Кәсіптік техникалық оку орындарындағы теориялық және өндірістік оқытудың міндеттері, мазмұны және процесі


Ф. 219
№ 2. Сабақтың технологиялық картасы (жоспары)
Пән: «Өндірістік және арнайы пәндерді оқытуды ұйымдастыру және
әдістемесі»
Курс тақырыбы: Кіріспе. Кәсіптік техникалық оку орындарындағы теориялық және өндірістік оқытудың міндеттері, мазмұны және процесі.
Сабақ тақырыбы: Болашақ өндірістік оқыту шеберлерін дайындаудағы пәннің рөлі.
Жоспар:
- Болашақ өндірістік оқыту шеберлерін дайындаудағы пәннің рөлі.
Кәсіптік - техникалық мектептерде оқытудың мынадай формалары қолданылады:
1. Теориялық оқыту: түрлі типтегі сабақтар, дәрістер, зертханалық-сарамандық жұмыстар, теориялық және практикалык, семинарлар, саяхаттар, оқу конференциялары, үй тапсырмалары.
2. Өндірістік оқыту: оқу шеберханасындағы сабақ, кәсіпорынның өндірістік цехында оқыту, қызмет көрсетудегі еңбек, өндірістік практика, жұмыс орны т. б.
Сыныптан тыс жұмыстар мен косымша сабақтар: Факультативті сабақтар, консультациялар, үлгермеушілермен қосымша сабақтар, үйірме жұмыстары т. б.
Оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексеру: коллоквиумдер, сынақтар, емтихандар, қорытынды конференция-біліктілік байқау жұмыстары.
Сабақ - оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі түрі.
Сабақ - оқу - тәрбие барысының нақты түрі. Мұның, нәтижесінде оқушы тұлғасын тәрбиелеу, дамыту, білім беру міндеттері арнайы дайындығы бар маман басшылығымен жүзеге асады.
Сабақ беру - білім беру және тәрбиелеу мақсаттарына бағытталған мұғалім ұйымдастыратын оқушылар іс - әрекетінің күйі. Оқу - оқушылардың нақты білім алып, біліктер мен дағдыларды меңгеріп қамтамасыз ететін, тұрақты бағдарлама мен жоспар арқылы жүзеге асырылатын мақсатқа бағытталған барыс. Оқушылардың есін, зейінін елестеуін (қиялын), ойлауын дамытуды, жан-жақты тәрбиелеуін қамтамасыз етеді. Сабақты дұрыс ұйымдастыру оқушылардың үздіксіз өз бетімен білім және тәрбие алуды қажетсінуін туындатады. Оқудың сипаты, оның нәтижесі мұғалімдер құрамына, олардың теориялық және педагогикалық дайындығына, оқушылардың дайындық деңгейіне, оқу іс - әрекетінің сипаталауына (мотивтеріне), оқуға олардың қатынасына тәуелді болады. Кәсіби білім берудегі сабақ өту барысында инженер - педагог оқушыларды білім деңгейі бірдей нақты топтарға, топтарға, бригадаларға біріктіріп, белгілі бір мерзім ішінде, ақпарат береді. Кәсіби оқытуда сабақ берудің мына түрлері қалыптасқан:
- теориялық оқыту сабағы;
- практикалык оқыту сабағы.
Теориялық оқыту сабағы оқушыларға болашақ кәсіби - қызметін жүзеге асыруда ғылыми - теориялық білім мен парасат, білік, дағдылық қабілеттіліктерін жетілдіруге арналған оқу үрдісі. Кәсіптік мектептерде (дидактикалық мақсатына қарай) сабақ мынадай түрлерге жіктеледі.
1. Жаңа білім негіздерін игеру;
2. Білім мен дағдыны жетілдіру және бекіту;
3. Қайталама - жалпылау;
4. Бақылау - тексеру;
5. Аралас сабақтар т. б.
Теориялық оқыту үрдісінде негізінен аралас сабақтар түрі жиі пайдаланылады. Мұнда сабақтың ұйымдастыру және дидактикалық құрылымы болады. Ұйымдастыру құрылымы мыналардан тұрады:
- ұйымдастыру кезеңі;
- үй тапсырмасын орындауын тексеру;
- оқушылардан өтілген материалдарды сұрау;
- жаңа сабақ түсіндіру;
- жаңа сабақты игеруде оқушылардың өз бетінше жұмысы;
- жаңа сабақ материалдарын бекіту;
- сабақты корытындылау;
- үйге тапсырма.
Өндірістік оқытудың мынадай формалары бар:
- оқу шеберханаларында оқыту;
- өндірісте окыту.
Аталған тақырып бойынша теория сабағын өту барысында мынадай анықтамаларға түсінік берген дұрыс:
-кәсіптік педагогика, немесе адам баласына кәсіптік білім беру жолдарының жолдары;
-кәсіптік мектептерде ұйымдастырылатын оқу-тәрбие үрдісі;
-оқу үрдісіндегі теориялық және өндірістік оқытудың түрлерін, мұндағы жалпы білім беретін, жалпы техникалық және арнайы пәндердің оқытылуы туралы мәліметтерді беру т. с. с.
Сабақ барысында оқушылармен пікірталас арқылы, оқу үрдісі, оқу үрдісінің негізгі компоненттері, мұғалімнің (шебердің) басқару ролі, оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі негізгі әдіс-тәсілдері, оқудың мақсаты, оның функциялары, өндірістік оқытудың мазмұнын т. с. с.
Сабақты қорытындылай келе оқушыларға өндірістік оқыту үрдісіне сипаттама:
-білім; -дағды; -біліктілік; -кәсіби құзырлылық т. с. с.
Кәсіби құзырлығы жоғары жұмысшы маман даярлау үшін өндірістік оқытудың арнайы мақсаттары бар екенін айтып өткен жақсы. Осы мақсаттарды толық түсіну үшін мынадай түсініктерді біліп алған жөн:
-кәсіп; -мамандық; -біліктілік деңгейі
Кәсіп - еңбек қызметінің үнемі атқарылатын түрін, оны атқарудағы дене күш мүмкіндікті, интеллектуалдық қабілеттілікті және заңды құқықтылықты қамтамасыз ететін білім мен біліктің жиынтығын айтады.
Мамандық - еңбек қызметінің белгілі бір кәсіп шеңберіндегі нақты бөлігі болып табылады.
Біліктілік - жеке тұлғаның кәсіптік қызметке дайындық дәрежесі. Ол білімнің деңгейімен, кәсіби шеңберімен және біліктілік сатысымен сипатталады.
Біліктілік деңгейі - тарификация және аттестация жүйесінің арнайы құжаттарымен реттеледі, осы дәреженің шеңберінде (тарифтік разрядтар, кластар, категориялар) кәсіби шеңберлікті сипаттайды.
Сабақ барысында білім сапасын тексере отырып, кәсіби құзырлылықты қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасындағы кәсіптік білімінің мемлекеттік стандарттары туралы сөз қозғағанда оның мынадай негізгі ережелеріне тоқталып кету керек:
Республикалық деңгейде бекітетін білім құжаттар:
-бастауыш кәсіптік білім стандарттарының негізгі ережелері;
-кәсіптік білім мамандықтарының және оны мамандандырудың тізімі;
-кәсіби мінездеме;
-нақты кәсіп пен мамандықтар, сонымен қатар жалпы салалық және салааралық жеке пәндер бойынша кәсіптік білім мазмұнының міндетті компоненттері;
-кәсіптік білім мекемелері оқу жоспарларының моделі;
-жоба оқу-бағдарламалық құжаттарға қойылатын талаптар;
-кәсіптік білім сапасының стандарттық параметрлерінің тізбегі мен сипаттамасы;
-оқушылардың білім, білік сапасын тексеруге, бақылау жұмыстарын құрастыруға арналған жалпы талаптар.
-оқушылардың білім және білігінің кәсіптік білім стандартының талабына сәйкестігін тексеретін бақылау процедурасының реттілігін сипаттау;
Кәсіптік білімді стандарттаудың негізгі мақсаттары:
-республикада бірыңғай білім кеңістігін қамтамасыз ету;
-республиканың экономикасы талаптарына сәйкес кәсіптік білім шарттары мен мемлекеттік сапаны қамтамасыз ету;
-кәсіптік білімді халықаралық стандартпен және еңбек рыногының талаптарымен үйлесуін қамтамасыз ету;
-Кәсіптік білімді стандарттаудың негізгі міндеттері:
-кәсіптік білімді міндет пен сапаға жеткізуді нормативті құжаттардың жүйесін жасау;
-білімдік қызмет көрсетушілерді, ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілерді біліктілік сатысына сәйкес кәсіптік білімнің мазмұндық параметрлері жайында толық және дәл информациямен қамтамасыз ету;
-жұмысшылар мен мамандардың кәсіби дайындығы мен соңғы нәтижелеріне тиімді талаптар қою;
-орындаушының көрсететін білімдік қызметінің сапалық көркеткішін құптау.
Кәсіптік білімді стандарттаудың негізгі ұстанымдарын да оқушылар толық меңгеріп алулары тиіс.
ҚРеспубликасындағы кәсіптік білімді стандарттауды ұйымдастыру жұмысы мынадай ұстанымдар негізінде жүргізіледі, нарық еңбегінің талаптарын жұмысшылар мен мамандардың деңгейіне қарай ескеру: қолданылып жүрген және болашақтағы технологиялармен, техникамен өзара байланысты;
Кәсіптік білімнің стандарттарын жасауда қамтамасыз етілуі қажет:
-баяндаудағы дәлдік пен бір мағналық;
-жоғарыда аталған ұстанымдардың кешенділігі, жүйелілігі және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
Кәсіптік білімді стандарттауды ұйымдастыру жұмыстары
1. Қазақстан Республикасындағы бастауыш білімді стандарттаудың ұймдастыру, үйлестіру және тиімді деңгейін қамтамасыз ету жұмыстарын Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі (БМж ДМ) жүзеге асырады.
2. ҚР БМжДМ-і бюджеттік және басқа қаржылардың есебінен кәсіптік білім стандартына тапсырыс беруші, сонымен қатар кәсіби оқыту мен білімдік қызметті жүзеге асырушы түрлі министрліктер, ведомстволар, ұйымдар, концерндер, ассоциациялар, мекемелер мен өндірістік орындар, мекемелер т. б. құрылымдар да тапсырыс берушілер болып табылады. Бұл жұмыстарды қаржыландыру тапсырыс берушілер есебінен сондай-ақ келісімдік негізде орталықтандырылған қаржы есебінен атқарылады.
3. ҚР БМДМ білімді стандарттаудың республикалық орталығы мен келісу арқылы кәсіптік білімді стандарттаудың мемлекеттік жүйесін бекітеді.
4. Кәсіптік білімді стандарттаудың әдістемелік жұмыстарына жалпы басшылықты республикадағы Ы. Алтынсарин атындағы білім академиясының орта және кәсіптік білім институты жүзеге асырады.
5. Кәсіптік білімді стандарттаудың нормативтік құжаттарын жасаушы осы Ы. Алтынсарин атындағы ҚБА орта және кәсіптік білім институты және уақытша ғылыми зерттеу ұжымдары болып табылады.
6. Өндірістік орындар, ұйымдар, мекемелер және оқу орындары қажетті жағдайда стандарттар бойынша және әдістемелік ұйымдастыру және тәжірибелік-эксперимент жұмыстарын жүргізетін уақытша шығармашылық ұжымдар құрады.
Кәсіптік білімнің стандартын құрушыларды былай сипаттауға болады.
- Кәсіптік білімнің стандарты мынадай категориялар мен түрлерге бөлінеді:
- Мемлекеттік стандарт (МСТ) - Министрлік ведомоствосының келісімі бойынша және Қазақстан Республикасының Министрлік тіркелуімен, кәсіптік білім стандарттары ҚР БМжДМ бекітетін.
Олардың қатарына мамандық бойынша білім стандарттары; оқу-әдістемелік кешендерге қойылатын талаптар; кәсіптік білім стандартының білім жүйесі; кәсіптік білімнің оқу орындарын материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету нормативтері; кәсіби дайындықты бағалаудың критерийлері; кәсіптік-техникалық білім алғандығын дәлелдейтін; құжаттардың үлгілері мен мәртебесі; кәсіпкерлік білім стандартттары; кәсіпкертік білімді стандарттаудың терминдік сөздері т. б.
3. Салалық және өндіріс орындарының стандарттарын кәсіптік білім стандарттарын өндіріс орындары, ұйымдар, оқу орындары жасап, кәсіби оқытуды жүзеге асырады.
Олардың қатарына кәсіптік оқытудың жұмыстық оқу жоспарлары мен бағдарламалары, сондай-ақ айрықша мамандықтар бойынша оқу орындары мен патенттелген технологиялары; оқушылардың білімі мен білігін бағалау жүйесі т. б. жатады.
- Кәсіптік білім стандарттарының құрылуы, баяндалуы, безендірілуі. ҚР-дағы кәсіптік білімнің мемлекеттік стандарты талаптарына сай болуы керек.
- Кәсіптік білім стандарттары (МСТ, ССТ, ООСТ), және ондағы өзгерістер ҚР-ның мемлекеттік кәсіптік білім стандартына сәйкес арнайы мемлекеттік органдарда тіркеледі және ол құжаттар мемлекеттік және ұлтаралық қатынас тілдерінде мемлекеттік тіркеуге ұсынылуы керек.
Мемлекеттік тіркеуден өтпеген кәсіптік білім стандарттары оған енетін өзгерістер жарамсыз болып табылады.
Кәсіптер тізімі - бастапқы кәсіби білім шеңберінде дайындау арқылы жүзеге асырылатын мамандықтарды жүйеленбесі.
Кәсіптік білім - нақты кәсіптер мен мамандықтар бойынша алдынала белгіленген білімдерді, біліктерді және дағдыларды меңгеру арқылы жүретін және тұлғаның кәсіби қалыптасу және даму үрдісі, нәтижесі.
Кәсіби даярлау - кең мағынада: маман кадрларды оқытуды ұйымдастыру, кәсіби білім алудың әрқилы түрлері; тармағында: кәсіби дағдыларды игерудің жеделдетілген түрлері (жеделдетілген кәсіби даярлық) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz