Оқушылар ұжымы — тәрбиенің шешуші факторы



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
1. Ұжым тәрбие құралы.
Оқушылар ұжымы — тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында
бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда
қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымынан
алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып
табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі біртұтас ұжым
ретінде өмір сүретіндігінен туындайды.
Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады.
Мысалы, кәсіпшіл ұжымдар (өндіріс, шығармашылық, әскери оқу орындары),
қоғамдық ұйымдар (партаялар, халық конгресі, бірлестіктер, кәсіподақтар),
ерікті қоғамдар ғылыми, ғылыми насихат, әскери спорт, өз әрекетімен істеуші
ұжымдар (көркемөнерпаздар, коллекционерлер) және т.б. Осы ұжымдарда
адамдардың шешетін міңдеттері еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын
тездету, қоғамдық дамуының жаңа деңгейін қайтымсыз процеске ай-налдыру,
халық шаруашылығының барлық салаларында өмірді демократия және жариялылық
принциптерінің негізінде құру.
Осы жағдай талабына сай ұжым балаларды қоғамдық өмір
мен өндіріске дайыңдаудың мүмкін болатын бірден-бір құралы-
на айналады. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін.
жасампаздығын, күш-қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың
ең тиімді құралы. --,
Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту
органдарының озат өкілдері: А.ВЛуначарский, Н.К Крупская, А.С.Макаренко,
П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, ВАСухомлинский аса зор көңіл аударып зерттеді.
А.В Луначарский жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым болады
деді. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол, адам біздің заманымызда
ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын болуы
тиіс. Тұлға ұжым негізінде ғана дамиды.
Н.К.Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп атады.
Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым-қатынастарына
үлкен мән берді. Балаларды ұжымда өмір сүре және жұмыс істей алатындай етіп
тәрбиелеудің қажет екенін ескертті. Ол балалар қозғалысына байланысты
бірсыпыра мәселелерді атап көрсетті. Олар: балалардың ұжымдық іс-әрекетінің
формалары мен әдістері, өзін-өзі басқару және оны ұйымдастырудың әдістері
т.б.
А.С.Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бір ізді педагогикалық
теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және
іс-әрекеті, қарым-қатынас, дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде
шығармашылық дамудың негізі болды.
АС.Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше
атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым
мүддесімен өмір сүре білуі қажет. АС. Макаренко жеке адам тәрбиесінің
қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін
көрсетті.
1. Ұжым тәрбиенің мақсаты және объектісі, жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.
2. Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға
біріктіреді.
3. Ұжым барлық ұжымда рмен табиғи байланысты қоғамның бөлігі.
4. Ұжымның өзін-өзі басқару органдары және өкілдері — ұйымдастырушылары
болады.
Әрбір ұжым — бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ұжым контактылы
және негізгі болып екіге бөлінеді. Контактылы ұжым бұл ұжым белгілері бар
бастауыш топ. Негізгі ұжым — бұл контактылы ұжымдардың бірлестігі. Мысалы,
контактылы ұжым — бұл студенттер тобы, негізгі ұжым — факультет т.б.
Қазіргі кезеңде А.С.Макаренко идеясын дамытуда И.П.Ивановтың иКоммунар
әдісі игі етуде. Коммунар әдісінің мәні, ұжым өмірінің айқын бейнесін
ұйымдастыру; . Онда барлығы өнегелі принципіне, шығармашылыққа негізделеді.
Ұжымдық шығармашының біріккен іс-әрекетінің әдісіне ұжымдық жоспарлау және
жүзеге асыру күндслікті іс-әрекеттері, ұжымдық талқылау, шешім қабылдау
жәңе баға беру кіреді. Бұл мәселелер И.П.Ивановтың "Коллектившілерді
тәрбиелеу" атты еңбегінде қарастырылған.
Сонымен ұжым - бұл көзделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен
мақсаттылық, іс-әрекетімен сипатталатын адамдар тобы.
В.А.Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес
қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде "Мудрая власть
коллектива", "Коллективтің құдіретті күші" т.б. баяндалды.
В АСухомлинский пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие
құралы болды. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас
ұжымдық қатынастың даму процесі, В.А.Сухомлинскийдің қарым-қатынас
жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр. Демек,
ынтымақтастық балалармен қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде туды.
Ынтымақтастық идеялары жаңашыл мұғалімдердің еңбектерінде ғылыми-
әдістемелік тұрғыдан қарастырылған.
Біздің елімізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы - мектеп ұжымы баланы
дамытуда және қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Мектептегі оқушылар ұжымы
— бұл іс-әрекетімен (оқу, еңбек т.б.) бірігіп топтасқан балалардың мақсатқа
бағытталған тұрақты бірлестігі.
Мектеп ұжымының негізінде бірнеше өзара байланысты оқушылар ұжымдарының
типтері пайда болады. Олар: мектеп сыныбы, ұзартылған күн тобы, клубтар,
секциялар, оқушылардың еңбек бірлестіктері т.б. Бұлардың барлығын бастауыш
ұжымдар деп атайды.
Оқушылар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы.
Ұжымшылдық адам мүддесінің ұжым және қоғам мүддесімен мызғымас
байланыстылығын көрсетеді.
Адам ұжымда өз күшінің, өз қабілетінің керек екенін түсінеді. Сондықтан
оларды үнемі дамытып, жетілдіріп отыру педагогикалық ұжымның оқыту және
тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруына байланысты. Қорыта айтқанда
ұжым — тәрбиенің маңызды құралы.

2. Ұжымның даму кезеңдері, олардың бір-бірімен сабақтастығы.

Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезеңдерін айқындаған
А.С.Макаренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-әрекетінің
мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара-қатынасы тәуелділігіне байланысты
ажыратты.
Бірінші кезенде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ.
Сондықтан мүғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан
бастайды. Талап іс-әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер.
Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге
тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдай
бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғарғы
сыныптарында болуы мүмкін.
Бұл кезеңде ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы оқушыларға сүйену керек.
Ұжым өміріне мұндай тәсіл сынып белсенді жұмыс істейтін оқушылар тобын
көбейтуге және балалар мен мүғалімдердің жұмысты бірлесіп істеуіне әсер
етуі мүмкін.
Бірінші кезең аяқталу үшін мына мәселелерді еске алған жөн:
1. ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;
2. ұжым іс-әрекетінің дамуы;
3. жеке адам арасындағы қарым-қатынас іскерлік және гуманистік
қатынастардың пайда болуы;
4. барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының бөлінуі.
Бұл кезенде мұғалімнің негізгі қызметі — оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін
ұйымдастыру, оларды әр түрлі іс-әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды балаға
педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.
А.С.Макаренко ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды
тәрбиелеуден бастау қажет дейді.
Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, яғни сынып жетекшісінің
ұйымдастырушылық қызметінен тұрақты ұжым органдарына көшеді. Сондықтан бұл
кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы, жұмысты бірігіп
жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым
мүшелеріне көмектесу, іс-әрекеттерін бақылау т.б.
Мұғалімнің кызметі - коммуникативті, яғни балалармен байланыс жасау,
ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауда
барлық оқушылардың күш-қуатын нығайту.
Ұжымның бұл даму кезеңінде параллельді ықпал жасау принципті қолданылады,
яғни тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асрылады.
Үшінші кезең - бұдан былай белсенді топтың және ұжым (сынып) іс-
әрекетінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі деректерді,
құбылыстарды бағалауда қоғамдық (ұжымдық) пікір пайдаланылады. Бұл саты
ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп
орындаудың арқасында ұжымдық, гуманистік қатынастар дамиды, демек, ұжымда
тілектестік, бір-біріне ілтипатты болу, жолдастарының қуанышына
мұқтаждығына үн қатуға дайын тұру, мінез-құлық нормасын сақтау, нормаға
бағыну сияқты болымды қасиеттер пайда болады.
Ұжым қоғамдық пікірмен сипатталады. Қоғамдық пікір - бұл ұжым мүшелерінің
талаптарды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікті ұжым кейбір
ұғымдар және құбылыстар жайындағы пікірлерді мақұлдайды немесе кіналайды.
Демек, ұжымдық талқылау, бағалау, жариялылық, әрекеттілік - қоғамдық
пікірдің негізгі ерекшелігі.
Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңыз-
ды мәселелердің бірі - ұжым алдындағы мақсатты - перспекти-
ваны таңдау. Осыған орай, А.С.Макаренконың теориялық мұра-
сына сүйеніп, оның жақын, орта және қашық атты перспектива-
ларын еске түсірген жөн. м
Жақын перспектива - бұл күнделікті өмірде пайда болып жеке адамды әр
түрлі іс-әрекетіне ынталандыру, қызықтыру. "Егер балалар алдында қуанышты,
қызықты істер болмаса, онда олар өмір сүре алмайды. А.С.Макаренко адам
өмірін шын ынталандыруды ертеңгі қуаныш" - деді.
Жақын перспективаға жарыс, саяхат, жексенбілік серуен, цирк, музей және
көрмеге бару, үйірмелердегі қызықты жұмыстар т.б.жатады.
Орта перспектива - бұл перспективаға балалар лагеріне бару, жыл сайын
өткізілетін ән, сурет сайыстарына қатысу, әдебиет, эстетикалық
тақырыптарға пікірталас өткізу т.б. жатады. Мұндай алда тұрған оқиға
оқушылар үшін өте қуанышты болады.
Қашық перспектива - бұл ұжымның немесе жеке адамның бір істі ұзақ
мерзімде орындауға талаптану мақсаты. Қашық перспективаға келешек
мамандықты таңдау, білім алу, мектеп бітргеннен кейін халық шаруашылығында
жұмыс істеуге тілек білдіру немесе осы перспективаларды оқу және тәрбие
барысында тиімді
пайдалануда әрбір мұғалімнің міндеттері: біріншіден, перспекти-
шыл балның^ сыныптың, мектептің жағдайын білу; екіншіден, оқушылардың жас
ерекшеліктерін және жалпы дайындық дәрежесін еске алу.
Ұжым өмірінде дәстүрдің үлкен тәрбиелік маңызы зор. А.С. Макаренконың
сөзімен айтқанда, дәстүр ұжымды бекітеді.
Дәстүр ұжымды нығайтады, оның өмірін толық, тұрақты ықпалды және тартымды
етеді. Ұжымның жалпы өмірінде дәстүрдің көптеген түрлерін байқауға болады,
мысалы, мектеп мерекесі, сайыстар, олимпиадалар, соңғы: қоңырау, артта
қалған оқушыларға көмектесу, дәлдік дәстүрлері т.б. Барлық дәстүрлер үшін
жалпы мәселе ұжым өмірін байыту,аға ұрпақтың мұрасын ұқыптылықпен күтуге
үйрену, ұжым абыроиы үшін күресу.
Дәстүр - бұл тарихи қалыптасқан, бір буыннан екінш буынға беріліп
отыратын қоғамдық өмірдегі, ұжымдағы адамдардың қатынастарын көрсететін
нормалар мен принциптер.

3. Даму кезеңдерінде оқушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасын
ұйымдастыру ерекшеліктері

Педагогика ғылымында оқушылар ұжымын үйымдастыру қажеттілігін, оның
тәрбиелік қызметін ашуды негіздеу ғана емес оны жасаудың теориялық негізі
де бар. Ұжым тәбие жоспарын жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек.
Балалар, үжымы олардың өмірі мен қатынастарының жүйесі ретінде бір орнында
тоқырап қала алмайды. Даму, ілгері қозғалу - ұжым өмірінің заңы. Бұл
жерде қозғалыстың себебін дамудың мүмкіндігінің сырын ашып алған жөн.
Мұндай психологиялық күш - болашақ үміт дүниесі Адам-
ның болашаққа ұмтылуы, өмірге үміт артуы, адам мен ұжым да-
муының маңызды сәттерінің бірі. Болашақ үміт дүниесінде адам
кажеттігінің мәдени және материалдық жиыны,оның даму
деңгейі, бүкіл моральдық бейнесі аиқындалады. А.С.Макаренко
болашақ үміт дүниесінің педагогикалық маңызды
ерекшеліктерінің бірі - баланың алдында мақсат жүйесі ретінде
ашылып, ол баланы тілеген нәтижеге жету мүмкіншілігімен
еліктіреді, өзінің және ұжымнын болашағын құруға қатынасу ынтасын, қуанышты
көңіл-күйімен ілгері ұмтылуын туғызады деп есептеді. Калыптасқан
қажеттіліктерді, тілектерді, мүдделерді қанағаттандыруға ұмтылу оқушының іс-
әрекетін әлеуметтік құнды арнаға жұмылдыру мен бағыттау болып табылады.
