Гуманистік көзқарас қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1. Оқушылардың гуманистік көзқарасын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері.

  1. Гуманистік көзқарас қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері
  2. Оқушылардың гуманистік көзқарас қалыптастырудың құрылымдық мазмұны
  1. Оқушылардың гуманистік көзқарастарын қалыптастыруға байланысты жүргізілген педагогикалық тәжірибе жұмыстарыОқушыларды гуманизмге тәрбиелеудің әдістемелік нақыштары.

2. 2. Оқушылар әлемінің рухани мәдениетін қалыптастыру бойынша жүргізілетін тәрбие жұмысының үлгісін педагогикалық жобалау.

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және рухани өмірінде адамдардың өзара қарым-қатынасын гумандық тұрғыдан дамыту мен қалыптастырудың ғылыми және практикалық маңызы айрықша болып отыр. /1/

Бірлесіп атқаратын істерде адамдардың өзара қатынасын орнықтыру үшін олар бір-біріне тиісті талаптар қояды . Мұндай қарым-қатынаста ынтымақтастық пен жекелеген адамдар өздеріне жүктелген міндеттерді жете түсініп, бәріне бірдей ортақ істерді нәтижелі етіп орындауға ұмтылады. Өзара қарым-қатынас орнатудың мұндай түрлері мен мазмұны негізінен гумандық ұстанымдарға жатады.

Адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас өндіріс пен кәсіп орындарында, тұрмыста, тәрбие мекемелері мен өзге де салаларда жүріп жатады. Қоғамдық саяси және экономикалық қатынастар жоғарғы деңгейдегі гумандық және демократиялық тұрғыдағы адамдардың бірлесіп атқаратын істері негізінде орындалады. Мұндай мақсаттардың жүзеге асуы - адамдардың ұлтына, саяси және діни көзқарастарынан тәуелсіз қауымдасып атқаратын нақты істеріне байланысты.

Адам баласының тіршілігін сақтап, қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік форумдарына қатысушы қайраткерлер (1990 ж. Мәскеуде) , халыққа білім берудің гумандық проблемаларына арналған Халықаралық қонференцияда (1991 ж. Санкт-Петербург), Халықаралық интеллектуалдық орталық - Рим клубында өздерінің сөздері мен өзге адамдармен пікір алысуда қазіргі кездегі тәрбиенің негізгі мақсат-міндеттері-адам баласының өмір тіршілігін сақтап қалу деп атап көрсетті. /2/ Осы мақсатқа орай адам баласы ұрпағының тәрбиесі гумандуқ принциптер негізінде жүзеге асырылатын болуы қажет. Сондай-ақ, тәрбиенің гумандық жүйесі адамды ардақтау, оның азаматтық құқын қорғап, азаматтығы мен бақытты өмір сүруіне жағдай жасау, оның бойындағы қабілеттің дамуын қамтамассыз ету, сөйтіп адам баласының дамып жетілуін өрістетіп отыру - барлық дерлік әлеуметтік институттар атқаратын істің өзегі мен тірегі болуға тиіс деген шешімдер қабылданды.

Педагогтар мен философтар қазіргі қоғамның дағдарысқа ұшырау жағдайында өскелең ұрпақты гумандық рухта тәрбиелеудің тиімді жолы - олардың денесінің дамуы мен ақыл-ойының өрістеуін бірдей қамтамассыз ететін жағдай тудырып, моральдық бейнесін қалыптастыру әлдеқайда тиімді нәтижелерге қол жеткізеді деп санайды. Ағымның әр алуан іс-әрекеті, сан қырлы тіршілігі түрлі топтар арасында өтіп, оның мінез-құлқының қалыптасуына ықпал етеді. Білімді гуманизациялау идеясы әр баланың өз құқы мен бостандығы туралы біріккен іс-әрекет кезіндегі педагогикалық жағдайларды ұйымдастыру зерттеулерінің көкейтесті мәселе екенін айқын көрсетті. /3/

Халқымыздың ұлы зиялылары Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев және көрнекті қайраткерлер Ә. Бөкейханов, Т. Рысқұлов, М. Тынышбаев, М. Шоқаев т. б. /4-8/ жалпы адамзаттың ой-санаға ықпал ететін қазақ философиясының дамуында адам тәрбиесі проблемасының өзекті орын алатынын көрсетіп, зерттеулерінде ерекше мән берген.

