Кәсіптік білім берудің мәні мен мазмұны



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .
ІІ НЕГІЗГІ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..
І бөлім Оқушыларға кәсіптік білім берудің теориялық негіздері
1. Кәсіптік білім берудің мәні мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2. Педагогикалық –психологиялық ғылымындағы оқушыларға кәсіптік білім
беру
проблемасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... .
ІІ бөлім Жолпы орта білім беру мектептегі кәсіптік білім беру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1.Қазіргі мектеп жағдайындағы кәіптік білім беру
жағдайы ... ... ... ... ..
2.2.Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру арқылы кәсіби
біліктілігін жетлдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе

Кәсіптік педагогика - жалпы педагогиканың бір тармағы ретінде енді
өркендеп, дамып келе жатқан жас ғылым. Жалпы педаготика атауы ескі грек
сөзінен пайдос - бала және аго -жетелеу ұғымын береді. Сөзбе-сөз
аударғанда бала жетелеу деген мағьшаны білдіреді.
Ежелгі Грекияда педагог деп өз қожайынының баласын епке жетектеп
апарып, әкелетін құнды айтқан. Ал мектепте _!Әріс беретін құлды ғалым деп
атаған.
Бертін келе педагогика сөзі қазіргі мәніне жақын баланы- мірге
жетелеупіі ғалым ретінде қалыптаса бастады, яғни оны қытып, тәрбиелеи жаны
мен рухын дамытатын өнер деп атасты. Атақты адамдардын қасына оны
тәрбиелеген ұстаздарынң аты да қоса айтыла бастайтын болды. Бертін келе
балаларды тәрбиелеу туралы ғылым да өзгешеленіп, дараланды.
Осылайша педагогика балаларды оқыту мен тәрбиелеу туралы ғылым ретінде
қатыптаса бастады.
Педагогика туралы бұл көзқарас XX ғасырдың ортасына дейін сақталды.
Тек соңғы онжылдықта ғана кәсіптік педагогикалық біліктілік тек балаларға
ғана емес, оның үлкендерге де қажет екендігі сезіледе басталды.
Кәсіптік педагогика немесе кәсіби білім беру педагогикасы деп, адам
баласының жасын,білім деңгейін және оның еңбегіменн кәсіптік іс
–әрекетінінің сипатын ескермей-ақ,оның кәсіби даярлығын жетілдіруге
қажет теориялық,практикалық білім жүйесі десек болады.
Кәсіптік педагогика-жеке тұлғаға кәсіп пен кәсіптік
біліктіліктілікті қалыптастырудың заңдылықтарын зерттеййтін, әлеуметтік
сұранысты қанағаттандыратын ғылымның негізгі саласының бірі.
Қазақстан Республикасынының Призиденті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан
экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолындаатты
Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің
тығырыққа тірелері анық.Біздің болашақтың жоғары технологиялыпқ және
ғылыми қамтылуы өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет.Осы
замағы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап,кең ауқымды ойлай
білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инавациялық экономика құра
алмаймыздеп атап көрсеткен болатын.Бұл талаптар білім саласы
қызыметкерлеріне үлкен міндеттер жүктейді.Себебі, әрбір мемлекеттің
болашағы мектебінде шыңдалады.
Білім беру қызыметінің кәсіптік біліктілігін арттыру және қайта
даярлау үздіксіз үрдіс болып табылады.Білімділікті арттырудың
үздіксіздігі мыынандай үрдістің органикалық байланысы мен қамтамасыз
етіледі.Оқушының басшылығымен әрбір 5 жыл сайын ұдайы жүргізіліп тұртын
арнайы ұйымдастырылған қысқа мерзімді оқыту және курс барысында да
сондай-ақ курс аралық кезеңдерде де жүзеге асырылып тұратын өзін –өзін
бейімдендіру.
Курстық жұмыстың мақсаты:Оқушыларға кәсіптік бағдар беру
жүйесінің маңызы мен мазмұнын анықтау.Оқушыларға кәсіптік бағдар беру
жүйесі жайлы теориялық зерттеулерді қарастыру.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні:Педагогика
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Қазіргі қоғамдағы оқушыларға кәсіптік бағдар беру жүйесінің
максат-міндеттері мен мазмұнын қарастыру.
- Мектептегі оқушылрға кәсіптік бағдар беру жүйесі оның
ерекшеліктерін анықтау.
- Жаңа типті мектептегі кәсіптік бағдр беруді ұйымдастыру
ерекшеліктерін қарастыру.
- Қазіргі мектептегі кәсіптік бағдар беру жүйесін ұйымдастырудың
дамыту жолдарын анықтау.

1. Кәсіптік білім берудің мәні мен мазмұны

Оқушылардың кәсіптік бағдарларын қалыптастыру жан-жақты зерттелген
десек те, қоғамның жаңаруы, нарықтық экономиканың өмірге дендеп енуі, жаңа
реформалар мен саяси жүйенің өзгеруі оқушыларға кәсіптік бағдар беруде
жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауды талап етіп отыр.
Нарықтық экономиканың тұрақтылығы білім мен ғылым, техника
сапаларында бәсекелестікті қажетсінеді. Бәсекелестік нарықтық еңбек
қанынасының барлық салаларын қамти отырып тұлғаның кәсіптік
әрекеттегі қабілеттерімен, бейімділіктерімен ғана өлшенбейді. Сондық-
тан нарықтық экономика жағдайындағы кәсіптік бағдар беруді оқушы-
ылардың кәсіби дайындығы, жарамдылығы негізінде олардың рухани
тұрғыдан жан-жақты дамуын және дара психологиялық ерекшеліктерін
ре отырып жүргізуге тиіспіз. .
Мемлекеттің негізгі стратегиялық басымдылықтарының бірі - бәсекеге
қабілетті мамандар даярлау. Бәсекеге қабілеттілік жеке тұлғаның еңбекке
қабілеттілігінен, кәсіби бейімділігінен, еліміз үшін пайдалы кәсіби
әрекеттің шынайы көрінісінен туындайтын маңызды мәселе.
"...Бәсекеге қабілеттілік тек қана кәсібилік емес, сонымен қатар, жеке
тұлғалық компоненттермен де анықталады, яғни жеке адамның қонымды, тұрақты
қасиеттерінің жиынтығымен, мінезімен, кәсіби іс-әрекетте қызмет істей
алатын қабілеттері және жағдайымен тұлғаның бәсекеге қабілеттілігі
интегративті параметрлермен сипатталады:
Қабілеттер - мақсаттың нақтылығы мен қундылық бағдарлар, іске деген
шығармашылық қарым-қатынас, психологиялық төзімділік пен нкемділік,
тәуелсіздік; мінез - еңбексүйгіштік, үздіксіз өзін-өзі дамыту мен
әрдайым кәсіби өсуіне талпынушылық" деп атап көрсетеді Г.Халықова.
Өз кәсібін дұрыс таңдай білген оқушы оған әр уақытта
шығармашылықпен, жауапкершілікпен қарап, қабілеті мен бейімділігі
белгілі бір кәсіп саласына сай қалыптасқанда ғана сапалы маман болатыны
белгілі жайт.
Ендеше мемлекет алдында елжанды, өз ісіне шебер кәсіп иесін ітәрбиелеу
күн тәртібінде тұрған мәселе екендігі даусыз. Өйткені, өз Отанын сүйетін,
оған қалтқысыз қызымет етуге дайын маман өз кәсібіне сай қабілет, бейімі
қалыптасқан маман ғана емес, ол адамгершілік, моралдық тұрғыдан үйлесімді
дамыған тұлға болып табылады. Сол
сбепті де кәсіптік бағдар беру оқушының тәрбиесімен, оның жеке бас
дамуымен де тығыз байланысты. Себебі, оқушылар тек қана өздерінің
қызығуына, қабілет, бейіміне қарай бой түземейді, сонымен қатар
адамгершіліктік құндылықтар негізінде де қалыптасады. Сондықтан мек-
нитен тыс жұмыстар арқылы да оқушыларға кәсіптік бағдар беруде қоғамның
рухани, адамгершілік құндылықтарымен байланыста жүргізу шарт.
Қазақстандық авторлар Р.Озғамбаева, Г.Саудабаева, Л.Мажитова,
Мүсілімов, т.б. өз еңбектерінде "оқушыларға кәсіптік бағдар беруді"
оғарыдағы айтылған мәселелерді ескере отырып жан-жақты зерттеген. Мәселен,
Г.Саудабаева кәсіптік бағдар беру жүйесін ғылыми тұрғыдан жан-жақты талдай
отырып оны "кәсіби дайындық" және "кәсіби іріктеу" тұрғысынан қарастырады.
Нәтижесінде оқушыларға кәсіптік бағдар беру мәселесінде "кәсіптік бағдарын"
және "кәсіптік дайындығын қалыптастыру қажет" деген пікірге келеді.
В.Сахаров кәсіби дайындық тұжырымдамасына төмендегідей сипаттама
береді.
Кәсіби дайындық саяси-идеялық, еңбек, адамгершілік, т.б. ш яқты күрделі
құрылымдардан тұратын тұлғаның интеграциялық санасы.
Өз отанының азаматы ретінде қалыптасқан тұлға дүниетанымның құрамды
бөлігі.
Болашақ кәсібін саналы таңдауды қамтамасыз ететін, кешенді
қалыптасқан тұлға сапасын айқындайтын өлшем.
Тұлғаның белсенді өмірлік позициясынан туындайтын деріші кәсіп таңдауы.
Кәсіби дайындықта субъекті мен объектінің өзара байланысын қамтамасыз
ететін жеке әрекетке өтудегі мақсаттылық қызмет (дея тельность).
Кәсіби дайындық тұлғаның тек қана танымдық емес, өмірлік көзқарас
тұрғысынан көрінеді.
Дамыған кейбір шетелдік тәжірибеге назар аударсақ, нарық
жағдайындағы жастардың әлеуметтік икемділігі олардың кәсіби даярлық
деңгейіне байланысты екенін көрсетеді.
Мектепті бітіруші түлектердің басым көпшілігі өз қызығуларим қабілеті
мен бейімділіктерін толық ескермей ЖОО-ға түсетіндіктен, болашақ кәсіби іс-
әрекетіне сай қалыптаспаған, оқу әрекеті нәтижесіз қызмет етуді тек табыс
көзі санайтын жастардың кездесетіні жасырын емес. Осыған орай, өз Отанына
адал қызмет етуге адамгершілік тұрғы дан дайын, нарықтық экономика
сұраныстарына байланысты кәсіби қызығуы, қабілеті мен бейімділіктері
қалыптасқан кадр даярлау кш зек күттірмес маңызды мәселелердің бірі.
Кәсіби бағдар беру - жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы
таңдап алуға дайындауға бағытталған мектеп мұғалімдерінің, технологтардың,
дәрігерлсрдің, инженер-педагоггердің, жанұяның, енбек ұжымдарының бірлескен
іс -әрекеті. Кәсіби бағдар бсру окушыларды мамандықтар әлемінде,олардың
мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы
қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық
салаларының даму міндеттеріне, оныц нарықтық экономика жағдайындағы рөліне
сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет
етеді. Кәсіби бағдар беру жүйесі қазіргі таңда жастарды өз бетінше кәсіи
үйренуде ғылыми-теориялық және практикалық кабілеттерін, ел
экономикасындағы қажеттілікпен ұштастыру болып отыр.
Кәсіби бағдар мақсаты жас ұрпакты саналы түрде мамандық таңдауға
дайындау, үйрету екендігі белгілі. Ол үшін мына нәрселер қажет:
♦ Оқушылардың бойында ішкі психологиялық - әлеуметтік мәнділікті
реттейтін қызмет түрлерін тәрбиелеу;
♦ Түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын тәрбиелеу;
♦ Кәсіпті өз бетінше, саналы түрде жеке қасиеттерін есепке ала отырып
орындау бағытын жетілдіріп, тәрбиелеу.
Кәсіби бағдар берудіц негізгі компоненттсрі:
1. Кәсіби бағдар беруді ақпараттандыру.
2. Қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке жас кезінен бастап үйрету.
3.Кәсіби бағдарға арналған кеңестер беру.
4.Кәсіптік бейімделу.
Кәсіптік мектеп оқушыларының кәсіби бейімделуі
Отандық педагогика ғылымыпда бейімделу мәселесінің жүйелі -
түрде зерттелуі 60 - 70 жылдары басталды. Алғашкы нәтижелері а бастағанымен
бұл мәселеде әлі толык қалыптасқан, калпылама, ұғымдама, тұжырымдама әлі
анықталған жоқ.Бейімделу терминін орысша адаптатция, деген мағынаны
беріп, негізінсн қоғамдық ғлымда (әлеуметтік, психология, педагогика)
жаратылыстан,биология ғылымдарымен әлеуметтік мәнде адам - орта түрінде
жақындасып, үндесіп келуін білдіреді. Бейімделу ұғымының мәнінде жана
нәрсеге ыңғайлану, өз бетінше үйрену. өздігінен оқу ұйымдастыру
түсінігін береді.Жеке тұлғаның өзінің түрлі ерекшеліктеріне сәйкес
бейімделу процесі де түрл денгейде жүреді, әсіресе ол, адамның ойлау
жуйесіне,қабылдау мүшелеріне, жеке мінез-құлық, қасиеттсрі, білім деңгейіне
сәйксс жылдам не баяу, түрлі эмоциялық әрекеггердің аз я көп жұмсалуына
байланысты, уақыт айырмасына қарай әртүрлі жүруі мүмкін Бейімделу ироцесі
тек кәсіп саласы емес, адамнын тұрғылықты жерін я өмір сүру ортасы
өзгергенде, әскер қатарына қызметке шақырылғанда, т.б. жағдайларда да
жүреді. Ал жалпы педагогика мүны Тіршілік өту жағдайына адамнын өз
тұлғасын қолайла әрекеті. Тәрбиелену және оқу барысына байланысты қоғамда
белгіленген ережелерге оқушылардыц өз тәртібін сәйкестендір;-болып
табылады деп түсіндіреді.
Орта кәсіптік мектептерде кәсби білім беру дегеніміз инженер
дедагогикалық ұжым мен оқушылардың бірлесксн іс-әрекеті, олардың теориялық
білім негідерін,практикалық қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру.
Сонымен қатар бслгілі бір кәсіпорын талап етіп отырған біліктіліктер
денгейін қалыптастыру.
Білім мазмұны –бұл тиісті орнында жүйеге келтірілген білім,билік және
дағдыларды игеру барысы және нәтижесі, оқушыны өмірге : және еңбекке
дайындаудың қажетті шарты. Адам ойында шындықтың дұрыс бейнеленуі, қоғамдық
тәжірибеде тексерілген таным барысының нәтижесі. Білім адамдардың қоғамдағы
материалдық және рухани іс-әрекеті нәтижесі ретінде пайда болды.Кез-келген
шындықты бейнелеу білім болмайды. Ал адам өзін-өзі өмірдегі іс-әрекетінен,
оның объективті жағдайлары мен шарттарына бөліп қарайды. Адамдар болмысы
тәсілдерінің өзі олардың әлемге қатынас тәсілдерінің мақсатына сәйкес және
тек адамдармен қарым-қатынас арқылы жүзеге асатын нақты іс-әрекеті. Тек
білім мазмұны ғана іс - әрекет мақсатын теориялық жақтан дұрыс көруге
мүмкіндік береді.
Арнайы технология болса ғылым негіздерін қазіргі техника, технология
және өндірісті ұйымдастыру тұрғысынан карайды. Ол оқушылардың мына
төмендегі мәселелерді үйренуіне мүмкіндік жасайды.
-тиісті өндіріс саласы мен оның даму болашағы туралы жалпы мәлімет
береді;
-қазіргі заманғы техника, өндірісті механикаландыру мен
автаматтандырудың кешенді жүйесін неғұрлым тиімді пайдалану.
кұрылғылардың негізгі мәліметтерін, жұмыс істеу принциптерін білуді
үйретеді;
жаңа техника мен технологияларды, өндірісті дамытуды әлемдік деңгейдегі
озық әдістерімен хабардар етеді;
еңбекті ғылыми ұйымдастыруды, өз жұмыс орнында еңбек кауіпсіздігін,
өндірістік санитария мен жеке гигиена ережелерін сақтауды үйретеді.
Жалпы техникалық данындық- жекелеген өндіріс салалары бойынша ғылыми-
техникалық және әлеуметік-экономикалық бағыттар бойынша өндіргіш күштердін
дамуы, білім мен дағды жүйелері туралы хабардар етеді. Қазіргі кәсіптік-
техникалық оқу орындарында Материалтану, Электротехника, Техникалық
сызу, Техникалық өлшеу және дәлдік шегі сияқты жалпы техникалық пәндер
жүреді.
Өндірістік оқыту барысында ғылыми теорияны практикалық тәжірибе нсгізі
арқылы оқытушылар окушылардың біліктілігі арттыруға жол ашады. Теория мсн
практика бірлігінде тәжірибенің айқындаушы рөлі бар. Өндірістік оқыту
шебсрлері мен оқушылар арасында білім, білік және дағдыларын іске асыруда
бірлескен қимыл-әрекет, практикалық қызмет аясында кәсіби шеберлікке баулу
процесі қалыптасады. Ол өндіріс орындарында немесе оқ шеберханаларында
жүргізіледі.
Практикалық біліктілік - еңбек қызметтерін сапалы мақсатты, тиімді
тәсілдермен атқара алу кабілеттілігі. Белгілі бір ережеге және оны нақты
міндеттерді шешу барысында лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті
меңгерудің нәтижесі. Білікті іс - әрекет орынды тәсілдерді тандай білуден,
тек қана таңдай білуден емес, оларды тәжірибеде орындаудан көрінеді.
Кәсіби дағды - кез-келген әрекеті орындай білуде жаттығу арқылы
бекітілген білікті дағды деп атайды. Ал, кәсіби дағды белгілі бір кәсілті
меңгеру барысында практикалық жаттығулар арқылы қалыптасатын еңбек қызметін
автоматты түрде сапалы әр сандық көрсеткіші болып табылады.
Дағдының психологиялық тұрғыдан мынадай түрлері бар:
- қимыл дағдысы:
-ойлау дағдысы;
-сезім дағдысы;
Қимыл дағдыларында жұмысшылар еңбек қимылдарын дәл, және аз күш жұмсай
отырып тиімді үйлестіру әрекетін қалыптастырады. Ойлау дағдылары жұмыс
барысында стандарты қалыптасқан, арнайы ойлау процесін қажет ететін
дағдылар. Сезімдік дағдылар жұмысшылардың іс - әрекетті атқару кезінде
сезім мүшелері арқылы қалыптасқан технологиялык процестер мен материалды
сұрыптауларда пайда болады. Сондай-ақ бұл әрекет өндіріс процестерін
ұйымдастыру мен тауар сапасын бақылау кезінде байқалады.
Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары (кәсіптік білім, кәсіптік
оқыту және кәсіптік тәрбие)мен оның басты ұғымдары оның тезаурсын құрайды.
Кәсіптік педагогиканың негізхгі категорияларын анықтайық.
Кәсіптік білім- бұл белгілі бір жүйеде кәсіп бойынша алынған білім,
білік және дағды жыйынтығы және оны тиісті кәсіптік ортада пайдалана
білудің ережелері мен нормалар тәртібі.
Кәсіптік оқыту-бұл оқушы мен инженер-педагоктың кәсіп бойынша
ғылыми-техникалық ілімді игеру кәсіптік білік, дағды қалыптастырудаа
бірлескен іс-әрекет.
Кәсіптік тәрбие- оқушымен инженер-педагоктің белгілі бір кәсіптік
ортада жеке тұлғаның өзін-өзі алып жүру ережелері мен нормаларының
жиынтығын қамтитын әлеуметтік құбылыс.

3. Педагогикалық –психологиялық ғылымындағы оқушыларға кәсіптік білім
беру проблемасы.

Еліміз егенмендік алғаннан кейін тұрақты экономикалық дамуды көздеп,
еңбек қатынасында бәсекеге қабілеттілікті арттыру мәселесін бірінші кезекке
қоюда. Оның негізгі басымдылықтары президент жолдауында көрсетілген.
Нарықтық экономикадағады бәсекелестік әлеуметтік ортаның барлық саласын
қамти отырып, нарықтық еңбек қатынасының одан әрі дамуына ықпал етеді.
Сондықтан жас ұрпаққа кәсіптік бағдар берудің маңызы артып келеді. Бұл өз
кезегінде елдегі экономиканың, ғылым мен техниканың дамуын арттыра түсері
сөзсіз. Қай қоғамда болмасын еңбек қатынасының, өндірістің дамуы тұлғаның
жеке қабілетінен, оны игеру мүмкіндіктерінен айқын көрінетін болған.
Бүгінгі таңда нәтижеге бағытталған білім беру тұлғаның қабілеті мен
бейімділіктеріне сай қалыптасуына негізделеді. Әлеуметтік ортада жеке
тұлғаның бейімделуі олардың қажеттіліктерін қанағаттандарып, іс-әрекет
барысында қалыптасуынан көрінеді. Сондықтан оқушыларға кәсіптік бағдар
беруде бұл мәселені ескеруіміз керек.
ҚР Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылға арналған мемлекеттік
бағдарламасында кәсіби міндеттерді дербес әрі шығармашылық пен шешуге,
кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері
үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзыретті жеке тұлғаны, бәсекеге
қабілетті маман қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың
тиімді жүйесі құрылатын болады деп атап көрсетілген [1, 2].
Осы бағдарламада пәндік көзқарасқа негізделген мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандарттары оқушылардың өмір жолын таңдауына, мүделері
мен перспек-тиваларын нақты белгілеуіне оң негіз бола алмайды. Жоғары сынып
оқушыларының 30 %-ы ғана өздерінің қабілеттеріне сәйкес келетін кәсіптік
қызметті саналы түрде таңдайды. Болашақ мектеп түлектерінің 70 %-ының өзін-
өзі бағалау деңгейі өте төмен және өз беттерінше өмір сүруге дайын емес, -
деген болатын[1,2].
Сонымен қатар оқушылардың өзін-өзі анықтауына кереғар құбылыстар әсер
етуде.Атап айтқанда, кәсіптік таңдауды табыс көзі ретінде бірінші кезекке
қою, материалдық жағдайын жақсарту үшін кәсіп таңдау т.б. Осы мәселелерді
ескере отырып, оқушылардың саналылықпен кәсіп таңдауы, кәсіби тұрғыдан өзін-
өзі анықтауы және кәсіби бағдарлары жөнінде тоқталып өтуіміздің маңызы зор.
Психологтар Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, И.С.Кон тұлғаның дамуын іс-
әрекетпен байланыста қарастырады. Олар тұлғаның дамуы іс-әрекетке ауысады,
нәтижесінде шығармашылық элементіне бай, адамда еңбектің түріне деген
жағымды кезқарас туындататын іс-әрекет сипат алады. Әрбір іс-әрекет, соның
ішінде еңбек іс-әрекеті жеке адамының тұлға ретінде қалыптасатын ортасымен
әзара байланысты процесс деген қорытындыға келеді.
Осыны негізге ала отырып А.Н.Леонтьев пен П.А.Шавир тұлғаның кәсіби
тұрғы-ан әзін-өзі анықтауын детерминизм мен іс-әрекет принциптері негізінде
қарастырады. Детерминизм принциптерін ескере отырып, оның ерекшеліктерін
кәсіби өзін-өзі анықтау процесінде екі жүйенің өзара байланысы барысында
түсіндіреді. Оны бір жағынан жастардың саналы түрде мамандық таңдауындағы
өзін-өзі анықтауына арналған қоғамдық жүйе ретінде қарастырады. Олардың
пікірінше оқушылардың мамандықты таңдау мотивтеріне мақсатты түрде әсер
етуші және тікелей басшылыққа алатын мектеп, жанұя, қоғамдық ұйымдар,
әдебиет пен енер жататын болса, бұлар тұлғаның нақты өмір мен идеялды
форманың қарама-қайшылыққа түсе отырып, оның белсенділігін арттыратын
қозғаушы күштер туғызатын түсініктер болып табылады. Қажеттіліктің осы
нақты дүниеге қарама-қайшылығы іс-әрекеттің туындауына әсер етеді және
мүмкіндік береді. Сондықтан қажеттілік іс-әрекетпен байланысты [2,7].
Адамды іс-әрекетке итермелейтін, ішкі ойын іске асыратын, қозғалысқа
келтіретін қажеттілік. Іс-әрекеттегі мақсат адам санасындағы қажеттілік пен
қызығушылықтың пайда болуынан көрінеді. Бір жағынан мақсат адам сәнасында
нақты іс-әрекеттің, нақты ситуацияның, индивидтің қазіргі жағдай-да нақты
шарттарының пайда болуы. Осы екі элементтің адам санасында пайда болып,
байланысуы нақты іс-әрекет нысанының пайда болуына негіз болады. Қажеттілік
пен нысандылық (объективность) арқылы нысанды қажеттіліктің субъективті
талаптарына өтуін жүзеге асырады. Адамның белсенділігін арттыратын фактор
ретінде жоғарғы белсенді іс-әрекет туындайды.
Жоғары білікті жұмысшы кадрлардың жетіспеушіліпне қарамастан (бугінге
дейін елімізге жыл сайын шет елден 23 мыңдай мамандар әкелінеді бугінде
жоғары оқу орнына түсушілер саны мектеп түлектерінен асып туседі, ал бул
кезеңде жер бётіндегі жоғары білімі бар адамдар саны әр жас екілдеріне сай
болуы тиіс. Соңғь 10 жыл бойы білім беру жүйесінде жоғары білімнің
бастауыш кәсіби және орта арнаулы білім беруден оза даму ойы сақталуда Бұл
тенденция жұмыссыздықтың жоғары деңгейіне жауап ретінде стихиялы түрде
пайда болып, әрі елімізді қамтып алды. Осыдан орай, өндірістің тоқтауы,
жұмысшы мамандығына қызығушылық төмендеді және жоғары білім келешекте
жұмысқа түрудың құралына айналды.
Дегенмен де, қазіргі таңда, кәсіпорындардың жұмыс жасағанына, шағын
және орта бизнестің өсіп дамуына қврамастан, Қазақстанда әлі кунге дейін
жоғары білім беру оза даму тенденциясы өте жоғары деңгейде сақталып отыр.
Сонымен қатар, жаңа әлеуметтік түсініктің жедел түрде қалыптасуы жүруде, ол
табысты карьера үшін екі, тіпті үш жоғары білім алу керектігі. Бупнп таңда,
қазіргі жағдайларға сәйкес жоғары білімнің табысты карьераны 5-7 жылдан
артық қамтамасыз ете алмайтындығын, әрі бәсекеге қабілеттілікке кепіл бола
алмайтындығын тусіну керек. Қазіргі 40 тусінік тізіміне бәсекеге қабілетті
ұғымы енпзілген.
Әлемде білім "өмірлік циклі" өте қысқа, әр он жыл сайын адамның білім
көлемі екі еселенеді. Нәтижесінде білім өте қунды және әрқашанда талап
етілетін ресурсқа айналады. АҚШ ғылыми әдебиеттерінде, мысалға, маманның
білімінің ескіруінің өлшемінің ерекше бірлігі көрініс берді -ол
"қузыреттіліктің жартылай қулдырау кезеңі". Бұл термин, ядролық физикадан
енген, бұл ретте жоғары оқу орнынан кейінгі уақыттың жалғасуын білдірсе,
нәтижесінде алынған білімнің ескіруіне сай, жаңа ақпараттың пайда болуына
байланысты маманның қузыреттілігі 50 пайызға төмендейді.
80-90 жылдар аралығында бұл кезең озық технологиялы кәсіпорындардағы
инженерлер үшін бесалты жылды қураса, ал дәрігерлер мен биологтар үшін бар
болғаны үш-төрт жыл. Ал бугінгі таңда жаңа біліммен үздіксіз қарулану -
маман үшін өз біліктілігін сақтаудың алғы шарты.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңында "Білім беру жүйесінің
басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндықтар, ғылым мен тәжірибе
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, еңбек
нарығында бәсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау,
олардың біліктілігін арттыру деп көрсетілген.
Жалпы білімнің басты үш міндеті бар, олар: баланың өзіндік жалпы
дмуын, жан-жақты дүниетанымын қамтамасыз ету және оны болашақ белгілі бір
кәсіпке даярлау. Осы үш міндеттің ішінде қоқамдық даму ',күрдленген сайын
баланы жастай алдағы кәсіпке бағдарлай әзірлеу –ең көкейкесті мәселеге
айналып отыр.Кәсіптік бағдар беру жұмысының алғашқы басқышы отбасы
тәлім-тәрбиесінен басталып, одан мектеп,мектептен тыс мекемелер,
кәсіпорын, шаруашылықпен ұштасып жатады. Педагогика ғылымында кәсіптік
бағдар беруді қоғамның әлеуметтік-экомикалық қажеттігіне, оқушының кәсіптік
мұратына, бейімділігіне, істтеріне, психикалық және күш-қуатына сай
мамандықты дұрыс таңдап алуын мектептің педагогикалық ұжымы,
үйірме, көсіптік оқу орындары, ұжымдары, өндірістік ұжымдар,
жұртшылықтың іс-әрекеттері деп үсінеді. Алайда оқушыларға кәсіптік бағдар
беру жұмысын ұйымдастыры мен үйлестіруші қатарына мектептен тыс мекемелер
де жататынын сскерген жөн. Осы орайда қосымша білім беру ұйымдары
(мектептен тыс мекемелер) қызметінің маңызы ерекше екенін атап өтуге
болады.Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңына орай Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулысымен (22.06.2001) мектептен тыс мекемелерге
қосымша білім беру мәртебесі берілді.
Мектептен тыс мекемелер тұлғаның өзін-өзі іске асыруға және өзін-өзі
дмытуға мүмкіндік туғызатын әрекеттің қоғамдық-өмірлік сипатына ие. Қосымша
білім беру ұйымдары әрекетінің жалпы және ерекше талдау негізінде мектептен
тыс жұмыстардың ұстанымын анықтауға болады. Олар: балалардың қызығуына
қарай ерікті бірлесуі негізінде айналысудың жаппайлылығы және көпшілікке
қажеттілігі; олардың ынтасы мен әрекеттілігінің дамуы; әрекеттің қоғамдық
пайдалы бағыттылығы; балалардың жас және дара ерекшеліктерінің есебі.
Жасөспірімдердің шығармашылық тұлғасының белсенді бағытын оның тек
сабақтарға жалпы қатынасы және оның қажеттілігі мен мұқтаждығы ғана емес,
сондай-ақ білімді тәжірибелік іскерліктерді қабылдау мен меңгеру үрдісінің
өзі де анықтайды. Мектептен тыс бірлестіктердің әрекеті негізінде жатқан
ішкі пікір - бұл тұлғаның өмір тіршілігінің барлық кезеңдеріндегі
шығармашылық жағының даму идеясы, білімнің нш толығуы, тәжірибелік
іскерлігінің жетілуі, өнегелі құндылығын байыту.Мектептен тыс мекеме
жұмысындағы жеке адамның қалыптасуы үйірмеден басталады десек, әр түрлі
бағытта жұмыс істейтін үйірмелердегі оқушылардың болашақ мамандыққа
деген талабы осында ұшталып, ғылым табалдырығына талпыныс жасауға
итермелейді.Үйірме-шығармашылық ізденістің алғашқы баспалдағы. Қай-қай
үйірмеге қатысқан оқушының, өзіндік талпынысы, ізденісі болары анық.
Адамның белгілі бір әрекетінің түріне бейімделуі кәсіптік бағдар әдісімен
анықталады.
Адамның негізгі құрылымдық бейімдеу бөлігіне мыналар кіреді:
- азаматтық қасиеті;
еңбекке деген қарым-қатынасы, мамандыққа қызығуы, сол еңбек,
сапасына қатысы;
- тұлғаның кәсіби еңбек бағыттылығы;жалпы жарамдылығы (дене және
ақыл-ой);
арнайы қабілеттері немесе белгілі бір іс-әрекетіне қажетті сапалар;
білім, дағды, тәжірнбе, белгілі кәсіби қызметке үйрену.
Шартты түрде жоғары белсенділікте субьект кәсіби бейімді
болй алады.
Әрбір оқушының сана-сезімі, мінез-құлқы, мәдениеті, өмірге көзқарасы,
әр түрлі мамандықтардың ерекшелік сипаттарына қабілеттері бірдей бола
бермейді. Олардың өзіндік ерекшелігі — тәрбиесіне, шыққан ортасы на да
байланысты. Демек, оқытушы өзінің тәрбие жұмысында әрбір оқушыға өз алдына
жеке-жеке педагогикалық тәсілдер қолданады. Сондықтан да әр түрлі бағытта
қосымша білім беретін мектептен тьи мокемелердің алар орны ерекше.Оның
негізгі мақсаты - балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық және танымдық
ынтасын дамыту,әр түрлі жеке даралық талаптарын қанағаттандыру, қоғамдық
өмірге балалар мен жасөспірімдерді бейімдеу, салауатты өмір салтына тарту,
бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру.
Білім берудің басты ұстанымдарының бірі - оқушыларға кәсіптік бағдар
беру. Кәсіптік бағдар беру - көп салалы әрі қиын үрдіс. Педи гогика
ғылымының өкілдері кәсіптік бағдар берудің әр түрлі анықтамаларын берген.
Олардың мәні жас ұрпаққа мамандық таңдап алуға көмск берудегі мақсатты іс-
әрекетке тіреледі. Ал мектептегі кәсіптік бағдар беру ісі мамандық таңдау
үрдісімен айқындалады.Кәсіптік бағдар беруде әрбір оқушының
психофизиологиялық жеке қасиеттері, мамандық таңдаудағн басты себептері
назардан тыс қалмауы керек.
Мамандық дегеніміз - адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік
беретін материалдық не рухани өндіріете алған білімін мен өмірлік дағды
жиынтығы. Мамандықты таңдау мен игеру жеке адамның туа және жүрпе пайда
болатын көп санатты қабілетіне де байланысты болады. Балалардың жас
ерекшелігі мен ой-өрісін, олардың еңбекке деген қабілетін,
үйірмеге қатысуға әлеуметтік даярлығын зерттеп, олардың ойлау дәрі-
жесіндегі дарашылдық мінездері де ескеріледі. Сонан соң барып үйірменің
негізгі мақсаты: жасөспірімдердің мамандық туралы ұғымын қалыптас-тырудың
алғы шарты жүзеге асырылады.Кәсіптік бағдарлау жұмысын өткізу мазмұны
мен формасы оқушылардың жас ерекшеліктеріне байла нысты. Әрбір жас
кезеңі түрлі сапаларды дамытуға қолайлы.Кіші мектеп жасындағы
балалармен кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізгенде баланың сезімдік,
психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес халықтық әдіс тәсілдер мен оқыту және
тәрбиелеу керек екенін есепке алу керек.Кіші мектеп жасында
еңбексүйгіштік, белсенділік, қоғамдық бағыттылық пен ұжымшылдық сияқты
сапалар қалыптасады.Жоғары сынып оқушылармен кәсіптік бағдарлау жұмысын
жүргізгенде олардың шығармашылық және танымдық мотивациясын,
интеллектуалдық және физикалық даму ерекшеліктеріне көп мән берген жөн.

2.1.Қазіргі мектеп жағдайындағы кәіптік білім беру жағдайы.

Сонымен бірге оқушылардың математика сабақтарында блокқа біріккен
оқыту әдістерімен ірі материалдарды өткенде мына талаптарды орындау
қажеттілігі байқалды:
әрбір сабақта өтетін оқу материалының ерекшелігін анықтау;
әр сыныптағы оқушының дербестігін, өзіне тэн оқу эдісін табуына көмек
беріп, оның оқу дагдыларын, іскерліктерін, танымдық белсенділіктерін
жетілдіріп отыру, т.б.
Алайда, сыныптарды біріктіріп оқытқанда, мұғалімнің жаңа сабақ
түсіндіру кезінде және оқушылар білімін тексергенде, пысықтаулар
жүргізгенде уақыты жетпей жатады. Оның негізгі себептері: сабақты басынан
аяғына дейін дұрыс өтуін нақтылы жоспарламау, өрбір оқушының дамуына сәйкес
жаңа материалды өздігімен меңгере алатын тапсырмалармен қамтамасыз етпеу,
бағалауға тесті өдісін қолданбау, т.б. Өсіресе, өз бетінше оқушылардың
орындайтын жұмыстары алдын ала мұқият жоспарланып, оның негізгі мақсаты өте
анық, түсінікті болуы қажет. Мұндай жұмыстарды ұйымдастырмас бұрын мұғалім
соған қажетті кабинетте негізгі тақырыптар бойынша дидактикалық
материалдарды, үлестірме карточкаларды, кәсіби бағдарлайтын ақпараттар мен
құжаттарды, басқа да көрнекіліктерді жинақтауы тиіс.
Әр баланың бойында өзіндік көптеген кәсіп иесіне, білікті мамандықтар-
га төн сапалық қасиеттері болады. Олар - еңбекке, көсіпке қызығулық,
еңбексүйгіштік, үй шаруашылығына қолғабысын тигізе алу, табиғатты қорғау,
еңбек адамын, еңбек дәстүрін қадірлеу, ұқыптылық, т.с.с. Бала-лардың осы
багалы қасиеттерін анықтау арқылы озат ұстаздар 1-2 сыныптардан бастап
оқушыларды мал, өсімдікті күту, қорғау өсімдерімен таныстырады. Олар жеміс-
жидектерді, дақылдарды, көкөністі күтіп өсіруге атсалысады, жерді аялау,
төрт түлік малды, құсты қастерлеу, бұлақты таза ұстау істеріне қатысып,
ауылдағы көсіп иелерімен көбірек танысады. Сабақта 3-сыныптағы оқушылар
табиғат жөніндегі ырымдар, тыйымдар, мәнді ережелерді өтін, асиан денелері
туралы аңыздар мен өңгімелерді, ауа райын болжау, жұлдызбен бағыт табу,
жорықтарды өсімдіктермен бағдарлау сияқты деректермен танысып, сонымен
бірге сол мәліметтерге байланысты кәсіби іскерліктер туралы алғашқы ғылыми-
тәжірибелік мағлұматтар алады.
Оқушылар табиғаттану пәнін бастауышта оқи бастасыменақ табиғатты
бақылауға үйреніп, жыл маусымына байланысты қабырға күнтізбесіне ауа райын,
жауын-шашынды белгілеуге дағдыланады. Тәжірибелер көрсет-кендей, туған
жердің табиғатын көсіптік бағытта оқыту оқушылардың жан-жақты білімін
арттырып, олардың туған еліне, Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін
оятады.
Бастауыш буында жаңа эксперименталдық бағдарлама бойынша ба-лаларға
ұлт мәдениетін, салт-дәстүрін негіз ететін "Елім-ай" бағытындағы сабақтарда
өн айтумен қатар музыка тыңдау, би қимылдарын жасау, қазақтың ою-өрнектерін
орындау, домбыра аспаптарын ойнап үйрену, т.б. осы сияқты өнерлер
біріктіріліп өтіледі. Осы бағытта ауыл мектептерінде жүріп жатқан оқу-
тәрбие жұмыстарының тәжірибелері мынадай нәтижелер берді: халық музыкасы
арқылы баланың жан-жақты тәрбиелілігі мен танымдылығы жетіледі; мұны
тәжірибеде іске асыру үшін өн-күй сабақтары ата-ана жұртшылығының
талаптарына барынша сәйкес жүруі шарт. Осы арқылы мұғалім оқушыны
ұлтымыздың әуенді музыкасына тартып, оны білуге, музыка арқылы ұлттық салт-
дәстүрді, әдет-ғұрыптарды, көршілес елдердің мәдениетімен танысып
құрметтеуге баулиды.
Бала қабілеттері ой еңбегі мен дене еңбегінің қатарласа жүруіменен
ғана жан-жақты жетілетіні белгілі. Сондықтан бастауыш ауыл мектебінде еңбек
сабақтарының зор маңызы мен өз ерекшеліктері бар. А.Макаренко "Тәрбие
ішінде ешбір ұсақ-түйек нәрсе жоқ. Өмірдің өзі де сол ұсақ-түйектен
құралады. Өмірдің бцл жағына басшылық көрсету және ұиымдастыру сіздің ең
жауапты міндетіңіз..." деген болатын. Сондықтан баланы еңбекке жастайынан
үйрету шарт. Еңбек ету үрдісінде оқушының еңбекке дұрыс көзқарасы,
сүйіспеншілігі, төртіптілігі, табандылығы, жігерлігі және ұжымшылдығы
қалыптасады. Ал еңбек сабағында оқушылар еңбектің бастапқы еліппесімен
танысады, еңбектің қарапайым құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді,
түрлі материалдарды пайдаланып, қолмен жұмыс істеудің өмірде қажетті және
дестүрлі тәсілдерін үйренеді.
Еңбек сабағын оқытудың жетілдірілген бағдарламалары шығармашы-лықпен
қолданылады. Жаңартылған бағдарламаның ерекшелігі: жан-жақтылық, оқытуды
тікелей ауылдың өндіргіш еңбегімен байланыстыру және еңбекке
үйретуді жіктей білу. Бастауыш блокта оқушылар қарапайым ауылшаруашылық
өнімдерін өндіруді, оқу-көрнекілік құралдарды жөндеп, ұлттық ойыншықтармен
әрі мектепке, өрі үй тұрмысына қажетті бұйымдар жасау технологиясын меңгере
бастайды. Және олардың мазмұнын мұғалім дидактикалық ұстанымдарға сай
аймақтың жергілікті шаруа-шылық, өлеуметтік факторларына сәйкес таңдап
алады.Табиғи материалдармен (ағаш, жүн, тері, т.б.), матамен,
пластмассамен, сым темірмен жұмыс істеледі. Басқа да қол еңбегіне
жататындар - "Конструктор" бөлшектерін құрастыру, қайта бұзу, макеттер
жасау, оны бұзып қайта жинау, кітап түптеу, т.с.с. жұмыстар. Сонымен бірге
бұл жұмыстар үйге өз беттерімен орындайтын тапсырмалар арқылы жалғасады.
Оган көмектесуге ата-аналар да, білікті көсіп иелері де тартылады.
Ауылшаруашылық еңбекке баулу кезінде бастауыш сынып оқушыла-ры бөлме
өсімдіктерін, үй бағындағы жидектерді күтіп-баптаудың жай өдістемелерімен
танысады. Мектептің оқу-тәрбие үлескесінде еңбек етуге және үй жануарларын
күтіп-бағуға үйренеді. Осы арнада жүргізілген бастауыш мектептердің
тәжірибесіне жүгінсек, мынадай нәтижелер белгілі болды. Өдеттегідей,
біркелкі және уақыт бойынша созылған еңбектерден төменгі сынып оқушылары
тез шаршайтындықтары, қызығулары азая-тындығы байқалды. Сол себептен
мұғалімдер балалардың жас ерекше-ліктеріне сөйкес олардың іс-әрекеттерін
тез өзгертіп отыруды, еңбек үрдісіне ойын элементтерін тиімді кіргізіп
отыруды іске асырады. Және де 1-4 сынып оқушылары еңбектің қай түріне
қатысса да, әруақытта үлкендер түсынан қолдауды, жетістіктерін құптауды
қалайды және дер кезінде олардың көмек берулерін қажет етеді. Сондықтан
тәжірибелі ұстаздар тапсырылған істерді орындауға шамасы келмей жатқан
балаларға дер кезінде көмекке келіп, оның қолы жеткен болар-болмас
жетістігін мадақтап, баланың өз-өзіне сенімін арттырады. Бастауыш
сыныптарда оқушылардың еңбек қабілеттері екі негізгі бағытта дамиды: бірі -
сабақ үрдісінде (ол барлық пәндерде де іске асады); екіншісі - олардың
қолынан келетін тұрмысқа, отбасына, мектепке, ауылдастарына пайдалы әртүрлі
еңбектері. Ол еңбектердің көп түрлері ауылды жерде өнімді еңбек
болғандықтан, оның тәрбиелік мүмкіншілігі өте зор.
Шағын жинақталған мектепте, өсіресе, бастауыш сыныпта бар пән-дерден
бір ғана мұғалім сабақ жүргізетіндіктен, ол өр оқушының ой еңбегімен
қатысты икемділігі мен кабілеттерінің деңгейлерін жақсы біледі. Сондықтан
ол тәрбиелік мақсатта еңбек сабақтарын табиғаттанумен, басқа да оқу
пәндерімен тығыз байланыстырып, балалардың бойына еңбек дағдыларын
сіңірумен қатар оқушының еңбекке деген, еңбек адамына деген құрметі мен
ілтипатын, ұлтымыздың еңбекшілік салт-дәстүрін қастерлеуге тәрбиелейді.
Осындай ізденімпаздықпен істейтін ұстаздар бар пәндерден де, көбінесе еңбек
сабағында балалардың кәсіби маңызды іскерліктерін, танымдықтарын,
экономикалық ой-өрістерін және шығармашылық белсенділіктерін арттырады.
Оқушылардың ой іс-әрекеттерінің олардың оқу істерін дұрыс ұйымдас-
тыруларына тәуелді болатынын ескере отырып, бастауыш сыныптарда сабақтан
тыс уақыттарда (көбінесе үйде) өз жұмыс орнын, сабақтарда берілген
тапсырмаларды орындаудың режимін дұрыс ұстай білуге жатты-ғулар жүргізген
жон. Өсіресе, тәжірибелер көрсеткендей, ең көп уақытты қажет ететін үйдегі
жұмыстар: тіл дамыту, математикадан есептер шығару, жазуға жаттығу, т.б. Ал
олардың тиімділігін арттыру мұғалім мен отбасының көмегінсіз болмайды.
Сондықтан ауылды жерде оқушылардың үйдегі оқу іскерліктерін дамыту
мөселелері туралы, оның әдістемелері жайында ата-аналарға арнаулы кеңестер
беретін семинарлар блок бойынша жүргізіледі. Ол семинарларда ата-аналар
теория және тәжірибе жүзінде оқушылардың әртүрлі оқу, еңбек іскерліктерін
тиімді ұйымдастыру мәселелері бойынша пікірлер алмасады.
Бастауыш сатыда сабақтан тыс еңбек тәрбиесі жергілікті шаруашы-лықтың
ерекшелігіне, оның маусым бойынша өзгермелігіне сәйкес, әрі оқушылардың
еңбек сабағынан, әрі пәннен алған білімі мен олардың жеке іскерлік
тәжірибелерінің қалыптасу деңгейлерімен және адамгершілік, эстетикалық,
дене тәрбиелерімен байланысты жүргізіледі. Негізінен, бас-тауыш сыныптарда
олардың жалпы еңбексүйгіштік, қолданбалы еңбек-терге іскерлігі, еңбек
үрдісінде жан-жақты тәрбиеленулері көзделеді. Ең алдымен олардың өздерін
күте білуі, үлкендерге қолғабыс тигізе алу қабілеттері дамытылады. Оқушылар
отбасында да тұрмыстық әртүрлі өнімді еңбекке қатысады, үйде
де, мектепте де тазалықты ұстауға атсалысады. Оқудан тыс
уақытта олар түрлі халық дәстүрлерінің қағидалары негізінде істейтін
"Өрнек", "Шебер қолдар", т.б. үйірмелерге қатысу арқылы өздерінің өнерге,
еңбекке және көсіптерге танымдық қызығуларын арттырады. Көбінесе қолмен
істелетін ауыл жұмыстары ұжымдықпен бірлесіп, еңбек етуді қажет етеді. Ол
жұмыстар - өсімдіктерді күтіп-бағу, оқу-тәжірибе учаскелерінде еңбек ету,
төл күту, мал бағу, т.с.с. Төменгі сынып оқушыларының бірқалыпты жұмыстарды
ұзақ орындай алмайтындықтары ескеріліп, олардың түрлерін, орындау әдістерін
жиі-жиі өзгертіп отыру қадағаланады.
Тұрмыстық еңбекке қатысумен оқушылар ата көсібі, ана көсібі жөнінде
әртүрлі мәліметтер алады.Қыз балалар ұлттық жиһаз жасау технологиясымен іс
жүзінде танысып, ер балалар атқа міну дәстүрлерін меңгеріп, аңшылық
көсіптермен байланысты іскерліктерге үйренеді.
Шағын ауылды жерлерде балаларды халықтың салт-дәстүрлерінің және әдет-
ғұрыптарының рухында тәрбиелеуде отбасының мүмкіншіліктеріне ерекше мән
берген абзал. Сондықтан аталмыш шығармашылық оқу-тәрбие ортасы арқылы оның
баршаға ортақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту құралдары
Кәсіптік бағдар
Математика курсын кәсіптік - бағдарлы оқыту мәселелері
Кәсіптік оқу орындарындағы казіргі кезде қолданылатын заманауи техникаларды, оларды қолдану әдістерін анықтау
Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты. Қазақстандағы бейіндік оқытуды ұйымдастыру тәжірибесі
Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің теориялық негіздері
Жалпы білім беретін мектептерде стандартты емес кәсіптік бағдар беру сабақтарын өткізу әдістемесі
Мектепте және колледжде кәсіптік бағдар беру ерекшеліктері
Оқушыларға кәсіптік бағдар берудің әдістері мен формалары
Кәсіби бағдар беруге арналған кеңестер
Пәндер