Оқу-тәрбие процесін ізгілендіру арқылы мұғалім мәртебесін арттыру
оқу-тәрбие процесін ізгілендіру арқылы мұғалім мәртебесін арттыру
Бүгінгі таңда еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеу мен
қалыптастыруға қабілетті заманауи мұғаліміне деген сенімі мен үміті күннен-
күнге артып отыр. Мұғалімге қойылатын талаптар мен олардың қызмет
сферасында жаңа инновациялық даму және қалыптасу кезеңі жүзеге асырылуда.
Мұғалім мамандығына қатынастың түбегейлі өзгеруіне байланысты оған
үлкен жауапкершілік жүктелуде. Өз ісінің шебері, оқытудың инновациялық
технологиялары мен әдістемелерін әзірлей алатын әрі оқушылардың көңіл-күйін
нәзік сезіне алатын психолог болу бүгінгі күні өте құрметті, мәртебелі
қызметке айналып отыр[1].
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер адам санасындағы күрделі
жаңғыру процесімен астаса жүріп жатыр, мұның өзі іргелі және әмбебап
білімді саралап, оның өрісін кеңейте түсуді және бұл істі білім беру жүйесі
арқылы жүзеге асыруды талап етеді. Қоғамымызда бүгінгі таңда білім берудің
өндірісті қамтудан мәдени-шығармашылық мұратқа ойысуы жолындағы келелі
міндеті туралы дәстүрлі түсінік қайта қаралуда, өйткені олар жеке тұлғаның
дамуындағы сыңаржақтылық пен толымсыздықты еңсеруге жәрдемдеседі, әр
кісінің азаматтық тұғырын табуына жетелейді, сол арқылы оның ішкі әлеуетін
ашуына деген мүмкіндігін кеңейтеді.
Қоғамды демократияландыруды мақсат ететін гуманитарлық білім және
тәрбие беру адамдардың әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқына, этносаралық,
әлеуметтік-топтық, мемлекетаралық қатынастардың жай-күйіне тікелей ықпал
етеді, жаңа артықшылықтар берілетін құндылықтар жүйесін және азаматтардың
өмірлік бағдарын, ізгілікті қоғамның рухани бітімін қалыптастырады.
ХХІ ғасырда өркениетті дамудың талабы – қоғамды ізгілендіру, яғни
әлеуметтік қатынастарды ұйымдастырудың тиімді нысандарына қол жеткізуіне
байланысты болып отыр. Ізгілендіру мақсатына жету құралы – зиялылықты
қалыптастыруды, сезім, көңіл-күй мәдениетін тәрбиелеуді, өмірлік
құндылықтар мен бағдарлардың белгілі бір жүйесін орнықтыруды көздейтін сан
қырлы процесс – гуманитарландыру болып табылады. Өйткені біз ертеңгі күні
өзіміз қалыптастыратын қоғамда өмір сүретін боламыз, сол себепті болашақ
мамандарымыз гуманистік көзқараста тәрбиеленген, білімді азаматтар
деңгейінде даярланғаны қажет.
Қазақстан Республикасында қабылданған білім беруді гуманитарлан- дыру
тұжырымдамасында (1994) жалпы адамзаттық құндылықтар мен Қазақстанның
ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, өтпелі кезеңде гуманитарлық білім беру
саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын ұсыну, оның серпінді дамуы
мен қызмет атқаруына жағдай жасау мақсаты көрсетілген [2].
Қазіргі білім беру жүйесінің жай-күйіне жасалған талдау оның әлемдік
деңгейге де, сондай-ақ көкейкесті практикалық қажеттілікке де сай еместігі
дәлелденіп отыр. Біздің бұрынғы білім беру жүйесіне шектен тыс
идеяологиялық тәуелділік пен кәсіптік бағдар тән еді. Қоғамдық пәндер
саласында көбінесе адам табиғатын, оның өмірлік мүдделері мен
қажеттіліктерін, шынайы мәдени құндылықтарын тиісінше ескере бермейтін
ғылыми білім үлгілеріне бағыт ұстанылған еді. Білім беруді бір ізге салу,
жаттанды қағидалар мен қалыптардан таймау, әлемдік өркениеттен оқшаулану
рухани өмірдің жұтаңдауына әкеліп соқты. Халықтың мәдени-тарихи мұрасының
тұтас қаттаулары жадымыздан қағыс қалдырылды.
Көптеген оқушылардың әлемнің және Отанымыздың мәдениетінің негіздерін
білмеуі, қоғамдық институттардың құрылымы мен қызметі туралы қарапайым
түсініктерінің жоқтығы, адамдардың қарым-қатынас жасаудағы этикалық және
психологиялық тұрлаулы дағдысының әлсіздігі немесе болмауы, дүниені түсіну
жөніндегі жалпы ғылыми көзқарасының қалыптаспауы, өмірге және ондағы өз
орнына деген тоғышарлық көзқарастың меңдеп кетуі – жастардың гуманистік
көзқарасының дұрыс қалыптасуына, олардың даярлығына жеткілікті көңіл бөлмеу
салдары.
Қазақстанда білім беру мазмұнын гуманитарландыру мәселесі қоғам
дамуының алғы шарттарын қалыптастыруға, жастарды нарықтық қатынастар
жағдайында жұмыс істеуге әзірлеуге қатысты шешілетіндіктен, кез келген
оқушы игеруге тиісті негізгі жеке қасиеттер, адамгершілік өлшемдер мен
гуманитарлық бағдарлар жиынтығының мазмұнын анықтау қажет[3]. Қазақстанда
білім беруді гуманитарландыру тұжырымдамасында жас ұрпақтың гуманистік
көзқарасын қалыптастыратын білім, біліктілік және дағдылардың мазмұнын
анықтау төмендегіше берілген:
- дүниетану мен түйсінудің негізін құрайтын, дүниені түсіндіру
қабілетін іске асыратын, өмірдің құндылықтары туралы бағдар беретін
философиялық білімдер;
- нарықтық экономиканың әлеуметтік бағытталуы туралы қазіргі түсініктер
негізінде қалыптасатын этикалық біліктіліктер;
- әлемдік өркениет тарихындағы неғұрлым мәнді идеялар мен тұлғаларды
білу; мәдениеттің негізгі кезеңдеріне түсінік беру;
- әлеуметтік-мәдени даму заңдылықтарын түсіне отырып, тарихи жылнамаға
талдау жасай білу; қазіргі өркениет жолдарын пайымдау қабілеті; тарих
субьектілері, оның ішінде осы заманғы әлеуметтік күштер, қазіргі қоғамның
әлеуметтік құрамы туралы кең ауқымды түсінік; қоғамдағы институттардың
құрылымы мен функциялары жайында нақты түсініктің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz