КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ Оқу-әдістемелік құралы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 183 бет
Таңдаулыға:   

ХАСАНОВА К. Р

КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ

Оқу-әдістемелік құралы

ТҮРКІСТАН 2012

Кәсіпкерлік құқық пәнінен оқу әдістемелік құрал «Азаматтық құқық және іс жүргізу» кафедрасының мәжілісінде 20 желтоқсан 2011 жылы №4 хаттамамен талқыланды.

Кәсіпкерлік құқық пәнінен оқу әдістемелік құрал Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқу-әдістемелік кеңесінде «__ 03 __» ақпан 2012 жылы №5 хаттамамен бекітілді.

Пікір жазған: з. ғ. к., аға оқытушы А. Ә. Әлайдар

Хасанова К. Р Кәсіпкерлік құқық пәні бойынша лекция жинағы . Түркістан 2012.

-169 бет

Кәсіпкерлік құқық пәні бойынша лекция жинағында пәнді реттейтін негізгі

институттарының тақырыптарының мазмұны мен пәнді оқу барысында пайдаланылатын анықтамалар қамтылған.

Лекция жинағы оқытушыларға және студенттерге арналған.

  1. КІРІСПЕ

Кәсіпкерлік - адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. “Кәсіпкерлік” терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734) енгізді. Бұл ұғымға ол нарықты тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызған. Кәсіпкерліктің өркендеуінің алғышарты болып тауар-ақша қатынастары, ел және аймақ экономикасының орнықты дамуының экономикалық заңдылықтарын жанама түрге айналдыратын объективті экономикалық заңдар саналады.

Кәсіпкерлік қызмет - бұл шаруашылық қызметтің кәсіпкерлік қызмет субъектісінің пайда табуға бағытталған өз бетінше жүргізетін бастамашылық қызметі болып табылатын түрі.

  1. Кәсіпкерлік құқықтың жетілуі сауда құқығының пайда болуына байланысты тарихи қалыптасты. Бастапқыда сауда құқығы Батыс Еуропа ме Азия арасындағы сауда-саттықтың дамуында делдалдық қызмет атқарған Италияда пайда болды.

Кәсіпкерлік құқық - кәсіпкерлік қатынастармен тығыз байланысты коммерциялық емес, кәсіпкерлік реттеуге және тағы да басқа қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы деп танылады.

Пәнді оқу барысында Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік заңдарына сәйкес кәсіпкерлікті жүзеге асырудың жеке нысандары қарастырылады. Атап айтқанда: кәсіпкерлік құқықтың қалыптасу және даму тарихы, пәнімен әдісі, қағидалары және жүйесі, Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің құқықтық реттелуі негіздері, кәсіпкерлік қызмет түсінігі және белгілері, кәсіпкерлік қызметтің түрлері мен нысандары, кәсіпкерлік қызмет субъектілері және олардың құқықтық мәртебелері, кәсіпкерлік қызметтегі мүліктің құқықтық режимі, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің әдістері мен бағыттары, кәсіпкерлік келісім-шарт, кәсіпкерлік қызмет саласындағы жауапкершілік, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және шаруашылық дауларын шешу, биржа қызметін құқықтық реттеу, инвестициялық қызметті құқықтық реттеу, банк қызметін құқықтық реттеу, сақтандыру қызметін құқықтық реттеу, көлік қызметін құқықтық реттеу, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін құқықтық реттеу.

Кәсіпкерлік құқық пәнінің лекциялық сабақтарында интерактивті әдістерді пайдалану кезінде студенттер түсіну процесіне толық қанды қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі қайнар көзі қызметін атқарады. Білім берудің дәстүрлі нысандарымен салыстырғанда, интерактивті оқытуда оқытушы мен студенттің өзара әрекеттестігі ауысады: оқытушының белсенділігі оқушының белсенділігіне орын береді, ал оқытушының тапсырмалары олардың инициативасы үшін жағдай жасаушы болады.

Кәсіпкерлік шарт.

Шарттың ұғымына анықтама беретін болсақ азаматтық заңдарда белгіленгендей екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міңдеттемелерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады .

Шарт термині азаматтық заңнамада әртүрлі мәнде қолданылады: өзінен міндеттеме туыңдайтын заңдық факты; сол шарттық міңдеттеменің өзі; шарттық міндеттемені ресімдеген құжат.

Шарт - құқықтық қатынастың туыңдауына, өзгеруіне немесе тоқтауына негіз болатын заңдық факт. Сондықтан да, шарт азаматтық құқықтар мен міндеттемелерді туындататын негіздердің бірі болып саналады.

Жалпы ҚР азаматтық кодексіне жүгінсек 148-баптың 1-тармағына сәйкес мәмілелер бір жақты және екі немесе көп жақты (шарттар) болуы мүмкін. Сол себепті, шарт мәміле болып табылады және шартқа екі және көп жақты мәмілелер туралы (373-баптың 2-тармағы), атап айтқанда, мәміленің формасы және оны тіркеу туралы, мәмілені заңсыз деп тану туралы және т. б. ережелер қолданылады. "Бір жақты және көп жақты мәмілелер" ұғымын "бір жақты және өзара шарттар" ұғымынан ажырату керек. Бір жақты мәміле шартқа жатпайды, себебі мәмілені жасау үшін тараптардың келісімі керек емес, бір жақтың ерік білдіруі жеткілікті. Шарттың басқа мәмілелерден және басқа заңдық фактылардан айырмашылығы сол, шарт дегеніміз тараптардың келісімі. Сондықтан, азаматтық кодекстің 148-бабының 3-тармағына сәйкес, шарт жасасу үшін екі тараптың (екі жақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көп жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет болып табылады.

Шарттардың басым көпшілігі екі жақты мәміле болып табылады, себебі шарттан, әдетте, міндеттемелік құқық қатынастары туындайды, ал міндеттеме үшін мүдделері қарама қарсы екі тарап болуы керек: біреуіңде талап ету құқығы (несие беруші), екіншісінде - сол құқыққа икемделген міңдет (борышкер) болады.

Бірлескен қызмет туралы шарт көп жақты мәмілеге мысал бола алады ол ҚР АК-ның 228-бабында айқындалған.

Бұл шарттың ерекшелігі сонда, оның тараптары ортақ шаруашылық мақсатқа қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет жасауға келіседі және осы қызметтің нәтижесінде ортақ меншік пайда болады. Бірлескен қызмет (жай серіктестік) туралы шарттың "Міндеттемелік құқық" туралы бөлімде емес, меншік құқығына арналған бөлімде, ортақ меншік туралы тараудан кейін орналасуы бекерден бекер емес.

Мысалы, консорциум - бiрлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негiзiнде заңды тұлғалар нақты шаруашылық мiндеттерiн шешу үшiн белгiлi бiр ресурстарды бiрiктiрiп, күш-жiгердi үйлестiретiн ерiктi түрде тең құқықты уақытша одақ (бiрлестiк) .

"Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкін" деген ережені Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне кіргізу елеулі жаңалық болып табылады. Бұл ереже бұрынғы заңнамада болмаған. Ол ТМД-ға мүше басқа елдердің Азаматтық кодекстерінде кездеспейді.

Кәсіпкерлік-құқықтық шартты, әдетте, міндеттемелік құқық қатынастарымен байланыстырады. Көбіне солай да. бірақ, міңдеттемелік құқық катынастарының ауқымына зорға сиатын құқықтық қатынастар да бар. Мысалы, бірлескен қызмет туралы шарттан ортақ меншік объектісін бірлесіп иелену және пайдалану жөнінде оның қатысушылары арасында қатынастар туындайды, ал олар міндеттемелік емес заттық салыстырмалы құқық қатынастары болып табылады (ортақ меншіктің қатысушылары мен барлық басқа адамдар арасында болатын заттық абсолюттікке қарағанда) .

Шарттан авторлық қатынастар (бірлескен авторлар арасында), өнертапқыштық қатынастар (бірлескен өнертапқыштар арасында) және т. б. туындаған жағдайда осылай бағалауға болады.

Құқықтық қатынастар кешені (заттық және міндеттемелік) заңды тұлғаның пайда болуына негіз болатын құрылтай шартынан туындайды.

Шарттардың түрлерінеде тоқталып талдау жасайық. Оларды атап өтетін болсақ нақты және консенсуальдық шарттар, ақылы және ақысыз шарттар, бір жақты және өзара шарттар, бір типті және аралас шарттар, негізгі және алдын ала шарттар, еркін және міндетті шарттар, өзара келісілген шарттар және қосылу шарттары және өзінің қатысушыларының пайдасына жасалған шарттар мен үшінші жақтың пайдасына жасалған шарттар болып бөлінеді.

Азаматтық заңдарда шарттарды топтастыру әртүрлі негіздерде жүргізіледі. Міндетемелер туралы мәселені қарастырғанда жүргізілген топтастыру да, атап айтқанда, тауарды беру, жұмыс жасау, қызмет көрсету сияқтылар шарттарға да қолданылуы мүмкін. Шарттарға мәмілелер топтастырулары да қолданылады.

Біз шарттардың заңнамада және заң әдебиетіңде қолданылатын негізгі топтамаларына тоқталып мазмұнын толық ашып көрсетейік.

Нақты және консенсуальдық шарттар . Егер, заң актілеріне сәйкес шарт жасалу үшін мүліктің берілуі қажет болса, шарт тиісті мүлік берілген кезден бастап жасалынған болып саналады.

Азаматтық кодекстің 393-бабының 2-тармағында нақты шарттың жасалу кезі туралы айтылған. Шарттардың көпшілігі консенсуальдық болып табылады, (лат. consensus - келісім), яғни оларды жасау үшін ол жайында келісім болса жеткілікті. Бұған мысал, сатып алушы мен сатушы арасындағы келісімге қол жеткен кезден бастап сатып алу-сату шарты жасалды деп саналады. Затты беру, ақша төлеу және басқа әрекеттер жасалынып қойған шартты орындау мақсатында атқарылады.

Бірақ, кейбір шарттар (мысалы, сыйға тарту, сақтау, заем, жүктасымалдау) шарт нысаны берілген кезден бастап қана жасалынады деп саналады. Мұндай шарт нақты (лат. res -зат) деп аталады, ол заң актілерінде бекімін табуға тиіс.

Шарттың консенсуальдық немесе нақты сипаты, әдетте, шарттың анықтамасының өзінде көрсетіледі. Мысалы, сатып алу-сату шартында сатушының міндеті былайша қалыптасады: сатушы затты беруге міндеттенеді, ал сатып алушы ақша төлеуге міндеттенеді. Болашақта шарт осылай орындалуы тиіс.

Нақты шарттарда тараптардың міңдеттері басқаша анықталады. Оған мысал ретінде сақтау шарты бойынша сақтаушы зат иесінің өзіне тапсырған затын сақтауға міндетті, тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы өзіне сеніп тапсырылған жүкті апаратын жерге жеткізуге міндетті яғни, шарт бойынша міндеттеме екінші тарап затты бергеннен кейін ғана туыңдайды. Бұл жерде орындау кезі мен шарт жасасу кезін шатастырмау керек. Консенсуальдық шарттарда олар, әдетте, сәйкес келмейді, бірақ тараптар сатып алу-сату шарты бойынша зат беру кезін шарт жасасу кезімен сәйкестендіруге келісе алады. Бірақ бұдан сатып алу-сату шарты нақты шарт бола алмайды.

Ақылы және ақысыз шарттар. Шарт бойынша тараптар өз міңдеттемелерін орындағаны үшін ақы алуы немесе біріне бірі нәрсе беруі керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады. Бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе еш нәрсе бермей бір нәрсені ұсынуды міндетіне алған шарт ақысыз шарт болып табылады (АК-ның 384-бабы) .

Ақылы және ақысыз шарттар арасындағы айырмашылық - шарт бойынша өз міндеттерін орындағаны үшін біріне бірінің бір нәрсені ұсыну-ұсынбауында.

Бір нәрсені ұсынуға (төлеуден басқа) материалдық құндылықтар беру (бартерлік операция), біріне бірі қандай да бір міндеттерді атқаруы (өзара міндеттемелер), ақшалай баға беруге болатын кез келген әрекетті жасау жатады.

Бір нәрсені ұсыну ұғымы ағылшын-американ құқығында "considaration" деген атпен кең қолданылады. Оларда considaration кез келген шарттың елеулі ережесі болып табылады; онсыз шарт заң күші бар шарт деп танылмайды.

Шарттардың көпшілігі ақылы. АК-да бекімін тапқан ақысыз шарттардың ішінен сыйға тарту шартын, мүлікті ақысыз пайдалану және пайызсыз заем шартын атауға болады.

Кейбір шарттар заң бойынша ақылы да, ақысыз да болуы мүмкін (тапсыру, сақтау, заем) . Сондықтан да, АК-ның 284-бабыңда қаңдай да бір күдік туса, шарт ақылы деп танылады деген презумпция бекітілген. Шарт ақысыз деп танылады, егер ол заңнамадан, шарттың мазмұнынан немесе мәнінен туындайтын болса.

Азаматтық айналымда ақысыз шарттардың болуы елімізде қалыптасып келе жатқан қатынастардың мәніне қайшы келмейді. Мысалы, қайырымдылық, мәдени, білім беру және басқа қоғамдық қорлардың қызметі (АК-ның 107-бабы), демеушілік жасау, еркімен қайырсадақа беру және осыларға ұқсас қызмет, әлеуметтік маңыз алуда, ақысыз сыйға тарту шарттары көбіне олардың құқықтық формасына айналуда.

Бір жақты және өзара шарттар тараптардың құқықтары мен міндеттерінің бөліну сипатына қарай ажыратылады. Бір жақты шартта бір тарапта тек құқық, екіншісінде тек міңдет туындайды (мысалы, заем шарты) . Өзара шартта тараптардың әрқайсысында құқық болады, олар міңдеттемелер де көтереді (сатып алу-сату шарты бойынша сатушы берген заты үшін сатып алушының ақша төлеуін талап етуге құқылы және өзі сол затты сатып алушыға беруге міндетті, ал сатып алушы заттың өзіне берілуін талап етуге құқылы және сол зат үшін ақша төлеуге міндетті.

Бір типті және аралас шарттар. Бір типті шарттар сан алуан қыры бар (жеткізу, тұрмыстық мердігерлік, жалдау, рента және т. б. ) белгілі бір түрдегі (тауарды беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету) міндеттемелерді тудырады. Аралас шарттарда заңнамада көзделген әртүрлі шарттардың элементтері болады.

Сөйтіп кәсіпкерлік шарт - бұл кәсіпкерлік қызметті жұзеге асыру мақсатында жасалатын, тарап немесе тараптардың бірі кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылатын келісім.

2. Кәсіпкерлік шарттың басты және айқындаушы белгісі екеу:

1/ айрықша субъектілік құрам (тараптар немесе тараптардың біреуі кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылады;

2/ шарт жасасудың мақсаты (шарт кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін жасалады) .

Кәсіпкерлік шарт қызметтеріне мыналар жатады:

1/кәсіпкерлік қызмет субъектілері арасында заңдық маңызы бар байланыстар орнату қызметі;

2/келісімге қатысушылардың өзара байланысты қызметінің мазмұның (яғни кәсіпкерлік қызмет субъектілері ретіндегі тараптардың өзара құқықтары мен міндеттелерін) анықтау қызметі;

3/кәсіпкерлік қатынастарды қалыптастыру қызметі (кәсіпкерлік қызмет субъектілері шарт жасаса отырып, оның формасын, шарттарын түрін, тараптардың құқықтар мен міндеттерін және т. б. өз қалаулары бойынша айқындауға құқылы) ;

4/ келісімге қатысушылардың шарт тәртібін сақтауын қамтамасыз ету қызметі (міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етудің қосымша тәсілдерін белгілеу жолымен және т. б) . Бұл қызметтер барлық кәсіпкерлік шарттарға тән, ортақ қызметтер болып табылады.

Азаматтар мен заңды тұлғаларға шарт жасасуда еркіндік берілген. АК-да, заң құжаттарында немесе өз еркімен қабылдаған міндеттемеде, шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды қоспағаңда, шарт жасасуға мәжбүрлеуге жол берілмейді (АК-ның 380-бабының 1-тармағы) .

Шарт еркіндігі туралы норма ҚР АК-ның 8-бабының азаматтар мен занды тұлғалар өздеріне берілген азаматтық құқықтарды өз қалауынша пайдаланады деген ережесіне негізделген.

Шарт еркіндігі АК-да бекімін тапқан кәсіпкерлік қызмет еркіндігімен және тұтынушылардың тауарлар иеленуге, жұмыстар мен қызметтер пайдалануға шарт жасасу еркіңдігіне құқығымен үйлестікте болады.

Егер ҚР АК сүйенетін болсақ онда 380-баптың ережесі мүлде жаңа, себебі жоспарлы-бөлу экономикасында шарт еркіндігі болмады, барлығын жоспарлы қорлар мен бөліп тарату анықтады, соларға сәйкес шарттар жасалыңды. Шарттарда формальдық сипат болды, ең басты маңыздылық жоспарлық актілерге берілді. Мұның барлығы заңнамада, оның ішіңде Азаматтық кодексте мұқият реттелді.

Қазір шарт жасауға мәжбүрлеу айрықша жағдайларда ғана болуы мүмкін. Міндетті түрде шарт жасасу туралы жалпы ережелер АК-ның арнайы бабында (АК-ның 399-бабы) жинақталғанын көреміз.

Шарт жасасу міндеті АК-да, егер мұндай шарт жария шарт болса, коммерциялық ұйым үшін көзделген (387-бап) .

Міндетті шарттар арасында жария шарттардың орны бөлекше. Коммерциялық ұйыммен жасалған және қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін әркімге тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөнінде оның міндеттемелерін белгілейтін шарт жария шарт деп аталады (бөлшек сауда, көпішілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау, байланыс қызметін көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана қызметін көрсету жөне т. б. )

Азаматтық кодексте көрсетілгендей 387-баптың мазмұнынан жария шарттың белгілері туындайды:

1) оны коммерциялық ұйым жасайды;

2) коммерциялық ұйымның тауарлар сату, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету жөніндегі міндеттері белгіленеді;

3) ұйым, өз қызметінің сипатына қарай, бұл міндеттерді өзіне жүгінген өр адамға қатысты жүзеге асыруға тиіс;

4) коммерциялық ұйым, заңнамада көзделген жағдайлардан басқа реттерде, шарт жасасуда бір адамның алдында екінші адамға артықшылық беруге құқылы емес.

Коммерциялық ұйым тұтынушыға тиісті тауар (жұмыс, қызмет) ұсынудан өзіңде оңдай мүмкіңдік болмаған (дүкенде тауар жоқ, көлікте бензин жоқ және т. б. ) жағдайларда ғана бас тартуға құқылы. Оған мысал, бөлшек сауда дүкенінде сатып алушы, егер сауда залында тауар бітіп қалса, сатушының витринадағы тауарды алуын немесе қоймадан алып келуін талап ете алады.

Егер дәлелсіз бас тартса, шарт жасасу міндетті болған жағдайда, шарт жасасудан бас тартқандағыдай салдар болады.

Тұтынушы тауар, жұмыс, қызмет көрсетуді ұсынуға мәжбүрлеу туралы және содан келген зиянды өтеу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы, сатып алатын тауарын алып кетуге дайыңдаған көлікке кеткен шығынды өтеу; немесе сондай тауарды басқа дүкеннен табу үшін шығарған шығынды өтеу, т. б.

Сатып алу-сату шартын жасасу міндеті жекешелендіру туралы жарлықтың 14-бабының 6-тармағында және Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 23-бабында бекімін тапқан. Мемлекеттік мүлікті сатушы мен мемлекеттік мүлікті сату жөніндегі ашық сауданың жеңімпазы осындай шарт жасасуға міндетті.

Шарт жасасу міндеті еркімен қабылдаған міндеттемеден туындайтын жағдайларға алдын ала шарт жасасу жатады.

Алдын ала жасалатын шарт бойынша тараптар алдын ала жасалатын шартта көзделген жағдайларда мүлiк беру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету туралы болашақта шарт (негiзгi шарт) жасасуға мiндеттенедi.

Мысалы, ҚР АК-ның 306-бабының 1-тармағына сәйкес, кепіл ұстаушыға оның иеленуіне берілген кепілге салынған мүлікті сақтандыру міндеті шартпен немесе заң актілерімен жүктелуі мүмкін. Кепіл берушінің пайдалануында қалатын кепіл мүлкін сақтандыру кепіл берушіге жүктеледі.

Шарт еркіндігі принципі тараптардың заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алатындығынан көрініс табады ҚР АК-ның 380-баптың 2-тармағына сәйкес азаматтар және заңды тұлғалар шарт жасасуға ерiктi. Осы Кодексте, заң құжаттарында немесе өз еркiмен қабылдаған мiндеттемеде шарт жасасу мiндетi көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүр етуге жол берiлмейдi.

Тараптар заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алады

3. Кәсіпкерлік шарттың формасы мәмілелер мен шарттардың формасында жататын жалпы ережелермен, сонымен қатар кәіспкерлік шарттардың көптеген түрлерінің формасына жататын арнайы ережелермен реттеледі. Жалпы ереже бойынша мәмiлелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады (жай немесе нотариалдық) .

Заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен жазбаша (жай не нотариалдық) немесе өзге белгiлi бiр нысан белгiленбеген мәмiле, атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын мәмiлелердiң бәрi ауызша жасалуы мүмкiн. Мұндай мәмiле адамның мiнез-құлқынан оның мәмiле жасау еркi айқын көрiнiп тұрған ретте де жасалған деп саналады.

Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшiн жасалған мәмiлелер, егер заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келiсiмi бойынша ауызша жасалуы мүмкiн.

Азаматтық кодекстің 152-бабында мәмiленiң жазбаша түрлері қарастырылған:

1) егер мәмiлелердiң жекелеген түрлерi үшiн заңдарда өзгеше арнайы көзделмесе немесе iскерлiк қызмет өрiсiнiң әдеттегi құқықтарынан туындамаса, мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, кәсiпкерлiк қызмет үрдiсiнде жүзеге асырылатын;

2) мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, жүз есептiк көрсеткiш жоғары сомаға;

3) заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген өзге де реттерде жазбаша түрде жасалуға тиiс.

Егер iскерлiк қызмет өрiсiнiң әдеттегi құқықтарынан өзгеше туындамаса, жазбаша түрде жасалған мәмiлеге тараптар немесе олардың өкiлдерi қол қоюға тиiс.

Егер заңдарға немесе мәмiлеге қатысушылардың бiрiнiң талаптарына қайшы келмесе, мәмiле жасау кезiнде қол қоюдың факсимилелiк көшiрме, электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалануға жол берiледi.

Екiжақты мәмiлелер әрқайсысына өзiн жасаған тараптар қол қойған құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкiн.

Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайпжазба, факс, электрондық құжаттар немесе субъектiлердi және олардың ерiк бiлдiруiнiң мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, егер заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен өзгеше белгiленбесе, жазбаша түрде жасалған мәмiлеге теңестiрiледi.

Заңдармен және тараптардың келiсiмiмен қосымша талаптар белгiленуi мүмкiн, оларға мәмiле нысаны, атап айтқанда, белгiленген нысанды бланкiге жазу, мөрмен бекiту сәйкес келуге және оларда осы тараптарды орындамау салдары көзделуге тиiс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалға алу шарты
Аграрлық құқықтық қатынастарды мемлекеттік құқықтық реттеу тетігі
Кәсіпкерлік іс-әрекет
Кәсіпкерлік және үй экономикасы
Кәсіпкерлік құқық негіздері туралы
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу
Пәннің оқу-әдістемелік кешенін дайындау бойынша ереже
Шағын кәсіпкерлік қызметінің қазіргі замандағы құқықтық жағдайын бағалау
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ АҚПАРАТТЫҚ БАЗАСЫ РЕТІНДЕ
Кәсіптік этиканың теориялық-методологиялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz