Бонустық бірліктер арқылы бағалауды ұйымдастырудағы кездесетін қиындықтар


Оқушылардың білім деңгейін бонустық бірліктер арқылы бағалау
Қазіргі заман талаптарына сай оқу білім беру жүйесінде көптеген инновациялық тәсілдер енуде. Сол бір методикалық жүйеде нәтиже шығару ол балалардың білімін дұрыс бағалай білу болып табылады. Осы ретте кездесетін керағар факторлерді жою үшін ең басты мәселе «баға қою» деген терминді білім деңгейін бағалау деп ауыстыру қажет деп саналуда. Ол үшін оқушылардың білім денгейін бонустық бірліктер арқылы бағалау тәжірибесімен таныстырайық.
Бұл жұмысты ең алдымен жазбаша түрінде дәлелдеп көрсеткен дұрыс. Бұнан 2-ші кезеңде - бір ғана сыныппен сынақ жұмысы жүргізіледі. 3-ші кезеңде екі-үш сыныппен әр түрлі пәндермен салыстырмалы түрде жұмыстар жүргізіледі және 4-ші кезеңде бүкіл мектеп сыныптарының оқушылары осы іс-шараға барлық пәндер бойынша тартылады.
Баланың білімін бағалау процесі, мұғалім жұмысындағы ең қиын кезең болып табылады. Бес баллдық жүйе бойынша бағалау, оқушыны сабаққа ынталандыру барысында және оның еңбегін нақты бағалау үшін көп қиындықтар туғызуда. Мұғалім оқушының білім деңгейін бағалау кезінде көптеген кемшіліктер жіберіп алып, өкініп жатар кездері де болады. Айталық, сыныптағы үздік оқушы тоқсан барысында бір рет өте нашар баға алып қалады. Ал тоқсан соңында ол оқушы беске бағаланғысы келеді, бірақ мұғалім екілік баға тұрғанда оны өте жақсы деп бағалай алмайды. Осыдан оқушының сағы сынады, пәнге деген қызығушылығын жоғалтады. Келесі тоқсанда ол баланың ынтасын көтеру, мұғалім алдындағы үлкен міндет болып табылады. Оқушылардың білім деңгейін бонустық бірліктер арқылы бағалау осындай алаңдатушылықты жоққа шығарады. Егер бізде бұрыннан қалыптасқан қызмет талабы бойынша бір тақырыпты өту барысында 5-6 оқушы сұралуы керек болса, бұл технология бойынша онша қажет емес. Керісінше бір ғана сабақта қарастырылатын он немесе он бес сұрақ-тапсырмаларға берілетін + немесе - бонустарды 2-3 оқушы ғана иемденуі мүмкін. Оқушының білім деңгейін бағалау бонустық бірліктер арқылы жүзеге асқан жағдайда, оқушы оқу процессі кезінде өзіне бонус жинайды. Айталық, сабақ барысында бір дұрыс жауабына 1 бонус беру керек болса, дұрыс емес жауабына немесе мүлде жауап бермесе 1 бонусты шегеру керек. Бірінші тоқсанда 6, 4, 7, 11 бонус жинаған оқушылар қалған үш тоқсанда тура осы нәтиже көрсетсе, онда төрт тоқсанның қорытындысы бойынша оқушыларда тиісінше 24, 16, 28, 44 бонус жиналады, ал шкала бойынша 25-30 бонусты 5 балл деп, 20-25 бонусты 4 балл деп, 15-20 бонусты 3 балл деп есептеуге болады. Осы тұрғыдан тоқсандық қорытындыға бонустар санын ғана қойып, жылдық қорытындыға балл қойылған нәтижелі болады. Бұған негіз етіп, ұлттық бірыңғай тестің ережесіндегі қосымша шкалалар таблицасын алып отырмын.
Бұл іс-тәжірибе Тараз қаласындағы №47 орта мектебінде эксперименттік тексеруден өтуде және жақсы нәтижелер көрсетуде (Орыс тілі пәнінің мұғалімі Есентай) .
Сынып журналы дәл бұрынғы қалып бойынша толтырылады. Тек әр оқушының аты-жөнінің тұсындағы тор көзді бұрыштама етіп қиғаштап екіге бөлеміз. Тор көздің жоғарғы бөлігіне (+) бонустар қойылады да, төменгі бөлігіне ( -) бонустар қойылады (№1кесте) .
№1 кесте. Бонустар қойылатын журнал үлгісі.
Сонда жыл бойы 30 немесе одан да көп сұрақты толық меңгерген бала 5 баллдың иесі деп айтсақ болады. Ал шкаланы 25-30 деп қойған себебім минус бонустар жеп қойған, бірақ толық жауап берілген сұрақтар есебінен толықтырылады. Сонан соң баланың сұралмай қалатын, түрлі себептермен сабақтарды жіберіп алатын күндері болады.
Бұл тәсіл деңгейлетіп оқыту, аралас сабақ және т. б. инновациялық әдістерді жүзеге асыру барысында қолданыс табады. Ең алдымен бұл әдістің тиімді жағын қарастырып көрелік. Ол үшін мынадай 3-тірек факторларды алып отырмыз.
I. Бұл - жаңаша тәсіл.
2. Балалардың ынтасын көтереді, серпілісін оятады.
3. Мұғалімнің бағалау процесіндегі жұмысын жеңілдетеді. Атап айтсақ, бағаны түзету, оқушыны ынталандыру және көтермелеу мен жазалау оқушының ар-намысына шаң жұқтырмай отырып жүзеге асырылады.
Ендеше, осы факторларды жеке-жеке дәлелдеп көрелік:
I фактор. Бұл тәсілдің жаңашыл екендігінде дау жоқ. Техникалық прогресс дамыған кезеңде бонустарды есептеуді электрондық есептегіш машиналар немесе компьютерлік жүйе арқылы жүзеге асыру өте қолайлы болып табылады. Бес баллдық баға жүйесі бойынша жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандары да бағаланбайды. Ол жерде әр пәннен 30 дұрыс жауап берген бала - үздік белгімен марапатталады.
Бұл әдіс сабақ барысын түрлендіруге, мұғалімнің жан-жақты ашылуына, оның жаңа оқулықтарды, оқу көрнекіліктерін, дидактикалық материалдар мен техникалық оқу құралдарын кеңінен қолдануына мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда мектептердегі білім беру жүйесіне оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиясын енгізу, мұғалімнің өз білімінің деңгейін көтеруге, шеберлігін шыңдауға көмектесуге және оқушылармен өткізген сабақтарын, педогогикалық процессті өте терең және салалы түрде талдау жасауына жол ашатын бірден-бір интеграциялық тәжірибелердің бірі.
2 фактор. Оқушылардың ынтасын оятып, серпілісін тудыратын бұл әдіс өте тиімді. Әрбір оқушының өзінің потенциалдық мүмкіншіліктерін таразылауына және жағдайды өз күшімен өз пайдасына шешуіне көп әсерін тигізеді.
Әр оқушының өз бетінше белсенді бола білуі, өзін физикалық, психикалық және рухани сезінуінің басты шарты екендігінде дау жоқ. Олай болса, бұл фактордың басты мүмкіншілігі оқушыларға «қателесуге құқық» бере отырып, оны түзетуге жағдай жасау болса, олар баға үшін қорқуын доғаратыны сөзсіз. Сонымен қатар, барлық оқушыларды салыстырмалы түрде жіктейтін әдеттен де мүлде арыламыз. Сөзімізді нақтылай түсер болсақ, бір рет қателескен оқушы да, егер қатесін дер кезінде көрсетіп, түсіндіретін болсақ, ол оқушы сол қатені жоюға және қайталамауға белсене кіріседі. Дәл осы кезде оқушыға жан-жақты көмек қажет. Ол «нашар бағам бар, оны жоя алмаймын » деген ойдан арылып, «мен (-) бонустарды (+) бонустарға түзетуге мүмкіншілігім зор» деген ынта-жігер, таныта алады.
Екінші жағынан қарайтын болсақ, бұл - ойын. Үйге берілген тапсырманы сұрау барысында таптырмайтын тәсіл. (+) бонус жинау үшін оқушылар бір-бірімен жарысып қол көтеріп, барлық сұрақтардың дұрыс жауабын беруге тырысатыны сөзсіз. Тек дер кезінде оларға тиесілі бонустарын беріп немесе алып отырсақ болды. . Бұл тәсіл - бастауыш сыныптарда бұрыннан бері қолданылып келе жатқан тәсіл. Мысалы, сабақ барысында дұрыс жауап берген оқушыға жұлдызша, жалауша беріп белсенділіктерін ерекшелендіріп тұратын сәттермен сәйкес. Тек бастауыш сыныпта жалаушалар мен жұлдызшаларды қайтып алып қою үрдісі енгізілмеген.
Бұның бәрінің тиімділігі тек оқу процесстері кезінде ғана емес, тәрбие ісінде де, тәжірибелік сабақтар, оқушыларды қоғамға пайдалы еңбекке тарту кезінде де өз нәтижелерін береді. Демек, тек 5-ке оқитын оқушы үнемі жақсы да, 2-лік бағаны жиі алатын бала нашар оқушы деген ұғымнан арыламыз. Бұл баланың бойындағы моральдік, рухани және алымдылық-алғырлық қасиеттерін жанжақты ашуға септігін тигізеді. Кішкене ғана мысал, кейбір оқушылар математика, физика, химия сабақтары бойынша үлгермейтіндер қатарында болса, әдебиет, тарих, қоғамтану, география сияқты сабақтардан кілең «беске» оқуы мүмкін. Жекеленген оқушылар пәндік білімді жақсы меңгергенімен ден жаттығуларын талап ететін, нақты тапсырмаларды орындау барысында жеткіліксіз дайындық көрсетеді. Сол оқушыға жылдық баға қою кезінде көп қиындық туындайды. Бір тоқсан бойы үздік баға алған, екінші тоқсанда нашар баға алып қалған оқушыға қорытынды баға қою өте қиын мәселе болады.
Сондықтан тоқсан соңында жинаған бонустарының жиынтығын есептеп шығарып, жылдық баға қойған дұрыс. Демек, тоқсан соңында баға қорытпастан бонустар санын жазып қана қою керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz