Оқу сабақтарын талдауға жүйелі келістің әдістемесі мен технологиясы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Оқу сабақтарын талдауға жүйелі келістің әдістемесі мен технологиясы
Жүйелі келіс — байланыстардың әр алуан түрлері бөлініп шығатын
тұтастай жүйе ретіндегі нысандарды қарастыру негізге алынатын педагогикалық
қызметтің бағыты. Педагогикада мақсаттың, қағидалардың, мазмұнның және
білім беру құралдарының сәйкес түрлерін анықтайтын жүйелі келістің қатаң
және босаң түрлерін айырып көрсетеді. Жүйелі келістің әдістемесі сабақтың
тиімділігін олардың түріне, құрылымына дидактикалық құралдардың және
әдістердің қандай да бір түрінің болу-болмауына қарамастан бағалауға
мүмкіндік береді, ал ол оз кезегінде білім беру процесінің тиімділігін
бағалауға мүмкіндік береді.
Талдаудың негізі ретіндегі тексерушінің мұғалім мен оқушының қызметін
бақылау барысында жасаған, өткізілген оқу сабағының "көшірмесі" алынады.
Оқу орындарының саны көрсетіле отырып, бөлменін жоспары жасалады. Бос
орындар "X" белгісімен белгіленеді. Тақта алдында жауап берген оқушылар +
белгісімен, орнында отырып жауап бергендер ++ белгісімен белгіленеді.
Берілген материалдар тексерушінің аддағы жұмыстарын және мұғалімнің сабақты
өзінше талдауы үшін "ойлану ақпараттары" болып табылады.
Мұғалім өткізген сабақтың тиімділігі туралы толық ақпарат алу мақсатында
"Сабақтың тиімділігін бағалау және талдау картасы "пайдаланылады.
Оқу сабағын жүйелі талдаудың бұл технологиясы оны бағалауда нысаншылдықты
жойып қана қоймай, соңдай-ақ оқыту мен тәрбиелеуге қойылған мақсаттарды
жүзеге асыру туралы толық ақпарат алуға, дәстүрлі келіс шеңберінде педагог
мамавдарды аттестациялауға сенімді материал алуға мүмкіндік береді.
5. Аспектілік талдау — сабақтың қандай да бір жақтарын немесе жекелеген
мақсаттарын – оқушылар қызметінің нәтижелерімен өзара байланыста белгілі
бір көзқарас тұрғысынан қарау, нақтылай және жан-жақты зерттеу және
бағалау. Сабақ аспектілерінің мысалдары: мұғалімнің сабақтың үшбірлік
міндетгерін жүзеге асыруы, сабақта дамушы әдістерді пайдалану, оқушылардың
танымдық қызметінің белсенділігін арттырудың тәсіддерін, танымдық
қызығушылықты дамыту жоддарын, оқушылардың жалпы оку білігі мен дағдысын
қалыптастыруда, оқушылардың білімін, білігін және дағдысын тексеруді және
бағалауды, сабақта проблемалық оқытуды ұйымдастыруды оқып үйрену.
Құрылымдықтың негізінде іске асырылады. Сабақтың аспектісінің біреуіне
жасаған талдауға басты назар аударылады.
а) сабақтың мақсаты; б) сабақтың құрылымы мен ұйымдастырылуы; в) сабақтың
мазмұны; г) мұғалімнің сабақтағы қызметі; д) оқушылардың сабақтағы қызметі;
е) үй тапсырмасы; ж) сабақтың санитарлық-гагиеналық шарты; з) сабақтың
психологиялық аспектісі.
6. Толық талдау — сабақтың міндеттерін жүзеге асыру бағаларын, сабақтың
нәтижелілігі мен дидактикалық қағидаларын жүзеге асыру, оқушыларды дамыту,
оқушылардың білім мен ой қызметінің тәсілдерін игеру деңгейі сияқты
сипаттағы оқушылардың оқу қызметтерінің түрі мен мазмұнын жинақтайтын
аспекгілік талдаулар жүйесі. Толық талдау бірнеше талдаулармен бір уақытта
атқарылуы мүмкін немесе сабақтың барлық аспектілері бойынша жалпыланған
қорытындының қосындысы ретінде қарастырылады. Мұғалімді аттестациялауда,
педагогикалық тәжірибені, мұғаліммен келіспеушілік жағдаяттарды жалпылауда
өткізіледі.
Сабақты толық талдаудың сүлбісінің жобасы.
I. Сабақтың максатын талдау.
Таядау сурақтары:
1. Бағдарламалық талаптарға сәйкес сабақтың мақсатының дұрыстығы және
негізділігі: материалдың мазмұны; оқушылардың білімі мен білігінің қажетті
деңгейі; берілген тақырып бойынша сабақтар жүйесіндегі сабақтың орны;
сыныптың дайындығы; мұғалімнің өзінің мүмкіндіктері;
оқытудың соңғы нәтижесіне болжау.
2. Мақсатты оқушыларға жеткізудің формалары мен өдістері. Бұл формалар
мен әдістердің мақсаттылығы.
3. Қойылған мақсатқа жету дәрежесі.
II. Сабақтың құрылымы мен ұйымдастыруын талдау.
Талдау сұрақтары:
1. Сабақтың құрылымының оның мақсатгары мен типіне сәйкестігі. 2. Сабақтың
кезеңдерінің логикалық жүйелілігімен өзара байланысы. 3. Уақытты сабақтың
кезеңдері бойынша бөлудің мақсаттылығы. 4. Бөлменің жабдықтарын
пайдаланудың жаңашылдығы. 5. Мұғалім мен оқушылардың еңбегін ғылыми түрде
ұйымдастыру. 6. Сабақтың басталуы мен аяқталуын ұйымдастыру. 7. Сабақ
жүргізудің оңтайлы қарқыны. 8. Жоспардың болуы және оның орындалу дәрежесі.
III. Сабақтың мазмұнын талдау
Талдау сұрақтары:
1. Сабақ мазмұнының стандартгың талаптарына сәйкестігі. 2. Мазмұндаудың
логикалылығы. 3. Мазмұндаудың қарапайымдылығы (мұғалімнің материалды
мазмұңдау деңгейі оқушылардың мазмұнды түсіну деңгейіне сәйкес пе). 4.
Мазмұндаудың ғылымилығы (мұғалімнің материалды мазмұндауының күрделілік
деңгейі мазмұнды оқулықта мазмұндаудың күрделілік деңгейіне сәйкес пе). 5.
Тақырып бойынша басты идеяларды бөліп көрсету. 6. Сабақ мазмұнының өмірмен
байланысы, материалдың кәсіби бағыттылығы,
7. Сабақ мазмұнының оқушылардың сұраныстары мен мүдделерімен байланысы. 8.
Өз бетінше пайымдауды, оқушылардың белсенді оқу қызметін, танымдық
қызығушылықтарын сабақтың өзінің құралдары арқылы қалыптастыру.
IV. Сабақ өткізуді (мұғалімнің қызметін) таддау әдістсмссі
Талдау сұрақтары:
1. Оқыту әдістерін, тәсілдерін және құралдарын мыналарды ескере отырып
дұрыс талдау: сабақтың тақырыбы; сабақтың мақсаты; сыныптың мүмкіндіктері;
оқу-материалдық базасы; 2. Сабақта пайдаланылатын әдістер мен тәсілдердің
әр алуандығы. 3. Оқушыларда жаңа ұғымдарды қалыптастыру (берілген тақырып
үшін мұғалім негізгі ұғымдарды қалай анықтады, бұл ұғымдар оқушылар үшін
шынында да жаңаша болып санала ма). 4. Тірек білімді өзектендіру (мұғалім
сабақтың тақырыбы бойынша әр түрлі көзқараста калай (жұмыс істейді). 5.
Жаңа материалды сапалы меңгеру (мұгалім сапалы меңгеруді қалай анықтайды),
6. Оқыту құралдарын (көрнекі құралдарды, техникалық оқыту құралдарын,
оқушының тұлғалық ерекшеліктерін) пайдалану. 7. Мұғалімнің оқушылардың өз
бетінше жұмысын ұйымдастыруы (үйрену жаттығуларының сипаты, өз бетінше
жұмыстардың түрлері, күрделілік дәрежесі, вариативтігі, тапсырмаға жекелей
келіс, нұсқаулар және т.б.) 8. Мұғалімнің педагогикалық техникасы: сөйлеу
қарқыны, дикциясы, баяндаудың эмоционалдығы, арнайы терминологияларды дәл
пайдалану, жекелей қарым-қатынас жасай білу, оқушыға ықпал ету тәсілдері.
V. Оқушылардың сабақтағы жұмысын талдау
Талдау сұрақтары:
1. Сабақтың әр түрлі кезеңдеріндегі оқушылардың жұмысқа қабілеттілігі
мен белсенділігі. 2. Сабаққа және тақырыпқа қызығушылық. 3. Оқушылар жұмыс
тәсіддерінің тиімді түрлерін игерген бе (сабақта еңбекті ғылыми түрде
ұйымдастыру). Сабақтағы еңбек мәдениеті. 4. Оқушылардың бірыңғай талаптарды
орындауы (пәнді оқуда мұғалімнің оқушыларға қоятын талаптары бар ма, олар
қандай талаптар, аталған талаптар барлық пән мұғалімдері үшін бірыңғай
болып санала ма) . 5. Өз бетінше бақылаудың болуы. 6. Оқушылардың білімі
мен білігінің сапасы (білімнің терендігі, сапалылығы, басты жағдайды
ажырата білу, білім мен дағдыны әр түрлі жағдайларда пайдалана білу. 7.
Білімді өз бетінше ала білу, пайымдаудың дербестігі. 8. Тұлғааралық қарым-
қатынас мәдениеті. 9. Мұғалімнің бағасына реакциясы.
VI. Үй тапсырмасын талдау
Талдау сұрақтары:
1. Үй тапсырмасын тексерудің әдістері мен төсілдері. 2. Берілген
сабақта үй тапсырмасын түсіндіру, оның мақсаттары және бұл мақсаттарды
оқушылардың сезінуі. 3. Үй тапсырмасының көлемі (қалай анықталады). 4. Үй
тапсырмасының сипаты (жаттығу, шығармашылық, бекіту, дамыту, саралау). 5.
Үй тапсырмасыныц барлық оқушылар мүмкіндігіне сәйкестігі. 6. Үй
тапсырмасының сабақ барысында дайындыгы. 7. Үйге тапсырма берудің
әдістемесі, нұсқаулар. 8. Үй тапсырмасынан күтілетін қайтарым (мұғалім
өзінің алдына: "Мен оқушыларға осы тапсырманы неге бердім?" деген сүрақ
қоя ма?)
VII. Сабақтың санитарлық-гигиеналық жағдайын бағалау
Таядау сұрақторы:
1. Сыныптақтасы (формасы, түсі, тазалығы, бормен жазуға, көрнекілікті
бекітуге жарамдылығы. 2. Жиһаздардың оқушылардың жасына сәйкестігі. 3.
жарықтандыру деңгейі, бөлменің тазалығы. 4. Оқушыларды оқу бөлмесіне
олардың денсаулық ерекшеліктерін ескере отырып орналастыру. 5. Оқушылардың
дене бітімімен жүмыс істеу тәсілдері мен одістері. 6. Желдету режимі,
физкультура минутын өткізу нормаға сәйкес келетін көрнекілікті қолдану
(әріптердің мөлшері, олардың түсі, жазылу анықтығы). 8. Сабақтың
тақырыбынан алаңдататын жағдай, оның сенімділігі жағдайында мұғалімнің оқу
сабағы барысында пайдалануы. 9. Қажетті сабактарда еңбекті корғау және
техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау.
VIII. Сабақты психологиялық талдау (арнаулы білімі бар мектеп психологы
жүргізеді)
Талдау сұрақтары:
1.Сабақ басталардағы және сабақ барысындағы оқушылардың психологиялық
күйі (сабаққа дайындығы, жинақылығы, көңіл-күйі және оның себептері,
сабақта болып жатқан жайларға эмоционалдық елендеушілігі). 2. Назарын
дамыту, сабактың әрбір кезеңдеріндегі назарының тұрақтылығы. Назарын
аударудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математика сабақтарында оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы оларды өздік жұмыс жасауға баулу және қабілеттерін дамыту
Интернет желісі және оның маңызы
Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда өзіндік жұмысты ұйымдастырудың тәжірибелік іс-әрекеті
ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХИ КУРСЫН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау
Әдебиетті оқыту әдістемесі
Мәтін арқылы қазақ тілін танымдық тұрғыдан оқытудың әдістемесі
Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану
Физиканы оқыту әдістемесі
Пәндер