Мектеп оқушыларының адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері

Адамгершілік - адам өмірінің рухани негіздерін құрайды, ойластырады, болжайды және адамзат құндылығын қалыптастырады. «Адам жолының екі түрлі, бір - біріне қарама -қарсы ағыстар бар. Бір ағыс қаталдыққа жертелесе, екіншісі - мейірімділікке талпынады » деген Леккидің сөзінде үлкен мән бар.

Адамгершілік мәселелерін қарастыруға философтар ерте кезден - ақ ерекше назар аударған. Мәселен, И. Кант өзінің «практикалық сананы сынау» этикалық шығармасында адамгершілік жүйесін емес, адамгершілік шындығының тұжырымдамасы жасалған алдыңғы этикалық дәстүрді қатты сынға алды. Ол мораль мен адамгершілікті бір - біріне ұқсамайтын ұғым деп қарастырды. Адамгершілікті Гегель, бір жағынан, солардың көмегімен адамдардың тәртібін реттейтін әдет - ғұрыптарымен дәстүрлерін, екінші жағынан, моральға жанама адамның нақты міндеттері деп түсінді. Оның пікірі бойынша, мораль адамгершілікке қарағанда неғұрлым кең ұғым болып саналады.

В. Г. Белинский: «Тәрбие - ұлы іс, тәрбие арқылы Адам тағдыры шешіледі» десе, Д. И. Менделеев: «Тәрбиесіз білім - есуастың қолындағы қылыштай» деген болатын.

Тәрбиенің маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана Адам болып қалыптасады.

Біздің мақсатымыз - оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттер мен құндылықтарды тәрбиелеу. М. М. Пришвиннің сөзін келтірсек, «Оқушы жастарымыз дұрыс тәрбиеге наннан да артық зәру». Егер жабайы аңдар Адамдарға мейірімділік көрсетсе, адамдар неге бірін - бірітәрбиелемеске?

Я. А. Коменский: «тәрбиені мойындау - адамдардың, жанұяның, мемлекеттің және бүкіл әлемнің құруы» деген болатын. Ендеше тәрбие ауадай қажет.

Оушыларды адамгершілік құндылыққа тәрбиелеу алдымызға мынадай міндет қойып отыр:

  • оқушыны оқыған шығармалардың басты кейіпкерлерінің іс - әрекеттерінің жағымды жақтарына көңіл аударып, талдауға, түйін жасауға үйрету;
  • оқылған мәліметтерден кейіпкерлерге берілген авторлық көңіл - күйді табу;
  • оқушының адамгершілік сана - сезімінің, ақыл - ой қызметінің дамуына, қалыптасуына ықпал жасай отырып адамгершілік құндылықтарының тәрбиеленуіне қозғау салу;
  • оқушыларды сөйлету арқылы кейіпкерлердің іс - әрекетін салыстыру, қорытындылау, бағалауға үйрету;
  • оқушының өзін - өзі тануға, өзіндік Менін оятуға бағдар беру. Жаратылыстың барлығы екі қарама - қарсы нәрседен тұрады. Ақ- қара, күн - түн, ыстық - суық, жақсы - жаман. Ал адам бойындағы адамгершілік құндылықтар рухтан туындайды. Рухтың мекені - адамның жүрегі.

Адагершілік тәлімі жүрекке жан шуағын орнатып, бұрыннан бойымызда бар жақсы қасиеттерді дамытады. Жаман әдетпен теріс қылықтан тазарып, жаны таза, көңілі ақ, рухани сезімдерге бай адам болып қалыптасу - өзекті мәселе. Мейірімділік жылудан тарайды. Жүрек жылуының басқа табиғат жылуы, күн көзінің жылуынанда әсері мол. Бұлжөнінде Абай өзінің 38 қара сөзінде: «Күллі Адам баласын қор қылатын үш нарсе бар: әуелі - надандық, екіншісі - залымдық», - деп, адам баласын надандықпен, зұлымдықпен күресуге шақырады.

Адамгершілік құндылығы бай адам - ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл, ақылды болады. Адамгершілігі бар болу деген не? Ол қайырымдылықтан тұрады. Ал қайырымдылық қандай қасиет? Олүшін «Мен қандай болуға тиіспін? Адам болудеген не? » сұрақтарға жауап беру тиіспіз. Мысалы, терек әдемі болып өсуі үшін ылғал, күннің көзі, түрлі тыңайтқышзаттар мен қоректік заттар қажет, сонда белгілі өсу сатысына жетеді. Теректің жақсы өсіп дамуына құнарлы топырақ, ауа - райының жайлы болуы т. б. жағдайлар әсер болады.

Ал өсімдіктің өсуіне кедергі келтіретін жаман жағдайларға: құрғақшылық, өсімдікті бүлдіретін жәндіктер мен құрттар, ағаш бұтақтарын сындыратын дауылдар жатады.

Қазақстан- тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш-білім және білімді де тәрбиелі ұрпақ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың теориялық негіздері мен әдістемесі
Ауыл мектептеріндегі оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері мен тәжірибелік зерттеуі
Сыныптан тыс жұмыстар арқылы жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік-эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары: диссертациялық қорғаудың стенограммасы
Ауыл мектебіндегі оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік негіздері
Өзін-өзі тану пәні арқылы оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың теориялық және тәжірибелік негіздері
Мектеп оқушыларының экономикалық ойлауын қалыптастырудың педагогикалық негіздері мен әдістемесі
Бастауыш мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың педагогикалық жолдары
Білім беру үрдісінде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың қазіргі әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz