Оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың педагогикалық мәселелері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4

І Оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды
пайдаланудың теориялық негіздері

1. Оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды
пайдаланудың педагогикалық
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .5-14

1.2 Оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды
пайдаланудың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 15-27

ІІ Оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды
пайдаланудың әдістемесі

2.1 Оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды
пайдаланудың
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .28-40

2.2 Дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың білімін қалыптастырудың
әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41-
55

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .56-57

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..58-59

Кіріспе.

Зерттеудің көкейтестілігі: Білім берудің қазіргі жаңа құрылымы және оқу-
әдістемесінің мазмұнының өзгеруі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін
жаңартуын, шығармашылық ізденістерін қажет етіп отыр.
Қазіргі мектеп жағдайында оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін
игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты
тәрбиелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл
педагог-зерттеуші,жаңашыл мұғалім болуды қажет етеді.
Ал бұл жұмыстарға қол жеткізу үшін мектепішілік әдістемелік қызметті
және мұғалімдердің педагогикалық қызметіне бақылау жасау жолдарын
жаңартудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұйымдастыру қажет.
Әлемдік өркениеттен өз орнын тауып жаһандану ағысына енген еліміздің
алдында тұрған міндеттердің бастысы – еліміздің бәсекеге қабілетті
азаматтарын даярлау мақсатында елдің интеллектуалдық мәдениетін көтеру,
жастарға ұлтық ерекшеліктерді ескере отырып сапалы білім, білік, тәрбие
беру, жан-жақты дамыған іскер азамат қалыптастыру.
Осының негізінде Республикамызда мынан ресми құжаттар
жарияланған.Білім министірлігінің тәлім-тәрбие тұжырымдамасында:
(ақпан,1993) “Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне
сәйкес білім мен тәрбие беру,оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай
білу мүмкіндігін жетілдіру,сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігін,
іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады
Ал, Ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың Білім мемлекеттік бағдарламасының
білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттарында Жалпы орта білім беру
саласында оның мазмұнын білім беруді демократияландыру және ізгілікті ету
бағытында айтарлықтай жаңарту қажет.Оқушылардың сапалы білім, білік пен
дағды алуының жоғары негіздеріне қол жеткізген жөн деп, отбасы,мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында
көзделген білімді, дағдылар мен қарым-қатынастарды баланың
меңгеруін,сондай-ақ күш-жігірі мен психологиялық жағынан мектеп
бағдарламасын игеруін қамтамассыз етуге міндеттідеп баланың дамуындағы
отбасының міндеттерінде белгіленген [1]
Сондай-ақ ел басымыз қазақстан халқының жолдаудағы (Жаңа
әлемдегі жаңа Қазақстан 2007) он жетінші бағытында-халықаралық
стандарттарға орай бастауыш және орта білім беру, кадрларды қайта
даярлау жүйесіне жақындай беру және бүкіл еліміз бойынша әлемдік
стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол
жеткізуіміз керек.Оқытудың тиімділігін, әр оқушының білім мен
білігін бағалаудың бірыңғай жүйесін жасау керек.
Кез-келген адамның, оның ішінде оқушының әрекетінде білімнің ғана
емес, сонымен бірге дидактикалық ойындарды пайдаланудың зор маңызы бар.
Іскерлік ұғымы педагогика тарихында көптеген қазақстандық және
ресейлік еңбек сіңірген педагогтардың құнды еңбектерінде әр қырынан
тұжырымдалған.Біздің зерттеу жұмысымызға байланысты оқушылардың білім
сапасын арттыру, үлгермеушілікті болдырмау мақсатында оқу іскерліктері мен
дағдыларын қалыптастыру мақсатымен айналысқан Қазақстандық И.Д.Буртовой мен
Т.Әбдіғалиева, Ж.Балтабаев, Р.М.Қоянбаев, Ж.Б.Қоянбаев, Б.Т.Ортаев
Т.Хазіретәлі, Н.Жаманқұлова, Н.Г.Даумов, А.Қ.Аренова, А.Әмірбеков
зерттеулері мен еңбектерінің орны ерекше және Ресейлік педагогтар И.В.Савин
Т.А.Ильина, Е.А.Климов, А.В.Усова мен А.А.Бобров, А.А.Бред,
Д.Хамблин,С.А.Шапоринскийдің еңбектерінің маңызы зор. [2]
Жоғарыда келтірілген мемелекеттік ресми құжаттардағы
оқушылар біліміне, қалыптастыруы тиіс іскерлік пен дағдыға қойылатын талап
пен қазіргі таңдағы жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың білімін
қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдалану бүгінгі күннің алға
қойған міндеті болып табылады.

Зерттеудің нысаны: Оқушылардың білімін қалыптастырудағы дидактикалық
ойындар.
Зерттеудің мақсаты. Оқушылардың білімін қалыптастырудағы дидактикалық
ойындарды қалыптастыру.

Зерттеудің міндеттері:
-Оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды
пайдаланудың педагогикалық мәселелерін қарастыру
- Оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды
пайдаланудың ерекшеліктерін анықтау
- Оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды
пайдаланудың жолдарын қарастыру
- Дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың білімін қалыптастырудың
әдіс-тәсілдеріді пайдалану

Дипломдық жұмыстың құрылымы-кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І Оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды
пайдаланудың теориялық негіздері

2. Оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды
пайдаланудың педагогикалық мәселелері

Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған сауатты,
саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мемлекетіміз осының
бәрін ескеріп білім беру жүйесін баса дамытуға, оның дүниежүзілік
деңгейге көтерілуіне аса мән беруде. Білім беру, тәрбиелеу және
балалардың ой-өрісі қабілетінің дамуы бұл сабақтың алға қояр мақсаты
болып табылады.

Өмір сүру үшін білімді меңгерудің маңызды екендігі жайлы ғұлама
бабаларымыз әл-Фараби, Қ.А.Ясауи, М.Х.Дулати, Ж.Баласағұн тамаша өсиеттер
қалдырған.

Ұлы ойшылдар ағартушы-педагог Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Ж.Ж.Руссо,
А.Дистерверг, Ы.Алтынсарин, К.Д.Ушинский оқыту арқылы оқушылардың ақыл-ой
қабілеттерін, дербестігін, ойлауын дамытуға көңіл бөлу керектігін айтқан
болса, оқыту үрдісінің ерекшеліктері мен ұстанымдары, оқыту әдістері мен
құралдарын М.А.Данилов, Б.Н.Есипов, Н.Скаткин, Ю.К.Бабанский, М.Жұмабаев,
Т.Сабыров, т.б. өз еңбектерінде оқушылардың өз бетінше жұмыс орындауда
дидактикалық ойындардың пайдалы жақтарын талқылаған, ғылыми түсініктер
берген. [3]
Мұндай мақсаттың баянды болуы білім беру жүйесінің үлесіне түсетінін
ескерсек, білім негізі мектепке дейінгі мекемеден, бастауыштан
басталғандықтан жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның
алатын орны ерекше.
Оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындар арқылы
оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалық дамуын қалыптастыруға
болады.
Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл-ой
белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың
бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін
тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді.
Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі,
олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және
оқушылардың зейінін, ойлауын, зерделеуін дамытады.
Өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, жүйке жүйесін
демалдырады. Міне, сондықтан да ойын оқу-әрекетінде жетекші рөл атқарады.

Оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындар әр түрлі
болып келеді. Сөз сөйлеудің дамуы, тәрбиеленушінің білім қоры педагогтарға
оларда әртүрлі ойындарға деген іскерлікті қалыптастыруға: сюжетті-рөлдік,
дидактикалық, қозғалмалы мүмкіндік береді.

Балалар мінездегі өзгешеліктерді ажырата бастайды және өзінің іс-
әрекеттерінде ойындардағы әдістерді, құралдарды пайдаланады.

Баланың ойыннан толық мәнді дамуы тек мұғалімнің мақсатты бағдарлы іс-
әрекеті қалыптастырылғанда көрініс алады. Осылайша, сюжетік-рөлді ойында ол
балаларға толық сюжеттің мазмұны мен рөлдердегі өзара әдістер негізінде
көрінеді; дидактикалық ойындарда оларға тәртіпті көрсетіп, әрекеттің соңғы
нәтижесін жылжымалы ойын жүргізуді ұйымдастыруда ойынның мәнін, символын,
атрибуттардың қызметін ашуға, қарсыластарының жетістіктерін бағалауға
көмектеседі.
Мұғалім сонымен қатар, балалардың өзіндік ойындарын басқа-рып, оларды
дұрыс бағытқа ойынның арнайы дайындалған кезеңдері арқылы нәтижеге қол
жеткізеді.
Мұның барлығы дидактикалық ойындарды бастауыш сынып оқушыларының оқу
іс-әрекетінде белгілі бір жүйемен пайдалану қажеттілігін дәлелдейді.
Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс-әрекет сипатына,
ойын құрылымына сәйкес жіктемелері бар (Л.А.Венгер, О.М.Дьяченко,
Т.К.Жикалкина, т.б.).
Қазақ халық ойындарының жіктемесі оқушылардың жас ерекшеліктеріне
(А.Диваев), ойын сипатына М.Гуннер, Е.Сағындықов, Б.Төтенаев); дене
қасиеттерін, қимылдық әрекеттерді дамытуға (М.Таникеев, Ж.Төлегенов,
Т.Бекбатшаева, Т.Қуанышов); ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне
(А.К.Айтпаева) сәйкес жасалады. [4]
Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:
1. Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды
бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі; қарапайым жұмбақ
арқылы; қиындық - оңай жолмен; қажеттілер - қызық жолмен беріледі;
2. Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік
тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға
негізделеді.
3. Ойын болжамдар. Бұл ойындар "Не болар еді...?", "Мен не істер едім, егер
..." деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың
алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай
ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс тапсырмаларын
белгілеуді талап етеді.
4. Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі - логикалық астарының
болуында. Олар баланың ой-әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру,
теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді,
оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
5. Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және
балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас
ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы - олар
эмоциональдық түрде белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға,
бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады.
Мектепте оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты ойын түрлерін
мазмұнына қарай бөледі:
1. Сюжетті рольді ойындар.
2. Құрылыс материалдарымен ойнау.
3. Қимылды ойындар.
4. Дидактикалық ойындар.
5. Драмалық ойындар.
6. Музыкалық-дидактикалық ойындар.
Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:
1. Балалардың орындаушылық әрекетін талап ететін ойындар.
2. Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар.
3. Қайта жасау іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар.
4. Оқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағыттаған ойындар.
5. Ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар.
Құрылымы бойынша дидактикалық ойындарды мынадай түрлерге жіктейді:
1. Сюжеттік - рөлдік ойындар.
2. Жаттығу ойындар.
3. Драмалық ойындар.
4. Шығармашылық ойындар.
5. Әдеби-музыкалық ойындар.
Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай
жіктемесі бар:
1. Білімдендіретін (білім беретін) ойындар.
2. Тәрбиелейтін ойындар.
3. Дамытатын ойындар.
4. Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар.
5. Диагностикалық ойындар.
Жоғарыда көрсетілген жіктемелердің барлығының да мазмұны өте қызық
және өзіндік ерекшеліктерге толы. Олар дидактикалық ойындардың жалпы
мақсаты мен мазмұнына сәйкестендірілген. Бұл ойынның түрлерін бастауыш
сыныптың оқыту үрдісінде кеңінен пайдалануға болады.Сюжеттік-рөлдік
ойындар. Оқу жылының алғашқы жарты жылында тәрбиеші балаларда ойындық
іскерлік пен негізгі рөлдік қимылдарды қалыптастырады. Ол бірігіп ойынға
балаларды қосады немесе сюжетті кішігірім әңгіме негізінде көрсетеді.
Балалардың төменгі топтарында негізгі ойындық іскерліктер
қалыптасады, бұл оларға ойын барысында өзара байланысқан шарттық құралдарды
пайдалануға көмектеседі.
Педагогтың алдында мынандай міндеттер тұрады. Ол балалардың
шығармашылық белсенділігін теңдестіру. Бұған ойынның құрамына әртүрлі
рөлдерді қосу; әлеуметтік сферадағы әртүрлі өмірді, әртүрлі әдеби
шығармаларды, ертегілерді, сонымен қатар, ертегідегі және шын өмірдегі
персонаждарды қосады.
Мысалы, педагог (балабақшада тәрбиеші) полиция қызметкерін, от
сөндіруші және жалмауыз кемпірді, Тазша баланы, дәрігерді қосады. Жалпы
сюжетке мұндай рөлдерді қосу балалардың бейнесін белсендіреді, оларда жаңа
күтпеген жағдайларды ойлауына мүмкіндік береді. Сонымен қатар тәрбиеші
балалардың ойындық қызығушылығын ескереді, яғни күнделікті ойында олар
қалыптаспайды.
Педагог балалармен бірігіп, ойында сюжетті байланыспайтындай
рөлдермен байланыстырып көрсетуі керек. Ол ойын жоспарына жаңа жағдайлар
және, оқиға мен тұлғалар енгізетін балаларды марапаттауы керек, өйткені бұл
баланың шығармашылық белсенділігін және ойынның еркін меңгерілуінің
көрсеткіші болып табылады.
Сюжетті – рөлді ойындарға жағдай жасау немесе жетпей жатқан құралдарды
сюжет барысында көрсетуге көмектеседі, анық айтқанда ойынның мәні мен оның
қатысушыларын байланыстырады. Әдетте бұл мақсатқа дайын ойыншықтарды
құрылыс материалы ретінде пайдаланады. Бұл жағдайда айнала ойынға қолайлы
ғана емес, сонымен қатар, шындыққа ұқсауы қажет.
Өйткені, оны балалар таза символды түрде қабылдауы мүмкін. Әсіресе
бұл ойындық топтарға, онда барлық қатысушыларға ойынның жағдайын, мәнін
түсінуге байланысты.
Театрлық ойындар. Театрлық ойындар сюжетті-рөлді ойындарға қарағанда
нақты көрермендер ұсынады (кішкентай балалар, ата-аналар, баланың
қатарлары). Бұл процесте балаларда авторлық мәтін мен көркемдік
шығармашылық идеяларды қайта тудыру құралдарын (интонация, мимика) ойлап
шығару қалыптасады. Бұл қиын әрекет міндетті түрде үлкендердің қатысуын
талап етеді, әсіресе бұл дайындық кезеңінде. Театрлық ойындар шынымен
қызықты, балаларды тек қана көріністі орындау ғана емес, сонымен қатар
оларда көрініске орын дайындауды қалыптастыру қажет. Мұның барлығы мектеп
жасына дейінгі балаларға оңай міндет емес.
Дидактикалық ойындар. Мұғалім сабақ үстінде дидактикалық ойындар
өткізгендей, сабақтан тыс жерде балалар жаттығуларын, олардың түрлерін,
көлемін, түсін, кеңістігін, дыбысын білуі тиіс. Дидактикалық ойындар
көмегімен балалар құралдарды сыртқы пішіні секілді, олардың белгілері
бойынша салыстыруға және топтауға, есептерді шешуге оларда дайындық
қалыптасады.

Музыкалық-дидактикалық ойындар. Музыкалық-дидактикалық ойындар
балалармен бірте-бірте игеріледі. Жаңа ойынмен танысу негізінен музыканың
сабақтар кезінде жүзеге асады.

Педагог балаларды ойын ержесімен таныстырады және олардың алдына анық
дидактикалық міндеттер қояды. Бастапқыда педагог (тәрбиеші, сынып мұғалімі)
топтағы ойынды өткізуде бастаушы болады.

Соңында балалар өздері педагогтың көмегінсіз ойынды ойнай алады, яғни
араларынан бастаушыны таңдау арқылы. Музыкалық-дидактикалық ойындарды
үйрену процесінде балалардың алған білімдері оларға әртүрлі музыкалық іс-
әрекеттерге байланысты міндеттерді орындауға көмектеседі.

Дидактикалық ойындардың маңызы
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың ойыны мектеп жасына дейінгі
бүлдіршіндердің сюжеттік ойындарынан өзгешелеу болады. Шәкірттер енді әр
алуан қимыл-қозғалыстар, тез ойындарды ғана емес, күш-қуат пен тепе-теңдік
сезімін жетілдіретін қызықты ойындармен де шұғылданады.
Ондай ойын түрлері балалардың сан қилы жағдайларға тез икемделуін
дамытып, олардың тапқырлығы мен икемділігін талап ететін жарыс түрінде
ұйымдастырылады.
Мұндай ойын түрлерінің тәрбиелік мәні зор, әрі адам денесінің дамып
жетілуіне пайдасы мол. Ойын үстінде балалардың бойындағы барлық дерлік
психологиялық процестері, сезімдері мен эмоциялары, ерік-жігер қасиеттері
шыңдалады, мінез-құлқы айқындала түседі. Мұғалімге оқушы психологиясының
өзіндік ерекшеліктері айқындалып олармен оқу-тәрбие істерін жүргізудің
тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану мүмкіншіліктері туады. Бала өзіне жаңалық
болып сезілген әр қилы нәрселерге еліктегіш келеді. Осы қасиетімен
бойындағы сезім мен қабілет ерекшеліктерін аңғартады. Мінезінің ұнамсыз
жақтары байқалатын тұста осы. Ұстазға бұл ретте істейтін жұмыс түрлері көп-
ақ.
Ойындардың ішінде дидактикалық ойындардың маңыздылығы жағынан
өзгелерінен бөле-жара айтуға болады. Бірақ, бір ескертетін нәрсе, маңызды
екен деп сабақ мазмұнына үйлеспейтін ойын түрлерін қолданудан аулақ болған
жөн. Әр ойынның өз реті бар.
Әрбір мұғалім сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолданатынын
сабақ мазмұнына, мақсатына сәйкес таңдап алған жөн. Өйткені ойын мектепке
келген 6 жасар балалар үшін қызықты әрекет, іс-қимыл бола отырып, сонымен
бірге оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады.
Бірақ ол педагогикалық ізденістің арқасында ғана қуатты құралға айналады.
6 жасар балаларды оқытып-тәрбиелеуде педагог балалар игере алатындай
ойынның бағдарламалық мазмұнын жоспарлайды, дидактикалық және ойын
міндеттерін, қимыл мен ережелерді белгілейді.
Ойында педагогикалық процеске енгізе отырып, тәрбиеші балаларды
ойнауға, А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда, “Жақсы ойын” жасауға үйретеді.
Мұндай ойынға мынадай сипаттар тән: мазмұнының тәрбиелік-танымдық
құндылығы, ойын барысының дұрыс түсіндірілуі, таңдалынып алынған ойын
түрінің оқушыларға үйретері мол және шығармашылық сипаты, жеке балалардың
және барлық ойнаушылардың мүдделерін ескере отырып ойын ережесіне бағыну
және соларды басшылыққа ала білуі, ойыншықтар мен ойын материалдарын
белгілі бір мақсатқа пайдалану, балалардың бір-бірімен достық қарым-
қатынастары және көңіл күйлерінің шат болуы ескеріледі. [5]
Ойынды басқара жүріп, мұғалім баланың жеке басының барлық жағына:
оның санасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасайды.
Ойынды негізінен ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене
мүшелерінің дұрыс қалыптастыру мақсаттары үшін пайдаланады. Мазмұны ойлай
білуге құрылған ойын процесінде балалардың білімі мен түсінігі айқындалып,
тереңдей түседі. Ойын үстінде қайсыбір рөлді орындау үшін бала өзінің
түсінігін ойын әрекетінде көрсетеді.
Кейде адамдардың еңбегі туралы нақты түсініктері дәйексіз болады,
тәрбиеші еңбек туралы ұғымдарын кеңейту үшін мазмұнды, тәрбиелік сипаты мол
түрлерін таңдап алғаны жөн.
Балалар бәрін білуге құштар, сұрақ көп қояды. Ұстаздың бала меселін
қайтармай сол сұрақтарға толық жауап қайтаруы, ойын кезіндегі әңгімелеріне
құлақ түріп, дұрыс сөйлеуге, әдептілікке үйретуі, өзара түсінісулеріне,
келісуіне көмектесуі керек.
Демек, ойын балалардың алған білімдері мен түсініктерін баянды етіп
қана қоймайды, сонымен бірге өзінше бір белсенді танымдық іс-әрекет формасы
болып табылады. Сондықтан оқу-тәрбие процесіне ойынды дұрыс кірістіріп,
оның барлық тиімді мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызы зор.
Бала психологиясына дидактикалық ойындардың ықпалы
Жастардың болашаққа деген бағыт-бағдары отбасында, мектеп қабырғасында,
жалпы еңбек, қоғамдық деңгейде қалыптасады деп алсақ, бүкіл қоршаған
дүниенің әр саласының көзқарасқа тигізетін әсері, беретін білімі,
тәрбиеге ықпалы әртүрлі болады.

Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы,
қазақ тілінің мемлекеттік тіл құқығына көтерілуі, Білім туралы, Жастар
саясаты туралы заңдардың қабылдануы келешек ұрпақ тәрибесіне үлкен
жауапкерші-лікпен қарауды көздейді.

Бүгінгі күн талабына орай тәрбиенің мазмұнын, мақсатын, қағидаларын,
міндеттерін қайта қарастырып, түбегейлі өзгертуде дидактикалық ойындарды
пайдаланудың маңызы зор.

Қоғамымыздың іргесін, білімін нығайту мақсатында ең алдымен сабақта
дидактикалық ойындардың ерекшелігі мен тәрбиелік мәні бар оның негізгі
мақсаты - баланы ойлауға, ізденуге, шығармашылық жұмыспен айналысуға, өз
бетінше ізденуге баулу болып табылады.

Қазіргі заман талаптарына сәйкес мектептегі барлық буын оқушыларының
білімін дидактикалық ойын түрлері тұрғысынан дамыту, жетілдіру-педагогика
ғылымының міндеті болып табылады.Осыған орай білімнің мазмұнын, білім
беру жүйесіндегі орнын, оқу-тәрбие процесінің ерекшелігін, оны дұрыс
ұйымдастырудың негізгі әдістерін, формаларын жетілдірудің жолдарын білу
керек.

Оқу-тәрбие процесінде дидактикалық ойынды қолдану барысында әр баланың
жеке басының ерекшелігі есепке алынуы тиіс.

Сабақ барысында әр оқушының ұғымы, сезімі, түсінігі, қабылдауы,
қабілеті әр түрлі. Ең бастысы - әр оқушының жеке басын құрметтеу, оның
адамдық қасиетіне нұқсан келтірмеу.Қазіргі ізгілендіру заманында әрбір
баланың өз мүмкіндігін, қабілетін, іскерлігін, ойлауын, дидактикалық ойын
барысын да байқау қажет, сонда ғана олардың білімге, ынтасын арттырып,
еңбексүйгіштікке, білімге құштарлық қасиеттерін нәтижелі қалыптастыруға
болады.

Мұғалім оқушылармен дидактикалық ойынды ұйымдастырып, оларды үйрету,
қалыптастыру үшін ең алдымен балалардың психологиялық ерекшелік-терін
білуі керек.

1. Бастауыш сынып жасындағы баланың бойындағы психикалық процестер:
зейін, қабылдау, қиялдау, есте қалдыру, ойлау, сөйлеу, сезімдер. Осындай
психикалық процестер баланың бойында болуын, өзгеріп жетілуін
қарастырады.

Бала мұндай ерекшелік пен іс-әрекетті қимыл жасау процесінде,
дидактикалық ойын барысында шешеді. Бастауыш сынып оқушыларының
психологиясы психикалық дамуды, заңдылықтарды, іс-әрекеттің дамуын, жеке
бастың қалыптасуын зерттейді. Бастауыш сынып жасындағы балалардың
психологиясын білу оқыту, тәрбиелеу практикасын дұрыс ұйымдастыруға
мүмкіндік береді.

Оқушының психикалық даму ерекшелігі - ойлауында, ақыл-ойында,
ынтасында, қабылдауында оқу-тәрбие процесі кезінде негізгі ерекшелік
болып табылады.

Бастауыш сынып оқушыларын зерттеудің негізгі әдістері: бақылау,
эксперимент әдістері болып табылады.

Мұғалім оқушының дидактикалық ойын барысында мінез-құлқын табиғи
жағдайда мақсат қоя отырып зерттейді.

Мұғалім бақылау процесінде зерттелуші оқушы мінез-құлқындағы сыртқы
белгілерді ғана қадағалайды. Мысалы: Оқушының іс-әрекетін, сөйлеген
сөздерін, мәнерлі қимылын.

Бұл жағдайда мұғалім бақылаудың екі түрін қолданғаны жөн.

1. Жаппай бақылау

2. Ішінара бақылау

Зерттеуші жаппай бақылауда - баланың мінез-құлқының көп жағын қамтып
жүреді.

Жаппай бақылау-оқушының психикалық даму заңдылығын анықтау үшін
фактілер негізінде жүргізіледі. (А.Д.Павлова, Ж.Пиаже, В.Штерн).

Ішінара бақылаудың жаппай бақылаудан айырмашылығы - оқушының мінез-
құлқының бір жағы немесе бір мезгілдегі мінез-құлқы алынады, зерттелінеді.
Мысалы: баланың ойын кезінде, тамақтануы кезінде т.б. Ч.Дарвин, А.Н.Гвоздов
сияқты мамандар өз ұлдарына ішнара бақылаулар жүргізіп арнайы қорытынды
бойынша бақылаулар жүргізген. [6]
Көп жағдайда балаға эксперименттер мектепте, сабақ үстінде, ойын,
дидактикалық ойын барысында өткізіледі.

Бастауыш сынып оқушылары өздерін қызықтыратын іс-әрекеттермен
айналысады. Іс-әрекеттің түрі оны атқаруға және жетілдіруге қажетті
қимылдарды психикалық сапаны игеруге көмектеседі.

Сабақта дидактикалық ойында қолдануда жаңа іс-әрекеттерді игеру
оқушының мүмкіндігін арттырады.

Дидактикалық ойын барысында оқушының қажеттіліктері мен құштарлығы,
қабілеті, зейіні, ой-өрісі кеңейіп, өзінің психикалық дамуына үлес қосып
отырады.

Оқушы ойын барысында жаңа іс-әрекеттерді, материалды игеру бары-сында
үлкендердің басшылығымен, көмегімен игереді. Содан кейін өз түсінігі
бойынша ары қарай дамытуға, жалғастыруға, ойын ортаға салуға үйренеді.

Бастауыш сынып оқушылары сабақ барысында, сабақтан тыс уақытта іс-
әрекеттің барлығын түгел қамти алмайды.

Сондықтан да оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, дидактикалық
ойындарды ретімен қолданудың дұрыс жолдарын қарастыру керек.

Бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуы барысында пайда болған
және жаңа қасиеттер мен қызығушылыққа итермелейтін іс-әрекеттің жаңа
түрлерін игеруге бастайтын қайшылықтар техникалық дамудың күштері болып
табылады.

Бастауыш сыныпта оқыту процесінде дидактикалық ойындарды пайдалануда
оқушылардың өзіндік әрекетіне тән ерекшеліктері бар.

Олар:

1. Дидактикалық ойынның мақсаты мен міндеттерін анықтау.

2. Дидактикалық ойында қандай тәсілді қолданудың жоспарын түзу.

3. Жұмысты нәтижелі аяқтау үшін оқушы өзін-өзі бақылап отыруын
қадағалау.

Оқушылары оқу пәнін игеру барысында өздігінен жұмыс істеуге
дағдыланбаса, оның сабақ үлгерімі жақсы болмайды. Бұл кезде оқушының
сабаққа деген қабілеті, зейіні төмендейді.

Соның салдарынан оқу пәніне деген қызығуы, сабақ үлгерімі нашарлап,
үлгермеушілер қатарына қосылады. Сондықтан мұғалімнің негізгі
міндеттерінің бірі-оқушылармен дидактикалық ойындарды шеберлікпен
қолдануы керек.

Дидактикалық ойын барысында оқушылардың дербестігін арттыруда олардың
оқуға деген табыстары мен кемшіліктерін өздеріне дұрыс бағалауға
үйретудің маңызы зор.

Психолог, педагог мамандар өздерінің зерттеу жұмысында: бастауыш
сынып оқушылары сабақ барысында дидактикалық ойынды мұғалімнің
жетекшілігімен жүргізгенде ғана жақсы нәтиже беретіні дәлелденген.

Бастауыш сынып оқушыларына тапсырмалар берерде мұғалім тапсырманың
дұрыстығын оқушылардың қаншалықты дұрыс түсініп, меңгергенін анықтауы
тиіс.

Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу әрекетінің жемісті болуы - оқу
жұмысының тәсілдерін меңгеруге байланысты.

Педагог-психолог мамандар оқу жұмысының негізгі тәсілдерін екі топқа
бөледі:

1.Оқушының жалпы оқу жұмысын ұйымдастыруға байланысты қолданылатын
тәсілдер.

а) жоспарлау

ә) уақытты дұрыс пайдалану

б) оқу мен демалуды дұрыс ұйымдастыру

в) оқушы өз жұмысын бақылау

2. Оқушының оқуына тікелей байланысты қолданылатын тәсілдері

а) жаңа білімдерді игеру

ә) өздігінен білімді меңгеру

б) ойындарды қолдана білу.

Осы тәсілдердің ішінде бастауыш сыныпта ерекше орын алатыны сабақта,
сабақтан тыс уақытта оқу материалымен жан-жақты жұмыс істей білу және
дидактикалық ойындарды пайдалану болып табылады. Ол үшін мұғалім мына
тәсілдерді меңгеріп, оны оқушы бойында қалыптастыра білуі қажет.

1. Оқулықтағы материалдың мазмұнын талдау.

2. Ең негізгі мәселені айыра білу.

3. Салыстыру.

4. Топтастыру.

5. Жүйелеу.

Бастауыш сыныпта оқушылардың мұндай тәсілдерді меңгеруі оны жан-жақты
дамытады, оқуға деген көзқарасын өзгертеді.

Бастауыш мектептегі оқу процесін демократияландыру, ізгілендіру
принципін оқушылардың белсенділігін арттыру оқу-тәрбие бірлігінде ақыл-
ой, еңбек, эстетикалық бірлігін негіздей отырып дидактикалық ойындарды
пайдаланудың жолдарын қарастыру қажет.

Оқыту ісі білім берумен қатар оқушылардың танымдық қабілеттерін,
логикалық ойлауды дамытуға дидактикалық ойындарды пайдаланудың маңызы
ерекше.

2. Оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды
пайдаланудың ерекшеліктері

Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған сауатты,
саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды
болуы білім беру жүйесінің үлесіне түсінетінін ескерсек, білім негізі
мектепке дейінгі мекемеден, бастауыштан басталғандықтан жас жеткіншектердің
білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушыны
білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалық дамуын қалыптастыруға болады.

Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл-ой
белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың
бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін
тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді.Білім алу үдерісінде оқушылар
дұрыс еркін, тез әрі түсінікті оқуға, өз айларын ауызша, жазбаша дұрыс
қорытуға, мазмұндауға, төрт амал көлемінде элементарлық математика бойынша
есептер шығаруға баулынады, оларға табиғат жөнінде кей бір түсініктер
беріледі.

Оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдалану
бүгінгі күннің талабыБілім бері саласында оқыту үдерісінің мәні өте
зор, өйткені осы кездегі қоғамдық өндірістік қатынастың дамуы оқытудың
ғылымы-практикалық деңгейіне байланысты.

Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түсіндіре түседі, олардың
пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың
зейінін, ойлауын, зерделеуін дамытады. Өмір тәжірибесін бір жүйеге
келтіруге үйретіп, жүйке жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан да ойын оқу-
әрекетінде жетекші рөл атқарады.

Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс-әрекет сипатына,
ойын құрылымына сәйкес жіктемелері бар.
Қазақ халық ойындарының жіктемесі оқушылардың жас
ерекшеліктеріне(А.Диваев), ойын сипатына (М.Гуннер, Е.Сағындықов,); дене
қасиеттерін, қимылдық әрекеттерді дмытуға (М.Таникеев, Ж.Төлегенов);
ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне (А.К.Айтпаева) сәйкес жасалады.
[7]
Оқу жылы басталғанға дейінгі уақыт ішінде бастауыш сыныптар
мұғалімдері жыл бойы бағдарламалық материалға сәйкес ұйымдастырылатын
дидактикалық ойындарға қажетті құрал-жабдықтарды жинақтауы, олардың негізгі
түрлерін жан-жақты зерттеп, өзгешеліктері мен ерекшеліктерін анықтауы,
демонстрациялық және дидактикалық материалдарды ерте бастан қолға алған
дұрыс.
Дидактикалық ойындарды өткізуде жиі пайдаланылатын құрал-жабдықтар мен
материалдарды дайындап алу керек. Олар: демонстрациялық екі қатарлы қалталы
полотно немесе екі қатарлы сөре және әр оұушының жеке қалталы полотносы,
түстері, өлшемдері, пішіні әр түрлі және бірдей заттар, дидактикалық
материалдар болып табылады.
Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі. Балалардың оқуы еңбегі
ойыннан басталады.
Ойын балалардың оқу әрекетін жандандырып, оқуға деген ынтасын арттыратын
маңызды құрал. Бастауыш сыныпта ұлттық ойындармен Дидактикалық ойындарды
сабақтарда кеңінен қолданудың маңызы зор. Әсіресе өткен материалды
пысықтау, қайталау кезеңдерінде ойынды қолдану пайдалы.
Мұғалім Дидактикалық ойындарды қолданғанда әдістемелік мәселелерге
ерекше көңіл бөлуі тиіс. Ең алдымен оқушылардың сабақ барысында
Дидактикалық ойындарды қолдану түрлерін артыру керек.
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың ойыны мектеп жасна дейінігі
бүлдіршіндердің сюжеттік ойындарынан өзгешелеу болады. Шәкірттер енді әр
алуан қимыл-қозғалыстар, тез ойындарды ғана емес, күш-қуат пен тепе-теңдік
сезімін жетілдіретін қызықты ойындарменде шұғылданады.
Ондай ойын түрлері балалардың сан қилы жағдайларға тез икемделуін
дамытып, олардың тапқырлығы мен икемділігін талап ететін жарыс түрінде
ұйымдастырылады.
Мұндай ойын түрлерінін тәрбиелік мәні зор, әрі адам денесінің дамып
жетілуіне пайдасы мол.
Ойын үстінде балалардың бойындаға барлық дерлік психологиялық
процестері, мінез-құлқы айқындала түседі. Мұғалімге оқушы психологиясының
өзіндік ерекшеліктері айқындалып олармен оқу-тәрбие істерін жүргізудің
тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану мүмкіншіліктері туады. Бала өзіне жаңалық
болып сезілген әр қилы нәрселерге еліктегіш келеді.
Осы қасиетімен бойындағы сезім мен қабілет ерекшеліктерін аңғартады.
Мінезінің ұнамсыз жақтары байқалатын тұс та осы. Ұстазға бұл ретте істейтін
жұмыс түрлері көп-ақ.
Ойындардың ішінде дидактикалық ойындардың маңыздылығы жағынан
өзгелерінен бөле-жара айтуға болады. Бірақ, бір ескеретін нәрсе, маңызды
екен деп сабақ мазмұнына үлеспейтін ойын түрлерін қолданудан аулақ болу
керек. Әр ойыннң өз реті бар.
Әрбір мұғалім сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолданылатын
сабақ мазмұнына, мақсатына сәйкес таңдап алған жөн. Өйткені ойын мектепке
келген 6 жасар балалар үшін қызықты әрекет, іс-қимыл бола отырып, сонымен
бірге оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады.
Бірақ ол педагогикалық ізденістің арқасында ғана қуатты құралға
айналады.
6 жасар балаларды оқытып-тәрбиелеуде педагог балалар игере алатындай
ойынның бағдарламалық мазмұнын жоыпарлайды, дидактикалық және ойын
міндетерін, қимыл мен ережелерді белгілейді.
Ойында педагогикалық процеске енгізе отырып, тәрбиеші балаларды
ойнауға, А.С. Макаренконың сөзімен айтқанда, Жақсы ойын жасауға үйретеді.
Мұндай ойынға мынандай сипаттар тән: мазмұнның тәрбиелік –танымдық
құндылығы, ойын барысының дұрыс түсіндірілуі, таңдалынып алынған ойын
түрінің оқушыларға үйретеді мол және шығармашылық сипаты, жеке балалардың
және барлық оқушылардың мүдделерін ескере отырып ойын ережесіне бағыну және
соларды басшылыққа ала білуі, ойншықтармен ойын материалдарын белгілі бір
мақсатқа пайдалану, балалардың бір-бірімен достық қарым-қатынастары және
көңіл күйлерінің шат болуы ескеріледі. [8]
Демек, ойын балалардың алған білімдері мен түсініктерін баянды етіп
қана қоймайды, сонымен бірге өзінше бір белсенді танымдық іс-әрекет формасы
болып табылады. Сондықтан оқу-тәрбие процесіне ойынды дұрыс кірістіріп,
оның барлық тиімді мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызы зор.
Оқыту үдерісін ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар ұжымы бір
жағынан оқыту объектісі, екінші жағынан оқыту субъектісі болады. Осыған
орай, оқыту үдерісінде мұғалімдермен балалар ынтымақтаытығы, олардың
шығармашылық еңбек етулеріне зор сүйеніш болады.

Оқытудың субъектілері мен объектілері арасында әр түрлі байланыстар пайда
болады. Оқытуды іске асыру адам баласына белгілі заңдылықтарды, білімді
меңгеру негізінде ғана игі әсер етеді.Егер оқушы оқуды өзімнің міндетім деп
санамаса, өзінің жауапкершілігін сезінбесе, онда оқытуды да жақсы
ұйымдастыруға болмайды. Оқыту үдерісінде баланың таным белсенділігі кеңиді,
тереңдейді, ақыл-ой қабилеті, білімді өз бетімен меңгеру белсенділігі
дамиды, заттың мәнін ғылыми ұғымдарды терең түсінеді, іздену нәтижесінде
пайда болған сұрақтардың жауаптарын табады.

Оқушылардың білімді, шеберлік пен дағдыларды игеру процесіне білімді
қабылдау, ұғыну, бекіту және оларды практикада қолдану енеді. Бұл бұындар
сабақта сан алуан үйлесуі мен көрініп, оның сан қылы құрылысын анықтай
алады.

Сабақта білімді игеру процесінің негізгі бұындарының әр алуын
комбинациясын оқу материалының сипатына, сабақтың дидактикалық мақсаты,
оқушылардың жас және дербес ерекшіліктеріне, сондай-ақ коллектив ретіндегі
сол сыныптың ерекшелігіне байланысты.Бұл әдіс оқушылардың өздерінің және
олардың ата-анасының оқу нәтижелеріне жауапкершілігінің артуын көрсетеді.

Ойынның қалыптасуы “құпиясын” ашуға сан жүздеген жылдар бойы әртүрлі
ғылыми бағытта ғалымдар қалам тартқан. Оның шығуы туралы айтылған ой-
пікірлер көптеп кездеседі.
Пікірлердің біріне сүйенсек, ойын адамдардың бос уақытынан туған
нәрсе және олардың әлеуметтік-мәдени мәселелеріне байланысты. Ежелгі
дәуірде ойындар қоғамдық өмірдің өзегі болған және оның саяси-діни маңызы
негізге алынған.
Ежелгі гректер, ойыншылдары құдайлар жақтаған деп санаған, сондықтан
Ф.Шиллер ежелгі ойындар құдіретті, адамның кез-келген жетістігінің идеалы
бола алады деп есептеген. Ежелгі Қытайда мерекелік ойындардың ашылуын
император ашып берген және өзі де ойындарға қатысып отырған. [9]
Әлемдік педагогикада ойын ойыншылар арасындағы кез-келген сайыс
немесе жарыс түрі деп қарастырылды. Мұнда іс-әрекет белгілі ережелермен
шектеледі және жетістікке жету көзделеді (ұрыс, жеңіс, жүлде).
Бәрінен де бұрын ойын оқыту, қатынас құралы және өмір тәжірибесін
жинақтаудағы күрделі әлеуметтік-мәдени феномен болып табылады.
Ойындағы қиындық оның түрлерінің әртүрлілігімен, қарсыластардың
қатысу әдісімен, ойынның жүргізілуімен анықталады. Ойын-оқытудың
таптырмайтын элементі.
Ойын үдерісінде:
-жүргізудің ережелері меңгеріледі;
-ойындағы белгілі бір мақсатқа жету үшін оған қатысушылар
бірлескен ұжымдық іс-әрекет жасауға дағдыланды. Оқушының жеке мінез-құлқы
қалыптасады;
-мұғалімдер мен оқушылардың және қосымша пайдаланған көрнекі
құралдардың ойынға қосқан үлестерінен мәдени дәстүр қалыптасады.
Ойын теориясы. Ойын-бір қарағанда пайдасыз болып көрінеді, солай бола
тұра, қажетті, өмірдің керемет құбылыстарының бірі. Ойын өзіне қызықтыра,
тарта отырып, ғылымда қиын, күрделі мәселе болып табылады.
Отандық педагогика мен психологияда ойын әрекетін К.Д.Ушинский,
П.П.Блонский, С.Л.Рубинштейн, Д.К.Эльконин, т.б. жете зерттеді. Шетелдің
әрқилы зерттеушілері мен ойшылдары: К.Гросс, Ф.Шиллер, Г.Спенсер, К.Бюлер,
З.Фрейд, Ж.Пиаже т.б. ойын теориясын өздерінше (біріне-бірін қосып жиынтық
ретінде) қарастырған. Бұлардың әрқайсысы өздігінше ойын құбылысын әр
қырынан көрсетіп, оның нағыз мәнін белгілемеген.
К.Гросс теориясы аса ықпалды теория болған.
Оның ойынша, ойынның мәні, мұнан әрі маңызды әрекетке, дайындыққа
қызмет етеді; ойында адам, жаттыға отырып, өзінің қабілетін жүзеге асырады.
Бұл теорияның құндылығы -ойынды жетістікпен тығыз байланыстыруда болған.
Ойынның жетістіктегі рөлі ерекше. Кемшілігі - бұл теория ойынның қайнар
көзін емес, “мәнін” береді.
Ойынды тудыратын себептерді ашпайды. Гросс адам ойынын жануарлардың
ойындары сияқты түсіндіре отырып, оларды қате, бүтіндей биологиялық
факторға, инстинктке апарады.
Өз кезінде Ф.Шиллердің ойын дамытып, қалыптастырған Г.Спенсердің
теориясында, ойынның артықтығы өмірде, еңбекте жұмсалмаған мол күштер өзін
ойында деп көрсетіледі.
Бірақ жұмсалмаған күштер қорының болуы олардың жұмсалу бағытын, олар
неге басқа қызметке емес, нақты ойынға құйылатынын түсіндіре алмайды,
сонымен қатар шаршаған, қажыған адам да ойынды демалу үшін ойнайтыны
айтылады. [10]
Рубинштейннің ойынша, ойынды жиналған күшті жұмсау немесе іске асыру
деп түсіндіру, формалистік болады. Осы себепті бұл теория ойынды
түсіндірерлік жағдайда емес деп қарастырады.
Ойынның себептерін ашуға талпына отырып, К.Бюлер ойынның негізгі
себебі ретінде функцинальдық рақаттану теориясын алға тартады. Бұл іс-
әрекеттің гедонистік теориясының жеке бөлігі болып, яғни адамның іс-әрекеті
рақаттану және құштарлану принциптерімен басқарылады деп есептейтін теория
болып табылады.
Адам әрекетінің сарындары, адамның өзі сияқты әр алуан; сондай немесе
басқа да эмоциональдық реңі тек шынайы мотивацияның туынды жағы және
көрінісі болып табылады.
Шиллер мен Спенсердің динамикалық теориясы сияқты гедонистік теория
әрекеттің шынайы мазмұнын көзден таса етеді. Онда эмоцинальды тиімді түрін
қамтып көрсететін оның шынайы сарыны жасалған.
Бұл теория ойын үшін анықталған функциональды рақаттану немесе жұмыс
істеуден рақаттану - факторын тани отырып, ойында организмнің тек
функциональды қызмет атқаруын көреді.
Ойынның фрейдистік теориясында өмірде ығыстырылған талаптардың жүзеге
асқандығын көрініс табады, себебі өмірде жүзеге аспағанмен, ойында жиі
ойналады және бастан өткізіледі.
Ойында өмірден түңілген, өзіне-өзі жауап бере алмайтын субъекті
сапасының кемдігі көрсетіледі.
Ойында өмірдің таңғажайыптары мен сұлулығы іске асырылып, шығармашыл
қоқысқа айналады; дамудың нәтижесі мен факторынан, ол жетіспеушілік пен
сапасыздықтың көрінісіне айналады; өмір сүруге икемделуден, керісінше оның
қашқынына айналады.
Л.С.Выготский мен оның ізбасарлары ойындағы жалпы мақсат адам ойнай
жүріп, шынайы жағдайдың орнына өзіне алдамшы жағдай жасап алады және өзі
сол жағдайға сай белгілі бір рөл ойнайды. Ойнай жүріп айналасындағыларға
үлгі береді,
Әрекеттен қалыпты жағдайға өту үшін ойынның ерекше түрлерінің дамуы
шынында өзгеше.
Алайда алдамшы жағдайдың қалыптасуы мен мағыналарды тасымалдау ойынды
түсінудің негізіне жұмсалмауы тиіс. [11]

Бұл түсіндірудің негізгі кемшіліктері мынадай. Ол ойынның қайнар көзін
айта отырып, ойын әрекетінің құрылымы төңірегіне топталады. Мағыналарды
тасымалдау, алдамшы жағдайға өту ойынның қайнар көзі болып есептелмейді.

Ойынның бастауы ретінде шынайы жағдайдан алдамшыға өтуді талқылауға
талпыну ойынның психоаналитикалық теориясының сарқыншағы ретінде ғана
түсінілу керек.

Д.Н.Узнадзе ойында пісіп жетілгенімен шынайы өмірде әлі іс-әрекеті
іске аса қоймаған тенденция нәтижесінің барын көреді. Ойын теориясындағы
сияқты, күштің молдығынан, ойын оң ықпал етуші ретінде қолданылады. Ол
дамудың өкімі ретінде қарастырылады.
Бұл әрине жақсы, бірақ теорияның негізгі кемістігі, ойынды қоршаған
әлеммен қарым-қатынас нәтижесінде туындаған іс-әрекет деп емес, іштен
жетілген қызмет әрекеті деп қарады.
Ойын осылай іштей толығып отыратын шынайы мазмұнмен байланыспайтын
немқұрайлы белсенділікке айналады. Ойын “мәнінің” мұндай түсінігі шынайы
ойында оның нақты көрінуін түсіндіріп бере алмайды.
Дегенменде ойынның балаларға берері мол екендігі педагог- ғалымдар
тарапынан қолдау табуда. Адамдар ойынды ежелден-ақ оқыту әдісі ретінде,
алдыңғы ұрпақтың жастарға беретін тәжірибесі ретінде қолданылып келген.
Мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде, мектепте ойын кең көлемде
қолданылады.
Қазіргі оқу ісін күшейту мен оқушылардың белсенділігін арттыру
жұмысын алға қоятын мектептерде ойын мынандай жағдайларға қолданылады:
- тақырыптарды, тіпті оқу пәнінің бөлімдерін, мағлұматтарды меңгеру
үшін өзіндік технология ретінде;
- жалпы технологияның элементі ретінде;
- сабақ немесе оның бөлігі ретінде (кіріспе, бақылау);
- сыныптан тыс жұмыс технологиясы ретінде.
“Ойындық педагогикалық технологиялар” ұғымына кең көлемді әдістер мен
әртүрлі педагогикалық ойындар формасын-дағы педагогикалық процестерді
ұйымдастыру тәсілі енеді.
Жалпы ойыннан педагогикалық ойынның айырмашылығы, ол оқу-танымдық
бағыттылықпен сипатталады және нақты қойылған оқыту мақсаты мен оған
дәлелденген педагогикалық нәтижелерге сәйкес келетін маңызды белгілер тән
болады. Оқудың ойындық формасы сабақтарда оқу ісіне талаптандыру,
ынталандыру құралы ретінде ойын түрлерінің, әртүрлі ситуациялардың
көмегімен іске асады. [12]

Оқудың сабақтық үлгісінде ойын түрлері мен жағдайларын іске асыру
мынадай негізгі бағыттарда жүзеге асырылады:
- оқушылар алдына ойын тапсырмасы формасындағы дидактикалық мақсат
қойылады;
- оқу ісі ойын ережелеріне бағынады;
- оқу материалдары оның құралдары ретінде қолданылады;
- оқу ісіне дидактикалық тапсырмаларды ойын тапсырмаларына ауыстыратын
жұмыс элементі енгізіледі;
- дидактикалық тапсырмалардың жетістікте орындалуы ойын нәтижесімен
байланыстырылады.
Ойын-кәсіби және отбасылық өмірдің мектебі, адамдық қатынастың
мектебі. Бірақ жай мектептен оның айырмашылығы, адам, ойын барысында білім
ала отырып, белгілі бір жетістіктерді үйренгенін де байқамай қалады. Жай
мектептерде білімнің қайнар көзін көрсету қиын емес.
Ол мұғалім - оқытушы адам. Оқыту ісі монолог үлгісінде (мұғалім
түсіндіреді, оқушы тыңдайды) және диалог үлгісінде (мұғалім бақылау
мақсатында оқушылардан сұрайды немесе оқушы бір нәрсені түсінбеген жағдайда
мұғалімнен сұрайды) жүргізіледі. Ал ойында оқытушы адам және жеңіл
меңгерілетін білім көзі жоқ.
Оқыту іс -әрекет тілінде дамытылады, барлық ойынға қатысушылар бір-
бірімен белсенді қатынас нәтижесінде оқиды және оқытылады. Ойындық оқыту
баланы (білім алушыны) жалықтырмайды. Ойын негізінен еркін және қалаулы
болады.
Ойынның негізгі қызметі. Оқу процесіндегі ойын технологиясының рөлі
мен орны мұғалімнің педагогикалық ойын қызметін түсінуі мен ойын
элементтерінің үйлесуіне байланысты.
Ойын қызметі - оның пайдалылығы. Ойынның әр түрінің өзіндік пайдалы
жағы бар. Мәдениеттің педагогикалық феномені ретіндегі ойынның біршама
маңызды қызметтері бөліп көрсетіледі.
Ойынның әлеуметтік - мәдени белгіленуі. Ойын-баланы әлеуметтендіру-ші
ең күшті тәсіл, оның тұлға болып қалыптасуына әсер етуші және өзіне тиісті
білімді, рухани құндылықты, белгілі нормаларды меңгерген адамның
қалыптасуына әсер етуші әрекет.
Ойынның әлеуметтік-мәдени сипаты адамның мәдениет байлықтарын
меңгеруі, оның тұлға ретінде, ұжымның белді мүшесі ретінде қалыптасуы
синтезі дегенді білдіреді.
Ұлтаралық қатынас қызметі. И.Кант адамзатты қарым-қатынастың өзі деп
есептеді. Ойындар ұлттық, сонымен қоса ұлтаралық, интернационалдық,
жалпыхалықтық болып келеді.
Ойындар өмірдің әртүрлі жағдайларын жасауға, келіспеушілікті шешуде
жол табуға мүмкіндік береді, өмірдегі бар нәрселерді қабылдауда сезімнің
әрқилылығына үйретеді.
Ойында адамның өзін іске асыру қызметі. Бұл ойынның негізгі
қызметтерінің бірі.
Ойын адам үшін өзін тұлға деп танытуды іске асыру ортасы ретінде
қажет. Осы түрінде оған ойынның нәтижесі немесе бәсекелестікпен қандай да
бір мақсатқа жетушілік емес, ойын процесінің өзі маңызды. Ойын процесі -
бұл өздігінен іске асыру кеңістігі.
Коммуникативтік ойын. Ойын - нақты және коммуникативті іс-әрекет. Ол
қатысушыларды күрделі адам қатынасының шынайы құрамына ендіреді. Кез-келген
ойындық қоғам - ұжым.
Ол әрбір қатысушы ойыншы мен көпшіліктің қарым-қатынасына сәйкес
жүргізіледі.
Егер ойын адамдардың қатынасы болса, онда әрекеттестіктен, өзара
түсінуден, өзара жол берушіліктен тыс олардың арасында ешқандай ойынның
болуы мүмкін емес.
Ойынның диагностикалық қызметі. Диагностика - тану қабілеттілігі,
диагноз қою процесі. Ойын болжағыштық қабілетке ие; ал адамның басқа іс-
әрекетіне қарағанда диагноз қойғыш, өйткені, біріншіден, адам ойында өзін
жоғарыдан көрсетеді (интеллект, шығармашылық); екіншіден, ойын - бұл “өзін-
өзі көрсету”.
Ойынның ойынмен емдеу қызметі. Ойын оқығанды, қоршаған ортамен
байланыс кезінде, мінез-құлқында пайда болатын қиындықтарды жеңу үшін
қолданылуы керек.

Ойын түрлерінің емдік маңызын бағалай отырып Д.Б.Эльконин, ойын
терапиясының әсері баланың рөлдік ойында алатын жаңа әлеуметтік қатынасының
тәжірибесімен анықталады деп жазады. Дәл шынайы қатынастар тәжірибесі
рөлдік ойынның баланы мәжбүр ету қатынасының орнына үлкендермен, сондай-ақ
өз құрдастарымен еркін қарым-қатынас жасауына бейімделуі терапияның әсеріне
әкеліп тіреледі. Дидактиалық оыйндардың оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:
1. Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе
оқиғаларды
бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі; қарапайым жұмбақ
арқылы; қиындық – оңай жолмен; қажеттілер – қызық жолмен беріледі;
2. Ойын – тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік
тапсырмалар
құрайды. Ойын міндеттерімен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.
3. Ойын болжамдар. Бұл ойындар Не болар еді...?, Мен не істер едім,
егер ... деген
сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына
проблемалық міндет пен ситуация қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар
білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс тапсырмаларын белгілеуді талап
етеді.
4. Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі – логикалық астарының
болуында.
Олар баланың ой-әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және
сипаттау арқылы ұғымының қасиеттерін ажыратуға тәрбиеледі, оқушы қиялының
дамуына әсер етеді.
5. Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және
балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас
ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы – олар
эмоцияналдық түрде белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға,
бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады. [13]
Балабақшадағы тәрбие бағдарламасы ойын түрлері:
1. Сюжетті рольді ойындар.
2. Құрылыс материалымен ойнау.
3. Қимылды ойындар.
4. Дидактикалық ойындар.
5. Драмалық ойындар.
6. Музыкалық-дидактикалық ойындар.
Құрылымы бойынша:
1. Сюжеттік- рөлдік ойындар.
2. Жаттығу ойындар.
3. Драмалық ойындар
4. Шығармашылық ойындар.
5. Әдеби-музыкалық ойындар.
Ойынның түзету қызметі. Егер барлық қатысушылар ойын ережелерін
меңгерсе, әрбір ойынға қатысушы өз рөлін ғана емес, сонымен қатар
серіктерінің де рөлін жақсы білсе, ойын әрекеті мен мақсаты оларды
біріктірсе, ойында психологиялық түзету табиғи жүргізіледі. Түзету ойындары
мінез-құлық ауытқыған оқушыларға көмек көрсетуге қабілетті, сондай-ақ
оларға түзелуге және топта өз қатарларымен араласуға, қарым-қатынас жасауға
да көмектеседі.
Ойынның көңіл көтеру қызметі. Көңіл көтеру - бұл қандайда бір нәрсеге
деген құштарлық.
Ойынның көңіл көтеру қызметі белгілі бір ыңғайлы қалыптың, қолайлы
жағдайдың қалыптасуымен байланысты. Ойында көңіл көтеру - ізденіс.
Ойын мотивтері мен ойынды ұйымдастыру. Ойын формасындағы оқыту басқа
технологияларға қарағанда әртүрлі әдістемелерді пайдалануға мүмкіндік
береді.
1. Қарым-қатынас жасау әдісі:
- оқушылар тапсырманы бірлесе шешу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың педагогикалық мәселелері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дидактикалық ойындар негізінде қалыптастыру
Мектеп оқушыларының ойын әрекетінің табыстылығын бағалаудың объективті критерийлері
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану жайлы
Бастауыш мектептің математика сабақтарында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту жайлы
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерінің тәрбиелік мәні
Дидактикалық ойындар арқылы оқушыларды ұлттық тәрбиеге баулу
Оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың теориялық негіздері
Инновациялық-компьютерлік технологияны қолдану арқылы экономикалық білім берудің педагогикалық алғышарттары
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелеу үдерісінде дидактикалық ойын материалдарын пайдалану
Пәндер