Оқушыларға тұлғалық бағдарланған білім берудің мәні мен мазмұны


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Гуманитарлық - педагогикалық сырттай оқу факультеті
«Педагогика және этнопедагогика» кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Оқушыларға тұлғалық бағдарланған білім берудің мәні мен мазмұны»
«Бекітемін» Ғылыми жетекшісі:
Кафедра меңгерушісі п. ғ. д., профессор Б. Тойлыбаев
техника Орындаған: студент
ғылымдарының кандидаты, Г. Телибаева
доцент Ә. Т. Мейірбеков СПП-415, ()
«__» 2009 жыл
Хаттама №___
Түркістан-2009 жыл
М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе . . . 3 бет
І бөлім. Оқушыларға тұлғалық бағдарланған білім берудің теориялық негіздері.
1. 1. Оқушыларға тұлғалық бағдарланған білім берудің педагогикалық
мәселелері . . . 6 бет
1. 2. Тұлғалық бағдарланған білім берудің өзіндік ерекшеліктері . . . 15 бет
ІІ тарау. Оқушыларға тұлғалық бағдарланған білім берудің әдістемесі.
2. 1. Оқушыларға тұлғалық бағдарланған білім берудің жолдары . . . 29 бет
2. 2. Тұлғалық бағдарланған білім берудің әдіс-тәсілдері . . . 38 бет
Қорытынды . . . 49 бет
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 51 бет
Кіріспе
Адамзат қоғамының бүгінгі даму қарқыны, экономика мен мәдениетке тән жаһандану үрдістері, қоғамның ақпараттануы білім беру жүйесіне өз әсерін тигізеді. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамыту саласындағы өзгерістер жалпы орта білім берудің жаңа сапасына қол жеткізуде білім берудің мақсатын және жоспарланған нәтижелерін қайта қарауды талап етіп отыр. Жедел дамып отырған технологиялар заманында білім берудің басты ұстанымы «өмір бойы білім алу, адамның сапалық кәсіби және ғылыми дайындығы, өз бетінше іздене білуі және өзін-өзі жетілдіруге қабілеттілігі болуы қажет».
Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасында, 2010 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында білім берудің негізгі міндеті - білімдік шоғырланудан нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғыға көшу деп көрсетілген. Негізгі орта білім әр оқушының жеке ерекшеліктері ескерілген білім беру нәтижелері түрінде құзыреттіліктер жиынтығын игеруіне бағдарланған. Оқушының бейімділіктері мен қабілеттерін есепке ала отырып, білім беру траекториясын барынша даралау мақсатында жалпы білім беретін мектепте білім беруді ұйымдастыру тұлғалық-бағдарлы негізде жүреді. Жалпы орта мектепті бітіруші білімді болашақ еңбек қызметіне дайындық ретінде игеріп, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа дайын болуы тиіс. [1]
Тұлғалық-бағдарлы білім беруді жүзеге асыру оның философиялық, педагогикалық-психологиялық негіздерін терең зерттеуді қажет етеді. Ғылыми еңбектерде және әдебиеттерде тұлға дамуындағы ізгіліктік туралы ой-пікірлер А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов және т. б., білім беруді ізгілендіру ІП. А. Амонашвили, М. Н. Берулава, В. А. Караковский, А. А. Бейсенбаева, Ә. М. Мұханбетжанова және т. б.
Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың әдіснамалық негіздерін жасауда қазақстандық ғалымдар Қ. К. Жампеисова, А. А. Бейсенбаева, Ә. М. Мұханбетжанова, Қ. Б. Сейталиев, М. Ж. Жадрина, Ү. Б. Жексенбаева, Ж. А. Қараев т. б. зерттеулері 12 жылдық мектептің жаңа жүйесін жасауда ерекше маңызды орын алады. [2, 3]
Тұлғалық-бағдарлы білім беру Қазақстан Республикасына енгізілген жаңа стандарттағы түйінді құзыреттіліктерді қалыптастырудың әдіснамалық қағидасы ретінде бекітілген. Бұл міндетті жүзеге асыру осы тұрғының аясында жүргізілетіні айқын. Түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру теориясының міндеттеріне барынша бара-бар келетін білімдік әдіснама ретінде тұлғалық-бағдарлы тұрғы қызмет ете алады. Себебі тұлғалық-бағдарлы білім беру әрбір оқушының даралығына, жеке ерекшеліктеріне бағыттала отырып, оқушының жеке даму траекториясын жасауға мүмкіндік береді. Тұлғалық-бағдарлы білім беруді тәжірибеге ендіру және түйінді құзыреттіліктерді қалыптастырудың теориясын жасау әлемдік педагогика ғылымы мен практикасы үшін бүгінгі күні барынша көкейкесті мәселеге айналуда.
Қазіргі кезеңдегі білім беру мақсаттарының жиынтығы түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруды көздейді, оның негіздеріне көп мәдениетті қоғамда өмір сүруге қабілеттілік, білімді практиканың қажеттіліктерімен байланыстыру іскерлігі, өмірлік жағдаятты бара-бар бағалай алу және мәселені шешу жолдарын табу және т. б.
12-жылдық білім беру жағдайында дүниежүзілік деңгейде белгіленген білім берудің міндеттерін нәтиже ретінде көру мүмкіндігі туындайды. 12-жылдық білім беру проблемалары орталығы дайындаған Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты білім берудің мазмұнын жобалау және белгілеу тәсілдерінің жаңа модельдерін ұсынады. Бұрын мемлекеттік стандарттар берілетін материалдың көлемі мен құрамының нормаларын белгілеген болса, жаңа стандарт жобасында білім берудің нәтижелері норма ретінде бекітілген. Ең басты нәтиже ретінде құзыреттілік танылып отыр. Мектептегі білім беру үрдісінің нәтижеге бағытталуы педагогтардың алдына жаңа мәселелерді оқыту үрдісінде пайдаланылатын технологияларды таңдау, білім беруде түйінді құзыреттіліктерге жету жолдарын айқындауды талап етуде.
Қазіргі кезде оқушыларға тұлғалық бағдарланған білім беру мазмұны бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Сондықтан ғылыми жұмысымыздың тақырыбын оқушыларға тұлғалық бағдарланған білім берудің мәнін педагогикалық тұрғыдан қарастыруды қажет ететіні анықталды.
Зерттеудің мақсаты: Оқушыларға тұлғалық бағдарланған білім берудің маңыздылығын анықтау. Бағдарланған білім берудің тиімділігіне көз жеткізу.
Зерттеу нысаны: Жалпы білім беретін мектептегі білім беру үрдісі.
Зерттеу пәні: Тұлғалық бағдарлы білім берудің мазмұны мен мәні.
Зерттеу міндеттері:
- Оқушыларға тұлғалық білім берудің теориялық білім негізін анықтау, қасиетін білу;
- Оқушыларға тұлғалық бағдарланған білім берудің жолдарын анықтау;
Зерттеу әдістері:
Зерттеу мәселелері бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттермен, әдістемелік оқулықтармен танысу.
Диплом жұмысы: Кіріспеден, 2 тараудан, әр тарау екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І Бөлім. Оқушыларға тұлғалық бағдарланған білім берудің теориялық негіздері.
1. 1. Оқушыларға тұлғалық бағдарланған білім берудің педагогикалық мәселелері.
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының, құндылықты бағдарлардың өзгеруі, Қазақстанның дүниежүзілік білім беру кеңістігіне енуі қазіргі және бұрынғы педагогикалық теорияны, оқу-тәрбие практикасын қайта қарауды талап етіп, білім беру парадигмасын өзгерту міндеттерін белгілейді.
Білім беруді қалыптастырудың жаңа кезеңінде тұлғаны дамытуға, оның әлеуетін анықтауға, дербестігін қалыптастыруға бағытталған ізгіліктік педагогика басымдылыққа ие болып отыр. Педагогикалық үрдістің маңызды бөлігі ретінде педагог пен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеттесуі бекітіле бастады. Бұрын оқытуда мұғалім басты тұлға ретінде танылып, оқушылар оқу материалын есте сақтауға және белгілі бір формада қайта жеткізуге бағытталған болса, қазіргі педагогикада оқушы білім беру үрдісінің субъектісі ретінде танылған. Осы қағида негізінде білім берудің мазмұны жаңа іскерліктермен байытылып, оқушының құзыреттілігін қалыптастыру міндетін шешуге бағытталған.
Қазақстандық білім беру жүйесі оқушыларға тек білім, іскерлік, дағдылар жиынтығын меңгертіп қана қоймай, оқушы тұлғасын дамытуға, өмірлік проблемаларды өз бетімен және тиімді шешуге, тұлғаның өзін-өзі анықтауына, әлеуметтенуіне және өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік беретін әмбебап білім, тәжірибе және қабілеттердің жиынтығын меңгерту болып табылады. Білімге бағытталған оқытудан құзыретті, тұлғалық-бағдарлы білім беруге көшу білім берудің мазмұнында экономикалық, саяси, құқықтық, дене, коммуникативтік мәдениет компоненттерінің көрініс табуын белгілейді. Осы міндеттерге сәйкес мектептердің басты мақсаты - оқушының өз тұлғалық мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін барлық жағдайды тудыру, баланың даралығын ашу, оның айқындалуына, дамуына, қалыптасуына көмек беру. [5]
Дәстүрлі сынып-сабақ жүйесінің орнына гуманистік философия, психология және педагогиканың идеяларын біріктірген тұлғалық-бағдарлы оқыту жүйесі қоғам сұранысына жауап береді. Аталған жүйе адамды өз өмірлік жолының субъектісі, жасаушысы ретінде танытатын маңызды қасиетін қалыптастыруға мүмкіндік береді; оқушыларды белсенділіктің барлық түрін (танымдық, әлеуметтік, шығармашылық және т. б. ) жауапкершілікпен жүзеге асыруға үйретеді. Тұлғалық-бағдарлы білім беру жүйесінде бала жаңа тәжірибені қабылдауға даяр, түрлі өмірлік сиутацияларда жауапты және саналы шешім жасауға қабілетті болып келеді.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында анықтағанымыз, қазіргі уақытта теория мен практикада тұлғаны қалыптастырудағы білім берудің үш парадигмасы анықталған: когнитивтік, іс-әрекеттік және тұлғалық-бағдарлы. Когнитивтік білім беру парадигмасына сәйкес оқытудың тұлғалық аспектілері танымдық мотивацияны және танымдық қабілеттерді қалыптастыру болса, іс-әрекеттік парадигмада білім берудің мақсаты - әлеуметтік, еңбек және көркемдік-қолданбалы іс-әрекеттің тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы тәсілдерді, білім, іскерлік, дағдыны қалыптастыру болып табылады. Когнитивтік және іс-әрекетке бағытталған білім беру парадигмалары негізінен білім сапасына қол жеткізуге бағытталған. Нәтижесі - білімділік және әлеуметтік даярлық.
Тұлғалық білім беру парадигмасы тек білім беру емес, өз бетімен білім алу, тек дамыту емес, тұлғаның өзін-өзі дамытуы және өзін-өзі өзектілеуімен ерекшеленеді. Соңғы жылдары тұлғалық-бағдарлы тұрғысына аса зор көңіл бөлініп, белгілі психологтар, дидакттар, жаңашыл педагогтар зерттеулер жүргізіп отыр. Әсіресе Е. В. Бондаревская, В. В. Гузеев, Н. Е. Мажар, В. В. Орлов, Г. Е. Сенькина, В. В. Сериков, В. А. Ситаров, И. С. Якиманскаяны, қазақстандық ғалымдардан А. А. Бейсенбаева, Ә. М. Мұханбетжанова, С. М. Бахишеваны атауға болады.
Осы бағыттағы шетел ғалымдары Рудольф Штайнердің Вальдорф педагогикасы, итальяндық педагог-психолог Мария Монтессоридің баланы өзіндік еркін дамыту жүйесі, Ф. Адлердің АҚШ-тағы этикалық мәдениет мектебі, А. Нейлдің Ұлыбританиядағы Саммерхилы, Германиядағы Хелена Ланге мектебі, Л. С. Выготскийдің «жақын даму аймағы» теориясы, Л. В. Занков, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин идеяларына негізделген дамыта оқыту жұйесі мектептер тәжірибесіне кең түрде енгізілуде.
Олардың басты үлесі - тұлғаның өзіндік танымы мен мүмкіндіктерін өзін-өзі бағалау, пікірталас формасында сабақ өткізу және өздік шығармашылық жұмыстар мен жобаларды орындауды біріктірген тұлғалық-бағдарлы білім беруді дамытуға жол ашу болып табылды. [6, 7]
Психологиялық тұрғыдан негізделген И. С. Якиманскаяның тұлғалық-бағдарлы білім беру тұжырымдамасы оқушының субъектті тәжірибесіне сүйенеді. Білім беру үрдісінде мұғалім беретін тәжірибесі және оқушының субъектті тәжірибесі мәдениеттілік сипатқа иеленеді, өзгереді, дамытылады, жетілдіріледі, ал білім беру үрдісі оқушы мен мұғалімнің оқу диалогы негізінде жүреді. Н. А. Алексеев тұлғалық-бағдарлы білім берудің мәнін тек оқушының бірегейлігі және даралығымен ғана емес, сонымен бірге педагог тұлғасының қайталанбас ерекшелігімен, бір жағынан, және оқушының мәдениетте өзін-өзі бекітуі арқылы өзін-өзі, өз тұлғасын жасауды беретін «мәдени акт» ұғымымен байланыстырады. Тұлғалық-бағдарлы білім беруді түсіндіруде Е. В. Бондаревская білім берудің сапасын мәдениетке сәйкестік ұстанымымен байланыстырады. Ұстанымның мәні - тұлғаны дамытушы және жетілдіруші орта ретіндегі мәдениет пен білім арасындағы, сонымен қатар баланың тәрбиесі мен дамуы арасындағы қарым-қатынастарды анықтау. Яғни, білім беру мазмұнының мәдениет орталығы - бірегей жалпыадамзаттық, жалпыұлттық және аймақтық мәдени құндылықтар. [8]
В. В. Сериковтың тұлғалық-бағдарлы білім беру тұжырымдамасының негізі - тұлғаны оқыту үрдісінде білім беру тәжірибесінің мақсаты мен факторы ретінде тану жайындағы түсініктер. Тұлғалық-бағдарлы білім беру - оқушының тұлғалық қызметтері (таңдау, мотивация, рефлексия, өзін-өзі жүзеге асыру, шығармашылық және т. б. ) көрінетін жағдайлар тудыратын білім беру. Тұлғалық қабілеттер көрінісінің басты шарты тұлғалық-бағдарлы ситуацияны (тұлғалық қызметтердің көрінуі талап етілетін ситуация) тудыру болып табылады.
Қазақстандық ғалым Ә. М. Мұханбетжанованың зерттеуінде тұлғалық-бағдарлы білім беру парадигмасының негізгі ерекшелігі педагогикалық технологияға қатысты қарастырылады. Оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңа сапасы ретінде мақсатқа бағытталған тұлғалық магынаны жасау мүмкіндігін көздеу белгіленеді. Автор оқу үрдісінде пайда болатын білім, іскерлік және дағдының қалыптасуы оқушы тұлғасын жоғары қоятын тұлғалық-бағдарлы технологиялар арқылы жүретіндігін атап көрсетеді. С. М. Бахишева тұлғалық-бағдарлы тұрғының шарттарын педагогикалық үрдіс субъектілерінің өзара қарым-қатынастарының мазмұнына негізделеді деп көрсетеді. Педагогикалық үрдісті осы қарым-қатынастарға байланысты екендігін тұжырымдайды.
Жоғарыда айтылған пікірлерді қорытындылай келе, біз «тұлғалық бағдарлы білім беру» ұғымына мынандай анықтама береміз: тұлғалық-бағдарлы білім беру - бұл оқушы мен мұғалім тұлғасы субъект ретінде танылатын, тұлғаның қайталанбастығы мен даралығын дамытуға, оқыту үрдісінде оқушының субъектілі тәжірибесін есепке алуға бағытталған, мұғлаім мен оқушының диалогтық қарым-қатынастарына және таңдау еркіндігіне негізделген білім беру үрдісі.
Бұл кезең соңына қарай олар мамандық таңдауға ұмтыла бастайды.
Мұндай оқушылармен жұмыс жүргізуде мұғалім күрделі, қарама-қайшылықты жагдайды ұйымдастыра отырьш, өзін олардың орнына қоя білуі қажет. Жасөспірімдер дәлелді, фактілермен келтірілген тұжырымдарды түсінуге қабілетті.
Жоғары мектеп жасындағы балалардың дамуы. Бұл кезеңде жыныстық пісіп-жетілуінің алғашқы кезеңі аяқталады.
Жастық шақ кезеңі - дүниетаным, сенім, мінез және өмірлік өзін-өзі анықтауы қалыптасуымен ерекшеленеді.
Оқу пәндеріне іріктемелі қатынас байқалады. Қабылдауы мақсатты, зейіні ерікті және тұрақты, есі логикалық сипатты болады. Ойлауына жоғары деңгейдегі жалпылау мен абстракциялау тән, сонымен бірге ол теориялық және сыни бағыт ала бастайды.
Бұл жастағы оқушылар құбылыстар мәнін жете түсініп, өз ой-пікірлерін қалыптастыруға тырысады. Өзінің пікірін жоғары қояды.
Оқушылар тұлғасын дамытуда олардың жекелеген ерекшеліктерін де ескеру қажет. Адам дамуьында жалпы және ерекше қасиеттер байқалады. Бұл ерекше қасиеттер адамның дербестігін құрайды.
Педагогикада дербестік амал педагогикалық әсер ету формалары мен әдістерін бейімдеу негізінде жүзеге асырылады.
Тұлғаньың дамуында акселерациялық құбылыс байқалады.
Акселерация - балалық және жасөспірімдік шақтағы үдемелі денелік және белгілі бір мөлшерде психикалық даму құбылысы.
Кез келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс-әрекеті ақыл-ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс-әрекетте тасымалдай алуға негізделеді.
Оқушының шығармашылық іс-әрекеті және оның мәнін түсіну үшін жеке тұлғаның ғылыми-педагогикалық зерттеулердің объектісі ретінде анықталу сипатын білу қажеттілік болып табылады. Шығармашылық іс-әрекет тұлғаны құраушы және оны айқындаушы фактор ретінде де қарастырылады.
Жеке тұлғаның ерекшеліктеріне тән қасиеттер оның санасына, өзіне-өзінің сын көзімен қарауына, адам баласының есіне әсер ететін ішкі және сыртқы түйсік, түйсіктердің әсеріне және оның ерік-жігер күші мен әсерленушілік сезім дүниесіне байланысты құбылыс деген пікірді біздер қуаттаймыз [99] . Оның себебі, ұлы ғұламаларымыз осы ой-пікірде болған деп білеміз.
Түркі жұртының асыл перзентінің бірі - Жүсіп Баласағұн
" . . . Ақыл - шырақ, қара түнді ашатын,
Білім - жарық, нұрын саған шашатын . . . " дей келе, өзінің "Құтты білік" (Құдатғу білік) атты еңбегінде жаратушының адамға ақыл, білім, өнер, ес бергенін айтады. Білімді адамның білікті болатынын айта келіп, ақылдың талай түйінді шешетінін, адамның ақыл-парасаты барлық нәрсеге қабілетті екенін сипаттап, жан-жақты дамыған адам үлгісін елестетеді [6; 7] .
Әл-Фараби адамның пайда болысымен оның бойында ең алдымен бітетін нәрсе - күш (яғни қабілет), ол осы күш арқылы қоректенетінін, қоректендіруші күш - бір үстем күштен және қызмет етуші күштерден (жүрек, ми, бауыр, көкбауыр, т. б. ) құралатынын сипаттаған [7, 6. 61-62] . Әйгілі ойшыл қабілеттер өзінен өзі табиғат тудырған қалпында бақытқа жеткізе алмайтынын, оларды бағдарлау, бағыттау, тәрбиелеу, дамыту керектігіне тоқталған. Сезім арқылы қабылдай алмайтын адамдар білімнен де құралақан қалатынын хабардар етеді [7, 6. 122-123] .
Абай өзінің қара сөздерінде (7-сөзі) "жан қуаты" ұғымы сыртқы объективті өмір шындығын бес сезім арқылы сезімдік танудан соң, ойлау процесі ретінде қаралуы логикалық танымға сәйкес келетінін айқындаған. Танып білу бірден болатын процес емес екендігін де ескертеді. Абай танымы бойынша өнер, ғылым, білім, ақыл атаулы рухани құбылыстардың бәрі де жан қуаты арқылы сыртқы болмыстан туындайтын заңды құбылыстар екенін сипаттай келе, адам тән қуатымен дәулет, байлық жиса, жан қуатымен - рухани қажеттілікті өтеу үшін ғылым, өнер, ақыл таппағы тән екендігі мазмұндаған. Сондықтан да жан қуаттарын жетілдіру қажеттігін айтып өткен [7; 8, 6. 141] . Абай халықтың ағарту ісін өркендету үшін шығыс және батыс мәдениетін жан-жақты зерттеп, сол мәдениет негіздерін өз халқына үлгі-өнеге етіп көрсетіп, қазіргі уақытта білімді меңгерудегі іс-әрекеттер туралы өз ойын төмендегідей тұжырымдаған:
- ықылас қоя тындау;
- тыңдағанды бірнеше рет ойда қайталау;
- ой кеселдерінен сақ болу.
А. А. Кыверял "Жеке тұлға - бұл өмір құбылыстарын түсініп білу, әсірелену және оған деген қатынасы жөніндегі субъект ретіндегі нақтылы адам", - деп жеке тұлғаға анықтама береді. Оны қысқаша жеке тұлға - бұл сананы тасымалдаушы адам деп тұжырымдауға болады. Ал адам санасының белсенділігі оның танымында, әсерленуінде және қарым-қатынасында жүреді.
Сонымен, жеке тұлға - бұл кіріктірілген (интегративті) жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық. Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Даралық бір адамның басқа адамнан, бір тұлғаның басқа тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды .
К. К. Платонов жеке тұлға құрылымын алдын ала белгіленген өлшемдерге сүйеніп төрт блокқа бөледі. Оның біріншісі - жеке тұлғаның бағыттылығы, қарым-қатынасы, моральдық бейнесі; екіншісі - оқу арқылы жеке тұлғаның тәжірибесінде меңгерілген білім, ебдейліктер, дағды және әдеті; үшіншісі - бейнелеу формасы болып саналатын психологиялық процестері; төртіншісі темперамент қасиеті (тұлғаның психологиялық өзгешелігі, жынысы, жас ерекшелігі және олардың потологиялық белгілері) .
Жеке тұлғаның психологиялық құрылымын Ж. Асанов А. Г. Ковалевтың және М. С. Каганның еңбектерін зерделей келе, К. К. Платоновтың: "Жеке тұлғаның қай құрылымы болмасын немесе тұтас жүйесі динамикалық күйде өзгеріп отырады және оны психологиялық функция ретінде қайта қарауға болады", - деген пікіріне сүйене отырып, жеке тұлғаның құрылым нобайын блоктар мен құраушыларға (компоненттерге) топтайды [102] . Оның ішінде адамның психикалық механизмге (мінез-құлық, әлеуметтік ортадағы тәртіп тұрғысынан) : қабылдау, ойлау, сөйлеу, ес, қиял, "Мен" басқару жүйесі; психологиялық өзгешеліктерге: мінез, темперамент, нышан, қабілет; бағыттылық тұрғысынан психологиялық өзгешеліктерге: бағыттылық, еңбекшілдік, коммуникативтік, таным сапасы, эстетикалық талғам, білімділік, ебдейлілік, дағды.
Бұл мазмұндаудан, баланы дамытуға, психикалық механизм арқылы шығармашылыққа баулуға (қабылдау, ой операцияларын жүзеге асыру, қиялдау, т. б. ), психологиялық өзгешелік тұғысынан нышанды, қабілетті дамытуға, әлеуметтік психологиялық өзгешелік тұрғысынан бар білім базасы, іскерлік пен дағды негізінде шығармашылықты қалыптастыруға немесе дамытуға болатынын көреміз.
Оқушы жеке тұлғасьгя зерделеу тұрғысынан А. А. Кыверял жеке тұлға қасиеттерін төрт негізгі топқа бөледі:
1) бағыттылығы (сенімі, дүниетанымы, идеалы, қызығушылығы) ;
2) тәжірибесі (адамның даярлығы, оның білімі, дағдысы, іскерлігі мен әдеті) ;
3) психикалық процестері (қабылдауы, ойлауы, түйсінуі (ощушение), зейіні, есі, ерік-жігері, сезімі, эмоциясы, сенсомоторикасы) ;
темпераменті (адамның жоғарғы жүйке қызметінің типологиялық негіздері, жасы, жеке тұлғаның жыныстық қасиеттері мен потологиялық өзгерістері) .
XX ғасырдың 80-жылдары басында орындалған жеке тұлға мәселесін зерттеулерге талдау жасаумен, жеке тұлға деген ұғым жөніндегі көзқарастардағы ортақ жәйттер және олардағы айырмашылықтар айқындалады. Жеке тұлға жөніндегі ортақ жәйттерді ол мынадай қағидалармен сипаттайды:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz