Оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу

Бастауыш мектеп - бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты
жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да бастауыш білім —
үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да қадірлі жұмыс. Бастауыш
мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни
сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті
түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге,
дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Дамыта оқытудың да басты мақсаты -
баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.
Әрине, бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті,
қабылдау мүмкіңдіктері де әр түрлі болады. Дегенмен, әр баланың бір нәрсеге
бейімі болады.
Бейімділік — оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың
жасырын, тіпті тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау
тек оқыту үрдісі кезінде үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.
Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп
дәлелдейді. Сол себепті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек
мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады. Оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қоддануға болады.
Ой шапшаңдыгын, сөз байлыгын дамытуда шең шумақтарын құрастыру. "Ата-
мұра"' баспасынан шыққан "Әліппе"окулығында екі буыңды сөздер берілген.
Осылар арқылы өлең шумақтарын құрастыруға болады.
Біріншіден, бала ұйқас сөз табуға ойланады.
Екіншіден, қызығушылығы артады.

Мысалы:
на-на-на
Сырганайды шана
та-та-та
Өтіп кетті бір апта
са-са-са
Шагып алды маса
Бұл кейін 3-4-сыныптарда өз бетгерімен өлең шығаруға дайындық болмақ.
Шығарма жаздырту. 1-сыныпта бұл үйрету мақсатында жүреді. Көмек ретінде
тірек сөздер беріліп, дайындық жұмысы жүргізіледі. Теңеу, көркем сөз,
сипаттау туралы үғымдары бекітіледі. Шығарма жаздыртудың бір ерекшелігі,
ұтатын жері — кей бала өз ойын ауызша айтқаннан гөрі, жазбаша жақсы
жеткізеді.
Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
Бұл сынды тапсырмалар окушылардың сөздік қорларын молайтып, бала
қиялын дамытады.
Математика сабагынан жоғары қиындықта оқыту мақсатында түбір (V ), дәреже
(а2, а3, а4), көлем табу (V = а • Ь • һ) үғымдарын формула түрінде
үйретемін. Оқушылар есеп шартын формула арқылы еркін құра алады. Кері
есептер шығартамын. Бұл орта буындағы алгебралық материалға дайындық.
"Алгоритм " ұғымымен балалар жақсы таныс. Информатика сабағымен байланыс
ретінде кез келген сабақта алгоритм құрастырамыз.

Алгоритм. Сөз құрамына талдау Басы
Сөздің білінбейтін мағыналы бөлшегін — түбірді табу.
Түбірге жалғанған қосымшаны табу.
Қосымшаның жүрнақ немесе жалғау екендігін анықтау.

Соңы.
Сол сияқты үйге тапсырма ретінде өздерінің күңделікті іс-әрекеттерін
алгоритм түрінде жазып келуге тапсырма беріп отырамын.
Сабақ сапасын қалай арттыруга болады?
Сабақ сапасынан оқушылардың білім сапасы көрінеді. Мұғалім еңбегінің
жемісі де білім көрсеткішімен, сабақ сапасымен бағаланбақ.
Өз тәжірибемде, сабақ сапасын арттыру, жақсы білім дәрежесіне жатуде
әр түрлі әдіс-тәсіддерді қолданып келемін.

Оза оқыту әдісін қолданудамын:
1-сыныптан бастап мазМұндама, шағын әңгіме құрастыруға үйретемін;
сөйлем түрлері туралы түсінікпен 1-сыныпта таныстырып кетемін; таддау
түрлерін 4-сыныпта толық меңгеріп шығады; талдау түрлеріне белгі қойып
отырады.
синтаксистік талдау — 1
фонетикалық талдау — 2
сөз құрамына талдау - 3
морфологиялық талдау — 4
Әдептілік3 ар-үят2 — адамдықтың белгісі1,4.
Мұндай жұмыстарды мүмкіңдігіне қарай әр сабақта қолданып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем еңбек сабақтарында үйірме және шығармашылық жұмыстардың жасалу жолдары
Бастауыш мектепте пәндерді оқытуда оқушылардың шығармашылығын дамыту
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың педагогикалық негізі
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың психологиялық ерекшелігі
Сабақ - оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы
Көркем еңбек сабағында жобалау әдісін қолдану
Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулу
Бастауыш мектеп оқушыларының еңбек біліктері мен шығармашылық қабілетін дамыту
Еңбекке баулу сабағында кіші мектеп оқушыларының шығармашылығы мен еңбек біліктерін дамытудың жолдары
Көркем еңбек сабағында оқушылардың жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы шығармашылығын дамыту
Пәндер