Педагогикалық тұрғыдан болашақ үміт дүниесі деп тұтас ұжым балалар
тобы,баланың тұлғалық мәні дамуының ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыратын,
ұжым мүшелерінің даму деңгейіне, олардың жас және дербес ерекшеліктеріне
қоғам талабына сәйкес келетін міндеттерді, мақсаттарды, істерді түсінуіміз
керек.
Оқушылардың тәрбие ұжымын және тұлғалық мәндерін қалыптастыру мақсатында
болашақ үміт дүниелерінің жалпы сипаттағы ерекшеліктері болады. Олар:
1. міндетті ұжым болып орындау жолындағы күрес бейнесінің қиялдан
туындайтын тікелей бала қызығуына, қуанышына негізделген істердің
еліктіруі;
2. нақты істер міндеттерінің, мақсаттарының қоғамдық пай-далы қүндылығы
және олардың біздің халқымыздың бүкіл күресімен байланысы, болашақ үміт
дүниесі үшін күрес бары-сының нақты ұйымдастырылуы;
3. оқушыларда нақты моральдық сапаларды тәрбиелеудің пе-дагогикалық
мақсатқа сәйкестігі.
Мұғалімнің міндеті болашақ үміт дүниесі жүйесін құру, яғни іс-әрекет
жүйесін құру, осы іс-әрекет барысында балаларға қажетті сапаларды тәрбиелей
отырып, бір міндет шешімінен екіншісіне ұжымды қозғалту.
Ұжымның жасампаз істері — қазіргі кезде тәрбие жұмысы құралдарының ішінде
ең өзектілерінің бірі. Шындығында, мәселен, еңбек мерекесі, ән-жыр көктемі,
тақырыптық кештер, т.б. мектепте үйреншікті құбылыстарға айналды. Осындай
іс-әрекеттер түрлі жастағы оқушылар жігерін біріктіріп аға ұрпақ
өкілдерінің бірлескен қатынастарын дамытуға көмектесуде. Бұл бірлік ұжымдық
жасампаз істер жүйесін оқушылармен тәрбие жұмысында нәтижелі пайдаланудың
шарты болып отыр. Мектеп кештерінде, арнайы ұйымдастырылған кездесулерде,
мұражай және көрмелерге баруда аға ұрпақ өкілдерімен тікелей қатынасып,
оқушы-лардың танымдық мүддесін қанағаттандырады және тереңдетеді, ой-өрісін
кеңейтеді, талғамды құлықтық көзқараспен қабылдауын және үндестігін,
пейілін және зейінін дамытады.
Мектеп тәжірибесі болашақ үміт дүниесін алға қоюдың төмендегідей екі жолы
бар екенін көрсетеді:
4. оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, мұғалімнің өзі олардың алдына
болашақ үміт дүниесін міндет етіп қояды және міндетті шешудің жолдарын
көрсетіп, балаларды еліктіреді;
5. өздеріне — болашақ үміт дүниесі ретінде алдына қойған мақсатқа жету
жөніндегі оқушылар бастамасын мұғалім қуаттап, оған жету жолдарын табуға
көмектеседі.
Түрлі болашақ үміт дүниесін ұйымдастырудағы негізгі әдістемелік тәсіл -
нақты мақсатқа жету жолындағы күреске балаларды даярлау. Ол даярлыққа
болашақ үміт дүниесіне жетудегі көмектесетін жоспарды, жобаны, ұсыныстарды
талқылау мен одан туындайтын ұйымдык және практикалық жұмыстар кіреді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылар ұжымы және оның ерекшеліктері
Ұжым-тәрбиеқұралы
Бастауыш сынып оқушыларында ұжымдық тәрбиені ұйымдастыру
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Ұжымды қалыптастыру және оның оқушы тұлғасына ықпалы
Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері туралы
Оқушылар ұжымы
Ұжымдық тәрбиенің обьектісі мен субьектісі
Жеке адамдың дамуына әсер ететін факторларды анықтау
Білім берудегі тәрбиенің мазмұны
Пәндер