Оқушылардың адамгершілік тәрбиесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Заң факультеті

Әлеуметтану және саясаттану кафедрасы

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Оқушылардың адамгершілік тәрбиесі (Түркістан аумағы отбасылары мен мектептері тәжірибесі негізінде)

Орындаған: Ибрагимова Ж.

Түркістан 2009

ЖОСПАР

І. КІРІСПЕ . . .

І-Тарау. ОҚУШЫЛАРДЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .

1. 1 «Адамгершілік» ұғымы . . .

1. 2 Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі нысандары (формалары) . . .

ІІ-Тарау. МЕКТЕПТІК ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АДАМГЕРШІЛІК БІТІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ . . .

2. 1 Халықтық педагогика амалдарының оқу-тәрбие ісінде қолданылуы- жас өскіндердің бойында адамгершілікті қалыптастырудың өзегі . . .

2. 2 Өскелең ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеудегі отбасының рөлі . . .

2. 3 Оқушылардың отбасылық және мектептік адамгершілік тәрбиесінің үлгілік нұсқасы . . .

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .

ҚОСЫМШАЛАР . . .

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Жұмыстың мақсаты тақырыптың өзектілігі мен қалыптасу жолдарының маңыздылық деңгейіне байланысты болып отыр. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты оқушыларды адамгершілік тұрғыдан әлеуметтендіру ерекшеліктерін, оған ықпал ететін әлеуметтендіру факторларын, отбасы, мектеп сияқты әлеуметтіе инститтардың оқушыларға адамгершілік тәрбие берудегі рөлін анықтауға байланысты әлеуметтендіру мәселесіне қатысты туындап отырған мәселелерді анықтап, қалыптастыру жолдарын табу.

Дипломдық жұмыстың міндеттері: Адамгершілік: мәні және қалыптасу жолдарын оқушыларға тәрбие, білім беру ұйымдарындағы педагогтың атқаратын қызметтері, адамгершілік тұрғыдан әлеуметтендіру құралдары, моральдық құндылықтарды, мінез-құлық ережелерін үйрету жолдарын, азаматтардың бойында адамгершілік мәнінің қалыптасу кезеңдері қарастырылды.

Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміз дамыған мемлекеттердің бірі ретінде материалдық және рухани өміріндегі өзгерістер адамгершілік қатынастарды қалыптастыру мен қызмет етудегі рөлін жаңаша тұрғыдан анықтап жас ұрпаққа деген қоғамның көзқарасы өзгерді.

Мемлекетіміздің өскелең ұрпаққа қоятын талаптары: адамгершілік, имандылық, парасаттылық, кішіпейілділік, тәртіп, мінез-құлық т. б. талаптары да ерекше.

Адамгершіліктің қалыптасу жолдарын ең алдымен отбасында, мектепте басқа да әлеуметтендіру институттарынан бастап оның бойында адамгершілік қасиеттерді: басқаларды сыйлай білу, өзгелердің ар-ожданын құрметтеу, ізгілік, парасаттылық, мәдениеттілік сезімін тәрбиелеп, қалыптастыру нәтижесінде ғана дамытуға болады.

Біздің мемлекетімізде оқушыларды адамгершілік тұрғыдан

әлеуметтендірудің белсенді кезеңі күрделі жағдайда өтуде. Білім беру мен тәрбиелеу саласында да айтарлықтай өзгерістер болып, білімге деген қажеттіліктер өсуде.

Зерттеудің объектісі мен пәні: Адамгершіліктің қалыптасу жолдарын әлеуметтік тұрғыдан жүзеге асыратын отбасы, мектеп жэне т. б. әлеуметтендіру институттарының қызметі. Ал, зерттеу пәні: азаматтарды адамгершілік тұрғыдан әлеуметтендіру процесі, осы процеске әсер ететін позитивті және негативті факторларды жас ұрпақты адамгершілік тұрғыдан әлеуметтендіруге қатысты туындап отырған мәселелерді, қайшылықтарды талдап, шешу жолдарын табу.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Қоғамның әлеуметтік даму жағдайында мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің тұжырымдамасы жасалса, адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың тиімділігі арта түседі, өйткені адамгершіліктің қалыптасу жолдары жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар диалектикасына сүйенеді.

Зерттеудің әдіснамалық - теориялық негіздері: Зерттеудің жалпы әдіснамалық негізі жеке түлғаның адамгершілік құндылығын қалыптастыру іс-әрекет, тұлға, құндылықтар теориялары негізінде қарастырылады. «Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы», «Бала қүқықтары» туралы Конвенциясы, Қазақстан Республикасы мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің түжырымдамасы алынды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жүмыс кіріспеден, екі тараудан жэне әр тарау екі тараушадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

БІРІНШІ ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1. 1. «Адамгершілік» ұғымы

Еліміздің егемендік алуына байланысты өз ұлтымыздың бала тәрбиелеу мен оқыту мәселесінде ғасырлар бойы жинақталған, асыл мұра ретінде осы күнге дейін жеткен озық ой-санамызда қорытып бір жүйеге келтіру, оны жалпы халыққа тарату, жастарымыздың бойында ең алдымен мектеп мүғалімдері мен мектепке дейінгі тәрбиешілерімізді ұлттық дәстүрлер негізінде қайта тәрбиелеу - бүгінгі таңда кезек күттірмейтін мәселе. өйткені бүгінгі педагогикалық жоғары оқу орындарында халықтың бүкіл тарихында қалыптасқан қазақ ұлтының ұлттық тәрбиесі идеясы кеңестік дәуірдің өміршеңдігінен оқу жоспары мен бағдарламасынан, білім берудің жалпы мазмұнынан тыс қалып қойды деуге болады.

Орыс тілді аралас мектептерде, орыс бала бақшасында, орыс тілді жоғары оқу орнындарында, қызмет орнында, керек десеңіз отбасы мен қоршаған ортада да орыс психологиясын теориялық жағынан да, практикалық жағынан да жан-жақты қабылдады. Бұл мәселелердің әсіресе жастар тәрбиесіне қатты ықпалы тигені анық. Мұндай тәрбие әсерінен қоғам дамуына да, жүмыс істеуіне де ұрпақ тәрбиелеу мәселесінде де кері әсерін тигізді: ата-ана мен бала, қоғамдық қатынастарда да келіспеушілік, қарама-кайшылық процестерді тудырды.

Сондықтан бүгінгі таңда жаратылысында дана-ақылгөй, ілтипатты, сыпайы қасиеттер туа дарыған өз ұлтымыздың психологиясы мен педагогикасын ғылыми негіздеу, оны қайта жаңғырту негізгі мәселелердің бірі болды. Дегенмен біздің ұлтымыздың мәдениетінде, тарихында, әдебиетінде, этнографиясында, халықтық білімінде, өмір тәжірибесінде педагогикалык озық идеялар молынан кездеседі. Дана халық өзінің болашақ ұрпағына даналық

сөздерін қалдырмауы, ұрпақттан-ұрпаққа үлкен бір қамқорлықпен іріктеп

сақтап, асыл ойларын паш етіп, төкпей-шашпай жеткізу халқымыздың даралық тұлғасы деп білеміз. Бұл ойларды біз ең алдымен халқымыздың ауыз әдебиетінен, ұлттық мәдениетінен, ұлттық тілінен, тарихынан ағартушы педагогтарымыздың озық ой-пікірлерінен, ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғүрыптарымыздан сұрыптап аламыз [1, 123] .

Халық педагогикасының материалдары жинақталып ғылыми түрде жүйеленіп қазақ этнопедагогикасы аталуы тың мәселе болғанымен бұл ғылым үшін жаңалық деуге де болмайды. Себебі бұл мәселе ғалымдарымыздың бүгінге дейінгі еңбектерінде қаралып келді.

Осы педагогикалық ой-жүйелерін бір ізге келтіру, оның бағдарламасын жасау, жоспарын, мазмұнын қалыптастыру мәселесін ғалымдарымыз әсіресе соңғы 10-15 жыл көлемінде қолға ала бастады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы аумағында білім ошақтарының барлығында да халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін дамытуды негізгі мақсат етіп қойып, Қазақстандағы этнопедагогикалық ойлардың даму тарихын жүйелеп ұсынуда педагог ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан. Солардың ішінен дара тұрған шығыс ойшылы атанған Әбу Насыр Әл-Фараби (850-950) білім мен ғылымның барлық салаларының негізін қамтитын орасан мол мұра қалдырды. Әлемнің негізгі түрақтысы - адам. Адамның ақыл-ой парасаты ойдағыдай дамып жетілсе, дұрыс өсіп өркендей алады. Бақытты болу, кәмелетке келу, қоғамдық тіршілікті жақсарту барлығы да білімге байланысты. Шын мағынасындағы білімділік үлкен адамгершілік сипаты.

Адамгершілік сөзін кейбір адамдар түсінбеуі де мүмкін, сондықтан адамгершілік сөзіне анықтама бере кетсем. Адамгершілік дегеніміз - бұл сөз ерекше, мәні мәңгілікке айқын, салмағы пара-парсыз парасатты сөз ғана емес адамның ең асыл қасиетін анықтайтын бірден-бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес тіршіліктің мәнін, дүниенің тәнін төрт тағандап ұстап тұрған ұлы принцип.

Адамгершілікке негізделген жерде ғана не нәрсеге де құдірет тұратындығы мәлім. Осы ұлы күш - адамгершілік қасиет жеке адамның ғана басындағы емес, жалпы қоғамның да байлығы. Адамгершіліктің белгілі бір адамдар бойындағы аздығынан айналасындағы адамдарға ғана емес, қоғамға да тиетін кесірі көл-көсір [2, 12] .

Ал адамгершілік тәрбие дегеніміз - тәлім-тәрбиенің ықпалды әсерімен, адамгершілік сананы қалыптастырудың, этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы.

Әл-Фарабидің оқу-білім, тәлім-тәрбие мәселелері жайлы айтқан пікірлерінің құятын үлкен арнасы, адам атаулының, гуманистік ізгілік қасиеттерге баулу мәселесіне келіп тіреледі. «Білімді болу деген сөз, - деп жазды ол, -белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген сөз . . . білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы баста белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады». Ол оқу, білім алу ғылым адамы болу, адамгершілік және тәрбие мәселелерімен тығыз байланысты деп көрсетеді. "Ғылымды үйрену үшін адамның арының тазалығы қажет" - дейді ұлы ұстаз.

Ол адамдардан шындықты, адамгершілікті, сыпайылықты, әділдікті талап ететінін көреміз. Бұл ойды әрі қарай жалғастырушы түркі тілдес халықтардың аса көрнекті ақыны, ғалым Жүсіп Баласағүни (1015-1020ж) оның ғалымдық, ұстаздық, ақындық еңбегі «Қүдатғу біліг» («Құтты білік») дастаны. Бұл дастан адамгершілік нұсқаларын, қоғамдық саяси ережелері мен заңдарды әдет-ғүрыптар нормасын қамтыған. «Қүдатғу білікті» қазақша «Құтты білік» немесе «Бақытқа жету ғылымы» деуге болады. Дастанда көтерілген тәлімдік маңызы зор келесі бір мәселе адамның мінез-қүлқы, оның қоғамдағы орны туралы жәйіттер. Адам - бұл дүниеге қонақ, оның өмірі өткінші, сондықтан ол артынан ылғида жақсы сөзбен жақсы ісін қалдырып отыруы қажет. Бұл үшін ол әркез жаман қылықтан сақтанып, адалдықпен жүріп-тұруы тиіс. Екі жүзді болмай, сөзбен істі бір жерден шығару қажет. Ол ақылдылықты адамның адам

болуының, адамгершілік жағынан жетілуінің бірден бір өлшемі деп ақылдың көмегінсіз бұл дүниеде ешбір нәрсе шешілмейді деп түйіндейді.

«Адамға оның ақылы ғана дос»

«Парасат қараңғыдағы шырақ»

«Ақылсыз адамның жануардан айырмасы жоқ»

«Біліктілік пен ақылдылық төбеңді көкке жеткізеді»

Бұл ойларды қорыта айтқанда, ғалым адам әр кез орағыта ойлап, ақылдылықпен әрекет етсе ғана көздеген мақсатына жете алады деп тоқтам айтады. Ақылды адам жүрт алдында құрметке бөленеді. Тіл адамды көкке көтереді. Адам екі нәрседе қартаймайды: бірі оның - игі ісі, екіншісі-ізгі сөзі. Олай болса, әр кез жақсы қылықпен қатар жақсы сөзің болсын, бұл екі қасиетің бір-бірімен байланысып жатсын [3, 334] .

«Жақсы болғың келсе жаман сөз айтпа, он мың сөздің түйінін он сөзбен шеш». Бақ пен бақытқа жету адамның өз қолында. Бұл үшін ол аянбай еңбек етіп, өз бойынан адамгершілік қасиеттерді егіп отыруы тиіс. Білімді болу - бәрінен бұрын адам болу деген сөз. Білімсіз адам - надан топас. «Білімді босаға жақта отырғанымен біртіндеп төрге шығады». Нағыз білімділік адамгершілік, имандылық қылықпен нұрланып тұруы тиіс, деп тұжырымдайды.

Баласағүнның бұл ойлары қазіргі нарықтың экономикалық қатынаста өмір сүріп жатқан мектеп оқушыларына адамгершілік тұрғыда парасатты болуды меңзейді.

Қазақ халкының мәдениетін жан-жақты зерттеп, ұлттық ағарту ісінің ғылыми еңбектеріне үлкен үлес қосқан ғалым, география қоғамының толық мүшесі Шоқан Уәлиханов (1835-1865 ж. ) болды. Тәңір туралы тәлімдік еңбегінде отты құдірет деп тану, отқа май құйып ырым жасау, отқа түкірмеу, аруақты сыйлау, құдайы садақа беру, айға қарап тілек айту, малды теппеу, оның сүйегін баспау, сүтін төкпеу тағы басқа сол сияқты дінге байланысты халықтың салт-санасына айналған ырымдардың зор тәрбиелік мәні бар екенін дәлелдеп,

ол тәрбиелік мақсаттардың орындалғанын өмірден көріп, ұлттық тәрбиенің өзекті мәселесі етіп көрсетеді.

Сондай-ақ «Аққуды атпа», «Үкіні үркітпе», «Құстың жұмыртқасын жарма», «Құстың ұясын бұзба» деген тыйымдардың зор экологиялық-паториоттық тәрбиелік мәні бар екенін адами тұрғыда тірі табиғат, өлі табиғатты қорғай білуіміз керек деп жастарға үлгі-өнеге тұтады.

Ғалым қазақ халының ұлттық психологиясын былай сипаттаған: « . . . қазақ барлық сенім, әдетімен де, ойын сауығымен де, аңыздар, өлең-жырлар жасаумен де, сауыққа қүмаршылығымен де, халықтың заңының көптеген кодекстерін жаттаумен де, ең ақылдылардың қатарына қосылады» - деп өз халқын жоғары тұтқан [4, 161] .

«Халық кемеліне келіп, өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек» деп ұлы ғалым Уәлиханов Шоқан айтқандай, Елдің ертеңгі ұрпағының оқу білім тереңділігі немен өлшенеді деген ой мені толғандырады. Сондықтан Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер және жүріп жатқан күрделі жаңғыру үрдісі жағдайында бүгінгі таңдағы түбегейлі мәселе - адамды іс жүзінде қоғамдық дамудың басты тұлғасы ету заңды құбылыс деп есептейміз. Адамның өмір сүруі мен еңбек етуіне лайықты жағдай туғызу әлеуметтік әділеттілікті, азаматтық бостандықты және жан-жақты дамуды, рухани әлеуетінің жетілу мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді, сонымен қатар адамның кәсіби біліктілігі мол білімділігін жетілдіру міндеттерін көздейді.

Білім беру жүйесіндегі ұлттың және адамзаттың қазыналары мыналар:

  • жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктер ашу, адамгершілік пенимандылық өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамдыдамыту үшін қажет жағдайлар жасау;
  • қоғамның және мемлекеттің алдындағы және қүқықтары мен , сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық жәнесаяси өміріне қатысуы.

Халқымыздың күнделікті тұрмыс-тіршіліктің барысында-ақ жастарды әдептілікке, адамгершілікке, кішіпейілділікке, сыпайылылыққа, мейірбандыққа және басқа да толып жатқан жақсы қасиеттерге баулып отырған. Мысалы халқымыздың жас ұрпаққа бағыштап айтқан: «Оттан аттама», «Нанды аяққа баспа», «Кісіге қарай керілме», «Табалдырықты басып түрма» деген сияқты қысқа да нұсқа сөздерінде қандай өнегелік мән-мағына жатыр десеңізші!

Адам ғүмырының негіздері: балалық шақ, жігіттік дәурен, қарттық кезең болсын, әдебиетте жастарға берер тәрбиелік халық қасиеттерінің өз ерекшелігі, өз орны бар. Дегенмен, олардың ішінде ғибраттық маңызды басылымы, әрине, қартайған шақ көрген, егде тартқан қарт адамдарға арналады. Ал үлкендер тәрбиесінің жемісі - ақыл-кеңестері жастардың сана-сезімінің, ой-өрісінің қалыптасуына зор ықпал ететіні сөзсіз. Бұқар жырау «Қариясы кімнің бар болса, Жазулы түрған хат болар . . . » - деп, ондай адамды «Қартайсаң, қарт бабаңды сыйлай бер, Күндердің күні болғанда, Кімдер де кімің белі дейсің бүгілмес» дей келіп этикалық, тәрбиелік салмағы басым, ұлттық нышанымыздың ең әдемі, ең қасиетті белгісі - үлкендерді сыйлау, қарттықты құрметтеу - адамгершіліктің бір бөлігі деп қарастырады.

Шоқан Уәлихановтың пікірінше халықтардың ұлттық психологиясын көрсететін белгілердің бірі - сол халықтың тіл байлығы, сөз өнері, шешендік қасиеттері болып табылады. Ғалым халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғүрпын, мәдени мұра етуді мақсат етті. Оған жетудің жолдарын халыққа білім беру ісінен, ұлттық мәдениетті дамытудан іздеді. Бұдан біз Шоқан Уәлихановтың барлық еңбегі халықтық педагогика элементтерін өзек еткенін байқауға болады.

Қазақ халқының ұлы ағартушы педагогы, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы ұстаз, ақын Ыбырай Алтынсарин (1841-1889 ж. ) мұғалім болу үшін әрбір ұстаз ұстаздық қасиеттерін қалыптастыра білуі керек дей келе, «Мүғалім баланы тәрбиелеуші, оның қамқоршысы, егер бала бір нәрсені

білмей қалса, ол бала кінәлі емес. Оған кінәлі балаға түсіндіре алмаған ұстаздық өзі кінәлі. Ұстаз балаға сабыр мен салмақты қысқа сөйлеу керек, ол әрбір пәнді балаға түсіндіргенде ықыласымен, қарапайым тілмен түсіндіруге тиіс» - дейді. Бүгінгі мүғалімнің бойында болатын жоғары білімді білгірлікті, шыдамдылықты, іздемпаздылықты қасиеттерді айтып тұрғанын байқаймыз.

Ақын педагог «Қазақ хрестоматиясы» (1879) кітабында «Кел, балалар, оқылық» сияқты өлеңдері балаларды еңбекке, адамгершілікке тәрбиелейді.

Кел, балалар, оқылық.

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық,

Надандықтың белгісі -

Еш ақылға жарымас,

Жайылып жүрген айуандай

Ақ, қараны танымас.

Адамның ең басты қасиеті - оның адамгершілігі деп түсінген ұлы ағартушы ұстаз үшін ғылым мен білім қосыла, адамгершілікті таза сақтауға бірден-бір нәрсе деп көрсетті.

Ы. Алтынсарин адамның адамгершілік санасын қалыптастыратын және оны жетілдіретін шешуші факторлардың бірі еңбек деп түсіндірді. Дене еңбегі мен ой еңбегін қатар алып жүрген адам ғана өмір биігіне жететіндігін ұғындырады. Адал еңбек, қанағат, мейірімділік, әділдік сияқты қасиеттер өмірдің мәнін құрайтын адамгершілікке жеткізетін қасиеттер деп түсінген.

Ы. Алтынсарин бала оқыту мен тәрбиелеуде ауыз әдебиетін жалғастыратын балалар әдебиетінің негізін қалады. Қазақ жерінде тұңғыш ұлттық мектептер ашып, ұлттық білім беру жүйесін құруға көп еңбек сіңірді. «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» деген еңбегінде тіл үйренудің нақтылай әдістемесін түзді. Оқушылардың тілін жаттықтыру, дағдыландыру жұмыстарын жүргізу, ол үшін пәндік және аудармашылық әдістемелерді пайдалану, ана тілін

оқуда жеке сөздерді оқи білуге, өз мәнерімен айтуға үйрету, әрбір сөздің мағынасын терең түсіндіру, яғни әрбір оқушыны сөздік қорын молайту тәсілдерін қолдану ұстаздың әдістемелік жаңаша нұсқалары болып табылады.

Әсіресе оқыту әдістемесінде тіл дамыту ісіне көп көңіл бөліп, тіл дамытуда ең әуелі сөзді дүрыс айта білуге үйретуді уағыздады. «Әрбір оқушы айта білген сөзін жаза да білу керек» дейді ұстаз. ¥лы педагог адамның не нәрсеге болса да берік сенімі жүректен терең орын алмаса, ол әсерлік-тәрбиелік нәтиже бермейді деген тұжырым жасады [5, 154] .

Ыбырай Алтынсарин көтерген үлттық тәлім-тәрбиелік, психологиялық, педагогикалық мәселелерді Абай Құнанбаев жалғастырды. Абай Құнанбаев (1845-1904ж. ) қазақ халқының ұлы ақыны, қазақ әдебиетінің негізін салушы, ұлы ойшылы. Оның шығармалары эстетикалық, психологиялық және педагогикалық ой-пікірлерге толы. Ұлы ойшыл, адамдар жаратылысында бірдей емес дейтін тәсілді көзқарасқа қарсы шыға отырып, (Адамның туысы, дене бітімі, шыққан жері, бармақ жері бәрі бірдей . . . Адам баласы анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Бірі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұл тәннің құмарлығы. Екіншісі - білсем екен деу - жан құмарлығы . . . деп ой түйіндей келе, «Адам бойына жан құмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты ақыл, ғылым, ол таланттылықпен ерінбей еңбек еткен адамның қолына түседі . . . » деген қорытынды жасайды.

Пайда ойлама, ар ойла

Талап қыл, артық білуге

Артық білім кітапта

Ерінбей оқып көруге

«Ақылардың ардың сақтаушысы» - деп қарап, адамгершілік мәселелерін жоғары бағалап, ар тазалығы үшін күресуді дәріптейді. Талап, еңбек терең ой, Қанағат, рахым-ойлап қой. Бес асыл іс көнсеңіз - деп жастардың бойында қандай қасиеттердің болуы

керектігін тізбектейді. Ақылды азамат болу үшін адам бойындағы қасиеттердің үш нэрсеге байланысты екендігін айтты:

«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей үста, сонда толық боласың елден бөлек, » -деп адам мінезіндегі орынсыз мақтан, ойсыздық салғырттық, жалқаулық, күншілдік, көрсеқызарлық сияқты ақыл мен ой тудыратынын айта келіп, естігенді есте сақтап, көргеннен үлгі-өнеге алу, жаман әдет дағдылардан бойын аулақ ұстау, ұстамды болу сияқты адамгершілік қасиеттерді қастерлейді. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнде болмаса жүмасына бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңнен-өзің есеп ал» - дейді.

Яғни адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады. «Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»- дейді. Адам заманына сай болуы керек екендігін айтады. Ұлы ақын Абайдың педагогикалық көзқарастарындағы басты нәрсе «Атаның баласы болғанша, адамның баласы бол . . . жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін», деген гуманистік ой-пікірді айтады.

Абай оқытып-үйрену, білім алу үшін үш нәрсені білу керек:

  1. «Ықылас қойа тыңдау керек
  2. Тыңдағаныңды бірнеше рет ойда қайталау керек.
  1. Ой кеселдерінен сақ болу керек», - дейді, мүнда оқушылардың бойындаадамгершілік қасиеттерді баса көрсетеді. Бұл ой қазақ негізі бола алады деп түйіндейді [6, 123] .

Данышпан ақын осындай көсем сөздері арқылы өзінің дүниетанымдық, тәрбиелік ойларын оқушыларына қарапайым баяндап, ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғүрыптардағы тәрбиелік жолдарын көрсеткен. Адамгершілік тәрбиесін сөз еткен ақын, шешен, аудармашы, данышпан философ Шәкәрім Құдайбердыұлы (1858-1931) өзінің шығармаларында оқу, білім алу, тәлім-тәрбие туралы өнеге өсиет сөздерін қалдырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Педагогиканың дәрістері
Бастауыш оқушыларының оқу барысындағы адамгершілік тәрбиесінің психологиялық педагогикалық негізі
Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу жолдарын анықтау
Адамгершілік тәрбиесінің критерийлері
Бастауыш мектепте адамгершілік тәрбие берудегі әдіс - тәсілдеріне сипаттама
Оқушыларды тәрбиелеудің маңызы мен құралдары
Адамгершілік тәрбие туралы түсінік
Дене тәрбиесінің әдістемесі
Халық педагогикасында оқыту мен білім берудің принциптері қазіргі ғылыми педагогика тұжырымдарымен ұштасып жатыр
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz