Оқушылардың гуманистік көзқарасын қалыптастырудың теориялық негіздері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
1 Оқушылардың гуманистік көзқарасын қалыптастырудың
теориялық негіздері . . .
1. 1 Гуманистік тәрбие берудің мазмұны . . .
1. 2 Ізгілікке тәрбиелеу тұжырымдамасындағы тұлға . . .
2 Оқушылардың гуманистік көзқарастарын
қалыптастыруға байланысты жүргізілген
педагогикалық тәжірибе жұмыстары . . .
2. 1 Оқушыларды гуманизмге тәрбиелеудің
әдістемелік нақыштары . . .
2. 2 Оқушылардың гуманистік көзқарасын қалыптастыру жұмыстарының тәжірибелік - эксперименттік нәтижелері . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Жиырмасыншы ғасырдың соңына қарай еліміздің тәуелсіздік алуы руханият және мәдениет саласына айтарлықтай жаңалықтар мен өзгерістер алып келгені қай-қайсымызға аян. Мұндай іргелі де айтулы өзгерістер ғылым мен білім салаларындағы сапалы жаңалықтарды кеңінен пайдалану мен насихаттауға үлкен мүмкіндіктер туғызып отыр. Әсіресе, Қазақстанның болашағы балалар мен жастарға тәрбие мен білім беруде тәуелсіздіктің арқасында ғана мүмкін болған қолайлы жағдайларды орынды пайдалануға міндеттіміз деуге болады.
Қазіргі кезде қоғамдық өмірдің қай саласында болмасын, әсіресе, оның ішінде білім беру саласында, ізгілендіру, яғни гуманистік қарым-қатынастарды орнату-көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Қазір көп айтылып жүрген қоғамды демократияландыру мәселесінің өзі де түптің түбінде осы ізгілендіру мәселесімен тікелей байланысып, сабақтасады [1] .
Халқымыздың тәлім-тәрбиелік дәстүрлерін бүгінгі күннің рухани сұраныстарымен ұштастыра отырып өскелең ұрпақтың санасы мен сезіміне сіңіре білсек, соның негізінде адамгершілік пен адамсүйгіштік, ізгілік пен ізеттілік, адалдық пен әділдік нәрін еге білсек, онда халықтың ұстаздар қауымынан күтер талабының орындалғаны. Бүгінгі ұрпақ ұлағатты тәрбие ала алатындай біздің мәдени-рухани мұрамыз өте бай. Бұл жөнінде танымал жазушы, қазақ мәдениетінің көрнекті зерттеушісі, профессор А. Сейдімбек былай деп жазады: «Кез келген халықтың материалдық және рухани мұралар жасау машығы, дәстүр тағылымдары, кісілік қалыптары - сол халықтың бастан өткерген ғұмыр жолының айғағы. Сөз жоқ, тек айғақ қана емес, сонымен бірге бүгінгі және болашақтағы сан тарау әлеуметтік және мәдени болмысының бой көтерер берік тұғыры да. Өткеннің парқын танымай тұрып бүгін мен болашақты дұрыс болжалауға болмайды. Кез келген адамның кіндігі ілгеріде өткен туған-туыстарымен ғана жалғаысып жатқан жоқ, солар өмір сүрген байтақ өмірімен де біте қайнасқан. Адамзат баласының барша тіршілік-әрекеті, түптеп келгенде, оның адамдық болмысының айғағы».
Дүниеге келген адам бойында адам болудың нышаны ғана болады. Сол адам нышанындағы тіршілік иесін әлеуметтік-тарихи тұлға ретінде қалыптастыратын - әр халықтың тарихи-табиғи болмыс-бітімі, дәстүрдің құдіреті, мәдениетінің сабақтастығы. Адам еш уақытта өзінен өзі адам болмайды, адам болуды шыр етіп дүниеге келген күнінен бастап үйренеді. Ал адамды адам ететін - жұмыр жерді мекен еткен сан толқын ұрпақтардың ақыл-ойы мен тірнектеп жинаған тәжірибесі. Ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа, әкеден балаға ауысатын тарихи-әлеуметтік, қоғамдық практикалық дәстүр сабақтастығы болмаса, адамзаттық прогресс те болмақ емес. Өмір-салттың тіршілік-болмыстың ғажайып сабақтастығы үзілген жерде адам баласы бәрін де тырбанып қайтадан бастауға мәжбүр болар еді. Әрбір адамның бойында адамзат баласы жүріп келе жатқан жолдағы баға жетпес тарихи тәжірибенің үлгісі бар. Сол тарихи-мәдени тәжірибені танып-білу арқылы адам баласы өзінің парасат-болмысын шыңдайды, »-дейді [2] .
Қазіргі жағдайда, елімізде күрделі қоғамдық өзгерістер мен түрленулер кезеңінде білім беру саласын реформалау, елімізде жаңа ғасырдың білімдік және өркениеттік кеңістігіне ену мүмкіндігін қамтамасыз ету барысында жоғары мектептің білім және тәрбие мазмұнын реформалаудың жаңа парадигмасы қалыптасты. Оның негізгі элементтері білім саласындағы мемлекет саясатының концепциясында, Үкіметтің, Білім және ғылым министрлігінің жоғары мектеп саласына қабылдаған қаулы-қарарлары мен шешімдерінде, «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасының білім, ғылым және мәдениет туралы басым ұстанымдарында көрсетілген. Мемлекеттік құжаттарда аталған ұстанымдарды жүзеге асырудың факторлары ретінде: білім беру парадигмасын жаңа типті маман даярлауға бағыттау; шығармашылықпен қызмет етуге қабілетті жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу; кәсіби мамандықтар бойынша терең, берік білім беру алынған.
Біздің еліміздің батыстануы тек экономикалық, әлеуметтік, саяси салаларға ғана емес, сонымен қатар, өкінішке орай, Қазақстанның болашақ азаматтарының рухани қалыптасуына да кері әсерін тигізеді. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытуда 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасында [3] тәрбие дұрыс жолға қойылып, келесі міндеттерді қамтамасыз ету міндеттелді:
- бабалар мұрасына, мирасына ие болу, ұлттық мәдениетті сақтау, тарату және дамыту, қазақ халқының мол мұрасына деген ыстық ықыласын тәрбиелеу;
- Қазақстан патриоттарын тәрбиелеу, құқықты, демократиялық, әлеуметтік және зиялы мемлекеттің жоғары рухани құндылықтарды бойына сіңірген өнегелі, ана тілін, салт-дәстүрлерін және өзге халықтардың мәдениетін құрметтейтін азаматтарды тәрбиелеу;
- мәдениеттілікке тәрбиелеу, өзара жақсы қарым-қатынастарын қалыптастыру;
- жастардың біртұтас дүниетанымын және қазіргі заманғы ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін дамыту;
- салсауатты өмір салтына тәрбиелеу, балалар және жастар спортын дамыту;
- экологиялық тәрбие, табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу [4] .
Сондықтан еліміздің жас азаматтарын тәрбиелеу жүйесіндегі ең басты педагогикалық принциптердің бірі - руханилық принцип болып табылады. Жастарды дүниені гуманистік жолмен тануға үйрету керек, таным процесін жандандыру керек, білім берудің жаңа парадигмасы бойынша жастарға жеке адам ретінде қарау керек болып табылады.
Қазақстан тәуелсіздігін алғалы білім беру саясатының өзгеруіне сәйкес жастар тәрбиесінің мазмұны да өзгеріп, оған өз Отанын сүйетін патриот тәрбиелеу қажеттілігі басты міндет ретінде енгізілді. Әлемдік мәдениеттің, түрлі ағымдары тоғысып, бүкіладамзаттық құндылықтардың өлшемдері мен мән-мағынасы туралы түрлі жағымсыз түсініктер мен ұғымдар қалыптаса бастады. Дәл осындай кезеңде әрбір ұлт, ел өз болашағын жастар тәрбиесін дұрыс жолға қою арқылы қамтамасыз ете алады және оны жүзеге асырудың тиімді мазмұны мен формаларын айқындауға міндет етті. Қазіргі маман-шебер ұйымдастырушы, еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру принциптерін практикада қолдануға қабілетті болуы тиіс.
Сондықтан оқушылардың даму мен қалыптасу процесін басқару үшін олардың әрқайсысының ерекшеліктерін дұрыс анықтау қажет, олардың өмірі мен әрекеттерін, жақсы қасиеттерінің даму мүмкіндіктері мен перспективаларын мұқият талдап, зерттеген жөн. Оқушылардың оқу процесі мен тұрмысын терең, жүйелі зерттеу олардың тәрбиесіне деген көзқарастың басты шарты болып табылады. Тәрбиешілердің психологиялық, педагогикалық бақылауларының жүйелілігі оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін, әлеуметтік-психологиялық және де басқа да ерекшеліктерді зерттей алуы, олардың әрекеттерін басқара алуы оқу-тәрбие процесін жоспарлы және бағдарлы етуге мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және рухани өмірінде адамдардың өзара қарым-қатынасын гумандық тұрғыдан дамыту мен қалыптастырудың ғылыми және практикалық маңызы айрықша болып отыр. [5]
Бірлесіп атқаратын істерде адамдардың өзара қатынасын орнықтыру үшін олар бір-біріне тиісті талаптар қояды . Мұндай қарым-қатынаста ынтымақтастық пен жекелеген адамдар өздеріне жүктелген міндеттерді жете түсініп, бәріне бірдей ортақ істерді нәтижелі етіп орындауға ұмтылады. Өзара қарым-қатынас орнатудың мұндай түрлері мен мазмұны негізінен гумандық ұстанымдарға жатады.
Адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас өндіріс пен кәсіп орындарында, тұрмыста, тәрбие мекемелері мен өзге де салаларда жүріп жатады. Қоғамдық саяси және экономикалық қатынастар жоғарғы деңгейдегі гумандық және демократиялық тұрғыдағы адамдардың бірлесіп атқаратын істері негізінде орындалады. Мұндай мақсаттардың жүзеге асуы - адамдардың ұлтына, саяси және діни көзқарастарынан тәуелсіз қауымдасып атқаратын нақты істеріне байланысты.
Адам баласының тіршілігін сақтап, қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік форумдарына қатысушы қайраткерлер (1990 ж. Мәскеуде) , халыққа білім берудің гумандық проблемаларына арналған Халықаралық қонференцияда (1991 ж. Санкт-Петербург), Халықаралық интеллектуалдық орталық - Рим клубында өздерінің сөздері мен өзге адамдармен пікір алысуда қазіргі кездегі тәрбиенің негізгі мақсат-міндеттері-адам баласының өмір тіршілігін сақтап қалу деп атап көрсетті. [6] Осы мақсатқа орай адам баласы ұрпағының тәрбиесі гумандық принциптер негізінде жүзеге асырылатын болуы қажет. Сондай-ақ, тәрбиенің гумандық жүйесі адамды ардақтау, оның азаматтық құқын қорғап, азаматтығы мен бақытты өмір сүруіне жағдай жасау, оның бойындағы қабілеттің дамуын қамтамассыз ету, сөйтіп адам баласының дамып жетілуін өрістетіп отыру - барлық дерлік әлеуметтік институттар атқаратын істің өзегі мен тірегі болуға тиіс деген шешімдер қабылданды.
Педагогтар мен философтар қазіргі қоғамның дағдарысқа ұшырау жағдайында өскелең ұрпақты гумандық рухта тәрбиелеудің тиімді жолы - олардың денесінің дамуы мен ақыл-ойының өрістеуін бірдей қамтамассыз ететін жағдай тудырып, моральдық бейнесін қалыптастыру әлдеқайда тиімді нәтижелерге қол жеткізеді деп санайды. Ағымның әр алуан іс-әрекеті, сан қырлы тіршілігі түрлі топтар арасында өтіп, оның мінез-құлқының қалыптасуына ықпал етеді. Білімді гуманизациялау идеясы әр баланың өз құқы мен бостандығы туралы біріккен іс-әрекет кезіндегі педагогикалық жағдайларды ұйымдастыру зерттеулерінің көкейтесті мәселе екенін айқын көрсетті. [7]
Халқымыздың ұлы зиялылары Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев және көрнекті қайраткерлер Ә. Бөкейханов, Т. Рысқұлов, М. Тынышбаев, М. Шоқаев т. б. [8] жалпы адамзаттың ой-санаға ықпал ететін қазақ философиясының дамуында адам тәрбиесі проблемасының өзекті орын алатынын көрсетіп, зерттеулерінде ерекше мән берген.
Тәрбиенің негізгі мақсаты-ұрпақтың өсіп-өнуіне жәрдем жасау, іс-әрекет ұйымдастыру, балалармен қарым-қатынас жасау арқылы қоғамдық өмірде тәжірибе алмасу. Тіл-тәрбиенің өзегі, өйткені ол бір ұрпақтан келесі ұрпаққа тәрбие мәнін түсіндіретін бірден-бір құрал.
Республикамызда біз қарастыратын проблемаға айрықша мән берген философтар: Ғ. Ғ. Ақмамбетов, Ж. М. Әбдилдин, Қ. Ә. Әбішев, М. Баймаханов, А. Н. Нысанбаев, Д. Кішіков, Р. Н. Нұрғалиев және т. б. Атап айтқанда философ Д. Кішіков гумандық қасиеттердің бірнеше сатысын философиялық тұрғыдан түсіндірсе [9], Р. Н. Нұрғалиев гуманизм ұғымының бүгінгі мәнін ашып көрсетеді «Гуманизм адамның қадір-қасиеті мен құқын құрметтеуді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасы адамның игілігіне, оның жан-жақты дамуына жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастарының жиынтығы - дейді» [10] . Ал психологтар арасында Н. Айғабылов, Н. Асылбеков, Қ. Жарықтаев, М. Мұқанов, К. Намазбаева, К. Нұрахметов, Қ. Қойбағаров және т. б. гумандық қасиеттердің адам мінез-құлқы мен жүріс-тұрысындағы көрінісін зерттеп келді. [11] . Республикада оқыту процесін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыру арқылы гумандылықты қалыптастыру мәселесін А. А. Бейсенбаева мектебі [12] . Халықтық педагогика негізінде гумандық қасиеттерді қалыптастыру мәселелері С. А. Ұзақбаева мектебі [13] . Құндылық бағдар негізінде оқушылар бойында гумандық қасиеттерді қалыптастыру мәселесін Г. К. Нұрғалиева мектебі, гумандық эстетикалық бағытын Ә. И. Шыныбекова мектебі [14] .
Сонымен ең негізгісі - балалардың біріккен іс-әрекеттеріндегі гумандық қарым-қатынасты шешу мәселесі.
Адамдар арасындағы қатынастың психологиялық негіздерін дұрыс түсіну үшін Б. Г. Ананьев, А. А. Бодалев, Л. И. Божович, А. Г. Ковалев, А. Н. Леонтьев, К. К. Платонов тағы басқалардың зерттеулерімен танысу керек болды. [15] . Осы заманғы психология ғылымы адамның қатынас жасау әрекетін оның іс-әрекетімен ұштастырған түрде қарастырып, мұндай байланыс оның белсенді әрекетін білдіретін адамгершілік қасиет деп таниды. Ал бұл қасиет адамның шығармашылық ісінің жемісі деп саналады.
Әйгілі психолог-ғалым С. Л. Рубинштейн балалардың қарым-қатынасында адамның жеке басының ықпалы күшті болатындығын былайша анықтаған болатын: «қоршаған ортаға қатынас дегеніміз ең алдымен жеке адамның өмір тіршілігінің жағдайына қатынасы. Дегенмен сол жағдайлардың аса қажеттілігі ішінен адамдардың тіршілік етуіне өзге адамға деген қатынасы. Өзге адамға деген қатынас адам баласы тіршілгінің арқауы, оның өзегі». [16]
Адамдар арасында қарым-қатынас орнатуда маңызды факторлардың бірі жеке адамдардың қатынасындағы ниеттіліктерінің иерархиясын Б. Г. Ананьев, іс-әрекеттегі қарым-қатынас жасауды дамыту Г. И. Андреева, тұлғаның маңыздылығы мен адамның жекелік мәнін А. Н. Леонтьев, әлеуметтік құндылыққа қатынас жүйесін ұстану Д. Н. Узнадзе, орналасу мен жайғасу иерархиясы Б. А. Ядов, және басқа да зерттеулер мүмкіндігінше әр тарапта іздестірді[17] .
Қазіргі заманғы педагогика және психологиялық зерттеулерде балалардың біріккен іс-әрекеттерінің онтогенездегі дамуы үш кезеңнен өтетіндігін атап көрсетеді: 1) үлкендермен біріккен іс-әрекет кезеңі; 2) баланың жеке басындағы, тұлғалық іс-әрекет кезеңі; 3) құрбылармен бірлесіп жасаған іс-әрекет кезеңі.
Осы орайда С. И. Илюсизованың психологиялық-педагогикалық еңбегіндегі «Мұғалім-оқушы» арасындағы өзара қатынас орнату мен олардың бірлесіп атқаратын ісін ұйымдастырудағы ой түйіндерінің маңыздылығы ерекше екендігін атап айтқымыз келеді. Ол аталған еңбегінде балалардың жас даму ерекшеліктерімен санаса отырып, оның табиғи дамуына орай жеткіншектер өздерін ересектердің қатарына жатқызуға ұмтылуы, олардың сенімі мен оптимистік көзқарасын өрістететін болса, ал жастар ізгілік істерге икемделіп, өздерінің қайырымдылық қасиетін танытқысы келетінін нақты мысалдармен баяндайды. «Мұндай ұмтылыс жеткіншектер мен жастардың есейіп, өзіндік санасының дамуын, мінез-құлқындағы игі қасиеттерін қалыптастыруға зейін қоя бастағанының айғағы» екендігі атап көсетеді. [18] .
Гуманистік көзқарасты қалыптастыру мәселесінің жоғарғы деңгейде қарастырылуы тәрбиенің тарихи сабақтастылық ұстанымының көрсеткіші екендігін дәлелдейді. Тарихқа көз жіберсек гумандық қасиет пен қарым-қатынас жалпы адамзаттық құндылықтың ең негізгі бастауы ретінде адаммен бірге дамып келе жатқан философиялық, психологиялық, педагогикалық, социологиялық әдебиеттер мен ғылыми еңбектерге шолу жасауды айқын көрініс береді. Шет тілдер сөздігінде «гуманизм» - латынның «humanus» - адамсүйгіштік адам мен адамдық қасиеттерге құрметтеп қарау деген сөзін білдіреді. [19] .
Мұндай өзекті мәселенің зәрулігі дипломдық тақырыпты «Оқушылардың гуманистік көзқарасты қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері» деп атау қажеттілігін талап етті.
Зерттеу объектісі: оқушылардың гуманистік көзқарасын қалыптастыру процесі.
Зерттеу пәні: оқушылардың гуманистік көзқарасын қалыптастыру процесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер оқу-тәрбие процесінде өзара бірлесіп атқаратын іс-әрекеттерін зиялылық принциптеріне негіздеп, жүйелі түрде ұйымдастырса, сонда балалардың гумандық қарым-қатынас қасиеттері дамиды.
Зерттеудің міндеттері: 1. Оқушылардың гуманистік көзқарасын қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау;
- Оқушылардың бірлесіп істейтін істерін гумандық бағытта жүзеге асыру мүмкіндіктерін айқындау;
- Гуманистік сипатта тәрбиелеудің әдістемелік нақыштарын жасау;
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері болып гумандық философияның қағидаларына және оқушыларды бағалау, олардың ішкі дүниесінің дамуы мен гуманистік көзқарасының қалыптасуымен айқындалады.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Заңдары, қаулы-қарарлары, Білім, мәдениет және денсаулық министрлігінің тұжырымдамалары, бағдарламалары; гуманистік көзқарасты қалыптастыру туралы құнды ой-пікірлер мен деректерді арқау еткен философтардың, педагогтардың, психологтардың тәжірибесі.
Жетекші идея. Оқушылардың оқу-тәрбие процесінде олардың өзара гуманистік көзқарасын педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырып, олардың рухани құндылықтарын арттыру.
Зерттеу әдістері:
- қазіргі кездегі адамдардың іздестіруге арналған философиялық, психологиялық, этикалық және педагогикалық әдебиеттерді талдай отырып, оларда көтерілген мәселелердің мән-жайына шолу жасау;
- оқушылардың бірлесіп жүргізетін істерін онан әрі өрістетіп отыруда қолданылған тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар;
- оқушылардың өзара қарым-қатынасын гумандық негізде ұйымдастыру істерін бақылай отырып, оларды теориялық жағынан талдау;
Зерттеу базасы: Эксперименттік жұмыс Тараз қаласындағы балалар интернат үйінде өтті.
Тәжірибе тәрбиелік мақсатқа сәйкес жүргізілді. Іс-әрекеттің гумандық бағытының гумандық әрекеттен айырмашылығы адамдар арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, оларды дамытып отыруға бағытталды. Гуманистік көзқарастағы кейбір ерешеліктерді зерттеуде басты назар аударатын мәселенің бірі - адам мінезінің мәдени-рухани қасиеттерін дамытып отыруға үнемі мән беріп, оны белгілі мақсат-міндеттерге қарай бейімдеуді талап етеді.
1 Оқушылардың гуманистік көзқарасын қалыптастырудың теориялық негіздері.
1. 2 Гуманистік тәрбие берудің мазмұны
Гуманизмді аксиологиялық тұрғыдан алып қарағанда, ол ойлардың әлеуметтік құндылық кешені ретінде «адамдардың мәндік күштерінің еркін дамуы және өмірлік ұмтылыстардың шығармалық сипатта жүзеге асырылуы үшін жағдай туғызуды талап етеді (саяси, экономикалық, психологиялық, педагогикалық және т. б. ) . Осыған сәйкес, ізгілік тұлғалық-бағдарлаушы көзқарастардың жүйесі ретінде, әлемдік құрылымның өзіндік үлгідегі болмысы болып табылады. Ол адамға бағытталған кең түрдегі әлеуметтік бағдарлама сипатына ие бола алады, бірақ тәрбиелене алмайды. Ізгілік оның ізгіліктік бағытталуы сияқты, тұлғалық, сапа ретінде тәрбиеленді. Бұл тұрғыда «Ізгілік тәрбиесі» - адамдардың бір-біріне, қоғамға, табиғатқа, өзіне қарым-қатынасын бейнелейтін, тұлғалық қасиеттері кешенінің дамуын көрсететін сипаттама.
Мына түсініктерді ажыратып алу қажет: «Ізгілік аясында тәрбиелеу» және «Ізгілікке тәрбиелеу».
«Ізгілік аясында тәрбиелеу» тұлғаның ізгілікке бағытталуын тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін ашу ғана емес, оның тұлғаның үйлесімділік даму үрдісі мен субъектіліктің қалыптасу жолдарын көрсетуден тұрады.
Дегенмен, «ізгілікке тәрбиелеу» термині анағұрлым бара-бар мәнге ие болды. Ол буржуазиялық педагогиканың бағыттарының бірімен байланыста болғандықтан, біздің әдебиеттерімізде ұзақ уақыт бойы келеңсіз сипат алып келді. Ізгілікке тәрбиелеу мақсаты - тұлғаның үйлесімдік дамуы болып табылады және педагогикалық үрдістің қатысушылар арасындағы қарым-қатынастың ізгілік сипат алуын көздейді. Мұндай қатынастарды белгілеу үшін «ізгілік тәрбиесі» термині орын алады. Бұл тұрғыда қоғам білім беру құрылымдарына аса назар аударды.
Осыған сәйкес, ізгілікке тәрбиелеу әлемдік білім беру үрдісінің алға ұмтылушы және бекітуші беталыстарының бірі болып табылады. Ол өз кезегінде, Ресейдің білім беру тәжірибесін де қамтиды, оның негізгі сипаттарын ашу мәніне ие болады. Бұл үрдісін назарға алу ойшылдық, тәртіптілік, орындаушылық, қоғамдық бағытталу, ұжымдастыру сияқты тұлғалық қасиеттерден тұратын құндылықтардың бұрыннан келе жатқан бейімдік парадигмаларын, педагогикалық принциптерін қайта қарауға әкеледі.
Ізгілікке тәрбиелеу әлеуметтік кесіммен, негізінен, өзіндік даму мен өзін-өзі тәбилеу негізінде жүзеге асады. Мұнда әркім тұлғалық үйлесімділікке өз үлесін қосады, ресейлік жаңа менталитетті құрады. Елдің ізгіліктік келешегінің қайта жаңғыруы, тұлғаның тәжірибелік, икемділік, зияткерлік қасиеттері ғана емес, сонымен бірге мәдениеттілік, зиялылық, ұшқыр ойлылық, кәсіпқойлық құзыреттілік қасиеттерін де талап етеді. Жаңа менталитеттің қалыптасуы тұлғаның өзін тереңінен білуі, өзін игеруші, өзін көрсете алуын көздейді. Сондықтан, бұл тұлғалық ерекшеліктер ізгілікке тәрбиелеудің ілгерілеушілік желісі болып табылады.
Ізгілікке тәрбиелеудің әлемдік теория мен тәжірибе бойынша қалыптасқан мақсаты ғасырлар бойы келе жатқан, жан-жақты және үйлесімдік сипатта дамыған тұлғалық болмыс болып табылады. Бұл мақсат тұлғаның статикалық ерекшелігін береді. Оның өсу сипаттамасы өзіндік даму және өзін көрсете білу түсініктерімен байланысты болды. Дәп осы үрдістер тұлғаның өзі мен қоғам арасындағы үйлесімділікте өзіндік даму мен өзін-өзі жетілдіру үшін жағдай туғызатын - ізгілікке тәрбиелеудің мақсаттық ерекшелігін айқындайды.
Мұндай мақсатта тәрбиелеуде қоғамның тұлға мен өз келешегіне қатысты ізгіліктік дүниетанымдық ұстанымы жинақталады, олар адамды табиғаттың ерекше құбылысы ретінде тану, оның субъектілік артықшылығын ескеруге мүмкіндік береді. Тәрбиелеу мақсатының бұлай құрылуы адамның өз өміріне ықпалын өзгерту, өз қабілеті мен шығармашылық әлеуетін ашудағы құқықтары мен жауапкершілігін түсінуі мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, өзіндік даму мен өзін-өзі жетілдіруде тұлғаны ішкі бостандығының таңдауы арасындағы ара-қатынас пен оған қоғамның ықпалын түсіндіреді. Демек, ізгілікке тәрбиелеу мақсатының жаңаша талдауында жалпы адамдық мәдениеттің ұшқыр сана мен элементтерін құрастыру мүмкіндігі берілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz