В.Ф.Шаталовтың интенсивті оқыту (тірек сигналдарын пайдалану арқылы) технологиясы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
В.Ф.Шаталовтың интенсивті оқыту (тірек сигналдарын пайдалану арқылы)
технологиясы.

Донескелік мұғалім Виктор Федорович Шаталовтың басты еңбегі-оқу ісін
оқушылардың өз күшімен басқаудың тиімді жолдарының бірін байқап
көруінде.В.Ф.Шаталов оқушылардың танымдық іс-әрекетін айтарлықтай қатаң
және сатылы түрде басқарудың мүмкіндігін таба білген.Бұл тұрғыдан алғанда
автор оқушылардың іс-әрекетін басқару жөніндегі совет психологиясында
тұжырымдалған жалпы идеяларды (А.Н.Леонтьев,П.Я.Гальперин.Н.Ф.Тал ызина
және басқалар) шынайы түрде жүзеге асырып және оларды әдістемелік жағынан
нақыштай білген.
Шаталов технологиясының принципі:
1. Үздіксіз қайталау, кезеңдік бақылау, ірі блоктар бойынша
оқыту, тірек сигналдарын пайдалану, әрекет негізіне бағыттау.
2. Жекелей әрекет жасау.
3. Ізгілікті қарым-қатынаста болу.
4. Күш түсірмей оқыту.
5.Жетістіктің жариялылығы, түзету, өсу жетістікке жетуге жетелеу,
болашаққа жол ашу.
6. Тәрбие мен оқытуды байланыстыру,
Мақсаты:
1. Білім, білік дағдыңы қалыптастыру.
2. Жеке ерекшеліктерін ескере отырып, барлық балаларды оқыту.
3. Жеделдете оқыту.
Ерекшелігі:
1. Материалдар ірілендіріп беріледі.
2. Блок түрде беріледі.
3. Оқу материалын тірек сызба, конспект арқылы беру
4. Сынып ификацияланады
5. Екі деген баға қойылмайды
6. Игерілген материалды магнитофонға ауызша акырын баяндау
Тиімділігі:
1. Тірек сигналдарын қолдану теориялық білімнің кең көлемін игереді;
2. материалды логикалық өңдеуге және оның ұзақ есте сақталуына көмектеседі;
3. білім игеру сапасын күнде тексеріп, бағалау мен өзін-өзі бағалауды
қамтамасыз етеді;
4. материалды қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі.
5. Игерілген материалды магнитофонға ауызша акырын баяндау және ақырын
жауап беру (бір сабақта 50 оқушыға дейін) сөйлеу мәдениетін және оның
жүйелілігін белсенді еске түсіру тәжірибесін арттырады.

Тиімсіз жақтары:
1. Жаңа сабақты түсіндіру ең кемі екі рет жүргізіледі.Жаңа сабақты
түсіндіру үшін көп уақыт жоғалтады.

Тірек сигналдарындағы таңбалар саны, оларды безендіру ерекшелігі
(түсті бояуды қолдану, формалары, сөздік материалдары) белгілі бір
талаптарды қанағаттандыратандай болуы қажет: игеру мүімкіншілігі,
безендіру мәдениеті, формалардың әртүрлілігі, сезімдік кұндылығы және т.б.
Бұл шарттар көрнекі материалды қабылдау талаптарынан туындайды.
Сонымен қатар тірек сигналдарында түсініктер маңызына қарай сынып
ификацияланады (қызыл түспен–ең маңыздысы, жасылмен – одан төменірегі және
сол сияқты).
Көрнекілік құралдарды қолданудың әр түрлілігі, тірек сигналдары
мазмұныңың абстрактылы және нақтылы компоненттерінің ұштасуы, оның
маңыздылығы бойынша сыныпификациялануы – Шаталов ұсынған көрнекі
схемаларының ең маңызды ерекшелігі.
Материалды көрнекі беру негізгі ұғымдарды диференциялап топтауды,
оларды талдаудың жалпы тәсілін бөлуді, олармен жұмыс жасауды жеңілдетеді.
В.Ф.Шаталовтың оқыту методикасы, негізінен, жеті психологиялық-
педагогикалык принциптерден түрады. Олардың әрқайсысының мазмұның
ашайық.
I. Теориялық білімді алдың-ала ірілендірілген мөлшерде беру, алға жылдам
жылжу принципі.
Шаталов жүйесі бойынша курстың басында блоктарға топталған теориялық
материал өтіледі. Блоктар дегеніміз – құбылыстар, процестер және
заңдылықтар бір-бірімен логикалық біте қайнасқан жаңа білімнің үлкен
көлемді бөлшектері.
Мұндай байланыстыру – мұғалімге программалық материалды блок құру
үшін қайтадан құрастыруға және тірек сигналдары жүйесін кодтауға мүмкіндік
туғызады.
Теорияның өзекті мәселелерінен басқа ұсақ сұрақтар қарастырылмайды,
олар кейінірек не жеке қарастыралады, не кейінгі сабақтарда материалды
жетілдіру кезеңінде өтіледі.
Бұл жаңа материалды жылдам өтуді, басты мәселеге көңілді көбірек
аударуды, себеп-салдар байланысын түсінуді, яғни жаңа материалдың
құрылымын тұтастай қабылдауды қамтамасыз етеді.
Блокты немесе бірнеше блоктарды оқытудан соң өзара тексеру сабағы
жүргізіледі, мұнда жұмыс қорытындыланады, оқушылар сұрақтарға жауап береді
және олардың әрқайсысына үлгірім экраныңда қорытынды баға қойылады. 2
қойылмайды.
Бос клетка қалдырылады және оқушыға өтілген теориялық материалды
қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Одан әрі оқушылар жалпылай есеп
шығаруға кіріседі. Жол жөнекей анықталмаған кейібір ұсақ сұрақтар
талқыланады.
Тақырып бойынша түзету-жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Теорияны
оқытудан үнемделген уақыт оқулықтағы есептермен қатар конкурстық есептер
шығаруға арналады.
II. Жаңа сабақты түсіндіруде екі рет қайталау және бірнеше рет
түрлендіре қайталау негізінде білімді меңгерту принципі.
В. Ф. Шаталов тұжырымы: Оқыту үдерісінде оқушылардың творчествосы
тек терең және тиянақты білім негізінде ғана ашылады. Білім, тек білім
ғана бірінші орында, ал творчество екінші.
Жаңа сабақты түсіндіру ең кені екі рет жүргізіледі. Біріншісі
дәстүрлі әңгіме, лекция, көрнекі кұралдар пайдаланылған эвриетикалық
әңгімелесу түрінде өтеді.
Оның мақсаты – барлығын талдау – түсіну (ұғымдарды, кұру логикасын
жане т. б.), яғни қабылдауды және ойлауды қамттамасыз ету. Екінші
түсіндіру қысқалау және жылдамырақ тірек плакат (сигнал) бойынша
жүргізледі. Плакатсыз да кодоскоп немесе диапроектор арқылы проекциялап
жүргізуге болады.
Сабаққа дейін тақтаның артқы бетінде әр туспен кескінделген тірек
сигналдары жазылып, қайталап түсіндіру кезеңінде ғана ашып көрсетіледі.
Екінші рет қайталап түсіндіруде шектен тыс ұсақталу, ауытқу болмайды.
Қайталау мұғалімнің айқын мазмұндауы бұл жүйеде пысықтау кезеңінің орныңа
жүреді және дәстүрлі оқытудағы жаңа сабақты меңгеріп үлгермеген оқушының
шала түсіндіруінен гөрі әлдеқайда пайдалы болады.
Жаңа теориялық білім бірінші және екінші қайталауда қаншама ұғымды
түсіндірілгенмен, барлық оқушылар оны толық игерді және мазмұндаудың
негізгі тұстарын есте қалдыру мүмкіндігі толық іске асырылды деуге
болмайды. Онсыз бұл білімді еркін пайдалану, практикада кең қолдану
мүмкін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОҚЫТУ МАТЕРИАЛДАРЫН ТІРЕК СИГНАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Оқу –тәрбие үрдісін үйлестіруге бағытталған және сонымен қатар психологиялық-педагогикалық ғылымды тұтасымен қарқынды дамуға жетелейтін алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелер
Тірек сигналдары - оқыту үдерісінің тұрақты жəне қажетті компоненті
Бітібаеваның дамыта оқыту технологиясы
Тарихты оқытуда модульдық оқыту технологиясын пайдалану
Оқытудың педагогикалық технологиялар түсінігі
Кәсіптік оқытуда жаңа оқыту технологияларын пайдалану ерекшеліктері
Педагогикалық үрдісте жаңа технологияларды тиімді пайдалану, білім беру жүйесінде шығармашылық пен ізденістерді іске асыру
Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану
Тіректік конспектіні геометрияны оқыту процесінде пайдалану
Пәндер