Оқушыларға көркемдік білім беруге болашақ мұғалімдерді дайындаудың дидактикалық шарттары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Оқушыларға көркемдік білім беруге болашақ мұғалімдерді дайындаудың дидактикалық шарттары

Жоғарыда айтылғандардың барлығы қазақ халық дәстүрлерге аса мән бергенін, олардың әдеп тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары болғандығын дәлелдейді: біріншіден, қазақ халық дәстүрлері жеткіншектердің әдеп тәрбиесінің жетекші құралы, әдіс-тәсілдері, амал-жолдары, мінез-құлық ережелері қызметін атқарады, екіншіден, жеткіншектердің мінез-құлқын, сана-сезімін, абырой мен намысын қалыптастырады.

Болашақ мұғалімдердің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге даярлығын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау педагогикалық заңдылықтар мен педагогикалық принциптерді талдаудан туындайды. Педагогикалық заңдылықтар, біріншіден , оқытудың қоғамның мұқтажына, қажеттілігіне және жағдайына байланысты, екіншіден , оқытудың, білім берудің және дамудың өзара байланысына; үшіншіден , оқу үрдісінің міндеттері, мазмұны, формалары және әдістерінің өзара байланысына қатысты болып келеді. Бұл заңдылықтар педагогикалық принциптерді ажыратуға негіз болады. Педагогикалық принциптер бірінен кейін екіншісі орындалатындай реттілікте немесе тізбектілікте жүзеге аспайды, ол бір кешенді түрде орындалады. Педагогикалық принциптердің мақсаттылық және ғылымилық, жүйелілік және бірізділік, саналылық пен белсенділік, педагогикалық үдерістің бағыттылық принципі, пәндердің өзара байланыс принципі деген түрлері белгілі. Принциптердің негізгісін немесе қосалқысын ажыратуға болмайды, дегенмен, олардың арасындағы пәнаралық байланыс принципіне басымдық беру арқылы біз алға қойған мақсатты шешудің тиімді жолын іздемекпіз.

Болашақ мұғалімдердің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге даярлығын қалыптастыру мақсатында ұсынылған элективті курс пен оқу құралдарын жеткілікті дәрежеде меңгеру үшін педагогиканы оқыту әдістемесі, этнопедагогика, тәрбие жұмысының әдістемесі, педагогика тарихы, философия пәндерінің мазмұнына толықтырулар енгізілуі керек. Ал педагогикалық шарттарды ішкі байланысына сүйене отырып белгілі бір реттілікте келтірдік, себебі, жүйелі түрде ұсынылған оқу материалы негізінде ғана қажетті құзырлылықтар қалыптасады.

Педагогикалық шарт оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруға бағытталады. Жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге даярлығын қалыптастыру факторының бірі оқу-тәрбие үдерісі болып табылады.

Жоғары оқу орнындағы оқу және тәрбие үдерісін болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге даярлығын қалыптастыру үдерісінде негіздерді айқындаушы ретінде қарастыру жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісіне талдау жасау үшін өлшемдерді саралауға мүмкіндік береді. Өлшемдер болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге даярлығын қалыптастыру олардың сапалық және сандық көрсеткіштерін айқындауға бағытталады:

-болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге даярлығын қалыптастыру оқу-тәрбие үдерісінің мақсатты бағыттылығы;

  • әдеп дәстүрлердің педагогикалық пәндер мазмұнында және оқудан тыс тәрбие жұмыстарында көрініс табуы, олардың сандық және сапалық сипаты;
  • болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге даярлығын қалыптастыру даярлығының деңгейі.

Бұл өлшемдерді анықтаудағы негізгі әрекеттер мыналар: педагогикалық пәндер оқулықтары мен бағдарламаларын талдау; болашақ мұғалімдердің дербес жұмысындағы тақырыптық тапсырмаларды талдау; болашақ мұғалімдердің педагогикалық тәжірибе бойынша орындаған есебін талдау; тәрбие жұмыстарының құжаттарын талдау; сауалнамалар, анкета жүргізу; сабақтарға қатысу, әңгімелесу; кураторлық сағаттар, дөңгелек столдар, диспуттар, рөлдік және іскерлік ойындар, тринг т. б. өткізу.

Болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге даярлығын қалыптастырудың негізгі педагогикалық шарты болып әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің мазмұны саналады. Оны осы пәндер саласындағы оқу бағдарламалары мазмұнына жасаған контент-талдау дәлелдейді. Қазақ халық әдеп дәстүрлері туралы педагогикалық ақпаратты көбінесе мынадай оқу пәндерінен алуға болады:мамандыққа кіріспе, педагогика, этнопедагогика, педагогика тарихы, тәрбие жұмыстарының әдістемесі, т. б.

Педагог мамандарды қайта даярлау мен біліктілігін жоғарылату институттарының маңызын ұғына отырып, ондағы қысқа мерзімді курстарда алынатын қазақ халық дәстүрлері негізінде оқушыларды әдепке тәрбиелеу тек үйретумен шектеліп, жұмыс орнына қайта келгенде ол білім жабық қазына секілді қалып қоюы мүмкін. Сондықтан мектептерде, басқа да білім беру мекемелерінде осы білімді үнемі толықтырып отыруға қажетті жағдайлар, атап айтқанда, үйретуден «білім беруге», өз бетінше білім алуға, қазақ халық дәстүрлері негізінде оқушыларды әдепке тәрбиелеу қажеттілігін саналы да тұрақты ету керек. Бұл жүйе мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, педагогикалық қызметте қазақ халық дәстүрлері негізінде оқушыларды әдепке тәрбиелеу технологияларын қолдану дағдысын қалыптастыруға бағытталып, педагогикалық технологияларды меңгеруге ықпал етуі керек. Мұндай көзқарас нәтижесінде қазақ халық дәстүрлері негізінде оқушыларды әдепке тәрбиелеудің педагогикалық технологиясына негізделген сабақтарды өткізу әдістемесі, қажетті ғылыми-әдістемелік материалдарды құру, сонымен бірге педагогикалық үдеріс, сабақ құрылымы, мотивтері өзгеріп, салдары ретінде болашақ мұғалімнің кәсіби сапалары молығады, артады. Оқытудың мұндай жүйесі сырттан танылмауы керек, ол мектептегі, жоғары оқу орнындағы жалпы әдістемелік жұмыс нәтижесі бола отырып, мұғалімнің кәсіби сұраныстарына сай келуі қажет.

Жоғары оқу орнында (ЖОО) болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын қалыптастыру үш бөліктен тұрады деп қарастыруға болады:

1. «Студент» жүйесі - институт түлектері дайындығын жоғарылату, жеке студент тұлғасының шығармашылық қабілетінің жоғарылауы, кәсіби білім беру мен студенттің ғылыми жұмыспен айналысуына қажетті жағдайлар жасауды қарастырады.

2. «Оқытушы» жүйесі ЖОО-ның ғылыми-әдістемелік қызметін дамыта отырып, болашақ мұғалімнің үздіксіз білім алуына, қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге даярлығының жоғарылауына бағытталған.

3. Жоғары мектепте болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын қалыптастыруға негізделген ақпараттық білім беру ортасын құру мен дамытуды көздейді.

Зерттеліп отырған мәселе бойынша ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын қалыптастырудың педагогикалық шарттарының жетекші идеясы және зерттеуіміздің әдіснамалық негізі ретінде пәнаралық байланыстар принципі таңдалынып алынды.

Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың дидактикалық шарттары оқытудың мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік, материалдық жағынан қамтамасыз етуді көздейді. Мазмұндық қамтамасыз ету: «Бейнелеу өнері тарихы мен теориясы», «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәндерінің бағдарламасын жасау сол бойынша дәрістік, тәжірибелік сабақтар өткізу; «Педагогикалық іс тәжірибе» бағдарламаларына қосымшалар енгізу арқылы мектептегі өнер пәнінен сабақтар мен сабақтан тыс тәрбиелік іс шаралар ұйымдастыру; «Өнер пәнін оқыту әдістемесі» атты элективті курс бағдарламасын жасау және оның сабақтарын өткізуді қамтамасыз ету карастырылады. Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бойынша: дипломдық жұмыс, курстық жұмыс, өнер мұражайларына экскурсиялар ұйымдастыру, тренинг, тест тапсырмалары, өнер туралы пікір алысу, баяндама, нұсқау, кеңес беру, сауалнама, конференция, семинар, дебат, көрме жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету танылады. Әдістемелік қамтамасыз ету бойынша: оқу бағдарламалар, оқулықтар, көрнекілік құралдар, электрондық оқулықтар, дидактикалық материалдар, оқытудың инновациялық технологияларын қолданудың қамтамасыз етілуі көзделеді. Материалдық қамтамасыз ету: оқу үдерісі кітапхана қорымен, интерактивті тақта, видео, компьютерлік кластар оқу материалдарымен жабдықталуының қамтамасыз етілуі жоспарланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми зерттеу әдістері пәнінің лекциялары
Болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау
Болашақ педагогты жеткіншектердің көркемдік мәдениетін қалыптастыруға даярлау
Болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлаудың педагогикалық шарттары
Мектепте бейнелеу өнері пәнін оқыту
Болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлаудың педагогикалық шарттары
Болашақ «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімін оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге дайындаудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың педагогикалық негіздері
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды тарихи композиция құрастыруға үйрету (көшпенділер)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz