Оқушылардың ақыл-ойын дамытудың этнопедагогикалық шарттары



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Оқушылардың ақыл-ойын дамытудың этнопедагогикалық шарттары
Қазіргі білім беру саласындағы даму тенденциясының қарқындылығына орай
кейбір маңызды болып келетін мәселелер өз шешімін таппай отыр. Сондай
өзекті мәселелердің бірі – оқушылардың ақыл-ойын дамытудың
этнопедагогикалық шарттары. Кейбір зерттеуші ғалымдар осы мәселе
төңірегінде сыңаржақ пікірлер айтып жүр. Бір қарағанда зерттеуді қажет
етпейтін, бүгінгі таңда ешқандай маңыз-ыдылығы жоқ сияқты болып көрінетін
бұл мәселені, шындығына келгенде, ертеңгі күнге қалтырмай, дәл бүгін егжей-
тегжейлі зертеу керек деп ойлаймыз. Осы орайда Қазақстан Республикасының
Білім беру туралы Заңында былай деп жазылған: қазақ халқының мәдениеті
мен салт-дәстүрін оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау керек. Яғни, еліміз бей-
жай қарап жатқан жоқ, ертеңіміз үшін алаңдап, уайымдауда. Ал осы туындап
отырған мәселені тек мұғалімдер ғана оңтайлы шеше алады. Заңда айтылып
отырған халық педагогикасына қатысты мәселені ғылыми негізде пайдалану және
даму жолдарын іздестіру көкейтесті мәсе-лелердің бірі.
Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі –
қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге
жуықтату. Ақыл-ой тәрбиесінсіз дүниеге адамгершілікті көзқарас, саналы
тәртіп пен орынды мінез-құлық, еңбек нәтижесі, экономикалық білімдер,
дағдылар, тіршілік ету ортасы, табиғат және қоғам құбылыстарына
талғампаздық, дене күш-қуатын арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің
құқықтық негіздерін игеру мәселелерін шешу мүмкін емес.
Жас ұрпақ ата-бабамыздан қалған мәдени мұра халық ауыз әдебиетінің өн
бойындағы мәнділігі мен маңызды-лығынан, ойшылдығы мен қиялшыл-дығынан,
тапқырлығы мен шешендігінен, әсемдігі мен алғырлығынан, тәлім-тәрбиесі мен
үлгі-өнегесінен нәр алары анық.
Қазақстанда халық ауыз әдебиет үлгілерін бүгінгі тәрбие мен білім беру
барысында жүзеге асыруға бағытталған біршама тәжірибе жинақталған. Бұлардың
ішінде, әсіресе, халқымыздың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің зерттелу,
жинақ-талу, жариялану жолы Қ. Жарықбаевтың, С. Қалиевтың, З. Әбілованың
еңбектерінде айқын көрініс тапқан. Халық ауыз әдебиет үлгілері туралы
зерттеулер көп болғанымен, оқу-тәрбие үрдісінде баланың ақыл-ойын дамытуға
оның мүмкіндігінің зор екендігі жайында аз мағлұмат берілген.
Халық педагогикасымен айналысу-шылар қоғам дамуының алғашқы сатыла-рында-ақ
тәрбиеге өзіндік көзқарас болған-дығын, мақсатқа сай тәрбиелеудің жолдары
ойластырылғандығын мәлімдейді. Қазақ этнопедагогикасының қайнар-бұлағы
біздің заманымызға дейінгі дәуірден бастау алады. Ұлттық мәдениеттің тегі
сол ұлттың ұлт болып қалыптаспай тұрған кезінен бастап-ақ жеке ұлыстардың
ұрпағын тәрбиелеуден туындағаны белгілі. Халық педагогикасында оқыту мен
білім берудің принциптері қазіргі ғылыми педагогика тұжырымдарымен ұштасып
жатыр. Халық білім мен өмірдің тығыз байланысты болуын талап етті. Халық
педагогикасы оқытудың көрнекі болуын ойдан шығарған жоқ. Көзбен көрген,
құлақпен естіген ақиқат емес, тек қана мұқият зерттелген ақиқат.
Халық педагогикасында тәрбие, оның бөліктері туралы ұғымдардың анық-
тамаларының да ғылыми педагогиканың анықтамаларымен сәйкес келетіндігі
байқа-лады. Халық педагогикасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп шәкірттердің
ойлау қабілеттерін, сана-сезімін оқу және еңбек процесінде дамытуды айтады.
Ғылыми педагогикалық анықтамасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп оқушылардың
ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой еңбек мәдениетін
дамытудағы тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекетін түсіндіруді айтамыз. Бірақ
оқушы өмірінің іс-әрекеті тек тәрбиешілердің мақсатты ықпалымен
шектелмейді. Оған қосымша оқушыны қоршаған ортаның ықпалдары мен әсерлерін
еске алу қажет. Бұл кеңірек, ақыл-ойдың дамуы ұғымымен айқын-далады. Ақыл-
ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Ақыл-ой тәрбиесі еңбек
өнімділігін арттыруға, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең
бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуының қайнар бұлағы
екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн. Ақыл-ой тәрбиесі – адам зиялылығының
негізі. Ақыл-ой тәрбиесіне екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл-ой
күштері. Белгілі психологтар мен педагогтардың еңбектерінде ойлаудың
түрлері, олардың мәні, мазмұны жеткілікті зерттелген мәселелердің бірі.
Сондықтан біз жеке-жеке ойлаудың түрлеріне тоқталамыз.
Оқушылардың ақыл-ойын дамы-тудың басты құралы – оқыту үрдісі. Оқыту
барысында оқушылар оқу материалының мазмұнын игеріп, зиялылық біліктерді
қалыптастыруға көмектесетін ойлау операцияларын меңгереді. Оның барлығы
танымдық іс-әрекеттерін дұрыс ұйым-дастыру арқылы жүреді.
Қазіргі оқытудың жаңа техноло-гиялары туралы жазылған еңбектерді саралай
келіп, оқушылардың ақыл-ойын дамытуға бағытталған оқыту әдістемелерін
анықтадық. Теориялық тұрғыдан қарағанда дамыта оқыту және сыни тұрғыдан
ойлауды дамыту тұжырымдамалары оқушылардың ақыл-ойын арттыруды жүзеге
асырады. Бұл тұжырымдамалардың мәні оқытуды шамалай отырып қиындықтың
жоғары деңгейінде құруды дәріптейді. Бұл үшін оқушының білім қоры
жинақталған теориялық білімдерден, ғылымдағы жетекші қағидалардан тұруы
қажет. Осының негізінде қажырлы ақыл-ой еңбегіне қатыса отырып, оқушы жеке
деректер мен құбылыстар сырына ене алады. Сондықтан да дамыта оқыту мен
сыни тұрғыдан ойлауды дамыту әдістемелерінің негізі оқытудың мазмұнын
іріктеу мен әдістерін таңдап алудан басқа, оқушы алатындай оқу
қиындықтарының сипаты мен дәрежесін дәл анықтауды ұсынады. Мұғалімнің
креативті шығар-машылық еңбегі оқушылардың жалпы ақыл-ойының дамуын
қамтамасыз етіп, белсенді ақыл-ой еңбегіне қол жеткізеді. Осы
тұжырымдамалар негізінде құрылған сабақтарда іскерліктерді қалыптастыруға
көмектесетін тапсырмалардың түрлері де ақыл-ой тәрбиесінің құралы ретінде
пайдаланылады.
Ақыл-ой дамуы белгілі бір ойлау операцияларын меңгеруді қажет етеді.
Негізгі ойлау операцияларына ғылымда белгілі талдау, жинақтау, салыстыру,
жіктеу (топқа жіктеу) т.б. жатады. Талдау дегеніміз бүтінді бөліктерге ойша
жіктеу немесе бүтіннің жеке қасиеттерін ойша бөлу болып табылады. Жинақтау
– заттың бөліктерін ойша үйлестіре біріктіру немесе құбылыстардың жеке
жақтарын, олардың белгілері мен қасиеттерін біріктіру. Талдау мен жинақтау
біріне-бірі қарама-қайшы ойлау операциялары болғанымен, олар бір-бірімен
үздіксіз байланыста болады. Белгілі бір сабақтастықта нақты белгілі немесе
бірқатар белгілер бойынша олардың ұқсастықтарын немесе айырма-шылық-тарын
анықтау салыстыру деп аталады. Салыстыру - жинақтаудың қажетті алғы шарты.
Араларындағы ұқсастық немесе айырмашылыққа тәуелді заттар немесе
құбылыстарды топтарға ажыратуды жіктеу деп атайды.
Негізгі ойлау операцияларын тұтас педагогикалық процесте меңгеру және
нәтижелі қолдана білу мұғалімнің шеберлігін, біліктілігін, білімдарлығын
көрсетеді.
Оқушылардың зиялылық іскерлікті меңгеруінің оқу және тәрбие жұмысындағы
алатын орны бөлек. Мысалы, оқу еңбегі нәтижелі жүру үшін оқу іс-әрекеті
іскеріліктерінің тобын оқушылардың мең-геруі өте қажет. Жалпы оқу іс-
әрекеті іскеріліктерінің қатарына оқу, тыңдау, өз ойын ауызша баяндау,
жазу, кітаппен жұмыс жатады. Іскерлік әр түрлі пәндер және сыныптар бойынша
сабақтарда қолданылады. Іскерлік деп аталған білім негізінде шәкірттердің
практикалық әрекетінің іске асырылуын атайды. Мысалы, сауатты жазу үшін
грамма-тикалық ережелерді білу, жазу, және сөйлеу техникасын меңгеру. Ал
сауатты оқи білу – сөздердің, дыбыстардың, дауыс ырғағының дұрыс айтылуы,
мәнерлеп оқу. Жалпы оқу іскерліктерін оқушыларға үйрету, олардың білім
саласында теориялық сауаттылығының деңгейін көтеру болып табылады. Ал бұл
мәселе мұғалімнің әдіскерлігіне, ғылыми педа-гогикалық сауаттылығына
байланысты.
Ақыл-ой тәрбиесінің тағы да бір маңызды міндеті оқушылардың ғылыми
дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Мұның негізінде әлемді тану,
түсіну, табиғат пен қоғам дамуының заңдарын ұғыну. Яғни, оқушылар барлық
пәндерді оқу үрдісінде негізгі дүниетанымдық жұмыстарды бекітеді, баянды
етуге талаптанады.
Оқу-тәрбие үрдісінде халық педагогикасының жетістіктерін қажетті деңгейде
қолдануға мүмкіндік бар. Соның ішінде бастауыш сыныптарда оқушылардың ақыл-
ойын дамытуға тікелей әсер ететін жұмбақ, жаңылтпаш, ертегі, мақал-мәтел,
шешендік сөздер, жұмбақ-айтыс т.с.с. этнопедагогикалық құрал-дардың алатын
орны ерекше.
Жұмбақ жанры ана тілінің нәрлі, бейнелі сөздеріне қызықтырып, баланы халық
поэзиясы әлеміне баурайды, оған эстетикалық ләззат береді. Баланың ақыл ой
қабілетін дамытып, ой-өрісін, танымдарын кеңейтеді. Жұмбақтар заттардың,
нәрселердің, құбылыстардың қыр-сырларын талдауға, салыстыруға
айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табуға үйретеді.
Жаңылтпаштар баланы сөз мағынасын бұрмаламай, абайлап, анық сөйлеуге
үйретеді. Айналадағы көріністермен, құбылыстармен таныс-тыратын қызықты
жанр. Оқушылардың тілін ұстартудағы тәрбиенің бір түрі- жаңылтпаш айтқызу.
Жаңылтпаш айтуда көзделетін мақсат, біріншіден, жинал-ғандарды күлдіріп,
көңіл көтеру болса, екіншіден, әр сөзді тез, шебер, дәл айтуға, тіл
ұстартуға үйрету болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ балаларының тәрбиесін қазақ этнопедагогикасы арқылы дамытудың моделін жасау
Бастауыш мектепте оқыту үрдісін гумагитарландыру
Қазақ мектептерінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастыру шарттары
Оқыту үрдісінде халық ауыз әдебиеті үлгілерін пайдаланудың маңызы жайлы
Этнопедагогикалық білімдер
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәселелері
Мақал – мәтел, жұмбақ жаңылтпаштарды оқыту ерекшеліктері
Қазіргі кезде педагогика ғылымы әлеуметтік-мәдени өзгерістер
Қазіргі жаңа қоғам жағдайындағы этнопедагогика мәселесінің дамуы
Оқушыларды оқыту процесіндегі этнопедагогиканың рөлі
Пәндер