Оқушылардың өзіндік іс-әрекеттерін ұйымдастыру және танымдық қабілеттерін дамыту



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Оқушылардың өзіндік іс-әрекеттерін ұйымдастыру және танымдық
қабілеттерін дамыту.
2. Оқушылардың оқуға деген саналы көзқарасын тереңдету және ақыл
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім беру
жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға
бағытталған ролі атап көрсетілген: педагог қызметкерлер оқушылардың
мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім,
білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің
көрініп, дамуы үшін жағдай жасауға міндеттті- делінген.
Мемлекетімізді дамыған өркениетті елдер деңгейіне көтеру үшін болашақ
ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап жан-жақты білімді, кәсіпкерлік ортаға
бейімді етіп тәрбиелеу басты бағытымыз. Біздің міндетіміз дүниежүзіндегі
жаңалықтармен, жауапкершілік, ерік күш сезімдерін сіңіру, яғни олардың
дамуына үлкен мән беру. Ал дамудың негізі-білімде.
Білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты
жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының дербестігін,
іздемпаздығын, белсенділігін мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуды
талап етеді. Сондықтан оқушылардың мектепте оқып жүрген кезінде олардың
ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктіліктерін өмірдің жаңа
жағдайында пайдалана білуге қажеттілігі туындайды. Бұл міндеттердің жүзеге
асуы оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін оңтайлы ұйымдастыруға тікелей
байланысты. Мектеп оқушысы жаңаша өмір сүріп қоймай, қоғамның әлеуметтік,
құқықтық, экономикалық нормаларын меңгере отырып, қоғам мен тығыз
байланыста болуын дамыту.
Оқушыларды оқу пәндерінің түсініктері және категрориялары мен
таныстырудағы жүйелік пән бір ізділік оқушыларды ойлаудың тиімді әдістері
пайда болуына әсер етеді. Шетел ғалымдарының зерттеулері оқушыны пәндерімен
таныстыруда басқа пәндер жүйесінеде және білім саласындағы оның орнын
көрсетуге, пәннің жалпы құрылымы мен оның оқу жоспары туралы хабарлаудан
бастаудың мақсаты екенін көрсетті.
Мынадай идея ұсынылғанда, оқушыларға курстың басында бірденақ оқылатын
құблыстардың жалпы жаратылысына сипаттама беріп, қағидалар мен ұғымдардың
негізгі принциптерін хабарлауға болады, - деп мұнан бұрын атап көрсетілген
болатын, ал мұнан кейін оларды осы жалпы қағиданы жеке жағдайға қолдану
ұсынылды. Мұның негізінде мынадай болжамдар жатыр: мұндай көзқарастың
арқасында жалпы құрылмға жатқызылған жеклеген фактілерді есте сақтау
оңайлайды, ал оқушылар болса құбылыстарды түсінудің жалпы тәсілін, оларды
топтастыруды меңгеріп алады; оқушы пәнердің құрылымын неғұрлым жақсы
түсінсе, ол соғұрлым тығыз да ірі тақырыптарды оқып үйрене алады.
Бұл идеялар қазіргі ғалымдардың зерттеулерінде белгілі бір сатыда
шындыққа айналуда, олар жаңа бағдарламаларда да (мысалы, физика бойынша)
кейбір белгілерін тапты. Алайда, бұл идеялар онан әрі зерттеуді анықтап,
эксперементік тексеруден өткізуді қажет етеді.

Оқушылардың өзіндік іс-әрекеттерін ұйымдастыру және танымдық
қабілеттерін дамыту.

Әрбір жеке тұлғаның болашағы мектебінде шындалады. Ертең осы елге ие
болып тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп
оқушылары.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан -2030
Қазақстан халқына жолдауында қазақстандықтардың өмір сапасының артуындағы
міндеттердің бірі осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау,
парасатты экономиканың негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды,
идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім беру
жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға
бағытталған ролі атап көрсетілген: педагог қызметкерлер оқушылардың
мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім,
білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің
көрініп, дамуы үшін жағдай жасауға міндеттті- делінген.
Мемлекетімізді дамыған өркениетті елдер деңгейіне көтеру үшін болашақ
ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап жан-жақты білімді, кәсіпкерлік ортаға
бейімді етіп тәрбиелеу басты бағытымыз. Біздің міндетіміз дүниежүзіндегі
жаңалықтармен, жауапкершілік, ерік күш сезімдерін сіңіру, яғни олардың
дамуына үлкен мән беру. Ал дамудың негізі-білімде.
Білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты
жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының дербестігін,
іздемпаздығын, белсенділігін мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуды
талап етеді. Сондықтан оқушылардың мектепте оқып жүрген кезінде олардың
ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктіліктерін өмірдің жаңа
жағдайында пайдалана білуге қажеттілігі туындайды. Бұл міндеттердің жүзеге
асуы оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін оңтайлы ұйымдастыруға тікелей
байланысты. Мектеп оқушысы жаңаша өмір сүріп қоймай, қоғамның әлеуметтік,
құқықтық, экономикалық нормаларын меңгере отырып, қоғам мен тығыз
байланыста болуын дамыту.
Осы аталған мақсатқа жетудің міндеттеріне тоқтала кетейік :
1) оқушылардың теориялық білімдерін шыңдау
2) оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін ескеру
3) шығармашыл тұлға қалыптастыру.
Математиканы оқыту процесін жетілдіру оқушылардың танымдық
белсенділігі мен іздемпаздығын арттыруға негізделген. Оқу танымдық қызметі
барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймастан,
танымдық қабілеті мен шығармашылдық ойлауы да дамытылады.
Оқушылардың танымдық қызғушылықтарын дамытуға арналған зерттеулердің
нәтижелері оқушылардың танымдық қызығушылығының көрсеткіштері ретінде
төменде берілген:
- таным үрдісіндегі белсенділігі, білімге қызығушылығы;
- өздігінен ізденушілік әрекет жасауға ынтасы;
- оқу-танымдық қызметтегі негізгі түйінді анықтау білігі;
- игерілген білімді тасымалдай білуі;
- өз іс- әрекетін бақылауы, бағалауы;
Оқушылардың танымдық қызығушылығының ең жоғары деңгейі танымдық
міндеттерді өздігінен шешуге ұтымды жолдарды қолдана білуімен, жаңаны
білуге деген қызығушылығының жоғары болуымен және өз іс- әрекетін бақылап,
бағалай білумен сипатталады.Орта деңгейде оқушы танымдық іс-әрекет деңгейін
өздігінен орындауды оқытушының көмегін қажет етуімен сипатталады, төменгі
деңгейде оқушы тапсырманы қайталаумен шектеліп, оқытушының көмегімен
орындалады.
Мектептегі ізденіс жұмысының және оқушының ойлау қабілеттінің
даму жолдарының алғы шарттарының бірі – баланың пәнге деген қызығушылығын
анықтау, тәрбиелеу, жетілдіру, бойындағы ерекше қасиеттерін көрсетуге,
дамытуға мүмкіндік көрсету. Осы қағиданың негізінде ерекше қабілеті бар
балалар ізденіс жұмыстарына белсенді қатысып тартылады.
Іздену жұмыстары арқылы оқушының ойлау қабілетін анықтап және
олардың жетілуіне тиімді жағдай жасау. Балалардың ізденіс жұмысқа
бейімделуі – терең білімнің негізі болып ғана емес, оқушының ойлау
қабілетінің даму кепілі болып табылады.
Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес, Қазақстан
Республикасының дамыған елдермен иық тіресіп тұруы үшін, еліміздің болашағы
мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс-әрекет ете алатын,
қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті.
Оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру оқытудың түрлі формалары
мен әдістері арқылы жүзеге асырылады. Солардың ішіндегі ең тиімдісі
(ізденушілік) – оқушының ғылыми қоғамын ұйымдастыру. Биік танымдық қабілет,
тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды
екен. Сондықтан ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы керек.
Ендеше мектепте оқушыны ізденіс жұмысына қатыстыра отырып ғылыми мен
техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға
ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттін ашуларын көмектесуіміз қажет.
Оған қол жеткізетін тиімді ізденіс жұмыс түрінің бірі – оқушылардың ғылыми
қоғамын ұйымдастыру.
Зерттеушілік процесс барысында оқушылар белгілі фактілер мен
құбылыстарға берілетін түсініктемелер мен дәлелдеулерді өз бетінше
іздестіріп, түсінуіне тура келеді.Ол - есеп шығарудан рухани қанағаттануы
мен эстетикалық ләззат алуы және зерттеу мақсатына жету мүмкіншілігіне
сенімді болуы.Оқушыларды математикалық зерттеу әдісіне үйрету, оларға
зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру арқылы математикалық танымдық
қабілетін дамытуға мүмкіндік тудырады.
Математиканы оқыту үрдісінде оқушылардың оқу- танымдық іс-әрекеттін
көтеру оқу уақытын көп жұмсауды қажет етеді. Осыған байланысты математика
сабағында құрал жабдықтардың , математикалық есептерді шығаруда дайын
сызбалар мен жазулардың, қолдан жасалған дидактикалық материалдардың
тиімділігі зор.
Оқыту процесі шығармашылықпен ұйымдастырылса, онда оқушылардың білім
дәрежесі оқытушы айтқан сөздерден емес, өздерінің ізденуі және есеп шығару
әдістерін іздеу арқылы қалыптасады.
Қай елде болсын балаға білім беру ісі елеулі орын алып, ұрпағының
білімділігі мен біліктілігін шындауға бет бұрды. Шынында да оқушылардың
жалпы білімін көтеру үлкен мәселе екені сөзсіз. Еліміздің мәртебесінің биік
болуы қоғам мүшелерінің келешек ел қожасы – жас ұрпақтың белсенділігі мен
іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Қазіргі таңда еліміздің келешегін,
өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты тәрбиелеу –
біздің басты борышымыз.
Зертеушілік әдісте қолдану дағдысы тұлға дамуының негізі: керекті
ақпарат, фактіні жинау, түрлі көзқараста сараптау дағдысы, қорытынды жасап,
пайымдау .
Ғылыми жобалау әдісіндегі іс-әрекететуші тұлға, зертеушілік
шығармашылдық, ролде ойнаушы, іздемпаз тұлға.
Жобалаудың жалпы құрылымы :
1) алдымен жобаның тақырыбын типін таңдау ;
2) зерттеудің маңыздылығы;
3) міндеттерді топтарға бөлу, зеттеу әдістерін талқылау, ақпарат
іздеу, шығармашылық шешімдер қабылдау
4) зерттеулердің, шығармашылдық міндеттері бойынша өздік жұмысы,
бақылау
5) алған ақпараттары бойынша талқыға салу
6) қорғау
Жобалау әдісіне қойылатын талаптар
-зерттеудегі шығармашылық жоспардың проблемалары мен міндеттерін
кіріктірілген білімді, оны шешу үшін ізденушілігін талап ету.
-практикалық , теориялық , танымдық нәтижелердің көрсеткіштері
-оқушылардың өздігінен іс-әрекет етуі.
-жобалаудың мазмұнының құрылымы.
Жобалау әдісінің алгоритмі
1.Проблема
2.Жобалау
3.Ақпарат көздерін іздестіру
4.Нәтижені қорытындылау
5.Презентация.
Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өндіруге
дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға
тән дәстүрлі мінез.
Қазіргі кезде зерттеу ісі бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне
енген кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып
табылады. Бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті баланы өзіндік
ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін үйрету. Әр оқушыны
жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін оның танаымдық қабілетін түрлі
әрекете көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет .

Оқушылардың оқуға деген саналы көзқарасын тереңдету және ақыл

Оқушылардың оқуға деген саналы көзқарасын тереңдету және ақыл - ойға
деген белсенді сезімін ояту, таным міндеттерін алға қоюға проблемалық
жағдайлар жасауға және оқушылардың белсенділігін қолдайтын басқа да
бірсыпыра әдістер мен методтарды қолдануға ықпал жасайды.
Меңгеруге деген саналылық есте сақтаудың ең маңызды шарты болып
табылады. Мысалы, жарқын да жадында қалған түсінікті бейне жасаған өлең
жолдары зердеден оп-оңай-ақ орын алады, ұмытылмайды және оның керісінше,
түсініксіз де жанды тебірентпейтін санаға жетпейтін өлең жолдарын ойда
сақтау аса қиын.
Тек саналы меңгеру ғана жаңа білімді бұрынғы біліммен түсініктер
қорына қосуға, олырды топтап, реттеуге, пәндер ішіндегі және пән аралық
тұтастай байланыстарды бақылап отыруға мүмкіншілік береді.
Саналық көз қарас тек білімді меңгеруге ғана емес, сондай-ақ іскерлік
пен дағдыны қалыптастыруда да сондай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың жеке пәндерін оқыту үдерісінде танымдық міндеттерін қалыптастыру
Проблемалық оқытудың кемшіліктері
Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымының теориялық негіздері
Өзін – өзі тану сабақтарында оқушылардың шығармашылық іс – әрекеттерін ұйымдастыру
Информатика пәнінен әдістемелік құрал
ХИМИЯДАН ОҚУШЫЛАРДА РЕФЛЕКСИВТІ ҚАБІЛЕТТЕРДІ ДАМЫТУДЫ ӘДІСТЕМЕСІ
Оқушылардың әмбебап оқу әрекеттерін қалыптастыру әдістемесі
Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық тұлғасын қалыптастырудың теориялық негіздері
Жаратылыстану пәнін оқытуда оқушының өзіндік жұмысының формалары мен міндеттері
Пәндер