Оқушыларды адамгершілік қасиеттерге ұлттық салт-дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің теориялық негіздері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .

I. Бөлім Оқушыларды адамгершілік қасиеттерге ұлттық

салт-дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің теориялық негіздері

1. 1. Оқушыларға адамгершілік тәрбие беру бүгінгі күннің - педагогикалық проблемасы . . .

1. 2. Оқушыларды ұлттық салт-дәстүрлерге баулу - адамгершілікке тәрбиелеу құралы. .

II. Бөлім Ұлттық салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары

2. 1. Ұлттық салт-дәстүрлерінің материалдарын қолдану арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбие берудің мазмұны . . .

2. 2. Ұлттық салт-дәстүрлер бойынша тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыру барысында оқушыларға адамгершілік тәрбиесін берудің бағдарламасы мен әдістемесі . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру біздің негізгі мақсатымыз. Осыған орай мектептегі тәрбие үрдісін ұлттық қағидалармен толықтыру өте қажеттілікті талап етеді. Бүгінгі таңдағы мектептер балаларға жекеленген ғылыми пәндерді терең оқытуға тырысса да, адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеуге мән бермей келеді. Соның салдарынан жастарымыз жағымсыз қылықтарға бой алдырып, адамгершілік дегеннің не екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда. Ендеше рухани-адами сауаттылық жолын қалыптастыру уақыты жеткен тәрізді.

Еліміздің президенті Н. Назарбаев: «21 ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Қазақстан жоғары оқу орнының міндеті әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру» -деген өзінің жолдауында еліміздің дамуына, дамыған елдермен теңесуіне мүмкіндік беретін білім екендігін айтып өтеді.

Жас ұрпақты адамгершілікке, әдептілікке, имандылыққа тәрбиелеуде ұлттық сана-сезімнің қайнар бұлағы салт-дәстүрлер, мақал-мәтелдер, құнды әдеби мұралар, нақыл сөздер болып табылады.

Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер адамгершіліктің маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған.

Қоғамда берік қалыптасқан осындай көрегенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың, жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған.

Қазақ халқында ешқандай қағазға жазылмаса да, бала тәрбиелеудің белгілі бір жүйесі болған. Ол ғасырдан-ғасырға, ата-анадан балаға, баладан оның ұрпақтарына жалғасып келе жатқан ұлттық дәстүр, әдет-ғұрыптар мен салт-саналар. Олар халық педагогикасының басты тарауларының бірі.

Халық тәрбиесі - сол халықтың ой-арманымен, тіршілік тынысымен, шаруашылық кәсібімен, отбасылық, қоғамдық, ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп-өркендеп, дамып жеткен тарихи және мәдени мұрасы.

Әрине, ұрпақ тәрбиесі қай заманда да маңызды әлеуметтік-педагогикалық құбылыс.

Өскін ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, олардың жан дүниесін дамыту жайында ұлы орыс педагогі К. Д. Ушинский «әрбір халық пен ұлт өз ана тілі мен салт-дәстүрін қастерлеп, тарихи даму жағдайына орай білім алып, тәрбиелеу керек» деген өзінің ұлағатты ойын «Родная речь» атты еңбегінде ерекше атап айтады [29. 26] .

Халқымыздың ұлы перзенті Ы. Алтынсарин өзінің еңбектерін ана тілінде жазып, «бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт -дәстүрі рухында тәрбиеленетін болса, оның сана-сезімінің дамып жетілуі де ұлты мен халқына қызмет ететін көкірегі ояу, салауатты азаматтар болып өседі» - деген ой түйген болатын.

Ал, Шәкәрім Құдайбердиев: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күнінен бастап тәрбиелейді» [ ] - деп жазды.

Шынында да, құнды қасиеттерге ие рухани адамды қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар тәрбиеші мен мұғалімнің рөлі зор. Яғни, білім жүйесінің қызметкерлеріне болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. Сондықтан бұл істе асығыс шешім, жалған әдіс, қалыптағыдай қатып қалған, ескірген тәсіл қолданылмауы тиіс.

Қазақ халқының этностық ерекшеліктерін байыптасақ, бұл халық ұрпақ сабақтастығын сақтап, алысты жақындатып, аразды татуластырған, ізетті келіннен таныған, татулықты абысыннан тапқан, дарқандықты даласынан, даналықты бабасынан, пәктікті баласынан алған халық. Қазақ адамгершіліктің басы әділдікті ту етіп, әділдіктің басы болған адалдықты анасынан алған. Аналар ұрпақты ұлағаттыққа баулып, дауға-дәру, жауға -қару, араздыққа-араша, татулыққа-тамыр, тазалыққа-нәр, пәктікке-пәрмен, дәстүрге-дәрмен, өнерге-тұлпар, көкте-сұңқар етіп тәрбиелеген.

Халқымыздың ғасырдан-ғасырға қастерлеп келген құнды дәстүрлері өте көп. Оны бүгінгі ұрпақ қаншалықты біледі, қастерлейді, білмесе білуге ұмтыла ма, «халқын сүйген салтын да сүйеді» демекші, олар ата-салтын мақтаныш тұта ма, деген сұрақтар төңірегінде ойланғаныз жөн.

«Қазақтар балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле», [ ] -дегендей халқымыздың бойына сіңген атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі өзге ұлттардан ерекшеленіп, өздеріне тән қасиеттерді көрсетіп тұратындығын жоққа шығара алмаймыз.

Адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру - біздің негізгі мақсатымыз. Осыған орай мектептегі тәрбие үрдісін ұлттық адамгершілік қағидалармен толықтыру өте қажеттілікті талап етеді. Бүгінгі таңдағы мектептер балаларға жекеленген ғылыми пәндерді терең оқытуға тырысса да, адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеуге мән бермей келеді. Соның салдарынан жастарымыз жағымсыз қылықтарға бой алдырып, адамгершілік дегеннің не екенін білмей өсуіне әкеп соғуда. Ендеше рухани-адами салауаттылық жолын қалыптастыру уақыты жеткен тәрізді.

Бүгінгі күні тіліміздің аясы кеңіп, мемлекеттік мәртебе алып отырған шақта қазақ мектептерінің саны да артып келеді. Алайда ең керегі оқу орнының саны емес - сапасы екенін естен шығармау керек.

Көбінесе тақырдан басталған халықтық тәрбиенің негізі - орыс мектептеріне арналған оқулықтар мен оқу құралдарынан, әдістемелерден аударып бағдарламаларға енгізілді. Ал, бұл тұста атап айтып тұрғандай, біздің ұлтымызға ғана тән тіліндегі, дініндегі, өмір сүру үрдісіндегі, тұрмыс салты мен әдет-ғұрпындағы басқа ешбір халықта қайталанбайтын ерекшеліктер ескерілмеді. Басқасын былай қойғанда жетпіс жыл бойы солақай саясаттың шырмауында, сол кездегі саясатқа байланысты қазақ мектептерінде, ұлттық тәрбие мүлдем жүргізілмегендігі ешкімге жасырын емес.

Жоғарыдағы ойымызды тірілтер болсақ, қазақ тілінде дәріс беретін көптеген мектептерде «Халық педагогикасы» өз дәрежесінде жүргізілмейді.

Осының салдарынан ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрыпты аяқ асты ету, үлкенді кішінің, ата-енені келіннің сыйламауы, ағаның ақылын інінің алмауы, жастардың еңбекті сүймеуі, жатып ішер жалқаулық, нашақорлық пен маскүнемдік, пайдакүнемдік т. б. сорақы қылықтар жастар арасында жиі көрініс беруде.

Бала тәрбиесі баршаға ортақ іс. Оған көпшілік қоғам болып жұмылу, парасаттылық пен байсалдылық керек. Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрі мен тағылымдарын, мәдениет тарихын, ұлы ойшыл педагогтардың еңбектерін оқып жетік білмей, оны жақсы меңгермей тұрып келер буынға дұрыс тәлім-тәрбие беру мүмкін емес. Себебі, өткенді жақсы білмейінше келешекке сапар шегу, Л. Толстой айтқандай, айсыз қаранғыда сүрлеу соқпақ іздеп шатасумен пара-пар.

Қазақстан Республикасының 1999 жылы қабылданған «Білім туралы» заңының 8 бабында Білім беру жүйесінің міндеттерінде: «Азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеп, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр салтын оқып-үйрену үшін жағдай жасау» [ ] деп көрсетілген.

Сондықтан да ұлттық салт-дәстүрлерді бала бақшадан бастап жоғарғы оқу орындарына дейін кең түрде насихаттау қажет. Бұл мәселемен Республикаға есімі танымал ғалымдар мен педагогтар, атап айтқанда, Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, С. Ұзақбаев, М. Балтабаев, Ә. Табылдиев, С. Тілеуова, Қ. Ералин, Б. Ортаев сынды зерттеушілер айналысқан.

Қазіргі таңда салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәнін ашу, тәрбиелік әдіс-тәсілдерін жетілдіру қажеттігі айқын көрінуде. Салт-дәстүрлердің тәрбиелік қажеттілігі мен оның тәрбие үрдісінде қолданудың арасында қарама-қайшылық орын алуда.

Осы мәселелерді қарастыра келе дипломдық жұмыс тақырыбын «Оқушыларды ұлттық салт-дәстүрлеріне баулу негізінде адамгершілікке тәрбиелеу» деп таңдадым.

Зерттеу объектісі:

Педагогикалық жүйедегі тәрбие процесі.

Зерттеу пәні:

Оқушыларға адамгершілік қасиеттерді ұлттық салт-дәстүрлері арқылы қалыптастыру барысы.

Зерттеу мақсаты:

Адамгершілікті құраушы сапалық қасиеттерін анықтау және оларды ұлттық салт-дәстүрлері арқылы жастардың тәрбиесіне ықпалын жетілдіру.

Зерттеу міндеттері:

1. Оқушыларға адамгершілік тәрбиесін берудің теориясын зерделеу;

2. Оқушыларға ұлттық салт-дәстүрлері арқылы адамгершілік тәрбие берудің педагогикалық шарттарын анықтау;

3. Ұлттық салт-дәстүрлері бойынша материалдарды мектептегі оқу тәрбие жұмыстарында пайдалану мазмұны, әдіс-тәсілдері, формаларын мазмұндау;

4. Қазақ этнопедагогикасы негізіндегі адамгершілік қасиетті қалыптастыру тәлім-тәрбиелік тұрғыдан сұрыпталып, оқу тәрбие процесіне ендірілсе, онда оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру нәтижесі артады.

Зерттеудің әдістері:

1. Педагогикалық әдістер мен оқулықтарды талдау.

2. Педагогикалық белгілеу экспериментін жүргізу.

Зерттеу көздері: Ғалымдардың зерттеу проблемасына сай еңбектері; ҚР ресми материалдары (заңдар, Конституция, қаулылар), ҚР Білім министрлігінің мектептердің оқу тәрбие жөніндегі құжаттары (Конституция, стандарт, реформалар, бағдарламалар) ; этнопедагогикалық еңбектер.

Зерттеу базасы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласындағы М. Әбенова атындағы қазақ орта мектебі.

Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Қорытындыда болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары мазмұндалып, әдістемелік ұсыныстар берілді.

I. Бөлім Оқушыларды адамгершілік қасиеттерге ұлттық

салт - дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің теориялық негіздері

1. 1. Оқушыларға адамгершілік тәрбие беру бүгінгі

күннің - педагогикалық проблемасы

Қоғамда болып жатқан саяси-әлеуметтік және экономикалық өзгерістер мектеп мұғалімдерінің білім беру қызметінде жаңаша қарауды, яғни, адамгершілік тәрбиенің ғылыми-педагогикалық негіздерін қызмет барысында қолдануды талап етеді. Адамгершілік тәрбиесін бала жүрегінде дарытатын оның пәрменділігін арттыратын ұстаз қауымы. Жастайынан адамгершілік, имандылық қасиеттерді бойына сіңіріп, жүрегіне дарытқан баланы жамандыққа әуес болады деп ойлаудың өзі қиын.

Жастардың білім деңгейі, ата-анадан алған тәлім-тәрбиесі қандай дәрежеде деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа қанағаттанарлық жауап айту әзірге қиындау. Оған дәлел бүгінгі қоғамымыздағы күннен-күнге көбейіп отырған сан алуан қылмыстар. Қоғам өміріндегі қазіргі терең өзгерістер ұлттық тәрбие адамгершілік, имандылық қасиеттерін бүкіл адамзат жинақтаған тәжірибемен ұштастыра отырып дамыту, қазақ мектебінің жаңа белеске көтерілуіне жағдай туғызады. Адамгершілік тәрбиесінің көптеген қырлары, рухани байлықтары бүгінгі мектептердің білім мен тәлім-тәрбие мазмұнынан берік орын алуы тиіс.

Әрбір халықтың өз ерекшелігі бар. Сондай ерекшеліктердің бірі - салт-дәстүрі. Салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын ұмытқан халық тарихтан өз орнын таба алмайды.

Ендеше сол тарихқа көз жіберсек, біздің қазақ халқы екі ғасырдан астам уақыт отаршылдық саясаттың астында болыпты. Жүздеген жылдар отарлық езгіні көп ұлттар басынан кешкенімен, тап біз сияқты тіл мен әдет-ғұрпына, мәдениетіне орны толмас зиян келтірген ел жоқ шығар.

Халқымыз ежелден өз ұрпағын адамгершілікке, инабаттылыққа, ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеуді ең басты мақсат деп санаған. Сондықтан ата-бабамыз көшіп-қонып жүріп-ақ ұрпақ қамын жеп, оның болашағына жеткілікті мән берген. Сонау «Жеті жарғыдан» бастап ата-салт, әдет-ғұрпымыз бұған дейінгі талай ұрпақ үшін теңдесі жоқ, тәрбиелік маңызы зор адамгершілік кодексіміз болды. Оған айғақ шетел оқымыстылары, ойшылдары біздің салт-дәстүрімізге ерекше назар аударып, зерттеп тамсана жазғаны.

Әдет-ғұрып пен дәстүрді идеалды форма ретінде түсіндіру Маркстік философияға дейін үстемдік еткен көзқарас болды. Капитализмнің дамуына байланысты археология, антропология, этнография, географиялық жорықтар мен жаңа ашылулар аймақтарында қарқынды зерттеулер жүргізіліп, дәстүр мен әдет-ғұрып этнографияның, этиканың, лингвистиканың, өнертану, әдебиеттанушы ғылымдарының зерттеу нысанына айналды.

А. Ампер өзінің «Философиялық ғылымдар тәжірибесі» еңбегінде адамзат білімін табиғи классификациялауды бере отырып, ұлттың заңы мен әдет-ғұрпын қарастыратын ғылымды этнодицей деп ұсынады.

Реті

Ғалымның

аты-жөні

Еңбегі, жылы

Этнопедагогикаға жақын

ұғымдар

Реті: 1
Ғалымныңаты-жөні: Винаградов С.
Еңбегі, жылы:

Народная педагогика.

Ирктск. 1929г.

Этнопедагогикаға жақынұғымдар:
Реті: 2
Ғалымныңаты-жөні:

Жарықбаев Қ

Қалиев С.

Еңбегі, жылы:

Қазақ тәлім-тәрбиесі.

Алматы 1995ж.

Этнопедагогикаға жақынұғымдар: Халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қоры- тындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы.
Реті: 3
Ғалымныңаты-жөні: Ұзақбаев С.
Еңбегі, жылы:

Тамыры терең тәрбие.

Алматы 1995ж.

Этнопедагогикаға жақынұғымдар: Тәрбие мен оқыту саласындағы халық бұқара- сы білімдерінің, іскер- ліктерінің, дағдыларының жиынтығы.
Реті: 4
Ғалымныңаты-жөні: Қалиев С.
Еңбегі, жылы: Қазақ этнопедагогика- сының теориялық негіздері мен тарихы.
Этнопедагогикаға жақынұғымдар: . . . фольклорлық шығарма- лар мен ұлттық салт -дәстүрлердің тәлім-тәрбие -лік мән-мағынасы мен оны оқу-тәрбие жүйесінде қолданудың әдіс-тәсілдерін зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы.
Реті: 5
Ғалымныңаты-жөні: Ғаббасов С.
Еңбегі, жылы: Халық педагогикасы- ның негіздері. Алматы 1995ж.
Этнопедагогикаға жақынұғымдар: . . . адамның жан дүниесін тәрбиелейтін ілім . . . Этнопе-дагогика соның құрамын дағы бір ғана саласы . . .
Реті: 6
Ғалымныңаты-жөні: Табылдиев Ә.
Еңбегі, жылы:

Қазақ этнопедагогикасы.

/оқу құралы/ Алматы 1995ж.

Этнопедагогикаға жақынұғымдар: Жалпы педагогиканың бастау негізі, қозғаушы, түрткі түбі.
Реті: 7
Ғалымныңаты-жөні: Қалиев Қ.
Еңбегі, жылы: Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайын- даудың теориясы мен практикасы. Алматы: Ғылым 2001ж.
Этнопедагогикаға жақынұғымдар:
Реті: 8
Ғалымныңаты-жөні: Қожахметова Л. Ж.
Еңбегі, жылы:

Казахская этнопедагогика: методология теория, практика.

Алматы 1998г.

Этнопедагогикаға жақынұғымдар:

1945 жылы Қазақстанда Ш. Уалиханов атындағы Тарих, археология, этнографиялық институтының ашылуына байланысты қазақ ұлтының тарихын, мәдениетін, тынысын зерттеу дұрыс жолға қойыла бастады. Ол кездегі ғалымдар Х. Арғынбаев, И. Захаров, М. Мұқанов, Ө. Жәнібеков, С. Ақатаев т. б. қазақ ұлты туралы этнографиялық білімді кеңейтуге ат салысты. Ал бүгінгі таңда қазақ мәдениетінің этнографиялық, философиялық, мәдени аспектілері бойынша Н. Масанов, Н. Шаханов, Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, Ә. Табылдиев және т. б. ғалымдардың еңбектерін атап көрсетуге болады. Бұл жинақталған білім көздері, зерттеулер, саралаулар ұлт ұрпағын тәрбиелеуде қолдануды қажет етеді.

Біздің қарастырып отырған тақырыбымыз салт-дәстүр, адамгершілік ұғымдары болғандықтан, соның әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, мағынасын ашайық.

Салт ұғымына Қазақ Совет энциклопедиясында «Салт - халықтар кәсібіне, сеніміне, тіршілігіне байланысты қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын әдет-ғұрып, дәстүр. Уақыт озған сайын оған жаңалық еніп, өзгеріп қоғамдық болмыс принципіне бейімделіп отырады. Ал жаңа қоғамдық қатынастарға қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері жаңа жағдайға ілгері дамиды» [ ] -деп анықтама берілген.

Ал, дәстүр ұғымына келетін болсақ, бұл көп мағыналы ұғым. Оған әр түрлі сөздіктердегі анықтамалар дәлел. Сондай-ақ, ол - педагогикалық, психологиялық, философиялық, этнографиялық зерттеулердің де өзегі.

Қазақ Совет Энциклопедиясында «Дәстүр - ұрпақтан-ұрпаққа көшетін, тарихи қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен принциптер. Дәстүр - қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің негізі» [ ] - делінсе, философиялық сөздікте «Дәстүр - тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын әдет- ғұрыптар, салт-сана, қоғамдық тәртіп, заң мұрат пен игілік, мінез-құлық қалыптары және т. б. қоғамда, ұлтта немесе жекелеген әлеуметтік топтарда ұзақ уақыт бойы сақталған әлеуметтік - мәдени мұра элементтері» [ ] делінген.

Кейбір зерттеушілер дәстүрге әр түрлі әрекет формасы арқылы анықтама беруге тырысады. Е. Попов «дәстүрді сананың спецификалық жағдайы» деп қарастырса, И. Петров «тарихи дамудың нәтижесінде пайда болған мінез-құлық нормасын, ой мен әрекет бейнесін белгілеген үлкен қоғамдық құндылық және ол өскелең ұрпаққа тапсырылуы қажет» дейді. [30. 43] .

Дәстүр - адамзат есіндегілерді және әлеуметтік тарихи тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші және жинақтаушы. Дәстүрде бірнеше ұрпақтың мәдениеті мен мәдениеттілігінің көптүрлігі және бірлігі жинақталған. Дәстүр қоғамдық өмірдің барлық саласын, тәжірибесін қамти отырып, қоғамның әр деңгейіндегі ақылды даналықты бейнелейді.

Дәстүр әр қырынан әр түрлі аспектіде қарастырылатындықтан және әр түрлі ғылымның зерделеу нысаны болғандықтан дәстүр классификациясы да әр алуан. Мәселен, Д. Зеленин дәстүрді аймақтық (территориялық), ұлттық, отбасылық деп жүйелесе, Е. Белоусова дәстүрді жалпы әлеуметтік-саяси, діни экономикалық, халықтық-ұлттық, отбасылық, ұжымдық, мемлекеттік -патриотизмдік, еңбектік, ерліктік деп жүйелейді.

Сонымен, дәстүр ұғымы ретінде мәдениеттің маңызды категориясының бірі және ол дәстүр оқу-тәрбие үрдісінің құралы да.

Салт пен дәстүрдің айырмашылығы неде дегенге келсек, салт адам өмірінің күнделікті тіршілігінде жиі қолданылатын мінез-құлық, қарым-қатынас ережелері мен жол-жора, рәсім, заңдарының жиынтығы.

Ал дәстүрлердің өрісі салттан әлдеқайда кеңірек. Дәстүр қоғамдық сананың барлық салаларымен байланыста дамыған, топтасқан қауымның қалыптасқан бірыңғай көзқарасын, әдет заңын марапаттайтын ритуал. Дәстүр идеологияға жақындау да, ал салт қоғамдық психологияға жақын.

Салт дәстүрлер ұлттың ұлт болып қалыптасуымен туып, бірге дамып келе жатқан тарихи және көне процесс. Ол ұрпақ тәрбиесінен, мәдени тұрмысы мен шаруашылық тіршілігінен көрініс бере отырып, адамның дүниеге келуімен бірге өрбіп, о дүниеге аттанып кеткенше құндақтайтын, тербететін алтын бесігі іспеттес.

Енді, осы дстүрлердің бөліктерін қарастырайық, оған жататындар:

а) дәстүрлердің мазмұндарында қоғамдық-экономикалық қарым- қатынастардың белгілері болатындығында;

ә) дәстүрлердің белгілі бір дәуірдің қоғамдық-экономикалық қарым-қатынасын бейнелейтін идеялардан тұратындығы;

б) арнайы адамдар тобына ғана тән даралық қасиеттерді (темперамент, мінез-құлық т. б. ) көрсететін дәстүрлердің айырмашылықтары.

Аталған дәстүрлердің элементтерінің мазмұны - салт пен ғұрыптар арқылы беріледі. Яғни салттар мен ғұрыптар дәстүрлердің нақты іс-әрекеті ретінде қабылданып, дәстүрлердің (структуралық) түрлерін анықтауға қол жеткізеді.

Дәстүрлердің құрылымына тоқталсақ, оларға:

1. Дәстүрлер бірлігін анықтайтын мазмұн;

2. Салттар мен ғұрыптар, дәстүрлер элементтерінің түрлерін жалғастыратындығы;

3. Ішкі сенімнен тұратын мотивке негізделген салт пен ғұрыптардың қимыл, іс-әрекеті арқылы дәстүрлерден көрініс табуы.

Дәстүрлердің атқаратын жалпы және жеке қызметтерін талдай келе, жеке қызметінен жалпы қызметтің ерекшелігі; - дәстүрлер мәнінің белгілі бір нақты тарихи жағдайлармен анықталатындығында. Дәстүрлердің жалпы қызметін атап айтсақ:

а) өзгермелі және үнемі даму үстінде болатын қарым-қатынаста тұрақтылықты қамтамасыз ететіндігі;

ә) адамдар қарым-қатынасын ретке келтіру қызметі;

б) адамдардың біріккен іс-әрекетін ұйымдастыру қызметі;

в) әлеуметтік тәжірибені сақтау және келесі ұрпаққа жеткізетін қызметі;

г) адамдарды әлеуметтендіру қызметі;

д) тәрбиелік қызметі.

Дәстүрлердің қызметін талдай келе олардың қоғам дамуындағы рухани және материалдық өміріндегі алатын орны, адамның дүниетанымына тигізетін ықпалы болатындығына көз жеткіземіз.

Бұдан шығатын пікір ұлттық салт-дәстүрлер белгілі бір халықтың адамгершілік қасиеттерін, мінез-құлықтарын, рухани және материалдық болмысын қалыптастыра алады. [18. 64] .

Адамгершілік ұғымына келер болсақ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру үлгісі
Бастауыш сынып оқушыларының гумандық қасиеттерін қалыптастыру
Оқушыларды имандылыққа қазақ салт-дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің теориялық негіздері
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу. Оқушыларға имандылық тәрбиесін беру педагогикалық проблема
Қазақ-салт дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу туралы ақпарат
Дене тәрбиесіне байланысты салт - дәстүрлер
Қазақ салт-дәстүрінің тәрбиелік негіздері
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу
Мектеп оқушыларын адамгершілік құндылықтар негізінде әлеуметтендіру факторлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz