Оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудағы мектеп пен отбасының бірлігі


Лекция тақырыбы: Оқушылардың эстетикалық мәдениетін
қалыптастырудағы мектеп пен отбасының бірлігі
Маќсаты: Мектеп оқушыларының эстетикалық мәдениетін қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу.
Міндеттері:
1. Оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негізін анықтау.
2. Эстетикалық мәдениет қалыптастырудағы мектеп пен отбасының бірлескен іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін ашу.
Мәселенің көкейкестілігі. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында жасалған Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына жолдауының «Осы заманғы білім беруді дамыту, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта даярлаудың ұдайы артуы және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі өркендеуі» делінген төртінші басымдықтың бірінші бөлімінде «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет екендігі» жазылған [1] .
Қазіргі таңда қоғамды жүріп жатқан күрделі өзгерістерге байланысты, әрбір жас адамның жеке адам ретінде қалыптасы үшін, оның психикалық дау ерекшеліктерін ескере отырып, адамға берілген мүмкіндіктерді толық пайдалану қажеттілігі оқу-тәрбие үрдісінің негізгі бағыты болуы тиіс [2] . Жастардың болашаққа деген бағыт-бағдары отбасында, мектеп қабырғаcында, жалпы қоғамдық деңгейде алсақ, бүкіл қоршаған дүние ортасында қалыптасады.
Эстетикалық тәрбиені жүзеге асырудың негізінде білім беру жүйесінің пайда болғандығы белгілі. Сондықтан да тәрбие, білім беру үдерісі қоғамдық-тарихи жағдайдағы қоғамдық қатынаспен, қоғам өмірімен тығыз байланыста жүреді.
Ғылым мен техниканың дамуына сәйкес қоғамның өндіргіш күшін даярлау қоғамдық қажеттілік, соның негізінде білім беру қоғамдық құбылыс ретінде жетілдіріледі. Білім беру қоғамдық құбылыс болғандықтан, жас ұрпаққа мектеп қабырғасынан бастап аға ұрпақ қол жеткізген өндірістік эстетикалық тәрбиені игертіп, қоғамға қажетті өндірістік күш даярлауды жүзеге асырады. Өндіргіш күштердің белгілі деңгейде дамуы, соған лайықты меншіктің қатынасы және экономикалық базисті анықтайды. Осы қатынастардың сипатына сай өндіргіш күштер мен тәрбиенің, білім берудің мазмұны анықталады. Анықталған білім мен тәрбие мазмұны адамды, әсіресе мектеп қабырғасында баланы тәрбиелеудің бағыт-бағдарын айқындайды әрі жүзеге асырады. Жетілдірілген білім беру мазмұны танымдық қасиеті жоғары, шығармашылықпен жұмыс жасайтын тұлға талап етеді.
Эстетика ғылым ретінде құлдық қоғам дәуірінде Египет, Вавилон, Индия, Қытай жерлерінде бастау алды.
Эстетиканың негізгі бағыттарының дамуы Ежелгі Грек жерінде анық көрініп, Гераклит, Аристотель, Эпикур идеяларында орын алды. Кайта Өрлеу дәуірінде Леонардо да Винчи, Л. Альберти, А. Дюрер, М. Монтень, В. Шекспир, М. Сервантес сияқты өнер өкілдерінің табиғат пен адамның түп тамырында сұлулық жатқандығы туралы ой-пікірлері эстетика ауқымын кеңейте түсті. Олар табиғатты шығармашылықтың көзі деп, ал оны адаммен біріктіре қарауды көркем бейнелеудің құралы деп бағалады.
Педагогика ғылымының соңғы жетістіктері тұрғысынан қарағанда тұлғаның эстетикалық мәдениетін қалыптастыру - күрделі мәселелердің біріне айналды. Баланың жеке тұлғасын дамыту ісінде тәрбие институттары ішінде мектепке ең күрделі міндеттер артылады. Алайда, ол мектепте жеке тұлғаның дамуын оқу қызметіндегі бірінші кезектегі міндет деп танығанда ғана іске асады.
Эстетикалық тәрбие теориясы мен практикасын талдауға халық ағарту ісінің көрнекті қайраткерлері Н. К. Крупская[3], А. С. Макаренко[4], В. А. Сухомлинский[5], П. П. Блонский[6], С. Т. Щацкий[7], Б. М. Неменский[8] секілді өкілдері қатысты.
Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары - әдебиет және өнер. Олар зор идеялық тәрбиелік роль атқарады. Әдебиет пен өнер адамдарды қуанышқа бөлейді, жігерлендіреді, олардың идеялық жағынан баюына игі әсер етеді. Өнер және әдебиет адам санасына белгілі көзқарастарды әртүрлі құралдар арқылы (әдебиетте - проза, поэзия; кескіндеме - жанр, баталия, пейзаж; мүсінде - бюст, т. б. ; музыкада - симфония, оратория, ән) енгізеді.
Белгілі орыс суретшілері П. А. Федотовтың, В. Г. Перовтың, И. Е. Репиннің, В. В. Верещагиннің, И. И. Шишкиннің, И. Н. Левитанның және қазақ суретшілері Ә. Қастеевтің, М. Кенбаевтың, Қ. Шаяхметовтың т. б. шығармашылығымен байланысты бейнелеу өнері оқушылардың тәрбиесіне күшті ықпал етеді.
М. Горький, Н. А. Островский, А. А. Фадеев, М. А. Шолохов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов т. б. еңбектеріндегі адам баласының бақыты және бостандығы үшін күрескендердің бейнелері жастарды ұлы ерлікке рухтандырады. Қазақтың ағартушысы-демократтары Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев және т. б. ақын-жырау, жазушыларымыз халқымыздың рухани дамуына өлшеусіз үлес қоса отырып, эстетикалық тәлім-тәрбиенің, мәдениеттің маңызына ерекше мән берген.
Халық дәстүрлер арқылы балаларға эстетикалық тәрбие беру мәселелерін С. А. Ұзақбаева[9], К. Ж. Қожахметова[10], З. Әбілова[11] т. б. қарастырған. У. Асанова болса айтыс өнері арқылы оқушыларға адамгершілік-эстетикалық тәрбие мәселелерін зерттеген. Б. А. Альмұхамбетов[12] ұлттық бейнелеу өнері құралдары арқылы 4-7 сынып оқушыларның эстетикалық тәрбиесін зерттесе, Р. К. Дүйсенбінова[13] қазақ халқының ән өнері арқылы оқушыларға музыкалық-эстетикалық тәрбие беру мәселесін қарастырды. Ал А. Қ. Ералина қазақ қолөнері арқылы болашақ мұғалімдерді оқушыларға эстетикалық тәрбие беруге даярлау мәселесін зерттеді.
Отбасы тәрбиесі мәселелері Шығыстың ұлы ойшылдары Әл-Фараби [14], Қ. Ясауи [15], М. Қашқари [16], Ж. Баласағұн [17], классик педагогтар Я. Коменский [18], К. Ушинский [19], И. Песталоцци [20], қазақ ағартушылары Абай [21], Ыбырай [22] еңбектерінде, кеңес педагогтары В. Сухомлинский [23], А. Макаренко [4], Ж. Аймауытов [24], М. Әуезов [25], С. В. Ковалев [26] т. б. еңбектерінде кеңінен орын алды. Бүгінде отбасы тәрбиесі мәселелері ғалымдар И. В. Гребенников [27], Ш. Ахметов [28], Ж. Қоянбаев [29], А. Табылдиев [30] және т. б. тарапынан зерттелініп келеді. Сол сияқты С. С. Қоңырбаева [31] отбасында баланың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдарын, әдістерін зерттеген, Қ. Т. Атемова [32] қазақ балаларын отбасында халық дәстүрлері арқылы тәрбиелеу жолдарын қарастырса, К. А. Оразбекова[33] халық тәрбиесінің психологиялық жақтарын ашып береді.
Адам өмірге келгеннен бастап өмірінің соңына дейін отбасының ықпалын сезінеді. Бұнымен ешқандай тәрбиелік қоғамдық институттар тең келуі мүмкін емес. Әрбір отбасында өзіне тән белгілі бір адамгершілік-рухани, эстетикалық-ізгіліктік деңгей қалыптасқан. Осы деңгей қаншалықты жоғары болса, отбасындағы адамдардың әсіресе балалардың мәдени қажетін қанағаттандыру, қызығуы мен қабілетін дамытуға үлкен мүмкіндік болып, бала тәрбиесі соншалықты дұрыс жалғасын тауып, адамгершілік және көңіл күйлік-эстетикалық байлықпен өмір сүреді. Яғни мектеп пен отбасы тәрбиесінің бірлікте жүруі - тұлға қалыптастыру үдерісіндегі ең басты қажеттілік болып табылады.
Эстетикалық тәрбие тұлғаның эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың бір аспектісі ретінде қарастырылады. Яғни эстетикалық мәдениет материалдық өндірістің эстетикалық ұйымдастырылуын құрайды.
Оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудағы мектеп пен отбасы бірлігінің педагогикалық негізі.
Қоғамның даму жағдайында эстетикалық тәрбие жеке тұлғаның үйлесімді дамуын қалыптастыруда адамгершілік тәрбиесінен кейін маңызды орын алады. Эстетика адамның өмірі, іс-әрекеті, тәжірибесімен органикалық байланыста болып келеді. Сондықтан тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуында әрбір адамның өз өмірін «әдемілік заңы» бойынша құруға тырысуы қажет.
«Эстетика» грек сөзі. Сезім, түйсік деген мағынаны білдіреді. Олай болса, эстетика - өмірді сезім арқылы танып білудің негізгі жолы. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам еңбектегі әдемілікті, табиғатты, өнердегі сұлулықты танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады.
Этика ұғымын тұңғыш рет ғылымға енгізген неміс философы (ратционалист) Александр Баумгартен (1714-1762 жж. ) болды. Ол өзінің «эстетика» атты еңбегін 1750 жылы басып шығарады. Осы кезден бастап «эстетика» ұғымы жаңа ғылым атауы ретінде қалыптасты.
Эстетика ғылым ретінде құлдық қоғам дәуірінде Египет, Вавилон, Индия, Қытай жерлерінде бастау алды.
Эстетикалық тәрбие теориясы мен практикасын талдауға халық ағарту ісінің көрнекті қайраткерлері А. В. Луначарский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский, П. П. Блонский, С. Т. Щацкий, В. Н. Щацкая, А. И. Буров секілді өкілдері қатысты. А. В. Луначарский эстетикалық тәрбиенің мәнін аша келе, эстетика саласынан қайсыбір өнерді қарапайым түрде оқыту деп түсінуге болмайтындығын, керісінше, олардың сезім мүшелері мен шығармашылық қабілеттеріне жүйелі түрде әсер ететін оқуды, одан оқушылардың ләззат алып, оны өздері жасай білу мүмкіншіліктерін дамыту деп түсіну керектігін айтқан. Еңбек пен ғылым саласынан берілген білімде эстетика қамтылмаса, онда сол білімнің жансыздығы (сыңаржақтылығы) деп есептелген [34] .
Л. Н. Толстой әрбір адамның бойында көркемдік шығармашылығына қатысты әртүрлі қажеттіліктің болатындығына, соны міндетті түрде дамытып, тәрбие мақсатына қолдану туралы ойын айтса[35], К. Д. Ушинский - «барлық балалар бірі қалмастан әуесқой - суретші» деген[36] . Ал В. А. Сухомлинский «әрбір бала - ақын» деп жазған[37] .
Демократиялық эстетикалық ой-пікірлерді дамытуда орыс әдебиетінің көрнекті өкілдері Ф. М. Достоевский, Н. Г. Чернышевский, А. И. Герцен, Н. А. Добролюбов, Л. Н. Толстой т. б. еңбектерінің үлесі мол. Әсіресе Н. Г. Чернышевскийдің ең басты үлесі негізгі эстетикалық категорияларды (сұлулық, асқақтату, трагедия, комедия, өнер) материалистік тұрғыдан қарастыруға талпынды. Ол өнердің халықтық екендігін және жоғары идеялылығын негіздеді[34] .
Қазақтың ағартушысы-демократтары Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев және т. б. ақын - жырау жазушыларымыз халқымыздың рухани дамуына өлшеусіз үлес қоса отырса, эстетикалық тәлім - тәрбиенің маңызына ерекше мән берген.
Б. М. Неменский «Эстетикалық тәрбиенің негізгі, мақсаты мен мәні» атты мақаласында эстетикалық тәрбие дегеніміз - айналадағы болмыста, табиғатта, қоғамдық өмірде, еңбекте, көркемөнер құбылыстарындағы әсемдікті сезініп, мақсатты қабылдау қабілетін тәрбиелеу. Көркемөнерде, өмірде әсемдікті жасауға шамасынша қатысуға қабілеттері мен мүмкіндіктерін тәрбиелеу, - деп сипаттама берсе[8], С. Т. Шацкий эстетикалық тәрбиеге «әсемдік заңы бойынша» адамның әрекетке және көркем өнерге эстетикалық көзқарасын, эстетикалық қажеті мен творчестволық әрекетін қалыптастыру, - деген тұжырым жасайды[7] .
Эстетикалық тәрбие тәрбиенің басқа салалармен де тығыз байланысты. Ол еңбек, ақыл ой, адамгершілік, денешынықтыру, т. б. тәрбие түрлерімен қоян қолтық ұштасып жатады. Оқушыға оқылатын құбылыстың әсемдік сырын ашпай тұрып, оған ақыл - ой тәрбиесін беру, еңбек процесі мен мазмұнының игі жақтарын танытпай еңбек тәрбиесін беру, іс әрекеттің адалдығын танытпай адамгершілік тәрбиесін беру, адам дене құрылыс мүшелерін танытып алмай дене тәрбиесін беру мүмкін емес. Олай болса, эстетикалық тәрбие жеке тұлғаның адамгершілік сезіміне, рухани дамуына ықпал етеді. Оның жаман әдеттен бойын аулақ ұстауына, көркем әдебиет оқуын, музыкалық шығармаларды түсіне білуіне негіз болады. Сондықтан, эстетикалық тәрбие адам баласына өмірдегі, табиғатты, өнердегі, табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, адамдар арасындағы қарым-қатынаста бар жақсылықты, әдемілік пен әсемділікті түсіне білуге, көре білуге, қабылдай білуге, тіпті соны өзі адам игілігіне жасай білуге үйретуді, жаттықтыруды және соған қабілет болу дағдыларын меңгертуді көздейді.
Эстетикалық тәрбие берудің мазмұны көркемдік талғамды жетілдірумен, оқушыларды өнерге тартып таныстырумен ғана шектелмейді. Ол ақиқатқа эстетикалық көзқарасты, өмірдегі әсемдікті дұрыс қабылдауды, табиғатты эстетикалық тұрғыда қабылдауды қарастырады.
Өмірдегі, өнердегі және табиғаттағы әсемдікті көре білу, сезіну және ұғыну сәбилік шақтан пайда болады. Мектепте мұның бәрі одан әрі дамиды, онда болмысқа деген эстетикалық көзқарастың негіздері қаланады. Мектеп оқушыларды табиғаттағы, өнердегі, адамдарды қарым-қатынастағы әсемдікті ұғынуға және бағалауға дағдыландырады. Яғни, олар «әсемдік заңы бойынша» өмір сүруге үйренеді, шығармашылық қабілеттерін дамытуға дағдыланады.
Егер адам сана және өзіндік санаға ие болып, өз бетінше жаңғыртушы іс-әрекет орындауға қабілетті болса, онда ол адам тұлға деп аталады.
Тұлға ретінде әрбір адам әлеуметтік жүйеде мақсат бағдарлы және ойластырылған тәрбие барысында қалыптасады. Әрбір тұлға, бір жағынан, қоғамдық тәжірибені игеру деңгейімен, ал екінші жағынан, материалдық және рухани құндылықтар қорына қосқан қоғамдық үлесімен танылады. Тұлға үшін адам өзіне табиғаттан берілген және өмір мен тәрбие желісінде қалыптасқан ішкі қасиеттерін нақты практикалық қызметте аша білуі шарт.
Мектеп оқушыларының эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады. Әсемдікті көре, түсіне жасай білу жеке тұлғаның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззатттануға мүмкіндік береді. Біз әр жеке тұлғаның эстетикалық сезімі тұлғалық мәнін жан - жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Жеке тұлғаның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілікті және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны т. б. түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез құлқы айқындалады. Осыдан келіп жеке тұлға әсемділікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.
Қазіргі кезде эстетикалық көзқарастарды тәрбиелеу - тәрбие барысының зер салуды, күн санап өсіруді талап ететін мәселесі. Біздің қоғам жеке тұлға тек қана өнердің емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді. Эстетикалық кзөқарастар жеке тұлға шындыққа қатынасын анықтайды.
Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезеңнен бастап әсемдікке ұмтылу тән нәрсе. Ол әрдайым бойларында әсемдік құндылықтары бар қатар құрбыларына, ересектерге еліктейді. Балалардың өз еңбек іс әрекеті тиімді және сапалы болу үшін оның ұйымдастырылуы толысып, тамаша нәрсені қабылдау деңгейіне жеткені жөн. Балаға сонымен қатар жасампаздықтың да әсемдігі ашылады.
Еңбек әсемдігін қабылдауды үйретіп, іс-әрекет әсемділігіне сезімталдығын тәрбиелеп, мұғалім балалардың еңбек белсенділігін кеңейтуге дем береді. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің экономикалық мәселереге әрі тікелей, әрі жанама қатынасы бар. Бұл біздің қоғамдағы қоғамдық өндіріс адамдардың өскелең рухани және (мәдениеттілік) материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғандығынан туындайды. Өндірілген товарлар сапасының әсемдігі тұтынылу тиімділігіне үлкен әсер етеді. Мұның өзі әр баланың білім алуда белгілі дәрежеде эстетикалық көзқарас мәдениеті болуын талап етеді.
Кең ой-өрістілік сөйлеу іс-әрекетінің мазмұнынан сөз өнерін, ақыл-ой еңбегін, шындықтың обьективтік жақтарын, көркем сөз сұлулығын бөліп қарайды. Еңбек іс-әрекетінде еңбек мақсаттары мен процесі, оның нәтижесі, сұлулығы ерекше көрсетіледі. Құқықтық іс-әрекетінде қоғамдық мұрағаттардағы, оның ынтасы мен тәртібіндегі сұлулыққа баса назар аударылады. Бейнелеу іс әрекеті барысында балаларға көзге көрінетін әлем, музыкада адам жасаған дыбыс үйлесімділігінің сұлулықтары ашылады. Дене тәрбиесі мәдениет және гигиена негіздері арқылы бала адам денесінің тән және жан сұлулығын таниды т. б.
Әсемдікке тәрбиелеудің оқушыны жан жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде жанама қызметі де бар.
Әсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен бірге оның іс-әрекетінің белсенді және тиімді дем берушісі де болады. Оқушы өнегелілігінің әсемдігі, оның жан дүниесінің байлығы, шешендігі оны басқа адамдарға тартымды етеді. Оқушылар алдында ашық көрініс берген еңбек әсемдігі, ол еңбегі тартымды етеді және іс әрекетінің процесін жеңілдетеді. Ерлік пен шын азаматтық әсемдігі адамдарды қоғамдық тәртіп және құқықтық әрекеттерін орындауға жетелейді.
Эстетикалық тәрбие және білім алудағы мақсаттар: тұлғаның өнер мен қоршаған болмыс нысандарын қабылдау, игеру және бағалау дайындығын дамыту; көркем өнер, рухани және денешынықтыру мәдениеті саласындағы шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
Эстетикалық тәрбие тұлғаны әсемдікті тануға орайласқан санасын (сезімі, талғамдары ұғымдары, мұраттары, құндылықтары мен көзқарастары), оның қасиеттерін, бағалау эстетикалық қатынастарын және олардың әрекет - қылық пен мінезде, өз қалаулары мен іс әрекеттерінде (қабылдауында, бағалауында, шығармашылық қызметтестік пен өзіндік жасампаздық, сезіне жауапқа келуінде, талдауда) көрінісін ашуға, анықтауға бағытталған.
Қазіргі заман жағдайларына орай аса маңыздылары ретінде эстетикалық тәрбиенің келесі бағыттары алға тартылуда: көркем өнерлік білімді үздіксіз дамыту: оқушылардың ән күй мәдениетін қалыптастыру, театрға байланысты тәрбие мен білім беру, көркем әдебиеттік қабілеттер дарыту және дамыту.
Әсемдікке тәрбиелеудің нәтижелік көрсеткіштері: тәрбиеленушілердің эстетикалық санасының даму деңгейі; олардың эстетикалық құнды заттары, құбылыстар көркем шығармалар әлемінен игерілген қорға шығармашылдықпен қатысуы болып табылады.
Эстетикалық тәрбие бойынша қызметтер мазмұны; мұражайлар мен көрмелерге саяхаттар ұйымдастыру, көркем әдебиет туындылары бойынша конференциялар өткізу; дөңгелек үстел төңірегінде кездесулер ұйымдастыру; әйгілі орындаушылар (жеке әншілер, хор, оркестрлер) күй табақтарын жинақтау; тірі табиғат бұрышын және т. б. жасау.
Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән мәселелері бар. Олардың бірі эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:
- Эстетикалық сезімді тәрбиелеу.
- Өнер және әдебиет салаларында балалардың қабілетін, ынтасын, бейімділігін дамыту.
- Оқушыларды эстетикаға, өнерге сезімдерін талғамдарын қалыптастыру.
- Эстетикалық құралдарды пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру.
- Оқушылардың әсемдікке өз тарапынан үлесін қоса білуге тәрбиелеу[38] .
Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру жеке тұлғаларда әр түрлі болады. Біреулер онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, жанынан өте шығады. Әдемілікті сезу үшін, оған түсіну үшін, ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әрбір жеке тұлғада білім болуы қажет. Білім жеке тұлғада әдеміліктің обьективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді тұлға сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуының негізі болады.
Эстетикалық ұғымды байымдауды, баға беруді қалыптастыру эстетикалық тәрбиенің тағыда бір міндеті. Әдемілікті сүю, оған түсіну үшін балаға негізінен көмектесетін білім. Сондықтан бала бейнелеу өнері саласындағы ырғақ, үндестік музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы білімді игеру қажет. Осыған байланысты ол эстетикалық терең түсінуге тырысады, байымдай және бағалай біледі.
Эстетикалық тәрбиенің келесі бір мәселесі - жас ұрпақты өмірдің барлық салаларындағы; жеке тұлғаның өмірі мен тұрмысындағы, еңбектегі көркемөнердегі және табиғаттағы сұлулық пен әсемділікті көре білетін, ұға білетін, бақылай алатын және оларды өзі жасай алатын азамат етіп тәрбиелеу. Егер адам ол үшін жас жеткіншектер сауатты, терең білімді болу керек. Әдебиетті, музыканы, сәулет өнерін, кескіндеме, кино мен театрды түсініп, олардан жанға рухани азық, ләззат ала білу үшін де сезім - түйсігі ұшқыр, ақыл ойы алғыр, білімді адам болуы тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz