарлығы өзін қоршаған дүниені
көруге, білуге, ұстауға деген қызығуынан байқалады, балалардың өте ерте
балалық шағында қайда?, неге?, бұл не?, неліктен? және т.б.
сұрақтар қоюын оларда танымдық қызығуының пайда болуымен байланыстыруға
болады. Әрине, кішкентай баланың қойған мұндай сұрақтары белгілі дәрежеде,
қоршаған ортаға деген танымдық қатынас түрінде әуестік, білуге құмарлықты
көрсетеді. Мұны танымдық қызығудың бастауы десек болады.
Адамның бар қасиеті: мінез-құлқы, қызығу сезімдері әрекет үстінде
дамиды. Әрекет үстінде балалар әртүрлі заттардың қасиеттерін байланыстырып,
бір шешеімге келеді. Балалардың белгілі білім жүйесі қалыптасады.
Балалар үздіксіз дамиды, олардың танымдық белсенділігі артқан сайын
негізгі үлгіні ата-анасынан, мұғалімнен алады. Баланың танып-білсем деген
ниетін қалыпты дәрежеде сақтап, танымдық белсенділігін одан әрі күшейту
үшін танымдық қызығуын арттыру маңызды. Ал танымдық қызығуын ояту үшін зат
болсын, әрекет болсын, соны жақсы білу керек, оны үйрететін бірінші кезекте
– үлкендер.
Өзін қоршаған ортаның шындығын ұғып білуге ұмытылудың бір көрінісі –
балалардың сұрақ қойғыштығы. Есесйе келе балалар тек заттар туралы ғана
емес, әрі айналасындағы әлеуметтік көріністер жөніндегі нақты білім,
хабар, түсінік алғысы келеді, ересектерден балалар жауап күтеді. Осыдан
келіп, оның ізденісіне, білуге ұмтылысына мұқият қарау керектігі туады.
Мәселен, кіші жастағы оқушының үлкендердің әсерінен мектептегі оқуға деген
қызығуы қалыптаса бастайды. Осыған байланысты балалардың алғашқы мектепке
келген күннен бастап оларды не қызықтыратынын, олардың қызығуының өзіндік
ерекшеліктері қандай болатынын, сабақа қалай қызығатынын жан-жақты білу
үшін оқу-тәрбие жұмысын жақсы ұйымдастырып, жақсартудың, оқу үлгерімін
арттырудың маңызы бар. Бала оқуға, сабақты үлгеруге, жалпы білімге қызығып
тұрса, оқудағы іс-әрекеті сәтті болады, білімді де сапалы меңгереді.
Баланың қызығуын орнықтыратын: мектеп, оқу үрдісі, тәрбие, мұғалім
ұжымы. Бала мектепке оқуға қызығып келеді. Оқи бастаған соң, жақсы оқыған
пәніне қызыға түседі, сәттілігі көбейген сайын қызығуы арта түседі. Сәтімен
меңгерген білім қуанышты туғызады. Пәнге қызыққан сайын білімді сәтті
меңгерген бала алдымен оқудың мазмұнына, оқудың әдісне қызыға бастайды.
Бала әуелі жеке пәнге, кейін бірнеше пәнге қызығады. Бара-бара бірнеше
пәнге, сонан соң барлық пәнге қатарынан тұрақты қызығады. Сөйте-сөйте
оқудың барлық саласына қызығуы дамып, өріс алады, тұрақты қызығуы ересек
және жас өспірім кезінде орын алады.
Мақсатсыз жұмыс - ең қызықсыз жұмыс. Сондықтан да оқушылардың оқуға
қызығуы туындау үшін олардың не істеп жатқан және қандай нәтиже алтынын
білуі, сонымен қатар жұмыс мақсатының балаларға түсінікті болы аса қажет.
Оқушыларға өздерінің бос уақытын мақсаты қолданып, өз қызығуын
қанағаттандыруы үшін іс-әрекеттің әр түрімен шұғылдануы қажет екенін үнемі
есіне салып отыруы керек. Таңдап алған саладағы белсенді оқу мен іс-
әрекет, танымдық мүмкіндіктер, қызығудың дамуына негіз болады.
Баланың қоршаған өлке қызығуы болса, ол өзін қызықтыратын құбылысты
бақылауын күшетуін, өзінше оны ойлап байқайды, осыған байланысты өзінше
шешім шығаруға тырысады.
Осындай іс-әрекет барысында оның қызығуы өз-өзінен дамиды және
баланың ақыл-ойының дамуына әсер етеді. Қызығудың тағы бір ерекшелігі оның
әсерінен іс-әрекет сипаты тез өзгереді. Қызығу бар кезде іс-әрекеттің
жақсы жағы ғана қамтамасыз етіліп қоймай, оның смпаты тұтастай өзгереді:
белсенді, дербес, жан-жақты, шығармашыл, тереңдетілген және т.б.
Алайда, алда тұрған негізгі міндет-бала үшін қызықсызды қызықтыға
айналдыру. Осылай жасағанда ғана оны өзі-ақ орындайтын болады. Бұл жағдайда
оған қиыншылықты жеңу оңай болады, оны жеңу балаға қуаныш әкеледі, өз
күшіне сезім ұялатады.
Көркем эстетикалық даму балалардың танымдық қабілетін дамытуда
бейнелеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА ОҚУШЫЛАРҒА ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелеудегі маңызы
Бейнелеу өнерінен үйірме жұмыстарында оқушыларды табиғатты бейнелеуге үйрету
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми -теориялық негіздері
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің жолдары
Оқушыларға сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізу жолдарын практикада жүзеге асыру
Мектеп оқушыларында салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастырудың ерекшеліктері
Мектептегi оқушылар ұйымындағы тәлiм-тәрбие жүйесi
Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту
Биологияны оқыту әдістемесі және сабақтан тыс жұмыстар
Пәндер