Тәрбиенің негізгі мақсаты-ұрпақтың өсіп-өнуіне жәрдем жасау, іс-әрекет ұйымдастыру, балалармен қарым-қатынас жасау арқылы қоғамдық өмірде тәжірибе алмасу. Тіл-тәрбиенің өзегі, өйткені ол бір ұрпақтан келесі ұрпаққа тәрбие мәнін түсіндіретін бірден-бір құрал.

Республикамызда біз қарастыратын проблемаға айрықша мән берген философтар: Ғ. Ғ. Ақмамбетов, Ж. М. Әбдилдин, Қ. Ә. Әбішев, М. Баймаханов, А. Н. Нысанбаев, Д. Кішіков, Р. Н. Нұрғалиев және т. б. Атап айтқанда философ Д. Кішіков гумандық қасиеттердің бірнеше сатысын философиялық тұрғыдан түсіндірсе /4/, Р. Н. Нұрғалиев гуманизм ұғымының бүгінгі мәнін ашып көрсетеді «Гуманизм адамның қадір-қасиеті мен құқын құрметтеуді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасы адамның игілігіне, оның жан-жақты дамуына жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастарының жиынтығы - дейді» /5/. Ал психологтар арасында Н. Айғабылов, Н. Асылбеков, Қ. Жарықтаев, М. Мұқанов, К. Намазбаева, К. Нұрахметов, Қ. Қойбағаров және т. б. гумандық қасиеттердің адам мінез-құлқы мен жүріс-тұрысындағы көрінісін зерттеп келді. /6/. Республикада оқыту процесін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыру арқылы гумандылықты қалыптастыру мәселесін А. А. Бейсенбаева мектебі /7/. Халықтық педагогика негізінде гумандық қасиеттерді қалыптастыру мәселелері С. А. Ұзақбаева мектебі /8/. Құндылық бағдар негізінде оқушылар бойында гумандық қасиеттерді қалыптастыру мәселесін Г. К. Нұрғалиева мектебі, гумандық эстетикалық бағытын Ә. И. Шыныбекова мектебі /9/.

Сонымен ең негізгісі - балалардың біріккен іс-әрекеттеріндегі гумандық қарым-қатынасты шешу мәселесі.

Адамдар арасындағы қатынастың психологиялық негіздерін дұрыс түсіну үшін Б. Г. Ананьев, А. А. Бодалев, Л. И. Божович, А. Г. Ковалев, А. Н. Леонтьев, К. К. Платонов тағы басқалардың зерттеулерімен танысу керек болды. /10/. Осы заманғы психология ғылымы адамның қатынас жасау әрекетін оның іс-әрекетімен ұштастырған түрде қарастырып, мұндай байланыс оның белсенді әрекетін білдіретін адамгершілік қасиет деп таниды. Ал бұл қасиет адамның шығармашылық ісінің жемісі деп саналады.

Әйгілі психолог-ғалым С. Л. Рубинштейн балалардың қарым-қатынасында адамның жеке басының ықпалы күшті болатындығын былайша анықтаған болатын: «қоршаған ортаға қатынас дегеніміз ең алдымен жеке адамның өмір тіршілігінің жағдайына қатынасы. Дегенмен сол жағдайлардың аса қажеттілігі ішінен адамдардың тіршілік етуіне өзге адамға деген қатынасы. Өзге адамға деген қатынас адам баласы тіршілгінің арқауы, оның өзегі». /11/

Адамдар арасында қарым-қатынас орнатуда маңызды факторлардың бірі жеке адамдардың қатынасындағы ниеттіліктерінің иерархиясын Б. Г. Ананьев, іс-әрекеттегі қарым-қатынас жасауды дамыту Г. И. Агндреева, тұлғаның маңыздылығы мен адамның жекелік мәнін А. Н. Леонтьев, әлеуметтік құндылыққа қатынас жүйесін ұстану Д. Н. Узнадзе, орналасу мен жайғасу иерархиясы Б. А. Ядов, және басқа да зерттеулер мүмкіндігінше әр тарапта іздестірді. /12/

Қазіргі заманғы педагогика және психологиялық зерттеулерде балалардың біріккен іс-әрекеттерінің онтогенездегі дамуы үш кезеңнен өтетіндігін атап көрсетеді: 1) үлкендермен біріккен іс-әрекет кезеңі; 2) баланың жеке басындағы, тұлғалық іс-әрекет кезеңі; 3) құрбылармен бірлесіп жасаған іс-әрекет кезеңі.

Осы орайда С. И. Илюсизованың психологиялық-педагогикалық еңбегіндегі «Мұғалім-оқушы» арасындағы өзара қатынас орнату мен олардың бірлесіп атқаратын ісін ұйымдастырудағы ой түйіндерінің маңыздылығы ерекше екендігін атап айтқымыз келеді. Ол аталған еңбегінде балалардың жас даму ерекшеліктерімен санаса отырып, оның табиғи дамуына орай жеткіншектер өздерін ересектердің қатарына жатқызуға ұмтылуы, олардың сенімі мен оптимистік көзқарасын өрістететінболса, ал жастар ізгілік істерге икемделіп, өздерінің қайырымдылық қасиетін танытқысы келетінін нақты мысалдармен баяндайды. «Мұндай ұмтылыс жеткіншектер мен жастардың есейіп, өзіндік санасының дамуын, мінез-құлқындағы игі қасиеттерін қалыптастыруға зейін қоя бастағанын ың айғағы» екендігі атап көсетеді. /13/.

Гуманистік көзқарасты қалыптастыру мәселесінің жоғарғы деңгейде қарастырылуы тәрбиенің тарихи сабақтастылық ұстанымының көрсеткіші екендігін дәлелдейді. Тарихқа көз жіберсек гумандық қасиет пен қарым-қатынас жалпы адамзаттық құндылықтың ең негізгі бастауы ретінде адаммен бірге дамып келе жатқан философиялық, психологиялық, педагогикалық, социологиялық әдебиеттер мен ғылыми еңбектерге шолу жасауды айқын көрініс береді. Шет тілдер сөздігінде «гуманизм» - латынның «humanus» - адамсүйгіштік адам мен адамдық қасиеттерге құрметтеп қарау деген сөзін білдіреді. /14/.

Мұндай өзекті мәселенің зәрулігі дипломдық тақырыпты «Гуманистік көзқарасты қалыптастырудың педагогикалық шарттары» деп атау қажеттілігін талап етті.

Зерттеу объектісі: оқушылардың гуманистік көзқарасын қалыптастыру процесі.

Зерттеу пәні: оқушылардың гуманистік көзқарасын қалыптастыру процесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер оқу-тәрбие процесінде өзара бірлесіп атқаратын іс-әрекеттерін зиялылық принциптеріне негіздеп, жүйелі түрде ұйымдастырса, сонда балалардың гумандық қарым-қатынас қасиеттері дамиды.

Зерттеудің міндеттері: 1. Оқушылардың гуманистік көзқарасын қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау;

  1. Оқушылардың бірлесіп істейтін істерін гумандық бағытта жүзеге асыру мүмкіндіктерін айқындау;
  2. Гуманистік сипатта тәрбиелеудің әдістемелік нақыштарын жасау;

Жетекші идея. Оқушылардың оқу-тәрбие процесінде олардың өзара гуманистік көзқарасын педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырып, олардың рухани құндылықтарын арттыру.

Зерттеу әдістері:

  • қазіргі кездегі адамдардың іздестіруге арналған философиялық, психологиялық, этикалық және педагогикалық әдебиеттерді талдай отырып, оларда көтерілген мәселелердің мән-жайына шолу жасау;
  • оқушылардың бірлесіп жүргізетін істерін онан әрі өрістетіп отыруда қолданылған тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар;
  • оқушылардың өзара қарым-қатынасын гумандық негізде ұйымдастыру істерін бақылай отырып, оларды теориялық жағынан талдау;

Зерттеу базасы: Эксперименттік жұмыс Алматы облысы, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы №45 орта мектепте өтті.

Тәжірибе тәрбиелік мақсатқа сәйкес жүргізілді. Іс-әрекеттің гумандық бағытының гумандық әрекеттен айырмашылығы адамдар арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, оларды дамытып отыруға бағытталыды. Гуманистік көзқарастағы кейбір ерешеліктерді зерттеуде басты назар аударатын мәселенің бірі - адам мінезінің мәдени-рухани қасиеттерін дамытып отыруға үнемі мән беріп, оны белгілі мақсат-міндеттерге қарай бейімдеуді талап етеді.

1. Оқушылардың гуманистік көзқарасын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері.

1. 1. Гуманистік көзқарас қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері.

Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер адам санасындағы күрделі жаңғыру процесімен астаса жүріп жатыр, мұның өзі іргелі және әмбебап білімді саралап, оның өрісін кеңейте түсуді және бұл істі білім беру жүйесі арқылы жүзеге асыруды талап етеді. Қоғамымызда бүгінгі таңда білім берудің өндірісті қамтудан мәдени шығармашылық мұратқа ойысуы жолындағы келелі міндеті туралы дәстүрлі түсінік қайта қаралуда, өйткені ол жеке тұлғаның дамуындағы сыңаржақтылық пен толымсыздықты еңсеруге жәрдемдеседі, әр кісінің азаматтық тұғырын табуына жетелейді, сол арқылы оның ішкі әлеуметін ашуына деген мүмкіндігін кеңейтеді.

ХХІ ғасырда өркенниетті дамудың талабы - қоғамды ізгілендіру, яғни әлеуметтік қатынастарды ұйымдастырудың тиімді нысандарына қол жеткізуіне байланысты болып отыр. Ізгілендіру мақсатына жету құралы - зиялылықты қалыптастыруды, сезім, көңіл-күй мәдениетін тәрбиелеуді, өмірлік құндылықтар мен бағдарлардың белгілі бір жүйесін орнықтыруды көздейтін сан қырлы процесс - гуманитарландыру болып табылады. Өйткені біз ертеңгі күні өзіміз қалыптастыратын қоғамда өмір сүретін боламыз, сол себепті болашақ мамандарымыз гуманистік көзқараста тәрбиеленген, білімді азаматтар деңгейінде даярланғаны қажет.

Қазақстан Республикасында қабылданған (1994) білім беруді гуманитарландыру тұжырымдамасында жалпыадамзаттық құндылықтар мен Қазақстанның ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, өтпелі кезеңде гуманитарлық білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын ұсыну, оның серпінді дамуы мен қызмет атқаруына жағдай жасау мақсаты көрсетілген .

Көптеген оқушылардың әлемнің және отанымыздың мәдениетінің негіздерін білмеуі, қоғамдық институттардың құрылымы мен қызметі туралы қарапайым түсініктерінің жоқтығы, адамдардың өзара қарым-қатынас жасасудағы этикалық және психологиялық тұрлаулы дағдарысының әлсіздігі немесе болмауы, дүниені түйсіну жөніндегі жалпы ғылыми көзқарасының қалыптаспауы, өмірге және ондағы өз орнына деген тоғышарлық көзқарастың меңдеп кетуі - жастардың гуманистік көзқарастарының дұрыс қалыптасуына, олардың даярлығына жеткілікті көңіл бөлмеу салдары.

Қазақстанда мектепті гуманитарландыру мәселесі қоғам дамуының алғы шарттарын қалыптастыруға, жастарды нарықтық қатынастар жағдайында жұмыс істеуге әзірлеуге қатысты шешілетіндіктен, кез келген мектеп бітіруші игеруге тиісті негізгі жеке қасиеттер, адамгершілік өлшемдер мен гуманитарлық бағдарлар жиынтығының мазмұнын анықтау қажет. Қазақстанда білім беруді гуманитарландыру тұжырымдамасында болашақ маманның гуманистік көзқарасын қалыптастыратын білім, біліктілік және дағдылардың мазмұнын анықтау төмендегіше берілгені

  • дүниетану мен түйсінудің негізінқұрайтын, дүниені түсіндіру қабілетін іске асыратын, өмірдің құндылықтары туралы бағдар беретін философиялық білімдер; нарықтық экономиканың әлеуметтік бағытталуы туралы қазіргі түсініктер негізінде қалыптасатын этикалық біліктіліктер; әлемдік өркениет тарихындағы неғұрлым мәнді идеялар мен тұлғаларды білу; мәдениеттің негізгі кезеңдеріне түсінік беру; әлеуметтік-мәдени даму заңдылықтарын түсіне отырып, тарихи жылнамаға талдау жасай білу; қазіргі өркениет жолдарын пайымдау қабілеті;

тарих субъектілері, оның ішінде осы заманғы әлеуметтік күштер, қазіргі қоғамның әлеуметтік құралы туралы кең ауқымды түсінік; қоғамдағы мектептердің құрылымы мен функциялары жайында нақты түсініктің болуы; әлеуметтік-технологиялық даму мәселелерінде еркін бағыт-бағдар ұстай білу.

Аталған мазмұн жүзеге асырылу үшін елімізде жүргізіліп жатқан білім беру саласын реформалау саясатында мынадай қағидалар тұжырымдалған:

1. Білім берудің гуманитарлық сипатын бағамдау, яғни барлық оқу пәндерінің гуманитарлық әлеуетін айқындап, оларды оқыту әдістемелерін тиісінше өзгерту;

2. Қазақстан халықтарының өзіндік этномәдени болмыс-бітімін танып білу, оны дәріс алушы ортаның этникалық мұқтажына сәйкес реформалау, -яғни ұлттық және жалпыадамзаттық рухани құндылықтардың өзара кірігуін қамтамасыз ету;

3. Әрбір адамның қоғамда имандылық пен зиялылық ахуалының орнығуына жағдай жасау;

4. Өркениетті нарыққа ену гуманитарлық білім беруді нарықтық пайымы биік кадрларды тыңғылықты даярлауды талап ету, яғни гуманистік көзқарасы жоғары маман дайындау арқылы адамгершілік қасиеттің тозғындауына, мәдениет пен білімге деген нигилистік көзқарасқа қарсы тұра алатын азамат тәрбиелеу керек.

Жеке адамның гуманистік көзқарастарын қалыптастырудың түрлі кезеңдеріне сай мәні, мақсаты, жүзеге асыру құралдары болады. Сондықтанда гуманистік көзқарасты қалыптастырудың алғы шарты - талаптар мен стандарттарды әзірлеу болып табылады.

Бірінші қағидалық тұжырымға сәйкес теорилық ұстанымдар мен зерттеу жұмыстарын талдау барысында қоғамның және білім беру жүйесін гуманитарландыру процесі бүкіл адамзаттық құндылықтардың өзгерумен байланысты екенін тек адам ғана өзінің жеке-даралық ерекшеліктерімен бірге өзекті-потенциалды, тұтас дүние ретінде жоғары құндылық болып қарастырылады, ал жеке тұлғаның өзін-өзі таныта алуы өзекті әлеуметтік проблема болып қарастырылатыны айқындалды. /15/ Бұл жаңа көзқарастар негізіне тұлғалық - бағдарлы білім беру идеясы (Е. В. Бондаревская, О. С. Газман, Э. Н. Гусинский, В. В. Сериков, Ю. И. Турчанинова, И. С. Якиманская, А. Маслоу, К. Роджерс, В. А. Сухомлинский, Ш. А. Амонашвили, т. б. гуманистік тәрбие мен оқытудың тұлғалық-дамытушылық парадигмасы (В. Сластенин, М. Берулава) жатады . Білім беруді гуманитарландыру тұжырымдамасының негізіне тәрбиенің құндылықты астарына қайта мағына беру жатқызылады. Гуманистік тұлғалы-бағдарлы тәрбиенің басты құндылықтары болып тұлғаны өсіруші және тәрбиелеуші орта ретінде адамның өзі алынады. Сол себепті жеке тұлғаның гуманистік көзқарасын қалыптастыру белгілі бір адамгершілік өлшемдер мен гуманитарлық бағдарларға сүйенуі міндетті. Білім берудің гуманитарлық сипатын қайта бағамдау қажеттілігінен /16/ қазіргі қоғамдағы философиялық көзқарастар эволюциясына мұқият назар аудармасқа болмайды. Соңғы уақытқа дейін дәстүрлі көзқарастар бойынша жеке тұлғаның даралық ерекшеліктері тек сыртқы факторларға тәуелді делініп, оның түрлі субъектілерімен байланысы шектелініп келді. Тәрбиеленуші немесе оқушы сыртқы ықпал, әсер, стандарттар мен нормативтер көмегімен басқарылатын инженерлік-психологиялық объект санатында қарастырылды. /17/

