Оқушыларға еңбек және дене тәрбиеін беруде халық педагогикасының озық үлгілерін пайдаланудың педагогикалық – психологиялық сипаты


МАЗМҰНЫ
Кіріспе3-5
I БӨЛІМ . ОҚУШЫЛАРҒА ЕҢБЕК ЖӘНЕ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІН БЕРУДЕ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ОЗЫҚ ҮЛГІЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Оқушыларға еңбек және дене тәрбиеін беруде халық педагогикасының озық үлгілерін пайдаланудың педагогикалық - психологиялық сипаты 5-20
1. 2 . Оқушыларға еңбек және ден әрбиесін беруде халық педагогикасының элементтерін пайдалану жолдары 20-28
II БӨЛІМ . ОҚУШЫЛАРҒА ЕҢБЕК ЖӘНЕ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІН БЕРУДЕ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ОЗЫҚ ҮЛГІЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2. 1. Халық педагогикасының озық үлгілерін еңбек және дене тәрбиесі сабақтарында қолдану 28-38
2. 2 Оқушыларға еңбек және дене тәрбиеін беруде халық педагогикасының озық үлгілерін пайдаланудың әдіс-тәсілдері 38-53
2. 3 Сабақ үлгілері. 53-57
ҚОРЫТЫНДЫ58-59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР60-61
Кіріспе
Халықтық педагогиканың саласы мол мазмұны бай. Оны халқымыз үзбей тәлім-тәрбие ісіне пайдаланып келеді. Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін келешекте де кеңінен пайдаланып, тәрбие ісіне арқау ету-борышымыз. Ең әуелі ата-аналар мен жанұя ересектері мектеппен тығыз байланыс жасай отырып, үй ішінде халықтың педагогиканы дамытып, баланың өзіне батырлар жырын оқып, пікірлесіп, аңыз әңгімелерден үзінділер, айтқызып, жаңылтпаштар айтысып, ой өрісін кеңейтіп, тілін ширатып, жұмбақ айтысып, жұмбақты көп айта алғанға ұпай жинатып, не сыйлық ұсынып санамақтар айтып, оны шешеуден мүдірмеген баланы мадақтап, мақал-мәтел жаттаудан озған балаға құрмет көрсетіп, шешендік сөздеді жаттатып, ұлттық дәстүрлерді талап ете білу керек. Халықтық ойындрды, әсіресе қуыршақ ойынын театрландырып, үй ішіне ата-ана ұйымдастыра білсе, үлкен тәрбиелік жұмыстарды атқарған болар еді. [1]
Қазақ халық педагогикасының қайнар - бұлағы біздің заманымызға дейінгі дәуірден бастау алады. Ұлттық мәдениеттің тегі сол ұлттың ұлт болып қалыптаспай тұрған кезінен бастап-ақ жеке ұлыстардың ұрпағын тәрбиелеуден туындағаны белгілі.
Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» дегені мәлім. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Білім туралы»заңында да «Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып үйрену үшін жағдайлар жасау бірінші кезектегі міндеттердің бірі» деп атап көрсетілген. Халықтық тәрбие, ол ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге туып, бірге дамып келе жатқан көне тарихи жүйеге жататыны кімге болса да аян.
Қазақтың жазу мәдениеті арқылы белгілі болған ұлттық педагогикалық ойлардың тарихы ертедегі тас жазулардан басталады. Одан кейінгі қолжазба, баспа арқылы бізге жетіп, оқу жазу үрдісімен, этнопедагогиканың арқауы болған тәлімдік ойлар тарихи өзектестігімен ұлттың педагогикаың дамып, ғылым болып қалыптасқанын көрсетеді.
Егеменді еліміздің пердесі ашылмай, шіркеуленіп келген ұлттық тәрбиесі жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап, еркін қолға алынды да, көптеген оқыту бағдарламалары мен оқу құралдары пайда болды. Ғалым Оразбекова ”Имам және инабат” деген кітабында имандылық-ұлттық тәрбиенің негізі деп көрсетіп, қазақ халық педагогикасының бір қайнар көзін ашты. М. Оразаев, М. Смайлова сияқты педагогтар ”Қазақ халқының салт-дәстүрлері” деген кітап жазып, қазақ халық педагогикасының салт-дәстүрге байланысты саласын айқындады. Профессорлар Қ. Жарықбаев пен Ә. Табылдиев ”Әдеп және жантану” оқулығын жазып, қазақ этнопсихологиясы мен этнопедагогикасы ғылымының негіздерін айқындады. Ғалым С. Ғаппасв ”Ізгілік әліппесі”, ”Халық педагогикасының негіздері” деген еңбектерінде қазақ этнопедагогикасының ғылыми-медициналық және танымдық ерекшеліктерін дәлелдеді. Ә. Табылдиев ”Қазақ халқының педагогикасы және тәрбие” атты еңбегінде қазақтың ауыз әдебиетімен салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін ашып берді. [2]
Диплом жұмыстың мақсаты: Оқушыларға еңбек және дене тәрбиеін беруде халық педагогикасының озық үлгілерін пайдаланудың жолдарын анықтау.
Зерттеу жұмыстың нысаны: Оқу тәрбие - үдерісі
Зерттеу жұмыстың міндеттері: - Оқушыларға еңбек және дене тәрбиеін беруде халық педагогикасының озық үлгілерін пайдаланудың жолдарын қарастыру.
Оқушыларға еңбек және дене тәрбиеін беруде халық педагогикасының озық үлгілерін пайдалану.
Оқушыларға еңбек және ден әрбиесін беруде халық педагогикасының элементтерін пайдалану.
Оқушыларға еңбек және дене тәрбиеін беруде халық педагогикасының озық үлгілерін пайдаланудың әдістемесін қарастыру.
Зерттеу жұмыстың әдістері:
Диплом жұмысы екі бөлімнен пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады
I бөлім . Оқушыларға еңбек және дене тәрбиесін беруде халық педагогикасының озық үлгілерін пайдаланудың теориялық негіздері.
1. 1. Оқушыларға еңбек және дене тәрбиеін беруде халық педагогикасының озық үлгілерін пайдаланудың педагогикалық - психо л огиялық сипаты.
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында « Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде», атты еңбектерінде: «Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келеді. Өзінің тарихи мәдени тамырларына қайта оралу - бұл, әрине оң үрдіс. . Қазақстанда ұлттық тілді, мәдениетті, экономиканы . . . дамытуға барынша қолдау жасап отыр», - деген сөзі осының айғағы [3] .
Ұлттық мектептің үлгісін жасаудағы қажеттіліктердің бірі - қазақтың дәстүрлі рухани мәдениетінің тәрбиелік мүмкіндіктерін жас ұрпақтың тілін дамытуда, еңбек және дене тәрбиесін беруде тиімді пайдалану. Халықтың бай тарихын, мәдени құбылыстарының сан-қилы ерекшеліктерін білмей, бүгінгі тәрбие жүйесін қалыптастыру мүмкін емес
Сондықтан болашақ ұрпағымызды заманның талабы мен сұранысына қарай шынайы ұлттық тұлға болып қалыптасу үдерісінде қазақ тәлім-тәрбиесі мен ұлттық әдет - ғұрыптарының асыл мұрасын, озық үлгілерін пайдалана білу бүгінгі тәрбие мәселесінде маңызды орын алады.
Халықтық педагогика дәуірдің небір қатал сынынан өтіп, жаңарып, шым болаттай тіршілік тынысы және салт-дәстүрлері мен біте қайнасып, бірге жасалып келе жатқан қазына.
Адамның жан-жақты және үйлесімді дамуында еңбек шешуші факторлардың бірі. Халық педагогикасында еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күре тамыры деп қарастырады. Адам еңбексіз дамымайды, кері кетеді, азады. Еңбек ету арқылы адамның көзқарасы, эстетикалық сезімі, ақыл-ой деңгейі дамып жетіледі.
Балалар мен жастардың еңбек тәрбиесі ертеден-ақ ата-ана парызы, бүкіл халық міндеті болған. Халық еңбекті асыл мұрат деңгейінде қарады. Адам өзінің жан дүниесін, тән сұлулығын еңбекте ғана көрсете алатындығына назар аударады. Сол себептен де баланы ерте бастан еңбекке ертеден тәрбиелеу жанұяның қасиетті борышы. Жас ұрпақты еңбекке тәрбиелеу халық ауыз әдебиетінің өзекті мәселелері ретінде де жырланды.
Жас ұрпақты халқымыз жалпы еңбекқорлыққа тәрбиелей отырып, "он саусағынан өнер тамған" нақты кәсіп иесі болуды. "Еңбекке үйренем десең, ерінбе, өнерге үйренем десең жиренбе", "Еңбек елдің көркі", деп халық мақалдарында насихаттап отырған. Бұл мақал-мәтелдердегі сөздерде еңбектің тәрбиелік рөлінің зор екенін, еңбек дағдысын бала бойында қалыптастыруға жігерліктің қажет екенін нақты түсінген.
Қоғамның ең басты талаптарының бірі әр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдық байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу, қоғамның өмір салтының алғы шарты болып табылады. Ол үшін әрбір адам еңбекке лайықты тәрбиелеу керек, мектептегі еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Ал, еңбекке тәрбиелеу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы, оқуға деген саналы көзқарасты қалыптастырудың, азамат болып өсудің, жеке адамды адамгершілік жағынан қалыптастырудың негізгі кезі болып табылады.
Мектепте оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің басты міндеттерінің бірі біріншіден - еңбекке сүйіспеншілік пен және еңбек адамдарына құрметпен қарау.
Екіншіден, оқушыларды қазіргі қоғамдағы халық шаруашылығының әртүрлі салаларындағы атқарылатын еңбектің, еңбек түрлерімен таныстыру, еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері, алуан түрлі және жеке міндеттерді орындау арқылы іске асырылып отырады. Олар: балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан даярлау, оқушылардың еңбек дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың еңбекке ынтасы мен қабілетін дамыту.
Оқушыларды еңбекке психологиялық, практикалық тұрғыдан дайындау - бұл қоғам үшін оқушылардың пайдалы еңбекке даярлығын және талаптануын қалыптастырып тәрбиелеу, еңбекті өз бетімен, өз еркімен ынталанып орындай білуге үйрету. Бұл өте күрделі процесс - мұнда оқушылардың әдеті, сезімі қалыптасады.
Еңбек етуге әдеттену - бұл жай ғана еңбекке үйрену емес, бұл адамгершілікті адам тәрбиесінің жоғарғы деңгейі, еңбек процесін құштарлық еңбек етуге әзірлік, жұмысты істеп білу деді Н. Крупская - демек өз күшіңді және басқалардың жағдайын есептей білу. Ең бастысы балаларды еңбекке даярлауды 1-сыныптан, ал отбасында балалық шақтан бастау, оларды еңбек түрлеріне қатыстыра отырып еңбектің адамды қайратты және бақытты ететіндігіне сенімін күшейту, қалыптастыру. Еңбектің мәні, еңбектің рөлі, еңбексіз ешнәрсе өздігінен істелінбейтіндігі туралы халық мақал-мәтелдері арқылы әрбір сөз мағынасына ұғындыру [4] .
"Ердің атын еңбек шығарар", "Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады", "Еңбек етте міндет ет", "Еңбек еткен емеді, еңбексіз не өнеді", "Жалқауға жан жуымас, жалқауға мал құралмас", "Еңбексіз тапқан мал есепсіз кетеді", "Ексең егін, ішерсің тегін", "Еріншектің ертеңі бітпес", "Жалқау жыламсақ келеді", т. б. еңбек туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер көптеп саналады. Оқушылардың ұжымдық еңбекте дағдыларын қалыптастырудың маңызы өте зор. Ұжымдық еңбекте балалардың қабілеттері арта түсіп, дарындылығы толық ашыла түседі. Ұжымдық еңбекте тәртіп, мінез-құлықтық әдеттері, дағдылары қалыптасып отырады. Бұндай еңбек ете білуде оқушылардың достық, жолдастық өзара көмек және жауапкершіліктері нығая түседі. Егер ұжымдық еңбектің дағдылары оқушылардың бойында дұрыс қалыптасса, ол мектеп бітіргеннен кейін де ары қарай ұжымдық қатынастың нормаларын өз бойында дамытып отырады.
Бала бойында еңбек мәениеті дағдыларын қалыптастыру басты мәселелердің бірі. Еңбек мәдениетінің көрсеткіші, атқарылатын жұыстың сапалы және тиімді істеу, уақытты ұтымды пайдалану, еңбек құралдарына, түрлі материалдарға ұқыптылықпен қарау.
Оқушылардың ынтасын және қабілетін дамыту, еңбек тәрбиесіндегі жеке міндеттердің бірі. Халық шаруашылығында атқарылатын жұмыстардың көбісі, әсіресе өндіріс орындарында жұмыстарды автоматты түрде (роботтар) атқару жұмыстары, ол жұмыстардың кәзіргі кезде электроникамен байланысты екендігі, оның үстіне қазіргі кезде барлық жұмыс салалары компьютерлік технологиямен атқарып жатқандығы белгілі. Сондықтан бұл жұмыстарды орындау үшін барлық мамандардан жоғары техникалық сауаттылықты талап етеді. Сол себептен кәзіргі кезде жалпы білім беретін мектептерде, оқу орындарында оқыту мен тәрбие жұмысының барысында оқушылар мен студенттердің ынтасын арттыру, олардың ғылыми техникалық білімді берік игеруге және тәрбиелеу қажеттігі туып отыр.
Осы бағытта жүргізілген оқу-тәрбие жұмысының сапасы жоғары болып оқушылардың сабаққа ынтасы артып, қабілеттері күшейеді, олардың ой-өрісінің дамуына мүмкіншілік туады, жалпы еңбек тәрбиесінің құндылығы артады.
Жалпы білім беретін орта мектептерде өтілетін еңбек пәні технология пәні - жас өспірім оқушылардың еңбекке ынтасын, сабаққа ықыласын арттыруда, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда халық педагогикасының озық үлгілерін пайдалану орасан зор негіз болып табылады. Қазіргі таңда заман талабына қарай бастауыш сынып мұғалімдері оқушыларды ізгілікке, имандылыққа баулумен қатар оқушылардың бойында еңбек және дене тәрбиесін қалыптастыру, экономикалық білімдер беру, оқушылардың еңбекке қызығушылықтарын ояту, оқушылардың мінез- құлықтарын қалыптастыру міндеттері жүктеледі.
Бастауыш сыныптардағы өтілетін еңбекке баулу сабағында оқушылар еңбек етудің алғы шарттарын үйрену арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Адамдардың ең бірінші өмірлік қажеттілігі- еңбек екені, еңбек ету арқылы өз бойындағы еңбек қабілеттерін дамытып отыратыны, үлкейе келе өзінің бойындағы асыл қасиеттерінен өмірлік нәр алатындығын мектеп табалдырығын аттаған жасөспірімдердің бойына ерте бастан дарыта білу керек. Педагогика ғылымының негізгі ұстанымдары бойынша бастауыш сыныптарда өтілетін барлық пәндердің ара салмағы бірдей болып сналатындығы белгілі екені ескерсек те дегенмен әрбір пәннің өзіндік ерекшеліктері, мүмкіндіктері әркелкі болып келеді [5] .
Еңбек және дене тәрбиесі сабағы - мектеп оқушыларына жай ғана білім беріп қана қоймай, ең бастысы оқушыларды ізденімпаздылыққа еңбекқорлыққа дене бітімінің дұрыс қалыптасуына баулитын тәлім сабағы болып келеді.
Берілетін тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қарапайым жұмыстардан бастап біртіндеп күрделене отырылып беріледі. Әрине, бұл кезеңдер алғашқы кезде оқушыларға оңайға соқпайтыны белгілі. Орындайтын тапсырмалар оқушыларды жалықтырмайтындай болып қызықты, маңызды тапсырмалармен қамтылып, тапсырманың оқу мақсаты айқын болуы тиіс.
Бұндай тапсырмаларды орындау үшін, үйрету үшін бастауыш сынып мұғалімдерінің өзінің техникалық сауаттылығы мол болуы тиіс.
. Еңбек сабақтары арқылы оқушының бойында еңбек сүйгіштік қабілеттері дами түсіп, адамгершілік қасиеттері қалыптаса бастауы және еңбек адамдары туралы түсініктері кеңейе түседі.
Демек еңбекке деген көзқарас барлығы оқушының бойында ерте бастан еңбекке бейімделуіне өнерге бейімделуіне ықпалын тигізіп отырған. Халық осындай ұзақ заманнан бері қалыптасқан тәлім-тәрбиесін, ананың ақ сүтімен қоса беріліп келсе, өнегелі тәлім тәрбиесін ұл баланы әкесі, қыз баланы шешесі өмірге бейімдеп тәрбиелеп отырған. Әрбір дәуірде өмір сүрген ойшылдар мен ғалымдар, бері келе педагог ғалымдар еңбек тәрбиесіне назар аудармай қойған жоқ.
Елімізде кеңестік дәуірде әсіресе 1930-1960 жыл арасында үкімет тарапынан мектеп оқушыларын еңбекке тәрбиелеуде еңбекке баулу сабақтарына біршама назар аударылып отырылды. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін дамыту жұмыстарын оқу орындарымен, мектептерде еліміз тәуелсіздік алған күннен бастап-ақ үкімет тарапынан көңіл бөліне бастады. Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес ұлттық бағдарлама, төл оқулықтар дайындалып еңбек сабақтары біршама алға басып келеді.
Бағдарлама мазмұнында бастауыш сынып оқушыларын халқымыздың ұлттық қолөнеріне дәріптеу, тәрбиелеу мен бірге, әрбір ұлттық қолөнер үлгілерін ұлттық нақышта дайындап үйретумен бірге оқушылардың өнерге деген қызығушылықтарын арттыру көзделген.
Оқушыларды еңбек және дене тәрбиесіне баулуда ұлттық тәрбие берудегі қазақ ағартушылары мен педагогтарының ой- пікірлерінің тәрбиелік мәні зор.
Қазақ халқы, өз ұлтының мәдени жетістіктерін, қанына біткен адамгершілік, имандылық, еңбек сүйгіштік, қайырымдылық, мейірімділік, қонақжайлық, отан сүйгіштік т. б. қасиеттерін білдіретін тәлімгерлік тәжірибесі бар халықтың бірі [6] .
Кешегі өткен данагөй қариялар мен ғұлама ойшылдар, сөзге -шешен билер, батырлар мен ақын-жыраулар қалдырған философиялық ойларымен болжамдарының өшпес ізі жатыр.
Егеменді ел атанғалы халқымыздың ертеден өзінің мәдени -этникалық білімі мен тәрбие берудегі ұлттық тәрбие негізін қайта жаңғырту арқылы халқымыздың мәдени құндылықтарына көңіл аударылуда
Халық педагогикасының озық үлгілері арқылы еңбекке және дене тәрбиесіне баулудың педагогикалық мәнінің артуы - оған қоғамдық салт - сана, әлеуметтік-экономикалық мәдени өміріндегі саяси көзқарастардың өзгеріп қайта қалыптасуына халық педагогикасы себеп болуда.
Бүгінгі күні халқымыздың ұлттық мәдениетінің қайта өркендеу жағдайында келешек ұрпақтарымызды халқымыздың салт-дәстүрлерінде, әдет-ғұрыптарында ертеден сақталып келе жатқан мәдени бай мұраларымыздың қадыр қасиетін сезіне білу заңды құбылыс деп санауымыз керек.
Өйткені бүгінгі мектеп оқушылары өз халқының рухани мол қазынасын тереңірек оқып білу арқылы өз бойларына сіңіріп, ұлттық ерекшеліктерімізді қадірлей білуге мүмкіндіктер береді.
Егер ұлттық тәрбие, болашақ ұрпақтарымыздың бойында дұрыс қалыптаспаса, онда ұрпақтарымыздың өз ана - тілін, дінін білмеу мен бірге салт - дәстүрлерден, әдет-ғұрыптардан бірте-бірте шет қалып, өз ата-анасын, ата-әжесін, туыс-бауырларын қадырлей білмейтін, олардың бойында керісінше, қатыгездік, мейрімсіздік сияқты қасиеттер белең алып ұлттық тәрбиеден қол үзуге себеп болады.
Аталған мәселе төңірегіндегі кері тәрбиеден аулақ болуы үшін халқымыздың салт-дәстүрлерінің, әдет-ғұрыптарының қоғамдық мәдени сатысындағы озық үлгілерін мектептің оқу-тәрбие ісіне кеңінен пайдалану жолын қарастыру, қоғамымыздың уақыт талабы деп білуіміз керек.
Бүгінгі таңда қоғамның ұлттық тұрғыда кемелденуі жас ұрпақты халқының рухани қазынасымен тәрбиенің озық, өнегелі дәстүрлерімен тереңірек таныстырып, соның негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, тұлғаның рухани мүмкіндіктерін дамытуға байланысты тәрбие мен білім беру, мұғалімнің кәсіби даярлығын қамтамасыз етуді міндеттейді
Өйткені егемен еліміздің болашағы оның материалдық және рухани дамуы арқылы қаруланған жас ұрпақтың білім денгейіне байланысты болып келеді.
Сондықтан да білім беру жүйесін жаңарту мен жетілдіру мәселесі барша ұстаздардың алдында зор міндеттер жүктеп отыр. Ондай міндеттердің бірі жалпы білім беретін орта мектептердің бастауыш сыныптарында берілетін ұлттық тәрбие аумағында оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру жолдарын қарастыру болып табылады. Ал бұл айтылған мәселелердің өзі тікелей еңбек және дене тәрбиесі мен тығыз байланысты.
Еңбек және дене тәрбиесіне қай халықтың болса да енжарлық танытпай өз балаларының келешегін ойланбаған халық жоқ. Қазақ халқының ертеден келе жатқан жақсы қасиеті- өз балаларын жас кезінен еңбекке тәрбиелей білу.
Осы мақсатта қазақ халқы ертеден- ақ тым еркінсітпей ұл балсын әкесі, қыз баланы -шешесі отбасында әртүрлі еңбекке тәрбиелеп отырған.
Мысалы: қыз баланы шешесі үйде үй сыпыру, су әкелу, тамақ әзірлеу, сиыр сауу, іс тігу т. б. шаруашылықтарға тәрбиелесе, ұл баланы әкесі қозы, лақ қайыруға, құлын ұстауға, мал бағуға, ағаштан түрлі тұрмыстық бұйымдар: күбі, астау, келі-келсап, домбыра, кебеже сандық, т. б. әртүрлі ыдыс-аяқтар жасай білуге үйретсе, мал терілерінен жүген, ноқта сияқты ат-әбзелдерін дайындай білуге үйрете білген.
Демек, әрбір еңбектің ролін, мазмұнын өз балаларына ерте бастан түсіндіре білуге тырысқан. Бұл айтылған түрлі шаруашылықтар мен бірге өнер білімге, шеберлікке икемді бола білуге баули отырып өз балаларының осындай іс-әрекеттерге бейімділігін, қызығушылығын анықтау үшін жиын-тойларға апарып, өз бойына өнер қонсын деп тілеген [7] .
Еңбек әрекеті баланың қоршаған дүниені, нақты заттарды танып білуге-оны тұрмыста, тіршілікте пайдалана білуге үйретеді, санасын байытады. Демек балаларға еңбек әрекеті үлкен әсер етеді.
Өйткені еңбек-белгілі мақсатты істі орындауда адамның ақыл-ойын дамытудың маңызды факторларының бірі болып табылады.
Қазақ халқында ағаштан үй жасауды, жүннен жіп иіруді, иірілген жіптерден маталар тоқуды, жүннен текемет, киіздерді басуды, мал терілері нен былғары илеуді, ағаш, метал материалдарынан ыдыс- аяқтарды жасай білуді, кілем, алаша, басқұр тоқуды, ши тоқуды, ол бұйымдардың тұрмыста түрлі қажеттілікті өтей білуге ол бұйымдарды өз қолдарымен жасай біліп, өз балаларын аталған іс-әрекеттерге араластырып отырды.
Бұндай іс-әрекеттерге қатысып отыруда ұл-балалары да, қыз-балаларыда ерте бастан ұлттық бұйымдарымыздың өмір сүруге қажеттілігін түсініп ұлттық тәрбие негіздері бірнеше ғасырлар өтсе де, қазақ қолөнерінің өзіндік құндылықтарын төмен түсірмей Республиқамыздың әрбір өңірінде өзіндік ерекшеліктері мен ұзақ уақыт бойы сақталып, қоғам өзгерген сайын қайта жаңарып, өркендеп дамып отырды.
Бұл айтып отырған қолөнер шеберлерінің еңбектері бағаланып, халық арасында олардың күн көріс тіршіліктеріне айналып келсе, әсіресе домбыра, қамшы, сандық, кілем, алаша, текемет т. б. бұйымдарының түр түрін дамытып, жаңғартып қазіргі нарықтық қатынаста базарларға, дүкендерге шығарып пұлдап, күн көрісін табуда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz