Ұлттық қолөнерге баулудағы халық педагогикасының мәні



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.
Табиғат ғұмырының адамзат тыныс тіршілігінің тетігі қозғалыста
екенің ескерсек, онда дыбыс атаулының бастау бұлағы қимыл әрекет деп
түсінеміз. Шындығында кез келген физикалық дене сыртқы күш әсерінен ғана
өзіне тән дыбыс шығарады.
Ендеше, дыбыс ең әуелі тіршілік белгісі екен. Дыбыс қатынас құралы да.
Адамдар бір бірімен сөйлесу арқылы қарым-қатынас жасайды, өмірлік
проблемаларды шешеді.
Ал, сөйлесу - дыбыстау, дауыстау арқылы жүзеге асады. Жан -жануарлар
мен құстардың дыбыстамайтыны жоқ. Тіл пайда болмай тұрғанда адамдар бір
бірімен дыбыстау арқылы түсініскен. Қазіргі заманғы ғылым мен техникада
дыбыс ерекше роль атқарады. Ғарыштағы жасанды спутниктерді әуе арқылы
ж0берілген жүйелі дыбыстар толқыны басқарса, әпсәтте жеткен белгілерін
қағазға түсіріп, мағіналы сөз, мазмұнды хабар оқуға болады. Дыбысты ешкім
жоққа шығара алмайды. Адам дауысы арқылы толқынды, әсерлі, әуезді дыбыстар
туды. Мінеки, музыкалық дыбыс шартты түрде дүниеге келді. Шартты музыкалық
дыбыс, музыкалық аспаптың дүниеге келуіне себепкер болды. Музыкалық
дыбыстың шынайы дамуы, музыкалық аспаптардың пайда болуымен тікелей
байланысты.
Айнала алуан дыбысқа толы. Бірақ дыбыс атаулының барлығы музыкалық
дыбыс, бәрі де адам өміріне қызмет етеді деп түсіну қателік. Дыбыстың ең
жоғары қызметі адамға эстетикалық ләззат, рухани азық силау. Мундай
қызметті - музыкалық дыбыс қана атқарады. Музыкалық дыбыс-өзіндік мәні мен
маңызы, қадірі мен қасиеті, ерекшелігі бар дыбыс мәні адамның аңсаған
арманын, қуанышы мен күйінішін, өмір құбылыстарын сан алуан сиқырлы
иірімдер арқылы санаға жеткізіп, жүрегіне құйып беретіндігінде. Маңызы -
сол сиқырлы да сүйкімді ырғақтарымен, тербеністі -тербелістерімен адамды
дүние сырын түсінуге, сұлулықты сезінуге жетөлеп, жан рахатына
бөлейтіндігінде. Көңілді ырғағымен өмірге қызықтыра, құлшындыра түсіп,
мұнды сазымен бірер сәт өткенінщі ойға оралтып, ойландырып
толғандыратындығында. Ғалымдардың зертеуіне қарағанда, адам секундына 20
мың тербеліс жиілігі бар дыбысты ести алады екен. Ал, музыкалық кеңістік
шегі 47 мың герцке дейін барады. Бүдан арғы дыбыстардың биіктігін адам
құлағы ажырата алмайды. Музыка әлемінде дыбыс биіктігі ең қажеті де,
негізгі ерекшелік.
Домбыра қайдан шыққан деген сұраққа бүгінгі қазақ аспап танушылары
ұрмалы аспаптар негізінде пайда болды - деп жауап беріп келеді. "Домбыра"
атауы "Дембира" деген қыз атынан шыққан болуы керек деп те топшылайды.
Домбыра ішектерін, құлақ күйін келтіргенде оған дем беруші күш қуат беруші-
ол домбырашылардың іс әрекеті қималы. Мысалы: аспап ішегін дәл бұра-дұрыс
күйлер аспап ішегіне дем бұра ішектерге ауа жұтқызу ішектерді лепке
толтыр.аспап ішектеріне тыныс күйін келтір деген ұғымдар арасында біз
дембура домбыра-домбыра деп талай уақыт мерзімінде сыры ашылмай келеген осы
көне термин сөздің аспап атауйың түп тамырын танып қалғандаймыз.
"Домбыра" сөзі көптеген халықтар тілінде бар және олардың бәрі тек
музыка^ьі^аспап атауы ретінде айтылады. Егер аңыз түбі шындық деген халық
нақылына сенсек бірінші аңыздағы домбыра кездейсоқ пайда болып, адам жанына
аса қажет қасиетті аспапқа айналған.
Қолөнер шебер домбыраның көптеген түрге бөлінетінің. мысалы: Балдырған
домбыра, Балақай домбыра, Үш ішекті домбыра, Әмбебеп домбыра, Бүктемелі деп
домбыраның көп екендігін айтады.

1 Ұлттық қолөнерге баулудағы халық педагогикасының мәні
1.1 Оқушыларды ұлттық қолөнерге баулудағы халық педагогикасының
тиімділігі.
Халықтық педагогика, - делінген Қазақ энциклопедиясын да, -тәрбие
жөніндегі халықтық педагогикалық білім тәжірибесі. Халық педагогикасын
зерттеу негізіне педагогикалық мазмұн мен бағыттағы халық ауыз әдебиетінің
шығармалары, этнографиялық материалдары, халықтың тәрбие дәстүрлері,
халықтық ойындар, отбасы тәрбиесінің тәжрибелөрі т.б. жатады.
Халық педагогикасыныьнегізгі түйіні еңбек тәрбиесі және өңдірістік
білім, дағды, шеберліктерді ұрпақтан ұрпаққа қалдыру. Ғасырлар бойы
қалыптасқан ұлттық тәлім - тәрбиенің белгілі жүйесінде жас буын жадына
біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиісті тәсілдер де болған.
Демек халықтық педагогика - тәлім-тәрбиелік ой-пікірдің бастауы,
халықтық рухани мұрасы. Бұл жердегі еске алатын негізгі жайт, осындай
халықтық мұралардың бәрі бірдей кәдеге жарай бермөйді, олардың азығымен
қатар тозығы да бар. Ең негізгі мәселе -бұларды бүгінгі күн талап
-тілегімен байланыстарда пайдалан^білу болмақ. Қазақ халқының тәлімдік мәні
зор ой-толғаныстарды бесік жыры мен батыр эпостарда, ертегілер мен
аңыздарда, шешендік сөздермен айтыс-термелерде, мақал-мәтелдерде көптен
кездеседі.
Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні-адамгершілік-имандылық, ақыл-
ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге йеліп
тіреледі.
Халқымыз еңбек пен өнерді егіз деп қараған. Қолөнер шеберлігін мал
бағып, егін салып, аң аулау кәсібінен артық санамаса, кем санамаған.
Қазақ шаруасының қолөнері өзінің күнделікті өмір тіршілігімен, тұтыну
қажетімен тығыз ұштасып жатады. Оның ішер асы да, киер киімі де, баспанасы
да малдың өнімімен байланысты болгандықтан, қолөнері де сол мал өнімін
өңдеуге, ұқсатуға арналған. Жүн иіріп, өрмек тоқу, киіз басып, үй жабу, ою
ойып, сырмақ, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім мен сырт киім тігу
қыздар үшін, әйелдер үшін ерекше өнер болып саналған.
Ал тері, ағаш, темірмен байланысты кәсіптерді еркектер атқарған. Тері
өңдеп, былғарыдан алуан түрлі аяқкиім,(етік, мәсі, кебіс, шоқай) тігетін
етікшілік, қайыстан жүген, тартпа, өмілдірік, құйысқан, қамшы, шідер
секілді әбзел істейтін өрімшілік үлкен өнер болып есептелген. Сол сияқты
ағаштан ашамай, арба, шана жасайтын балташыларды, темірден құрал-сайман,
еңбек құралдарын немесе әшекейлі зергерлік бұйымдарды жасаушы ұсталарды
халық жоғары бағалап, ерекше қастерлеген.
Ұсталы ел озар ,Шебердің қолы ортақ т.б. мақал-мәтелдер сол пікірді
дәлелдейді.
Өткен замандағы ғұндар мәдениеті мен орта ғасырдағы сәулет өнерінің
ескерткіштері Айша Бибі(Х-ХІ\), Сайрам, Отырар, Түркістандағы Ахмет
Иассауи(ХІ\-Х\) кешені біздің ата-бабаларымыз сәулет өнерінің асқан
шебері екендігінің дәлелі.
Ахмет Иассауи кешені тек сәулет өнерінің мұрасы ғана емес, сәнді
зергерлік қолөнер шығармаларының мұражайы іспеттес. Онда қойма, тайқазан,
майшамдар, шырағдандар, үлкен ту, алтын-күміс жалатқан, ою өрнектермен
әшекейленген есіктер бар. Міне мұнын бәрі көшпелілердің темір, мыс, алтын,
күміс, қалайы, қорғасын сияқты қазба байлықтарды қорытып, өңдей білгенін
дәлелдейді.
Қазақ даласында білезік, сақина, жүзік, алқа, шолпы, сырға секілді
әшекей бұйымдарды жасайтын немесе ер-тұрман, айыл-тартпа, жүген-құйысқан,
үзеңгі өмілдірік, белдік-кісе сияқты бұйымдарды "алтынмен аптап, күміспен
күптейтін" зергерлер көп болған. Алтынды еріте білмеген ірітер, теріні
илей білмеген шірітер, Алтын айыра білмеген, бөле білмейді, Темірші
көміршеге үйір дейтін базғы мақалдар қазақ жерін қандай металдардың
болғанын, оны халықтың ертеден керегіне жаратқанын білдіреді.
Бірақта менің айтпақшы ойым басқаша. Ол тәрбие мәселесі. Атап айтқанда
халық педагогикасы еңбек тәрбиесіне оның бір ажырамас бөлігі болып
саналатын, қолөнер тәрбиесіне қандай көңіл бөледі және оны біз сабақ
барысында және сабақтан тыс кезінде қалай пайдаланамыз соған тоқталайық.
Ертедегі қазақ ертегілерінде, эпостарын т.б. ауыз әдебиеттерінде өнерлі
адамдарды мақтай отырып, әдет-ғұрпы, сән-салтанатынан өнері дәріптеп
отырған. Колледжде қолөнері оқыитып, үйрету қабат оны тәрбие саласынада
пайдаланып жүрміз деп толық айта аламыз. Оқу аяқталған соң белгілі топтар
жыл сайын Сайрам, Отырар, Түркістан қалаларында болып, өздерінің ата-
бабаларының қолөнер, сәулет өнер мұраларымен жан-жақты танысады. Осы сәулет
өнері мен қолөнерінің керемет туындыларын таныстыру арқылы өнерге деген
құштарлығын арттырумен бірге оқушылар бойына еңбек тәрбиесінің маңызы мен
мазмұнын берсек, сонымен қатар ертедегі ата-бабаларының өнері арқылы Отан
сүйгіштік, имандылық, жалпы өнерге деген ынта-жігерін оятамыз.
Қолөнер туындыларын жасауда оны үйретуде әрбір оқытушы халықтық
педагогиканы тәрбие жүйесінде пайдалануды естен шығарған емес.
Қолөнерден беретін әрбір оқытушы кейінгі кезде жасалатын заттары туралы
толық мәлімет беріп қазақ қолөнері арғысы мен бергісін сабақ барысында
тәрбиелік мәнін ашып отыр.

1.2. Ұлттық қолөнер негізінде оқушыларды еңбекке
тәрбиелеу.

Халық педагогикасының негізгі түйіні еңбек тәрбиесі және
өндірістік білім, дағды, шеберліктерді ұрпақтан ұрпаққа қалдыру. Ғасырлар
бойы қалыптасқан ұлттық тәлім - тәрбиенің белгілі жүйесінде жас буынға
жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиісті тәсілдер де
болған. Мәселен, мақал-мәтелдерде адамгершілік, имандылық тәрбиесіне
байланысты әдет-ғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда - ақыл-ой
тәрбиесі, өлең, жыр-дастандарда - әсемдік (эстетикалық) тәбиесінің негізгі
принциптері, ал ертегілер халықтық тәрбиенің сан алуан мәселелерін
қозғайтын тәлімдік материал ретінде пайдаланылған. Демек халықтық
педагогика - тәлім тәрбиелік ой-пікірдің ілкі бастауы, халықтың рухани
мұрасы. Бұл жердегі еске алатын негізгі жайт: осындай халықтық мұралардың
бәрі бірдей кәдеге жарай бермейді, олардың озығымен қатар тазығы да бар. Ең
негізгі мәселе - бұларды бүгінгі күн талап-тілегімен байланыстырып
пайдалана білу болмақ. Халықтық педагогикамен қатар "этнопедагогика" дейтін
атау да жиі қолданылады. Этнопедагогика - халықтық тәлім-тәрбиені, оның
тәжірибесін қортындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы. Ол
халықтық педагогиканы ғылыми педагогикамен байланыстырып отыратын өткел
іспеттес ғылым.
Қазақ халықтың тәлімдік мәні зор ой-толқыныстары бесік жыры мен батыр
эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс - термелерде,
мақал-мәтелерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні
- адамгер)ішілік -имандылық, ақыл - ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы
тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі.
Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары
(ясли, балалар бақшасы, т.б.) болмасада, өз үрпағын бесікте жатқан кезінен
бастап ақ өлең-жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ,
санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Бала аяғын жерге нық басқаннан-ақ
қоршаған ортаның құпиясын ғылыми тұрғыдан сезініп білмесе де, жапан дүзде
жолсыз жерлермен жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап жол тауып,
қаршадайынан - ақ есіту, көру сезімдері шынығып, алыстағыны болжайтын,
жоғалғанды табатын ізшіл де, құралайды көзге атып түсіретін мерген де
болған. Кәсібі, тіршілігі мал шаруашылығына байланысты болғандықтан, бала 5-
6 жасынан -ақ ат құлағында ойнай бастайды. Оқусыз-ақ бір есіткенін
қалтқысыз есте сақтайтын қабілеті күшті, әңгімеге үйір көшпелі халықтын
баласы небір қызық ертегілерді, жыр-дастандарды жаттап алады. Сөз өнерінің
әдемі кестелері олардың сөйлеу қорын байытып, мағыналы да мәнді сөйлеуге
жаттықтырДі беретін. Халықтық шығармалар ішіндегі әржақты айқын бейне,
қызықты оқиға, әдемі қисын, жақсы ұйқас - бәрі-бәрі балаларды қуантып,
еліктіре әсөр етіп, ой-пікірін шыңдап отырған.
Қазақ отбасында тәрбие ісі ғалым Ш. Аметовтың зерттеулерінде негізінен
басты-басты сегіз түрлі мәселені қамтыған.
1. Тәрбие басы алдымен әдептілікке үйретуді көздеген, әке-шеше
баласына "әдепті бол" дегөнді басты міндет етіп қойған.
2. Баланы қайырымды, иманды, мейірімді болуға тәрбиелеген.
3. Тіл алғыш, елгезек болуға баулыған.
4. Адал, шыншыл болуға тәрбиелеген.
5. Өнегелі ұстаз бен көпті көрген қария сөзін тындап, "ақпа құлақ
болмай, құйма құлақ бол" дегенді, бойларына біртіндеп сіңіре берген.
6. Үлкенді.ата-ананы сыйлап құрметтеуге үйретуді ең басты міндет етіп
қойған.
7. Кісі айыбын бетіне баспай, біреуге орынсыз тіл тигізбейтін әдепті
азамат бол, әсіресе қарып-қасерлердің табиғи кемдігін бетіне баспа деп
үйреткен.
8. Ел қорғаған батыр бол, халық алдында қызмет ет, бар өнерді соған
жұмса дегенді ерінбей-жалықпай айтып қана қоймай, жеке өнегелер арқылы
көрсетіп отырған.
Халқымыз еңбек пен өнерді егіз деп қараған. Қолөнер шеберлегін мал
бағып, егін салып, аң аулаМ кәсібінен артық санамаса, кем санамаған.
Қазақ шаруасының қолөнері өзінің күнделікті өмір тіршілігімен, тұтыну
қажетімен тығыз ұштасып жатады. Оның ішер асы да, киер киімі де, баспанасы
да малдың өнімен байланысты болғандықтан, қол өнері де сол мал өнімін
өңдеуге, ұқсатуға арналған. Жүн иеріп, өрмек тоқу, киіз басып, үй жабу, ою
ойып, сырмақ, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім мен сырт киім тігу
қыздар үшін, әйелдер үшін ерекше өнер болып саналған.
Ал, тері, ағаш, темірмен байланысты кәсіптерді еркектер атқарған. Тері
өндеп, былғарыдан алуан түрлі аяқ киім (етік, мәсі, кебіс, шоқай, шәрке)
тігетін етікшілік, қайыстан жүген, тартпа, өмілдірік, қүйысқан, қамшы,
шідер секілді әбзел істейтін өрімшілік үлкен өнер болып есептелген. Сол
сияқты ағаштан ашамай, арба, шаны жасайтын балташыларды, темірден құрал-
сайман, еңбек құралдарын немесе әшекейлі зергерлік бұйымдарды жасаушы
үсталарды халық жоғары бағалап, ерекше қастерлеген. "Ұсталы ел озар",
"Шөбердің қолы ортақ", "Өнер-таусалмас азық, жұтамас байлық", "Ісмердің
байлығы - қолында, кемеңгердің байлығы -жолында", "Ел өнерге бой ұрады",
"Өнерлінің қолы - алтын" деген мақал-мәтелер сол пікірді дәлелдеиді.
(Мысалы, Сарыташқа таду
Ахмет Яссауы кешені тек сәулет өнерінің мұрасы ғана емес, сәнді
зергерлік қолөнер шығармаларының мұрашайы іспеттес. Онда қойма, тайқазан,
майшамдар, шырағдандар, алтын-күміс жалатқан, ою өрнектермен әшікейленген
есіктер бар. Міне, мұның бәрі көшпелілердің темір, мыс, алтын, күміс,
қалайы, қорқасын сияқты қазба байлықтарды қорытып, өңдей білгенін
дәлелдейді.
Қазақ даласында білезік, сақина, жүзік, алқа, шашбау, шолпы, сырға
секілді әшекей бұйымдар ды жасайтын немесе ер-тұрман, айыл-тартпа, жүген-
құйысқан, үзеңгі өмілдірік, белдік-кісе сияқты бүйымдарды алтынмен аптап,
күміспен күптейтін зергерлер көп болған.
"Алтынды өріте білмеген ірітер, теріні илей білмеген шірітер", "Алтын
айыда білмеген, бөле білмейді", "Темірші көміршеге үйір" дейтін бағзы
мақалдар қазақ жерінде қандай металдардың болғанын, оны халықтың ертеден
керегіне жаратқанын білдіреді.

2. 7-8 сынып оқушыларын ағашты ұлттық тәсілдермен өңдеудің мазмұны
мен формалары.
2.1 Оқушыларды қолөнерге үйретудің мазмұнына шолу.

Жалпы білім беретін мектептерде соңғы екі жыл көлімінде "Еңбекке баулу"
пәнінің "Технология" болып өзгертілуі, оқушыларға оқу материалын жоғары
дәрежеде меңгертуде оқыту әдістемесінің жеткілікті болуын талап етуде.
Қазіргі жаңа технология интегративті білім саласы негізінде жазылған
оқулықтардың құрылымы мен мазмұнын оқытудың тиімділігін арттырудағы ең
басты тірегі. Қандай пәнді оқытқанымен, ең алдымен оның оқулықтағы
мазмұнына байланысты оқулықтың әдістемесі анықталуы, оқутрідың жүйесіне
байланысты болады. Осылардың ішінде білім беруді нақыштап, мазмұны мен
көлемін анықтауда оқулық негізгі орын алады. Өйткені оқулық мазмұны
берілетін білімнің неден басталып, қалай жалғасатыныііі немен аяқталатынын
анықтайды. Басқа қолданылатын қосымша құралдар осы мазмұнға тәуелді түрде
пайдаланылады.
Оқулық қай заманда да сол тұстағы ғылым жетістіктерін, мәдениет деңгейі
мен халықтың салт-дәстүрін оқушыларға жеткізетін, білім беретін негізгі
құрал болып табылады. Білім нөгіздері ұрпақтан-ұрпаққа оқулықтар арқылы
беріліп келеді. Білім беруді жүзеге асырудақолданылатын оқу құралдарының
мазмұны оқулық мазмұнына байланысты өзгереді. Әр пәннің көздейтін мақсатына
қарай оқулық мазмұны құрылады.
Оқулыққа нақтыланған, айқындалған, қоғам талабына сай зерттеу
талқысынан өтіп, ғылымға айналған шындықтар ғана енеді. Оқулыққа
ендірілетін материалдар ғылыми шындық болғандықтан, мұны меңгеру үстінде
оқушылардың зерттеушілік әрекеттеріне жағдай тууы қажет. Себебі, оқулық
мазмұны тікелей сол пәнді оқытуға қойылатын талаптан туындайды.
Осыған байланысты оқушыларды көркем еңбекке баулу
барысында мұндай мәселелерді ескеру қажет санаймыз. Көркем еңбек
технологиясының теория мен практикасына байланысты ұғымдар:
көркем еңбек, материалдарды көркем өңдеу, қолөнер, сәндік-қолданбалы өнер.
Өнер және өнердің даму тарихы. Қазақ жерінің кейбір түрлері және
олардың пайда болуы мен дамуы. Оның ішіне ежелгі дәуір өнері мен мәдениеті,
ежелгі Египет (Мысыр), Қосөзен (Алдыңғы Азия) және ежелгі Палестина өнері.
Өнер және өнердің баспақы нақыштары.
Сонымен қатар Ежелгі Индия, Қытай, Жапон, Грек және Рим, Сақ-скиф және
Америка үндістерінің өнері, осы ғасырдың негізгі өнері үлгілерінің дамуы,
Византия, Орта ғасырдағы Батыс Европа, қайта өрлеу дәуірі, ХҮІ-ХХғ.ғ. Батыс
Европадағы ТМД елерін мекендеген халықтар өнерлері ескеріледі.
Кейінгі кезекте материалдар көркем өңдеу негіздері бойынша -заттық орта
мен экономиканың байланысы. Әдемілік, талғам, стиль, мода жөнінде түсінік
беріледі. Стандарт пен сұлулық үйлесімділігі-стандарттау тарихы, техникалық
эстетиканың талаптары, стандарттаудың үйлесімді болуы, көркем
конструкциялау, дизайн ұғымы, дизайн мамандығы, бұйымның эстетикалық
мәнерлілігі т.б. Композицияның шеберлігі және үнемдеу-композиция шеберлігі
мен құралдарды үнемдеудің өзара байланысы, шеберліктің белгілері,
объективті композиирның кәсіби құралдары, үйлесімділік заңдары, заттық
кеңістік ортасының ансамблі. Материалдарды көркем өндеудің түрлері -
еңбектің бөлуіне сәйкес материалдарды көркем өңдеудің түрлері, халықтың
қолөнері, материалдарды көркем өңдеудің механикаландарылған түрлері. Көркем
өңдеуге болатын материалдар, көркөм өңдөудегі технологияның негізгі
тәсілдері (физикалық, механикалық, хим иялық, электрлік), пішін түзу
процестері.
Түстану ғылымы - жұмысқа қолданатын қанық бояу түсін алу жолдары,
табиғат әлеміндегі түс дақтар, түстердің мәні, олардың әр түрлі функцияны
орындауы.
Ою-өрнектер, бояулар-ою-өрнектер түрлері, мәні мен мазмұны, ою-
өрнектердің пайда болуы мен дамуы жөніндегі пікірлер, бояулар-лакты бояулар
туралы терминология, лакты бояу материалдарының компоненттері, бояулардың
түрлері майлы бояулар және олардың түрлері, бояғыш агвнттер, еріткіштер,
оларды бояуларда пайдалану тәртібі, бояудың түрлері.
Қолданбалы өнер - ағашты ою, ағаш бұйымдарының суреттеу, көркем
бұйымдарды ажарлау, тасты қашау, шекімелеу, зергер, сүйекті және мүйізді
ою, олардың іс-әрекеттерінің мазмұны, игеретін білім мен ептіліктері,
сапалы қасиеттер мектеп оқушыларының мамандық іс-әрекетіне байланысты
орындайтын іс-әрекеттер.
Қолөнер бұйымдарын дайындаудағы қарапайь^экономикалық есеп жүргізу.
Экономикалық білім мен тәрбиелеудегі ұғымдар. Қарапайым экономикалық
есептеулерді қолөнер бұйымдар және механикалық өңдеу мен бұйымдар
дайындауда қолдану тәртібі. Экономикалық білім беру мазмұнымен ұштастыру.

2.2. Ағашты көркемдеп өңдеуде қолөнерге баулудың
формалары мен әдістері.

Жүйе мазмұны - Оқушыларды көркем еңбекке баулудың мазмұны аспектісін
түзеді. Жүйенің әрбір элеменнтері көркем еңбек арқылы оқушылардың білімі
мен ептілгін қалыптастырудың және баулудың түзуші оқу материалдарының
негізгі құраушылары ретінде көрінетіндер: еңбек заты (шикізат); техника
(еңбек құралдары); технология процесстері; еңбекті ұйымдастыру (формалары,
жүйесі); еңбек процессінің экономикасы; еңбек объектілері; еңбек
объектілерінің көркемдік мазмұны, эстетикалық сипаты.
Бүгіңгі таңда білім беру жүйесінде көңіл аударатын нәрсе бұл -адамның
жеке басының дамуына ықпал ететін негізгі факторлар: олар сананың дамуы,
өзін-өзі сынай алу. Біздің көз қарас бойынша әртүрлі бағыттағы технология
арасында көздеген мақсатымызға тепе-тең оқыту жүйелеріне тоқталып өту.
"Еңбекке баулу" терминінде жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың
еңбекке дайындығының түрлеріне ғана емес, оларды кәсіби-техникалық оқыту
негіздерін де түсіну қажет, соңғы екеуі бір-біріне тығыз байланысқан
бөліктерімен қосарланған: 1) теориялық білім беру; 2) өндіріске баулу.
Орындалатын тапсырмалардың ерекшілігіне қарамастан өндіріске баулу мен
еңбек сабағының практикасы бір-біріне ұқсас келеді. Оқытудың бұл екі түрі
де оқытудың мазмұнына, топтарға жіктелу қағидалары және топтастырылу
реттілігі оқытудың жүйесін қолдану негізінде анықталады. Оларды көбінесе
еңбекке баулудың жүйесімен атап, еңбекке практикалық ептілігі мен дағдысын
қалыптастырудың дидактикалық жолдарын түсінеміз.

3. Ағашты ұлттық тәсілмен өңдеуі: "Домбыра" жасаудың түрлері мен
әдістемелік жолдары.
3.1 Ұлттық нақыштағы "Домбыра" жасау технологиясына
шолу.

Қазақ халқының төл аспабы домбыра ұзақ уақыттан бері өзінің негізгі
құрылысын, түр тұрпатын сақтап келеді. Ел ішіндегі шеберлер оның формасын
өзгертуден гөрі дыбыстық ауқымын мелодиялық мүмкінділік арттыра түсуге
үнемі күш салып отырған.
Қазақ аспатық музыкасының шырқау биікке шыққан кезені XIX ғасыр. Бұл
жүзжылдықта әншілік, күйшілік өнердің үрдіс дамуы домбыраның да жетілуіне
ықпал еткен. Осыған байланысты домбыраның да үнділігін, дыбысының
әуезділігін күшейту қажет болды. Бұл қажеттілік домбыраның перне санын
көбейтіп өтелді. Шынайы шебер, дарынды домбырашылар қолыннан шыққан ең
сапалы домбырау жасау дәстүрге айналған.
Республикамызда кездесетін домбыра үлгілері төмендегідей. Батыс
Қазақстан үлгісі. Бұл домбыралардың шадағы қақ жа^ылған алмұртқа ұқсас,
көлемді болады. Перне саны 12-14-16-ға деин жеті, олар түрақты орнығады.
Бұл пернелер төкпе қүйдің кең тынысын, дыбыстық ауқымын, иірім қайырымдарын
дәл белгілеуге ыңғайлы келген.
Қазақ қол өнер шеберлері, көбінесі кедейлер әулетінен шыққан. Олардың
белгілі бір қол өнер түріне мамандана кәсіп етуі шеберлердің негізгі күн
көріс көзіне айналатын. Соның өзінде қол өнер шеберлерінің өнерлі еңбегі
тіпті ғажап туындыларының өзі де жете бағаланбады. Сондықтан қолөнердікәсіп
етуші шебер жандардың өзі жоқшылық зардабынан қол үзе алмады.
Қазақ қолөнер-шеберлерінің күнделікті еңбегінің тым ауырлығының бір
себебі - олардың басым көпшілігінде жабдықталған арнайы шеберханалардың
болмауы. Мұндай шеберлердің бұйым жасайтын ішкі затыда, құрал - саймандары
да көшіп қонуға қолайлы шағын, сиымды болды. Қазіргі уақытта қазақ халқының
қолөнер табиғатын жан-жақты этнографиялық тұрғыда зертеудің ғылым үшін де
өмірлік тәжірибе үшін маңызы өте зор.
Шанақшалар берік қабысып, нағыз жымдасып, қалыпта кемінде 4-6 сағат
келтіріледі. Бұл аралықта домбыраның басқа бөлшектері дайындалады.
Атап айтқанда көмкерме, кергіш, қақпақ тақтайшалары, бас, шатын, бет,
құлақ т.б..
Шанақшалар бекіп, шанақ пен матын беріккеннен кейн қалыптан шығарйрылып
ішкі сыртқы жақсылап тазартылады. Шанақ қырыныңішкі жиегіне көмкерме
жапсырылады. Тағы да бір тәулік кептіріледі, мойынға бас отырғызылады.
Қақпақ жасалады. Біртекті құрғақ қарағай ағашынан тақтйш^лар дайындалады
да, арнайы құралдың көмегімен қиюластырылып, желімдеседі. Қысқыштан
алынғаннан кейн қыру, жону, егу арқылы жұқартылады әрі тегістеледі. Белгілі
үлгі бойынша қақпақ кесіп алынады.
Қақпақтың ішкі жағына екі жерден кергі жапсырылады. Көмкерменің кергі
отырғызатын түсы күтеледі. Енді қақпақ желімделіп, қалыпқа қайта
отырғызылады да резеңке баумен шалдылып, қатты тартылып байланады да толық
жонылып, тегістеліп жұмырланады.
Домбыра жасау әуелі қажетті құрал-саймандар мен жабдықтарды түгендеп
жұмысты орнын дайындап алудан басталады. Қарағай, қайын, жаңғак, бук сияқты
қатты ағаштардан мойынның сүйбасы, шатынтұғыр және мойынтұгыр біртұтас
ағаштан жонылады. Мойынтұғыр мен түйметұғыр белгілі ара қашықта қалыптың
бетіне бүрандауымен ұстатылады. Өрнек - өрімі біркелкі жұқа 3-4 мм.
Шанақшалар тілінеді. Шанақшаларды белгілі доғада июдің үш түрлі әдісі бар.
Шанақшалар дайын болғаннан кейн оларды қалыптың көмегімен біріктіріп,
қилыстырып желімдейді. Шанақшаларды біріктіру әдісі мындай: әуелі шеткі екі
шанақша қалыптың бетіне, құрсау мен кепілағаштың ортасына отырғызылып, бір
ұшы түйметұғыраға екінші ұшы мойынтұғырға желімделеді. Шанақшалар қалыптың
екі жағына алма-кезек: әуелі бірінші және жетінші, одан кейн екінші және
алтыншы, содан соң үшінші мен бесінші, ең соңында төртінші шанақша
қиюластырылады. Осылайша орналастырылғаннан кейн арнаулы резеңке баумен
қатты шандалып байланады.
Үш ішекті домбыра.
Қазақ аспаптың музыкасында көнеден пайдаланып келе жатқан аспаптың
бірі. Екі ішекті домбырадан ертерек пайда болған шертер үш ішекті, бір
тиекті. Тіпті, үш ішекті домбыра осы шертермен қатар өмірге келген десек те
болатындай. Бұл домбыраның екі ішекті домбыра түрінен еш өзгешілігі жоқ.
Ерекшелік тек ішек санында. Терең зерттеп, зейіннен зерделер болмақ, үш
ішекті домбыра қазақ аспаптың музыкасында өзінше дербес мектеп болып
қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ұласар күйшілік-орындаушылық өнерге негіз
екенідігіне күмән туғызбайды. Бүктемелі домбыра.
Ел кезіп, серілік құрып тыңдаушысын ән жырға, өлең, күйге бөлеп жүрген
өнерпазқапшыққа салып қанжығіэіға байлап алуға немесе қолына ұстауға
ыңғайлы да ықшамы домбыра жасап алған. Мұндай домбырашылардың мойны-алмалы
салмалы, кейде жалғамалы -бүктемелі болады. Атақты жырау Хайролла
ақсақалдың домбырасы бүктемөлі. Мойны тұғырға бұранда арқылы отырғызылады.
Дыбыстық ауқымы, құрылыс-құрылымы жөнінен әдеттегі домбырадан еш
айырмашылығы жоқ.
Шанақтың, бастың, мойынның, мойынбеттің, қақпақтың сырты тазартылып,
құмқағазбен тегістеледі. Қақпақтың бетіне жетінші одан кейн екінші және
алтыншы, содаң соң үшінші мен бесінші, ең соңында жетінші шанақша
қиюластырылады. Осылайша орналастырылғаннан кеин арнаулы резеңке баумен
қатты шандалып байланады. Шанақшалар берк қабысып, нағыз жымдасып қалғанша
кемінде 4-6 сағат кептіріледі. Бұл аралықта домбыраның басқа бөлшектері
дайындалады. Атап айтқанда көмкерме, кергі қақпақ тақтайлары бас мойын
құлақ т.б.. Шанақшалар бекіп шанақ пен мойын біріккеннен кеин қалыптан
шығарылып, іші-сырты жақсылап тазартылады. Шанақ қырының ішкі жиегіне
көмкерме ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық дүниетанымды халық өнері арқылы қалыптастыру
Үйірме жұмыстарына гипстен музыкалық аспаптар жасау әдістемесі. «Саз сырнай»
Үйірме жұмыстарына гипстен музыкалық аспаптар жасау әдістемесі
Оқушыларды ұлттық мазмұнда қол өнеріне баулу негіздерін анықтау
Сәндік қолданбалы өнер элементтерінің негізіндегі көркем қол өнер технологиясы
Оқушыларға технология сабағында халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру ( 5-сынып )
Оқушыларды қолөнерге баулудағы халық педагогикасының негізін қалыптастыру
СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ЭЛЕМЕНТТЕРІ НЕГІЗІНДЕГІ БЫЛҒАРЫ ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕРІ БҰЙЫМДАРЫН МОДЕЛЬДЕУ ТАРАУЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ФОРМУЛАЛАРЫ
Оқушыларды шығармашылыққа баулудағы қолөнерінің ролі
Еңбек сабағында былғарыны өңдеуге үйретуде оку-әдістемелік ерекшеліктері
Пәндер