ХІХ ғасырдың қарсаңында ғылым мен техниканың ересен нәтижесінде, қоғамдық сана, ғылыми ой мен оның практикалық жүзеге асу барысын сәйкес дәрежеде қабылдай алмады, адамның мәнділігі туралы ой технология мен ғылыми-техникалық прогрестің көзсіз дамуына ілесе алмай сыртта қалып қойды/18/.

Дәстүр бойынша жеке адам тұлғасы алдында үш жақты проблема:өз инстинктарымен, табиғат күштерімен және қоршаған адамдармен өз қарым-қатынастарын реттеу тұр десек, онда жаңа қоғам адам мен оның өндірген өнімдерінің қалыптасқан қарама-қайшылықтарды шешуге мәжбүр болады/19/.

Ғасырлар бойы гуманистік тәрбиенің әлемдік теориясы мен практикасында жалпы түрде қабылданған мақсаты жанжақты және гармониялы дамыған жеке адамды қалыптастыру болып келді Бұл мақсат идеал ретінде жеке адамның статикалық сипатын береді. Ал оның динамикалық сипаты өзіндік даму және өзін-өзі пайдалана (самореализация) процестерімен байланысты. Сондықтан осы процестер гуманитарлық тәрбиенің ерекшелігін анықтайды:жеке адамның өзімен және қоғаммен гармониялық байланыста өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі пайдалана алуы үшін жағдай (шарт) туғызу қажет болып табылады / 20/.

Гуманистік дәстүрлерде жеке адамның дамуы рациональды және эмоциональды өмірдегі өзарабайланысты өзгерістер процесі ретінде қарастырылады, оның өзімен және әлеуметтік және әлеуметтік ортамен үйлесімдік деңгейі арқылы сипатталынады /21/.

Гуманистік тәрбиенің мақсатын осылай өрнектеуге сәйкес адамның өз өміріне, өз құқығына әсерін және өз қабілеттері мен шығармашылық потенциалын ашуға жауапкершілігін, өзін-өзі дамыту мен пайдалана алуын таңдау екендігі және оған қоғамның әсері арасындағы қатынасты түсінуді қайта бағалау мүмкіндігі пайда болады. Қазіргі түсінік бойынша гуманистік тәрбие мақсаты негізіне планетарлық сана мен бүкіладамзаттық мәдениеттің элементтерін қалыптастыру мүмкіндігі алынған.

Тәрбиені гуманизациялау арқылы болашақ маманға бүкіладамзаттық құндылықтарды дарыту арқылы, әрбір оқушының тек білімі, біліктілігі және дағдысын ғана емес адамгершілік сипатын анықтайтын өзіндік рухани байлықтарының сапасын арттыру жүзеге асырылады. . Болашақ маманның адами сапасының қалыптасу дәрежесіне байланысты оның маман ретіндегі кәсіби деңгейі айқындалынады. Сондықтан кәсіби білім, іскерлік пен дағды білімгердің тек тұлғалық ерекшелігінің элементарлы негізі болады, ал қабілеттері мен құндылық бағдарларының жан-жақты дамуы жоғары және өнімді қалыптасу деңгейі болып табылады, яғни тәрбиелілік мәдениетінің жоғарылауының, бүкіладамзаттық құндылықтарды меңгеру арқылы гуманистік көзқарастарының тұрақталуының көрсеткіші бола алады. Оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтар туралы білімдері мен гуманистік көзқарастарын қалыптастырудың ең тиімді, мүмкін болатын құралы - берілетін білімдерге адами және рухани сипат беру болып табылады/22/.

Тәрбиені педагогикалық процесс деп түсіндіретін деңгейде «тәрбие - адамның ішкі дүниесіне әсер ететін барлық педагогикалық ықпалдардың кірігуі (интеграциялануы), яғни адам бүкіл өмірінде өзіне қатысты тәрбиелік функцияларды атқарушы адамдар арасында болады және олардың ықпалын тиімділік дәрежесі бойынша қабылдауы»-деп тұжырымдауға болады. Тәрбие жүйесінің әрбір звеносы тәрбиеленуші үшін өзіндік тәрбие ықпалын тигізеді. Тәрбиені кәсіби қызмет нәтижесі ретінде түсіндіретін үшінші анықтамада педагог-тәрбиеші қызметі тәрбие субъектісі ретінде алынады және түрлі тәрбие звеноларында нақты әрекеттер жүйесімен қызмет етеді.

«Тәрбие» ұғымының түрлі анықтамалары мен түсініктерін қазіргі тәрбие көріністері контексімен салыстыра отырып Б. Т. Лихачев тәрбиені адамның сапалық қасиеттерімен бағалау арқылы жаңа гуманистік анықтамасын берген жөн деп санайды /23/. Аталған логика бойынша тәрбие-адамның сапалық деңгейін мәндендіруші, оның тұрмысының мән-мағынасы мен өмір сүру әдістерінің өзгеру динамикасының педагогикалық өзара әсерлесуі арқылы туындаушы нәтиже деп түсіндіруге болады.

Тәрбиеге гуманистік сипат беру мақсатында біраз ғалымдар оны әлеуметтендіру жеткілікті, яғни бағытталған әрекет арқылы индивидке саналы түрде қажетті қасиеттер мен белгілерді сіңіруге болады (И. С. Кон) десе; біразы (П. В. Симонов, П. М. Ершов) жеке тұлғаның қажеттіліктерін қалыптастыру мен оларды қанағаттандырудың мүмкін болатын әлеуметтік тәсілдерін анықтау жеткілікті, ал Г. С. Батышев - адамға өзін-өзі танып білу мен өз қажеттіліктерін анықтау мүмкіндігін беру қажет, сонда ғана тәрбиеде гуманистік мазмұн бола алады деген /24/.

Дәстүрлі түсініктерде (Я. А. Каменский, В. Зенковский) тәрбие «ұстап отыру механизмі» немесе «мінез-құлықтық шектеу» делініп, этностық, туыстық қарым-қатынастар жүйесінде өмірдің талабы мен ережелерін, мәңгіліктік заңдарымен байланыс тәсілі ретінде бағаланады, ал Р. Тагордың еңбектерінде «адамзаттың данышпандығының шексіз ішкі бастауларын сыртқа шығарушы» деген тамаша анықтама беріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасын қалыптастыру
Қазақ этнопедагогикасы құралдары арқылы жоғары оқу орындары студенттерінің гуманистік көзқарасын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Бастауыш сынып оқушыларының бойында гуманистік көзқарасты қалыптастырудың ізгіліктік негіздері
Білімгерлердің гуманистік көзқарасын қалыптастыру мазмұнын жаңғыртудың теориялық-әдіснамалық негізі (көпсалалы колледждің оқу-тәрбие үдерісі жағдайында
Бастауыш мектеп оқушыларының гуманистік тәрбиесін қалыптастырудағы құзырлылық қатынас
Оқушылардың гуманистік көзқарасын қалыптастырудың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының тәрбие жүйесін ізгілендірудің ұлттық мазмұны
Білімгерлердің гуманистік көзқарасын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Оқушылардың ізгіліктік тәрбиесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық құндылықтардың орны
Ана тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасты қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz