Оқу үдерісінде жобалау әдісін қолданудың тиімділігі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 80181 ББК 81.2
Жылқыбай Гүлімжан Қызметқызы
Ф.ғ.к., доцент, А.Ясауи атындағы ХҚТУ

Оқу үдерісінде жобалау әдісін қолданудың тиімділігі
Эффективность применения проективного метода в учебном процессе
The effectiveness of using the project method in the teaching process

Аннотация: Жобалау әдісі өзінің жүйелілігінің, мақсаттылығының
нәтижесінде пәннің оқытылу сапасына тікелей ықпал ете алатындығымен,
студент бойындағы түрлі құзыреттердің қалыптасу дәрежесі мен оның
болашақтағы даму мүмкіндіктерін белгілеуге бағыт бере алатындығымен
ерекшеленеді. Сондықтан да бұл әдісті кредиттік оқу жүйесінің жүзеге
асуының табиғи жолы ретінде қолданудың маңызы зор. Жобалау әдісін
қолданудың негіздері теориялық-ізденім әдістері, салғастырмалы әдіс,
салыстырмалы әдіс, практикалық-инновациялық тәжірибені топтастыру әдістері
арқылы танылып, бұл әдіс арқылы жүргізілетін жұмыстардың түрлері
нақтыланды; ұсынылатын жұмыстарды жүргізудің амал-тәсілдері мен әдістері
жіктелді; эмпирикалық зерттеу әдістері арқылы жобалау әдісінің
тиімділігі дәйектеліп, оқу үдерісінде қолданылуы қажет деген жетекші идея
мақалаға өзек болып отыр.

Кілт сөздер: жобалау әдісі, құзыреттілік, оқу үдерісі, кредиттік оқу
жүйесі, шығармашылық қабілет

ХХІ ғасырда білім мен ғылым саласында болып жатқан өзгерістер болашақ
мамандар даярлауда жоғары мектептің алдына жаңа міндеттер қойып отыр.
Болонья процесі ауқымында оқу нәтижелері жоғары мектептің негізгі қызметі
болып табылады. Осыған сәйкес оқу нәтижелерін құрастыру- әрбір оқытушының
міндеті. Бұрынғы тар мағынадағы біліктілік термині енді құзырлылық
ұғымымен алмастырылған. Яғни, студент кең ауқымды контекст аумағында оқып-
үйреніп, өмірдің көлденең тартқан қандай да болмасын проблемаларын шешуге
құзырлы болуы керек дегенді білдіреді. Мәселе өмір бойы азық боларлықтай
білім беру идеясының енді өмір бойы өздігінен үйрену ұстанымына
өзгеруінде болып отыр. Құзырлылық идеясы бойынша студент білімді өздігінен
игеруі керек. Осыған орай, бүгінгі әлеуметтік білім беру кеңістігіне сай
бейімдеп білім алу, жалпы ғаламдық танымды, ойлауды дамыту, өзінше ғылыми
тұжырым жасауға, олардың қажетіне қарай ғылым жетістігін сұрыптауға,
студенттің өзінің іс-әрекетінің субъектісі болуына мүмкіндік туғызу -
көкейкесті мәселе.
Қазақстан Респубикасының Білім туралы заңында ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны
қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және
оның шығармашылық, рухани және тәни күш қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның
жан-жақты дамуына жағдай жасау міндеті көзделгенін ескерсек, болашақ
мамандарды жаңашылдыққа даярлауымыз керек [1,180].
Ал зерттеу мәселесінің ғылыми тұжырымдары мен практикалық
ұсыныстары қазіргі таңда өріс алып отырған: а) жобалай оқыту
технологиясының жаңа заман сұранымына сай білім берудегі мүмкіндігі мен
оның ғылыми дәйектелуі арасындағы; ә) бұл технологияның кредиттік оқу
жүйесінің талаптарымен толық үндестігі мен әлі де жаттанды оқытудан қол
үзе алмаған білім берудің схоластикалық жүйесі арасындағы; б) жобалай
оқытудың тиімділігі мен оның нақты практикадағы қолданысы арасындағы
қайшылықтарды шешуді көздейді [2,441].
Қазақстан Республикасында білім беруді 2011-2020 жылдарда
дамытудың мемлекеттік бағдарламасында бала кезден бастап ересек жасқа
дейін адамның біліміне жасалған инвестициялар экономика мен қоғам өміріне
елеулі өзгерістер енгізетіндігін әлемдік тәжірибе дәлелдеп берген делінген
[3,45].
Бұл бағытта, әрине, жқғары мектептің алатын орны ерекше, өйткені
құзыретті маман қалыптастыру мәселесі мемлекет саясатының негізгі нысанына
арналғандығы Мемлекеттік бағдарламада мықтап көрсетілген. Мұндай мақсатта
жоғары оқу орындары бірінші кезекте үйрену мен үйретудің басты әдістемесі
мен технологиясы ретінде интербелсенді әдістемені таңдауы қажет.
Жобалай оқыту технологиясына қатысты ғылыми ізденістер уақыт өткен
сайын жаңарып, жаңғырып, толығып, дамып келеді. Сөздіктерде жоба, жобалау
ұғымына берілген анықтамаларға сүйенсек, жобалай оқыту белгілі бір
нысанның мазмұнын өзгерту, оны жетілдіру, толықтыру бағытындағы ниет, түпкі
ой, жоспарды іске асырудағы әрекет болып табылады. Зерттелген сайын оның
жаңа өрістерінің де кеңейе түсуі бұл мәселенің өміршеңдігін танытады
[4,84].
Жобалау әдісі арқылы студенттің өздігінен әрекет етуіне қолайлы жағдай
жасалады: ол бағдарлама көлемінен тыс білім қорын жинауға төселеді, сол
қорды өз қажетіне қарай пайдалануға дағдыланады, коммуникативтік,
ақпараттық, проблеманы шешу, мәдени-танымдық құзыреттіліктерді меңгеруге
мүмкіндік алады. Бұл әдістің ұтымдылығы да сонда.
Жобалай оқыту технологиясы арқылы орындалатын жұмыстарды өз деңгейінде
дұрыс ұйымдастыру үшін олардың типтерін білу – басты талап. Жоба түрлері:
1) әрекет түріне қарай: зерттеушілік, шығармашылық, рөлдік, қолданбалы,
моножоба, пәнаралық; 2) пәндік-мазмұндық сипатына қарай: моножоба және
пәнаралық; 3) қарым-қатынас тәсіліне қарай: тікелей қарым-қатынас;
коммуникациялық технология; 4) үйлестіру сипатына қарай: тікелей, жанама;
5) байланыс сипатына қарай: аймақтық, оқу орнында орындалатын және
халықаралық; 6) қатысатындардың санына қарай: жекелік, жұптық, топтық; 7)
орындалу уақытына қарай: қысқа мерзімдік, орта мерзімдік, ұзақ мерзімдік
деп іштей топтастырылады. Бұл жобалар мазмұндық сипаты жағынан іштей екі
үлкен топқа: ғылыми-ізденіс және қолданбалы-практикалық болып біріктіріледі
[2,441].
Ғылыми-ізденіс жобаларының түрлеріне зерттеу, шығармашылық, пәнаралық,
т.б. жобалар жатады. Оларды аралас жоба типтері деп атауға да болады.
Өйткені жобаның бұл түрлерінде жалпы жобаға тән элементтер қатар қамтылады.
Жобаның қандай түрінде болсын зерттеушілік әдіс басты орынды иемденеді.
Жоба жұмысын жүзеге асыруда топтық, жұптық жұмыстар ұйымдастырылады. Ол
үшін білімді өзектендіру амалы қолданылады. Өзектендіру тақырыптың студент
өмірлеріне байланысты мүмкіндіктерді танумен байланысты жүргізіледі. Осы
тұста студенттің тапсырманы орындауға және білімді саналы игеруіне жол
ашатын мотивациялық тәсілдерді қолдану тиімді болып табылады. Оны
тапсырмаларды түрлендіру арқылы, топ пен жұпты кездейсоқтық әдісімен құру
арқылы, жарыстар ұйымдастыру арқылы жүргізу пайдалы.
Жобалай оқыту технологиясы бойынша істелетін жұмыстарға қойылатын
талаптар:
1. Оқытушы кез келген проблемалық жобаларды қорғау немесе олардың ғылыми
шешімдерін, өзіндік дәлелдемелерін жалпыға түсіндіру үшін жобаның
сценарийін мынадай құрамда ұсынуы қажет: тақырыптың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытуда жобалау әдісін қолданудың тиімділігі
Қазақ тілін оқытуда жобалау әдісінің маңызы
Жобалау мен шығармашылық
ІІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУ
Бастауыш сыныпта компьютерді қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылау тиімділігін арттыру жолдары
Тәжірибелік-бағдарлы кәсіптік білім берудің оқыту әдістерімен байланысы
Жобалап оқыту технологиясының ерекшеліктері
Шығармашылық жоба
Ағылшын тілі сабақтарында ойын әдісі арқылы оқушылардың коммуникативті біліктілігін дамыту
БЕЙІНДІК МЕКТЕПТІҢ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Пәндер