Жеке тұлғаға бағыттап оқыту Технологиясы


Жеке тұлғаға бағыттап оқыту Технологиясы
Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «бізге экономикалық қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» делінген. Сол білім беруді дамыту ісі жеке тұлғаға мәдени-тарихи құндылықтарды, нормалар мен дәстүрлерді, білім берудің арнайы таңдап алынған мазмұны мен нысандарын беру болып табылады.
Тұлғалық бағдарлы оқыту технологиялары туралы
Бұл жөнінде ғалым И. С. Якиманская жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың негізгі ережелерін төмендегідей тұжырымдайды:
- Басты мақсаты-оқушы тұлғасының жеке қабілеттері мен қасиеттерін дамыту;
- Білім беру жүйесі басынан-ақ оқушыдан бастап оқыту және тәрбиелеу мақсаттарына, мазмұны мен технологияларына қарай бағыттала құрылуы тиіс;
- Оқушы дамуын диагностикалау мен ынталандыруды мұғалім олардың қызметін ұзақ уақыт бойына байқау әдістері негізінде іске асыруы тиіс.
И. С. Якиманскаяның пайымдауынша, жеке тұлғаға бағдарланған оқытуда даралау тәсілі барлық білім беру процесінің негізгі қағидасы болып табылады, оның мақсаты-әрбір баланың мүмкіндіктерін танып, дамыту. "Жеке тұлғалық тәсіл жағдайында балалардың өзіндік жеке ерекшеліктерінің болуы қойылған мақсатқа жетудің-яғни, қайталанбас жеке тұлға ретінде әрбір оқушының дамуын қамтамасыз етудің қажетті шарты”.
Е. В. Бондоревская жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнында жеке жеке тұлғаны дамытуға және қалыптастыруға қажетті мынадай 4 компонент міндетті түрде болуы қажет деп атап көрсеткен. Олар: аксеологиялық, когнитивті, шығармашылық-әрекеттік және жеке тұлғалық. Осы жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнының төрт компоненті де негізінен сөйлесу, шығармашылық іс-әрекет арқылы әрбір баланың жекелеген дамытуға жағдай жасауға, өз бетінше шешім қабылдауға және шығармашылығына, оқу әдістері мен мазмұнын таңдауға толық мүмкіндік береді деп ойлаймыз.
Г. К. Селевко мұндай технологияның ең негізгі құндылығы-оқушы жеке тұлғасы, ал негізгі мақсаты табиғи қабілеттеріне сәйкес тұлғаны дамыту және қалыптастыру деп атап көрсетеді.
Біздің ойымызша, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту материалды шығармашылықпен меңгеру аясын кеңейтеді және жеке тұлғаға бағдарланған оқыту мұғалімнен төмендегідей іс-әрекетті талап етеді: 1) өз оқушыларының темпераменті, мінезі-құлқы, көзқарасы, талғамы мен әдеп-дағдыларының жеке ерекшеліктерін үнемі зерделеп, жақсы білуі; 2) жеке тұлғаның ойлау ерекшелігі, қызығушылығы, мүддесі, ұстанымы, бағытталуы, өмірге, еңбекке көзқарасы, құндылық бағыттары, өмірлік доспары және т. б. сияқты аса маңызды тұлғалық қасиеттерінің нақты қалыптасу деңгейін қадағалап, білуі; 3) әрбір оқушыны өз шамасына сай және біртіндеп күрделене беретін әрі жеке тұлға дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелік әрекетке үнемі тартып отыруы; 4) мақсатқа жетуге кедергі келтіретін себептерді уақытылы айқындап, жойып отыруы, ал егер мұны уақтылы істей алмаса, жаңа жағдайларға сай тәрбие тактикасын жедел түрде өзгертуі; 5) жеке тұлғаның өз белсенділігіне неғұрлым көбірек сүйенуі; 6) тәрбие ісін жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуімен ұштастырып, өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын, әдістерін, формаларын таңдауға көмек беруі; 7) оқушылардың дербес әрекетін, бастамашылдығын, әрекетшілдігін дамытып, басқаруы емес, табысқа жетелейтін қызметті ұйымдастырып, бағыттауы тиіс.
В. В. Сериков ұсынған жеке тұлғаға бағдарланған білім беру тұжырымдамасының мәні төмендегідей:
1. Жеке тұлға дегеніміз-адамның арнайы білім алу және даму аясын білдіретін педагогикалық категория.
2. Адам "жеке тұлға болу” тәжірибесін, яғни жеке тұлға функцияларын атқара білу тәжірибесін меңгеруі тиіс.
В. В. Сериков жеке тұлғаға бағдарланған білім беруге тән заңдылықтарды атап көрсетеді:
1. Жобалау элементі-"тұлға өміріндегі оқиға”, ол кейіннен біртұтас өмірлік нәтижеге айналады. Ал білім тек оның бір бөлігі ғана болып табылады.
2. Оқыту мұғалім мен оқушының бірлескен қызметі болады: мұнда сұхбаттасу білім беру субьектілерінің өмір сүру тәсілі ретінде танылады.
3. Процесс тұлғалық тәжірибенің бастауы болып шығады.
4. Оқыту адамның табиғи өмір сүру жағдайына жақын бола түседі.
5. Мұғалім мен оқушының өзара бірлескен әрекеті тұлға аралық, субьект аралық қарым-қатынас сипатын алады.
Ендеше, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту дегеніміз-тек оқушыларды бір-бірінен айрықшалайтын жеке ерекшеліктерін есепке алу ғана емес, бұл-ең алдымен, оқушыға жеке тұлға ретінде, бірлескен қызметтің саналы әрі жауапкершіл субьектісі ретінде қарау.
Г. К. Селевко бұл технологиялардың негізінде өзін-өзі өзектілендіруге ұмтылатын "толық қанды тұлға” болуы тиіс дегенді баса атап көрсетеді. Мұндай тұлға әртүрлі өмірлік жағдайларда жауапты әрі саналы шешім қабылдай алатын болады. Жеке тұлғаға бағытталған технологиялардың мақсаты, ғалымның пікірінше, жеке тұлғаның өзінің табиғи қабілеттеріне сай қалыптастырып, дамыту болып табылады.
Технолог ғалымдардың пайымдауынша, жеке тұлғаға бағдарланған технологиялар әрбір баланың жеке ерекшеліктеріне сай оқыту және тәрбиелеу әдістері мен тәсілдерін іздеуде. Мұндай технологиялар психодиагностика әдістерін пайдаланады, оқушылар қызметін ұйымдастыруға деген көзқарасты өзгертеді, оқудың түрлі құралдарын қолданады. Демек, жеке тұлғаға бағдарланған технологиялар сүйіспеншілік, қамқорлық, ынтымақтастық ахуалын туғызып, жеке тұлғаның шығармашылық әрекеттеріне және өзін-өзі өзектілендіруіне барлық жағдайларды жасайды және жеке тұлғаға бағдарланған оқыту әрбір оқушының өзін танымдық және оқу қызметінде бейімділіктеріне, мүдделеріне, мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сай жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Сонымен, С. В. Кульневичтің атап көрсеткеніндей, білім беру процесін тұлғаға бағдарлау гуманистік педагогикалық мәдениет құндылықтарына ықпал етеді, бұл дегеніміз-білім алу емес, бала өміріндегі білімнің жеке тұлғалық мәні; жекелеген білік-дағдылар емес, жеке тұлғаның жеке ерекшеліктері, өзіндік дербес оқу қызметі, өмірлік тәжірибесі; педагогикалық талаптар қою емес, педагогикалық қолдау мен қамқарлық көрсету және мұғалім мен оқушының сұхбаттасуы; білім көлемі емес, меңгерілген ақпарат мөлшері емес, оқушының жалпы жеке тұлғалық өсуі, дамуы және өзін-өзі дамытуы.
Жеке тұлғаға бағдарланған оқу процестері: дамыта оқыту; баланың жеке ерекшеліктерін қалыптастыруға педагогикалық қолдау көрсету; тәрбиені баланы рухани-адамгершілік дамыту құралы ретінде қарастырады. Жеке тұлғаға бағдарланған білім берудің мақсаты-адамды қолдау, дамыту, онда өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеудің тетіктерін қалыптастыру. Мұндай технологияларға. Ынтымақтастық, сұхбаттастық, әрекетшілдік-сипатшылық әрекеті, баланың жеке дамуын қолдауға бағытталуы, оған дербес шешімдер қабылдауға, шығармашылыққа, мұғаліммен өзара шығармашылық ынтымақтастығына қажетті кеңістік пен еркіндік беру сипаты тән.
Бүгінгі таңда мынадай жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиялары бар:
- В. Ф. Шаталовтың тірек белгілер негізіндегі технологиясы;
- П. М. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы;
- В. В. Фирсовтың саралай оқыту технологиясы;
- Ш. А. Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы;
- Л. В. Занковтың, Д. Б. Эльконин-В. В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы;
- Ю. К. Бабанскийдің оқу процесін оптимизациялау технологиясы;
- М. Чошановтың, П. И. Третьяковтың, К. Я. Вазинаның, В. М. Монаховтың модульдік оқыту технологиялары;
- Г. К. Селевконың өзін-өзі дамыта оқыту технологиясы;
- Ж. А. Қараевтың, Т. Т. Ғалиевтің, Ә. Жүнісбектің, М. М. Жанпейісованың, Н. Н. Нұрахметов пен К. Әбдіғалиевтің оқыту технологиялары кеңінен танымал.
Өткенімізге зер сала қарасақ, білім беру жүйесінде осыған дейін оқушыға білім, білік, дағдыны қалыптастыруды талап етсек, бүгінгі күннің мақсаты - іскерлік қарым-қатынас, оларды өз бетімен білім алуға бағыттау. Сондықтан да қазіргі замандағы педагогикалық ғылымның ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа білім технологияларын қалыптастыру ұмтылу болып табылады. Төмендегі үлгіден білім беру жүйесіндегі кешегі мен бүгінгі қатынасты салыстыра отырып, бүгінгі таңдағы қатынастың артықшылығын байқауға болады.
Білім философиясы
Білім Оқушы
Білім парадигмасы
Пәндік білім Жеке тұлғалық
Басты тұлға
Мұғалім Оқушы
Қатынас
Субъект-объект Субъект-объект
Мақсат
Білім беру Өз бетімен білім алуға үйрету
Міндет
Жағдай жасау
Үйренеді
Оқыту әдістемесі Оқыту технологиясы
.
Жеке тұлғаға бағытталған білім беру дегеніміз - педагогикалық іс-әрекеттің әдіснамалық жаңа бағыты, яки баланың қайталанбас дара тұлға ретінде өзін-өзі тануын, өзін-өзі жетілдіре отырып, дамытуын қамтамасыз ететін өзара тығыз байланысты идеялар, түсініктер мен іс-әрекеттер жиынтығы.
Тұлғаға бағытталған жаңа көзқарас түсінігін айқындау үшін негізгі үш мәселеге тоқтала кеткеніміз жөн:
- Тұлғаға бағытталған көзқарас ұғымын ашатын негізгі түсініктер:
- Адамның ешкімге ұқсамайтын өзіндік даралық ерекшелігі;
- Жеке тұлғаның үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік болмысы;
- Тұлғаның өзіне тән қабілеттері мен мүмкіндіктерін таныту үрдісі;
- Өзін және қоршаған ортаны тануда саналы, шығармашылық белсенділік көрсететін тұлға әрекеті;
- «мендік» тұжырымдаманың болуы;
- Оқушылардың білім алуына жағдай жасау. Өмірлік, кәсиби өсуіне педагогикалық қолдау, психикалық қарым-қатынас бойынша алдын-ала көмек беру іс-әрекеті.
- Оқушыларға білім беру әрекетіндегі негізгі принциптер (ұстанымдар) :
- өзін-өзі белсендіретін тұлға ұстанымы;
- даралық ұстанымы;
- субъектілік ұстанымы;
- таңдау ұстанымы;
- шығармашылық табыс ұстанымы.
3. Технологиялық бөлімі:
- шығармашылық іс-әрекетке шақыру;
- баланың жеке басының дамуын қолдау;
- оқушылардың өз бетінше шешім қабылдауына, білім алудың мазмұны мен жолдарын таңдауға еркіндік беру.
Жоғарыда аталған түсініктемелер тұлғаға бағыттап оқытудың сипаттамасын айқындауға мүмкіндік береді. Жеке тұлғаға бағыттап оқыту дегеніміз оқушының қажеттіліктерін, ерекшеліктерін, іс-әрекетін ескеретін жан-жақты, интеллектуалды ойлау қабілетін, өз бетінше шешім қабылдай алатын, шығармашылық қабілеттерін дамытатын тұлғаның «мәденитаралық қарым-қатынас субъектісін» қалыптастыру. Жеке тұлғаға бағытталған оқыту -бұл жеке тұлғаның белсенділігіне жету. Барлық оқу процесін белсенділендіру жоспарында ең маңыздысы практикалық сабақтарда берілген мүмкіндіктерді барынша қолдану.
Жеке тұлғаға бағытталған оқытудың моделін құру үшін келесі түсініктерді айыру қажет деп есептейді:
- түрлі дәрежелі амал - түрлі дәрежелі бағдарлама материалының қиындығына бағытталған болуы тиіс.
- өзгешелік амал - оқушылардың сыртқы ерекшелігі: білімі, қабілеті, білім беру орталығының типі бойынша болу;
- жекеше амал - оқушыларды бірыңғай топ бойынша: үлгерімі, қабілеті, әлеуметтік-кәсіби ағымына қарай топтау;
- субъекті-жекелі амал - әрбір оқушымен жақын қарым-қатынаста болу.
Жеке тұлғаға бағыттап оқытуда білім алушының жеке басы бірінші орында тұрады. Әрбір адам тұлға бола отырып, бір жағына жеке тұлға, екінші жағынан әлеуметтік типтік тұлға, яғни әлеуметтік маңызды сипаттарды қамтушы болып табылады.
Қорыта айтқанда: сыныптағы әрбір оқушының ерекшеліктерін, қажеттіліктерін ескере отырып, оның оқу процесінде жан-жақты дамуын жүзеге асыру болып табылады, тұлғаны оқытудың соңғы нәтижесі мәдениетаралық қарым-қатынасқа жету.
Өзіндік педагогикалық іс-әрекетімді мектептің таңдап алынған бағытына сәйкес құрамын. Сабақты және сабақтан тыс әрекеттерді ұйымдастыруда оқушы тұлғасының барынша дамуы мен оның табысты оқуы үшін жағдай жасауға бағыттаймын.
Мақсатқа жету үшін ЖТБО техникасын қолданамын. Оның негізіне мыналар жатады.
- іс-әрекет үшін қолайлы ахуал туғызу табыс жағдайын қалыптастыру;
- оқу материалы мен оны ұсынуда оқушының тұлғалық тәжірибесі мен ерекшеліктерін ескеру;
- тапсырмалардың әртүрлі деңгейлік сипаты;
- оқу материалын таңдау мен орындауда таңдау мүмкіндігін беру;
- оқу әрекеттерін әртүрлі қарым-қатынас негіздерінде құру;
- шығармашылық белсенділіктерін қолдап отыру.
Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту-үйрету жағдайларды басшылыққа аламын:
- өзектендіру
- мәселелендіру
- шоғырландыру
- модельдеу
- рефлексия
Қолданатын тапсырмаларым ашық және шығармашылық түрдегі, баламалы тапсырмалар, деңгейлік тапсырмалар.
Жүзеге асыру жолдарым:
- Тұлғалық маңызды мақсаттар қою;
- Оқушылармен жеке дара, топтық, ұжымдық жұмыс түрлерін ұжымдастыру;
- Өзіндік шешім қабылдауда, шығармашылықпен айналасуда, мазмұнды таңдауда еркіндік кеңістігін құру;
- Жұмыс жасау үшін қолайлы ахуал туғызу, бір-біріне түсіністік, қолдау көрсету;
- Өзіне деген сенімділікті арттыруға, мәселені талқыламай отырып шешуге, өз әрекеті үшін жауап беруге баулу.
Нәтижелікті анықтау жолдарым: байқау, өзіндік талдау, өзіндік бағалау. Нәтижені бірнеше аспектіде қарастыру жеке оқу мінездемесінің динамикасы, оқушылардың бағалары есепке алынған тұлғалық, топтық мінездемелерінің динамикасы. Мінездемелерді салыстыру (оқушы, мұғалім, ата-ана) . Оқушының даму аймағының моделін белгілеу.
ЖТБО технологиясында оқушылардың белсенділігінің байқалу деңгейі - динамикалық өзгермелі көрсеткіш. Балаға бастапқы деңгейден салыстырмалы деңгейге және одан әрі жоғары жауапкершілігі белсенді деңгейге өтуге көмектесу мұғалімнен үлкен күшті талап етеді. Көп жағдайда оқушының шығармашылық деңгейге әкетуі мұғалімге байланысты. Сабақтың құрылымын оқушылардың танымдық деңгейінің белсенділігіне сәйкес құрамын:
- Сызықтық (кезекпен әр топта) ;
- Мозаикалы (оқу тапсырмаларына байланысты сол немесе басқа топ әрекетіне кіруі) ;
- Белсенді рольдік (белсенділігі жоғары оқушыларды басқаларды оқыту үшін жұмылдыру) ;
- Кешенді (ұсынылған барлық нұсқалардың қолданылуы) ;
Сабақтың басты талабы (критериі) барлық оқушылардың өздерінің потенциалды мүмкіндіктеріне әйкес оқу әрекеттеріне көшуі.
Күнделікті күштеп міндеттейтін оқу ірекеті қоршаған ортамен таным әрекетінің бөлігіне айналуы тиіс. Топтық немесе өзара ынтымақтастық (жұппен, топпен) жұмыс түрлерін қайталау-жинақтау сабақтарында, сондай-ақ ауызша журнал, шығармашылық тапсырмалады қолданамын.
- Топ құрамын, оның санын алдын ала анықтап, ойластырамын. Сабақтың тақырыбы мен мақсатына сәйкес топ саны мен сапалық құрамы әртүрлі болады.
Әр топқа жетекші сайланады. Оның қызметі - оқушылардын жұмысын ұйымдастырып ақпарат жинақтау топ мүшелерінің әрқайсының бағаларын талқылау, жүктелген жұмыс бөлігі бойынша ұпай қою. Белгіленген уақыт аяқталған соң жүктелген жұмыс бөлігі бойынша топтар жазбаша немесе ауызша есеп береді қойылған сұрақтарға жауап береді, өз байқауларының сызбаларын тапсырады. Жеке баяндаулары бойынша баға сабақта қойылады,
жазбаша жұмыстарға орындалу сипатына қарай қойылады.
Сабақта қолданатын әдіс - тәсілдерім:
- кейіпкердін тұлғалық қасиеттерін анықтау;
- тақырыпқа қатысты сұрақтар мен тапсырмалар құрастыру;
- тапсырмаларды орындаудың әртүрлі түрлерін таңдау (ғылыми есеп, бейнелер, қойылым)
- өздерінің мүмкіндіктерін көрсететін рольдік ойындар мен тапсырмаларды орындау (қарсылас, тапқыр, автор, сыншы, жетекші, безендіруші, бақылаушы, анықтама бюросы) ;
Мұндай тапсырмаларды орындай отырып, дарынды балалар лидер - басшы, бақылаушы сыншы рольдерін алады. Мұғалім олардың таңдауларын бағыттап отырады. Рольдік ойындарға, қойылымдарға қатысу арқылы оқушыларда өзіндік бағаның қалыптасуына, өзіне деген сенімділікке, өз көзқарастары мен ойларының қалыптасуына ықпал етеді.
Оқу үрдісінде ұтымды нәтиже беретін әдіс - мәселені ізденіс әдісі. Бұл әдісті қолдану барысында:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz