Адам əрекетінің еңбек, оқу сияқты негізгі түрлерінің бірі бұл - ойын


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Ойын терапиясы

Адам əрекетінің еңбек, оқу сияқты негізгі түрлерінің бірі бұл - ойын. Ойын - бұл ситуациялық жағдайда қоғамдық тəжірибені игеру жəне қайта туғызуға бағыт талған əрекет түрі. Ойын барысында тұлғаның мінез-құлқын өзі басқаруы жетіліп, қалыптасады. Отандық педагогика жəне психология ғылымдары саласында ойындық əрекет бағдарламасын К. Ушинский, П. Блонский, С. Рубинштейн, Д. Эльконин, шетелде З. Фрейд, Ж. Пиаже жəне т. б. жасады. Олардың еңбектерінде тұлғаның даму са-тыларында, негізгі психикалық қызметтері дамуындағы, тұлғаның өзін-өзі басқаруы мен өзін-өзі билеуіндегі, əлеуметтену үрдісінде -адамның қоғамдық тəжірибені пайдалану жəне игерудегі ойынның рөлі зерттеліп, негізделген.

Ойын - бұл баланың потенциялды энергиясының көрінуі деп қарастырсақ, бұл баланың орындалмайтын қалауының, ұмтылуының компенсациясы (Фрейд), немесе баланың болашақ өмірге өзін дайындауы (Гросс), немесе органикалық рахат алу құралы (Бюллер)

Л. В. Артемова, В. Ф. Кушина, Р. А. Иванова, И. Б. Теплицкая, Е. И. Щербакова зерттеулерін де ойын əрекетіне қатысты дағды мен икемділікті жетілдіруді жеткіншектерді өз қатарластарымен жəне ересектермен қарым-қатынасты тиімді жасаудың алғы шарты деп қарастырды.

Балаларға ойын арқылы əсер ету жақын аралықта ғана дами бастайды. Ең алғаш оны Анна Фрейд екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Лондонды бомбалаған кезді басынан өткерген балалармен жұмыс істеуде қолданған. Егер бала өзінің қайғы мұңын ойында көрсете алса, онда ол қорқыныштан арылады жəне оның басынан кешкені психологиялық жарақатқа айналмайды.

Ойын арқылы əсер етудің дамуындағы екінші ірі бағыт 30-шы жылдары Девид Левиннің жұмысының шығуына байланысты пайда болды. Д. Левин жұмысында алдын-ала құралған ойындар мен əсер етудегі қандай да бір психологиялық жарақат жағдайын басынан өткізген балалармен жұмыс істеу кезіндегі əсер ету жайлы ойлар дамыды. Д. Левин ойын балаларға əсер ету мүмкіндігін береді деп сендіруге ықпал жасады.

Дж. Тафт пен Ф. Алленнің «көңіл қою» ойыны деп анықталған зерттеулерінің шығуымен байланысты ойынмен əсер етудің үшінші маңызды бағыты болып табылды.

Ойын əрекетінің төртінші ірі бағыты болып, В. Экслайнның зерттеулері болып табылды. Ол ойынның принципін жақсы қолданды(мысалы, тұлғаның өсуге талпынуы, тұлғаның өзін басқара алу қабілеті) .

Ойынның бала өмірінде үлкен орын алатыны ертеден дəлелденген. Тіпті XVIII ғасырда Ж. Руссо былай деп жазған «Баланы жақсы тану жəне түсіну үшін оны ойын кезінде бақылау керек». Френктің тұжырымы бойын-

ша, бала үшін ойын ешкім үйрете алмайтын нəрсеге үйрету əдісі болып табылады.

Үлкендер үшін қарым-қатынас құралы тіл болса, ал балалар үшін ойын жəне əр түрлі іс- əрекет болып табылады. З. Фрейд ойынды зерттей келе, бала ойынының мəнін айқын түсініп, ол былай деп жазды: «Біз бала бойында елестің алғашқы белгілерін іздеуіміз керек. Баланың ең сүйікті жəне тартымды іс-əрекеті ойын. Ойын үстінде бала жазушыға немесе əлемді өзіне қалай ұнатса, солай етіп құрады. Ол өз əлемін шын етіп қабылдамайды десек, қателескен болар едік. Керісінше, ол ойынға шын беріліп жəне

барлық эмоциясын салады» .

Ойын əсерлері баланың қажеттіліктерін физиологиялық қанағаттандырады, физиологиялық контактіні сезеді, əлеуметтік формадағы агрессияларға жауап қайтарады жəне қарым-қатынас жасауға үйренеді, үлкендер өміріндегі міндеттерге дайындалады, қиыншы лықтарды жеңеді жəне фрустрациядан арылады. Ойын баланың ішкі əлеміне нақты форма мен өрнек береді, өз жекелігін кеңейтеді.

Ойынның негізгі функциясы шын өмірдегі бейнеленбейтін жағдайды бақылауына айналдыру. Бұл балаларда қиыншылықтарды жеңе білуге мүмкіндік беретін символикалық репрезитация арқылы жасалады.

Ойын не үшін қажет деген сауалға атақты психологтар өз еңбектерінде былай жауап береді.

Біріншіден, ойын мінез-құлықтың ырықты дамуының алғашқы баспалдағы, яғни, мектебі дейді психолог Д. Б. Эльконин. Екіншіден, əйгілі психолог А. Н. Леонтевтің айтуынша ойын іс-əрекеттегі əдептілікке үйрену мектебі блып табылады .

Психологиялық бақылаулар мен зерттеулерге жүгінсек егер балаларды екі топқа бөліп ойнатқан жағдайда бірін-бірі жеңуді немесе бір-бірімен дос емес балаларды бір топқа біріктірсек олар ойын үстінде бір-біріне көмектесіп тез тілтабысып кететіндігін аңғаруға болады. Осындай ойындарды ұйым- дастыруда ересектер үлкен рөл атқарады.

Үшіншіден, ойын баланың интелектуалдық ой-өрісінің тереңдей түсуіне, дене бітімі мен ептілік, шапшаңдық қасиеттерін шыңдайтын құрал. Сондай-ақ балалардың коммуникативті іс-əрекетті тиімді жүргізу, қажет дағды бірліктері мен қарым-қатынас механизмдерінің сипатын ашады.

Тұлғаның əрекеті ретінде ойын құрылымына келесі:

- мақсаткерлік;

- жоспарлау;

- мақсатты іске асыру;

- тұлға өзін субъект ретінде толық көрсететін нəтижелерді талдау сияқты кезеңдер жатады.

Ойын əрекетінің түрткісі оның еріктілігімен, таңдау мүмкіндігі, жарыс элементтері болуымен қамтамасыз етіледі.

Үрдіс ретінде ойын құрылымына:

- Ойнаушының өзіне таңдаған рөлдері;

- Сол рөлдерді іске асыру құралы ретіндегі ойын элементтері;

- Нəрселердің ойындық қолданылуы, яғни шынайы нəрселердің шартты түрде не ойын түріне ауыстырылуы;

- Ойнаушылар арасындағы шынайы қарым-қатынастар.

Сюжеттік ойындардың құрылымдық компоненттері:

Сюжет (мазмұн) - ойын барысында шартты түрде алынатын шындық саласы. Мақсат пен əрекет ойында үйлесім табады. Үлкендерге

еліктейді, ішкі мотивтің талаптануына сай бала өзіне белгілі бір рөл алады да, өзіне бұл əрекетті бейнелеу қызық болады.

Баланың құрылыс материалымен ойнауы бұл құрылыс салуды мақсат ету емес, ойнау- осындай ойын əрекетінің жалпы формуласы

(А. Н. Леонтьев) .

Баланың өмірден алатын сюжеті:

- Тұрмыстық ойында;

- Қоғамдық ойында бала үйренеді:

Қарым-қатынасқа түсе білу;

Өз əрекетін басқаның əрекетімен келісімге келу;

Өзара түсіністік, өзара көмек.

С. А. Шмакова бойынша көптеген ойындарға тəн ортақ белгілер деп төмендегілерді айтуға болады:

- тек қана нəтижесінен ғана емес, əрекет үрдісінің өзінен де лəззат алу үшін баланың тілегімен ғана қабылданатын, еркін дамытушы əрекет (əрекеттік (процедуралық) лəззат) ;

- елеулі мөлшерде суырып салмалық, шығармашылық, осы əрекеттің белсенді сипаты («шығармашылық аясы») ;

- əрекеттің эмоцияналды көтеріңкілігі, бəсекелестік, жарыс («эмоционалдық қуат») .

-Ойын мазмұнын, оның дамуын логикалық жəне мерзімдік, уақыт тұрғысынан бейнелейтін тікелей жəне жаңа ережелердің болуы.

Ойындық əрекет бағдарламасын зерттеген ғалымдар пікірінше ойын педагогикалық жəне психологиялық мəдениет феномені ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:

Əлеуметтендіру қызметі. Өйткені, ойын - баланы күшті қоғамдық

қатынастар жүйесіне енгізу жəне оған мəдениет байлығын игерту құралы.

Ұлтаралық қатынас құралы қызметі . Себебі, ойын - балаға жалпы адамзат -

тық құндылықтарды, түрлі ұлт өкілдерінің мəдениетін игеруге мүмкіндік туғызады. Өйткені ойын − əрі ұлттық əрі интернационалдық, сонымен бірге жалпы азаматтықта. Ойында бала «адамзат тəжірибесі аясында» өзін-өзі көрсету қызметін көрсетеді.

Өйткені, ойын бір жағынан баланың практикада өмірлік нақты қиындықтарды жою жобасын тексеруге жəне құруға мүмкіндік берсе, екінші жағынан тəжірибесінің олқы тұстарын айқындауға мүмкіндік береді.

Ойынның қатысымдық қызметі -балаға шынайы күрделі адамдық қатысым

аясына енуге мүмкіндік беретін дерегі айқын көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойлаудың сынилығы
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың көркемөнер шығармашылығына қызығуын қалыптастырудың негіздері
Іс-әрекет түсінігі және онымен байланысты психологиялық факторлар
Жалпы психология және психология ғылымының зерттеу əдістері
Дамыта оқыту арқылы тіл дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауды дамытудың жолдары
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды сабақта қолдану әдіснамасы
Педагогикалық технологиялардың құрылымы
Қылмысты саралаудың қылмыстық құқықтағы орны
Қазіргі замандағы психологияның даму жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz